Қосылған құн салықты төлеушілер және салық салу объектілері



Кіріспе
1 Қосылған құн салықты төлеушілер және салық салу объектілері
2 Шот.фактура. Қосылған құн салығын есептеу тәртібі. Салық кезеңін анықтау тәртібі, салық декларациясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені бізге белгілі. Мемлекеттік кіріс деп, мемлекет қарамағына әртүрлі түсім көздерінен келіп түсетін және өзіне тән міндеттерін шешуге, сондай-ақ функцияларын жүзеге асыруға пайдаланылатын қаржылық ресурстарды айтуға болады. Сол мемлекеттік кірістердің қатарынан салықтар да өзіне тиісті, өте маңызды орын алады.
Салықтар мемлекеттің басқа да атрибуттары сияқты (мысалы, өкімет билігі, мемлекет аумағы, егемендігі, қарулы күштері, қаржылары және т.б.) мемлекеттер құрыла бастаған кезде пайда болған және олар әрқашан да мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуының, сондай-ақ оның өсіп өркендеуінің негізгі материалдық тірегі болып табылған. Алғашқы кездерде мемлекетті ұстауға қажетті қаражаттар сол мемлекет тұрғындарынан заттай немесе ақшалай күйінде алынған болса, кейіннен олар тұрақты, жүйелі түрде ақшалай алынатын міндетті төлемдерге - салықтарға айналған.
Экономикалық категория ретінде салықтар - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, жеке тұлғалардың мемлекетпен арасындағы туындайтын қаржылық қатынастың жиынтығы.
Салықтар дегеніміз, заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік бюджетке белгілі бір мөлшерде белгілі бір мерзімде заңға сәйкес төленетін міндетті төлемдер. Осы берілген түсінікті (ұғымды) жан-жақты талдап, салыстыру мақсатында басқа да авторлардың көзқарасына тоқталайық.
Мысалы, Гуреев В.И. салықтарды “міндетті жарна” деп атайды және мынандай түсінік береді: “міндетті жарна дегеніміз заңды және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтерінен және басқа түсім көздерінен тапқан табыстарының бір бөлігін заңмен белгіленген тәсілмен ақшалай түрде алу”.
Белгілі ғалым Пепеляев С.Г. салыққа мынандай анықтама береді “салық - мемлекеттің өкімет билігі субъектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік мәжбүр етумен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарылмайтын және дербес- ақысыз түрінде заңды және жеке тұлғалардан заңда белгіленген тәртіппен алынатын меншіктері”.
Қазақстандық белгілі экономист - ғалым Қарағұсова Г.Ж. “салықтар деп, жалпы мемлекеттік мұқтаждарды өтеуге жұмсалатын және қабылданған заң негізінде мемлекетке алынатын еріксіз немесе міндетті алымдарды айтады” деген анықтама береді.
Ең қысқаша берілген ұғым Мельников В.Д. мырзанікі болуы керек: “Салықтар - белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын заң жүзінде көзделген (қарастыралған) міндетті төлемдер”.
Салықтар - өркениет үшін төленетін төлемдер. Сондықтан оның қандай түрінен болмасын жалтаруға болмайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірде қабылдаған заң күші бар “Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығы барлық салық органдарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Мұнда салық қызметкерлерінің атқаратын жұмыстары нақтылы көрсетілген.
1. Ермекбаева Б.Ж. “Жалпы мемлекеттік салықтар” Оқу құралы “Экономика” баспасы 1997 жыл.
2. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” ҚазақстанРеспубликасының кодексі (салық кодексі) Ресми газет №26(26), маусым 2001 жыл Алматы “Бико” Баспа үйі.
3. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы. 24.04.1995ж., 1999 жылғы сәуір айындағы өзгертулер мен толықтырулармен қоса.
4. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер тура лы” Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997ж.
5. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу. Оқу құралы. Алматы, 2003 жыл.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1 Қосылған құн салықты төлеушілер және салық салу объектілері
2 Шот-фактура. Қосылған құн салығын есептеу тәртібі. Салық кезеңін анықтау
тәртібі, салық декларациясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты
түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені бізге белгілі. Мемлекеттік
кіріс деп, мемлекет қарамағына әртүрлі түсім көздерінен келіп түсетін және
өзіне тән міндеттерін шешуге, сондай-ақ функцияларын жүзеге асыруға
пайдаланылатын қаржылық ресурстарды айтуға болады. Сол мемлекеттік
кірістердің қатарынан салықтар да өзіне тиісті, өте маңызды орын алады.
Салықтар мемлекеттің басқа да атрибуттары сияқты (мысалы, өкімет
билігі, мемлекет аумағы, егемендігі, қарулы күштері, қаржылары және т.б.)
мемлекеттер құрыла бастаған кезде пайда болған және олар әрқашан да
мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуының, сондай-ақ оның өсіп өркендеуінің
негізгі материалдық тірегі болып табылған. Алғашқы кездерде мемлекетті
ұстауға қажетті қаражаттар сол мемлекет тұрғындарынан заттай немесе ақшалай
күйінде алынған болса, кейіннен олар тұрақты, жүйелі түрде ақшалай алынатын
міндетті төлемдерге - салықтарға айналған.
Экономикалық категория ретінде салықтар - бұл шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің, жеке тұлғалардың мемлекетпен арасындағы туындайтын
қаржылық қатынастың жиынтығы.
Салықтар дегеніміз, заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік бюджетке
белгілі бір мөлшерде белгілі бір мерзімде заңға сәйкес төленетін міндетті
төлемдер. Осы берілген түсінікті (ұғымды) жан-жақты талдап, салыстыру
мақсатында басқа да авторлардың көзқарасына тоқталайық.
Мысалы, Гуреев В.И. салықтарды “міндетті жарна” деп атайды және
мынандай түсінік береді: “міндетті жарна дегеніміз заңды және жеке
тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтерінен және басқа түсім көздерінен тапқан
табыстарының бір бөлігін заңмен белгіленген тәсілмен ақшалай түрде алу”.
Белгілі ғалым Пепеляев С.Г. салыққа мынандай анықтама береді “салық -
мемлекеттің өкімет билігі субъектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз
ету мақсатында, мемлекеттік мәжбүр етумен қамтамасыз етілген міндетті,
қайтарылмайтын және дербес- ақысыз түрінде заңды және жеке тұлғалардан
заңда белгіленген тәртіппен алынатын меншіктері”.
Қазақстандық белгілі экономист - ғалым Қарағұсова Г.Ж. “салықтар деп,
жалпы мемлекеттік мұқтаждарды өтеуге жұмсалатын және қабылданған заң
негізінде мемлекетке алынатын еріксіз немесе міндетті алымдарды айтады”
деген анықтама береді.
Ең қысқаша берілген ұғым Мельников В.Д. мырзанікі болуы керек:
“Салықтар - белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын заң жүзінде
көзделген (қарастыралған) міндетті төлемдер”.
Салықтар - өркениет үшін төленетін төлемдер. Сондықтан оның қандай
түрінен болмасын жалтаруға болмайды. Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылғы 24 сәуірде қабылдаған заң күші бар “Салықтар мен бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығы барлық салық
органдарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Мұнда салық қызметкерлерінің
атқаратын жұмыстары нақтылы көрсетілген.
1 Қосылған құн салықты төлеушілер және салық салу объектілері

1. Қосылған құн салығы дегеніміз тауарларды (жұмыстарды, қызмет
көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды
өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аудару,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi
аударым.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн
салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген
қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет
көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы
айырма ретiнде айқындалады.
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған
мынадай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне
тұрған мынадай тұлғалар:
- дара кәсiпкерлер;
- мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар;
- қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге
асыратын резидент еместер;
- сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару
туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару
шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша
айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан
Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар.
Қосылған құн салығының негізгі салық салу объектiлерi:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт.

2 Шот-фактура. Салықты есептеу және төлеу тәртібі. Қосылған құн салығының
ставкалары. Салық кезеңi. Салық декларациясы

Қосылған құн салығын төлейтін барлық төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат шот-
фактура болып табылады.
Қосылған құн салығын төлеуші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді өткiзу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде, осы бапта
өзгеше белгіленбесе, аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтердi алушыға шот-фактураны ресімдеуге мiндеттi.
Қосылған құн салығын төлеуші шот-фактурада:
1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн
салығының сомасын;
2) қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша ҚҚС-сыз белгісін
көрсетеді.
Егер өнім беруші осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының

1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, осы
Кодекстің 256-бабының 2-тармағына сәйкес берілетін шот-фактура немесе басқа
да құжат ҚҚС-сыз белгісімен жазылады.
Осы Кодекстiң 256-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн
негiздеме болып табылатын шот-фактурада:
1) шот-фактураның цифрлық мәні бар реттiк нөмiрi;
2) шот-фактураның толтырылған күнi;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының
тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса) не толық атауы, мекенжайы, сондай-ақ
осы баптың 18-тармағында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент
немесе комиссионер мәртебесі;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының
сәйкестендіру нөмiрi;
5) өнім берушiнiң қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны
туралы куәлiктiң нөмiрi;
6) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
7) салық салынатын айналымның мөлшерi;
8) қосылған құн салығының ставкасы;
9) қосылған құн салығының сомасы;
10) қосылған құн салығы ескерiле отырып, тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің құны көрсетiлуге тиiс.
6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциз сомасы
қосымша көрсетіледі.
Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде өнім берушінің:
комитент комиссионерге шот-фактураны жазған кезде - комитент;
комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға
шот-фактураны жазған кезде - комиссионер мәртебесі көрсетіле отырып, шот-
фактура жазылады.

Салықты есептеу және төлеу тәртібі  
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке жарна ретінде қосылған құн
салығы
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке жарна ретінде қосылған құн
салығының сомасы осы Кодекстiң 268-бабына сәйкес салық салынатын айналым
бойынша есептеп шығарылған қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстiң
256-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде
есептеледі.

 Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеу тәртібi

1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар осы
баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлейді.
2. Осы баптың мақсатына орай ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді
жүзеге асыратын ұйымдарға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық
табысының кемінде 90 процентін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік туралы салық
Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі
Корпоративтік табысқа салынатын салық
Тікелей және жанама салықтар
Салықтар есебінің ұйымдастырылуы
Салық мәні мен қызметі және оның түрлері
Салық және салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салық ұғымы, түрлері және оның әлеуметтік-экоеомикалық мәні
Салық түрлері. Акциздер
Салық түсінігі және түрлері
Пәндер