Қазақстандық шығыс арал өңірінде экологиялық жағдайға байланысты суармалы топырақ құнары қалыптасуының ғылыми негізі
КІРІСПЕ
Негізгі бөлім.
1 Ғылыми әдебиеттерге шолу.
1.1 Қазақстандық шығыс Арал өңірі суармалы топырағының экологиялық жағдайы.
2 Зерттеу жүргізудің әдістемесі мен әдісі
3 Зерттеу жүргізілген аймақтың экологиялық сипаттамасы.
3.1 Қазақстандық шығыс Арал өңірінің географиялық орны мен геоморфологиясы
4 Арал өңірінде суармалы егіншіліктің дамуы және су тапшылығынан күрделі экологиялық жағдайдың қалыптасуы
4.1 Сырдарияның төменгі ағысында суармалы егіншіліктің даму жолы
4.2 Сырдарияның төменгі ағысында табиғи кешеннің өзгеруі
4.3 Топырақтың экологиялық.мелиоративтік өзгеруі
5. Далалық тәжірибе нәтижесі және топырақтың қоректік зат режимі
5.1 Топырақ құнарына байланысты әр түрлі дақылдардың өнімділігі
5.2 Топырақтағы органикалық зат (гумус) пен азоттың режимі
5.3 Топырақтағы фосфор мен калийдың режимі
5.4 Мәдени суармалы топырақтың физикалық қасиеттерінің динамикасы
5.5 Ауыспалы егіс танаптарында топырақтың мелиоративтік күйі
5.6 Арал өңірінің суармалы аймағында топырақ құнарын көтеру
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектер тізімі:

Қазіргі заманда экология ғылымы әртүрлі сатыдағы биологиялық жүйелердің, оларды қоршаған орта жағдайларымен қарым-қатынасы негізінде түзілу, даму және тұрақты түрде тіршілік ету заңдылықтары жөніндегі ғылым болып саналатындығын білеміз. Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарына орналасқан агроландшафттық жүйелердің топырақ құнарлығының қалыптасуына түрлі экологиялық заңдылықтарына сай дамуына мүмкіншілік тудыратын егіншілік жүйелерін зерттеу.
Ол үшін мұнда бұрыннан қалыптасқан табиғи процестер мен шаруашылық салаларының, оның ішінде ең алдымен суармалы егіншіліктің қазіргі күйін жан-жақты зерттеп, жаңа экологиялық жағдайға орай дамыту бағытын айқындау арқылы ғылыми негізін жасау қажет.Зерттеу жұмысын жүргізудің себебі, суға бастырып, күріш егетін жерлерде топырақтың тиімді құнары қалыптасуы мен бұзылуына әсер ететің процестер ауыспалы егістің танаптарында егілетін биологиясы мен агротехникасы әртүрлі дақылдардың астында бірдей болмайды. Өйткені топырақты өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, егіннің зиянкестеріне қарсы күрес және суару режимі түрліше болғандықтан топырақтың тиімді құнарлылығы қалыптасуы мен бұзылуы өте динамикалық жағдайда болады. Осы қарама-қарсы екі процестің үлес салмағын дәл анықтап, бар мәліметтерді талдай отырып, дәйекті тұжырым жасау оншақты жыл ішінде орындалды. Сол себепті, суармалы топырақ құнарының қалыптасу сипатын, оның тиімділігін реттеу, ауыспалы егіс танаптарында зерттеу олар толық ротациядан өткенше жүре береді. Мұның негізгі мақсаты мәдени суармалы топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен оны тиімді пайдаланудың әдістерін іздестіру болмақ. Соның негізінде Сырдарияның төменгі ағысында суармалы жердің агромелиоративтік күйін сауықтыру арқылы егіншілікті экологияландыруға және тиімді пайдалану арқылы топырақ құнарлығын төмендетпей жылдан жылға көтеруге болады.
Сондықтан, Қазақстан шығыс Арал өңірінде экологиялық жағдайға байланысты суармалы топырақ құнарлылығының қалыптасуының ғылыми негізін зерттеу өзекті мәселелер қатарына жатады.
Сырдарияның төменгі ағысындағы топырақ құнарлылығының антропогендік қалыптасуы және мәдени суармалы топырақты экологияландыру тақырыбының мемлекеттік тіркеу номері 0101РК00214. Ғылыми - зерттеу жұмыстары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде және Арал өңірінің агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығында 1995-2005 жылдар аралығында жүргізілді.
Жұмыстың мақсаты. Арал өңірінде экологиялық жағдайдың қазіргі күйіне байланысты агроценоздағы топырақ құнарлылығын биологиялық негізде көтеру арқылы егіншілік жүйесін орнықты дамытудың ғылыми негізін жасау.

1.Нұрғызарынов А.М., Тоқтамысов Ә.М., Елеуова Э.Ш. Арал өңірін экологиялық сауықтырудың өзекті мәселелері. // Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Хабаршысы» № 2 (20) Қызылорда, 2005 ж.
2.Cаданов А.К., Токтамысов А.М., Елеуова Э.Ш. Экологические проблемы дальнейшего развития орошаемого земледелия в Приаралье. // Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Хабаршысы» № 2 (26) Қызылорда, 2008 ж.
3.Елеуова Э.Ш. Арал өңірінің ауылшаруашылығы өндірісінің экологиялық проблемалары. // Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Хабаршысы» № 1 (29) Қызылорда, 2010 ж.
4.Нұрғызарынов А.М.,Тоқтамысов Ә.М.,Елеуова Э.Ш. Арал өңірінде егіншілікті дамытудың экологиялық мәселелері. // «Ізденіс-Поиск» журналы №3 (1) Алматы, 2010 ж.
5. Елеуова Э.Ш. Сырдарияның төменгі ағысында суармалы топырақтағы гумус пен азоттың динамикасына экологиялық жағдайдың әсері. // «Жаршы» журналы №8 Алматы, 2010 ж.
6. Елеуова Э.Ш. Некоторые вопросы эффективного использования пласта многолетних трав в орошаемой зоне Приаралья. // «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана» Алматы, 2010 г.
7.Нұрғызарынов А.М., Елеуова Э.Ш. Арал өңірінің қуаңдануына байланысты суармалы топырақ құнарының қалыптасу ерекшеліктері.// «Жаршы» журналы №11 Алматы, 2010 ж.
8.Елеуова Э.Ш. Пути повышения плодородия почв и продуктивности рисовых систем Приаралья. // «Ізденіс-Поиск» №4 (2) 2010 г.
9. Нұрғызарынов А.М., Елеуова Э.Ш. Арал теңізінің Шығыс кепкен табанының табиғатының қалыптасу ерекшеліктері. // «Ауылшаруашылық өндірісінің жаңа технологиялары: проблемалары, міндеттері, шешу жолдары». Республикалық ғылыми- практикалық конференция материалдарының жинағы. Қызылорда, 2000ж.
10.Елеуова Э.Ш.,Тоқтамысов Ә.М., Нұрғызарынов А.М. Проблемы дальнейшего развития орошаемого земледелия в Приаралье. // «Үздіксіз кәсіби білім беру: проблемалары мен болашағы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. 2010ж.
11.Елеуова Э.Ш. Состояния и перспективы повышения эффективного плодородия орошаемых почв в низовьях реки Сырдарьи. // «Современные проблемы рационального использования водных ресурсов в Казахстане». Международная научно-практическая конференция. Тараз. 2010г.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Қазақстандық шығыс Арал өңірінде экологиялық жағдайға байланысты суармалы
топырақ құнары қалыптасуының ғылыми негізі
Кіріспе
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі
Қазіргі заманда экология ғылымы әртүрлі сатыдағы биологиялық
жүйелердің, оларды қоршаған орта жағдайларымен қарым-қатынасы негізінде
түзілу, даму және тұрақты түрде тіршілік ету заңдылықтары жөніндегі ғылым
болып саналатындығын білеміз. Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару
алқаптарына орналасқан агроландшафттық жүйелердің топырақ құнарлығының
қалыптасуына түрлі экологиялық заңдылықтарына сай дамуына мүмкіншілік
тудыратын егіншілік жүйелерін зерттеу.
Ол үшін мұнда бұрыннан қалыптасқан табиғи процестер мен шаруашылық
салаларының, оның ішінде ең алдымен суармалы егіншіліктің қазіргі күйін жан-
жақты зерттеп, жаңа экологиялық жағдайға орай дамыту бағытын айқындау
арқылы ғылыми негізін жасау қажет.Зерттеу жұмысын жүргізудің себебі, суға
бастырып, күріш егетін жерлерде топырақтың тиімді құнары қалыптасуы мен
бұзылуына әсер ететің процестер ауыспалы егістің танаптарында егілетін
биологиясы мен агротехникасы әртүрлі дақылдардың астында бірдей болмайды.
Өйткені топырақты өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, егіннің зиянкестеріне қарсы
күрес және суару режимі түрліше болғандықтан топырақтың тиімді құнарлылығы
қалыптасуы мен бұзылуы өте динамикалық жағдайда болады. Осы қарама-қарсы
екі процестің үлес салмағын дәл анықтап, бар мәліметтерді талдай отырып,
дәйекті тұжырым жасау оншақты жыл ішінде орындалды. Сол себепті, суармалы
топырақ құнарының қалыптасу сипатын, оның тиімділігін реттеу, ауыспалы егіс
танаптарында зерттеу олар толық ротациядан өткенше жүре береді. Мұның
негізгі мақсаты мәдени суармалы топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен
оны тиімді пайдаланудың әдістерін іздестіру болмақ. Соның негізінде
Сырдарияның төменгі ағысында суармалы жердің агромелиоративтік күйін
сауықтыру арқылы егіншілікті экологияландыруға және тиімді пайдалану арқылы
топырақ құнарлығын төмендетпей жылдан жылға көтеруге болады.
Сондықтан, Қазақстан шығыс Арал өңірінде экологиялық жағдайға
байланысты суармалы топырақ құнарлылығының қалыптасуының ғылыми негізін
зерттеу өзекті мәселелер қатарына жатады.
Сырдарияның төменгі ағысындағы топырақ құнарлылығының антропогендік
қалыптасуы және мәдени суармалы топырақты экологияландыру тақырыбының
мемлекеттік тіркеу номері 0101РК00214. Ғылыми - зерттеу жұмыстары Қорқыт
ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде және Арал өңірінің
агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Қарауылтөбе
тәжірибе шаруашылығында 1995-2005 жылдар аралығында жүргізілді.
Жұмыстың мақсаты. Арал өңірінде экологиялық жағдайдың қазіргі күйіне
байланысты агроценоздағы топырақ құнарлылығын биологиялық негізде көтеру
арқылы егіншілік жүйесін орнықты дамытудың ғылыми негізін жасау.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:
– Арал өңірінде экологиялық тоқыраудың суармалы егіншіліктің дамуына
тигізген әсерін анықтау;
– өңірде табиғаттың қуаңдануы салдарынан суармалы жердің қалыптасқан
экология-мелиоративтік күйін бағалау;
– топырақтағы гумус, азот, фосфор және калийдың режимдерін зерттеу және
оларды тиімді құнарлық жасау үшін реттеу;
– өңірде қолданыстағы егіншілік жүйесіне өзгерістер енгізіп, көп салалы
суармалы егіншілік жүргізу мен топырақ құнарын биологиялық негізде
көтерудің тиімділігін ғылыми негіздеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
▪ Өңірдің экологиялық жағдайына байланысты топырақтағы
қарашірінді мен азоттың режимдері алғашқы рет ауыспалы егіс
танаптарында зерттеліп, оларды тиімді пайдалану ғылыми
негізделді;
▪ Карбонатты топырақта фосфордың суда ерімейтін фосфаттар
түрінде
жиналуы мен өсімдікке тиімділігі және калий элементінің динамикасы
зерттеліп, топырақ құнарын тиімді пайдалану үшін олардың режимін
реттеу жолдары көрсетілді;
▪ Топырақ құнарын органикалық негізде көтеру және оны тиімді
пайдалану үшін күріш ауыспалы егіс танаптарында көпжылдық шөптің
(жоңышқа, түйежоңышқа) шымын жыртқанда бірінші жылы оған бидай
егіп, онан кейін екінші (аударма шым) және үшінші (третьяк)
жылдары онда күріш егу ұсынылды.
Зерттеу нәтижесінің теориялық құндылығы
Сырдарияның төменгі ағысында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері
суармалы егіншілік саласын жаңа экологиялық жағдайға бейімдеп, орнықты
дамытуға негіз болады. Жинақталған мәліметтер топырақ құнарын құрайтын
құрамдық бөліктерін молайтуды және тиімді пайдалануды реттеуге мүмкіндік
береді. Топырақ құнарын биологиялық негізде көтеру және оны тиімді
пайдалану арқылы ортаның мелиоративтік күйін сауықтырып, экологиялық таза
өнім өндіру мүмкіндіктері көрсетілді. Сонымен бірге топырақтың органикалық
құнарын ұзағырақ пайдалану және жердің қайта сорлануын шектеу үшін ауыспалы
егісте дақылдардың ауысу тәртібін өзгертудің тиімділігін көрсетеді.
Ғылыми жұмыстың тәжірибелік мәні.
Сырдарияның төменгі ағысында суармалы жердің экология-мелиоративтік
күйін сауықтыру мен топырақтың биологиялық құнарын жасай отырып, өңірде
егіншіліктің қолданыстағы жүйесін жаңа экологиялық жағдайға орай өзгерту
қажеттігін дәлелдейді. Зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары ауыл
шаруашылығы өндірісінде егіншіліктің өнімділігін көтеруге бағытталған
шаралар дайындағанда, экологиялық жобалар жасағанда, экология-мелиоративтік
зерттеулер жүргізгенде, ауыл шаруашылығы өндірісі мен жер-суды пайдалануға
арналған бағдарламалар дайындағанда пайдаланылады. Жоғарғы оқу орнында
экология, биология және ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша магистранттар,
ғылыми ізденушілер, студенттер пайдаланатын болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі мәселелер:
– Сырдарияның төменгі ағысындағы суармалы егіншілік жүйесін жаңа
экологиялық жағдайға бейімдеп, өнімділігін молайту үшін суармалы егістің
құрылымын көпсалалық (күрішпен бірге іркіп суаратын дақылдардың егіс
көлемін көбейту) етіп, айналымдағы жердің экология-мелиоративтік күйін
жақсарту тәуір нәтиже береді;
– топырақтың тиімді құнарын көтеру, оны органикалық затпен байытып,
ортаның биологиялық белсенділігін күшейту негізінде жасалуы тиіс, ал
минерал тыңайтқыштарды топырақ құнарын уақытша күшейтетін қосалқы құрал
ретінде сиректеу қолдану керек;
– ауыспалы егісте көпжылдық шөптен (жоңышқа, түйе жоңышқа,) кейін
топырақта жиналған органикалық заттың тиімді әсерін ұзайту үшін шымды
аударғанда оған бірінші жылы бидай егіп, онан кейін екінші (аударма шым)
және үшінші жылдары күріш егуді ұсынамыз. Сонда егін топырақтың органикалық
құнарын ұзақ пайдаланады, астықтың жалпы түсімі молаяды, жердің
мелиоративтік күйін аздырмай сақтауға болады.
Жұмыстың сыннан өтуі және жариялануы. Жұмыстың негізгі мазмұны мен
қорытындылары республикалық ғылыми басылым беттерінде жарық көріп,
конференцияларда баяндалды. Олар: Агроэкология ғылыми-техникалық
бағдарламасы бойынша республикалық координациялық мәжілісте (Тараз,1998);
Ауыл шаруашылық өндірісінің жаңа технологиялары: проблемалары, міндеттері,
шешу жолдары атты Республикалық ғылыми практикалық конференцияда
(Қызылорда, 2000); Уәлиханов тағлымы-6,8 атты Халықаралық
конференцияларда (Көкшетау, 2001, 2003); Қазақстан және ТМД елдеріндегі
астық индустриясын дамытуды қамтамасыздандыру атты II-Халықаралық ғылыми-
практикалық конференцияда (Астана, 2004); Биоалуантүрлілігінің қазіргі
заманғы проблемалары атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда
(Алматы, 2006); Қазақ Ұлттық университетінің 75 жылдығына арналған
Биологиялық алуантүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы атты
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2009); Жас ғалымдар
зерттеулеріндегі аграрлық ғылымның инновациялық дамуы – Республика
экономикасының бәсекеге қабілетті негізі атты жас ғалымдардың ғылыми –
практикалық конференциясында (Алматы, Қаз ҰАУ, 2009). Үздіксіз кәсіби
білім беру: проблемалары мен болашағы тақырыбындағы республикалық ғылыми-
практикалық конференцияда (Қызылорда, 2010); Қазақстанда су қорларын
тиімді пайдаланудың қазіргі таңдағы мәселелері тақырыбындағы халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияда (Тараз, 2010) жарияланды.
Жұмыстың нәтижелері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Жерге орналастыру кафедрасында (Қызылорда, 2010) және
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Экология кафедрасының кеңейтілген
мәжілістерінде талқыланды (Алматы, 2010).
Жұмыстың көлемі мен құрылымы: Диссертация материалдары 135 бет
көлемінде ұсынылды. Диссертациялық жұмыс белгілер мен қысқартпалардан,
кіріспеден, 5 тараудан, алынған нәтижелерді талқылаудан, қорытынды мен
ғылыми-тәжірибелік ұсыныстан, 58 кестеден тұрады. Пайдаланылған
әдебиеттердің жалпы саны 182.
Диссертация тақырыбы бойынша 11 ғылыми мақалалар жарияланды.
Негізгі бөлім.
1 Ғылыми әдебиеттерге шолу.
1.1 Қазақстандық шығыс Арал өңірі суармалы топырағының экологиялық
жағдайы.
Сырдарияның төменгі ағысы ерте заманнан бері суармалы егіншілік дамыған
өлке болғандықтан мұнда топырақ жабынын зерттеуге ерекше мән беріліп
келген.Кейінгі жылдары экологиялық жағдайлар өзгеріп, климат қуаңданып,
табиғи өсімдік жабыны азып-тозды, жалаңаш қалған топырақ беті жаппай
сорлана берді, егіс көлемі азайды, дақылдар өнімі кеміді. Арал өңірінде
табиғат қорғау жобаларын жүзеге асыру және сонымен бірге Сырдария өзенінің
ағысы ептеп көбеюі, күріш ауыспалы егісіне басқа дақылдардың үлесін
көбейту, көпжылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктер топырақтың биологиялық зат
бөлуін көбейтіп, қарашірінді мөлшерін біршама көтеруде.
2 Зерттеу жүргізудің әдістемесі мен әдісі
Зерттеу әдістемесінің негізіне бірімен-бірі тығыз байланысты атмосфера,
топырақ, су, өсімдік, микроорганизмдер және антропоген құрамдас бөліктерден
тұратын табиғи ортаны біртұтас материалдық әлем ретінде қарайтын Докучаев-
Вильямс- Вернадскийдін ілімі және геожүйелік ұстанымы алынды.Осыған орай
табиғи орта мен зерттелетін нысандардың арасындағы зат пен энергия алмасу
процестерінің құрылымдық байланысын экологиялық тұрғыдан зерттегенде
жүйелік талдау әдістерін қолданбақ.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары ауылшаруашылығы экологиясына қатысты теориялық
және практикалық мәселелерді шешу үшін алға қойған мақсатқа байланысты
Сырдарияның төменгі ағысындағы атыраулық бөлігінде жүргізілді.
Зерттеу жұмыстары Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығында арнайы салынып,
игерілген күріш ауыспалы егіс танаптарында жүргізілді.
Далалық (стационарлық) зерттеулер Бүкілодақтық күріш ғылыми-зерттеу
институтының (ВНИИ риса. Методические указания по изучению рисовых
севооборотов. М.,1983) әдістемесі бойынша орындалды. Далалық тәжірибенің әр
схемасы жеке атыздарда уақыт ішінде жүргізілді. Танап бойынша зерттеу
жүргізілетін атыз шартты түрде екі бөлікке бөлінеді. Оның бір бөлігіне
егетін дақылдың түріне қарай белгілі ұсыныстар бойынша минералды
тыңайтқыштар беріледі, екінші бөлігіне тыңайтқыштар берілмейді.
Далалық тәжірибелерде мынадай бақылаулар, есептеулер, талдаулар
орындалды;
1. Күріш ауыспалы егісінде күріш пен ілеспе (сопуствующие) дақылдардың
өсу және даму фазаларына фенологиялық бақылау жүргізу. Өсімдік фазаларының
басталуы (10%) және толық өтелуі (75 %) көзбен анықталды.
2. Өсімдіктің тығыздығы және отақтың басуы (арам шөптер) метрлік
өлшемде алты рет қайталанып, екі рет егін толық көктеп шыққан соң және
егінді жинау алдында орындалды (А.С. Воробьев әдісі, 1965).
3. Көпжылдық шөп дәнді дақылдардың топырақтағы тамыр массасы, монолит
(көлемі 30х30х10см), тереңдігі 30см, 6 қайталаным) алып, оны көздері 0,25
мм елек арқылы жуып, ауада құрғатып, сосын өлшенді. (Агрохимические
исследования почв,1960).
4. Көпжылдық шөптің (жоңышқа, түйе жоңышқа) шымын күріш дақылын егу
үшін жырту алдында оның вегетативтік массасының жиналуын алты рет
қайталап, метрлік үлгі алу арқылы орындалды.
5. Топырақтың қоректік зат және тұз режимін анықтау үшін егінді егу
алдында тұрақты белгіленген нүктелерден топырақ үлгілері (0-20 см) алынды.
6. Егін өнімінің құрылымын анықтау үшін ауыспалы егіс танаптарында
тұрақты белгіленген нүктелерден биометриялық талдауға қажетті 20 өсімдіктен
алты рет қайталап алынды. (Н.А. Майсурян, 1973).
7. Өнімнің есебі бөлшек бойынша жүргізіліп, оның нәтижелері (Б.А.
Доспехов, 1973) дисперсиялық талдау әдісімен математикалық өңдеуден өтті.
Тәжірибелік дақылдардың сорттары: күріш – Маржан, тәжірибе алаңы 30
м2 , қайталануы 4 рет,себу нормасы 8 млн. түйіргектар, жоңышқа-Жетісу
көкшесі-норма 20 кгга, түйе жоңышқа Қалдыбан- норма 20кгга, жаздық
бидай- Казахстанская 10, арпа-Асем, сұлы Казахстанский 70. Іркіп
суаратын барлық дәнді дақылдардың себу нормасы гектарына 4 млн. дән мақсары
(сафлор) милютинский нормасы 30 кгга.
Топырақ құрамына жасалған талдаулар:
1.Топырақтың көлемдік массасы (гсм3);
2.Сыбағалы массасы (гсм3);
3.Қуыстылығы % (көлемдік массаның сыбағалы массаға қатынасы);
4.Далалық және гигроскопиялық ылғалдылығы (Термостат әдісі - %);
5.Гумус (Тюрин әдісі);
6.Азоттың нитрат (NO3) түрі (дисульфофенол қышқылымен);
7.Азоттың аммоний (NO4) (1% КCI ерітіндісінің сығындысы арқылы несслер
реактивімен);
8.Жалпы азот (Къелдаль әдісі);
9.Жалпы (қордалы) фосфор (Гинзбург-Лебедева әдісімен );
10.Жылжымалы фосфор (Р2О5) (Мачигин әдісімен);
11.Жылжымалы калий (К2О) (жалынды фотометр әдісімен);
12.Топырақтың су сығындысының құрамы Гедройц әдісімен талданып, ондағы
құрғақ қалдық және иондар – CO3, HCO3,CI, SO4,Сa,Mg,Na+K анықталды.
3 Зерттеу жүргізілген аймақтың экологиялық сипаттамасы.
3.1 Қазақстандық шығыс Арал өңірінің географиялық орны мен
геоморфологиясы
Бұл өңір Қызылорда облысының әкімшілік аумағына кіреді. Ол Тұран
ойпатының ауқымды құмды-саздақ жазығында орналасқан. Облыс жерінің
Оңтүстігінде Қызылқұм шөлінің Солтүстік бөлігі, Солтүстігінде-орталық
Қазақстанның оңтүстік шетіндегі үштік-бар қыраты мен Қарақұм құмдары.
Өңірдің ауқымды бөлігі - Сырдария өзенінің ескі және жаңа (Қазалы оазисі)
атыраулары. Батысында Арал теңізі.
3.2 Арал өңірі климатының экологиялық орта факторлары
Өңірдің климаты континенттік-жазы ыстық, әрі құрғақ, қысы суық, жылдық
жалпы орта температура 8,4-8,90С. Климат жалпы контингенттік болғанымен әр
түрлі суармалы (күріш, бидай, жүгері т.б.) дақылдар егуге қолайлы. Соңғы
жылдары экологиялық тоқырауға байланысты ауа құрғақтығының күшеюі, табиғи
өсімдіктерінің азғындауы климат режимінің өзгере бастағанын көрсетеді.
3.3 Өсімдік экологиясы – биотикалық факторлар
Өңірдің топырақ-климат жағдайы екі түрлі-Сырдарияның ескі атыраулық
жазығы және оны айнала қоршап жатқан шөл және шөлейт дала. Сол аймақтарда
өсімдік қауымдастығы Сырдария өзені атырауының, саздақ жазықтардың, құмды
даланың және тау етегіндегі (Қаратаудың батыс шеті) жазықтардың
өсімдіктері болып төрт топқа бөлінеді. Сыр бойының гидроморф жерлерінің
өсімдігін тез ауысып тұратын ортаға бейімделген плаккаттық топтар, ал шөл
және шөлейт аймақтарда эфемер жусанды өсімдік қауымдастықтары құрайды.
Өңірдің орманы субаэралдық бөлігінде сексеуіл және гидроморф жерлер жиделі
тоғай құрайды.
3.4 Топырақ – экологиялық орта
Сырдарияның атырауындағы топырақтың тегі аллювийлік шөгінділер. Профилі
қабаттасып жатады. Шаруашылық маңызы бар барлық топырақ түрлерін үш
категорияға және он мелиоративтік топтарға бөледі. Бірінші және екінші
категорияға жататын топырақ түрінің 7 тобы әртүрлі дәрежеде шаруашылыққа
пайдаланылады.
3.5 Су қорлары, негізгі биохимиялық үрдістерге қатысты экологиялық
факторлар
Жер бетіндегі, жер астындағы және егістік алқаптардан шыққан қашыртқы
сулар құрайды. Жер асты сулары ащы. Облыс жерінде пайдаланатын тұщы судың
балансы Сырдария өзенінің аяғына келетін судан тұрады.
4 Арал өңірінде суармалы егіншіліктің дамуы және су тапшылығынан
күрделі экологиялық жағдайдың қалыптасуы
4.1 Сырдарияның төменгі ағысында суармалы егіншіліктің даму жолы
Жаңа дәуірде Сырдарияның атырауын мекендеген елдің отырықшылыққа
бейімделіп, егіншілікпен айналысуына ХІХ ғасырдың ортасында осы өлкенің
Сырдария облысы болып Ресейге қосылуы ықпалын тигізді. Сол тұста Қазалы
және Перовск ояздықтары құрылып, өлкеде егіншіліктің дамуына жаңа сипат
берді. Әйтсе егіншіліктің дамуы онша мардымды болмады. Тек Қазан
төңкерісінен кейін 1929 жылы Сырдарияның төменгі ағысында ірі ұжымшарлық
өндіріс құрылды (кесте 1)
Кесте 1 – Сырдарияның төменгі ағысындағы суармалы егіс көлемінің динамикасы
(мың гектар)
Суармалы егіс Жылдар
Егіс көлемі1927 1929 1936 1951 1955
егіс көлемі
мамыр маусым шілде тамыз
1 2 3 4 5
Сидератқа (жасыл 19.05. күрішті суға 0-20 527 7,2
тыңайтқыш) егілген бастыру алдында
күріш 10.07. күріштің
вегетациясы кезінде
0-1 -97 9,2
10-20 -64 8,7
20-30 -96 8,4
15.09. күрішті ору 0-10 189 7,4
алдында
10-20 334 7,2
20-30 334 7,2
Үш жылдық жоңышқаның 15.05. күрішті суға 0-10 387 7,5
орнына егілген күріш бастыру алдында
10-20 407 7,5
20-30 382 7,5
16.07. күріштің 0-20 -153 9,1
вегетация кезінде
20-30 -103 8,8
Тәжірибе үшін күріш егілген шалғынды батпақ топырақтың тотығу-
тотықсыздану (Т-Т) потенциалын арнайы зерттегенде жоғарыда айтылған жайды
сипаттайтын мәлімет алынды. Атызды суға бастыру алдында топырақтың 0-10 см
қабатындағы Т-Т потенциалынын деңгейі 336 МВ (милливольт) болып, жерді суға
бастырған соң он күн өткенде (5 маусым) қайталап жүргізген өлшеу сол
терендіктегі потенциал 215 мв-қа дейін төмендегенін көрсетті. Атызды суға
бастырған мерзімнен 75 күн өткеннен кейін (тамыздың 10-күні) күріштің суын
тарту алдында тағы да өлшегенде топырақтың Т-Т потенциалы 152 мв-қа дейін
түсті. Басқа зерттеуде [96], маусым-шілде айларында-жасаң органикалық затқа
бай топырақтағы Т-Т потенциал тіпті теріс мән көрсеткен (4-кесте). Демек,
топырақта органикалық зат неғұрлым көп болса, тотықсыздану процесі
солғұрлым қарқынды жүреді
Бұл өңірдің топырақтарында сульфатредукция процесінің ерекшелігі
бар. Ол күкірт-сутектің топырақтағы кальций және темірдің катиондарымен
қосылып ерімейтін сульфидтер түзуі. Ал күкірт сутектің тотығып, элементтік
күкіртке айналуына микробиологиялық процестердің пәлендей ықпалы болмайды,
ол тек химиялық жолмен жүретіндігі дәлелденді.
5. Далалық тәжірибе нәтижесі және топырақтың қоректік зат режимі
5.1 Топырақ құнарына байланысты әр түрлі дақылдардың өнімділігі
Сырдарияның төменгі ағысында егілетін көптүрлі суармалы дақылдардың
бастысы күріш дақылы болғандықтан топырақ құнарының қалыптасуы, динамикасы
және оның әр түрлі дақылдардың өніміне әсері күріш ауыспалы егісінің
танаптарында алғы дақылдар зерттелді.
Кесте 5 – Әр түрлі дақылдардан кейін егілген күріштің өнімділігі
2002 жыл 2003 жыл
Тәжірибенің Фон Өнімі,цгаТәжірибенің Фон Өнімі,цг
нұсқалары (вариант) нұсқалары а
(вариант)
Үздіксіз (21 жыл б\у 15,7 Үздіксіз (22 б\у 16,0
күріш егісі жыл күріш
бақылау) егісі бақылау)
N150P120 51,3 N150P120 47,5
2 жылдық жоңышқа б\у 29,7 2 жылдық б\у 24,1
шымы жоңышқаның
аударма шымы
N90P90 69,0 N120P120 53,7
Мелиоративтік танапб\у 20,7 2-жылдық б\у 37,0
донниктің шымы
N120P30 53,2 N90P90 63,4
Донниктің (сидерат)б\у 29,0 Донниктің б\у 33,3
аударма шымы (сидерат) шымы
N120P90 65,7 N90P90 58,7
Донниктің аударма б\у 31,7 - - -
шымы
N120P90 67,6 - -
2004-2005 жылдары жүргізген тәжірибе әр түрлі дақылдардың астында
топырақ құнарының қалыптасуы мен тиімділігі жөнінде алдыңғы жылдардағы
мәліметтерге ұқсас мәлімет алынды (кесте 6).
Кесте 6 – Тәжірибелік күріш егісінің өнімі.
2004 жыл 2005 жыл

Үздіксіз (23 жыл) б\у 13,9 Үздіксіз (24 б\у 11,2
күріш егісі бақылау) жыл) күріш
егісі бақылау
N150P120 50,7 N150 45,1
Жоңышқаның аударма б\у 24,5 донниктің б\у 24,0
шымына 3шіжыл аударма шымы
егілген күріш
N150P120 66,4 N90P12060,1
2-жылдық донниктің б\у 28,9 Донниктің б\у 23,7
шымы (пласт) сидерат
аударма шымы
N90P90 69,6 N90P12057,2
Донниктің сидерат б\у 25,8 Донниктің б\у 29,7
шымы шымы
(пласт)
N90P90 64,1 N90P12063,5
Донниктің сидерат б\у 26,6 - - -
аударма шымы (оборот
пласта)
N120P90 62,0 - -
2005 жылы жүргізген далалық тәжірибе бақылау нұсқасында күріш дақылы 24
жыл ауысымсыз егіліп, онан басқа үш нұсқада донниктің шымы, аударма шымы
және сидерат шымына күріш егілді. Бақылау нұсқасында тыңайтқышсыз егілген
егістің өнімі 11,2 цга болғанда, осында тыңайтқышпен егілген егінге тек
қана N150 кгга бергенде өнім 45,1 цга-дан айналды, яғни тыңайтқышсыз
бақылаумен салыстырғанда 33,9 цга үстеме өнім алынды. Бұл нұсқада
тыңайтқыштардан тек азот (150 кгга) бергендегі мақсат топырақтағы
фосфордың қорын күріш өсімдігі қалай пайдаланады екен дегенді білу еді.
Мұнда да минерал тыңайтқыштар құрамында органикалық зат бар топырақ
тиімділік көрсететіні белгілі. Осы мәліметтердің негізінде суармалы
топырақтардың құрамында минералдық тыңайтқыштар көп болғанымен, егер ортаға
биологиялық белсенділік беретін органикалық заттың қоры тапшы болса, онда
топырақтың құнары күткендей тиімділік көрсетпейді деуге болады.
Ауыспалы егіс танаптарында күріштен шыққан жердің құнарын қалпына
келтіру мақсатында әр түрлі іркіп суаратын дақылдар және көпжылдық шөптер
(жоңышқа, донник) егілді. 2002-2003 жылдары көпжылдық шөптер басқа
дақылдардың астына бүркеме әдісімен егілген болатын. Бүркеме дақылдар
бидай, арпа, сұлы және мақсары (софлор) (кесте 7).
Кесте 7 – Аралас егілген дақылдардың өнімділігі
Бүркеме 2002 жыл 2003 жыл
дақыл
Фон Бүркеме Шөптің Фон Бүркеме Шөптің
дақылдың (донник) дақылдың (донник)
өнімі цгаөнімі, өнімі цга өнімі, цга
цга
Бидай б\у 17,3 80,1 б\у 19,3 70,0
N60P60 29,0 90,4 N60P60 30,4 75,3
Арпа б\у 15,5 81,1 б\у 18,7 74,0
N60P60 23,3 89,7 N60P60 26,0 82,3
Сұлы б\у - - б\у 20,3 70,7
N60P60 - - N60P60 30,7 76,7
Мақсары б\у 7,1 77,5 б\у 7,7 81,3
N60P60 8,8 86,0 N60P60 9,3 92,7
2004-2005 жылдары іркіп суаратын дақылдардың 5 түрі дербес (бүркеме
емес) егіліп, олардың күріштен кейін топырақ құнарының қалыптасуына және
ортаның экология-мелиоративтік күйіне әсері зерттелді. Тәжірибелік дақылдар
бидай, арпа, сұлы, мақсары және қант қызылшасы әр нұсқада тыңайтқышсыз
(бақылау) және тыңайтқыш берілген бөлшектерде орналасты. Алдыңғы төрт
танапқа егілген бидай, арпа, сұлы және мақсары бірдей дозада N60P60 кгга
және қант қызылшасына- N90P60 кгга берілді.
Дәнді дақылдар бидай мен арпаға минерал тыңайтқыштардың гектарлық
дозасын азот 60 және фосфор 60 келіден бергенде, бидайдың гектарлық өнімі
20,5 центнер болса, арпаның өнімі-18,3 цга-дан айналды, яғни араларындағы
айырмашылық 2,2 цга (кесте 8).
Кесте 8 – Күріштен шыққан жерге егілген әр түрлі дақылдардың өнімі
Дақылдар 2004 жыл 2005 жыл
фон шығымды- өнімі, фон шығымды- өнімі,
лығы,% цга лығы,% цга
Бидай б\у 40,8 16,0 б\у 42,0 12,1
N60P60 43,5 20,5 N60P60 41,6 18,5
Арпа б\у 49,3 14,1 б\у 48,7 11,7
N60P60 50,8 18,3 N60P60 51,0 16,1
Сұлы б\у 55,5 17,7 б\у 54,6 14,0
N60P60 56,8 19,8 N60P60 55,0 19,5
Мақсары б\у 91,0 8,7 б\у 90,0 7,0
N60P60 90,0 10,3 N60P60 94,4 8,5
Қант б\у 60,0 103,0 б\у 59,0 309,0
қызылшасы
N60P60 55,0 481,0 N60P60 56,0 460,0
Түсініктеме: б\у (без удобрений)- тыңайтқыш берілмеген нұсқа (бақылау).
N-азот, P-фосфор, олардың оң жағындағы сандық белгі бір гектар егіске
есептеп берілген таза қоректік заттың мөлшері;
цга-центнер есебімен гектарлық өнім.
Біздің әр жылғы тәжірибелік мәліметтерімізге қарағанда, егер арпа
егісіне өз дәрежесінде күтімі мен қамқорлық болса, онда оның өнімі бидайдан
кем түспейді, әсіресе, суармалы жерде. Бірақ арпаны қанша күтіп,
баптағанымен оның өнімі 8-10 цга деңгейінен көтерілмейді.
Қазіргі су тапшылығы жиі қайталанып тұрған жағдайда суармалы егістің
құрылымына бір қатар өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Соның бірі
суға онша тілек емес арпа, сұлы дақылдарының егіншілік құрылымына енгізіп,
олардың егіс көлемін көбейту болмақ. Әсіресе, арпа суды үнемдеп жұмсайтын,
агротехникасы өз дәрежесінде болса экономикалық жағынан тиімді дақыл.
Сонымен бірге тәжірибе үшін күріштен кейін егілген дақылдардың
қатарында техникалық дақылдар-мақсары (сафлор) мен қант қызылшасы бар.
Тағамдық май беретін мақсары дақылы да Сырдарияның төменгі ағысындағы
суармалы алқаптарға кем-кемнен жол тауып келеді. Бұл дақылды Қызылорда
облысының барлық аудандарында деп айтуға болады, шағын көлемде егіп жүр.
Соңғы жылдары Арал өңірінде қант қызылшасына мән беріліп отыр. Біздің
тәжірибеміздегі тыңайтқыш берілген нұсқада қызылшаның гектарлық өнімі 481,0
центнер болса, тыңайтқышсыз бақылау бөлшегінде өнім 403,0 цга болды.
Далалық зерттеудің нәтижесінде әртүрлі суармалы дақылдардың астынан
шыққан топырақта құнарының деңгейі, алғы дақылдардан кейін ағымдағы жылы
егілген дақылдардың өніміне әсері, оны көтеру жолдары туралы нақты
мәліметтер алынды. Топырақ құнарын құрайтын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz