Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы


Мазмұны
Кіріспе . . . 2 бет.
І - тарау. Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы.
- Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні . . . 3-4 бет.
- Құқықтық жүйелердің ұғымы және түрлері . . . 4 бет.
1. 3 Құқықтық жүйе және заңнама жүйесі . . . 4-7 бет.
1. 5 . Қазақстан Республикасының құқық жүйесін одан әрі дамыту мәселесі . . . 7-18 бет.
ІІ - тарау. Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы.
2. 1 Англо - саксондық құқықтық жүйе . . . 19 бет.
2. 2 Роман - германдық құқықтық жүйе . . . 19 бет.
2. 3 Мұсылмандық құқықтық жүйе . . . 20 бет.
2. 4 Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық . . . 20-22 бет.
2. 5 Дәстүрлі құқықтық жүйе . . . 22 бет.
Қорытынды . . . 23 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 24 бет
Кіріспе
Жеке меншік, азаматтық қоғам, еркін кәсіпкерлік қатынастарын реттейтін азаматтық құқық одан әрі дами түсті. Қылмыстық құқықта адамның табиғи, ажырамас құқықтары мен бостандықтарының басымдығына негізделген, қорғалуға тиіс әлеуметтік құндылықтардың түбегейлі жаңа сатысы айқындалды. Әлемдік қоғамдастықта орныққан принсіптерге едәуір сәйкес келетін азаматтық іс-жүргізу, қылмыстық іс-жүргізу және қылмыстық атқару заңнамасы елеулі өзгерді.
Мемлекет және құқық теориясындағы құқық жүйесі мәселесі өзекті де қызықты деп ойлаймын. Сондықтан да осы тақырыпты таңдадым және бұл жұмысты жазудағы алға қойған мақсатым: құқық жүйесі мен құрлымына, олардың мазмұнына, құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатнасына, Республикамыздың құқық жүйесін одан әрі дамыту мәселелеріне, конститутциялық құқықтың және Қазақстан Республикасының Конститутциясының құқық жүйесіндегі орны мәселелеріне талдау жасау.
Сонымен қатар Қазақстандық құқықтық жүйенің қоғамның әлеуметтік-эканомикалық және қоғамдық-саяси өмірін уақтылы реттеуден, құқық қорғау органдары қызметінің жазалау қуғындау әдістерінен, сот ісін жүргізудегі айыптауға бейімдіктен және мемлекет пен жеке меншік иесінің өзара қарым қатнастарындағы мекмлекеттік мүдделер басымдығынан арылу жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасының Коституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принсіптері мен нормаларына сәйкес елдің құқықтық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнама одан әрі дамытуды, атап айтқанда қолданыстағы заңдарды кезең-кезеңімен жетілдіруді, сондай-ақ қажет жағдайда қоғамды одан әрі демократияландыру талаптарына және оны әлеуметтік эканомикалық дамыту міндеттеріне сай келетін жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылдауды талап етеді.
Жұмысты жазу барысында Ресей және еліміздің құқық саласындағы ғалымдардың: Ғ. С. Сапарғалиев, Т. Ағдарбеков, Қ. Д. Жоламан, А. Қ. Мұхтарова, А. М. Тәукелев, С. С. Алексеев, Н. В. Хропанюк, А. С. Пиголкин, Б. с. Эбзеев, Ю. А. Тихомиров, еңбектері, сонымен қатар Қазақстан халқына арналған жолдаулары және өзге де нормативтік-құқықтық актілер пайдаланылды.
І - тарау Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы.
1. 1. Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні. Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы дау - дамай осы күні де жалғасуда. Американың ірі этнографы Л. Морган 1877 өзінің « Ежелгі қоғам» деп аталатын еңбегінде, Ф. Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ, олардың пікірлері қазіргі тарихи - құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада бағалануда.
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жасап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи - құқықтық әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан.
Схема жүзінде құқықтың пайда болуы былайша көрініс береді:
Құқықтың өзіне тән мынандай нышандары бар:
- Құқық мемлекетпен норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі. Парламент - заң, президент - жарлықтар, үкімет - қаулылар мен өкімдер, салалы министрліктер - ережелер мен бұйрықтар, жергілікті органдар - шешімдер шығарады. Олар нормативтік қасиетке ие.
- Құқық қоғамдық қатынастарға түскен барлық субъектілерге бірдей қолданылады. Құқық атақ, лауазым, шен, дәрежесіне қарамайды, бәріне тең және бірдей қолданылады, оны орындау, сақтау бәріне міндетті.
- Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін және ең кең қолданатын нормалардың жиынтығы. Әдет - ғұрып, діни, дәстүр сияқты нормаларға қарағанда реттеу функциясы өте кең, мемлекеттегі субъектілердің бәріне қатысы бар.
- Құқық формальды - айқын болып сипатталады, яғни мемлекет тарапынан мойындалып, нормативтік - құқықтық кесім, сот преценденті және бекітілген әдет - ғұрып формалары арқылы қоғамдық қатынастарды реттейді.
- Құқық бүкіл халықтың ұлттардың, партиялардың, әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың еріктерін білдіреді.
- Құқық өзінің ішкі құрылымымен, жеке салалар мен институттарға бөліну арқылы бір - бірімен үйлесімді мағынадағы жүйені құрайды.
- Мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басқару, билік жүргізу барысында құқықтық қатынастарға түскен субъектілер құқық нормалары бекіткен мінез - құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда күш қолдану арқылы іс жүзіне асырды.
1. 2. Құқықтық жүйелердің ұғымы және түрлері. Дүниежүзілік қауымдастықтың құрамына кіретін мемлекеттердің өздеріне тән ұлттық дамуы және қалыптасқан мемлекеттік формаларымен қатар құқықтық жүйелері де дамып, материализацияланған құбылысқа ұласады. Құқықтық жүйелердің функциялары әдістемелері әр халықтық тарихи дамуына, этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылық ұйымдастыру жағдайына байланысты болады. Негізінде дүниежүзінде қалыптасқан құқықтық жүйелер жалпы ұғым ретінде қабылданған болса, оның ішкі реттеу тетіктері, қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерді, діни, әдет - ғұрып сияқты құндылықтарды ескеруді талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйе дегеніміз әр мемлекеттерде қалыптасқан құқық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен ерекшеліктерге ие болған нормалардың, и құндылықтардың, көзқарастардың, ерекшеліктердің жиынтығы. Дүниежүзілік құқықтық жүйе негізінде бес түрге бөлінеді:
- Мұсылмандық құқықтық жүйе;
- Роман - германдық құқықтық жүйе;
- Англо - саксондық құқықтық жүйе;
- Дәстүрлік құқықтық жүйе;
- Көшпелі өркениетінің құқықтық жүйесі. Құқықтық жүйе және заңнама жүйесі. Заң әдебиетінде қабылданған және орныққан ереже, аксиома бойынша негізінде құқықтық жүйе құқықтық ішкі құрылымын білдіреді және объективтік сипатқа ие.
Ал, заңнама жүйесі құқықтың қайнар көзінің формасы ретінде субъективтік сипатқа ие, заң шығарушының еркіне тікелей байланысты. Осыған байланысты заңнама жүйесі заң ғылымында екі мағынада түсіндіреледі:
- Кең көлемде. Бұл көзқарас, пікір бойынша заңнама жүйесінің құрамына Парламент шығарған кесімдер мен заңға сәйкес қабылған басқару органдарының кесімдері (қаулылар, өкімдер, ережелер, бұйрықтар, шешімдер) кіреді, құрамдас бөлігі ретінде танылады.
- Тар көлемде. Бұл көзқарас бойынша заңнаманың құрамына тек қана заң шығаратын - Парламенттің шығарған кесімдері - заң және оның қаулылары кіреді. Басқа мемлекеттік басқару, атқауршы органдардың кесімдері кіруі тиіс емес.
Екі көзқарастың қайсысы дұрыс? Біздің ойымызша заңнама жүйесін кең көлемде түсіну Парламент шығарған заңнын беделін түсіреді, оның басқа нормативтік құқықтық кесімдерден жоғары екендігін әлсіретеді. Атқарушы, орындаушы органдарға заңнаманы кең көлемде түсіну пайдалы, себебі, барлық қызметтерін заңның атымен байланыстырып қарайды. Бұл көзқарас заңның атымен байланыстырып қарайды. Бұл көзқарас заңның басқару органдарының кесімдерімен, бұрмалануына тікелей жол ашады. Заңды қолдану орнына ереже, нұсқауларды пайдаланады, заңсыздыққа жол беріледі. Кеңес дәуірі кезінде «Заңнама жүйесі деген заңдардың және заңға сәйкес қабылданған кесімдердің жиынтығы» деген қағида үстемдік етті. Мысалы, сол кездегі азаматтық кодексте сатып алушы тауардың сапасыз екенін байқаса, оны сатушыға қайтарып, ақысын алуға құқы бар деген норма болды. Бірақ, азаматтардың бұл құқықтарын іс жүзіне асыру өте қиынға соқты. Сауда министрлігі өз тарапынан бірнеше ережелер қабылдап, Кодекстің талаптарын жокка шығарған. Ал, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі заңға қарама - қайшы келетін ережелер мен бұйрықтарды лек - легімен қабылдап жатты.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырды. Міне, сондықтан да заңнама жүйесіне тек ғана Парламент шығарған заңдар мен басқа кесімдері ғана кіруі қажет. Сонда ғана қоғамда, мемлекетте заңның үстемділігі орнайды. Ал, басқару органдарының қабылдаған кесімдері заңнама жүйесіне енбеуі қажет.
1. 4. Құқық жүйесі құрылымының қағидалары. Құқықтық жүйе әр түрлі, әр топтағы құқықтың нормалардың өзіне ғана тән құқықтың реттеу пәнін қалыптастырады. Яғни, құқықтық нормалардың топтасуы, бірігуі, соның нәтижесінде бір құқықтық нормалардың топтасуы, бірігуі, соның нәтижесінде бір құқықтық саланы құрауы құқықтық реттеудің пәніне құрайды. Мысалы, әкімшілік құқық саласы әкімшілік сияқты құқық нормаларының жиынтығы, біртекті қоғамдық қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық біртекті мүліктік және мүліктік емес қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын атқаратын. Экологиялық құқықтық пәні экологиялық құқық нормаларының табиғатты, қоршаған ортаны ластаудан қорғауда біртекті қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды.
Құқықтық реттеудің тәсілі дегеніміз құқық нормаларының қоғамдық қатынастарға әсер ететін тәсіл, амалдардың жиынтығы.
Құқықтық жүйе негізінде құқық нормаларынан, құқықтық институттардан және құқықтық салалардан тұрады.
- Құқықтық нормалар - құқық институттарын құрайды.
- Құқықтық институттар дегенніміз арнайы айшықталған қоғамдық қатынастарды реттейтін біртекті, біркелкі нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық саласындағы меншік құқық институты немесе мәміле, міндеттемелік институттары. Қылмыстық құқықтағы жаза институты және т. б. Басқа құқық салалары да осындай көптеген институттардан қалыптасады.
- Құқық саласы дегеніміз біртекті құқықтық нормалардан қалыптасқан және қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық нормалары мен институттар негізінде құқық салаларын қалыптастырады.
Құқық нормалары
Құқық салалары материалдық және процессуалдық болып көрінеді. Материалдық құқыққа конституциялық, әкімшілік, азаматтық, отбасы, еңбек, қылмыстық сияқты құқық салалары жатады.
Процессуалдық құқық мемлекет бекіткен, қабылған материалдық құқық нормаларын қолданудың, іс жүзіне асырудың арнайы тәртіптерін бекітеді. Оған азаматтық іс жүргізу құқы, қылмыстық іс жүргізуді құқы жатады.
Жеке құқық деген адамдар мен ұйымдардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жүйесі. Оның құрамына азаматтық, отбасы, еңбек тұрған үй сияқты құқық салалары кіреді. Жеке құқық негізінде тұлғалардың жеке корпоративтік мүдделерін қанағаттандыру мақсатын көздейді, тең құқылық негізінде диспозитивтік нормалармен реттеледі және құқықтық қатынастар жасалған шарттар негізінде қалыптасады.
Жариялық құқық - жалпы мүдде мақсатында мемлекеттік билік пен басқарудың қызметтерін іс жүзіне асырудағы тәртібін бекітетін нормалар жүйесі. Бұл құқық саласына конституциялық, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық іс жүргізу құқықтары жатады. Жариялық құқық қоғамдық, мемлекеттік мүдделерді қанағаттандырады, жеке адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді, императивтік нормалар басымдық танытады, жаза қолдану, айып салу кең етек жайған.
Заң әдебиетінде сонымен қатар құқық салаларын негізгі және комплекстік құқық деп бөліп қарауды ұсынып жүр. Бұл пікірді қолдайтын негізгі құқық салаларына конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық азаматтық іс жүргізу құқықтарын жатқызады. Ал, комплекстікке экологиялық, теңіз, ғарыш, кәсіпкерлік, жер, қаржы сияқты құқық салаларын кіргізеді. Комплекстік құқық саларында өздеріне тән құқықтық реттеу тәсілдері болмайды. Сондықтан кейбір құқық салаларын комплекстік деп қарау қабылданған аксиомаға қарсы келеді. Қазақстан Республикасында көптеген құқық салалары қалыптасқан. Материалдық құқық салаларына мыналар жатады:
- Конституциялық құқық
- Әкімшілік құқық
- Азаматтық құқық
- Қылмыстық құқық
- Қылмыстық құқық
- Отбасы құқығы
- Еңбек құқығы
- Экологиялық құқық
- Қаржы құқығы
- Салық құқығы
- Жер құқығы.
1. 5. Қазақстан Республикасының құқық жүйесін одан әрі дамыту мәселесі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында жария етілген, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, құқықтың үстемдігі, бір тұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөлінуі және олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы келісе қызмет істеуі принциптеріне негізделген демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру бағытының заңнамада дәйекті түрде іске асырылуын қамтамасызет керек.
Бұл орайда адам құқықтарының басымдығын қоғам мен мемлекеттің мүделерімен үйлесімді сәйкестендірген жөн.
Құқық жүйесін бұл бағытта дамыту, оны халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принціптері мен нормаларына, халықаралық стандарттарға дәйекті түрде сәйкес келтіру қажеттілігі Мыңжылдық басқосуында (2000 ж. ) қабылданған БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясында бекітілген. Декларация мемлекеттердің, әлемдік қоғамдастықтың «демократияны қолдау және құқықтық тәртіпті нығайту» үшін күш-жігер жұмсау қажеттігін ерекше атап көрсетеді.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2002 жылы 20 қыркүйекте, Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Құқықтық саясат тұжырымдамасы тек құқықтық жүйе дамуының бағытын айқындап қоймай, сонымен бірге құқықтың саясаттың әлеуметтік-эканомикалық және саяси салалардағы реформалармен үилесімдігін қамтамасыз етуі тиіс.
Құқықтық даму мақсаттарының бірі саяси жүйені жетілдіру болып табылады. Халықтың саяси белсенділігінің заңдылық нысандарының алуан түрлілігі мен мәдениетін шынайы қамтамасыз ету қажет. Үкімет туралы заңнама оның қызметінің тиімділігін және қабылданған шешімдері үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында жетілдіруді қажет етеді. Сайлау заңдарын, сайлау процесін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру, бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау іс-шараларын әділ де толық көрсетудегі рөлін нығайту және жауапкершілігін арттыру қажет.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында біртұтастық пен басқарушылық талаптарының бұлжымай орындалуы жағдайында мемлекеттік биліктіктің түрлі деңгейлері арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар тұрғызу мақсатқа сай болмақ.
Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын кезең-кезеңмен қалыптастыру азаматтық қоғам институттарын нығайтуға ықпал етпек.
Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын (омбудсмен) құру қажеттілігі туындап отыр еді. Осыған орай 2002 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президентінің «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы» Жарлығы қабылданды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл - өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау өкілеттіктері берілген, адамның және азаметтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға.
Бұқаралық ақпарат құралдары нарығын дамыту, оның экономикалық дербестігін, сондай-ақ оларға қоғамдық және мемелекеттік бақылау жасау тетігін қамтамасыз ету саласындағы заңдарды одан әрі жетілдіру қажет.
Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін заңдар жетілдіру талап етеді. Нарықтық экономикаға өту, мемлекеттің меншік иесі, монополист, елде шығарылатын өнімнің негізгі өндірішісі және ұсынушысы рөлінен бас тартуы азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар саласын сапалық тұрғыдан кеңейтті. Азаматтық құқық еңбеу, отбасылық және өзге де қоғамдық қатынастарға барған сайын дендеп ене түсті. Мұның бәрі мемелекеттің құқықтық жүйесінің мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғайтын бұқаралық құқық пен жеке мүдделерге қызмет етіп, оны қорғауды қамтамасыз ететін жеке құқыққа ауқымды бөліну процесі аясында жүріп жатыр.
Осымен байланысты жеке, қоғамдық және мемелкеттік мүдделерді байыпты үлестірудің шұғыл қажеттілігі сақталып отыр. Бұдан келіп, заң шығарушының азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудегі негізгі міндеті. Мұндай құқықтық қатынастарға қатысушылардың барлығының мүдделерін қорғайтын нақты құқықтық тетігі бар. Еркін нарыққа барынша кең өріс ашу болмақ.
Осыған орай, бұлжымай орындалар болса, азаматтық заңдардың одан әрі дамуы жүзеге асуы тиіс азаматтық заңдар принциптері ерекше өзектілікке ие болады. Негізгі принциптер қатарына мыналарды жатқызуға болады: 1) Мемлекеттің немесе оның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің азаматтық құқық қатынастарына енерде өз азаматтық-құқықтық серіктестері алдында қандай да бір артықшылықтары немесе жеңілдіктері болмайтынын, ал кез келген ұйымдық нысандағы заңды тұлғалар азаматтық құқық қатынастары субъектілері ретінде жеке тұлғаларға теңестірілетінін, және де шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғалар, Республика заңдарында белгіленген шегіністер болмаса, қазақстандық азаматтар мен заңды тұлғалар секілді құқықтар мен міндеттерді, әрі нақ сол тәртіппен иемденетінін білдіретін азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі; 2) ең алдымен, меншік иесінің өз мүлкін өзінің жеке ұйғарымы бойынша пайдалану мүмкіндігін тануды білдіретін меншікке қол сұқпаушылық; бұл орайда меншік иесінің өз құқық өкілеттігін жүзеге асыруы өзге адамдардың және мемлекеттің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс; 3) кез келген тұлғаның өз қалауы бойынша және мәжбүрлеусіз шешім қабылдау - өзінің қандай да бір шартқа кіру-кірмеу өзі шартқа отыруды қалаған серіктесін таңдау және шарт талаптарын айқындау құқығы барлығын білдіретін азаматтық-құқықтық шарт жасасу еркіндігі; 4) әрекетке қабілетті азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өз мүлкіне иелік етуіне, пайда табуына, кірістерін жаратуына мемлекеттік органдар мен басқа да тұлғалардың ықпал етуіне жол берілмеуін білдіретін, мемлекеттің және үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы; 5) азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілері ретінде кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғау.
Жалпы алғанда, азаматтық заңдар меншікке қол сұқпаушылықты және тауар-ақша қатынастарына қатысушылар қызметінің еркіндігін қорғауы тиіс. Бұл үшін бірінші кезекте меншік құқығын, мүліктік және міндеттілік құқық институттарын одан әрі де дамытуға, жеке адам мен қоғам мүдделерінің барынша үйлесуінің, құқықты оның әлеуметтік мақсатына сай пайдаланудың негізінде жеке-құқықтық қатынстардың заңнамалық базасын жетілдіру қажет. Нарықтық қатынастардың одан әрі дамуы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік институтын енгізуді қажет етеді.
Азаматтық құқықты дамытудың басымдылық бағыттарының бірі зияттық меншік объектілеріне құқықты реттейтін заңдарды одан әрі жетілдіру болуы тиіс. Ол авторлар мүдделерін, сол секілді Қазақстанның экономикалық, технологиялық және ақпараттық қауіпсіздігі мүдделерін сақтауға негізделуі тиіс. Ғылыми-техникалық жетістіктерді құруға және пайдалануға қатысты бірқатар заң және заңға тәуелді актілерді қабылдау қажет, олар өз кезегінде азаматтардың - санаткерлік меншік объектілеріне айрықша құқы барлардың әрі объектілер иелерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шаралар кешенін практикада іске асыруға мүмкіндік береді.
Жұмыс берушілердің өз жұмысшыларын міндетті медициналық сақтандыруын енгізу туралы мәселе шешімін талап етеді, бұл халыққа медициналық көмек көрсету көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді, сол секілді әлеуметтік тәуекелдер түрлері мен төлемдер негіздері бойынша заңдарды кезеңдеп жүйелеу көзделуде. Еңбек қабілетін жойған, асыраушысынан айрылған немесе жұмысын жоғалтқан жағдайда халықты қосымша әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру үшін құқықтық база қажет.
Нарықтық эконмикада орын алған еңбек қатыныстары нысандарының әр алуандылығы мен күрделілігі еңбек заңдарын одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Бұл орайда еңбек құқық қатынастарын реттеу қазақстандықтар мүдделерінің басымдылығы тұрғысында өрбуі тиіс.
Мұнымен бірге Қазақстанда азаматтық қызмет институтын құру және дамыту үшін заңдылық негіз құру қажеттілігі туып отыр. Әлеуметтік қарама-қайшылықтарды құқықтық әдістермен шешу тетігін құрудың, әлеуметтік шиеленістің саяси өріс алуын болдырмаудың маңызы зор. Мұнда кәсіптік одақтардың қызметі шешуші фактор болып табылады. Осыған байланысты олардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында кәсіподақтар туралы заңдар жетілдіруді талап етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz