Қазақтың ұлттық ойындары туралы мәліметтер



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.Қазақтың ұлттық ойындарының тарихына шолу.
2. Ойындардың түрлері.
3. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні.
4. Қазақтың ұлттық спорт ойындары
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан" -2030 стратегиялақ даму бағдарламасында ұзақ басым мақсаттардың бірі ретінде Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту , салауатты өмір салтын ынталандыру шарасын атап көрсетеді. Осы тұрғыда денсаулығы мықты ,адамгершілігі жоғары,жан -жақты дамыған қоғам құру үшін көрсетілген негізгі бағыттардың қатарына халақтың дене тәрбиесімен айналысу шаралары орын алған. Бұл жүктелген міндетті орындау үшін ұстаздар оқу-тәрбие процесіне шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалануы, оқытудың жаңа әдіс-тәсілін қолдануы қажет . Сондай оку-тәрбие негіздерінің бірі -ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар -халық педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға мирас болып , сандаған ұрпақтың керегіне жарап , өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Бұл жөнінде көрнекті педагог В.А.Сухамлинский "Ойынсыз ақыл-ойдың калыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес .Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып , айналасындағы дүние туралы түсінік алады. " деп ойын баланы жан-жақты дамуына әсер етіп шығармашылақ қаблетін дамытатынын көрсеткен.
Ұлттық тәрбие - дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып казіргі кезде толыққанды болып жеткен баға жетпес бай мұра. Ол-халқымыздың ұлттық қадір- қасиеті, ой арманы, тұрмыс-тіршілігі және салт - дәстүрмен бірте қайнасып келе жатқан кұнды қазына.
Осындай кұнды еңбектер туралы зерттеуші А.Құралбекұлы латын тіліндегі түпнұсқаны, қазақша аударып ұсынған. Атап айтқанда Ғ. Құдайқұлұлының 1936 жылы шыққан (Мектеп балаларының өлеңдері), 1932 жылы жарық көрген А.Нұралының Ауыл пионерінің ойыны мен өлеңдері , Е.Апиркиннің (Елдегі оқушылар мен жастардың дене тәрбиелеу жолы ) (1929ж) еңбегі. Ж.Нұрбекұлының (Дене тәрбиесінің программасы) еңбегінде ,зерттеуші дене тәрбиесіне пайдалы ұлттық қозғалмалы ойындардың жастарды дене шынықтыру ісі мен әскер өнеріне үйретудегі әдіс- тәсілдері жайында баяндайды.
Ұлт ойындары - халық педагогикасының негізін қалаушы сала ретінде оқушыларға жан-жақты білім беруде, олардың өмір тәжирбелерін кеңейтуге аса қажетті тәрбие құралдарының бірі. Дене шынықтыру сабақтарында халақ ойындарын пайдалану оқытушының күнделікті сабаққа әзірлену барысында белгіленіп сабақ жоспарында көрсетіледі. Халық ойындарын сабақтың басында ортасында ,аяғында да өткізе беруге болады. Бірақ бірінші сыныпқа келген балалар үшін дене шынықтыру сабағын бастап кету қиындық туғызады. (Мысалы бағдарламада 1-сынып оқушылырына гимнастика сабағы сапқа тұру және қайта өзгеріп тұру сабағынан басталады.Осы сабақтағы ұғымдарды сапқа тұру, қатарда жүруді бірден түсіндіру қиынға соғады. Балалар бірден меңгере алмайды .) Осыны ескере отырып бастапқы 5-10 минут уақытты оқытушы ұлттық ойындармен бастап, оқушылардың сабаққа бірлігі қалаптасқан кезде ойыннан сабаққа көшіп, қайтадан негізгі сабаққа арналған материалды өтеді де, сабақтың аяғын ойынмен бітіреді. Зерттеулер мен тәжірибелерге қарағанда ұлттық ойындарды сабақтың ортасында пайдалану оқушылардың дене шынықтыру сабағындағы арнайы материалдарды түсініп ,ұғынуына негізделеді. Сабақ үстінде ойнап үйренген ,жаттыққан жаттығуларды оқушылар сабақтан тыс уақыттарында қайталап отыруына болады.Ол үшін оқытушы үйге тапсырма берген кезде ескерту керек, келесі сабақта жаттығуларды кім қайталады, нәтижесін тексеріп , бақылауына болады.
1.Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бастауыш бiлiм стандарты. Алматы, 1998.
2.Матвеев А.И. Мелников С.Б. «Методика физического воспитания с основами игр» М. Просвещение 1991.
3. «Методика физического воспитания школьников» Под. Ред. Мейксон Г. Б. Любомирский Л. Е, М. Просвещение 1989.
4.Качашкин В.Н. «Физическое воспитание в начальной школе» М. 1983.Асымбекова С. И.
5. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі». Ә.К. Әбділлаев. Ж.К. Оңалбек. Түркістан. 2004 ж.
6. «Қазақтың ұлттық ойындары» Сағындықов С. А-1999ж
7.Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. Ұ. Мұхаметжанова Астана-2007ж

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.Қазақтың ұлттық ойындарының тарихына шолу.
2. Ойындардың түрлері.
3. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні.

4. Қазақтың ұлттық спорт ойындары

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан" -2030 стратегиялақ даму
бағдарламасында ұзақ басым мақсаттардың бірі ретінде Қазақстан
азаматтарының денсаулығын жақсарту , салауатты өмір салтын ынталандыру
шарасын атап көрсетеді. Осы тұрғыда денсаулығы мықты ,адамгершілігі
жоғары,жан -жақты дамыған қоғам құру үшін көрсетілген негізгі бағыттардың
қатарына халақтың дене тәрбиесімен айналысу шаралары орын алған. Бұл
жүктелген міндетті орындау үшін ұстаздар оқу-тәрбие процесіне
шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие
құралдарын пайдалануы, оқытудың жаңа әдіс-тәсілін қолдануы қажет . Сондай
оку-тәрбие негіздерінің бірі -ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар -халық
педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-
балаға мирас болып , сандаған ұрпақтың керегіне жарап , өмірге әзірлеу
қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Бұл жөнінде көрнекті
педагог В.А.Сухамлинский "Ойынсыз ақыл-ойдың калыпты дамуы жоқ және олай
болуы мүмкін емес .Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес ол
арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып , айналасындағы
дүние туралы түсінік алады. " деп ойын баланы жан-жақты дамуына әсер етіп
шығармашылақ қаблетін дамытатынын көрсеткен.
Ұлттық тәрбие - дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып казіргі
кезде толыққанды болып жеткен баға жетпес бай мұра. Ол-халқымыздың ұлттық
қадір- қасиеті, ой арманы, тұрмыс-тіршілігі және салт - дәстүрмен бірте
қайнасып келе жатқан кұнды қазына.
Осындай кұнды еңбектер туралы зерттеуші А.Құралбекұлы латын тіліндегі
түпнұсқаны, қазақша аударып ұсынған. Атап айтқанда Ғ. Құдайқұлұлының 1936
жылы шыққан (Мектеп балаларының өлеңдері), 1932 жылы жарық көрген
А.Нұралының Ауыл пионерінің ойыны мен өлеңдері , Е.Апиркиннің (Елдегі
оқушылар мен жастардың дене тәрбиелеу жолы ) (1929ж) еңбегі. Ж.Нұрбекұлының
(Дене тәрбиесінің программасы) еңбегінде ,зерттеуші дене тәрбиесіне пайдалы
ұлттық қозғалмалы ойындардың жастарды дене шынықтыру ісі мен әскер өнеріне
үйретудегі әдіс- тәсілдері жайында баяндайды.
Ұлт ойындары - халық педагогикасының негізін қалаушы сала
ретінде оқушыларға жан-жақты білім беруде, олардың өмір тәжирбелерін
кеңейтуге аса қажетті тәрбие құралдарының бірі. Дене шынықтыру сабақтарында
халақ ойындарын пайдалану оқытушының күнделікті сабаққа әзірлену барысында
белгіленіп сабақ жоспарында көрсетіледі. Халық ойындарын сабақтың басында
ортасында ,аяғында да өткізе беруге болады. Бірақ бірінші сыныпқа келген
балалар үшін дене шынықтыру сабағын бастап кету қиындық туғызады. (Мысалы
бағдарламада 1-сынып оқушылырына гимнастика сабағы сапқа тұру және қайта
өзгеріп тұру сабағынан басталады.Осы сабақтағы ұғымдарды сапқа тұру,
қатарда жүруді бірден түсіндіру қиынға соғады. Балалар бірден меңгере
алмайды .) Осыны ескере отырып бастапқы 5-10 минут уақытты оқытушы ұлттық
ойындармен бастап, оқушылардың сабаққа бірлігі қалаптасқан кезде ойыннан
сабаққа көшіп, қайтадан негізгі сабаққа арналған материалды өтеді де,
сабақтың аяғын ойынмен бітіреді. Зерттеулер мен тәжірибелерге қарағанда
ұлттық ойындарды сабақтың ортасында пайдалану оқушылардың дене шынықтыру
сабағындағы арнайы материалдарды түсініп ,ұғынуына негізделеді. Сабақ
үстінде ойнап үйренген ,жаттыққан жаттығуларды оқушылар сабақтан тыс
уақыттарында қайталап отыруына болады.Ол үшін оқытушы үйге тапсырма берген
кезде ескерту керек, келесі сабақта жаттығуларды кім қайталады, нәтижесін
тексеріп , бақылауына болады.
Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақты болмайды, дене
жаттығуларын мұғалімнің көрсетуі бойынша орындай береді. Оқытушы балалардан
өз беттерінше жаттығуларды жасауды талап еткенде көпшілігі дұрыс
орындамайды, қимыл бірлігі бұзылады. Балалардың назарын сабаққа аудару үшін
сабақтың ортасында қимыл- қозғалас ойындарын ойнатып, көңілдерін басқа
жаққа аударып, соның негізінде пайда болған ерік-жігерлерін негізгі оқу
материалдарына аударады. Сабақ бітуге 5-10 минут уақыт қалғанда біртіндеп
ұлттық ойынға көшіп, сабақтың соңында ойын элементтерін пайдаланғаны жөн,
себебі оқушылардың үзіліс кезінде байсалды дем алуларына, келесі сабаққа
дұрыс қатысуларына нұқсқан келмеуі дұрыс.Сонымен бірге балалардың
денелерінің бастапқы қалыпқа келуі де сабақтың қортынды бөліміне байланысты
болмақ.

Ойындар мазмұны бойынша:
1. Қимыл-қозғалыс (сюжетті) ойындар
2.Қимыл-қозғалыс (сюжетсіз) ойындар
3.Спорттық ойындарға бөлінеді.

1.Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары шартты формада өмірдегі оқиғаны немесе
ертегі оқиғасын бейнелейді. Мысалы (мысық пен тышқан,) ойындары.
2.Сюжетсіз қимыл-қозғалыс ойындары.Бұл ойындар балаларды алағы түсінікті
мақсатқа жетелейтін қызықты қимылдайтын іс-әрекеттерден тұрады.Олар топтап
жүгіру, жүру, ұстап алу және жарыс нышандары бар ойындар.Мысалы(Кімнің тобы
тез сапқа тұрады,белбеу тастау)ойындары.
3.Спорттық нышандары бар ойындар.Бұл ойындардың ерекшеліктері балалар
ойынды өз беттерінше ұйымдастыра алған кезде жүргізіледі.Спорттық нышандары
бар ойындар балалардың жинақылығын ұйымшылдығын, байқағыштығын, қолайлы
қимыл техникасын, ұшқыр қимыл сезімін талап етеді. Мысалы( Ақ серек, көк
серек, ¥шты,ұшты). ойындары.
Е.Сағындықовтың "Қазақтың ұлттық ойындары" деген кітабында ұлт
ойындарының шығу тарихы ,мазмұны және ұйымдастырып жүргізу тәсілдері
баяндалған. Кітапта ұлт ойындары мазмұнына байланысты үш топқа бөлінген.
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай, және алуан түрлі болып
келеді. Ұлттық ойындар тақырыбына, мазмұнына, көздеген мақсатына байланысты
негізінен үш салаға бөлінеді.
1. Ойын сауық ,тұрмыс- салт ойындары.
2. Дене шынықтыру , спорт ойындары.
3. Оймен келетін ойындар.
1.Ойын сауық ,тұрмыс- салт ойындарының түрлері өте көп.Ұлт ойындарының бұл
тобына халқымыздың өміріндегі , тұрмысында қалыптасқан өнер мен
білім,жастар арасындағы ойын сауықтар, халықтың мақал мәтелдері, ата-
бабадан келе жатқан дәстүрді түсінуге көмектеседі. Мысалы:(Белбеу тастау,
алтыбақан,айтыс, сақина тастау)
2. Дене шынықтыру, спорт ойындары қазақ халқының өмірінде үлкен
орын алады, дене шынықтыру сабағында дәрбие саласында маңызы өте
зор. Дене шынықтыру, спорт ойындары нышаны бар ұлт ойындары
жастарды батылдыққа, ептілікке, қайраттылыққа,тапқырлыққа, ұжымдық
тәрбиеге, шығармашылық ынтымақтастыққа , бағдарлай білуге тәрбиелей отырып
танымдық қаблетін жетілдіреді. Мысалы :(Қазан доп, кім жылдам, ақ сүйек.)
3.Оймен келетін ойындар балалардың логикалық ойын жетілдіреді,
математикалық шеберлігінің дамуына көмектеседі.Бұл ойындар ойдың жетекшісі,
сонымен бірге қисындылық ,бірізділік принципіне сүйене отырып шешуге
болады.Мысалы:(Тоғыз құмалақ, қай қолымда,)Ойын барысында балалардың
қозғалғыш ширақтығы бүкіл ағзада жігерлі жағдай туғызады. Зат алмасу
процесін күшейтеді.

3.Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні.

Халық қиялынан туып , баланы тәрбиелеудің құралына айналған
ежелгі ойындар арнайы кұрал жабдықты, өткізетін орынды талғамайды. Ұлттық
ойындарды мектепте оқу-тәрбие жұмысында пайдалануға қолайлы, ойын араласқан
сабақтарда балалар өзін еркін ұстап, сабаққа ынтасы артады.Сабақты біріңғай
әдістермен өте беру баланы жалықтырады, сабақтың арасында ойын араластырып
отырса, оқушылыр сабақтың мазмұнына көп көңіл аударады, тез қабылдап ұғып
алады. Ұлттық ойындарды әр сабақта күрделендіріп отырып,өткен сабақты
қайталау кезінде де қолдануға болады. Қай жағдайда болмасын ойын
элементтері сабақтың мазмұнын байыта түседі, оқушылырдың білуге деген
кұмарлығын оятады,балалык құмарлығын қозғап, зейінін кеңейте түседі,өмір
тәжірибелерін молайтады.¥лттық ойындардың бала тәрбиесіндегі оң ықпал
атқаратынын дана халқымыз ерте танып, өмірлік мәні зоройындардың сан түрін
ойлап шығарған және бала тәрбиесіне пайдалана білген.
Баланы тәрбиелеуде әдістемелік мәні зор ойын түрлерінің атқаратын
ролі ерекше. Ойындар арқылы баланың бойында адамгершілік ,эстетикалық,
сезімдерді қалыптастыруға толық мүмкіндік бар. Оқушылардың өзара қарым-
қатынасындағы татулығын тәрбие жұмысында дұрыс пайдалану үшін балалардың
бір-біріне деген көз -қарасын білу керек.Мысалы (Көрші) ойыны. Бұл ойынның
тәрбиелік мәні өте зор. Егер ойынға ер-қыз бала араластырып ойнатса,ойын
үстінде олардың бірін-бірі сыйлау ұяңдық, нәзіктік,сезімдері арта түседі.
Оқу-тәрбие процесінде тәрбиенің тамаша құралы болып есептелетін халық
ойындары оқушылардың ақыл-ойын жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтеді,қыймыл-
қозғалысын дамытады,алған білімдерін күндегі өмірмен ұштастырады, басқа да
адамға тән қасиеттерді жетілдіреді.
Мектепте үзіліс кезінде ,сабақтан тыс уақытта да, баланың сабақ үстінде
алған білімдерін бір-бірімен ұштастырып отыру мен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық ойындарды пайдаланудың тиімді жолдары
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Асықпен ойналатын ойын түрлері және асық атаулары
Мектеп оқушыларының ұлттық ойындарды игеруі және оқу-тәрбие процесіндегі орны
Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздері
Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері
Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
Бастауыш мектеп жүйесінде ұлттық ойындарды ана тілі сабағында пайдаланудың психологиялық, педагогикалық, әдістемелік материалдарына талдау
Пәндер