Қазақстандағы инновациялық технологияның бүгінгі даму қарқыны



1. Қазақстандағы инновациялық технологияның бүгінгі даму қарқыны.
2. Инновациялық технологияның қазіргі таңдағы ықпалы.
3. Мектепке дейінгі мекемелердегі инновациялық педогогикалық технологиялар.
4. Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияны педагогикалық тұрғыдан пайдалану.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі заман қоғамдық құрылымдағы қарқынды өзгерістермен, адам мен қоғам және елдер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастармен, жедел демографиялық, миграциялық және өзге де өзгерістермен, экономикалық өмірдегі қайта құрулармен және т.б. құбылыстармен сипатталады. Жаңашылдық пен жаңалық енгізу үдерісі қоғамдық еңбектің бүкіл салаларында жүзеге асырылып, олар ғылым, білім, өнер секілді көптеген салаларда өміріміз бен жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналып келеді.
Білім беру де жаһандық қоғамдық жүйенің қосалқы жүйесі ретінде өз құрылымы мен парадигмасын өзгерте отырып, барлық туындап жатқан өзгерістерді ескеру қажет. Егер білім беру саласы қоғамдағы өзгерістер мен бетбұрыстарға ілеспей, артта қалып қоятын болса, онда ол тек қана ескі технологиямен жұмыс істейтіндіктен, жабық, инертті және тиімсіз жүйеге айналады. Мұндай келеңсіз жағдайды болдырмау үшін дер кезінде тиімді де оңтайлы жаңалықтар енгізу қажет. Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.
Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, адамның жақсы өмір сүруге және жаңа, жақсы әрі жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуге деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады. Білім беру – қоғамдық қызметтің бірі ретінде қоғамдағы өзгерістерге ілесе отырып, оның дамуы мен өзгеруіне ықпал етуге тиіс. Бұл қоғамның өзгеруін не тежейді, не болмаса жеделдетеді. Қоғам қаншалықты сауатты болса, соншалықты тез өзгереді. Өмірде және жұмыста қолданылатын қазіргі заманғы білім, тәжірибе және қабілеттер дамудың (прогресс) оталдырғышы болып табылады. Сондықтан білім беру саласындағы өзгерістер келешектегі қоғамдық дамудың нәтижесі болып қана қоймай, оның ерекше шарты ролін де атқарады.
Білім беру саласына жаңалықтар енгізу – көптеген факторлар әсер етіп, көптеген қатысушылар қатысатын және ұзақ мерзімге созылатын аса күрделі үдеріс деп есептеледі. Аталмыш факторлардың бірін оқытушы құрайды. Оған және оның қарым-қатынасынан елеулі дәрежеде жаңалық енгізу үдерісі әсерленеді.
Қоғам мен білім беру саласын қайта құру үдерістерінің өзара әрекеттесе отырып, бірін-бірі тежейтінін немесе жеделдететінін көрсетеді. Сондықтан, әртүрлі елдердің білім беру саласын дамыту тәжірибелерінде көбіне ұқсас бағыт-бағдарлармен қоса, елеулі айырмашылықтар да кездеседі. Барлық елдер үшін ортақ ерекшелік – адам ролінің айқын көрінетіндігінде, сол себептен, білім беру жүйесіне ұлттық міндет ретінде баса назар аударылады.
1. ҚР Білім туралы Заңы, Алматы, 1999.
2. ҚР этникалық мәдени білім беру түжырымдамасы. А., 1996.
3. Беспалко В.П. Слагаемые педагогической технологии. -М.: Педагогика. –1989. -192с.
4. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования. Научно-издательский центр «Ғылым» – Алматы, 2001. – 295 с.
5. Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері. Алматы, Білім. 2009. 424 б.
6. Чернилевский Д.В. Дидактические технологии в высшей школе. Москва., 2002.
7. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы, 2005. -227 б.
8. Ляудис В.Я. Инновационное обучение стратегия и практика – М.,1994. – 148 с.
9. Гамидов Г.С., Колосов В.Г., Османов Н.О. Основы инноватики и инновационной деятельности – СПб: Политехника, 2000 – С.187.
10. Ангеловски К. Учителя и инновации: Кн. для учителя: Пер. с макед. – М.: Просвещение, 1991.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Қазақстандағы инновациялық технологияның бүгінгі даму қарқыны.
2. Инновациялық технологияның қазіргі таңдағы ықпалы.
3. Мектепке дейінгі мекемелердегі инновациялық педогогикалық
технологиялар.
4. Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияны
педагогикалық тұрғыдан пайдалану.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Қазіргі заман қоғамдық құрылымдағы қарқынды өзгерістермен, адам мен
қоғам және елдер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастармен, жедел
демографиялық, миграциялық және өзге де өзгерістермен, экономикалық
өмірдегі қайта құрулармен және т.б. құбылыстармен сипатталады. Жаңашылдық
пен жаңалық енгізу үдерісі қоғамдық еңбектің бүкіл салаларында жүзеге
асырылып, олар ғылым, білім, өнер секілді көптеген салаларда өміріміз бен
жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналып келеді.
Білім беру де жаһандық қоғамдық жүйенің қосалқы жүйесі ретінде өз
құрылымы мен парадигмасын өзгерте отырып, барлық туындап жатқан
өзгерістерді ескеру қажет. Егер білім беру саласы қоғамдағы өзгерістер мен
бетбұрыстарға ілеспей, артта қалып қоятын болса, онда ол тек қана ескі
технологиямен жұмыс істейтіндіктен, жабық, инертті және тиімсіз жүйеге
айналады. Мұндай келеңсіз жағдайды болдырмау үшін дер кезінде тиімді де
оңтайлы жаңалықтар енгізу қажет. Жаңашылдық білім беру саласының алдында
тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып
саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға
септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен, қоғамдық
еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.
Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға,
біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами
қозғалыстың, адамның жақсы өмір сүруге және жаңа, жақсы әрі жаңа заман
талабына сай шарттарға қол жеткізуге деген күресі мен талпынысының
көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда
ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы
ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да
қарқындылығын күшейте бастады. Білім беру – қоғамдық қызметтің бірі ретінде
қоғамдағы өзгерістерге ілесе отырып, оның дамуы мен өзгеруіне ықпал етуге
тиіс. Бұл қоғамның өзгеруін не тежейді, не болмаса жеделдетеді. Қоғам
қаншалықты сауатты болса, соншалықты тез өзгереді. Өмірде және жұмыста
қолданылатын қазіргі заманғы білім, тәжірибе және қабілеттер дамудың
(прогресс) оталдырғышы болып табылады. Сондықтан білім беру саласындағы
өзгерістер келешектегі қоғамдық дамудың нәтижесі болып қана қоймай, оның
ерекше шарты ролін де атқарады.
Білім беру саласына жаңалықтар енгізу – көптеген факторлар әсер етіп,
көптеген қатысушылар қатысатын және ұзақ мерзімге созылатын аса күрделі
үдеріс деп есептеледі. Аталмыш факторлардың бірін оқытушы құрайды. Оған
және оның қарым-қатынасынан елеулі дәрежеде жаңалық енгізу үдерісі
әсерленеді.
Қоғам мен білім беру саласын қайта құру үдерістерінің өзара әрекеттесе
отырып, бірін-бірі тежейтінін немесе жеделдететінін көрсетеді. Сондықтан,
әртүрлі елдердің білім беру саласын дамыту тәжірибелерінде көбіне ұқсас
бағыт-бағдарлармен қоса, елеулі айырмашылықтар да кездеседі. Барлық елдер
үшін ортақ ерекшелік – адам ролінің айқын көрінетіндігінде, сол себептен,
білім беру жүйесіне ұлттық міндет ретінде баса назар аударылады.
АҚШ-да, Ресейде, Жапонияда, Батыс Еуропада және өзге де елдерде білім
берудің елдегі шаруашылықтың дамуына тигізетін ықпалы жайлы зерттеулер
жүргізілді. Мұндай зерттеулерді КСРО-да 1940-1960 жылдары Струмилин, АҚШ-та
1929-1957 жылдары Шульц, 1909-1927, 1927-1957 жылдары Деннисон жүзеге
асырды. Сондай-ақ, Жапония ағарту министрлігінің 1930-1955 жылдар
аралығында жүргізілген зерттеулерінің нәтижелері қамтылған “Ақ кітап” жарық
көрді. Батыс Еуропада мұндай зерттеулер соңғы жылдары Деннисон тарапынан
жасалды.
Уақыт өте келе, білім беру деңгейі мен құрылымының жеке тұлғаның
экономикалық және саяси мәртебесіне, өмір сүру деңгейіне және ұдайы өндіріс
шарттарына ықпал ететіндігі айқындалды. Міне, сол себептен білім беру
саласымен ғылымға құйылатын инвестициялар экономикалық инвестициялар
ретінде қарастырылып, ұлттық инвестициялар сипатында аса маңызды да пайдалы
капитал салымдарының қатарына ене бастады. Өйткені, “ең қымбат, бағалы
капитал – адами ресурстарға салынатын капитал” екендігі тұжырымдалды.
Оңтайлы да ұтымды жаңалықтар білім беру тиімділігін арттырудың ең
тиімді жолы әрі құралы деп есептеледі. Сондықтан, шамамен барлық елдер
білім беру саласына барынша көп жаңалық енгізуге тырысады. Көптеген
елдердің тәжірибесінен жаңалықтарды шығаруға және дамытуға жұмсайтын
қаржының өзін-өзі бірнеше есе ақтайтынын және өте рентабельді болатынын
айқын көруге болады.
Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту
бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен
білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан
елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар
адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке
тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген
мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы
қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп
шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін
елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі
тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі
нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге
ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.
Ғалымдардың пікірінше, білім беру экологиясындағы мектеп
ғимараттарының архитектурасы мен құрал-жабдықтарындағы және жұмыстың
мазмұны, ұйымдық құрылымы, түрлері мен әдістеріндегі жаңалықтар және жаңа
білім беру технологияларынан туындайтын мұғалім-оқушы қарым-қатынасындағы
жаңалықтар еркін шығармашыл тұлғаның дамуына үлкен септігін тигізеді.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері “новация” мен
“инновация” ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен,
әртүрлі әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі.
Инновация ұғымының энциклопедияларда да, сөздіктерде де әртүрлі
анықтамаларын кездестіруге болады.
Инновация ұғымдарының жалпы энциклопедиясының жаңа басылымында
“инновация, жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен
ашылымдардың (жаңалықтардың) іс жүзіндегі қолданысы” деген анықтама
беріледі.
Ал, сөздікте “новация – бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да
бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі” делінсе, “инновация –
мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық” (Дальдің пікірінше - өзге, өзгеше көрінетін)
ретінде пайымдалады.
“Инновация” сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен
құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген маңынаны білдіреді.
Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін
болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген
деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне агрономия, өнеркәсіп және
медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу
кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория
ретінде жуырда ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі –
олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.
Инновацияның социологиядағы кейбір анықтамаларына байланысты,
инновацияның педагогикалық категория ретіндегі анықтамасына тоқталып
өтейік.
Инновация саласындағы американдық және кейбір еуропалық зерттеулерге
кеңінен шолу жасау негізінде шығарған Э.М.Роджерстің ұғымы ең ескі ұғым деп
есептеледі. Аталмыш зерттеулерде агрономия, өнеркәсіп және медицина
салаларына баса назар аударылады. Білім беру саласындағы инновацияларға
азғантай көңіл бөлініп, тек олардың бар қоғамдық жүйелерді тұрақтандырудағы
роліне ғана тоқтам жасалады. Роджерс инновацияға мынадай анықтама береді:
“Инновация – нақты бір тұлға үшін мүлдем жаңа болып табылатын идея. Бұл
идеяның объективті жаңа немесе жаңа емес екендігі маңызды емес, оның
маңыздылығы идеяның туындағаннан немесе алғашқы қолданысқа енгеннен бері
өткен уақыт бойынша анықталады”.
Майлс “Инновация – жүйелі мақсаттарды жүзеге асыру барысында үлкен
тиімділікке жетелейтін ерекше жаңа, айрықша маңызды өзгеріс” деп жазады.
Француз ғалымы Э.Брансуик инновацияның мынадай үш түрін атап
көрсетеді:
- білім беру саласындағы бұрын соңды белгісіз болған, мүлдем жаңа
идеялар мен іс-әрекеттер инновация ретінде қаралады, мұндай мүлдем жаңа әрі
таза идеялар өте аз кездеседі;
- инновациялардың едәуір басым бөлігін бір ортада және белгілі бір
уақыт кезеңінде ерекше өзектілікке ие болатын, бейімделген, кеңейтілген
немесе қайта ойластырылған идеялар мен іс-әрекеттер құрайды;
- бар шарттардың өзгеруіне байланысты мақсаттардың қайта қойылу
салдарынан бұрынғы іс-әрекеттер жанданып, олардың және белгілі оң
идеялардың сәттілікке жетуін қамтамасыз ететін жаңа шарттар жағдайында
туындайтын педагогикалық инновациялар.
Американдықтар Бил мен Болен педагогикалық инновацияны “тек
материалдың өзгерісін қамтып қана қоймай, оны өзгертуге бағытталған
өзгерістер кешенін қамтитын өзгеріс” деп пайымдайды.
Найхов инновацияны үдеріс ретінде қарастырып, оған “қандай да бір
идеямен басталатын және ықтимал тұтынушылар тарапынан қабылдану немесе
қабылданбау арқылы өзгерістерге ықпал ететін үдеріс” деген анықтама береді.
Марклунд жақында ОЕСД-де жүргізген жұмыстарының бірінде инновация мен
өзгерістер арасындағы айырмашылықты былайша сипаттайды: “Инновация түсінігі
мектептердегі және білім беру саласындағы қолданысына қарай көбіне
өзгерістер түсінігімен мағыналас келеді. Егер өзгерістер бүкіл мектеп
жүйесінде кең ауқымда жүретін болса, онда реформа деп аталады. Алайда, кез-
келген өзгерісті инновация деп санай беруге болмайды. Оның инновация болуы
үшін алдын ала қойылған мақсаттарға сай жаңалық енгізуі қажет. Инновация
әрдайым бір немесе бірнеше сапалы қасиеттерді алып келеді”.
Югославияның мектеп мәселелері мен ағарту проблемаларын зерттеу
жөніндегі институты білім беру мен тәрбиелеу қызметіндегі инновация
мәселелеріне үлкен көңіл бөлді. Аталмыш институттың зерттеулері бойынша
инновацияға мынадай анықтама берілді: “Инновация – білім беру және
тәрбиелеу технологияларын жақсарту мен дамыту мақсатында жасалатын белгілі
бір саналы өзгерістерді көрсетеді. Мұндай өзгерістер қазіргі жағдайда
жаңалық болып есептелуге тиіс, бірақ үнемі толығымен жаңа идеялар түрінде
бола бермейді. Қандай да бір ортада, бұрын соңды қолданылған, бірақ қазіргі
таңда және берілген ортада айрықша маңызға ие және білім беру мен тәрбиелеу
үдерісін жақсартатын кейбір өзгерістерді инновация ретінде қарастыруға
болады”.
Ресейдегі арнайы педагогикалық әдебиеттерде аталмыш ұғымға осы
мәселемен айналысатын әртүрлі авторлар тарапынан түрлі түсініктеме
беріледі.
“Инновация” түсінігі мәдениеттанушылардың зерттеулерінде алғаш рет ХІХ
ғасырда пайда болып, бір мәдениеттің бірқатар құрамдас бөліктерін
(элементтерін) екінші бір мәдениетке енгізу дегенді білдірді[1]. ХХ
ғасырдың басында жаңа білім саласы – инновациялар туралы ғылым ортаға
шығып, оның аясында техникалық инновациялардың заңдылықтары зерттеле
бастады.
Инноватика философия, психология, социология, басқару теориясы,
экономика және культурология тоғысындағы пәнаралық зерттеу саласы ретінде
қалыптасты. ХХ ғасырдың соңында жаңалықтар (инновациялар) туралы ғылым
күрделі де тармақталған салаға айналды.
Педагогикалық инновациялық үдерістер шамамен 50-шы жылдардың аяғында
батыста және соңғы жылдары елімізде арнайы зерттеу пәніне айналды. Оған
деген қызығушылық инновациялық қызметтер мен басылым-дарды құру мен
жариялауда кеңінен байқалады. Мәселен, білім беру саласын дамыту үшін
ЮНЕСКО жанында Педагогикалық инновациялардың азиялық орталығы жұмыс
істейді. Осы орталық әртүрлі елдердегі педагогикалық инновацияларды
тұжырымдап, олар жайында Білім беру мәселелері жөнін-дегі халықаралық
кеңсемен бірге баспа беттері арқылы педагогикалық қауымды хабардар етеді.
Білім беру мәселелері жөніндегі халықаралық кеңсе инновациялық үдерістерге
арналған басқа мерзімді басылым – “Білім беру саласындағы ақпарат және
инновация” журналын жариялауға да атсалысады.
Инновацияның маңызын ашып көрсету үшін Ю.В.Колесников пен
П.Н.Новиковтың Кәсіптік білім беру энциклопедия-сында келтірген мынадай
анықтамасына сүйенеміз: “Инновациялар білім беруді дамытудың аса маңызды
құрамдас бөлігі деп есептеледі. Олар білім беру кеңістігіндегі әр түрлі
бастамалар мен жаңалықтардың жинақталуы және түр өзгертуі нәтижесінде
көрініс тауып, білім беру саласында елеулі жаһандық өзгерістердің пайда
болуына және оның мазмұны мен сапасының өзгеруіне алып келеді...
Инновациялар әр түрлі бастамалар мен жаңалықтардың негізінде туындап,
келешектегі білім беру саласы мен көп мәдениетті білім беру кеңістігін
кеңінен дамытуға оң ықпал ететін және жүйелі түрде өздігінен қалыптасатын,
өзектілігі жоғары жаңалықтар болып табылады”.

Инновациялық технологияның ықпалы

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін
оқытудың әртүрлі әдіс- тәсілдерін қолдана отырып терең білімді,
ізденімпаз, барлық іс- әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол
тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән
берілуде. Демек,мектептегіоқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін
арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Танымдық белсенділік- оқушының оқуға, білуге деген ынта- ықыласының,
құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың
жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.
Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап
етеді. Өйткені, өздігінен білім алу әрекетінің мақсат-міндеттерін,
мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына
байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру-
мұғалімнің міндеті.
Оқушының оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі-
оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті.
Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін
жұмыстарды репродуктивтік және жығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге
болады.
Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер
қалыптасады.
1. Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.
2. Оқуға дейін қабілетінің артуы.
3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру
жолдарын түсіне білу ниеті.
4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5. Өз ойының дербестігі.
Репродуктивтік жұмыстарға оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын
жұмыстары, көшіріп жазу, жаттығу, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру,
оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас
тапсырманы үйде орындау жатады.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақтар үрдісінде пайдалану үшін әр
тәрбиеші алдында отырған бүлдіршіндердің жас ерекшеліетерін ескере отырып,
педогогтік мқсат-мүддесіне сай өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.
Оқыту технологиясының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес,
тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: яғни, жадының
алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б), ойлауы, ынтаны қабылдау
қабілетін арнацы жасалған оқу және танымдық жағдаулар арқылы дамытуға,
сондай-ақ тұлғаның қауыпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту,
қарым-қатнас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Мектепке дейінгі мекемелердегі инновациялық педогогикалық технологиялар

Мектепке дейінгі мекемелер басқа да білім беретін институттар сияқты
қоғамдық қатынастарда жұмыс істегендіктен, оның жағдайы көптеген сыртқы
факторлармен, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының сипатымен анықтайды.
Қоғамымыздағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де
елеулі жаңалықтар әкелді. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар
тәрбиешілердің, педоготардың және әдіскерлердің шығармашылық қызметіне
заңды түрде еркіндік берді. Педогогтардың алдында мектепке дейінгі
мекемелердегі жаңа заманның мақсаттары мен сұраныстарына жауап беретін,
жоғары деңгейде баланың жан-жақты дамуына әсер ететін технологияны таңдау
міндеті тұрды.
Осындай тарихи кезеңде адам мен мемлекеттің қарым-қатынасының мәні
өзгерді. Нарықты жағдайда ол жеке тұлғаның мүддесі мен қажеттілігінің
өсуіне қызмет етіге бағытталды.
Мектепке дейінгі педогогика адамзаттың сұраныстарынан қалмауға
тырысады, оқыту мен тәрбиенің қиындығы мен қайшылықтарын алдын-ала білуге
ұмтылады, сонымен бірге білім беру жүйесінің дамуына қоғамдық мүдделер
негіз болды. Қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктер әлеуметтік тапсырыс
құрайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепте оқытудың мәселесін қарастыра
отырып В.Никитин былай атап өтеді: егер бұрые мектептерді мектепке дейінгі
тәрбие жүйесінің баланы мектепке дайындау деңгейі қанағаттандырса, енді
инновациялық мектептердің пайда болуы баланың жеке тұлғалық, танымдық
ойлау белсенділігі түрлі қызметтерде өздігінен сауалдарды шеше алатын
сапасы жаңа талаптарды ұсынады.
Бұл өз кезегінде білім беру үрдісінде мектепке дейінгі мекемелерде
жаңа технологиялармен жұмыс істеу бағытының өзгеруін қажетсінеді.
В.Щетинин мен Н.Хроменков білім алудың ең басты мақсаты мен құндылығы-
адамдардың білімге, біліктклікке, дағдыға даген қажеттілігін және жеке
тұлғаның шығармашылық әлеуметтілігі мен қоғамдық дамудан тұрады деп
атайды.
Әлеуметтік тапсырыс беруші қоғамның барлық мүшелері: балалар, ата-
аналар, әлеуметтік топтар мен сыныптар, мекемелер мен өнеркәсіптердің
мүддесі білім беру мен тәрбиені жүзеге асырудың құрлдарын, нысандары мен
мақсаттарын анықтауда және осы саланы жетілдіруде негізге алынады, яғни
елдегі білім берудің дамуы туралы мәселе әлеуметтік тпасырысқа сәйкес
шешіледі.
В.Подобед білім беру мәселесін қарастыра отырып, білім берудің
әлеуметтік тапсырысын шартты түрде: қоғамдық, аймақтық, ұжымдық және
даралық деп төрт түрге бөлді. Қоғамдық тапсырыс жеке тұлғаның жан-жақты
дамуынд білімге деген қажеттілігінің дамуының әр кезеңінде
обьективтілігімен анықталады. Ол білім беру ісінің барлық салаларының
әлемдік дамуына бағытталған. Аймақтық тапсырыс бірқатар шарттардың бюпик
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесіндегі жаңалықтарды түсінүде және
ынталандыруда жаңа, жаңалық , жаңа енгізулер немесе инновация,
инновациялық үрдіс категорияларына ерекше көңіл бөлінген. Бұл мәселе
К.Ангеловский, В.Ляудис, В.Загвязинский, Л.Подымова, М.Поташник,
В.Сластенин, Н.Юсуфбеков сияқты ғалымдардың еңбектерінде кеңінен
баяндалған.
Педогогикалық сөздікте Батыс елдерінде хх ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық саладағы маркетингтік қызметтің қалыптасуы мен бүгінгі даму деңгейі
Инновация теориясы туралы түсінік
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің ерекшеліктерін талдау
Қазақстандағы индустриалды - инновацияны жетілдіру
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
«Сымсыз технологиялар»
Инновацияның арттыру жолдары
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары
Пәндер