Құран хикаялары



1. Құран Кәрім "Қарұн" атты тәкәппар адамды мысалға келтіріп, "Қасас" сүресінің 76- дан 83-ге дейінгі аяттарында "Қарұнның" хикаясын баяндайды. "Қарұн" Мұса пайғамбардың елінен болатын. Ол аса тәкәппар ауқатты адам еді. Малы мен байлығын өз білімінің жемісі деп білетін. Ол Алланы ескермей, айналасын қоршаған күзетшілерімен және көздің жауын алатын әшекей бұйымдарымен халық арасына келуші еді. Құран"Қарұн" туралы былай дейді:"Алланың саған берген дәулетімен ақырет жұртын ізде де дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді."
Жалғасында Құран "Қарұнның" тәкәппарлығының ақыры неге әкеп соқтырғанын баяндайды. Бір күні ол сән салтанатымен халық арасына келді. Байлық пен дүниедегі өткінші ләззәттардың соңында болған халық күйінішпен: Әттең! Бізде де Қарұндікі тәрізді байлық болса еді десті. Алайда барша жұрт таң қалып тамсанып отырғанда кенеттен Қарұн мен оның үйін жер жұтып қояды. Алланың азабы алдында мал мүлкі мен күзетшілері де оны құтқара алған жоқ. Құран осы қызық хикаяның қорытындысы ретінде:"Ия, мына ақирет сарайын тек жер жүзінде басымдық етіп, бұзықтық жасауды қаламайтындарға береміз. Тақуаларға берілетін сый жақсылық болады,"-дейді. Басқаша айтқанда, мал мен байлық және одан туындайтын дүние қызықтары адамның кеудесін керіп, Алланың алдында шектен шығып, күнә жасауына себеп болмауы тиіс. Өйткені ақирет азабына ұшыратады.
Тарих бойында ауқатты және күшті адамдар аз болған жоқ. қазір де біз осындай адамдарды кездестіреміз. Тәкәппар адамдар өзінің байлығын илаһи нығмет емес, білімдерінің жемісі деп біліп, оны мәңгілік қуаныш- қызық деп ойлайды. Екінші жағынан әлсіз әрі қайратсыз адамдар да кездеседі. Олар үнемі ауқатты адамдардың жағдайына қызығып, бай болуды армандайды. Алайда осы қуаныш- қызықтар тұрақты және мәңгілік пе? Алланың нығметтерінен ләззәт алу және адамның бақыты туралы Исламның көзқарасы басқаша. Ислам ешқашан дүние ләззәтын пайдалануды және рахат өмір сүруді айыптамайды. Осы аспандық дінде еңбек етіп, халал жолмен табыс табу жайлы көп кеңес берілген. Ислам адамның үлкен үйге ие болуын, лайықты жар сүюін, жаны мен тәнінің сау болуын және тағы басқа илаһи нығметтерді бақыт деп түсіндіреді. Перзент пен отбасыны тағы басқа қадірлі жандарды сүю өмірге қызық сыйлайтын өзге қуаныш- қызықтарға жатады. Мінетін көлік, жоғары білім тіпті байлыққа ие болу адамды қуанышқа бөлейді. Алайда осы қуаныштардың мәңгілік еместігі мен өмір барысында олардан айрылып қалудың мүмкін екендігіне назар аудару керек. Ислам мәңгілік нығметтер мен қуаныштарды таныстырып, баршаның назарын мәңгілік әлемге аударады. Осы аспандық діннің тағылымдары басқа назарымызды ақиретке аударып, діни құндылықтар шеңберінде өмір сүріп, өмірдің ірге тасын Ислам үкімдері бойынша қалауды үйретіп, сонда ғана ақиретте мәңгілік бақытын нәсіп болатынын айтады.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Құран хикаялары
1. Құран Кәрім "Қарұн" атты тәкәппар адамды мысалға келтіріп, "Қасас"
сүресінің 76- дан 83-ге дейінгі аяттарында "Қарұнның" хикаясын баяндайды.
"Қарұн" Мұса пайғамбардың елінен болатын. Ол аса тәкәппар ауқатты адам еді.
Малы мен байлығын өз білімінің жемісі деп білетін. Ол Алланы ескермей,
айналасын  қоршаған күзетшілерімен және көздің жауын алатын әшекей
бұйымдарымен халық арасына келуші еді. Құран"Қарұн" туралы былай
дейді:"Алланың саған берген дәулетімен ақырет жұртын ізде де дүниедегі
несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе,
сондай-ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді."
Жалғасында Құран "Қарұнның" тәкәппарлығының ақыры неге әкеп
соқтырғанын баяндайды. Бір күні ол сән салтанатымен халық арасына келді.
Байлық пен дүниедегі өткінші ләззәттардың соңында болған халық күйінішпен:
Әттең! Бізде де Қарұндікі тәрізді байлық болса еді десті. Алайда барша жұрт
таң қалып тамсанып  отырғанда кенеттен Қарұн мен оның үйін жер жұтып қояды.
Алланың азабы алдында мал мүлкі мен күзетшілері де оны құтқара алған жоқ.
Құран осы қызық хикаяның қорытындысы ретінде:"Ия, мына ақирет сарайын тек
жер жүзінде басымдық етіп, бұзықтық жасауды қаламайтындарға береміз.
Тақуаларға берілетін сый жақсылық болады,"-дейді. Басқаша айтқанда, мал мен
байлық және одан туындайтын дүние қызықтары адамның кеудесін керіп, Алланың
алдында шектен шығып, күнә жасауына себеп болмауы тиіс. Өйткені ақирет
азабына ұшыратады.
Тарих бойында ауқатты және күшті адамдар аз болған жоқ. қазір де біз
осындай адамдарды кездестіреміз. Тәкәппар адамдар өзінің байлығын илаһи
нығмет емес, білімдерінің жемісі деп біліп, оны мәңгілік қуаныш- қызық деп
ойлайды. Екінші жағынан әлсіз әрі қайратсыз адамдар да кездеседі. Олар
үнемі ауқатты адамдардың жағдайына қызығып,  бай болуды армандайды. Алайда
осы қуаныш- қызықтар тұрақты және мәңгілік пе? Алланың нығметтерінен ләззәт
алу және адамның бақыты туралы Исламның көзқарасы басқаша. Ислам ешқашан
дүние ләззәтын пайдалануды және рахат өмір сүруді айыптамайды. Осы аспандық
дінде еңбек етіп, халал жолмен табыс табу жайлы көп кеңес берілген. Ислам
адамның үлкен үйге ие болуын, лайықты жар сүюін, жаны мен тәнінің сау
болуын және тағы басқа илаһи нығметтерді бақыт деп түсіндіреді. Перзент пен
отбасыны тағы басқа қадірлі жандарды сүю өмірге қызық сыйлайтын өзге қуаныш-
қызықтарға жатады. Мінетін көлік, жоғары білім тіпті байлыққа ие болу
адамды қуанышқа бөлейді. Алайда осы қуаныштардың мәңгілік еместігі мен өмір
барысында олардан айрылып қалудың  мүмкін екендігіне назар аудару керек.
Ислам мәңгілік нығметтер мен қуаныштарды таныстырып, баршаның назарын
мәңгілік әлемге аударады. Осы аспандық діннің тағылымдары басқа назарымызды
ақиретке аударып, діни құндылықтар шеңберінде өмір сүріп, өмірдің ірге
тасын Ислам үкімдері бойынша қалауды үйретіп, сонда ғана ақиретте мәңгілік
бақытын нәсіп болатынын айтады. Құран ақиреттегі бақытты адам туралы былай
дейді:" Ал енді сорлылар, тозақта ыңыранып, шыңғырады. Олар тозақта көктер
мен жердің тұруынша мүлде қалады. Бірақ Раббың қаласа басқа. Шынында Раббың
қалағанын толық орындаушы. Ал енді бақытты болғандар, жаннаттық болады.
Олар жаннатта көктер мен жердің тұруынша мәңгі қалады. Бірақ Раббың қаласа
басқа. Бұл үздіксіз бір сыйлық." ("Һуд" сүресі 105- 108- аяттар)
Мансап пен байлыққа иек артіп, оларды тұрақты деп ойлау Қарұнның
жасаған үлкен ағаттығы еді. Құранда өзінің әсем бағын мәңгілік деп ойлап,
Алланы ескермей, тәкәппар болып паңданған кісінің хикаясы да келтірілген.
Алайда ол бір күні таңертең баққа келгенде барлық ағаштардың кұрып кеткенін
және арықтардың құрғап қалғанын көреді. Құран осындай адамдарға қаратып,
былай деп құлағдар етеді:"... Сендерге өте аз мәлімет берілді." ("Һуд" сүресі
58- аят) Яғни барлық ғалымдар өздерінің білгенін қатарға қойса, Алланың
білімінің жанында түкке тұрғысыз болар еді.. Алайда адамның тәкәппар болып,
паңдануына себеп болмайтын және Алланың жолында әрі халықтың ризалығы мен
тыныштығы үшін қолданылатын білім бағалы әрі жұмақтағы мәңгілік ләззәттарға
кенелтеді. Мәселен екіжүзділігінен емес, Алланың ризалығы үшін өзінің
ілімін пайдаланып, кедей науқастарды тегін емдейтін дәрігерді немесе өз
байлығынан Сомали мен өзге де дағдарысқа ұшыраған елдердің халқына қаржылай
көмек беретін ауқатты адамды ойлап көріңдерші.  Осындай әрекеттер Жаратушы
Иеміздің жанында қадірлі болып, ақиретте адамды мәңгілік сый- сияпатқа
кенелтеді. Ислам пайғамбары мәңгілік ләззәттар туралы былай дейді:"азабы
таусылмайтын фәни дүниеден гөрі нығметі тұрақты бақи дүниені таңдап, бұ
дүниедегі қолда барын о дүниедегі сарайы үшін жұмсаған адам бақытты."
Ислам адамзатқа тәні мен жаны тұрғысынан рухани және материалдық жағынан
назар аударып, адамның бақыты рухани кемелдіктерге ие болу және материалдық
мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану деп біледі. Ислам тағылымдарында мәңгілік
бақытқа қол жеткізу жолындағы әсерлі факторлар ұсынылған. Аллаға иман
келтіру, тақуалық және өзін тәрбиелеу, Жаратушы Иені еске алу, игі іс
істеу, ұлы адамдармен бірге жүру бақытқа жетелейтін жолдар болып саналады.
Ардақты пайғамбарымыз ұлы адамдармен бірге жүру жөнінде:"ұлы адамдармен
бірге жүрген кісі бақытты болады,"-дейді. Ислам тағылымдарында тұрақты
бақыт туралы келтірілген өзге жайт уағыз насихатты қабылдау және ақиретке
бетбұру болып табылады. Насихатты қабылдап, ғибрат алатын адамдар қате
жолдарды біліп, өзін өзі құртпайды. Барлық әулеи- әнбиелердің мақсаты
адамға мәңгілік бақыттың жолын көрсетіп, оны илаһи мәңгілік бақытқа жеткізу
болған. Ұстаз Мүтахари бұл жөнінде былай дейді:"Алланың елшілері бізге
өмірдің жолын және өмір мен бақыттың кірер есігін көрсету үшін жіберілді.
Жамандық, әуестену, өтірік, қиянат, пайдакүнемдік, кекшілдік және
өзімшілдік өмірдің кіреберісі мен бақыт пен тыныштыққа жетудің жолы
еместігін адамға түсіндіруге келді. Өмір мен бақыттың кірер қақпасы
жақсылық, туралық пен дұрыстық, ахлақтық беріктік, қайырымдылық және
мейірбандық болып табылады. Тек иман және руханиятқа сену содан кейін
қасиетті сенімдер бойынша жақсылық жасау жүрекке тыныштық сыйлап,
ризашылықпен қамтамасыз етіп, бақытқа жетелейді."
Мәңгілік қуаныш- қызықтар мен өміршең бақытты танып, дүние тіршілігін
өтпелі және жағымсыз ләззәттармен өткізбей үнемі асқақ сипаттарға қол
жеткізіп, мәңгілік өмірімізді қамтамасыз етіп, екі дүниеде де қуанышқа
бөленеміз деп үміттенейік.

2. Бір сахаба қатты аштықтан тас байлап келіпті. Аштықтан дірілдеп,
қалтырап, Расулулланың алдына келіп:

- Иа, Расулуллаһ! Мен дін таратамын деп, аштықтан өлетін болдым,- деп
қиналды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол сахабаға қарап:

- Сен аштықтан қиналдың ба? Кел, меңің орныма отыр, - деп ілтипат
көрсетті. Сонда бір тас байлап келген сахаба орнын берген Расулуллаға
қараса, Оның (с.ғ.с.) бір тас емес, асқазанына екі тасты байлап алғанын
көрді. Кейбір риуаяттарда Расулуллаһ (с.ғ.с.) аштығын жасыру үшін тас
байлап жүретін еді. Оны көрген бір сахаба: Иа, Аллаһ! Мен бір тас байлап
ашпын деп жатсам, Расулуллаһ екі тас байлап, менен де аш екен, - деп жылап
жіберді. Ол кездегі мұсылмандардың қарындары аш болған, бірақ көңілдері мен
жүректері иманға тоқ болатын. Ал, қазіргі адамдардың қарны тоқ, көңілі көк
болғанымен жүректері иманға аш. ИншаАлла сіздердің көңілдеріңіз де,
жүректеріңіз де, қарындарыңыз да тоқ болсын.

Аш болған салих сахабаларға Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Аюб ғ.с. хикаясын
айтып берді.

Аюб ғ.с. бойшаң, реңі келіскен, денелі кісі, өте сабырлы жан болатын.
Ол Харум деген елге патшалық қылды. Бірақ, Аюб ғ.с. патшалықтың да,
сұлулылықтың да құлы емес, бір Алланың ғана құлы еді. Сонда шайтан
Ібілістің Аюб ғ.с.-ға деген қызғанышы оянып:

- Иа, Аллаһ! Кез келген пендеңе патшалықты, сұлулықты, байлықты берер
болсаң, олар да Аюб секілді еркелеп, құлшылығын қылар еді ғой, - деді.
Сонда Алла тағала:

- Ей, Ібіліс! Мен Аюбтың жүрегіндегі сырын білемін,- деді. Шайтан
Ібіліс:

- Алла тағала, Аюбты сынамайсың ба? Маған берген сынақты оған берсең,
ол сынақтан өте алмай, кәпір болып кетеді, - деді. Аллаһ өз әмірімен
сынақты шайтан Ібіліске береді.

Бір күні шайтан Ібіліс өзімен бірге ілескен бүкіл малғұндарды жинап,
Аюб ғ.с.-ды сынақтан, азаптан өткізеді. Аюб намаз оқып тұрғанда шайтан
Ібіліс патшалығына, дүниесіне, малына, бала-шағасына өрт қояды. Шайтан
Ібіліс Аюб ғ.с-ға келіп:

- Иа, Аюб! Патшалығын, дүние мүлкің өртеніп жатыр, құтқармайсың ба?-
дегенде Аюб намазын бұзбайды. Екінші рақағатқа келгенде:

- Иа, Аюб! Жартысынан көбі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰРАН ЖӘНЕ ШАЙЫРЛАР ПОЭЗИЯСЫ
Рабғұзидің Адам ата - Хауа ана қиссасындағы ономастикалық атаулар
Менің отбасым
Тұрмағамбет ақын шығармасындағы пайғамбарлардың жырлануы
Қожа Ахмет Ясауи хикметтері – тәрбиелік құрал
Ислам діні тарихы
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен еңбектері
Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектеріне жалпы шолу
Алтын Орданың қалалық орталығы - Сарайшық
Пәндер