Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білімді ақпараттандырудың дамуына әсері



Білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруіне сәйкес инновациялық үдерістердің қарқындылығы артуда. Дәстүрлі үдерістен инновациялық үдеріске көшу талабы қазақ тілі мамандарының жаңа педагогикалық технология ауқымында әрекет жасауларына себепші болуда. Бүгінгі күндегі озық педагогикалық технологиялар арасындағы өзектілігімен, пәрменділігімен айшықталатыны – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Мемлекеттік тілді оқытуда соңғы мақсатты нәтиже – қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің ең негізгі тетігі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану. Бұған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6435 өкімімен бекітілген білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасында: «Оқу үдерісінде педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі», – делінген. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Қазақстан Республикасында қабылданған білімді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру саласын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған.
Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы мамандарының күш-жігерін жан-жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді. Білімді ақпараттандыру – қазақ тілін үйретудің басты талабы. Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты тіл үйретудің мазмұны жаңарып отырады. Қазақ тілін үйретуде қолданылатын ақпараттық білім ортасы тіл үйренушінің ақпараттық сана-сезімінің, қатысымдық құзыретінің қалыптасуына зор әсер етеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білімді ақпараттандырудың дамуына әсері
Білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруіне сәйкес инновациялық
үдерістердің қарқындылығы артуда. Дәстүрлі үдерістен инновациялық үдеріске
көшу талабы қазақ тілі мамандарының жаңа педагогикалық технология ауқымында
әрекет жасауларына себепші болуда. Бүгінгі күндегі озық педагогикалық
технологиялар арасындағы өзектілігімен, пәрменділігімен айшықталатыны –
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз
пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-
психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық
сауаттылық талап етілуде.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің
деңгейіне көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай
ақпараттандыру. Мемлекеттік тілді оқытуда соңғы мақсатты нәтиже –
қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің ең негізгі тетігі – ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану. Бұған байланысты
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6435
өкімімен бекітілген білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік
бағдарламасында: Оқу үдерісінде педагогикалық және ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді
дамытудың басты бағыттарының бірі, – делінген. Қазақстан Республикасының
“Білім туралы” Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы
мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің
біріне айналып отыр.
Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық
моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім
беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Қазақстан Республикасында
қабылданған білімді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің
біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты
білім беру саласын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық
жүйесін жасауға бағытталған.
Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады,
оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес,
білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен
тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың,
психологтар мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар саласы мамандарының күш-жігерін жан-жақты
жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді. Білімді ақпараттандыру – қазақ
тілін үйретудің басты талабы. Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына
байланысты тіл үйретудің мазмұны жаңарып отырады. Қазақ тілін үйретуде
қолданылатын ақпараттық білім ортасы тіл үйренушінің ақпараттық сана-
сезімінің, қатысымдық құзыретінің қалыптасуына зор әсер етеді.
Тіл үйренушілердің жаңа ақпараттық және білімдік ортада табысты іс-
әрекет етуі олардың бойында ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктің
қалыптасу деңгейі мен ақпараттық мәдениеттілігінің үстем болуына байланысты
болып келеді. Ақпараттық мәдениеттің деңгейі тұлғаның ақпараттық кеңістікте
өз адамгершілігін анықтау және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытумен
байланысты әлеуметтік маңызды өмір сүру тәсілін көрсетеді. Ақпараттың адам
өміріне қаншалықты әсер етуіне қарай соншалықты оның жеке тұлғалық
ерекшелігі, ақпараттық мәдениеті айқындалады. Қоғамды ақпараттандыруды
дамытудың негізгі факторларының бірі – білім беруді ақпараттандыру. Олай
болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен
ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет. Білім беруді
ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық
мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда білім беру саласының теориясы мен
практикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-
жақты қолдану үдерісі.

Қазіргі жаппай ақпараттандыру заманында қазақ тілін үйрету мен
ақпараттық технологияларды игеру жарыспалы түрде қолданылады. Ақпараттық
қоғам кезінде оқытушы тіл үйренушілердің алдында жалғыз ақпарат көзі
болмайды. Ол ақпарат алуды жеңілдететін аралық тұлғаға айналады. Адамзат
өркениетінің іргелі сипаты қажетті ақпаратты іріктеп алу, жинақтау, өмірге
бейімдеп өңдеу және тұтыну болып табылады. Ақпараттық қоғамда алғашқы
компьютерлік сауаттылық пен оны пайдалана білуді меңгермейінше, белгіленген
міндеттерді шешу үшін компьютерлік құралдарды пайдалана білмейінше қазіргі
ғылым мен мәдениетте, өндірісте, іскерлік пен қоғамның басқа да саласында
адамның шығармашылық әлеуетін толық пайдалану мүмкін емес. Сондықтан қазақ
тілін үйретуде қатысымдық құзыреттіліктің жоғары белсенді түрін дамыту
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданғанда жүзеге асады.
Жалпы “Ақпараттық технология” термині ғылымда XX ғасырдың 40-50
жылдары пайда болған, оны Америкада XX ғасырдың басында дидактиктер оқуға
арналған медиа (instructional media), оқыту машиналары (teaching
machines), оқытуды автоматты түрде басқару (programmed instruction)
сияқты ұғымдармен атаған. Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулерін
талдай келе, біз мынадай анықтама ұсынамыз: Ақпараттық-коммуникациялық
технология дегеніміз – мәліметтерді әр түрлі деңгейде, әр түрлі нысанда
ұйымдастыруға қолайлы, жылдамдығын бірнеше мәрте арттыруға, қол жетпейтін
көрнекіліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін, технологиялық тізбекке
біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау,
сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік
және программалық – техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы.
Оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу және басқару қызметінде жаңа ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне
толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үдерісіне
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу қоғамды
дамытудың жоғары тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына
көшу болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу
үдерісінде пайдалану – ғасыр талаптарына сәйкес тәрбие беруде тұлғаның
танымдық ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа ұмтылдырады. Оқу
үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең көлемде енгізу
педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдерді
қолданудың артуына алып келеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi программалау ортасында Қазақстан туралы мәліметтер қорын даярлау
Педагогикалық ресурстарды тиімді қолдану мәселелері үшін қолданылатын ақпараттық технологиялар
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері
Интерактивті тақтаны пайдалану
Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші
Биологияны оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
Пәндер