Қылмыскерлікті әлеуметтік контексте зерделеу


Қылмыскерлікті әлеуметтік контексте зерделеу
Қылмыскерлікті көп қилы әлеуметтік кұбылыстардың ішінен тек белгілі бір шекте, криминологиялык зерттеудің әдістемелік амалдарыныңбірі ретінде бөліп алуға болады. Ол маңызды, бірак шектеулі білім береді.
Қылмыскерлікті зерделеудің баска аспектісі - аймақтың эко-номикалык, өлеуметтік, саяси және мәдени сипаттамалары коор-динаттарындағы талдамасы, оның ішінде қылмыстық емес сипат-тағы құқық бұзушылықпен және өзге келеңсіз әлеуметтік ауыт-қулармен байланысты.
Тиісінше, қылмыстық, сот статистикасының мәліметтері көптеген басқадай статистикалық және өзге деректермен, оның ішінде әлеуметтік бақылаудың, кұқық қорғау органдары қызме-тінің жайы туралы мөліметтермен салыстырылады.
Криминалдық зерттеулерде аймақтың әлеуметтік сипаттама-сы халық жөне коныстардың типі туралы мәліметтерді талдау ар-кьілы аныкталады.
Халықты мынадай топтарға бөлуге болады:
а) жынысы бойынша, себебі адамдардың әр түрлі әлеуметтік функциялары және тиісінше олардың өлеуметтік жағдайлары мен іс-қимылдарының ерекшеліктері жынысқа байланысты (мысалы, әйелдер еркектерге қарағанда зорлық-зомбылык қылмыстарына сирек барады, сондықтан да тұрғындары, негізінен, әйелдерден
тұратын мекендерде зорлық керсету қылмыстары аз болады) ;
ә) жасыбойынша(Ы-\5жас, 16-17жас, 18-24жас, 30-49 жас, 50 жас және одан жоғары), себебі әр жасқа қылмыстық іс-қимыл-дың өз нысандары тән (кәмелетке толмағандар, кобіне, ұрлық, тонау, қарақшылық, әйел зорлау, бұзақылык, яғни жалпы қыл-мыстық іс-өрекеттерді, ал 50 жастан асқандар, негізінен, эконо-микалык, лауазымдық қылмыстар жасайды) ;
б) үлты бойынша. Орыс жазушысы Тендряковтың бейнелеп
айтқанындай, «ұлт дегеніміз - іс-қимылдың стереотипі».Шындығында, әрбір ұлтта және ұлыста өз салт-дөстүрлері болады. Тиісті ұлттың адамдары қылмыс жасағанда, егер олар сол салт-дәстүрлер шеңберінде қалыптасқан болса, олардың қылық-тарын жақындары аса катты кінәламайды, орталарынан қуып шықпайды. Жастайынан қалыптасқан дағды, мақсат байқалып тұрады. Қылмыстыкіс-қимылдыңнысандары, соныменқатар, кан-дай да бір ұлттык ортада кең таралған, бірақ қылмыстық емес си-паттағы теріс құбылыстармен де байланысты. Маскүнемдік кең таралған жерде зорлық-зомбылык қылмыстары, ішімдік сатып алуға кажетті қаражатты табан асты табу үшін ситуациялық пайдакүнемдік қылмыстар жиі жасалады.
в) діни наньшы бойынша. Мұсылмандардың спирттік ішімдіктерді пайдаланбауында криминалдық түрғыдан оң салдар бар. Ал, мұндай аймақтарда ішімдіктің кесірінен жасалған қылмыстар аз болады. Бірақ оларда қылмыстық зардабы айтарлықтай ауыр бо- лып табылатын есірткі қолдану көп тараған. Соңғы кездері құқық қорғау органдарының назарын тоталитарлық секталар өзіне ауда-
рып жүр, оларда адамдардың құқықтары мен бостандығын бұзу
фактілері жиі кездеседі.г) отбасының жагдайы бойынша (некеде тұратын адамдар саны,
отбасы саны, ажыраскандар және т. б. ) . Негізінен жастар тұратын
қоныстарда кәмелетке толмағандарға, жастарға тән қылмыстар
жиі жасалынады. Бұл баяндалғандармен кәмелетке толмағандар-
дың саны да, оның ішінде толық емес отбасыларында тұратындар
да, тек ата-анасының отбасында немесе үш буын үрпақ-ата-әже, :па-ана және балалар бар отбасында тұратындар саны да байлаі іысты. Соңғыларында балалардың жүріс-тұрысына бақылау бар.
Қоныстар типтерін талдағанда мыналарды бөліп алуға болады:
а) кала және ауылдық мекендер; ә) халықтың санына қарай қала-
лар былайынша бөлінеді: қалалық типтегі елдімекен (10 мыңға
дейін), шағын (10-50 мың), орта (50-100 мың), ірі ( 100-500 мың),
өте ірі (500 мың-1 млн), айрықша ірі (1 млн. аса) қалалар. Ауыл-
дық елдімекен, тиісінше - шағын, орта және үлкен болып бөлінеді;б) әкімшіліктік критерийі бойынша (астана, облыс, аудан орталықтары және т. б. ) ; в) уақыт және даму қарқыны бойынша (жаңа қала, тез дамушы ескі қала, біртіндеп дамушы қала), себебі онда, мысалы, көші-қон процестері, отбасыларының және басқаларының қалыптасуы әр түрлі қарқынмен дамиды; г) функционалдық
нышандары бойынша (көпфункционалдық астана қалалар, Феде-
рация субъектілерінің көпфункционалды орталықтары, өнеркәсіп,
келік орталықтары, сауықтыру, ғылыми-эксперименттік орта-
лықтар, порт қалалар, сондай-ақ кәсіпорындарының, ұйымдары-
ның моно-, поли- құрылымдарымен сипатталатын және аралас
типтегі қалалар) . Кәсіпорындары мен ұйымдары моноқұрылым-
ды мекендерде (шахтерлер, мұнайшылар т. б. ) халықтың құрамы
мен олардыңтұрмыс жағдайы біртекті болады. Сондықтан ондағы
қылмыс та біртекті. Ал, аралас типті мекендерде немесе ұйымда-
рының, кәсіпорындарының құрылымы көп тармақты қоныстарда
қылмыстар өз нысандары жағынан өр түрлі болады.Ауылды жерлердегі елдімекендер де қызметтіқ нышандары бойын-ша бөлінеді.
Ірі және айрықша ірі калаларда білікті педагог кадрлар, мәде-ни қызметкерлер және басқа мамандық адамдары шоғырланған, онымен қатар, ол жерлерде қоғамға жат, қылмыстықемір салтын кұрып жүрген адамдарды айқындау қиынға түседі, ақшаны көп керек ететін «әзәзіл» орындар да жеткілікті.
Аумактың көлемінің де, халыктың тығыздығының да, оның қалай орналасқандығының да маңызы зор. Мысалы, егер халық негізінен шағын аумақтатұрып, ал кейбір елдімекендер шалғайда орналасса, оларға әлеуметтік бақылау жасау, кылмыстық фак-торларға уақтылы шара қолдану қиыңдықтудырады. Мұндай жер-лерде бұзақылық әрекеттер, адам денсаулығына қарсы кылмыс-тар, көбіне, жасырын қалады. Сонымен катар, тұрғындары бірін-бірі танитын елдімекендерде тонау, қарақшылық деген болмайды, біреудің мүлкін ұрлау сирек кездеседі.
Әлеуметтік-экономикалық сипаттама. Қылмыскерлікті зерде-легенде мынадай кезеңцерді алуға болады: а) меншік нысандары мен ұйымдық-құқыктык нысандары әр түрлі көсіпорындар мен ұйымдардын арақатынасы; ә) әр түрлі мамандандырылған кәсі-порындар мен ұйымдардың арақатынастары (өндіретін, ондейтін және т. б. өнеркәсіптер, негізінен, тиісті мәліметтерді салыстыру үшін кылмыстық статистикада көрініс тапқан салалар бөлініп алы-нады) ; в) халықтың өлеуметтік-кәсіби күрамы (өнеркәсіптің, көліктің, мәдениеттің, ғылымның және т. б. қызметкерлері) ; г) халықтың мөлшері мен көздері ескерілген табысы бойынша жөне мелшері мен сипаты ескерілген шығыны бойынша құрылы-мы (бала тәрбиесіне, мүгедектерге, кәсіпкерлікті инвестициялау, маскүнемдік және т. б. ) ; баспанасыз адамдардың және тұрақты табысы жоқ адамдардың, оның ішінде жұмыссыз адамдардың бо-луы; д) аймақтың еңбек ресурстарын калыптастырудағы және оларды пайдаланудағы ерекшеліктер: өздерінің адамдары, маусым-дық мердігер бригадалар, «ары-бері теңселген» көші-қон, бұл жағдайларда қаланың көсіпорындарында қала маңында немесе қалаға жақындау елдімекендерде тұратын адамдар істейді; әзге де көші-қон ағымдары (кімнің есебінен?) ; ашық және жасырын жұмыссыздық; е) адамдардың өздерінің өмір сүруі және өсіп-өнуі үшін ең қажет мұқтаждықтарын қамтамасыз ету; ж) халықтың табысына, жұмыс түріне, басқа сипаттамаларына сәйкес келетін өзге мұқтаждықтары мен мүдделерін камтамасыз ету.
Аймақта орналасқан кәсіпорындардың сипаты қылмыскер-ліктің сипатына әсер етеді.
Егер халықтың арасында баспанасыздардың, жұмыссыздардың және басқадай тұрақты табыс кезі жок адамдардың үлесі жоғары болса, онда меншікке қарсы қылмыстың да, оның өсуінің де мүмкіндігі жоғары.
Әлеуметтік-саяси сипаттама:
а) халықтың әр түрлі топтарының саяси мүдделерінде қатты
айырмашылық бар ма, ол қалай шешімін табады (аса байлар мен
кедей топтар арасыңцағы қайшылықжаппай төртіпсіздік, мүлікті
қоркытып тартып алу, үй жайларын өртеу нысанында болуы
мүмкін) ;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz