Қылмыстық іc жүргізуді дәлелдеудің негіздері


ҚЫЛМЫСТЫҚ ІC ЖҮРГІЗУДІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІC ЖҮРГІЗУДІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ
Дәлелдеу процесі мәнісін философиялық түсіну "кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеме ұғымымен" жанама түрде байланысты. Мұндай айқындама жағдайында қылмыстық іс жүргізудің "дәлелдеме" ұғымының (процеске, актіге, іс-қимылға қатысы жоқ) мәнісі философиялық көзқарас тұрғысынан "тар мағынадағы дәлелдеме" ұғымына сай келеді. Дәлелдеме (объектілер) және дәлелдеу (іс-қимыл) деп процессуалдық бөлудің мағыналылықтан гөрі әдістемелік мәні бар. Міне, сондықтан біз іс жүргізудің "дәлелдеу" ұғымына барабар ретінде "кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеменің" философиялық ұғымын қолданамыз.
Сонымен, дәлелдеудің жалпы әдістемелік мазмұны (кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеме) процесте (әдістемеде) шындықты анықтаудан көрінеді. Кең ауқымды мағынасыңдағы дәлелдемеқандай да бір пайымдаудың шынайылығын анықтаудың кез келген процедурасы (осы дәлелдеменің тезисі немесе қорытындысы деп аталады), бұл кейбір логикалық пайымдаулардың көмегімен, соңдай-ақ кейбір табиғи заттар мен құбылыстарды сезіммен қабылдау арқылы жузеге асырылады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу процесін құқықтық түсіндіру қаралып отырған қызмет саласының ерекшелігімен елеулі түрде кемелденуі және процессуалдық дәлелдеудің мәнісі туралы мынадай айқын ғылыми пайымдаулармен толықты.
Мәселен, М. М. Гродзинский дәлелдеу процесін "дәлелдемелерді жинау, бекіту және бағалау жөніндегі тергеу-сот және прокурорлық органдардың қызметі" деп белгіледі. А. М. Лариннің пікірі бойынша дәлелдеу "қылмыстық сот ісін жүргізуде заң белгілеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жасалған (немесе жорамалданған) қылмыстар және олармен байланысты жағдайлар туралы шындықты білу үшін фактілерді зерттеуден тұратын, ерекше, заң белгілеген нысандарда жүзеге асырылатын тергеушінің, прокурордың, соттың, сондай-ақ қылмыстық процеске тартылатын немесе жіберілетін басқа да қатысушылардың (субъектілердің) күрделі қызметі". Осыған ұқсас көзқарасты М. С. Строговичте білдіреді: "Дәлелдеу қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар барлық фактілерді, жағдайларды, қылмыстың жасалғандығын (немесе жасалмағандығын), белгілі бір адамның қылмыс жасаудағы кінәлілігін (немесе кінәсіздігін) және қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін белгілейтін барлық өзге де жағдайларды дәлелдемелердің көмегімен анықтау". Әрі қарай М. С. Строгович мынаған назар аударады, дәлелдеу ұғымы "құзіретті органдар жүргізетін зерттеу ұғымына тең, ұқсас". М. М. Гродзинскийдің позициясына В. Д. Арсеньев жақын тұр, соңғысы былай деп есептейді: "Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеуді белгілі бір шектерде қылмыстық іс жүргізу заңы бағыттайтын және реттейтін, қылмыстық іс бойынша іс жүзінде болған жағдайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау жөнінде соттың, прокурордың және басқа да органдар мен адамдардың қызметі ретінде қарау керек.
Р. С. Белкин дәлелдеудің танымдық (гносеологиялық) сипатына тоқталады, ол дәлелдеу дегеніміз "осы құбылыстың, фактінің және оларды басқа да фактілермен, құбылыстармен негіздеу арасындағы байланыстарды анықтау. Бұл байланыстардың объективті түрдегі сипаты бар: олар танылғанына немесе танылмағанына қарамастан, дәлелдеуді жүзеге асыратын адамның еркіне қарамастан болады. Дәлелдеу процесінде олар анықталады, танылады және белгілі бір жорамалдың шындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді". Әрі қарай ол дәлелдеудің мәнісі дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден және бағалаудан көрінеді деп атап өтеді. Дәлелдеу мәнісінің анағұрлым терең анықтамасы А. Р. Ратиновқа тиесілі: "Оқиға туралы мәліметтер алынуы мүмкін ақпарат көздерін табу, ол мәліметтерді жинау, оларды іс жүргізу түрінде бекіту, қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды сенімді түрде анықтау мақсатында тексеру мен бағалау қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінің мазмұнын құрайды". Өзара диалектикалық іс-қимылға түсетін ойлау және практикалық тұрғыдағы тен, екі жақтың үйлесімін дәлелдеудің мәнісін айқындай келіп Ф. Н. Фаткуллин былай деп жазады: " . . . Кеңестік қылмыстық процестегі дәлелдеу дегеніміз заңда көрсетілген органдар мен адамдардың іс жүргізу қызметі, олар ықтимал тергеу жорамалдарын анықтаудан осы жорамалдар бой-ынша, сол сияқты іс бойынша сенімді түрдегі қорытындыларды негіздеу бойынша дәлелдемелер мен олардың көздерін жи-наудан, тексеруден және дәлелдеуден көрінеді".
Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеудің мәнісі туралы осы заманғы түсінік таным мен дәлелдеу мазмұны бойынша түрлі ұғымдар деген пайымдауға негізделген. Мәселен, Ю. К. Орлов дәлелдеудің құқықтық және гносеологиялық аспектілерін ажырату қажет, соның негізінде: "дәлелдеу-тану", "дәлелдеу-көз жеткізу", "дәлелдеу-негіздеу" деңгейлері болып, бөлінеді, олар өзара "субординациялық байланыста" болады деп есептейді.
Осы идеяны дамытып және тереңдете отырып, В. С. Джатиев мынадай ойды негіздейді: белгісізді білуден көрінетін танымның логикалық мазмұны таңылғанды растауға бағытталған дәлелдеудің мазмұнына жеткілікті түрде сәйкес келмейді. Басқаша сөзбен айтқанда таным белгісіздікке бастайтын жол, ал дәлелдеу нақты білімді растау. Осыған сүйене отырып В. С. Джатиев былай деп жазады: "Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу дегеніміз айыпталушының (сотталушының) қылмыс жасаудағы кінәлілігі туралы айғақты іс бойынша жиналған дәлелдемелерді айыптауды тұжырымдаған және оны қолдайтын адамның сот үшін және сот алдында негіздеуі".
Қылмыстық іс жүргізу дәлелдеудің мәнісі туралы мәселені зерттеуде осы заманғы ғылыми үрдістерді анықтау үшін А. А. Давлетовтың көзқарасы қызығушылық туғызады, ол бы-лай деп жазады: "Қылмыстық іс жүргізу танымы құрылымында дәлелдеуді ажырата білу қажет. Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу танымы дегеніміз заңда көзделген тәртіппен жүргізілетін сот ісін жүргізу органдарының тергелетін қылмыс және онымен байланысты өзге де өмір құбылыстары туралы білім алу жөніндегі қызметі. Қылмыстық іс жүргізу танымы -дәлелдемелерді зерттеу және мән-жайларды дәлелдеу сияқты екі бөліктен тұрады".
Сонымен, доктриналдық түсіндіру қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдеу процесін мынадай негізгі сипаттарға бөлу-ге мүмкіндік береді:
- Гносеологиялық дәлелдеу-бұл таным процесінің бір түрі, логикалық дегеніміз - бұл нақты қылмыстық жазалауға жататын әрекетті адамның жасағандығы туралы пайымдаудың шындығын негіздеу операциясы;
- дәлелдеу мен таным сәйкес келмейді: олар тегі (таным) және түрі (дәлелдеу) ретінде өзара арақатынаста болады;
- дәлелдеу процесі-құкықтың және гносеологиялық екі аспектінін үйлесімін білдіреді. Құқықтық аспект мынадай кезеңдерді қамтиды: а) дәлелдеу-тану; ә) дәлелдеу-көзжеткізу; б) дәлелдеу-негіздеу. Және де дәлелдеудің әрбір келесі кезеңі-оның алдындағы кезеңге байланысты және содан логикалықтүрде туындайды. Гносеологиялық аспект мынадай деңгейлерден тұрады: а) ақпараттық дәлелдеу; ә) логикалық дәлелдеу;
4) тергеу және сот қызметінде орын алатын дәлелдеудің зерттеушілік, танымдық сипаты болады;
- дәлелдеу процесінде тергеу және сот талқылауының тақырыбы туралы шынайы және сенімді білімге қол жеткізіледі;
- қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу адресаты тар мағынасында таным субъектісі (мәселен істі қараушы сот), кең ауқымды мағынасында тұтас қоғам болып табылады;
- дәлелдеу тәртібі қатаң түрде қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттелген;
- дәлелдеу процесі (ҚІЖК-нің 124-бабы) төмендегілер бойынша дәйекті қызметті қамтиды:
а) дәлелдемелерді жинаудан;
ә) зерттеуден;б) дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан,
Бұл қызмет әдебиетте дәлелдеудің кезеңдері немесе элементтері деп аталады.
Қылмыстық процессуалдық қызмет ретінде дәлелдеудің мақсаты объективтік шындыққа қол жеткізу болып табылады. Объективтік шындыққа қол жеткізу танымның жалпы және жеке әдістерін қолдануға негізделген. Жалпы әдістердің негізіне логикалық заңдар жатады, бұл қатысты емес заңдар барлық және қарама-қайшы нәрселерді алып тастайды. Іс бойынша. мәні бір фактілер мен мән-жайларды табудың, бекітудің, зерттеудің және анықтаудың нақты әдістерінен көрінетін танымның жеке әдістері өзінің мынадай түрлерімен ерекшеленеді:
- негізінен танылуы қажет тақырыптың сыртқы белгілерін анықтауға есептелген бақылау мен сипаттаудың тәжірибелік әдістері;
-суретке түсіру, киноға түсіру, видео жазба және т. б. арқылы арнайы химиялық-технологиялық құралдарды пайдалануға байланысты жасалған қылмыстық әрекеттің материалдық белгілерін және сыртқы жай-күйін табу мен тіркеудің ғылыми-техникалық әдістері;
- зерттеу объектісінің сандық сипатын алу үшін арнайы құрылғылардың көмегімен немесе оларды қолданбастан өлшеу мен есептеудің математикалық әдістері;
- Іс бойынша дәлелдеу материалдарының сапасы мен маңызын анықтау үшін қолданылатын ақпаратты (талдау, жинақтау, теңдестіру) өндеудің логикалық әдістері;
-сот-медициналық кибернетикалық, графикалық, психологиялық және өзге де ғылыми құралдар көмегімен жүзеге асырылатын модельдеудің, өңдеудің және қайта құрудың әдістері;
-белгілі бір материалдық объектілердің және олардың бейнеленуінің ұқсастығы туралы мәселені шешу үшін жүргізілетін криминалистік тендестіру әдістері;
-қылмыстық істің белгілі бір мән-жайының деректерін тәжірибе жолымен алуға мүмкіндік беретін экспериментальдық әдістер.
Ғылыми пікірталастар
В. Т. Томин дәлелдеу процесінің мәнісін түсінуге мүлде басқа көзқарас ұсынады. Ол былай деп жазды: "Қылмыстық істер бойынша дәлелдеудің бүгінгі практикасында генетикалық көзқарас үстемдік құруда. Дәлелдеме көзін қылмыстық сот ісін жүргізудегі іске жіберудің қажетті шарты туындаған сәтінен бастап қылмыстық іске дейінгі оның жолын бақылап шығу болып табылады . . . Мұндай көзқарас қылмыстық істерді қарау кезінде бірқатар маңызды объектілерді пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Ал енді танымның шынайылығын қамтамасыз ету үшін ұқсастығын дәлелдеудің гносеологиялық айқындама тұрғысынан маңыздылығы ешбір кем емес . . . Алайда, бүгінгі күні ұқсастығы арқылы дәлелдеу мүмкін болуы үшін объектінің генезисін анықтау қажет.
Ғылымның маңызды міндеті . . . ұқсастық арқылы дәлелдеудің гене-зис арқылы дәлелдеуді алмастыруға қабілетті екенін көрсету . . . ".
Дәлелдеудің мұндай түсінігінің тиімділігін (генезиске бақылау жасаудың орнына ұқсастығын дәлелдеу) В. Т. Томин құқық қолдану органдарының осы заманғы практикасынан орын алған жедел- іздестіру жолымен алынған ақпаратты процеске енгізу үшін арнайы сипаттағы шаралар қолдану қажеттігінің болмауынан көреді. Бұл орайда қылмыстық процессуалдық қызметке "арнайы ақпаратты тергеу мен сотқа хабарлаудың ерекше тәртібін белгілейтін немесе милиция қызметкөрін оны хабарлау міндетінен мүлде босататын қызмет құпиясы" ұғымын енгізу ұсынылады.
Дәлелдеу тақырыбын реттей отырып дәлелдемелерді жинау мен бағалауға, жалпы дәлелдеме ұғымына қазіргі қолданыстағы заңдар мынадай сипатта анықтама береді: "Дәлелдеу істі заңды, негізделген және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады" (ҚІЖК 124-бабы) . Біздің байқағанымыздай, мұндай ұғымда шындық объектілеріне қол жеткізу сияқты мақсат, сондай-ақ дәлелдемелерді тексеру сияқты кезең жоқ.
РСФСР ҚІЖК-нің (1990 ж. ) теориялық моделінің авторлары бұл ол қылықтың орнын толтыруға талаптанды. Мәселен, А. М. Ларин РФ ҚІЖК-не мынадай редакцияда "Дәлелдеу" нормасын енгізуді ұсынды: "Дәлелдеу істі заңды, негізді және әділетті түрде шешу үшін маңызы бар мән-жайлар туралы объективті шындықты анықтау үшін дәлелдемелерді жинау мен бағалаудан тұрады". Әрі қарай ол екі дербес норманың тұжырымдамасын келтіреді: "Дәлелдемелерді жинау", "Дәлелдемелерді тексеру". А. М. Лариннің ұсынысы назар аударуға тұрады, өйткені процессуалдық дәлелдеудің мәнісін біркелкі түсінуге мүмкіндік береді.
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ІC ЖҮРГІЗУГЕ БЕКІТУ
Дәлелдемелерді жинау мен іс жүргізуге бекіту бұл дәлелдеу процесінің бірінші кезеңі немесе элементі. Іс жүргізу құқықтық көзқарас тұрғысынан дәлелдемелерді жинау іс бойынша қажетті іс жүзіндегі деректерді анықтауға бағытталған іс-қимыл жиынтығынан көрінеді. ҚІЖК-нің 125-бабына сәйкес дәлелдемелерді жинау мынадай жолдармен жүргізілуі мүмкін: кез келген адамды куәгерлер, жәбірленушілер ретінде шақыр және жауап алу, сондай-ақ сарапшылар ретінде қорытынды беру үшін шақыру; кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, соңдай-ақ қызмет адамдары мен азаматтардан заттарды, құжаттарды және мәліметтерді талап ету. Бұған қоса дәлелдемелерді сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сол сияқты кез келген азамат, кәсіпорын, мекеме және ұйым беруі мүмкін.
Сонымен, дәлелдемелерді жинау:
- сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде;
- сот талқылауы процесінде жүзеге асырылады. Дәлелдемелерді жинау тәсілі ҚІЖК-де қаралған тергеу және сот іс-қимылдарын жүргізу. Дәлелдемелерді жинау кезеңдері мыналар болып табылады:
а) табу;
ә) бекіту;б) алу.
Дәлелдеу процесімен өзара байланысты анықтау органдары ретінде ішкі істер органдарының құқықтарын реттеудің маңызы ешбір кем емес мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заң күші бар Жарлығының 11 -бабында айтылады. Аталған бапқа сәйкес ішкі істер органдарының мынадай құқықтары бар:
- қылмыс жасады деп күдіктенген жағдайда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру;
- қылмысты анықтау, жолын кесу, ашу кезінде басқа органдарға, ұйымдарға және қызмет адамдарына орындалуы міндетті тапсырмалар беру;
- іс жүргізуде жатқан материалдар мен қылмыстық істер бойынша азаматтарды ішкі істер органдарына шақыру, олардан түсінік, құжаттар, олардың көшірмелерін алу, жауап алуды жүргізу, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен дәлелді себептерсіз келуден жалтарған адамдарды айдап әкелу;
- кедергісіз және қайтарымсыз қозғалған қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдардан, сондай-ақ ұйымдардан ақпарат пен материалдар алу;
- заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық іс жүргізу іс-қимылдарын және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, оларды жүргізу үшін мамандарды тарту, іс жүзіндегі деректерді жинау ментексеру үшін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану;
- регламенттерді, суретке түсіруді, дыбыс жазбасын, кино және видео түсіруді, адамдардың саусақтарының іздерінің бедерін түсіріп алуды жүргізу, қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталғандарды қамауға алу;
- адамдардың ішімдікті, есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды пайдаланғандығын белгіленген тәртіппен анықтауды жүргізу не осындай анықтауды жүргізу үшін оларды медициналық мекемелерге аттандыру немесе жеткізу;
- азаматтармен ашық немесе ашық емес негізде ынтымақтастық орнату;
- қылмыс жасады деп күдіктенген адамдардың ізіне түсу немесе азаматтардың тұрғын және өзге де үй-жайларына, оларға тиесілі жер учаскелеріне, аумақтар мен үй-жайларға кідіріссіз кіруге (дипломатиялық иммунитеттері бар шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) және оларды қарауға;
қылмыстық іздерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-қимылдарын жүргізуі кезінде азаматтардың белгілі бір учаскелер мен аумақтарға кіруін шектеуге немесе уақытша тыйым салуға, сондай-ақ оларды белгілі бір орынды тастап шығуға міндеттеуге;
- қамаудан қашып шыққан адамдарды іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде дербес түрде бақылау өткізу пункттерін орнатуға;
- меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, оның ішінде құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты ашу мақсатында анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы органдардан кедергісіз және қайтарымсыз ақпарат пен материалдар алуға;
- қылмыстың жасалуына жәрдемдесетін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар туралы ұйғарымдар, мен ұсыныстар беруге.
Сонымен, дәлелдемелерді жинау іс бойынша шындыққа қол жеткізу мақсатында қылмыстық іс жүргізу құқығында көзделген процессуалдық шаралар мен ұйымдық іс-қимылдардың синтезі.
Дәлелдемелер жинаудың мәнісін ғылыми түсіну бір мәнді еместігін сипатталады. А. И. Винбергтің пікірі бойынша дәлелдемелер жинау әр түрлі дәлелдемелерді табу, тіркеу және сақтау жөніндегі іс-кимылдар жиынтығы. Осы көзқарасқа P. C. Белкиннің көзқарасы да жақын, ол "дәлелдемелер жинау" ұғымының кешенді сипатын негіздейді және оған дәлелдемелерді табу, процессуалдық бекіту, алу және сақтау жөніндегі іс-қимылдарды қосады. В. Н. Терзиев пен С. П. Митричев өзгеше көзқарас ұстанады, олар дәлелдемелерді табу, жинау, бекіту және зерттеу дәлелдеу процесінің біршама дербес кезеңдері деп есептейді. Бұл проблеманы В. П. Колмаковтар мағынасында түсіндіреді. Атап айтқанда, ол өзара тығыз байланысты болса да жинау мен процессуалдық бекіту дербес кезеңдер деп есептейді.
Осындай көзқарастарды талдау мынадай қорытынды ережелерді тұжырымдауға мүмкіндік береді:
А. И. Винберг пен Р. С. Белкиннің көзқарастарының ортақ сипаттары кеп және бірқатар көзқарастар бойынша орынды деп санаймыз:
а) дәлелдемені табу заңда көзделген іс жүргізу кұжатында тиісті түрде бекітілген жағдайда ғана процессуалдық мағынаға ие болады;
ә) табылған дәлелдемені оны бекітуден бөліп қарау процессуалдық мағынасында мүмкін емес, керісінше жағдайда дәлелдемені табусыз бекітуді дербес түрде қолдану нонсенс, ал процессуалдық бекітусіз табу тал сол процессуалдық мағынасында дәлелдеменің болмауымен бірдей;
жинау деп сондай-ақ процессуалдық бекітуді түсінуге болмайды, өйткені:
а) дәлелдемені табу бұл жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға байланысты, ҚІЖК-нің ұйғарымдарынан бірсыпыра жағдайларда тысқары тұратын іздестіру, шығармашылық және ұйымдық қызмет;
ә) дәлелдемені бекіту (тіркеу) емін-еркін түсіндіруге жол бермейтін бірыңғай процессуалдық қызмет;
келтірілген сілтемелер Р. С. Белкин мен А. И. Винбергтің пікірін негізгі деп қарауға мүмкіндік береді, бірақ мынаны да ескеру керек, бекітуді жинауға қосуға да, оларды бір-бірінен ажыратуға да болмайды, олардың өзара тығыз байланысы мен тәуелсіздігін көрсете отырып, қаралып отырған кезеңді "дәлелдемелерді жинау мен процессуалдық бекіту (тіркеу) " кезеңі деп атау керек.
Бұл кезең бірқатар дәйекті іс-қимылдардан тұрады: 1) табу; 2) процессуалдық бекіту; 3) алу; 4) дәлелдемені сақтау.
Дәлелдемелерді табу бұл оларды іздеу, табу, дәлелдемелік маңызы бар белгілі бір іс жүзіндегі деректерге назар аудару. Бұл дәлелдемелерді жинаудың бастапқы және қажетті кезеңі. Уәкілетті адамға белгілі болған табылған дәлелдемелерді ғана жинауға болады.
Бұл кезеңде табылған дәлелдемелерді бағалаудың алдын ала сипаты болады.
Дәлелдемелерді іс жүргізуге бекіту (тіркеу) заң белгілеген тәртіппен жазып алудан көрінетін дәлелдемелерді жинаудың келесі кезеңі.
Дәлелдемелерді іс жүргізуге бекітудің нысандары мыналардан көрінеді: 1) жүргізілген іс-кимылдардың (жауап алудың, тінтудің, хаттамасы және т. б. ) барысы және нәтижелері туралы хаттамалар; 2) дәлелдемені іске тікелей қосу, бұл туралы қаулымен белгіленеді; 3) суретке түсіру, жоспарлар мен кесте жасау; 4) видео түсіру, киноға түсіру; 5) дыбыс-бейне жазба; 6) модельдеу; 7) кешірмелерін әзірлеу; 8) сарапшылар қорытындыларын жасау.
Жоғарыда санамаланған тәсілдердің бірімен не бірнешеуімен тіркелген іс жүзіндегі деректер ғана дәлелдемелер деп танылуы мүмкін.
Дәлелдемелерді алу бұл дәлелдеу үшін оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету, оларды іске тігу, сондай-ақ тергеу мен сот үшін оларды сақтаудың тәсілі.
Дәлелдемелерді сақтау бұл дәлелдемелердің өздерін не олардың дәлелдемелік қасиеттерін сақтау жөніндегі заңда көзделген шараларды қабылдау, сондай-ақ оларды кез келген қажетті сәтте сот пен тергеудің пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.
Дәлелдемелерді сақтаудың шарттары мынадан көрінеді:
төмендегідей заң талаптарын сақтау: а) дәлелдемелерді алудың заңда көзделген тәсілдерін ғана пайдалану; ә) дәлелдемелерді жинаудың заңда көзделген тәсілдерін ҚІЖК-і белгілеген тәртіппен қолдану; б) дәлелдемелерді жинауға заң құқық берген адамдарға ғана рұқсат беру; в) объективті және алаламай жұмыс істеу;
- іс бойынша жиналған дәлелдемелік материалдың толықтығы;
- оларды жинау бойынша іс-қимылдың толықтығы;
- алынған іс жүзіндегі деректер туралы мәліметтердің сенімділігіне қажетті кепілдіктерді сақтау.
Ғылыми пікірталастар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz