Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I тарау. Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
1.1 Мұхтар Әуезовтың қазақ мәдениетіндегі алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мұхтар Әуезовтың философиялық ой тұжырымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

II тарау. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығының мәдени өркениеттік негізі
2.1 Мұхтар Әуезов . Абайтанушы ғұлама ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Мұхтар Әуезовтің әдеби шығармашылығы ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қоғамның қаншалықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүниежүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл жазушысы, ғалым ұстазы, мәдениет және қоғам қайраткері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, дүниежүзі әдбиетінің классигі, жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Мұхтар Әуезовтың азаматтық, адамгершілік және шығармашылық тағдыры үстіміздегі ғасырда қазақ елінде қандай күрделі өзгерістер болғанын түсінуімізге көмектеседі. Оның өмір жолына зер салғанда біз жалпы өткен кезге көз жүгіртіп, бұрын байқалмаған қажетті жайттарды тереңірек көруге мүмкіндік аламыз. Мұндай тағдыр халықтың зердесіне нұр құйып, әділеттілік сезімін, ұлттың өзіндік санасын ұштайды.
«М.Әуезов – қайта жаңару мен өрлеу ауқымындағы тұлға. Мұндай алып тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салалрында жарқырап жарық жұлдыз кейпінде көрінеді. Олар тұтас алғанда бүкіл әлемдік мәдениетке күшті ықпал жасайды. Қайта өрлеу дәуірінің биік міндеттері оларды әрі қоғам қайраткері, әрі жазушысы, әрі ғалымы, әрі ұстазы болуға ұмтылдырды. М.Әуезов – тұңғыш кәсіпқой драматург, театрдың тұңғыш режиссері, әрі ұйымдастырушысы, ол тұңғыш жырналистер мен прозашылар санында тұңғыш әдебиеттанушы, Абайтанушы, Республика Ғылым Академиясының толық мүшесі болған тұңғыш жазушы» [1].
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – М.Әуезов дүниетанымын зерттеп, оны терең танып білу.М.Әуезовтың мәдени, философилық өркениеттік көзқарастарын талдап, оның көзқарастарының қазіргі таңдағы маңыздылығын талдап көрсету.
Қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовті біз ұлы ойшыл жазушы деп білеміз.Оның шығармаларында келер ұрпаққа үлкен астарлық мәні бар дүниетанымдық көзқарастары жатыр.
Бұл курстық жұмыстың бірінші тарауында оның шығармасындағы дүниетанымдық ізденістері мен шығармашылығының құндылық бағыттары зерттелінді.Және де философия мен дінніңара қатынасын ашуға талпынуы, мәдениет төңірегіндегі пікірлері ашықталған.
Жұмыстың екінші тарауында М.Әуезов ұлт мәдениетін өркениеттік жолға бастағандығы, және қазақ халқы өркениетке бағыт алғанда түскен жолы- Абай жолы деген қорытындыға келгендігі зерттелген.
М.Әуезов философияда өзінің тапқырлығымен көзге түседі. Оның дүниетанымдық ой-пікірлерінің мазмұны тереңде жатыр. Сондықтан бұл курстық жұмыстың негізгі міндеті –М.Әуезовтың мәдени философиясына назар аударып , оның мәнін түсіндіру болып табылады
1. М.Әуезов. «Ұсынылатын әдебиеттер көрсеткіші». // Қазақстан баспасы. Алматы 1968ж. 14-18бб.
2. «Мұхтар мұрасы» //Алматы. 1992ж. 3-4бб
3. М.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа». Алматы 1997ж 5-13бб.
4. М.Әуезов «Әдебиет туралы» Алматы 1997ж. 3-8 бб.
5. М.Әуезов «Абайтану дәрістерінің дерек көздері» Алматы 1997ж. 3-9 бб.
6. Қ. Мырзағалиев. // «Қазаққа қазақты танытқан» Ақиқат журналы 1995ж №4 63-66 бб.
7. А.Тайжанов «М.Әуезов шығармашылығының ұлттық психологияны танытудағы рөлі» Ақиқат журналы 1994 ж. №4, 81 б.
8. М.Әлімбаев // «М.Әуезов туғанына 100 жыл», Ақиқат журналы 1997ж, №3, 3-5 бб.
9. М.Әуезов «Философия жайынан» // «Абай», 1918, №3, 7 бет.
10. М.Әуезов «Уақыт және әдебиет» Алматы, 1962, 34 б.
11. Х.Серікқали. «Әуезов тағылымы» // «Жұлдыз журналы». 1997ж, №8, 8-9 б.
12. М.Әуезов «Қазақтың өзгеше мінездері»// «Алаш», 1917ж, №1, 6б.
13. М.Әуезов. «Ғылым» // «Абай», 1918ж, №1, 4-5бб.
14. М.Әуезов. «Адамшылық негізі -әйел» // «Сарыарқа» . 1917ж, №12, 5-6 бб.
15. М.Әуезов «Мәдениетке қай кәсіп жуық?» // «Абай». 1918ж, №2, 3б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .3
I тарау. Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен
қазақтың қоғамдық ойы
1.1 Мұхтар Әуезовтың қазақ мәдениетіндегі алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .5
1.2 Мұхтар Әуезовтың философиялық ой
тұжырымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...11

II тарау. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығының мәдени өркениеттік негізі
2.1 Мұхтар Әуезов – Абайтанушы ғұлама
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...14
2.2 Мұхтар Әуезовтің әдеби шығармашылығы ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...23

Кіріспе
Қоғамның қаншалықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен
өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүниежүзіне аты мәшһүр ұлы
ойшыл жазушысы, ғалым ұстазы, мәдениет және қоғам қайраткері, Лениндік және
Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, дүниежүзі әдбиетінің классигі, жаңа
заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Мұхтар
Әуезовтың азаматтық, адамгершілік және шығармашылық тағдыры үстіміздегі
ғасырда қазақ елінде қандай күрделі өзгерістер болғанын түсінуімізге
көмектеседі. Оның өмір жолына зер салғанда біз жалпы өткен кезге көз
жүгіртіп, бұрын байқалмаған қажетті жайттарды тереңірек көруге мүмкіндік
аламыз. Мұндай тағдыр халықтың зердесіне нұр құйып, әділеттілік сезімін,
ұлттың өзіндік санасын ұштайды.
М.Әуезов – қайта жаңару мен өрлеу ауқымындағы тұлға. Мұндай алып
тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салалрында жарқырап жарық жұлдыз
кейпінде көрінеді. Олар тұтас алғанда бүкіл әлемдік мәдениетке күшті ықпал
жасайды. Қайта өрлеу дәуірінің биік міндеттері оларды әрі қоғам қайраткері,
әрі жазушысы, әрі ғалымы, әрі ұстазы болуға ұмтылдырды. М.Әуезов – тұңғыш
кәсіпқой драматург, театрдың тұңғыш режиссері, әрі ұйымдастырушысы, ол
тұңғыш жырналистер мен прозашылар санында тұңғыш әдебиеттанушы, Абайтанушы,
Республика Ғылым Академиясының толық мүшесі болған тұңғыш жазушы [1].
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – М.Әуезов дүниетанымын
зерттеп, оны терең танып білу.М.Әуезовтың мәдени, философилық өркениеттік
көзқарастарын талдап, оның көзқарастарының қазіргі таңдағы маңыздылығын
талдап көрсету.
Қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовті біз ұлы ойшыл жазушы
деп білеміз.Оның шығармаларында келер ұрпаққа үлкен астарлық мәні бар
дүниетанымдық көзқарастары жатыр.
Бұл курстық жұмыстың бірінші тарауында оның шығармасындағы
дүниетанымдық ізденістері мен шығармашылығының құндылық бағыттары
зерттелінді.Және де философия мен дінніңара қатынасын ашуға талпынуы,
мәдениет төңірегіндегі пікірлері ашықталған.
Жұмыстың екінші тарауында М.Әуезов ұлт мәдениетін өркениеттік
жолға бастағандығы, және қазақ халқы өркениетке бағыт алғанда түскен жолы-
Абай жолы деген қорытындыға келгендігі зерттелген.
М.Әуезов философияда өзінің тапқырлығымен көзге түседі. Оның
дүниетанымдық ой-пікірлерінің мазмұны тереңде жатыр. Сондықтан бұл курстық
жұмыстың негізгі міндеті –М.Әуезовтың мәдени философиясына назар аударып ,
оның мәнін түсіндіру болып табылады
М.Әуезов өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына
деген қамқорлығы әлемге танымал болды. Мұхтардың дүниеге деген көзқарасы
ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалауға, бір бояумен көрсету
мүмкін емес. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын деуге болады.
Біріншіден, сыртқы дүиенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды.
М.Әуезов Қазақ ішіндегі партия неден? деген мақаласында ел
ішіндегі алауыздық, жікшілдік сияқты теріс әлеуметтік құбылыстың шығу
төркініне жауап іздеу бар: Әрбір халықтың өзгеден өзгеше халықтығында екі
түрлі шарт бар. Оның бірі – сол халықтың кәсібі, екіншісі – жұрт тәртібі
дей келіп, олардың қазақ даласындағы өзгеру, шығу тегінен хабардар етеді,
осы жағдайлар адам болмысы мен санасын психологиялық қалпына, сол арқылы
бүкіл көзқарасы мен салт-санасы қалай әсер ететіндіктеріне нақтырақ
тоқталады, қоғамдық әлеуметтік мәні бар тұжырымдар жасайды. Сондықтан
жоғарыдағы екі шарттың екеуі де басынан аяғына дейін әлеуметтік әделттік
тұрғысынан шешілуі керек. Өйткені Әділеттік жоқ жерде ұрлық, жала, зорлық
көбейеді, көптің азға, күштінің әлсізге көз алартуы туады, бұлар ел ішіне
жік салып, жұртты қоздырады. Бұған басшылардың жуандық құмар, жемқұмар
мінездері қосылады. Оларды қоршаған жағымпаздар пайда болады, осыдан барып
екінші партия шықпасына ешкім кепілдік бере алмайды [3].
М.Әуезов көптеген философиялық мәселелерді қарастырып, өзіндік ой
пікір, тұжырым жасағанын байқаймыз. Шығармаларының басым көпшілігінде өмір,
өмірдегі адамның орны, оның мақсаты, мұң-мұқтажы туралы ой шертіледі.
Ендеше, философияның негізгі мәселесі Мұхтар Әуезов шығармаларында кеңінен
талқыланады деуге болады.

I тарау. Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен
қазақтың қоғамдық ойы
1.1 Мұхтар Әуезовтың қазақ мәдениетіндегі алатын орны.
М.Әуезовтың ойынша, осы жікшілдікке қарсы қоятын үш түрлі құралы
бар. Біріншіден, ел басындағы кісі әділ, оқыған, кез-келген істі тез
бітіретін, жауапкершілігі зор адам болуы керек; екіншіден, кәсібі жоқ,
жұмыссыз жүрген адамдарға жұмыс тауып беріп, оларды жалыныштылықтан
құтқаруы керек; үшіншіден, жұмысшының еңбегі бағалы болсын. Бұл оны еңбекке
ынталандырады, жемісін көрсетеді.
Мәдениетке қай кәсіп жуық? атты мақаласында ол Осы күнгі адам
баласы тұтынып жүрген кәсіптерді оның ішінде ертеден адам баласының ұзын-
ырға тарихымен қол ұстасып, келе жатқандарын саралап өтеді. Мұнда М.Әуезов
халықтың мінез-құлқына, сана-сезіміне, жалпы тұрмыс халіне Сыртқы өмірдің
ыңғайы, отырған жерінің табиғат жағдайы және тұтынған кәсібі әсер етеді
[4] деген зор дүниетанымдық мәні бар пікірді ұсынады.
М.Әуезовтың Абай журналында жарияланған, көлемі жағынан шағын,
бірақ оқырманға қоғам өміріндегі ғылымның алатын орны туралы терең мағлұмат
беретін Ғылым атты мақаласының да орны ерекше. Бұл еңбегінде ғылымның
дамуын азаматтық даму жолдарымен диалектикалық байланыста алып қарап, ол
жүйелі пікірлер айтады. Ол жалпы өмірдегі әлеуметтік-саяси және рухани
процестерді, соның ішінде ғылымды да материалдық өмірдің өндіріс әдістері
туғызатынын нақтылы ескерткен. Мақалада ағартушылық бағыт ұстанған жас
Мұхтардың кейбір сыртқы тілегінен туған тұстары да бар. Бұл жердегі
ескеретін бір жай адамның тілек-талабынсыз, бағдар-мақсатынсыз ғылым
жолында өрге басу мүмкін емес екендігі.
Әйтсе де жас Мұхтар түгел субьективті позиция ұстаудан мүлде
аулақ. Мұның дәлелі ретінде оның ауыл шаруашылығы ғылымдарының дамуы мен
пайда болуы туралы ойын келтіруге болады. Ол адам баласының өсіп-өну, соған
байланысты жер байлығын игеру, тамақ өнімдерін шығару қажеттігі туралы айта
келіп, ел бұған амал тапты... Мал бағу, егін салу секілді кәсіп шығарды,
бірте-бірте осылармен айналысатын шаруа ғылымы көркейіп, гүлдене бастады
деп көрсетті. Бұл ... Адамзат өзінің алдына әрқашан тек өзі шеше алатын
міндеттерді ғана қояды, өйткені анықтап қарағанда әрқашан да міндеттің өзі
тек оны шешуге қажетті жағдайлар болып отырған кезде ғана немесе, ең
болмағанда, болып келе жатқан кезде ғана туатынына сай келеді [6].
Адам баласын табиғат құпиясын меңгерумен қатар өздерін де зерттеу
мен тану, мінез-құлық, адамгершілік, артық пен шыншылдық, алауыздық пен
арамдық, жақсы мен жамандық қайдан деген сұрақтар да мазалаған. Осыларға
жауап іздеген ойшыл: Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен
орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта
болатынын, көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін көп ой керек, ойлау үшін
оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат беріп, хахиқатқа баланың көзін
жеткізіп, көңілін жақсылықпен тәрбие қылу керек деп түйеді өз ойын.
Сол заман тұрғысынан қарағанда жас Мұхтардың мәдениет мәселесі
төңірегіндегі пікірлері де өте құнды. Мәдениет – деп адамның дүниеге алғаш
келгенінен осы күнге шейін тапқан білімді, һәм сол білімге сүйеніп істеп
отырған өнерін айтамыз деп жазды ол өзінің Мәдениет және ұлт деген
еңбегінде. Әрі қарай ұлттың гүлденіп дамуы, оның өсіп-өрбуі мәдениет,
ғылым дәрежесіне тікелей байланысты, өйткені, Ғылым мен мәдениет барлық
дүниенің алтын алқасы болып отыр. Осы күнге мәдениет жерде, ауада, суда,
аспанда ай-жұлдызды билейді [2] дейді.
М.Әуезовтің түсінуінше, ұлттың даму, оның жалпы мәдени өркендеуі
өскен ортаға, тұрмыс-тіршілігіне, ұстанған жолдарына тікелей байланысты
және мемлекет ұстанған экономикалық, әлеуметтік саясат осы мәселелерді
шешудің негізгі тұтқасы болып табылады.
М.Әуезовтің Абай журналының екі санында жарияланған, жұртшылыққа
Жапонияның екі ғасырлық даму жолынан нақтылы – тарихи мәліметтер беретін
келесі бір мақаласы Жапонияны кең көлемде жазылған әлеуметтік бағыттағы
очерк десе де болғандай. Мақалада сол кездегі Азиялық мемлекеттердің ішінде
нарықтық дамудың біркелкі жоғары сатысынан орын алған Жапонияның саяси,
әлеуметтік – экономикалық және мәдени-рухани өсу жолдары тарихи тұрғыдан
талданады. Оның кемшіліктерін ашық сынап, жетістігін үлгі етіп сынады.
Мәселен, ол бұрынғы Жапон патшалықтарының батыл саяси өзгеріс жасаудағы
жасқаншақтығын, жаңалықты тез қабылдауға деген енжарлық сияқты осал
жақтарын сынай келіп, олардың жеме-жемге келгенде Өз халқының жетілуіне
зияндары тигенін, оны тежегенін тілге тиек етеді. Айлалы, азулы жауға
өзінің ұстап келген қаруларындай қару ұстап, өзінің сүйенген тәртібіндей
тәртіпке сүйенбесе басқа лаж болмайтынын да ескертеді [7].
Жазушының пайымдауынша, елдің өркениетті жолмен ілгерілеуіне
көптеген жағдайлар қажет. Жапонияның даму барысында әсер еткен нақтылы
бағыттар: Ұлттық намыс, патриотизм, басқа халықтарға ұлттық намысын
жібермеу, елдің ішкі және сыртқы жағдайларын шеберлікпен үйлестіре білу,
Конституция негізінде өзі сайлауы, әйелдердің әлеуметтік орны, сауданың
өсуі, елдің кіріс мен шығысы, оқу жолына бөлінген қаражат, діннің таралуы,
ғылым жайы т.б.
Осыларға байланысты сол тұста қыр қазағы үшін өте сирек және үлгі
аларлық қажетті жағдай болып көрінетін Жапонияның жоғарыда айтылған
салаларды дамыту барысы туралы нақтылы деректер келтіреді. Біздің ойымызша,
бұрын соңды қоғамтанушы ғалымдарымыз бен әдебиетшілер назарына ілінбеген
бұл социологиялық очерк арнаулы зерттеуді қажет ететін сияқты.
М.Әуезовтің жас шағындағы дүниетанымдық ізденістері мен
шығармашылығының құндылық бағыттарын анық көрсететін мақалаларының тағы
бірі, өз тұсында терең ізденіспен жазылған философия жайынан мақаласы .
Ол ғылымдар тарауының түйіскен жері философия деп есептейді, оның терең
ойдың ғылымы, адамның ақыл аумағын кеңейтетін, ақиқатқа жетуге жол
көрсететін, адам санасы мен танымын дамытатын ғылым деп түсіндіреді.
Жас Мұхтардың философия мен діннің ара қатынасын ашуға талпынуы,
әсіресе дін ауқымының кеңдігін, оның ақылдан бұрын жүректі тәрбиелейтініне,
мінездікке үйрететініне оқырман назарын аударуы танымдық тұрғыдан да құнды.
Аталмыш жұмыста ол философияның мынадай бөліктері мен тарауларын
қарастырады: Гнесеология, логика, психология, философия тарихы, метафизика,
онтология, рационалдық теология, рационалдық космология, рационалдық
психология деп бөледі. Әрі қарай философия тарихын: ескі және жаңа
философияға бөліп, қазақ танымына ыңғайлы, Фалестен немістің классикалық
философиясына дейін желі тарта отырып түсіндіреді. Өз мақаласын Философия
адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстайтын шамшырақ деп
аяқтайды.
Жалпы біздің ойымызша, М.Әуезовтің 1918-1930 жылдар аралығындағы
басылымдарда жарық көріп, белгілі себептермен ұзақ уақыт бойы ғылыми
айналымға түспей, сондықтан да көпшілік игілігіне толық айнала қоймаған
мақалаларына алдағы уақытта арнаулы зерттеу жасау қазіргі уақыт талабы.
М.Әуезовтің жоғарыда аталған мақалаларында айтылған ойлары,
теориялық тұжырымдары мен идеялық ізденістері қазіргі қауым үшін қарапйым
болып көрінуі әбден мүмкін. Алайда, тоталитарлық замандағы идеологиялық
күрес, таптық тартыс жағдайында жарық көрген жас Мұхтар туындылары біздер
үшін өте құнды мұра. Сондықтан Мұхтартану ісін дүниетанымдық тұрғыдан
алғанда да көңіл аударуға тұрарлық іс.
М.Әуезов ең алдымен ғалым-жазушы, көркем ойдың, сол арқылы көркем
идеяның алыбы. Бұл ой мен идея асқақ міндет, мұрат-мақсат ретінде оның
бүкіл саналы өміріне, құлшыныс – құштарлығына қанат беріп, өзекті
тақырыбының арқауын анықтап берді. Ал Әуезов сынды ғұлама жазушы өзі үшін
мұны бүкіл өмір жолының ең басында-ақ айқындап алған болатын. Ол – Абай
тақырыбы. Жас Мұхтар Абай өлеңдерінің қолжазба жинақтарын оқып, сауатын
ашты, бала кезінен-ақ оның ақындық әлемінің құдіретті қуатын бойына
сіңірді, сонан соң өзінің өлшеулі өмірін түгелдей ұстазының шығармашылығы
мен мұрасын зерттеді. Бұл күндері Әуезовтің табандылығы болмаса
оқырмандардың бүгінгі ұрпағы Абайдың, ол арқылы сол змандағы қазақ
қоғамының даму динамикасын танып біле алмаған болар еді деуге біздің толық
қақымыз бар. Ғұламаны тек ғұлама ғана түсінеді және таниды [8].
Жоғарыда айтылған Абай журналында да ғылымның, саясат пен
өнердің мейлінше әр алуан тақырыптарына арналған мақалалармен қатар, Абай
шығармашылығы туралы да жазылған мақалалары кездеседі. 1927 жылы Мұхтар
Омарханұлы Қазақ әдебиетінің тарихы деген монография шығарады, онда
Абайға едәуір орын берілген. Бұл еңбек кезінде барынша танымал болды, жалпы
ұлттық бас ақын ретіндегі Абайға деген қоғамдық көзқарасты қалыптастырды.
Бұрынғы кеңес үкіметі тұсында орыс-совет әдебиетінің 20-30
жылдардағы даму кезеңі белгілі дәрежеде жақсы зерттелген. Осы кезде оларда
әр түрлі әдеби бағыттар мен мектептер де өркен жайғаны белгілі. Бұл жылдары
ұлт респудликалары да творчестволық жалынға толы болды. Біздің Қазақ
Республикасы да солардың қатарында еді, мұнда да Ахмет Байтұрсынов,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. сияқты жарқын таланттар жарқырай
көрініп, қайталанбас тұлғалар халқына қызмет етуді алдына ұлы мақсат тұтып
еді. Әттеген-ай, қазіргі қазақ зиялылары да өз халқына осындай қызмет
жасаса нұр үстіне нұр болар еді, әйтпесе, М.Жұмабаев:
Азамат! Анау қазақ қаным десең,
Жұмақтың суын алар жаным десең
Болмаса, ібіліс бол да у алып бар,
Тоқтатам, тұншықтырып, зарын десең!
Деп ашына жазып, Міржақып Дулатов: Оян қазақ! деп жар салып, ал
Ахмет Байтұрсынов ұлтын ояту үшін Маса болып шығар ма еді.
Бірақ күні кешеге дейін еліміз тәуелдсіздік пен егемендік алғанша
біз олар жайында үзік-үзік мәліметтерге қарап қана бағымдай алғанбыз. Бұл
күндері олар жайлы жүйелі деректерді жүрегің сыздап отырып оқисың.
Дәл осы жылдарда Абайдың бүкіл шығармашылығын, әсіресе, ұлттық
философиясын буржуазиялық қоқыс деп тұрпайы – социологиялық тұрғыдан
сынап жатты. Бірақ, М.Әуезов Абай өмірін табандылықпен терең жырлай береді.
Болашақ роман-эпопеяның алғашқы беттері Татянаның Онегинге хатын аударуға
арналған тарау дәл сол 1937 жылы жазылған еді. Алайда, осындай аумалы-
төкпелі әлеуметтік кезеңде М.Әуезов алаңсыз творчестволық жұмыспен айналыса
алмады. Тіпті, романға бірінші дәрежелі сталиндік сыйлықтың берілуі де
сұмдық байбаламнан қорғай алмады. 1951 жылы щабуылдың жаңа толқыны
басталып, М.Әуезов пен Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. М.Әуезов
онда МГУ-де СССР халықтарының әдебиетінен сабақ берді. Тек 1954 жылы
отанына оралуға, алаңсыз шығармашылық жұмыс істеуге, ғаламат еңбегін
аяқтауға тұңғыш рет мүмкіндік алды; Сөйтіп бұл еңбекке 1959 жылы Лениндк
сыйлық берілді. Екі жылдан кейін Мұхтар Омарханұлы дүние салды.
М.О.Әуезов тоталитаризмнің зардабынан айтайын дегенін айта алмай
арманда кетті. Бірақ ол миллиондаған адамдардың санасында қазақтың ұлттық
энциклопедиясы саналған ұлы ақын Абайдың жарқын бейнесін қалдырды, оны
бүкіл түп-тамырымен дәстүрлі халық мәдениетінің қалың қойнауына бойлаған
алып тұлға ретінде бейнелей отырып, өз ұлтының сана-сезімін жаңа сатыға
көтерді, қазақ әдебиетінің дүниежүзілік мәдени процеске қоса отырып, бүкіл
шығыс халықтарының, соның ішінде түрік әлемінің көркем ойына үлкен әсер
етті. Шыңғыс Айтматов роман туралы былай деген болатын: Бұл роман бүкіл
түркі тілдес халықтарының, оның ішінде өткендегі көшпелі халықтардың да
адамзат мәдениетіне қосқан хор үлесі. Абай эпопеясы - біздің көркемдік
және әлеуметтік энциклопедиямыз. Бұл біздің ортақ мандатымыз, біздің ұлан-
байтақ Евразия кеңістігіндегі бүкіл бастан кешкен заманымыз тура келген
бүкіл тауқіметіміз үшін, өз қазынамыздың жүйесін, өзіміздің көркемдік және
адамгершілік дүниемізді, өзіміздің ұлы поэтикалық сөзімізді жасап, қол
жеткізе алған бүкіл игіліктеріміз үшін берілген есеп... Әуезов бізді осы
мағынада алғанында жалпы жұрт үшін маңызды көркемдік – тарихи ой-пікірдің
дүниежүзілік деңгейіне көтерді. Дүниені көз алдына келтіру үшін,
басқалдардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата
көтеріп, жар салу үшін өз биігін – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңның болуы
керек. Біз өзіміз жайында М.Әуезов көтерген биікте тұрып ой түйеміз және
басқа халықтармен сол биік арқылы араласамыз [9].
Ал біз шыққан осынау биік бұл күндері өткенге байсалды, мұқият зер
сала қарауымызға, обьективті ауқымдағы оқиғалар мен алып тұлғаларды
көрсетуімізге, оларды әсірелемей де көмескілемей де көрсетуімізге мүмкіндік
береді.
Абайды көтергенде, халықтың сана-сезімін самғатқан да М.Әуезов
дүниежүзінің көз алдында өсіп-өркендеудің ең жақсы, ең адамгаршіл тәсілі
арқылы өзін де шырқау шыңға шарықтатты. Өйткені бұдан басқа қандай да
болсын әдіс жеке тұлғалар мен халықтардың өмірлік тәжірибесінде өзінің
өрессіздігін дәлелдеді. Тек тізе қосып, бір-бірімізді қолдап, көтермелеген
жағдайда ғана біз өзіміздің ұлттық биігімізге шыға алмақпыз. Ал адамның
бүкіл әлеуметтік дүние мен диалектикалық өзара қатынасының оыс формуласы
М.Әуезовтің тағдырында мейлінше толық көрініс тапты, ол тағдырдың жоғары
типтік және бірегей сипатын айқындады.
Қазақ жазушыларының ішінде М.Әуезов алғашқылардың бірі болып, ұлы
Абай тұлғасы арқылы халқының өткен заманына, өміріне, тұрмыс-тіршілігіне –
бір сөзбен айтқанда ұлттық тарихына көз салды. Ғылыми-көркем, тарихи
ізденістер нәтижесінде ол бізге халық өмірінің тұтас бір ғасырын қайта
тірілтті, жеке адамдар тағдырын бүкіл дүниежүзілік тарихи тәжірибелермен
сабақтасып жататынын ашты, жазушы эпопеясы арасында Абай біздің өтпелі
заманымызбен тілдесті, біздің дәуірімізге қайта оралды. Сондықтан данышпан
Абай қазіргі қазақ халқының рухани кеңесшісі [10].
Жазушының Абай жолы эпопеясының рухани мәдениетімізді
дамытудағы зор ролі сол, ол Шәкірім қажы, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовты айтпағанда, 50-ші жылдарға дейін С.Сейфуллинсіз,
Б.Майлинсіз, І.Жансүгіровсіз өскен ұрпақтардың рухани дамуына аса ерекше
әсер етті. Бұл жағдайда М.Әуезов Абай жолы эпопеясының тек жәй көркем
тарихи шығарма емес, ұлтымыздың сан ғасырлық тұстарын көркем оймен
кестелеген, өз тұсында ұлтымыз бен халқымыздың абыройын асқақтатқан даналық
дастаны дала тарихы мен философиясы болды.
Шындығында Абай жолы романы өзінің көркемдік-эстетикалық
әсерімен де мазмұнның терең философиялық және тарихи болуымен де бұрын-
соңды көркем мәдениетімізде болмаған құбылыс. Халық менталитеті мен өмірін
терең білуі жазушыға қазақ қоғамының рухани даму сатыларын шыншылдық
тұрғыдан, диалектикалық ойлау жүйесі негізінде түсіндіруге мүмкіндік берді.
Халықтың ең үздік өкілдерінің бірі Абай бейнесі мен болмысы арқылы ол
өзінің де әсемдік әлемі мен дүниетанымдық көзқарасын көрсетті. Ақын
бейнесін сомдау барысында ол данышпан суреткер, ұлы ойшыл жазушы болып
қалыптасты. Абай сынды данышпанды, Мұхатар сияқты данышпан ғана танып, оны
әлемдік мәдениет шеңберінде қарап, оның таңғажайып сыры мен құпиясын ашады.

1.2 Мұхтар Әуезовтың философиялық ой тұжырымдары
Қазақ әдебиетінің қол жеткен табысы, Қазақстан рухани мәдениетінің
қалыптасуы мен дамуы, өз тұсында өркендеп, гүлденуі М.Әуезов есімімен
тікелей байланысты. Сол себепті, біздің ойымызша, жазушының көркем әдеби,
ғылыми шығармашылығын талдау тек Қазақстандық қоғамдық және философиялық
ойдың даму тарихын білу үшін ғана емес, халықтар арасын жақындастыруға
септігі тиетін бүкіл осы заманғы шығыс, оның ішінде түркі тектес
халықтардың философиясы мен психологиясын түсіну қажет.
Соңғы жылдары халықтардың рухани мәдениетінің көне тарихына
қызығушылығы өскен сайын М.Әуезовтің философиялық және ғылыми мұрасын
зерттеу де ерекше маңызға ие бола бастады. Бұл жерде табиғи заңдылық бар.
Өйткені, бүкіл адамзат өркениеті өтпелі кезеңдердегі әр елдің ұлы ойшылдары
мен зиялыларының санасымен ұғынылып, олардың еңбектерінде зерделенген.
Осыдан, жас егемен елдер мен азаттыққа қолы жеткен ұлттардың өз
өркениеттерінің бір діңгегі рухани мәдениетінің бай тарихын табу барысында
олардың шығармашылықтарына қайта оралып, жаңаша ұмтылыс жасауы да заңды.
Ал М.Әуезовтің теңдесі жоқ мұрасы, оның негізінде әлемдік
әдебиетке қосқан іргелі үлесі – романдар мен повесттері, драматургиясы мен
әдебиеттану саласындағы шығармалары Абайтану мен публицистикасы бүгінгі
таңда да көмескі тартқан жоқ. Бұл мұра қазақ халқының мәдениетінде де
қалыптасқан бай ұлттық қазына. М.Әуезовтің есімі екі мәдениеттің шығыс пен
батыс келбетінің құрыш-құймасын бейнелейді. Егер Абай қазақ халқының өткен
замандағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті
бейнесі романист қаламымен қайта тірілткен М.Әуезовтің өзі жаңа заманға
жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Зеңгір
аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан қос жұлдыз сияқты ұлттың аса көрнекті
екі алып тұлғасының бұлайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі –
бүкіл дүиежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше
құбылыс.
М.Әуезовтің Республикамыздың рухани мәдениетін жетілдіру мен
дамытудағы орны тек Абайға байланысты ізденістер мен, Абайтанумен
шектелмейді. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақ Мемлекеттік Университетінде қазақ
әдебиеті тарихынан студент жастарға лекция оқыды, студенттер мен
аспиранттардың ғылыми жұымыстарына жетекшілік етті. Қазақстан Ғылым
Академиясының академигі ретінде өмірінің ақырына дейін республика
көлеміндегі әдебиеттану жұмысын жүйелеп, оған басшылық жасап, құнды кеңесін
беріп жүрді. Оның тікелей жетекшілік етуімен, болмаса редколлегия
мүшелігімен қазақ халқының рухани мәдениеті мен тарихын танытудағы зор
септігі тиген, бұл саладағы ғылымдарға қомақты үлес болып қосылған Қазақ
әдебиетінің тарихы, Қазақ совет әдебиеті тарихының очерктері мен
көптеген фольклорлық басылымдар жарық көрді [5].
М.Әуезовтің қазақтың дүниетанымы мен рухани дүниесін дамытудағы
орнын айтқанда, жазушы ғылымының қазақ әдебиетінің арна басы, халықтың ең
қымбат тарихи ескерткігші деп бағаланған қазақ эпосы мен фольклоры туралы
зерттеу еңбектерінің орны айрықша. Бір мақала көлемінде оны терең зерделеп
жату мүмкін болмағандықтан, біз осы бағыттағы ойымызды ғалым –
фольклоршының Қазақ халқының эпосы мен фольклоры атты еңбегіндегі
ұлтымыздың рухани мәдениеті туралы толғанысымен шектейміз. Бақыт іздеп,
ғасырлар бойына сахараны шарлап, шарқ ұрған мұңдар жолаушы қазақ халқы
бізге архитектура мен скульптураның, суррет өнерінің ескерткіштерін қалдыра
алмады, – деп жазады М.Әуезов. Бірақ, ол бізге ең асыл мұра – жыр мұрасын
мирас етті. Жыршы халық, ақын халық есте жоқ ескі замандардан бастап
дарыған ақындақ даналығын қапысыз жұмсап, өзінің рухын ұмытылмас эпостық
дастандарында, сан – сан әр алуан түрлі жырларында бейнелейді . Осындай
рухани қазынаны М.Әуезовтің әлеуметтік – мәдени шеңберде қазбалай
зерттеуінің де тегін еместігіне бұл үзінді дәлел боларлық.
Халқымыздың рухани мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес
қосқан М.Әуезов қазақ өнері, театр, драматургия мәселелеріне ерекше ынта
қойды.
М.О.Әуезов қазақ жазушыларының білімдар ағасы және оның дамуына
ынталы адам ретінде олардың шығармашылық ізденістері мен өсу жолдарын үнемі
назардан тыс қалдырған жоқ, халқымыздың рухани уызының көрнекті де қолайлы,
танымдық қабылдауға ыңғайла саласы әдебиет дамуы туралы көптеген ғылыми,
публицистикалық еңбектер жазды. Әрбір ұлт адамзаттық қазынаға өз үлесін
қосады және одан өзіне қажетін алады. Әрбір халық өзініғң рухани мәдениетін
басқа халықтардан оқшау жасамайды, керісінше, оның өз рухани сұранысын
қанағаттандыратын ең жақсы тұстарын қабылдайды, игереді және қорытады.
Ұлттық рухани мәдениеті – ұзақ сақталып, тарихи тылсымнан бізге жеткен оның
рухани білім байлығы, рухани мұрасы ғана емес, белгілі бір ұлттардың рухани
мазмұны да. Осы ұлттық рухани мұра мен мазмұн диалектикасын терең түсіне
білген М.Әуезов бүкіл өмір бойы оны байытудың жолдарын қарастырумен болды.
Солардың бірі – тіл тазалығы, яғни тіл экологиясы мен аударма мәселесі.
Жазушы өз рухани уызының дәмін татқысы келген әрбір саналы адам, ең алдымен
өзінің ана тілін білуге міндетті деп түсінеді. Сондықтан да, өз тілін,
әдебиетін білмеген адам толықмәнді интеллигент емес деуге де болады.
Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде
сыңаржақ болады.
М.Әуезов заманында өзінің ұлттық тілін менсінбеген нигилистер,
әсіресе, орыстанған белсенділер бой көрсете бастаған болатын. Міне, осындай
келеңсіз құбылыстарда аяусыз сынап, өз ана тілін сол ұлттың әрбір азаматы
білуі қажеттігінің зор мәні бар екендігін ашына да қатты айтқан Ана тілі
әдебиетін сүйіңдер атты мақаласын жариялады. Осыдан 40 жыл бұрын күйзеліп
айтылған ұлттың рухани өсуіне жағымсыз жәйттер күні бүгінге дейін өзінің
маңызыдылығын жойған жоқ. Тек ел бостандылығына қарай бағытталған
бетбұрыстар ғана көңілге медеу.
Дүниежүзілік дәрежедегі өнер мен әдебиет туындылары қоғам дамуының
үлкен бетбұрыстарына жауап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеті мен өнерінің қазіргі қоғамымыздағы ықпалы мен орны
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушы
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Қазіргі заман мәдениеті мен оның негізгі мәселелері
Абай шығармаларындағы салт - дәстүрді дәріптеу
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Қазақ философиясының қалыптасу барысы мен тереңде жатқан тамырларын зерттеу
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Абайтану ғылымы туралы
Пәндер