Қазақстанның отын қорлары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Қазақстанның отын қорлары.
Адамзатқа қажетті энергетикалық шикізат қорларының көлемі дәлелденген, болжамды және болуы мүмкін деген үш базалық категория негізінде анықталатыны белгілі. Е. Ю. Сергеевтің “Новейшая история. Подробности 1945-1999” атты кітабында міне, осындай үш нұсқаға сүйене отырып жүргізілген есептеулер нәтижесінде әлемдегі энергетикалық отын қорларының көлемі қазіргі пайдалану деңгейінде 800 жылға дейін жететіндігі, соның ішінде көмірдің 600 жылға, мұнай қорының 90 жылға, газдың 50 жылға жететіндігі жазылған. “Алайда, - дейді кітап авторы, - егер энергетикалық отын көздерін өнеркәсіптік игеру ісі қазіргі қарқындылықпен дами беретін болса, олардың барлығы 130 жылдың ішінде-ақ таусылып бітетіндігін ғалымдар дәлелдеп отыр”.
Еліміздің энергетика саласындағы білікті мамандардың бірі ғылым докторы, профессор Кенжемұрат Дүкенбаев та өзінің “Қазақстан энергетикасы” атты кітабында құрамына көмір, мұнай, газ кіретін бүкіл әлемдегі органикалық отынның дәлелденген қоры 6, 3 триллион тонна шартты отынды құрайтындығын, мұның 76 пайызы көмір болғанда, тек 24 пайызы ғана мұнай мен газдың үлесіне тиетіндігін жазады. “Мұнай мен газ қазіргі күні басқа энергетикалық отын түрлеріне қарағанда адамзат тіршілігінде орасан зор маңызға ие болып отыр. Олардың қорларының аздығы әлемдік деңгейде жаңа шешімдерді қажет етеді” дейді автор.
Сонымен бұрын таусылып бітпейтіндей көрінетін қазіргі отын қорларының көлемі шектеулі екендігі соңғы онжылдықта адамдар санасына мықтап бекіді. Осыған сәйкес әлемдік энергетиканың алдағы жүрер жолына қатысты жаңа тұжырымдар пайда болуда. Мәселен, “Шелл” компаниясының сарапшылары 2030 жылдарға таман жаңартылған энергия түрлерін пайдалану ісі әртарапты жолдармен дами бастайтындығын айтады. Олардың пікірі бойынша, бұл кездегі энергия түрлерінің теңістігіне (балансына) қазіргі көмір мен мұнай, табиғи газдан басқа, атом энергиясы, жел энергиясы, жаңа биомасса, күн энергиясы, жер мен мұхит энергиясы және әлі ашылмаған белгісіз энергия түрі енуі мүмкін. Сөйтіп, адамзат пайдаланымындағы “энергия коктейлінің” құрылымы барған сайын кеңейе бермек.
Тағы бір әлемдік ықпалы бар алып кәсіпорын Шеврон корпорациясы мамандарының пікірлері де осы тұжырымнан көп алыс емес. Шеврон мамандарының есептеуі бойынша, бірінші триллион баррель мұнайды пайдалану үшін адамзатқа 125 жыл қажет болған екен. Ал келесісін пайдалануға бар жоғы 30 жыл кетпек. Осыған орай корпорацияның төрағасы және атқарушы директоры Дэвид Джей О”Райлли мырза былай деп жазады: “Осы жүз жылдықтың ең басты мәселелерінің бірі энергетика мәселесі болмақ. Бір нәрсе анық, ол - жеңіл мұнай дәуренінің өткендігі. Сондықтан осы және алдағы жүзжылдықта біздің бүкіл әлемнің энергетикалық сұранысын қанағаттандыруға қаншалықты қабілетті екеніміз дәл қазір бірлесе отырып таңдап алатын бағытымызға байланысты болады.
Біз бүгін энергия ресурстарына деген бұрын болмаған жоғары сұраныспен бетпе бет кездесіп отырмыз. Әлемдегі тұрғындар санының өсуі және әлемдік экономиканың қарқынды дамуы дамушы елдердегі миллиондаған адамдардың жайлы өмір сүру салтына қарай ұмтылуына алып баратыны белгілі. Бұл энергия тұтыну көлемінің өсуіне жол ашады деген сөз. Сонымен бірге, кейбір болжамдар бойынша, әлемдік мұнай пайдалану жиырма жылдан кейін қазіргі көлеммен салыстырғанда қырық пайызға ұлғаяды. …Демек біз қандай бір қадамдар жасамайық, болашаққа қарауымыз керек, бірақ бір жылға емес, алдағы елу жылға”.
Мұнай өндіру жөніндегі әлемнің ең ірі компаниялардың өкілдері, міне, осылай деп пікір түйеді.
Көмірсутегі қорлары көлемінің шектеулілігі мен оған деген сұраныстың арта түсуі олардың бағасына да әсер етіп, жыл өткен сайын алтыннан да қадірлі затқа айналдырып бара жатқындығын да көріп отырмыз. Соңғы екі-үш жылдың өзінде қара мұнайдың халықаралық рыноктегі бағасы 20 доллардан 75 долларға дейін көтерілді. Ал бағаның бұлайша шарықтауы мұнай мен газды көп пайдаланатын ірі державаларды қазірдің өзінде тым мазасыздандырып жіберді. Олар жаңа қуат көздерін іздестірумен қатар оның қолда бар баламалы көздеріне көшу мәселесін де асығыс қарастыруға мәжбүр болуда.
Жуықта газетіміздің басшысы Сауытбек Абдрахмановқа берген сұхбатында (“Егемен Қазақстан”, 21. 03. 2006 ж. ) осы мәселеге орай Елбасы: “Қазақтың “білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады”, дейтіні әбден келді. Әлемнің мықты елдерінің бәрі тауар өндіруші экономикадан білім өндіру мен қолдануға негізделген экономикаға ауысып жатыр. Жақында АҚШ Президенті Джордж Буштың ел халқына дәстүрлі жолдау сөзінде қандай міндетті алға қойғандығын білесіз ғой? Ел басшысы энергияның жаңа көздерін игеру арқылы таяудағы жиырма шақты жылда Таяу Шығыс мұнайына тәуелділіктен құтылу міндетін алға қойды. Бұл - ерекше мәні бар мәлімдеме. Менің Үкімет елде мұнай жоқ сияқты сезініп жұмыс істеуді үйренуі керек дегенді неге айтып жүргенім енді түсінікті болған шығар. Біздің мұнан былай мұнай мен газдан түскен табысты бұрынғыдай бірден бюджетке емес, Ұлттық қорға түсетін еткеніміздің себебі де сол” - деді.
Осы айтылған жағдайлардың барлығы бүгінгі қоғамның әлемдік энергетиканың күрделі проблемасымен қазірдің өзінде бетпе бет келіп қалғандығын білдіретін болса керек. Рас, айласы табылса, шешілмейтін мәселе жоқ. Бірақ басты таңдау қандай қуат көзіне түседі? Осы сұрақ қазір энергетика саласындағы ғылыми орта мен ірі компанияларды толғандырып отыр.
Атомды сынаймыз, атомға үміт артамыз
Осыдан біраз уақыт бұрын Астанада АҚШ пен Ресейдің, Украина мен Қазақстанның және басқа да бірқатар елдердің ғалымдары бас қосып, энергетика болашағына қатысты әңгіме қозғаған еді. Еліміздің Ұлттық ядролық орталығының ғылыми жетекшісі академик Жабағы Тәкібаевтың сондағы сөйлеген мына бір сөзіне назар аударып көрейік:
- Жердегі көмірсутегі қорының шектеулілігі адамзат тіршілігі үшін алдағы замандарда азық бола алатындай жаңа қуат көздерін іздестіруді күн тәртібіне қойып отыр. Осы ретте көптеген ғалымдардың сутегі энергиясынан үміт күтетіндігін жасыруға болмайды. Экологиялық тұрғыдан неғұрлым қауіпсіз саналатын осы энергия көзі қазір АҚШ, Жапония, Германия секілді елдерде аз мөлшерде қолданыла да бастады. Бірақ осыған қарап мәселе шешілген екен деуге тағы болмайды. Себебі, сутегінің өзін қандай жолдар арқылы аламыз деген маңызды сұрақ бас көтеріп отыр. Бұрынғысынша көмірсутегін пайдалана отырып алатын болсақ, бұл істің маңыздылығы кемиді, яғни тиімді шешім емес. Егер атом қуатын пайдалана отырып алған жағдайымызда бізге атомның маңыздылығын тағы бір мойындауға тура келеді. Осыған орай атом қуатын дүниеге әкелген ядролық физиканың ендігі бір саласы - термоядролық реакцияларды синтездеу ісінен өте үлкен үміт күтіледі. Егер ғалымдар адамзатқа термоядролық реакцияларды басқарудың қолайлы жолдарын көрсетіп бере алса, онда біз таусылып біте қоймайтын жаңа энергияны, яғни сутегін пайдалану мүмкіндігіне ие болған болар едік. Бұл - қазіргі ядролық физиканың алдында тұрған өте маңызды мәселе, - дейді академик.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz