Құрандағы ахлақ мәселесі



1.Кіріспе.
1.1. Дін және ахлақ
1.2. Жаман мінез және одан құтылу жолдары
2.Негізгі бөлім.
Ахлақ ілімі және ислам дініндегі ахлақ тәрбиесі
3. Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ислам діні адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізін белгілейді.

Адам әлеуметтік бір болмыс. Адамдар өмір сүру үшін басқаларына мұқтаж болады. Адамдар қауымдарды, қауымдар ұлттарды, ұлттар да адам баласы әлемін құрайды. Әрбір қауымның өзіне тән бір өмір сүру жүйесі бар. Бұл жүйе бірқатар қағидалар және заңдар арқылы белгіленеді. Қауымда бірге өмір сүрген адамдар арасында өмір тіршілігін оңайластыратын және шектемелерді ортаға қойған білгілі қағидалар болады. Бұл қағидалар сол қауымның әдет-ғұрпында, салт-дәстүрінде, мәдениетінде және діндерінде бейнеленеді. Көбінесе ауызша болатын бұл қағидалар кейде адамдардың қарым-қатынастарында жазбаша болған қағидалардан тіпті де ықпалды болады. Бұл қағидаға қайшы әрекет жасағандар қауым тарапынан қақпайға ұшырайды. Заңдар болса мәжбүр түрде орындататын күшке ие. Заңға бойсұнбағандар жазаландырылады. Қиғадаларды да, заңдарды да сол қауымда адамдар үшін өте маңызды құндылықтар белгілейді. Дін де осы құндылықтардың бірі болып табылады.

Ислам діні адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізін белгілейді. Біреудің біреуге хақсыздық істемеуі керектігін уағыздайды. Алланың кісінің әр түрлі кінәларын кешіретінін, алайда қиямет күнінде алдына «құл хақы»мен келмемеуін талап ететінін баяндайды. Адамдардың бір-бірлерінің хақтарына құрмет көрсетулерін, бір-бірлерінің хақтарын бақылауларын және дамытуларын талап етеді. Исламның әлем көзқарасы аясында адамдар, әсіресе төмендегі тақырыптарды бір-бірлерінің хақтарын бақылау мәжбүрлігі бар. Сенім және ойлау еркіндігі, өмір сүру еркіндігі, адамның ақылы мен абыройын қорғауы, ұрпақтарын қорғау және мал-мүлік хақы.

Алла адамдардың дінге сену немесе сенбеу жөніндегі таңдауын өзі еркіне берген. Адамзат тарихы бойынша адамдарға жәрдем беру мақсатымен насихаттар берген. Алайда бұл насихаттарға бойсұну немесе бойсұнбау талғамын адамдардың өз еркіне тастаған. Пайғамбарлардан да адамдарды дінге бойсұну жөнінде зорлық жасамауларын талап еткен. «Әй ! Мұхаммед, сен енді насихат ет. Сенің міндетің тек насихат беру. Сен зорлық жасай алмайсың»(Ғашия Сүресі 21-22). «Дінде зорлық жоқ. Расында туралық, азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаға иман келтірсе, сонда ол рас үзілмейтін берік тұтқаны ұстады. Алла әр нәрсені естиді, біледі»(Бақара Сүресі 256). Бұл аяттардан дінге бойсұнғандар мен бойсұнбағандардың бір-бірлерін жазғырмайтынын аңғарамыз. Барлық адам тек Аллаға ғана есеп береді.

Өмір сүру хақы ең маңызды хақтардың бірі болып табылады. «Алла арам еткен кісіні өлтірмеңдер ! Бірақ тиісті болса, өлтіріледі. Ал біреу жазықсыз өлтірілсе, сонда өліктің иесін ерікті еттік. Өлтіруде шектен аспасын. Өйткені, оған жәрдем етіледі. Өш әперіледі.» ( Ісра Сүресі 33). Бұл аятта адамның жазықсыз өлтірілмеуі керектігін айтады. «Кімде кім бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен тең. Кімде кім бір адамның жанын құтқарса, барлық адамды тірілткенмен тең» ( Мәйда Сүресі 32). Бұл аяттарда адамның өмір сүру хақын айқын баяндаған.

Ешкім басқа бір кісінің абыройын аяқ астына алатын, кемсітетін сөз айтуына, әрекет жасауына болмайды. Құран Кәрімде осыған байланысты аяттар бар.

Адамдардың дене мүшелері мен жыныстарына құрмет көрсету де құл хақы болып саналады. Зинақорлық пен басқыншылық сияқты адамның рухының қорғаны болған дене мүшелеріне жасалған әрекеттер құл хақына шабуыл деп саналады. Ешкім біреудің денесін кемсіте алмайды, қорлай алмайды және қолдана алмайды. Мұндай бір нәрсенің төленуі өте қиын және мүмкін емес. Нұр Сүресінің 19-шы аятында «Расында сондай мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге дүние мен ақыретте күйзелуші азап бар» деген.
1. Халифа Алтай “Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі”.
2. Қазақстан Діни Басқармасы “1001 Хадис”, Алматы 1991, Халифа
3. Бақытбай Жарылқасынұлы “Отбасы тәрбиесі” / Ислам және Өркениет.
4. Б. Иембергенұлы “Мұсылмандық неке” / Ислам және Өркениет.
5. А. Әшенұлы “Ері мен әйелдің әдептілік міндеттері” //
6. Халифа Алтай Ғақыпұлы “Таңдаулы хадистер аудармасы”. Алматы, 1994.
7. А. Бабағаниұлы «Иманды отбасы» //Ислам әлемі. № 2-3,
8. Нұрқасым Қазыбеков “Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадистері”. Алматы 1994
9. Ж. Сағындықұлы “Отбасы тәрбиесі” / Ислам және Өркениет.
10. Ақбота Аққошқарова. “Исламның әйел құқығын қалыптастырудағы ролі” //
11. Н.Ө. Өсеров, Ө.Қ. Қопабаев “Мұсылмандық құқық” Алматы 1998.
12. Н. Өсерұлы “Шариат”. Алматы “Қайнар” 1996.
13. “Мұсылмандық неке”. // Ислам және өркениет. 4 қаңтар
14. Жұманәлі Аманов “Исламдағы отбасының маңызы” / “Ислам және
15. Ибрагим Дамира Өмірзаққызы. Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.у.)
16. Ибрагим Дамира Өмірзаққызы. Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.у.)
17. Нұрқасым Қазыбеков “Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадистері”. Алматы 1994.
18. “Мұсылман күнтізбесі”, Алматы 2002.
19. Мұхаммед Садық “Мұсылмандық әдеп сабағы”, Алматы “Қайнар”
20. Энциклопедия “Ислам” /Бас редактор Р. Нұрғалиев. – Алматы:
21. Хадистер және түсінігі (1-ші кітап) Аударған Қайрат Иса.
22. Хадистер және түсінігі (2-ші кітап) Аударған Қайрат Иса.
23. Talip Ulusan “Beseri Iliskilerde Edeb” (Адамзат байланысында әдептің
24. Халифа Алтай “Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі”.
25. Халифа Алтай “Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі”.
26. Халифа Алтай “Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі”.
27. Халифа Алтай “Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі”.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Құрандағы ахлақ мәселесі.

Жоспар:
1.Кіріспе.

1.1. Дін және ахлақ

1.2. Жаман мінез және одан құтылу жолдары

2.Негізгі бөлім.

Ахлақ ілімі және ислам дініндегі ахлақ тәрбиесі

3. Қорытынды бөлім

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.1. ДІН ЖӘНЕ АХЛАҚ

Ислам діні адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізін белгілейді.

Адам әлеуметтік бір болмыс. Адамдар өмір сүру үшін басқаларына мұқтаж
болады. Адамдар қауымдарды, қауымдар ұлттарды, ұлттар да адам баласы әлемін
құрайды. Әрбір қауымның өзіне тән бір өмір сүру жүйесі бар. Бұл жүйе
бірқатар қағидалар және заңдар арқылы белгіленеді. Қауымда бірге өмір
сүрген адамдар арасында өмір тіршілігін оңайластыратын және шектемелерді
ортаға қойған білгілі қағидалар болады. Бұл қағидалар сол қауымның әдет-
ғұрпында, салт-дәстүрінде, мәдениетінде және діндерінде бейнеленеді.
Көбінесе ауызша болатын бұл қағидалар кейде адамдардың қарым-қатынастарында
жазбаша болған қағидалардан тіпті де ықпалды болады. Бұл қағидаға қайшы
әрекет жасағандар қауым тарапынан қақпайға ұшырайды. Заңдар болса мәжбүр
түрде орындататын күшке ие. Заңға бойсұнбағандар жазаландырылады.
Қиғадаларды да, заңдарды да сол қауымда адамдар үшін өте маңызды
құндылықтар белгілейді. Дін де осы құндылықтардың бірі болып табылады.

Ислам діні адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізін белгілейді.
Біреудің біреуге хақсыздық істемеуі керектігін уағыздайды. Алланың кісінің
әр түрлі кінәларын кешіретінін, алайда қиямет күнінде алдына құл хақымен
келмемеуін талап ететінін баяндайды. Адамдардың бір-бірлерінің хақтарына
құрмет көрсетулерін, бір-бірлерінің хақтарын бақылауларын және дамытуларын
талап етеді. Исламның әлем көзқарасы аясында адамдар, әсіресе төмендегі
тақырыптарды бір-бірлерінің хақтарын бақылау мәжбүрлігі бар. Сенім және
ойлау еркіндігі, өмір сүру еркіндігі, адамның ақылы мен абыройын қорғауы,
ұрпақтарын қорғау және мал-мүлік хақы.

Алла адамдардың дінге сену немесе сенбеу жөніндегі таңдауын өзі еркіне
берген. Адамзат тарихы бойынша адамдарға жәрдем беру мақсатымен насихаттар
берген. Алайда бұл насихаттарға бойсұну немесе бойсұнбау талғамын
адамдардың өз еркіне тастаған. Пайғамбарлардан да адамдарды дінге бойсұну
жөнінде зорлық жасамауларын талап еткен. Әй ! Мұхаммед, сен енді насихат
ет. Сенің міндетің тек насихат беру. Сен зорлық жасай алмайсың(Ғашия
Сүресі 21-22). Дінде зорлық жоқ. Расында туралық, азғындықтан ажыратылды.
Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаға иман келтірсе, сонда ол рас
үзілмейтін берік тұтқаны ұстады. Алла әр нәрсені естиді, біледі(Бақара
Сүресі 256). Бұл аяттардан дінге бойсұнғандар мен бойсұнбағандардың бір-
бірлерін жазғырмайтынын аңғарамыз. Барлық адам тек Аллаға ғана есеп береді.

Өмір сүру хақы ең маңызды хақтардың бірі болып табылады. Алла арам еткен
кісіні өлтірмеңдер ! Бірақ тиісті болса, өлтіріледі. Ал біреу жазықсыз
өлтірілсе, сонда өліктің иесін ерікті еттік. Өлтіруде шектен аспасын.
Өйткені, оған жәрдем етіледі. Өш әперіледі. ( Ісра Сүресі 33). Бұл аятта
адамның жазықсыз өлтірілмеуі керектігін айтады. Кімде кім бұзақылық
қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен тең.
Кімде кім бір адамның жанын құтқарса, барлық адамды тірілткенмен тең (
Мәйда Сүресі 32). Бұл аяттарда адамның өмір сүру хақын айқын баяндаған.

Ешкім басқа бір кісінің абыройын аяқ астына алатын, кемсітетін сөз айтуына,
әрекет жасауына болмайды. Құран Кәрімде осыған байланысты аяттар бар.

Адамдардың дене мүшелері мен жыныстарына құрмет көрсету де құл хақы болып
саналады. Зинақорлық пен басқыншылық сияқты адамның рухының қорғаны болған
дене мүшелеріне жасалған әрекеттер құл хақына шабуыл деп саналады. Ешкім
біреудің денесін кемсіте алмайды, қорлай алмайды және қолдана алмайды.
Мұндай бір нәрсенің төленуі өте қиын және мүмкін емес. Нұр Сүресінің 19-шы
аятында Расында сондай мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы
көргендерге дүние мен ақыретте күйзелуші азап бар деген.

Құран Кәрімнің жазғаны бойынша Алла әр нәрсенің бірегей иегері. Өз мал-
мүлкін сынау мақсатымен адамдарға бағыштаған. Бұл әлемде барлық адамға
түрлі ырыстық бөлген. Адамды өз ризасымен өздеріне берілген мүлікті
қажеттті болғандармен бөлісуде талап еткендей, шектеулі мүлікті көбейту
үшін хақсыздыққа араласу немесе араласпауын да сынаған. Таза жұмыс істеп,
ырысының соңына түсуді ғибадат ретінде бағалаған. Алайда, орынсыз түрде
шектен асып, сондай-ақ басқа адамдардың хақтарына киліге отырып, мал-
мүліктің соңына ілесуге тиым салған. Араларыңдағы малдарды бұзық жолмен
жемеңдер ( Бақара Сүресі 88) деген аят арқылы бұны атап өткен. Сонымен
қатар ұрылық та ең үлкен күнә болып саналады.

Адамдар бір-бірлерінің аманаттарын бақылауға жауапты. Бір-бірлеріне берген
уәделерді орындау да құл хақы ішіне кіреді. Адамдардың бір-бірлерінің
артынан өсек айтулары да құл хақын жегендік. Жала жабу өте жаман бір
әрекет. Адамдар туралы сыңар жақтылы көзқараста болу да құл хақына қайшы.

Адамның заңды жолдар арқылы өз хақтарын қорғаулары керек.

Сонымен қатар адам тек адам тектілерге ғана емес, жер бетіндегі барлық
жандыларға да жауапты. Жер жүзін жаратқан кезде, табиғи өмірге жасаған
барлық хақсыздықтардың да шығыны төленеді. Алла жаратқан әрбір жандыны оның
құлы ретінде қарағанымызда , жер бетіндегі ешқандай болмысты шексіз түрде
пайдалана алмайтынымызды байқаймыз. Сондықтан адамдар үменді болулары
керек.

Дін- ақыл есі дұрыс адамдарды өз қалауларымен дүниеде және ақиретте
жақсылықпен бақытқа жеткізетін тәңірлік заңдылық. Ал тәрбие сөзі араб
тіліндегі халаха түбірінен шығады.Сөздік мағынасы:
Мінез,табиғат,жаратылыс,харектер деген мағыналарға келеді.Терминдік
мағынасы болса: Адамның жақсы мен жаманды ажыратуына себеп болған рухани
таңдауларды,мінездермен қатынастардың жиынтығын тәрбие деп атаймыз. Жалпы
ислам сөзінің тілдік мағынасы: Мойынсұну, мейрім шапағат, тәрбие, қабылдау
деген мағналарды береді.Терминдік мағынасы:Пайғамбарлар арқылы жаратушы
тарапынан жіберілген әмірлермен тиымдардың жиынтығы.Осы әмірлер мен
тиымдарға мойынсұна отырып тәрбиеленген адамды Мұсылман деп атаймыз.Демек
мұсылман тәрбиелі адам деген сөз екен.Ислами тәрбиенің осы саласын қамтитын
ғылымның атауы ахлақ. Ал бұған батыс елдерінде Этика, Мораль деген сөздер
қолданылады.Ислам ахлағының қайнар көзі Құран мен Сүннет. Бұған дәлел
Хз.Айша анамыздың жеткізген мына бір хадисі. Сахабалар Хз.Айша анамыздан
келіп Пайғамбар тәрбиесі жайлы сұрағанда: Сендер Құран оқымайсыңдарма оның
тәрбиесі Құран еді-деген.Бұған дәлел Құранда адам баласын Аллаһ тағаланың
жаратқанда бірнеше (сыннан) тәрбиелеп өткізіп барып жаратқандығы туралы
айтылады. Мысалға: Ең әуелі бір тамшы су, онан ұйыған қан,4-айдан соң жан
бітіру Рухынан үрлеу,9-ай ана рахымында тәрбиелеу) Сонымен қатар Аллаһ
тағаланың Пайғамбар жіберуіндегі ең басты себептердің бірі де осы тәрбие
мен ахлақты адамдар арасында жаю,сол арқылы қоғамдық мүдде мен
біртұтастықтың сақталуы болмақ.Бұл тұрғысында Пайғамбарымыз (ғ.с) бір
хадисінде:Мен көркем мінездерді толықтырып кемелдендіру үшін жіберілдім-
десе тағы бір хадисінде: Маған ең сүйкімділеріңіз әрі қиямет күні маған ең
жақын болатындарыңыз мінезі,тәрбиесі ең көркем болғандарыңыз-дейді. Демек
бір мұсылманға берілетін баға оның тәрбиесімен әрі парасаттылығымен
өлшенеді екен. Ислам дінінде ахлақ(тәрбие) екі топқа бөлінеді: 1.Аллаһ
тағала алдындағы(тәрбиеміз) немесе міндеттеріміз.Бұған:Намаз,Ораза
т.б.ғибадат құлшылықтарымыз жатады. 2.Жеке тұлғамен қоғам арасындағы
міндеттер, тәрбие қарым қатынастар. Бұған: Өмір сүріп отырған қоғамдағы
жеке тұлғалық барлық қарым қатынастар жатады.(әке-
шеше,жанұя,отан,ұстаз,шәкірт,қоғам алдындағы міндеттеріміз т.б). Адам
баласы осы тәрбиелерді нақтылы бойына жинаған соң барып одан білім талап
етіледі. Ислам діні бұған да барынша мән берген.Құран Кәримнің алғашқы
талабы мен әмірі ИҚРА яғни оқы деп басталуының өзіндік астары осында
болса керек. Әлифті таяқ деп танымайтын Әз.Мұхаммед үшін бұл әмірдің
жалғасында жаратқан Раббыңның атымен бастап оқы делінуі ислам дінінің
тәрбиеге берген маңызының тағыда бір бұлжымас айғағы болмақ.Себебі араб
тілінде Рабб сөзі тәрбиеші сөзімен тікелей мағыналас. Осы фәлсафадан
өзіндік нәсібін алған халифа Хазіреті Омардың ғибратқа толы өмірі
баршамызға мәлім. Ол ислами тәрбиеден хабарсыз кезінде өз қызын өзі тірідей
көмген еді, ал мұсылман болған әрі халифалық сүрген дәуренінде
әділеттілігімен турашылдығымен адамзат тарихын таңдай қақтырды. Тек адам
баласы былай тұрсын жануар екеш жануар жылқыны да өзіндік тәрбиеден
өткізсе,мінерге көлік,ішерге тамақ болмақ.Тау тағысы аюды тәрбиелесе
қалаған биіңізді билеп қимылыңызды қайталайды. Сондықтан болар Фараби
бабамыз:Тәрбиесіз берілген ғылым адам өміріне жасалған қастандық-деп
тұжырым жасаған. Сайып келгенде адам баласының қамшының сабындай азғана
өмірінің негізгі көзі тәрбиеден бастау алып тамырланбақ.Бұған ардақты
Пайғамбарымыздың: Білетіндер мен білмейтіндер тең болама деген хадисі нақты
дәлел болмақ.Бұл хадистің астарында тәрбие сөзі де жатыр.Демек Ислам діні
бір тұтас тәрбиеден құралған,қоғамдық біртұтастықпен тыныштықтың
көшбасшысы,тәрбиелікпен адамгершілікті насихаттаушы, адалдықпен пәктіктің
жаршысы болып саналмақ.Сондықтан да өзін мұсылман санайтын әрбір тұлға
Ислами тәрбиеден өзіндік үлесін алмайынша Адам деген қасиетті ұғымға сай
болмақ емес.Ұлы жаратушы сіздермен біздерді жаратылыс қағидасы Құран
тәрбиесінен айырмасын.

1.2. Жаман мінез және одан құтылудың жолдары

Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уасаллам” Адамның денесінде бір ет
бөлшегі бар. Ол жақсы болса, бүкіл мүшелер жақсы болады. Ол жаман болса,
бүкіл мүшелер бұзық болады. Ол – көңіл. деп бұйырған. Яғни біздің жүрек
деп атайтын бір бөлшек етте болатын қуатқа ишарат етілген. Көңілдің жақсы
болуы – жаман мінезден тазарып, жақсы мінезбен безенуі дегенді білдіреді.

Мінезді өзгертуге болады. Жаман мінездерден арылып, жақсы мінездермен
безену арқылы өз-өзін тәбиелеу мүмкін нәрсе. Хадис шәрифте Мінездеріңді
жақсартыңдар! делінген. Ислам мүмкін болмаған нәрселерді әмір етпейді.

Жаман мінездің барлығы үшін ортақ шара – аурудың не екенін және оның зиянын
және себебін және оның терісін және оған жасалатын шараның пайдасын білу
болып келеді. Кейін бұл ауруды өзінде іздеу, табу өзіне диагноз қою керек.
Бұл диагнозды әркім өзі жасайды. Немесе бір ғалымның, жол көрсетуші
мүршидтің айтуымен түсінеді. Мұсылман – мұсылманның айнасы. Адам өзінің
кемшілігін көруі қиын. Сондықтан сенімді досынан сұрап кемшіліктерін білсе
болады.

Адамға дұшпандарының айтқан сөздері де, өз айыбын, кемшілігін білуіне себеп
болады. Өйткені дұшпан, адамның айыбын іздеп, бетіне басады. Ал жақсы
достар айыбын көрмейді. Біреу хазреті Ибраһим Әдхамға келіп айыбын,
кемшілігін айтуы үшін жалынады. “Сен досымсың. Барлық халің, әрекеттерің
маған әдемі көрінеді. Кемшілігіңді басқалардан сұра” дейді. Біреудің
кемшілігін көргенде оны өзінен іздеп, өзінде де бар болса, одан құтылуға
тырысу да жаман мінезден құтылудың шараларына жатады. Мұсылман –
мұсылманның айнасы хадисінің мағынасы да осы. Яғни өзгенің айыбынан,
кемшілігінен өзінің кемшілігін көреді. Иса алейһиссаламнан “бұл көркем
мінезді кімнен үйрендің?” дегенде, Адамдарға қарадым, ұнамаған мінездерді
алмадым, ұнағандарын амалға асырдым дейді. Лұқман Хакимге Әдепті кімнен
үйрендің? деп сұрағанда, Әдепсіздерден деген екен. Сәләф-ус-салихиннің
(алғашқы үш ұрпақ мұсылмандар), сахабалардың, әулиелердің “рахметуллаһи
та’ала алейһим әжмаин” өмір-баяндарын, бастарынан өткен оқиғаларын оқу да
жақсы мінез-хұлықты болуға себеп болады.

Өзінде жаман мінезі бар адам, оған шалдығуының себебін іздеуі керек,
себебін жоюға, және де оның терісін істеуге көп тырысу керек. Себебі адамда
әдет болған нәрседен құтылуы өте қиын болады. Жаман нәрселер нәпсіге ұнамды
келеді.

Жаман нәрсе жасап қойғанда артынша риязат жасау, яғни нәпсіге қиын келетін
нәрсені жасауды өзіне әдет ету де жаман мінезден құтылуда пайдалы. Мәселен
бір жамандық жасасам пәлен теңге садақа беремін немесе ораза тұтамын, түнде
тұрып намаз оқимын деп ант етуі керек. Нәпіс мұндай қиын нәрселерді жасамау
үшін бұларға себеп болатын өзінің жаман әдеттерін жасамайтын болады. Жаман
мінездің зияндарын оқу, есіту де пайдалы шара. Бұл зияндарды білдіретін
хадис шәрифтер де көп. Біразы мыналар:

Аллаһ алдында жаман мінезден үлкен күнә жоқ. Себебі адам
оның күнә екенін білмейді. Білмегені үшін тәубе етпейді. Жасаған сайын
күнәсы қат-қат көбейе береді.

Адамдардың еш тартынбай, қысылмай жасайтын күнәлары – жаман
мінезді болу.

Әрбір күнәнің тәубесі бар. Жаман мінездің тәубесі болмайды.
Адам жаман мінезіне тәубе етпей, одан да жаманын жасайды.

Ыстық судың мұзды ерітетіні сияқты, жақсы мінез де
қателерді ерітеді. Сірке суы балды бұзатыны сияқты, жаман мінез де
жақсылықтарды жояды.

Жақсы мінезді болу үшін және мінез-хұлқын сақтай алу үшін, салих және жақсы
мінезді адамдармен дос болу керек. Адамның мінезі досының мінезі сияқты
болады. Мінез – ауру сияқты жұқпалы болады. Жаман мінезді адаммен дос
болмау керек. Хадис шәрифте Адамның мінезі, досының мінезі сияқты болады
делінген. Пайдасыз нәрселерден, ойындардан, әбес қалжыңдардан және
дауласудан аулақ болу керек. Ілім үйреніп, пайдалы нәрселермен шұғылдану
керек. Мінез-хұлықты бұзатын және шәһуатты оятатын ұятсыз, жаман кітаптарды
оқымау керек және мұндай радио, теледидар көрсетілімдерінен сақтану керек.
Жақсы мінездің пайдалары, харамның зияндары және жаһаннам азаптары әр
уақытта есте болу керек. Байлық, мансаптың артынан қуғандардың еш қайсысы
мұраттарына, мақсаттарына жете алмаған. Байлықты, мансапты жақсылық үшін
іздегендер, қайырлы істерде қолданғандар бақытқа, берекеге қауышқан.
Байлық, мансап мақсатқа айналмауы керек, игі істер жасау жолында құрал
болуы керек. Байлық, мансап теңізге ұқсайды. Өте көп адамдар ол теңізде
тұншығып батып қалған. Аллаһу та’аладан қорқу бұл теңіздің кемесі. Хадис
шәрифте Дүниеде қалушы емес, жолаушы сияқты өмір сүру керек! Өлетінін еш
ұмытпау керек!) деп бұйырылған. Адам, өмірі мәңгі емес. Дүние зауқтарына
берілген сайын, дерт-бәлелер, ренжумен қиындықтар арта береді. Төмендегі
хадис шәрифтерді еш ұмытпау керек:

1- Ғибадаты аз болған құл, қияметте жақсы мінезімен жоғары дәрежелерге
қауышады.

2- Ғибадаттардың ең оңай және өте пайдалысы, аз сөйлеу және жақсы мінезді
болу.

3- Құлдың ғибадаттары көп болса да, жаман мінездері оны жаһаннамның түбіне
апарады, кейде күпірге апарады.

4 – Біреудің күндіз ораза тұтатыны, түнімен намаз оқитыны, бірақ мінезі
жаман болғаны үшін тілімен көршілеріне, достарына жәбір көрсететіні туралы
айтылғанда, расулуллаһ алейһиссалам: Бұлай болу жақсы емес. Баратын жері,
жаһаннамның оты дейді.

5- Жақсы мінезді толықтыру, орнату үшін жіберілдім. Сәмауи (Аллаһтың)
жіберген діндердің барлығында жақсы мінездер бар еді. Ислам бұлардың бәрін
толықтыру үшін жіберілді. Бұл дін тұрғанда жақсы мінездерді үйрететін басқа
деректердің, басқа адамдардың керегі жоқ. Сондықтан Мұхаммед
алейһиссаламнан кейін пайғамбар келмейді.

6- Мінезі жақсы адам дүние және ахырет бақытына қауышады. Себебі мінезі
жақсы адам Аллаһу та’алаға және құлдарына болған хақтары мен міндеттерін
орындайды.

7- Жүзі және мінезі жақсы болған адамды жаһаннам оты жақпайды.

8- Өзінен алшақтағандарға жақындау, зұлым еткендерді кешіру, өзін махрұм
еткендерге ихсан (жақсылық) ету жақсы мінезді болу дегенді білдіреді.
Жақсы мінезді адам өзіне ренжігендерге жақсылық жасайды. Мал-мүлкіне,
абыройына, денесіне зиян бергендерді кешіреді.

9- Ашуланған кезінде жұмсақ мәміле танытқан адамның жүрегін Аллаһу та’ала
амандықпен иманға толтырады. Қорқыныштан, қауіп-қатерден амандықта болады.
Жамандық еткендерге жақсылық жасау, жақсы мінездердің ең үстемі. Кәміл адам
екендігінің белгісі. Мұндай адамдардың дұшпандары досына айналады. Имам
Ғазали “рахимәхуллаһи та’ала” былай дейді: ”Інжілде” көрдім, Иса
алейһиссалам, “Жамандық жасағанға жамандықпен жауап бермеңдер! Сол
беттеріңді ұрған адамға оң беттеріңді тосыңдар! Шапаныңды алған адамға
шалбарыңды да бер!” делінген.

Жаман мінездердің алпыс түрі мәшһүр. Әрбір мұсылман көңілінен барлық жаман
мінездерді шығарып, орнына жақсы, көркем мінездерді орнықтыру керек.
Бірнешеуін ғана шығарып, біразын ғана орналастырумен адам көркем мінезді
болмайды. Тасаууф – адамдарды осы кемелдікке жеткізетін жол болып табылады.
(Мұндай болмаған жолға тасаууф делінбейді. Әрбір ілімнің, әрбір өнердің
жасандысы, бұзылғандары болатыны сияқты, діннен, исламнан және
мұсылмандықтың әдемі ахлақынан хабары болмаған жалған, жасанды дүмшелер
өздерін тариқатшы, шейх деп атап жүргендері көрінуде. Бұларға алданбау
керек, надандардың, ахлақсыздардың кітаптарын оқымау, радиоларын тыңдамау,
тұзақтарына түспеу керек.)

2. Ахлақ ілімі және Ислам дінінде Ахлақ тәрбиесі

Көңіл мен рухтың жағдайларын және істерін зерттейтін ілімге Ахлақ ілімі
делінеді. Адамның жалғыз кезіндегі бұл жағдайлар мен істер тоғыз бап
ретінде білдірілген. (Біз кітабымызға бұлардың тек алты бабын ғана
енгіздік.)

Бұл жерде мінездердің түрлері, жақсы және жаман нәрселер баяндалады. Мінез
– көңіл мен рухтың әдеті, яғни үйреніп қалған нәрсесі деген сөз. Осы
әдетпен, ойлануды қажет етпей әрекет етеді. Орныққан мінезге әдет
делінеді. Өткінші болған мінезге жағдай делінеді. Мысалы күлу, ұялу –
бұлар жағдай. Жомарттық, батылдық – бұлар әдет. Ахлақ, яғни мінез деген
кезде әдет түсініледі. Кейде жақсылық жасау мінезден болмайды. Әрдайым
қайырымдылық істеп жүрсе, жомарт мінезді делінеді. Әрдайым, бірақ өзін
қинап істейтін болса, жомарт мінезді болмайды. Оңайлықпен, қуана-қуана
істесе мінез делінеді.

Жақсы және жаман амал істеуге адамның мінезі себеп болады. Немесе жақсы
және жаман болмаған нәрсеге себеп болады. Біріншісіне Ізгілік немесе
жақсы мінез делінеді. Жомарттық, шәжаат, яғни батылдық, жұмысақтық осыған
жатады. Екіншісіне Рәзалат (масқаралық) немесе жаман мінез делінеді.
Сараңдық және еркектерде қорқақтық осыған жатады. Үшіншісіне ізгілік те,
рәзалат те делінбейді. Өнер делінеді. Тігіншілік, егіншілік осыған
жатады. Бұл кітапта біріншісі мен екіншісі баяндалады.

Көңіл (жүрек) мен рухтың екі қуаты болатынын алғы сөздің соңғы бетінде
айтқан едік. Біріншісі, Қууа-и алима және Мудрика деп аталатын ұғыну
қуаты еді. Бұл қуатқа Нутқ және Ақыл деген едік. Бұл қуатпен ақыл
қабыл ете алатын нәрселерін түсінеді. Екіншісі, әрекет еткізетін Қууа-и
амилә (іс атқарушы қуаты) еді. Екі қуаттың әрбірі екіге бөлінеді. Ақылдың
бірінші бөлігіне Хикмети назари, екінші бөлігіне Хикмети амали
делінеді. Іс атқарушы қуаттың бірінші бөлігіне Шәһует делінеді, бұл
ләззатты, зауықты нәрселерге қауышуды қалайтын қуат. Екінші бөлігіне Ашу
делінеді, бұл ұнатпайтын нәрселерден ұзақ тұруды қалайтын қуат. Осы төрт
қуаттан әртүрлі амалдар пайда болады. Бұл амалдар ақылға сай, жақсы, нұқсан
болудан және тым асырып жіберуден құтылған болса, бұларды істеген мінез
ізгілік (жақсы мінез) болады. Нормасына жетпейтін нұқсан немесе нормасынан
асып кететін артық істерді жасайтын мінез рәзалат (шәрменделік) болады.
Ақылдың назари қуаты жақсы дамыған болса, ол мінезге Хикмет делінеді.
Екінші қуаты болған Хикмети амали қуаты жақсы қалыптасқан болса, ол
мінезге Әділет делінеді. Көңіл мен рухтың іс атқарушы қуаттарының шәһуани
қуаты жақсы орныққан болса, ол мінезге Ұят делінеді. Ашулық бөлігі
керекті деңгейінде болса, ол мінезге Батылдық делінеді. Жақсылықтардың
басы – осы төрт мінез. Әділеттің азы-көбі болмайды. Қалған үшеуінің асып
кетуі және нормаға жетпей қалуы адам үшін рәзалат (масқаралық) болады.
Хикмет қуатының керегінен асып кетуі Жәрбәза, яғни білгішсіну болады. Ал
нұқсан болуы Бәладат, яғни ақымақтық болады. Әділеттің артығы мен нұқсаны
болмайды. Бірақ терісі болады, ол Зұлымдық болады. Ұят қуатының нормадан
асып шектен шығып кетуі бұзылғандық (ұятсыздық) болады. Ал нұқсан болып
нормасына жетпей қалса Хумуд, яғни аса ұялшаңдықпен табиғи
қажеттіліктерінің алдында осал болып тоқтап тұру болады. Батылдық қуатының
шектен тыс болуы Тәһәуур, яғни құтырғандық болады. Кем болуы – қорқақтық.
Ахлақтың бұл түрлері Имам Ғазали хазреттерінің Ихйа кітабында осылай
баяндалған. Абдулғани Наблусидің Хадиқат-ун Нәдийа кітабында да жазылған.
Бұл кітап арап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘБУ ХАМИД ӘЛ-ҒАЗАЛИДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ
Ислам теологиясы
“Тафсир” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Мұсылмандық құқық және оның бастаулары
Діни тәрбие
Ислами тәрбие
Исламдағы бала тәрбиесінің маңыздылығы
Тәрбие және оның даму тарихы
Мұсылмандық құқықтың жүйесі
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымы
Пәндер