Б.Майлиннің өмір жолы


Жоспар
І Кіріспе
Б. Майлиннің өмір жолы
ІІ Негізгі бөлім
А) Б. Майлиннің шығармалары
Б) Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанры
В) Б. Майлиннің творчествосы мен драматургиясы
ІІІ Қорытынды
Б. Майлин - мәңгілік тұлға
Майлин Бейімбет
(1894-1938)
Майлин Бейімбет (Бимағамбет) (1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. , Таран ауд., - 1937 ж. ) - жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырналып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстыңқиссаларын жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақтаңға жыр!дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесі жариялайды. Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды. Осы жылдарда ол қазақ, татар, башқұрт, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысып, әдеби сауаты арта түседі. Денсаулығына байланысты Майлин медресені аяқтай алмай, 1916-1921 ж. ауылда бала оқыту, мұғалімдікпен айналысты. Осы кездерде 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына арналған, төңкерістен кейінгі кездердегі қазақ аулының тұрмысын суреттейтін бірсыпыра өлеңдер жазды. 1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Б. Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім.
1922-23 ж. Орынборда шығып тұрған «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке келеді. Газетте редактор болып істейтін белгілі революцонер ақын С. Сейфуллиннің қарамағында жұмыс жасау Майлиннің шығармашылық жолына үлкен өзгерістер әкеледі, еңбекші таптың саяси мүддесін көздеген өлеңдер жаза басатайды. «Еңбекші Қазақ» газеті бетінде өлең!әңгімелері жиі жарияланады. «Шұғаның белгісін» қайтадан өңдеп, «Кызыл Қазақстан» журналында бастырады. 1923-1925 ж. Қостанайда шығып тұрған «Ауыл» газатінде істейді. «Раушан!коммунист» повесі осы кезде жазылады. 1934-1937 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болды. 1937ж. халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938ж. ақпанның 25-і күні атылып кетті. Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан!жақты да терең суреттеліп, қміршең типтік бейнелер жасалды. Майлиннің ақындық қызметі 1912ж. жазылған «Мұсылмандық белгісінен басталады». Төңкеріске дейін жазған көп өлеңдерінде («Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа») ауылдың ауыр тұрмысы, әлеуметтік теңсіздік жырланады. 1916ж. ұлт-азаттық қозғалысы Майлин шығармашылығындағы халықтық сыйпатты күшейте түсті. Осы кезден жазылған «Қанды тұман» өлеңінде қараңғыға қамалған қалың елдің, аянышты халі суреттеледі. Ақынның шығармашылығында ұлт-азаттық, ағартушылық, демократтық сарындар түпкілікті қалыптасып, жаңа биіктергк бет алды. «Кедей», «Жауыз кім?», «Кедейге», «Құтты болсын», «Мейрамың», «Бүгін», «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз», «Коллективтің жырын айт» сияқты өлеңдерінде жаңа заман әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы елдін тұрмыс-тіршілігін зор шабытпен жырға қосты. Майлин поэзиясындағы Мырқымбай бейнесі - жиырмасыншы жылдардағы қазақ кедейінің типік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы. Мырқымбай - тұтас бір қтпелі дәуірдегі ауыл кедейінің қмірінде болған қзгерістерді оның сана-сезімі, мінез-құлқы, іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі арқалы шынайы суреттелген типтік бейне. Мырқымбай сияқты типтік дәрежеге көтерілген бейне қазақ әдебиетінде күні бүгінге дейін жасалына жоқ. Ол ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді. Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты. .
Шығармалары
Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.
Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.
Қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің бұл кітабына таңдамалы әңгімелері мен хикаяттары енді Орыс әдебиетінде әнгіме жанрында ұлы Чеховтың алатын орны қандай болса, қазақ прозасында Бейімбет Майлиннің де орны тап сондай. 1915 жылы жазылған атақты "Шұғаның белгісі" хикаятынан бастап, қаламгер әдебиеттің барлық саласында, әсіресе әңгіме жанрында өндірте еңбек еткен. "Күлпаш", "Айт күндері", "Талақ", "Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры", "Сарыала тон", "Күлтай болыс", "Құрымбайдың жігітшілігі", "Айранбай", "Раушан - коммунист", т. б. толып жатқан туындылары жұртшылыққа кеңінен танымал.
Мырқымбай! Мырқымбай! Мыркымбай!
Бай. бай бай!
Жұрмейсін жай.
Нен бар еді?
Әй, құдай-ай!
Бұл - бетің, жүзің демей, ауылнайды сыбап салған Мырқымбайға әкесі байғұстын кейіп айтқан бірер сөзі.
Күні бүгінге дейін жалпы көпшілік-тің таныс-бейтанысы болып келе жатқан осы Мырқымбай кім- еді?
Ол - казақ совет әдебиетінің жаңа ғана канат қомдап, қалыптаса бастаған шағында жасалған жағымды образ, бүкіл қазақ кедейінің жиыңтық бейнесі. Қазақ совет әдебнегінің образдар галереясының қақ төрінде шалқиып отырған ғажап кейіпкер.
Өзінің бірнеше сюжетті өлеңдері арқылы осынау тамаша образды жасаған Бейімбет Майлин- жаңа әдебиеттің негізін каласқан классик жазушы. Ол 1894 ж. кедей шаруаның семьясында дүниеге келген. Жастайынан әке-шешесінен айрылған Бейімбет байдың козысын бағып, жетімдік тақсыретін тарта жүріп, ауылдағы мек-тепті тамамдағаннан кейін Троицкідегі Расулия, Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Оларды тамамдауға каражат тапшылығы мен денсаулығы жол бермейді. Содан өз аулына келіп, екі-үш жыл мүғалім болып істейді, кедей шаруаларды ұйымдастырып мектеп салдырады.
Революцияға дейін «Айқап» журналында бірнеше өлең-әңгімесі жарияланған Майлин «Шуғанын белгісі» сияқты классикалық шығарыасымен танылып, советтік заман шындығын көптеген өлең-жыр, әңгіме-повесіңе арқау етті.
Бейімбет - реалистік көркем әңгіменің шебері. Әңгімежанрының қазақ совет әдебиетінде гүлдене өркендеуіне үлкен үлес қосқаң дарын. «Айранбай», «Күлтай болыс», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Даудын басы - Дайрабайдың көк сиыры», «Құрым-байдың жігітшілігі» сияқты көптеген әңгімелері - қазақ әдебиетінін алтын қорына қосылған шығармалар. Бейімбет әңгімелерінін "осыдай бір топтары революциянын алғашқы жылдарынан бастап 30-жылдардың ортасына-дейінгі қазақ аулында болған өмірдің көркем шежіресі болды.
Бейімбет «Рауан-коммунист», «Он бес үй», «Берен» сияқты повестері мен «Азамазамат Азаматыч» романы, «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі» сынды драмалары, толып жатқан сатиралық шығармаларымен қазақ совет әдебиетінің бар жанрда өркендеуіне орасан зор үлес қосты.
Бейімбет мүғалім болып жүрген кезінде және одан кейін де балаларға арнап көптеген өлеңдер мен әңгімелер жазды. Бұған мысал ретінде «Өтірікке бәйге», «Байшұбар», «Қағынғыр», «Қос жетім». «Почта», «Кемпірдің ертегісі» және басқа шығармаларын атауға болады. «Өтірікке бәйге» деген поэмасында өтірік айту өнеріне бір көзе алтын бәйге жариялап, бірақ нелер майталман өтірікшілердің айтқанын өтірік емес деп қараулық жасаған ханды бұлтартпай жеңіп, бәйге алған тазша баланың тапқырлығы бейнеленген.
«Айтшы, әжетай! Айтшы, айтшы ер-тегі, ертегің ше еліктіріп ертеді», - деп басталатын «Кемпірдің ертегісі» үлкен саяси маңызы бар тарихи мәселені - 1916 жылдың қанды оқиғасынан бірер көріністі тартымды да көркем етіп баяндап берген.
Ал кезінде балалар үшін суретті кітапша болып шыққан «Байшұбар» өлеңінің хикаясы тіптен қызық. Мұнда қараңғы түнде терең сайда түнеп жатқан керуеннен ат алмақ болып келген ұры ат екен деп сол жерде жүрген бір жолбарысқа қарғып мінеді. Жолбарыс одан құтылу үшін түн бойы шапқылаумен болады. Ұры: «Жаралған бір мен үшін, Байшұбарым, аласа аттан гөрі тай шуба-рым», - деп, оның шабысына, езінін табысына мәз болып келе жатады да, таң ата Байшұбардың ат емес, жол-барыс екенін танып: «Мен сорлы мұны білсем келер ме едім? Керуеннен мал алмасам өлер ме едім», - деп мүшкіл халге түседі. Ақырында ағашқа жармасып жолбарыстан әрең кұтылады. Бұл арқылы автор «Ұрлық түбі корлық» екенін айтады.
Сөйтіп, мәдениет және азаматтық тарихымызда еш ұмытылмайтын Бейімбет Майлин қазақ совет балалар әдебиетінің қалыптасып, дамуына да үлкен үлес қосты
Қазақ әдебиеттану ғылымының жетіле түскендігінің бір айғағы - өткен замандарда жасаған әдебиет қайраткерлерінің арнайы зерттеле бастауы. Қазір қазақ әдебиеттануында абайтану, мұхтартану, сәкентану толық қалыптасқан деуге болады. Осы салаларды бүге-шігесіне дейін зерттеп, елеулі жетістіктерге жеткен, еңбектері лайықты бағасын алған ғалымдарымыз баршылық. Сол сияқты ахметтану, мағжантану, сәбиттану, бейімбеттану, т. б. қалыптасу үстінде. Сырт қарағанда, біршама зерттелінген саналатын жиырмасыншы ғасырдың қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығына қатысты әлі де анықтай, нақтылай түсуді қажет ететін мәселелер баршылық. Соның бірі - біз бастауыш сыныптардан бастап білетін Б. Майлиннің шығармашылығы.
Б. Майлин 1957 жылы ақталған соң ол туралы қаншама еңбектер жазылды десеңізші. Жай кездерді қойғанның өзінде жазушының 60, 70, 80, 90, 100 жылдық мерейтойлары тұстарында жүздеген мақалалар жазылып, ұлы суреткердің қаламгерлік келбеті қалың оқырманға кеңінен таныла түсті. Қ. Жармағамбетовтің “Бейімбет Майлин өмірі мен творчествосы” (А., 1962), Т. Нұртазиннің “Б. Майлин творчествосы” (А., 1966), Р. Рүстембекованың “Б. Майлиннің драматургиясы” (А., 1966), Б. Наурызбаевтың “Дәуір суреткері” (А., 1966), С. Оразалиевтің “Сөз зергері” (А., 1984), т. б. көлемді еңбектерінде жазушының шығармашылық болмысы жан-жақты зерттелінді. Солай десек те Б. Майлин шығармашылығының әлі де ашылмаған қырлары, анықтауды қажет ететін тұстары да баршылық екен. Оған филология ғылымдарының докторы С. Байменшенің бейімбеттану саласында жүргізіп келе жатқан ғылыми ізденістерімен танысқанда көзіміз жетті.
Серікқали Байменше 1977 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң еңбек жолын Ақтөбе облыстық “Коммунизм жолы” (қазіргі “Ақтөбе”) газетінде тілші болып бастаған. Ол бұдан кейін республикалық “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінің Қазақстанның батыс облыстары бойынша тілшісі, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті баспасөз секторының кеңесшісі, Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі ақпарат бөлімінің хатшысы болып істеген.
1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің аппаратында баспасөз қызметінің референті, кеңесшісі, Жоғарғы Кеңес баспасөз хатшысының орынбасары, Жоғары Кеңестің редакциялық-баспа бөлімінің кеңесшісі, Парламент Сенаты аппаратының заң актілерін шығару секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2003 жылдың шілде айынан бастап Парламент Сенаты аппаратының редакциялық-баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде.
Серікқали да көптеген әріптестері сияқты шығармашылық жолын мектепте жүргенде аудандық газетке мақала жазудан бастады. Университет қабырғасында жүргенде ол бұрын аттарын естігені, оқығаны болмаса, көрмеген Т. Амандосов, Т. Қожакеев, З. Тұрарбеков, Қ. Құсайынов сияқты қазақ журналистикасының ардагер ақсақалдарынан дәріс алып, сөз өнерінің ұңғыл-шұңғылына үңіле түсті. Республикалық басылым беттерінде мақалалары жариялана бастады. Ал Ақтөбе облыстық “Коммунизм жолы”, республикалық “Лениншіл жас” газеттерінде істеген жылдар жас журналистің қаламы ұшқырлана түскен нағыз өмір мектебі болды. Осы кездерде ол Қазақстанның батыс облыстарын түгелге жуық аралап, қайнаған өмірдің қақ ортасында жүрді, өмірдің өзекті мәселелері ұсынған жүздеген мақалалар өмірге келді, қаламы жүйрік, ойы елгезек журналист ретінде оқырман қауымға кеңінен таныла бастады.
Публицистика саласындағы шығармашылық ізденістер Серікқалиды көркем әдебиетке алып келді. Оның “Қос жүрек” деген бір топ әңгімесі 1990 жылы “Достық бастаулары” атты жас қаламгерлердің көркем шығармалары жинағында жарық көрді, бірнеше туындылары республикалық басылым беттерінде жарияланды. Дегенмен де жас талапкердің ыңғайы ғылыми жұмыстарға қарай бұрыла берді. Университет қабырғасында жүріп курс, диплом жұмыстарын жазудан басталған ғылыми ізденістер осында оқытушылыққа келген соң біржола өз ағынымен алып кетті. Студенттік кездерден басталған Б. Майлиннің шығармашылық құпияларын зерттеуге деген құштарлық бертін келе оның өмірлік мұратына айналды. Қаламгердің өмір жолын, өнерпаздық қырларын зерттеген бірнеше көлемді зерттеулер өмірге жол тартты. Ол ғылыми ізденістерінің нәтижесінде ғылым кандидаты, ғылым докторы дәрежелерін иемденді. Оның қаламынан туған “Майлының Бейімбеті” (Алматы, “Білім”, 1994), “Бейімбеттің сөзстаны” (Алматы, “Рауан”, 1996), “Бейтаныс Бейімбет” (Астана, “Елорда”, 2001) сияқты көлемді зерттеулері қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған елеулі еңбектер болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz