Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері



2. БӨЛІМ. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

2.1. Бөлім. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының жалпы бөлімі.
Тақырып . 1. Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні.
Тақырып №2. Экологиялық құқығының тарихы және қайнар көздері.
Тақырып . 3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы.
Тақырып . 4. Табиғатты пайдалану құқығы.
Тақырып №5. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық.құқықтық нысандары.
Тақырып.6. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
Тақырып.7. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.
Тақырып №8. Жердің құқықтық режимі.
Тақырып №9. Жер қойнауының құқықтық режимі.
Тақырып. №10. Судың құқықтық режимі.
Тақырып №11. Ормандардың құқықтық режимі.
Тақырып. №12. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану.
Тақырып №13. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау.
Тақырып 14. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.
Тақырып . 15. Қоршаған ортаны халықаралық.құқықтық қорғау.
ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.
2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).
3. Заңды тұлғалар.
4. Жеке тұлғалар.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.
ҚР-ның Экологиялық Кодексінде былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;
- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;
- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
2. БӨЛІМ. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

2.1. Бөлім. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының жалпы бөлімі.

Глоссарий (анықтама, сөздік)
1.Қоршаған орта - Табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы
атмосфералық ауаны, Жердің азон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғандағы
жиынтығы;
2.Қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына,
қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;
3Қоршаған ортаны қорғау объектілері - қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын
құрамдас бөліктері.
4.Табиғи ресурстар- қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттіктерін
қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет
процессінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;
5.Қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің
сипаттамасы;
6.Қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін
бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдергезиянды
немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту;
7.Табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи
ресурстарды пайдалануы;
8.Экологиялық нормалау - адамның өмір сүруі мен биологиялық алуан
түрлілікті сақтау үшін қолайлы ортаны айқындайтын және қамтамасыз ететін
ережелердің және қоршаған ортаның жай-күйі мен оған ықпал ету дәрежесін
бағалаудың сан және сапа көрсеткіштерінің жүйесі;
9.Экологиялық талаптар - ҚР заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік
құқықтық және нормативтік техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға
теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметті орындауда міндетті
шектеулер және ондай қызметке тыйым салу;
10.Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды
мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал
ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі;
11.Экологиялық жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның
өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы;
12.Ластауға квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге
бөлінетін ластау лимитінің бөлігі;
13.Тұтыну қалдықтары - табиғи және моралдық тозу нәтижесінде өзінің
тұтынушылық қасиетін толық немесе ішінара жойған бұйымдар, материалдар мен
заттар;
14.Қалдықтардың паспорты - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасын
куаландыратын құжат;
15.Трансшекаралық объект - іске асырылуы екі немесе одан да көп облыстардың
немесе шектес мемлекет аумағының қоршаған ортасына және адамдар
денсаулығына зиянды әсер ететін немесе зиянды әсер етуі ықтимал сараптама
объектісі;
16.Экологиялық аудит - аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де
қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалауға және олардың
қызметінің экологиялық қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар
әзірлеуге бағытталған тәуелсіз тексеру;
17.Стратегиялық объект - іске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндіру,
тасымалдау, қайта өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы бар инфрақұрылым,
республикалық маңызы бар аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс,
энергетика саласындағы қызметпен тікелей байланысты сараптама объектісі;
18.Экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи ықпалдар әсерінің, соның
ішінде дүлей зілзалаларды қоса лағанда, зілзалалар мен апаттар себептерінен
қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе
ықтималжығымен сипатталатын және осыған байланысты жеке адам мен қоғамның
өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай;
19.Қолайлы қоршаған орта - объектілерінің жай-күйі экологиялық
қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді,
экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды
молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта;
20.Экологиялық нормалар мен талаптар - экологиялық қатынастар
субъектілерінің құқықтық актілерінде баянды етілген тәртібінің ережелері;
Экологиялық құқықтың әдісі - қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету
және қатынастарды реттеу тәсілдері;
21.Экологиялық құқық жүйесі - жекелеген элементтер арасында құрылымдық-
логикалық байланыстардың болуы, олардың бағыныстылық тәуелділігіне сәйкес
орналасуы;
22.Иелену құқығы - табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзеге асырудың заң
жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі;
23.Пайдалану құқығы - табиғат объектілерінен қоғаның қажеттіктерін
қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылық тұрғысында
қамтамасыз етілген мүмкіндігі;
24.Билік ету құқығы - табиғат объектілерінің заңдық мәртебесі мен заңдық
тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі.

Тақырып - 1. Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні.
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының түсінігін, мәнін,
экологиялық құқықтың негізгі әдістемелерінің мазмұнын, экологиялық құқықтық
қатынастардың объектілері мен субъектілерін, принциптерін, жүйесін, сондай-
ақ басқа құқық салаларымен арақатынасын анықтау.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Экология құқығының түсінігі мен пәні.
2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері.
3. Экологиялық құқықтың әдістері.
4. Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі.

ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға
байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын
зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың
қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы
ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи
объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында
міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар
арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның
құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны
құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен
адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының
меншік иесі болып табылады.
2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану
мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады,
республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су
объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).
3. Заңды тұлғалар.
4. Жеке тұлғалар.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер
танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.
ҚР-ның Экологиялық Кодексінде былай делінген: қоршаған ортаны қорғау
мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі
мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың
қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға
деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-
экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;
- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан
ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік
бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету
мүмкіндігін бағалау;
- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және
демократиялық жолмен қатысу;
- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы
бөлім және ерекше бөлім.
Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері,
табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл
табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.
Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың
мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары
қаралады.
Бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық құқық дегеніміз не?
2. Экологиялық құқықтың мәні неде?
3. Экологиялық қатынастар дегеніміз не?
4. Экологиялық қатынастардың субъектілерін атаңыз.
5. Экологиялық қатынастардың объектілерін атаңыз.
6. Экологиялық құқықтың принциптерін атаңыз.
7. Экологиялық құқықтың әдістемлелерін атаңыз.
8. Экологиялық құқықтың жүйесі нешеге бөлінеді?
9. Экологиялық құқықтың жалпы бөлімі нені қарастырады?
10. Экологиялық құқықтың ерекше бөлімі нені қарастырады?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып №2. Экологиялық құқығының тарихы және қайнар көздері.
Экологиялық құқықтың даму тарихын, қайнар көздерінің түсінігін, Қазақстан
Республикасының Конституциясының – экологиялық құқықтың негізгі қайнар көзі
ретіндегі ерекшеліктерін анықтау, Қазақстан Республикасының Экологиялық
Кодексінің, басқа да экологиялық заңдар мен кодекстерді құрылымымен танысу
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Экологиялық заңнамалардың даму кезеңдері.
2. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және классификациясы.
3.Қазақстан Республикасының Конституциясы және экологиялық құқықтық
ережелер мен талаптар.
4.ҚР-ның Экологиялық Кодексінің жалпы сипаттамасы.
5. Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік актілер.

Қазақстан Республикасы экологиялық құқығының қайнар көздеріне –
айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи
ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер
жатады.
Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де
мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық
заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады,
сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық
заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына
кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық
заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан Экологиялық құқықтың қайнар
көздері деген ұғым Экологиялық заңдар деген ұғымнан кең.
Экологиялық құқықтың қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:
1. кешенді
1. ресурстық
1. әлеуметтік - экологиялық
Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер
жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен
табиғи орта жатса, оған ҚР-ның Экологиялық Кодексін жатқызуға болады.
Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер,
егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса,
мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.
Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың
өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады.
Оған Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы, Семей
облысындағы ядролық полигон туралы заңдарды жатқызуға болады.
1) Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының
Конституциясы жатады.
2) Экология құқықтарының қайнар көзіне 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған
Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі жатады. Бұл заң қазіргі және
болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың
құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам
қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына
бағытталған.
3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың
нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың
актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық заңнамалардың даму кезеңдерін атаңыз?
2. Экологиялық құқықтың қайнар көздеріне қандай нормативтік құқықтық
актілер жатады?
3. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің белгілері бойынша бөліну
түрлерін атаңыз.
4. Экологиялық құқықтың кешенді қайнар көздеріне қандай нормативтік
құқықтық актілер жатады?
5. Экологиялық құқықтың ресурстық қайнар көздеріне қандай нормативтік
актілер жатады?
6. Экологиялық құқықтың әлеуметтік-экологиялық қайнар көздеріне қандай
нормативтік актілер жатады?
7. ҚР Конституциясының нормалары экологиялық құқыққа қатысты қандай
түрлерге бөлінеді?
8. ҚР Экологиялық кодексінің құрылымы қандай?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып - 3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы.
Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігін, меншік құқығының
туындауының және тоқтатылуының негіздерін, табиғи ресурстарға меншік
құқығының субъектілері мен объектілерін, табиғат объектілеріне меншік
құқығының мазмұны мен қорғалуымен таныстыру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.
2. Мемлекет – табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектісі.
3. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны мен қорғалуы.
4. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы
сипаттамасы.

Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып
табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы.
Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң
жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады.
Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін
қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында
қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық
тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып
табылады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының
негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір
объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей
байланысты болады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:
-меншік құқығын беру;
- еншік құқығын басқаға беру;
- меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:
1. мемлекеттік органдардың актілері;
1. азаматтық-құқықтық мәмілелер;
2. ҚР-ның заңында көзделген өзге де негіздерде.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1. меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;
2. меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;
3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында.
Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады:
бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.
Меншік құқығының объектілеріне жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Табиғат объектілеріне меншік құқығы дегеніміз не?
2. Табиғат объектілеріне меншік құқығы қалай туындайды?
3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы қалай тоқтатылады?
4. Табиғат объектілеріне меншік құқығы субъектілеріне кімдер жатады?
5. Табиғат объектілеріне меншік құқығы объектілеріне нелер жатады?
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының табиғат
объектілеріне меншік құқығын іске асыру жөніндегі өкілеттіктері
қандай?
7. Табиғат объектілеріне меншік құқығы қалай қорғалады?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып - 4. Табиғатты пайдалану құқығы.
Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігін және принциптерін, табиғи
ресурстарды пайдаланудың түрлерін, табиғат ресурстарын пайдалануға берілу
және тоқтатылу негіздерін меңгеру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі.
2. Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары және негізгі белгілері.
3.Табиғатты пайдалану құқығының түрлері, объектілері мен субъектілері.
4.Табиғатты пайдалану құқығының пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу
негіздері

Табиғи ресурстарды пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі
қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық,
экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат
объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде табиғи ресурстарды
пайдалану – бұл адамдардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи
ресурстарды пайдалануы деген анықтама берілген.
Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи
ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың
құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл нақты
табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану
құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.
Табиғи ресурстарды пайдалану табиғатты жалпы және арнайы пайдалану
тәртібімен жүзеге асырылады.
Табиғатты жалпы пайдалану – бұл адамдардың күнделікті өмірі мен
денсаулығы, мәдени – эстетикалық қажеттіктерін табиғат объектілері есебінен
тегін қанағаттандыру.
Табиғатты арнайы пайдалану – мұнда табиғи ресурстар пайдаланушыларға
белгіленген тәртіппен беріледі.
Табиғатты пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және
мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.
Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары
мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал
шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды
тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.
Табиғат пайдаланушылар тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.
Тұрақтысы- бұл табиғатты пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта
болады.
Уақытша - мұнда табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен
шектеледі.
1. Бақылау сұрақтары:
2. Табиғат объектілерін пайдалану құқығы дегеніміз не?
3. Табиғатты жалпы пайдалану дегеніміз не?
4. Табиғатта арнайы пайдалану дегеніміз не?
5. Табиғат пайдаланушылар қандай түрлерге бөлінеді?
6. Табиғат пайдалану құқығы қалай тоқтатылада?
7. Табиғат пайдалану құқығына рұқсат алу дегеніміз не?
8. Табиғат пайдалану құқығына рұқсат алудың сатыларын атаңыз?
9. Табиғат пайдаланушылардың негізгі құқықтары мен міндеттерін атаңыз?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып №5. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы
басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігін,
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі
қағидалары, қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың жүйесі мен құзіретін, айналадағы табиғи
ортаның мемлекеттік мониторингінің түсінігін анықтау, экологиялық
бақылаудың түрлерін, экологиялық сараптаманың түсінігін, экологиялық
сараптаманың жүргізілу сатыларын және мерзімін, Табиғи ресурстардың
мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастрлары ұғымын анықтау.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік
басқарудың түсінігі мен қызметі.
2. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және
арнайы органдар.
3. Экологиялық мониторингті жүзеге асыру тәртібі.
4. Экологиялық сараптама: мақсаттары, міндеттері, түрлері.
5. Экологиялық бақылаудың түрлері мен міндеттері.
6. Табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастрлары.
Айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару дегеніміз –
табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауға
байланысты заңдылықтар талабын орындауды қамтамасыз ететін арнайы
өкілеттігі бар мемлекеттік органының атқарушы-жарлықшы қызметін айтамыз.
Табиғи ресрурстарды пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауды
мемлекеттік басқару бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару
жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың принциптері:
1. заңдылық принципі
1. айналадағы табиғи ортаны қорғау приоритеті принципі (бірдемені ең
алғаш ойлап шығару)
1. мемлекеттік басқарудың жоспарлық принципі
1. мемлекеттік басқарудың қоғаммен және өндіріспен үйлесу принципі
Табиғи ортаны пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік
басқарудың функциялары:
1. табиғи ресурстарды пайдалану лимиттерін белгілеу.
1. айналадағы табиғи ортаның экологиялық сапасын нормалау.
1. экологиялық сараптама жүргізу және т.б.
1. экологиялық бақылауды ұйымдастыру.
Мемлекеттік басқару 3 түрге бөлінеді:
1. заң шығарушылық – бұл басқарудың нормативтік актілерін іске асыру
бағытындағы мемлекет қызметінің нақты әрекетті жүзеге асыруы.
1. құқықтық қорғаушылық – бұл мемлекеттік нормативтік актілерде
көрсетілген талаптарды орындамаған немесе бұзған адамдарға жазалау
шараларын қолдану барысындағы мемлекеттің қызметі.
Мемлекеттік басқару мақсаты – экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың
орындалуын қамтамасыз ету, айналадағы табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды
тиімді пайдалануды және осы салалардағы заңдар ережелерінің бұзылмауын
қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына
жағдай жасау.
Экология саласындағы басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
жүйесі екіге бөлінеді: жалпы және арнайы.
1. жалпы органдарға – Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан
Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Парламенті, т.б.
жатады.
2. арнайы органдарға – айналадағы табиғи ортаны қорғау министрлігі және
т.б. жатады.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылаудың
функцияларының орындалуын және басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушылық органы – айналадағы табиғи ортаны
қорғау Министрлігі болып табылады.
Экологиялық сараптама – шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған
орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігінің, осы
қызметтің қоршаған ортаға жасауы ықтимал теріс жерлерінің және соларға
байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске
асыруға қол жеткізілетіндігінің анықтамасы.
Экологиялық сараптаманың объектілерінің тізімі және олардың жүргізілу
тәртібі 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған ҚР Экологиялық Кодексімен
реттеледі.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік және қоғамдық экологиялық
сараптама жүргізіледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптама – Қазақстан Республикасының қоршаған
ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен оның жергілікті
жерлердегі бөлімшелерінің сараптама қызметінің түрі.
Қоғамдық экологиялық сараптама – кез-келген қызмет түріне экологиялық
баға беру үшін халықтың жекелеген топтарының қоғамдық бірлестіктер мен
ғылыми ұйымдардың бастамасымен құрылатын сараптама комиссиялары ерікті
негізде жүзеге асыратын қызмет түрі.
Экологиялық сараптама жүргізу сатылары:
1. экологиялық сараптама жүргізу туралы өтінішті тіркеу.
1. қосымша сараптама- материалдардың толымдығын, соның ішінде жоспарланып
отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалауды және
олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және
нормативтік талаптарға сәйкес келуін анықтауды тексеру болып табылатын
алдын ала сараптама.
1. негізгі саты (материалдарды талдап өңдеу)
1. қорытынды саты (жекелеген сараптамалық бағасы мен экологиялық
сараптаманың нәтижелерін қорытуды, метариалдардың келісілгені немесе
олардың қабылданбай тасталғаны туралы тұжырымдары бар сараптамалық
қорытынды әзірлеуді қамтиды.)
Экологиялық сараптама жүргізу мерзімі 3 айдан аспауға тиіс, қаралатын
құжаттаманың көлемі мен күрделілігіне қарай бұл мерзім 6 айдан аспайтын
мерзімге ұзарту құжаттама тапсырысшының өтініші бойынша ғана және оның
сараптама жұмыстарына қосымша ақы төлеуге кепілдіктері болған жағдайда
жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау- бұл
экологиялық заңдардың талаптарының орындалуын және сақталуын тексеретін
өкілетті органдардың қызметі.
Экологиялық бақылаудың міндеттері:
1. қоршаған ортаның жай-күйін, шаруашылық және өзге де қызметтің
ықпалымен оның өзгерістерін байқап отыру;
2.табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану жөніндегі жоспарлар
мен шаралардың орындалуын тексеру;
3.қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың сақталуын тексеру;
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында
мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
Олардың міндеттері Қазақстан Республикасының экологиялық кодексімен
жүзеге асырылады.
1. қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзіреті
шегінде арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы
органдар жүзеге асырады.
Мемлекеттік экологиялық бақылау ескертілмелі және күнделікті түрде
жүргізіледі. Ескертілмелі бақылаудың міндеттері – болашақта табиғи
ресурстарға зиянды ықпал ететін шаруашлық және өзге де қызметтерге жол
бермеу болып табылады. Бақылаудың бұл түрі жоспарлау сатысында немесе
жобаны іске асыру негізінде жүзеге асырылады. Күнделікті мемлекеттік
бақылау - өндіріс орнын және басқа экологиялық маңызды объектілерді
іске кірістіру сатысында табиғи ресурстарды пайдалану негізінде арнайы
уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
2. өндірістік бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкілетті
мемлекеттік органдардың келісімі бойынша орталық атқарушы органдар
немесе ұйымдар беретін ережелер негізінде жүзеге асырылады.
2. қоғамдық бақылауды қоғамдық бірлестіктер өз бастамасы, табиғат
пайдаланушылармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы
уәкілетті мемлекеттік органдар мен шарттар бойынша жүзеге асырады.
Қоғамдық экологиялық бақылаудың түрлері:
1. саяси партиялар жағынан бақылау
1. ерікті қоғамдармен жүзеге асырылатын қоғамдық ұйымдардың бақылауы
1. азаматтар жағынан бақылау
Қоғамдық бақылаудың негізгі бағыттары – табиғатты қорғау қызметі және
айналадағы табиғи ортаның жағдайы туралы мәліметтерді талап ету болып
табылады.
Айналадағы табиғи ортаның мемлекеттік мониторингі тиісті табиғи ортаның
пайдаланылуы мен қорғалуын бақылайтын арнайы уәкілдік алған органдар
тарапынан атқарылатын табиғаттың жай-күйіне бақылау және оны бағалап,
болжам жасап отыратын қызмет.
Оның мақсаты – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, адамның өмірі мен
денсаулығын қорғау үшін тиісті мағлұматтар алып отыру. Ондай мағлұматтарды
тек қана табиғи ортаны байқау, бағалау және болжау барысында алуға болады.
Айналадағы табиғи ортаның мемлекеттік мониторингі тиісті табиғи ортаның
пайдаланылуы мен қорғалуын бақылайтын арнайы уәкілдік алған органдар
тарапынан атқарылатын табиғаттың жай-күйіне бақылау және оны бағалап,
болжам жасап отыратын қызмет.
Оның мақсаты – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, адамның өмірі мен
денсаулығын қорғау үшін тиісті мағлұматтар алып отыру. Ондай мағлұматтарды
тек қана табиғи ортаны байқау, бағалау және болжау барысында алуға болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару дегеніміз не?
2. Мемлекеттік басқарудың принциптерін атаңыз?
3. Мемлекеттік басқарудың функцияларын атаңыз?
4. Мемлекеттік басқарудың нысаны нешеге бөлінеді?
5. Экология саласындағы басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
жүйесі нешеге бөлінеді?
6. Мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жалпы органдарға қандай органдар
жатады?
7. Мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын арнайы органдарға қандай
органдар жатады?
8. Айналадағы табиғи ортаның мемлекеттік мониторингі дегеніміз не?
9. Мониторингтің қандай түрлері бар?
10. Мониторингтің негізгі мақсаты не?
11. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау дегеніміз не?
12. Экологиялық бақылаудың міндеттері қандай?
13. Экологиялық бақылаудың түрлерін атаңыз.
14. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды қандай
органдар жүзеге асырады?
15. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өндірістік бақылауды қандай
органдар жүзеге асырады?
16. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды кімдер асырады?
17. Экологиялық сараптама дегеніміз не?
18. Экологиялық сараптаманың қандай түрлері бар?
19. Экологиялық сараптаманың жүргізілу сатыларын айтыңыз.
20. Экологиялық сараптаманың жүргізілу мерзімдері қандай?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып-6. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық
тетігінің құқықтық негіздері.
Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық
тетігінің түсінігі мен құрамдас элементтерін, табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен
қаржыландыру негіздерін, экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және
есептесу тәртіптерін, табиғатты пайдалану үшін салықтармен таныстыру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің
түсінігі мен құрамдас элементтері.
2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
шараларды жоспарлау мен қаржыландыру .
3. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібі.
4. Табиғатты пайдалану үшін салықтар.
Қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты экономикалық реттеу - бұл
экологиялық мәселерді шешуде объективті экономикалық заңдарды есепке алу
мақсаты бар, құқықтық нысандар арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік реттеу.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетіктерінің мәні сонда,
экономикалық құралдар мен әдістер субъектілердің табиғатты қорғау
мәселелеріне тиісті түрде қарауын ояту, заң шығарушының ойы бойынша
шаруашылық іс-әрекеттер нәтижесінде оларға белгілі бір экономикалық пайда
келтіруі тиіс. Пайда табу мүмкіндігі сияқты мұндай экономикалық факторлар,
оңтайлы салықтық және инвестициялық режимнің болуы, өнімдердің әлемдік
нарықта бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату эколгоиялық мәселелерді шешуге
шешуші ықпал етуге қабілетті.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетіктері ұғымын экологиялық
құқық аясындағы қандай да бір дербес институтпен салыстыпуға болмайды.
Қоршаған отаны және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу
тетіктерінің түрлері:
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен
қаржыландыру;
- Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу;
- Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу;

- Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
- Нарықты тетіктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін квоталарды сату;
- Экологиялық сақтандыру;
Технологиялық, техникалық, ұйымдастыру, әлеуметтік және экномикалық
шаралар кешені ретінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі іс-шаралар және және олардың сапасы ҚР ЭК-нің 96-бабында
айқындалған:
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру:
- бюджет қаражаты;
- табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер
есебінен жүзеге асырылады.
Әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі іс-шаралар мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік
бағдарламаларда белгіленетін бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті өкілді
органдардың шешімдеріне сәйкес айқындалады.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын экологиялық
бағдарламаларды, жоспарларды әзірлеу тәртібі Қазақстан Ресупликасының
бюджет заңнамасымен белгіленеді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан
Республикасының, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әлеуметтік экономикалық
даму бағдарламаларына, жоспарларына, белгілі бір аумақтың экологиялық
бағдарламаларына, жоспарпларына енгізіледі.
Өңірлік экологиялық бағдарламалар, жоспарлар және тиісті аумақтың
әлеуметтік-экологиялық даму бағдарламалары, жоспарлары олар бекітілгенге
дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге
жатады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергілікті атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды
(бағдарламаларды) Қазақстан Ресмпубликасының бюджет заңнамасына сәйкес
әзірлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді.
Экологиялық бағдарламаларды әзірдеу үшін қоршаған ортаны қорғау
саласындағы жоюаларадың ашық конкурстары жүргізілуі мүмкін, оларды өткізу
тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Табиғатты пайдаланушының өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес
жоспаралайды.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар табиғат пайдаланушы
экологиялық рұқсаттар алу үшін әзірлейтін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
іс-шаралар жоспарына енгізіледі.
Қоршаған ортаны өзге де көздерден қаржыландырылатын қорғау
жөніндегі іс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.(ҚР ЭК 95-100 баптары).
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
Табиғат пайдалауншылар экологиялық рұқсатта пйқындалған
нормативтер шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін
төлемақы ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерін, Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекіткен тізбесіне сәйкес алынады. 2007 жылы 28
желтоқсанда ҚР Үкіметі Қоршаған ортаға эмиссиялар төлемақысының базалық
және шекті ставкаларын бекітті.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдер есептеу әдістемесі
қоршаған ортаны қорғау саласының уәкілетті органымен белгіленеді.
Қоршаған ортаға төлемақы ставкларын облыстарыдың жергілікті
өкілдік органдары белгілейді (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар),
бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық ставкалардан
төмен болмайтындай және шекті ставкалардан төмен болмауы тиіс.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық
міндеттемелерін орындау табиғат пайдаланушыны оның қоршаған ортаға
келтірген залалының орнын толтырудан босатпайды.
Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-
шараларды тиімді жүзеге асыруын экономикалық ынталандыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаға эмиссиялар үшін
төлемақының шекті ставкаларын бекітуі мүмкін (ҚР ЭК 101-103 баптары).
Бақылау сұрақтары:
1. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық
тетігінің түсінігі дегеніміз не?
1. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық
тетігінің құрамдас элементтерін атағыз?
2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі шараларды жоспарлау қалай жүргізіледі?
3. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі шараларды қаржыландыру қалай жүзеге асырылады?
4. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібін айтыңыз.
5. Табиғатты пайдалану үшін салықтартардың түрлерін атаңыз.
6. Арнайы табиғатты пайдалану үшін төлемдердің түрлері қандай?
7. Экологиялық аудиттің құқықтық жағдайы туралы айтыңыз?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып-7. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін
құқықтық
жауапкершілік.
Экологиялық заңдарды бұзудың түсінігі және белгілерін, экологиялық
әкімшілік, тәртіптік, азаматтық, қылмыстық жауапкершіліктердің
түсініктерін, белгілерін анықтау.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы
сипаттамасы.
2. Экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі мен құрылымы.
3.Экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік.
4. Экологиялық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілік.
5. Экологиялық құқық бұзушылық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің
түсінігі және түрлері.
6. Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік.

Экологиялық заңдарды бұзу дегеніміз- белгіленген экологиялық тәртіпті
бұзатын және табиғи ортаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізі
Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері туралы
Сұлулық салонының бизнес-жоспары
Үйірме жұмысы арқылы оқушы бойына рухани - адамгершілік және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыру жолдары
Қашықтықтан оқыту технологиясы және әдістемесі
Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары
Қылмыс пен жазаны діни тұрғыдан реттеудің негізі
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Пәндер