Қылмыстық ізге түсудің негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І.тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Жеке, жеке . жариялы және жариялы ізге түсу мен айыптау істеріне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2.Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары мен оларды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән.жайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Қылмыстық із қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиісті жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІ.тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ФУНКЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретіңде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2. Прокурор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3. Тергеу бөлімінің бастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4. Анықтау органы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Заңға сәйкес қылмыстық ізге түсу(айыптау)-«қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі» деп түсіну қажет(ҚІЖК 7-бабының 13-тармағы). Қылмыстық ізге түсу органдары- «прокурор(мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы»(ҚІЖК 7-бабының 14-тармағы). Сот осы органдар қатарына кірмейді. Прокурор сотқа дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ сотта қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазастан Республикасындағы прокуратура туралы» Заң күші бар Жарлығының 46-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді сотқа дейінгі кезеңдерде жүзеге асырушы прокурор:-оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін қажетті басқа да іс-әрекеттер жасауға хақылы;-қылмыстық іс қозғайды немесе қылмыстық іс қозғауға рұқсат беруден бас тартады;
-анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін тиісті органға прокуратура қозғаған қылмыстық істерді береді;-заңда көзделгенжағдайларда тергеу, анықтама, сондай-ақ жедел- іздестіру қызметін жүзеге асыратын лауазымды адамдардың іс-әрекетіне санкция береді;-жекелеген тергеу әрекеттері бойынша іс жүргізуге қатысады;-қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізеді;-істі сотқа жібереді;Прокурор істі сотқа жіберген кезде қылмыстық ізге түсу функциясы өзгешелеу жүзеге асырылады. Сотта прокурордың қылмыстық ізге түсуге қатысуы мемлекеттік айыптауды қолдау түрінде болады. Басқа барлық жағдайларда прокурор заңдылықты қадағалайды.
1. 30.08.95 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі, “Жеті Жарғы”, Алматы 1998 ж.
3. Г.Ж.Сулейменова, Суд и судебная власть в РК, Алматы 1999 г.
4. Б.Х.Түлеубекова, Уголовно-процессуальное право РК, Алматы 1998 г.
5. Б.Х.Түлеубекова, ҚР Қылмыстыќ іс жүргізу құқығы (Жалпы бөлім), Жеті Жарғы Алматы 2000 ж.
6. Б.Қ. Төлеубекова ҚР.Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы – 2000ж.
7. Ү. Нұрмашев ҚР.Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы – 2008ж.
8. Г.Ж. Сүлейменов ҚР.Қылмыстық процесі. Алматы -1999ж.
9. ҚР. Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997ж. 13 -желтоқсан
10. Р.К. Якубов, Уголовный процесс, Учебник для ВУЗов, Москва- 1998г.
11. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері.Алматы: Жеті жарғы, 2007ж.
12. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне.Түсінік.Алматы: 2004ж.
13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Алматы: Жеті жарға,1998ж.
14. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодекс, Алматы:
15. Жеті жарғы, 2003ж.
16. www.referaty.kz
17. www.zan.kz
18. www.prokuror.kz
19. www. Femida.kz
20. www.stud.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Жеке, жеке – жариялы және жариялы ізге түсу мен айыптау істеріне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары мен оларды жүзеге
асырмауға мүмкіндік беретін мән-
жайлар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..8
1.3. Қылмыстық із қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиісті
жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ
ФУНКЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган
ретіңде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2.
Прокурор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3. Тергеу бөлімінің бастығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 14
2.4. Анықтау
органы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 23

КІРІСПЕ
Заңға сәйкес қылмыстық ізге түсу(айыптау)-«қылмыстық заңмен
тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы
кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де
қылмыстық-құықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау
тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі деп түсіну қажет(ҚІЖК 7-бабының
13-тармағы). Қылмыстық ізге түсу органдары- прокурор(мемлекеттік
айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы(ҚІЖК 7-бабының 14-
тармағы). Сот осы органдар қатарына кірмейді. Прокурор сотқа дейінгі
кезеңдерде, сондай-ақ сотта қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазастан Республикасындағы
прокуратура туралы Заң күші бар Жарлығының 46-бабына сәйкес қылмыстық ізге
түсуді сотқа дейінгі кезеңдерде жүзеге асырушы прокурор:-оқиға болған жерді
қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық қылмыстық іс
қозғау туралы мәселені шешу үшін қажетті басқа да іс-әрекеттер жасауға
хақылы;-қылмыстық іс қозғайды немесе қылмыстық іс қозғауға рұқсат беруден
бас тартады;
-анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін тиісті органға
прокуратура қозғаған қылмыстық істерді береді;-заңда көзделгенжағдайларда
тергеу, анықтама, сондай-ақ жедел- іздестіру қызметін жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың іс-әрекетіне санкция береді;-жекелеген тергеу
әрекеттері бойынша іс жүргізуге қатысады;-қол сұғуға болмайтын құқыққа ие
адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізеді;-
істі сотқа жібереді;Прокурор істі сотқа жіберген кезде қылмыстық ізге түсу
функциясы өзгешелеу жүзеге асырылады. Сотта прокурордың қылмыстық ізге
түсуге қатысуы мемлекеттік айыптауды қолдау түрінде болады. Басқа барлық
жағдайларда прокурор заңдылықты қадағалайды.

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық ізге түсу органдары: прокурор (мемлекеттік айыптаушы),
тергеуші, анықтау органы, анықтаушы. . Қылмыстық ізге түсу (айыптау)-бұл
қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамдарды, оның
кінәлілігін анықтау мақсатында, мұндай адамға жаза немесе басқа да
мәжбүрлеу шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін ж. а. қызмет.
Жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық ізге түсу мен
сотта айыптау жеке, жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылады. Жеке
айыптау істері жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және оның
айыпталушымен бітісуіне орай іс қысқартылады. Жеке-жариялы айыптау істері
жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады және тек ҚР ҚК 67 бабында
көрсетілген мән-жайларда ғана бойынша жәбірленушінің айыпталушымен
бітісуіне орай іс қысқартылады. Жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық
ізге түсу жәбірленушінің шағым беруіне қарамастан жүзеге асырылады[1].

1. Жеке, жеке – жариялы және жариялы ізге түсу мен айыптау істері

Жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық ізге түсу мен
сотта айыптау жеке, жеке – жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылады.
Осы Кодекстің 33 – бабында аталған қылмыстар турал істер жеке айыптау
істері болып саналады, жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және
оның айыпталушымен бітісуіне орай қысқартылуға тиіс.
Осы Кодекстің 34 – бабында аталған қылмыстар турал істер жеке –жариялы
айыптау істері болып саналады, жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады
және тек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 – бабында көзделген
жағдайларда ғана жәбірленушінің айыпталушымен бітісуіне орай қысқартылуға
жатады.
Осы баптың 2 және 3 – тармақтарында аталғандарын қоспағандағы қылмыстар
туралы істер жариялы айыптау істері болып саналады. Бұл істер бойынша
қылмыстық ізге түсу жәбірленушінің шағым беруіне қарамастан жүзеге
асырылады.Егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа
да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға
қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі
бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы.Содай –
ақ жоғарыда атап өткендей, айыпталушы мен жәбірленушіге толықырақ тоқталып
кетейік:

Айыпталушы:
Өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам
не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай
– ақ оған қатысты анықта органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және
бекіткен адам айыпталушы болып табылады. Іс бойынша басты соттың талқылауы
тағайындалған айыпталушы, - сотталушы, өзіне қатысты айыптау үкімі
шығарылған айыпталушы, - сотталған адам, өзіне қатысты ақтау үкімі
шығарылға айыпталушы, - ақталушы деп аталады.
Айыпталушы: заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдерменөзінің
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін
жеткілікті уақыты мен мүмкіндігі болуға; өзінің не үшін айыпталғандығын
білуге және өзін айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының көшірмесін алуға,
қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиісілі құқықтар туралы дереу
түсіндірме алуға; қылмыстық поцесті жүргізуші органнан өзінің құқықтарын
және мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар
етілуге, бұлтартпау шарларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға;
өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беуге; айғақ беруден бас
тартуға; дәлел ұсынуға; өтініш пен қарсылық мәлімдеуге; ана тілінде немесе
өзі білетін тілде айғақ беркге және түсінісуге;аудармашының тегін көмегін
пайдалануға; қорғаушысы болуға; осы одексте көзделген жағдаларда және
тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен
оңаша және құпия жолығуға; тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен
өзінің өтініші бойынша немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің
өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; осы әрекеттердің
хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; сарапшының алдына
мәселелер қоюға, сараптама тағайындаутуралы қаулымен және сарапшының
қорытындысымен танысуға; тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық
материалдарымен танысуға және және одан кез келген мәліметті кез келген
көлемде көшіріп алуға; соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының
іс – әрекеті мен шешіміне шағым беруге; ақтайтын негіздер бойынша істі
қысқартуға қарсылық білдіруге; жария сот талқылауын талап етуге құқылы.
Сотталушының бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі соттың
қарауына қатысуға және тараптың барлық құқықтарын пайдалануға, сонымен
бірге ақырғы сөз құқығына да құқы бар. Сотталған немесе ақталған адамның
сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; соттың
үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдануға және шағымдалған
шешімдердің көшірмесін алуға; іс бойынша келтірілген шағымдар мен
қарсылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге; мәлімделген шағымдар
мен қарсылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.
Іске айыпталушының қорғаушысының немесе заңды өкілінің қатысуы
айыпталушының қандай да болмасын құқығын жою немесе шектеу үшін негіз бола
алмайды[2].
Жәбірленуші:
Қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және
мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адам жәбірленуші
болып табылады.
Адам есі кіресілі – шығысылы адам жасаған Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінде тыйым салынған әрекетпен оған зиян келтірілген
жағдайларда жәбірленуші болып таныла алады.
Адам қылмыстық процесте қылмыстық пройесті жүргізуші орган тиісті
қаулы шығарған кезден бастап жәбірленуші болып танылады. Егер адамды
жәбірленуші деп танығаннан кейін оның бұл жағдайда болуы үшін негіздер жоқ
екені белгіленсе, қылмыстық процесті жүргізуші орган өзінің қаулысымен ол
адамның іске жәбірленуші ретінде қатысуын тоқтатады.
Жәбірленушіге қылмыспен келтірілген мүліктік зиянды, сондай – ақ осы
Кодексте белгіленген ережелер бойынша өкілге арналған шығындарды қоса
есептегендегі оның алдын ала тергеу мен сотқа қатысуына байланысты
келтірілген шағымдарды өтеу қамтамасыз етіледі.
Жәбірленушінің оған келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талабы
азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.
Жәбірленушінің: айыпталушыға тағылған айып туралы білуге; айғақ
беруге; дәлелдер ұсынуға; өтініш пен қарсылық білдіруге; ана тілінде немесе
өзі білетін тілде айғақ беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
өкілі болуына; өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің
хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге; тергеушінің немесе
анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша
жүргізілген тергеу әрекеттеріне қатысуға; тергеу аяқталғаннан кейін істің
барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген
мәліметті көшіріп алуға;т қылмыстық іс қозғау туралы, оны жәбірленуші деп
тану туралы немесе одан бас тарту туралы, істі тоқтату туралы қаулылардың
көшірмелерін, айыптау қорытындысының көшірмесін, сондай – ақ үкімнің ,
апелляциялық сатыдағы сот шешімдерінің көшірмесін алуға; бірінші сатыдағы
отта істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге;
айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан
жағдайда да қолдауға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған
ескерту беруге; қылмыстық процесті жүргізуші органның әрәкетіне шағым
әкелуге; соттың үкімі мен қаулысына шағымдануға; іс бойынша әкелінген
шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық ұсынуға;
мәлімделген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтарды апелляциялық
сатыдағы соттың қарауына қатысуға құқығы бар.
Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда – оның құқықтық мұрагерлерінің
аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына сотталған адамға қатысты үкім
орындалған жағдайжа және өлім жазасына кесілген адамның осы қылмыспен
келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаған кезде
республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
Көрсетілген жағдайларда қылмыспен келтірілген залал үшін мемлекеттің
есебінен өтемақы төлеу туралы мәселені Жәбірленушінің өтініші бойынша өлім
жазасы туралы үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген
жағдайларда, егер залал бір мың ең төменгі есептік көрсеткіштен аспаса,
залалдың толық көлемде өтелуіне құқығы бар.
Жәбірленуші: қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша
келуге, іс бойынша белгілі барлық мән – жайларды шын хабарлауға және
қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзіне іс бойынша белгілі барлық мән –
жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде
және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
Жәбірленуші дәлелсіз себептермен шақыру бойынша келмеген кезде ол осы
Кодекстің 158 – бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және
заңдарға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Жәбірленуші жауап беруден бас тартқаны үшін және қасақана жалған айғақ
бергені үшін заңдарға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.
Зардабы адамның қайтыс болуына жеткізген қылмыстар туралы істер
бойынша Жәбірленушінің осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның
жақын туыстары жүзеге асырады. Егер жәбірленушінің құқықтарын беруге
туыстарының қаза табуына байланысты қылмыспен моральдық зиян келтірілген
бірнеше адам үміткер болып отырса, олардың бәрі не олардың арасындағы
келісім бойынша олардың біреуі жәбірленуші болып таныла алады.
Қылмыспен моральдық немесе мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға
жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда
Жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге
асырады[3].

1.2. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары

А. Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстықьізге
түсу органы өз құзыреті шегінде қылмытсң белгілерін тапқан әрбір жағдайда
қылмыст оқиғасын белгілеуге, қылмыс жсаған кінәлі адамдарды анықтауға,
оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.
Б. Қылмыстық ізге түсу органы жәбірленушіге сот әділдігіне қол жеткізуін
қамтамасыз етуге және қылмыстпен келтірілген зиянды өтеу шараларын
қолдануға міндетті.
В. Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық процестегі өзінің өкілеттілігін
қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсіз және ҚІЖЗ сай
жүзеге асырылады. Қылмыстық іс бойынша объективті зерттеу жүргізуге кедергі
келтіру мақсатында қылмыстық ізге түсу органына қандай түрде болса да ықпал
ету заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар.
Сот, прокурор сондай-ақ, прокурордың келісімімен тергеуші немесе анықтау
органы тиісті жағдайлар болған кезде жәбірленушінің сезіктімен немесе
айыпталушымен ымраласуына байланысты адамды қылмыстық жауптылықтан босата
отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы. Мұндай жағдайларды сот қылмыстық
жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкімін де шығаруға құқықлы. Сотта
қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін жағдайларды
байқаған мемлекеттік айыптаушы айыпталушының қылмыстық ізіне түсуден бас
тартуды мәлімдеуге құқылы. Мемлекеттік айыптаушы мәлімдеген қылмыстық ізге
түсуден бас тарту жеке айыптаушыға қылмыстық істің материалын пайдалана
отырып, айыпталушының қылмыстық ізіне түсуді жалғастыруына кедергі
келтірілмейді. Қылмыстық іс қысқартылғанға дейін айыпталушыға істі
қысқартудың негізі мен осы негіз бойынша оны қысқартуға қарсылық білдіру
құықғы түсіндірілуі тиіс. Қылмыстық істің қысқартылғандығы туралы
жәбірленушіге хабарланады, ол қылмыстық процесті жүргізуші органның
қаулысына жоғары тұрған сотқа немесе жоғары тұрған прокурорға шағымдануға
құқылы.
Сот бойынша ақталған адам, соымен бірге оңған қатысты Кодексте
көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қылмыстық ізге
түсу органының қаулысы шығарылған айыпталушы (сезікті) кінәсіз деп саналады
және оның Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген
құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге болмайды. Сот,
қылмыстық ізге түсу органы осы баптын бірінші бөлігінде көрсетілген адамды
ақтау және оған қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс –
әрекетінің салдарынан келтірілген зияндарды өтеу жөнінде заңда көзделген
барлық шараларды қолдануға тиіс[4].

1.3. Қылмыстық із қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиісті
жағдайлар

1) қылмыс оқиғасы мен әрекетте қылмыс құрамының болмауы;
2)егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету
актісінің салдары;
3) мерзімінің ескіруіне байланысты;
4) жеке айыптау істері бойынша айыптаушының айыптаудан бас тартуы;
5) өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі
не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін
жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;
6) белгілі бір айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық ізге
түсуден бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты; 7)
қылмытық іс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті
есе кіресілі- шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты; 8) іс бойынша іс
жүргізу қайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты
тергеу үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты; ҚР
ҚК ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылға жататын
адамдарға қатысты. Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іхге түсуді жоққа
шығаратын жағдайды байқағаннан кейін сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген
сатысында қылмыстық із қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі
қысқарту туралы қаулы шығарады. Прокурор істі соттың басты талқылауында
қарау басталғанға дейін оны соттан кері қайтарып алуға және қысқартуға да
құқылы. Қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайларды байқаған сот
қылмыстық істі қысқарту туралы мәселені шешуге міндетті.

2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ФУНКЦИЯСЫ

Отандық құқықта қылмыстық ізге түсу функциясы Конституция деңгейінде
тұңғыш рет орнықтырылып, оның 83-бабында прокуратура, заңмен белгіленген
жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырады деп
белгіленген. Заңға сәйкес қылмыстық ізге түсу (айыпгау) — "қылмыстық заңмен
тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы
кінәлілігш анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де
қылмыстық-құдықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін
айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі" деп түсіну қажет (ҚІЖК 7-
бабының 13-тармағы).
Қылмыстық ізге түсу органдары — "прокурор (мемлекеттік айыптаушы),
тергеуші, анықтау органы, анықтаушы" (ҚІЖК 7-бабының 14-тармағы). Сот осы
органдар қатарына кірмейді. Прокурор сотқа дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ
сотта қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асырады.
Прокурор істі сотқа жіберген кезде қылмыстық ізге түсу функциясы
өзгешелеу жүзеге асырылады. Сотта прокурордың қылмыстық ізге түсуге қатысуы
мемлекеттік айыптауды қолдау түрінде болады. Басқа барлық жағдайларда
прокурор заңдылықты қадағалайды. Қылмыстық ізге түсуді тергеүшінің, анықтау
органының, анықтаушының жүзеге асыруының прокурор қызметінен
айырмашылығы—прокурор қылмыстық ізге түсуді заңдылықты қадағалау
міндеттерін шешумен ұштастырады. Сонымен бірге, аталған органдардың қызметі
негізінен қылмыстық ізге түсуге бағытталған. Басқа барлық функциялар олар
үшін екінші дәрежелі сипатта болады[5].
Қылмыстық ізге түсу істі тергеу функциясына жақын жанаса отырып, онымен
үйлеспейтінін ескеру қажет. Осы екі функцияны жүзеге асыру үшін анықтаушы,
тергеуші, прокурор уәкілеттіктерінің іс жүзінде бірдей екені қылмыстық іс
қозғау қылмыстық ізге түсу басталғанының дәлелі болып табылатынын тіпті де
білдірмейді.
Басты айырмашылық мынада: қылмыстық ізге түсу қылмысқа қатысты емес,
ал қылмыс жасаған адамға қатысты жүзеге асырылады. Демек, қылмыс жасаған
адамды анықтамастан қылмыстық іс қозғау фактісі қылмыстық ізге түсу немесе
қылмыстық ізге түсуді қозғау басталғанының дәлелі болып табылмайды. Адам
тек қылмыс жасағанының белгілері бар жағдайда ғана қудаланады.

2. Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және
қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді
қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және
іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық
сот ісін жүргізуге өкілетгі лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды,
сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды түсіну керек.
Ғылымда процеске қатысушылар мәнінің сыртқы жағын түрліше түсіну
байқалып отыр. Атап айтқанда, М. М. Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне
белгілі бір дәрежеде қатысатын адамдар процесс субъектілеріне және
қатысушыларына бөлінеді деп санайды. Субъектілер — сот ісін жүргізуді
жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі —
процеске қатысушылар. Л. Д. Кокоревтің пікірінше, "субъектілер" және
"қатысушылар" терминдері — мән-маңызы бірдей ұғымдар, бірақ қылмыстық
процесс үшін "қатысушылар" термині лайықтылау, өйткені "субъектілер"
термині жалпылама сипатта.
Процесс субъектілері мен қатысушыларына бөлу біршама жасанды сипат алып
отыр деп топшылауға негіз бар, өйткені құқық қатынастарына қатысушылардың
кез келгенінде құқықтар да, міндеттер де бар. Айырмашылық — сол құқықтар
мен міндеттердің сипаты мен бағытында. "Субъект" терминін пайдаланудың
орынды екенін ҚІЖК құрылымынан көруге болады, онда қылмыстық процеске
тартылған адамдар "процеске қатысушылар" деген бір ұғыммен білдірілген.
Процеске қатысушылар мәнінің ішкі жағы да айтыс туғызуда. Процеске
қатысушылар категориясына жататын адамдар шеңберін анықтау проблемасына
түрлі ғылыми мектептер түрліше қарайды.
Процеске қатысушыларға жататын адамдар түсінігінде мынадай үш көзқарас
барынша айқын байқалды.
1. ҚІЖК нормалары процеске қатысушылар тізбесі берілген бөліктерде бір-
біріне сәйкес келмейді, мысалы:
а) ҚІЖК-тің 7-бабының 9-тармағында "процеске қатысушылар"—
қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын
органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде
өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын
адамдар:
прокурор (мемлекеттік айыптаушы) тергеуші, анықтау органы, анықтаушы,
сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер,
оның заңды өкілі мен өкілі, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық
талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері" деп түсіндірілген;

2.1. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган
ретіңде

Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының мәнін сипаттай келіп, Б. А.
Галкин мемлекет қылмыстық іс жүргізу құқығының субъекті ретінде онда ерекше
орын алатынын, ал мемлекеттің билік иесі ретінде іс жүргізу қызметіне
қатысуы қылмыстық іс жүргізу қатынастары арқылы да жүзеге асырылатынын өте
орынды атап көрсетті. Мемлекеттің қатысуы арнайы тағайындалған органдар
арқылы жанама түрде жүзеге асырылады, сол органдардың бірі — сот.
Соттың қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны
сот билігі органы деп белгіленген. "Сот, сот төрелігін жүзеге асырушы
мемлекеттік билік органы ретінде,— деп атап көрсетеді М. А. Чельцов,— іс
жүргізу қызметінің басты субъектісі болып табылады". Сот ұғымына заң
шығарушы сот құрамын қосқан (судья мен судьялар алқасына процесте істің мән-
жайын зерттеу жөніндегі тең құқықтар берілген)[6].
Соттың процестегі басшылық рөлі оның істі әділ сот жүргізу арқылы нақ
шешу жөніндегі функциясымен айқындалады. Сот функциясы мазмұнына мыналар
кіреді:
а) істі нақты шешу жөнінде қажетті жағдайлар жасау;
ә) істін нақты жағын (объективті ақиқатты) анықтау;
б) егер адам қылмыс жасаса, қылмысқа заң тұрғысынан баға беру және
жазалау шарасын белгілеу;
в) егер қаралатын қылмыста қылмыс белгілері жоқ болса немесе
сотталушының кінәсіз екені анықталса, сотталушыны ақтау;
г) заңды негіздер бар болса, істі қысқарту.
Сот құрамының заңдылығы, тәуелсіздігі, құзыреттілігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қылмыстық іс жүргізу
Қылмыстық ізге түсудің мазмұны мен маңызы
Ақтау және қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу
Қылмыстық ізге түсуді болғызбайтын мән жайлар
Заңға сәйкес кылмыстық ізге түсу
Қылмыстық іс жүргізу функцияларының жүйесі
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зияңды өтеу қылмыстық іс жүргізу
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қылмыстық ізге түсу
Пәндер