Қылмыстың қайталануымен күресудегі қылмыстық жазаның тиімділігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қолжазба құқығында

Ахметова Ұлболсын Асылқызы

Қылмыстың қайталануымен күресудегі қылмыстық жазаның тиімділігі

6N0301-Құқықтану

Құқықтану магистрі академиялық дәрежесін алу

үшін дайындалған магистрлік диссертация

Ғылыми жетекші: з. ғ. к., аға оқытушы Е. П. Мергенбаев

Түркістан 2011ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Қылмыс көптігі және қылмыстың қайталануының көптік институтындағы орны

1. 1 Қылмыстың көптілігінің сипаттамасы және оның түрлері . . . 9

1. 2 Жекелеген қылмыстармен көптік қылмыстардың ара қатынасы . . . 15

1. 3. Қылмыстың қайталануы бойынша саралау жүргізу . . . 21

2 Қылмысты қайталануы жағдайындағы жауаптылық мәселесі

2. 1 Қылмыстың қайталануының ұғымы және қылмыстық

құқықтық маңызы . . . 24

2. 2 Қылмыс рецидивінің түрлері . . . 33

2. 3 Қылмысты қайталану бойынша жауаптылықты қолдану . . . 39

2. 4 Қылмысты қайталаушыларға бас бостандығынан

айыру жазасын тағайындау және одан босату тәртібі . . . 43

3 Қылмысты қайталануының криминологиялық сипаттамасы

3. 1 Қылмысты қайталаушылардың жеке тұлғасының ерекшеліктері . . . 58

3. 2 Қылмысты қайталануына әсер ететін себептер мен шарттар . . . 61

3. 3 Қылмысты қайталануының алдын алудың

қылмыстық-құқықтық шаралары . . . 66

Қорытынды . . . 78

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 81

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасы Конституциясында еліміздің зиялы, демократиялық коғам және құқықтық мемлекет қүру жолында халыкаралык нормаларды ұстанатындығы айқын көрсетіліп, республиканың дүниежүзілік қоғамдастыктың толық құқылы, бөлінбес бөлігі екендігі жария етілген [1] . Отандық заңнама тәжірибесінде адамдардың құқығы, бостандығы, адамгершілігі тәрізді құндылықтары мен асыл қасиеттерін заңмен қорғау орныға түсуде. Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады [2] .

Әйтсе де, өз тәуелсіздігін жариялағанына жиырма жылға енді ғана жеткен мемлекетімізде бірнеше ғасырлық отаршылдық езгі кезеңінде еліміздін әлеуметтік өмірінен орын алған моральға жат, ертедегі қазак коғамында бой көрсетпеген жезөкшелік, маскүнемдік, алкоголизм, нашакорлық тәрізді әлеуметтік кеселдерге қарсы күрес жүргізілсе де, бұл проблема әлі түбегейлі шешілген жоқ. Бұлар қазіргі қоғамымызда түрлі кылмыстармен кірігіп күрделеніп, қауіптілігі арта түскендіктен, заңнама саласында бірталай мәселе тудырды.

Елбасымыздың «Заңнама саласында бәрі ойдағыдай емес, Тәуелсіздік жылдары біз қабылдаған заңнамалық кесімдер саны мынға жақындап қалды. Бұл оларды дүрыс қолдануға байланысты киындықтар тудыра бастады, қолданыстағы құқықты құқықтық алдарқатушылықтан, ескірген және бір-бірін кайталайтын нормалардан арылту кажеттілігі туындайды. Тағы бір бұрыннан келе жатқан проблема мынада: біз кабылдаған көптеген заңдар заңға тәуелді кажетті қосымша актілердің жоқтығынан толық күшінде жүмыс істемейді» [3] - деген сөздерін жоғарыда аталған құбылыстармен құқықтық күрес саласына да қатысы бар деп білеміз.

Зерттеудің өзектілігі. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің теориялық және практикалық қызметте қиындық байқататын, күрделі тақырыптарының бірі қылмыстың көптілігіне қатысты мәселелер болып саналады. Себебі бір адамның қылмыстылыққа бейімделгендігін көрсететін бірнеше жағдайлар байқалады және оның көріністері бір адамның Қылмыстық кодекстің әр түрлі баптарымен бағаланатын қылмыстар жиынтығы түрінде іс-әрекеттер жасауы немесе ҚК бір бабымен анықталған қылмыстарды бірнеше рет қайталау, сонымен қатар бұрын сотталған адамның қайталай қылмыстарды жасауы кездесіп отырады. Бұл үш жағдай қылмыстық құқықта «қылмыстың көптілігі» деп аталады және теориялық тұрғыдан даулы болып есептелуі осы тақырыпты таңдаудың себебі болды.

Мемлекет қылмыстылықпен күресуді мақсат ете отырып, оның кез-келген түрлерінің алдын алу бағыттарындағы шараларды дайындап, жүзеге асыру механизмдерін белгілейді және ғасырлар бойғы қылмыстылықпен күрес жөніндегі ілім бойынша қылмыс жасаған адамдарды жазаға тартқанға қарағанда ол қылмыстардың алдын алған дұрыс деп саналады.

Соңғы жылдары елімізде қылмыстылықтың, оның ішінде маманданған қылмыстылықтың және есірткімен, қаражат алаяқтығымен байланысты жасалатын қылмыстардың өсуі байқалады. Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері орын алуда.

1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституцияның 5 бабының 3 тармағында “Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметтеріне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тиым салынады”-деп заңды мүдделерге ұйым болып, қарсы әрекет жасауға да тиым салған. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр.

Қылмыстың қайталануы . . . Бұл қылмыстылықтың аса қауіпті түрлерінің бірі болып табылады. Адамның бір уақытта немесе біренен кейін бірнеше қылмыс жасауы тергеу-сот тәжірибесінде жиі кездеседі, осы кезде ол органдар алдында жеке қылмысты бірнеше қылмыстардан ажырату, әрекетті саралау және жаза тағайындау, қылмыстық іс жүргізу тәртібін анықтау, қылмыстардың болу себебін анықтау мәселесі туындайды.

Заңдық тұрғыдан алғанда қылмыстың қайталануы бұрын қасақан жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы болып табылады.

Қылмыстың қайталануының қоғамдық қауіптілігі оның кең таралуымен және оны жасайтындардың қылмыстарының ауырлық дәрежесімен сипаталады. Сондай-ақ қылмысты қайталаушылар өздерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері бойынша жаңа қылмыстар жасауға қатаң ұмтыла отырып, тек қылмыстық әдептерді өздерінің бойларында ұстаушы ғана емес, сонымен қатар сондай қоғамға жат қылықтарды тартушы да болып табылады және қылмыстылықтың әлеуметтік теріс құбылыс ретінде тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырады. Бұл мәселе қылмыстық құқықтағы қылмыс қылмыстың қайталануы үшін жауаптылықтың ғылыми негіздерін зерттеуді өзекті қылады. Бүгінгі күндегі Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық атқару заңнамасының жаңа кезеңдегі қатынастарды реттеуге қайта ынғайландыру кезінде қылмыстың қайталануы мәселесін зерттеу ерекше маңызды болып табылады.

Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша психологиялық тұрғыдан алған кезде қылмыстың қайталануы қылмыс жасаушы адамның алдыңғы қылмысы үшін мемлекет тарапынан қолданған қылмыстық құқықтық шараларды саналы түрде теріске шығаруы. Қылмыскер адамға сотпен қолданылған жазаның әсер етпеуі оның қоғамға қарсы ниеттерінің қауіптігінің жоғарылығын білдіреді. Адам қылмыс үшін жауптылықты сезбейді, ол қылмыскердің қоғамдық қауіптілігін көрсетеді.

Қылмыстың қайталануы бойынша қылмыстылық оның әлеуметтік, индивидуалды және психологиялық аспектісімен күрделі болып табылады. Қылмыстың қайталануы жағдайында қылмыс жасағандар көп жағдайда ерекше күрделі тұлғаға ие, мықты мінезді, ұйымдастырушылық қасиеттерге бай, өзіне басқаларды тартып тұратын адамдар болып табылады. Бірақ қылмыстың қайталануы жағдайында қылмыс жасағандардың жанында қалыптасатын психиологиялық атмосфера, жоғарыдағыларды қоспағанда, адамдарға қорқыныш пен үрей тудырып, мінез әлсіз адамдардың еркін басады. Қылмыстың қайталануы жағдайында қылмыс жасағандар әлемі өте қатал, онда адамның өмірі мен қадыр-қасиетті мүлде бағаланбайды. Сондықтан қылмыстың қайталануы жағдайында қылмыс жасағандар қатысқан немесе қылмыстың қайталануы жағдайында қылмыс жасағандар басшылық жасайтын қылмыстар көп жағдайда қатал және өте тыңғылықты жоспарланған болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстың қайталануы аясындағы қылмыстық жауапкершілік мәселесін Қазақстандық ғалымдар: Н. М. Абдиров, А. Н. Ағыбаев, М. С. Нәрікбаев, Е. І. Қайыржанов, Ғ. С. Мәуленов, И. Ш. Борчашвили, У. С. Жекебаев, Р. Т. Нұртаев, Б. И. Нақыпов, Б. Ж. Жүнісов, Н. М. Әбдіров, К. Ш. Курманов, Л. Ч. Сыдыкова, З. О. Ашитов, Г. Д. Тленчиева, С. М. Рахметов, ал Ресейлік ғалымдардан Б. В. Волженкин, В. В. Лунеев, С. Г. Келина, А. Н. Трайнин, А. К. Квициниа, В. И. Ширяев, Б. В. Здравомыслов, П. И. Гришаев т. б. өз еңбектерінде зерттеген. Нақтырақ айтар болсақ профессор Б. И. Нақыпов қылмыстың қайталануы тақырыбы бойынша нақты айналысқан ғалым.

Көрнекті ғалымдардың бұл қылмысты толық зерттеуі, оны зерттеуге кедергі бола алмайды. Өйткені біздің заңнамада кемшіліктер өте көп. Осы аталған және басқа да авторлардың еңбектерінің ғылыми және тәжірибелік маңызы зор екендігі күмәнсіз. Бұларда берілген шешімдер мен бағыттар, қоғам үшін қауіпті құбылыс болып табылатын қылмыстың қайталануымен қылмыстық - құқықтық тұрғыдан күресті дұрыс, әрі ұтымды ұйымдастыруға бағытталған. Бұл зерттеушілердің еңбектерін талдай келе қылмыстың қайталануының түсінігі, оның қоғамға қауіптілік дәрежесі, қылмыстың қайталануының түрлері, қылмыстың қайталануы кезіндегі жауаптылығының жалпы және арнайы мәселелері, саралауға қатысты ережелер де даулы екендігін кездестіруге болады. Біз зерттеуімізде қылмыстың қайталануының негізгі, әрі даулы мәселелерінің бірі ретінде танылатын жауаптылық қолдану және оны жекеше қолдануға қатысты мәселелерін қарастыруға және тәжірибе қызметі үшін сапалы, әрі тиімді шешімдер жасауға тырыстық.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.

Зерттеудің мақсаты қылмыстың қайталануы, оның түрлері және жаза тағайындау ерекшеліктеріне талдау жасау және олардың қолданылу тиімділігін арттыру үшін қылмыстық заңнаманы жетілдірудің жолдарын ұсыну. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер алға қойылған:

  • қылмыстың қайталануының ғылыми - теориялық аспектісін зерттеу;
  • қылмыстың қайталануы үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегін анықтау;
  • қылмыстың қайталануы үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды келтіру;
  • қылмыстың қайталануының түрлерін өзара ұқсас түрлерінен ажыратып алу.

Зерттеу объектісі мен пәні.

Осы зерттеу жұмыстың зерттеу объектісі болып қылмыс қылмыстың қайталану институты, оның ерекшеліктері, қылмыстың қайталануының түрлері мен ол бойынша жауаптылықты анықтау мәселесі табылады.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі

Қолға алынған зерттеу жүмысының тақырыбын жан-жақты ашып, мүмкіндігінше ауқымды көлемде игеру мақсатында түрлі әдістер негізге алынды. Такырыпты зерттеу барысында тарихи талдау, салыстырмалы құқықтану, жүйелі күрылымдық талдау әдістері кеңінен қолданылды. Қылмыстың қайталануы (13-бап), қылмыстың қайталануы жағдайында жаза тағайындау (59-бап) жөніндегі мәселелерді зерттеуде криминологиялық аспектілерін зерттеуде статистикалык және нақты әлеуметтік әдістерге жүгіну орын алды.

Сонымен қатар диссертациялық жұмыстық бағалы қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстың қайталаныуына байланысты бірқатар мәселелер бойынша қабылданған қаулылары қолданылды.

Сот практикасын зерттей келе, құқыққорғау органдарының қылмыстың қайталануымен күресуде өте жақсы нәтижелілік танытпай отырғанын анық байқауға болады. Көбінесе, қылмысты саралауда, ұқсас қылмыстардан ажыратуда, сотталғандармен түзеу амалдарын жүргізуде қателіктер кетіп жатады. Сонымен қатар мұның қиындығының тағы бір дәлелі - ол жазасын өтеп шыққаннан кейін тағы да бір қасақана қылмыс жасап темір тордың төрінен орын алғандығы болып отыр.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  1. Қылмыстың қайталануы қылмыс көптілігінің бір нысаны болып табылады және бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауынан көрініс табады. Сәйкесінше қылмыстың қайталануын сипаттайтын белгілерге қылмыстық қайталуын, соттылықтың болуын, алдыңғы және соңғы қылмыстың қасақанылық сипатта болуын және кінәлі адамның жасазын толық немесе ішінара өтеуі жатқызуымыз керек.
  2. Қылмыстық заңнаманы зерделей келе қылмыстың қайталануы қылмыс құрамының міндетті белгісі немесе саралау белгісі болатынын көруге болады.
  3. Қылмыстың қайталануы қылмыстылық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай болып табылады.
  4. Қылмыстың қайталануын түрлерге бөлу кезінде әртүрлі критерийлер негізге алынуы мүмкін. Жалпы қылмыстың қайталануды жай және арнайы деп бөлуге болады, жай қылмыстың қайталануы кез келген қылмыстың қайлануын білдірсе, арнайы қылмыстың қайталануы бір немесе біртектес қылмыстардың қайталануын білдіреді, сәйкесінше оның қоғамдық қауіптілігі де жоғары болып саналады. Ал Қазақстан Республикасының әрекет етуші қылмыстық заңнамасы қылмыстың қайталануын жіктеуде оның қауіптілік дәрежесін негізге алады. ҚР ҚК-нің 13-бабының мазмұнынан жай, қауіпті және аса қауіпті қылмыстың қайталануын бөліп көрсетуге болады.
  5. Қылмыстың қайталануы бойынша жауаптылықты қолдану кезінде жаза тағайындаудың жалпы ережелерімен қатар бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзетушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi ескерiледi. Қылмыстың қайталануы бойынша жауаптылық қолдану кезінде қылмыстық заңмен соттардың жаза мөлшерін тағайындау мүмкіндіктеріне нақты құқықтың нұсқаулар көрсетілген. Ол қылмыстың қайталануының қоғамдық қауіптілігімен және қылмысты қайталаушыларға жеңіл жаза қолданып кету мүмкіндігін шектеумен түсіндіріледі.
  6. Қылмыстың қайталануы бас бостандығынан айыру жазасына қолданылған жазаны өтеу режиміне әсер етеді. Мысалға, аса қауіпті қылмыстың қайталануы кезінде бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға - ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалады.
  7. Қылмысты қайталаушылардың жеке тұлғасына келетін болсақ, олар көп жағдайда ерекше тұлғаға ие, мықты мінезді, ұйымдастырушылық қасиеттерге бай, өзіне басқаларды тартып тұратын адамдар болып табылады. Бірақ бұл жерде қылмыскер бір мәте бас бостандығынан айыру мекемелерінеде отырып келгеннен кейін қайтадан қоғамдық ортаға сіңуіне қиындықтар туындауына байланысты қылмыстық ортаға қайта бас салып, қылмысты қайтадан жасайтынан ескеру керек.
  8. Алдыңғы қайталанған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілігінің кезеңіне байланысты қылмыстың қайталануының ерекше себептері мен шарттарын мынадай топтарға бөлуге болады: а) алдыңғы қайталанған қылмыстар үшін сотталғандығына байланысты мемлекеттік органдары қызметтерінің кемшіліктері; ә) жазаны орындау жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдырынының қызметіндегі кемшіліктер; б) бұрын сотталған тұлғаларға әкімшілік және қоғамдық бақылаудың кемшіліктері.
  9. Қылмыстың қайталануы қылмыстылығының алдын алу үшін ең басты қылмыстық заңның қылмыстың қайталануына қатысты нормаларын жетілдіру, халық арасында және әсіресе “түрме халқы” арасында құқықтық үгіт насихатты күшейту керек.

Жалпы қылмыстың қайталануы қылмыстардың көптілігінің ең қауіпті нысаны болып келеді, өйткені онда алдыңғы да, екінші (кейінгі) қылмыс та өзінің субъективтік мазмұны бойынша тек қасақаналықпен жасалынады, яғни бұл қылмыскер адамға мемлекет тарапынан қолданған жазалау шараларының тиімсіздігін немесе жаза қолданғаннан кейінгі адамды реабилитациялау шараларының жекткіліксіздігін не жоқтығын білдіреді. Бұның бәрі біздің мемлекеттегі экономикалық-әлеуметтік және құқықтық саясаттың жеткіліксіздігінің көрінісі.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы.

Практикалық және теориялақ аспектілерді зерттей келе, мынадай мәселелерді нақтылауға тура келді: қылмысты қайталану жағдайында жасағандарға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау және одан босату тәртібі қылмыстық құқықта толық анықталмаған, қылмыстың қайталануына әсер ететін себептер мен жағдайлар, қылмыстың қайталануының алдын алудың қылмыстық-құқықтық құралдары, т. б.

Осы жұмыста келтірілген ұсыныстар қылмыстың қайталануымен күресте және құқыққолдану қызметінде қылмыстық нормаларды жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін.

Диссертациялық зерттеудің құрылымы. Диссертациялық зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлім, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қылмыс көптігі және қылмыстың қайталануының көптік институтындағы орны

1. 1 Қылмыстың көптілігінің сипаттамасы және оның түрлері

Адамдар қылмысты әрекеттермен айналысқанда көпшілік жағдайларда бір қылмыс жасаумен шектелсе, кейде бір адамның бірнеше қылмыстарды жасайтын кездері болады. Мұндай жағдайдың да көріністері қылмыстық құқықта айтылғандай бірнеше түрлерде кездеседі, яғни адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарымен немесе бір бабымен қарастырылған қылмыстарды жасауы немесе бұрын қылмыс жасағандығы үшін сотталған адамның қайтадан қылмыс жасайтын кездері болады. Осындай кездерде әдеттегі бір қылмыс үшін саралау жасауға және жауаптылық белгілеуге қарағанда қылмысты әрекеттердің көптілігіне байланысты саралау жүргізуде және жауаптылық белгілеу мәселесінде өзгешелік болады немесе арнайы ережелер қолданылады. Бірақ жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыстардың арасында кейде ұқсастық кездесетін кездері болады немесе жекелеген қылмыстардың кейбір түрлері көптік қылмыстарға ұқсас болады деуге болады. Саралануы мұндай кездерде дұрыс жүргізу үшін жекелеген қылмыстардың негізгі белгілерін және оның көптік қылмыстарға ұқсайтын түрлерінің түсінігін, мағынасын қарастыра кеткен жөн. Сондықтан қылмыстық құқықта қылмыстың көптілігі тақырыбы әдетте жекелеген қылмыстардың түсінігімен, оның түрлерімен басталады.

Жекелеген қылмыстар көптік қылмыстардан негізінен қылмысты әрекеттердің көлемі немесе қылмыстағы қылмыстық заңмен қорғалатын объектілердің саны, бірнеше кінә нысандары бойынша ғана емес, қылмыс құрамдарының көлемі бойынша ажыратылады. Көптік қылмыстардың түсінігін ашуда құрам элементтерінің ішінен тек қылмыс субьектісі ерекшелік байқатады, өйткені бұл мәселеде бір адамның бірнеше қылмысты іс-әрекеттер жасаған жағдайына құқықтық баға беріледі. Бірақ бұл белгіні де міндетті белгі қатарына жатқызуға болмайды, себебі көптік қылмыстар мәселесі бір неше адамдардың бірлесуі арқылы жасалатын қылмысқа қатысушылықта да кездесе алады. Қылмыс бір адаммен немесе бір неше адаммен жасалсын, бірақ одан көптік қылмыстарды саралау ережесі өзгермейді, тек жасалған сол қылмысқа байланысты адамның кінәсі болса жеткілікті.

Жекелеген қылмыстар ретінде бір қылмыстың құрамы бар іс-әрекеттер танылады деп түсіну керек. Мұндай түсінік бір эпизодтан тұратын және бір іс-әрекетті орындаумен-ақ аяқталған қылмысты білдіретін жекелеген қылмыстардың қарапайым ұғымын білдіреді. Ал қылмыс күрделі сипатта болғанда, яғни бірнеше эпизодтан тұрғанда немесе ұқсас бір неше әрекеттердің жасалуымен анықталғанда бұл іс-әрекеттердің жиынтығы бір қылмысты немесе бір неше қылмысты білдіретінін анықтау, соған сәйкес саралау жасау да қиындық туындайды. Мысалы бірнеше рет жасалған ұрлық әрекетінің әр қайсысы аяқталған ұрлық қылмыстарын білдіргенде, мұндай әрекеттерді бір неше рет жасалған ұрлық деп тану керек пе немесе ірі мөлшерде жасалған ұрлық деп бағалау керек пе деген сұрақ туындауы мүмкін. Сол сияқты бір қылмыскер бір неше адамды өлтіріп, олардың әр қайсысы жеке қылмысты ниеттермен жасалғанда бұл қылмыстарды екі немесе одан көп адамды өлтіру деп санау керек пе, әлде қылмыстар жиынтығымен саралау жасау керек пе деген мәселе туындауы мүмкін. Яғни осы тәріздес жағдайларда іс-әрекеттерді бір жеке қылмыс деп немесе көптік қылмыс ретінде тану туралы мәселе туындай алады. Мұндай жағдайларға құқықтық бағаны дұрыс беру үшін тек жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыстардың түсінігін және олардың айырмашылығын білу ғана қажет емес, сонымен қатар заң нормаларының мазмұнына, іс-әрекеттерді қамту деңгейіне көңіл аудару керек. Заң шығарушы кейбір қылмыстардың жасалуы кезінде жиі орын алатын басқа қылмыстың негізгі белгілерін осы қылмыста да келтіріп, қылмысты бірнеше обьектілі немесе бір неше әрекеттердің орындалуымен сипаттағанда осы қылмыстың табиғатын көрсетуге және оның қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауға тырысады. Мысалы зорлық-зомбылықпен ұштастырыла жасалатын қылмыстарда адамның денсаулығына, меншікке зардап келуін құрамның негізгі бөлімінде немесе ауырлататын құрамы ретінде келтіруі кездеседі. Айталық, қарақшылық қылмысы үшін жауаптылық қарастыратын 179 баптың 2 бөлімінің «г» пунктінде «қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған» қарақшылық әрекет қарастырылған. Баптың бұл бөлімінде екі қылмыстың, яғни қарақшылық және 251 баптағы қаруды заңсыз алып жүру қылмыстарының белгілері келтірілген және қарақшылық қылмысында қару қолдана отырып жасауды осы бөлімде көрсеткенде осы қылмыстың негізгі мағынасын ескере отырып, оның бір көрінісі үшін жеке жауаптылық қарастырған. Қарақшылық қылмысының негізгі мағынасы меншікке қарсы әрекетті адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті тәсілдер қолдану арқылы іске асыруды білдіреді. Олай болса бұл қылмыстың жасалуы кезінде қару қолдау, жәбірленушінің денсаулығы мен өміріне зардаптың келуі әбден мүмкін және мұндай тәсілдің, зардаптың баптың мазмұнында қарастырылуына назар аудара отырып, екі қылмыс немесе қылмыстың көптілігі ретінде емес, жеке бір қылмыс деп түсініп саралау кезінде бір бапты қолдану керек [4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстардың қайталануы қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде
Жазаның жүйелері және түрлері
Жаза тағайындау түсінігі
Қылмыстық құқықтағы жаза мақсаттары
Қылмыстық саясаттың мазмұны мен оның қағидалары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Рецидивті қылмыстылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz