Қылмыспен күрестің жалпы ұйымдастырылуы



1 Қылмыспен күрестің жалпы ұйымдастырылуы
2 Құқық қорғау қызметінің криминологиялық аспектілері
3 Қылмыстық күрестің міндеті және негізге аларлық бастауы
Қылмыспен күресті жалпы ұйымдастыруға мыналар жатады:
1. Ақпараттық-талдау қызметі. 2. Криминологиялық болжаулау. 3. Қылмыспен күрес стратегиясын анықтау. 4. Қылмыспен күреске бағдарлама жасау. 5. Қылмыспен күрес саласында заң шығарушылық. 6. Қылмыспен күрес бағдарламасын жүзеге асыру, оған түзету енгізу және қылмыстықта күрес жөніндегі қызметті үйлестіру. 7. Қылмыспен күресті ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және дамыту.
1 .Ақпараттық-талдау қызметі - бұл көрініс тапқан қылмысты тіркеу, ол көріністерді, олардың себептілігін және детерминациясын, қылмыстық күрестің өткен кезеңдегі нәтижелерін зерделеу және тиісті мәліметтерді бағалау жөніндегі қызмет.
Ол: қылмысты, статистиқалық есептерді есепке алу жүйелерін құру; қылмыспен күрес жүргізуші органдардың ағымдағы талдаушылық қызметін; криминологиялық зерттеулерді дамыту, алынатын деректердің теориялық қорытпаларын пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
2.Криминологиялық болжаулау -қылмыскерліктің болашақ жайына және қандай да бір басқарутылық піешімдердің криминологиялық мацыздылығы бар өзге салдарларына баға беру.
Болжаулау қылмыскерліктің заңдылықтарын оның детерминациясын, себептілігін білуге, қылмыспен күрестің әр түрлі шараларына әсерлік заңдылықтарына негізделеді.
Бұл функцияның іске асырылуы қылмыстың оперативтік талдамасы мен оның заңдылықтарын зерттеудегі үйлесімділікті қажет етеді. Сондықтан да арнаулы криминологиялық қызмет кұру керек.
Болжаулаудың екінші тарауда сөз болған әдістері кең пайдаланылады. Маман-криминологтардың қылмыстың өзгеру болашағын ұжымдық талқылауы және тұжырымдарын баяндауы айрықша тәсіл болып табылады. Мұндай қылмыстық проблемалары талқыланатын форумдар да болады. Проблемаларды жан-жақты талқылау үшін басқа мамандардың да шақырылуы мүмкін.
3. Қылмыстықпен күрес стратегиясын анықтау. Криминологиялық ситуацияны (қылмысты, оның себептілігін, детерминациясын және онымен күрестің жайын), криминологиялық болжамды және мамандардың қылмыспен ары қарай күрес жөніндегі ұсыныстарыи бағалау негізінде оның стратегиясы анықталады. Бұл - мемлекетті қылмыспен күресті ұйымдастыратын негізгі субъект жасайды.
Стратегия дегеніміз — қылмыспен күрес жүргізудің өнері сияқты, ол бұл күресте жеңіскер болу үшін негізгі соққылы қай бағытта жасау керектігін анықтайды.
Сақтандыру шараларының - қылмыстын себептері мен жағдайларына ықпал етудің басымдылығы стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Тек сол ғана қылмыстық іс-қимылдың жаппай өріс алуына тосқауыл бола алады.
Кез келген жүйелік-құрылымдық құбылыстардағы сияқты қылмыста де «адро» болады, соған берілген соңды оң нәтиже беруге тиіс. Зерттулерге сүйенсек, кәмелетке толмағандардың қылмыс, ұйымдасқан және кәсіби қылмыстық сондай «ядролық» жағдайда екен. Олар бірімен бірі жиі қабаттасып келеді және қылмыстың басқа түрлерімен де өзара тығыз байланыста. Кәмелетке толмағандардың қылмысы барлық қылмыстың сақталуының және дамуының қайнар көзі болып табылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыспен күрестің жалпы ұйымдастырылуы

Қылмыспен күресті жалпы ұйымдастыруға мыналар жатады:
1. Ақпараттық-талдау қызметі. 2. Криминологиялық болжаулау. 3. Қылмыспен күрес стратегиясын анықтау. 4. Қылмыспен күреске бағдарлама жасау. 5. Қылмыспен күрес саласында заң шығарушылық. 6. Қылмыспен күрес бағдарламасын жүзеге асыру, оған түзету енгізу және қылмыстықта күрес жөніндегі қызметті үйлестіру. 7. Қылмыспен күресті ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және дамыту.
1 .Ақпараттық-талдау қызметі - бұл көрініс тапқан қылмысты тіркеу, ол көріністерді, олардың себептілігін және детерминациясын, қылмыстық күрестің өткен кезеңдегі нәтижелерін зерделеу және тиісті мәліметтерді бағалау жөніндегі қызмет.
Ол: қылмысты, статистиқалық есептерді есепке алу жүйелерін құру; қылмыспен күрес жүргізуші органдардың ағымдағы талдаушылық қызметін; криминологиялық зерттеулерді дамыту, алынатын деректердің теориялық қорытпаларын пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
2.Криминологиялық болжаулау -қылмыскерліктің болашақ жайына және қандай да бір басқарутылық піешімдердің криминологиялық мацыздылығы бар өзге салдарларына баға беру.
Болжаулау қылмыскерліктің заңдылықтарын оның детерминациясын, себептілігін білуге, қылмыспен күрестің әр түрлі шараларына әсерлік заңдылықтарына негізделеді.
Бұл функцияның іске асырылуы қылмыстың оперативтік талдамасы мен оның заңдылықтарын зерттеудегі үйлесімділікті қажет етеді. Сондықтан да арнаулы криминологиялық қызмет кұру керек.
Болжаулаудың екінші тарауда сөз болған әдістері кең пайдаланылады. Маман-криминологтардың қылмыстың өзгеру болашағын ұжымдық талқылауы және тұжырымдарын баяндауы айрықша тәсіл болып табылады. Мұндай қылмыстық проблемалары талқыланатын форумдар да болады. Проблемаларды жан-жақты талқылау үшін басқа мамандардың да шақырылуы мүмкін.
3. Қылмыстықпен күрес стратегиясын анықтау. Криминологиялық ситуацияны (қылмысты, оның себептілігін, детерминациясын және онымен күрестің жайын), криминологиялық болжамды және мамандардың қылмыспен ары қарай күрес жөніндегі ұсыныстарыи бағалау негізінде оның стратегиясы анықталады. Бұл - мемлекетті қылмыспен күресті ұйымдастыратын негізгі субъект жасайды.
Стратегия дегеніміз —қылмыспен күрес жүргізудің өнері сияқты, ол бұл күресте жеңіскер болу үшін негізгі соққылы қай бағытта жасау керектігін анықтайды.
Сақтандыру шараларының - қылмыстын себептері мен жағдайларына ықпал етудің басымдылығы стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Тек сол ғана қылмыстық іс-қимылдың жаппай өріс алуына тосқауыл бола алады.
Кез келген жүйелік-құрылымдық құбылыстардағы сияқты қылмыста де адро болады, соған берілген соңды оң нәтиже беруге тиіс. Зерттулерге сүйенсек, кәмелетке толмағандардың қылмыс, ұйымдасқан және кәсіби қылмыстық сондай ядролық жағдайда екен. Олар бірімен бірі жиі қабаттасып келеді және қылмыстың басқа түрлерімен де өзара тығыз байланыста. Кәмелетке толмағандардың қылмысы барлық қылмыстың сақталуының және дамуының қайнар көзі болып табылады.
Ал ұйымдасқан қылмыс неғұрлым ауырлау қылмыстардың жасалуын, тұрақты қылмыстық әрекетті және қылмыстың қоғамға қарсы бағытталған ықпалын анықтайды.
Ұйымдасқан қылмыстын дамуына кәсіби қылмыс едәуір үлесін қосуда.
Стратегия - жалпы қылмыспен күресті ғана емес, оның жекелеген түрлерімен күрес жүргізу өнері (олардың қылмыстың жалпы жүйесіндегі орны ескеріліп).
Криминолог пен қылмыспен күрес жүргізуші мемлекеттік қызметкердін өнері сонда, олар қаражат тапшылығына қарамай жақсы идеяларды өмірге алып келіп, олардан нақты нәтижелер алуға тиіс.
Стратегия шеңберінде қылмыспен күрестің тактикасы жасалады, онда нақты мақсаттар және сол жағдайларда оларға қол жеткізудің оңтайлы әдістері анықталады. Тактика - стратегияның бір бөлігі. Мәселенің тактиқалық шешімі әрқашанда кадрлардың жетіспейтіндігің материалдық тапшылықты, қылмыспен күреске қаржының аз бөлінетінін ескеріп, нақты жағдайға тиісінше бағдар алуды талап етеді. Бірақ, қанша бере аласыңдар, сол бергендеріңді қайда жаратуын өзіміз білеміз деген ұстаныммен де келісуге болмайды. Тактиқалық шешімдердің криминологиялық тұрғыдан негізделген есептері болуға тиіс, олар кейін, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін тиісінше түзетіліп тұрады.
Жекелеген операцияларды жүргізуде де өнер керек.
Стратегия мен тактика қылмыспен күрес Бағдарламасында іске асырылады.
1. Қылмыспен күреске бағдарлама жасау.
Ол: ұзақ мерзімді (қылмыспен күрес стратегиясын толықтай қамтиды), орташа мерзімді (әдетте, 2 жылға) және қысқа мерзімді (тоқсанға, жарты жылдыққа) болып бөлінеді.
Бағдарлама жасау (бұрын - жоспарлау) қоғамның, мемлекеттің экономиқалық, саяси және әлеуметтік дамуына бағдарлама жасаумен байланыстыра алады.
Мұнымен қатар қылмыспен күрестің жекелеген бағдарламалары жасалып қабылданады. Және де қылмыстың жекелеген көріністерімен күрес бағдарламалары да болады.
Бағдарлама жасауда мақсаттық сипат болуға тиіс, яғни алдымен нақты мақсаттар баяндалады, одан соң - оларға қол жеткізу жолдары анықталады, орындаушылар, мерзімдері және оларды ресурстық қамтамасыз етудің сипаты көрсетіледі (кадрлар, қаржы қаражаты, материалдық-техниқалық қамтамасыз ету және т.б.).
Қылмысты сақтандыруға ғана қатысты бағдарламаларға (немесе бағдарлама бөлімдеріне) қарағанда қылмыспен күрес бағдарламалары, мысалы, ақпараттық-талдама қызметін жетілдіру, жаңа заңдарды немесе жаңа құқықтық нормаларды толықтай және ретімен қолдану сияқты мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Егер анықтаушылар мен тергеушілердің саның уақытша ұстау изоляторларындағы орындарды көбейту керек болса - ондай шаралар бағдарламада көрініс табады.
2. Қылмыспен күрес саласындағы заң шығарушылық.
Қылмыспен күреске бағдарлама жасау заң шығарушылық жұмысымен тығыз байланысты. Егер қолданыстағы заң елдегі кримналдық және криминогендік ситуацияның жаңа сипаттамаларымен күресті қамтамасыз ете алмаса, онда қолданыстағы заңдарды өзгерту немесе жаңа құқықтық актілер жасау жөнінде тыңғылықты әрі мақсатты жұмыс жүргізу керек.
Қандай жағдай болса да, егер бұрыңғы құқықтық амалдар өзін тауып олардың шегінде қылмыспен күреске бағдарлама жасау аңғыртты болар еді, ал оған жол беруге болмайды.
Бұл айтылғандармен іс-әрекетті қылмысқа жатқызу немесе жатқызбау. заңның криминологиялық келісімділігі туралы мәселе тығыз байланысты Академик В.Н.Кудрявцев былай деп жазады: қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді криминалдау процесі бірнеше сатыны қамтиды: қоғамға қауіпті болып табылатын іс-әрекеттердің кейбір түрлерінің елде кең таралғандығы туралы ақпарат алу және оны бағалау; олардың туындай себептерін, негізгі белгілеріп және әлеуметтік салдарларын зерделеу; онымен күрестің болашағын анықтау; және де, егер, қажет деп шешім қабылданса, жаңа қылмыстық-құқықтық норма - жаңа заң жобасын жасау.
Іс-әрекетті қылмыстық жазаланатындар қатарынан шығару кең таралған екі жағдайда орын алады. Біріншіден, егер іс-әрекет қоғамға едәуір қауіпті болудан қалса. Екіншіден, қылмыстар қатарынан шығару басқа жағдайға байланысты болады: ол өте көп таралады, ал барлық кінәлілерге қылмыстық-құқықтық шаралар қолдануға нақты мүмкіндік болмайды. Бұл жағдайда, мысалы, қылмыстық жазаңың орнына әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті аз мөлшерде ұрлауға қатысты сондай жағдай болды. Үшінші жағдай да бар: заң саясатына қылмыстық ортаның белсенділері қысым жасайды, нәтижесінде, олардың арасында көп таралған іс-әрекет қылмыстық жазаланатындар қатарынан шығын қалады. Бұл мемлекеттік билік органдарының қылмыстанғандығының айғағы.
Қылмыспен күресті құкықтық реттеу проблемалары әдебиетте, оның ішінде криминологиялық әдебиетте кеңінен талқылануда.
Бұл жолда Қазақстан Республикасы Президентінің Қылмыспен күресті күшейтудің қосымша шаралары туралы Жарлығы басты маңызға ие".
6. Қылмыспен күрес бағдарламасын іске асыру, оған түзету енгізу және қылмыспен күрес жөніндегі қызметті үйлестіру.
Қылмыспен күрес бағдарламасын іске асыруды тікелей қамтамасыз етуде көп аспектілі сипат бар. Ол - басқарушылық қызметті, бақылауды, кадрлар іріктеуді, оларды даярлауды, оңтайлы орналастыруды, олардың біліктілігін көтеру жұмысын ұйымдастыруды, жана криминологиялық және ауқымды әлеуметтік шындықтарды ескеріп оларды қайта даярлауды, жаңа техника жасауды, қылмыспен күрестің ресурстық қамтамасыз етілуін, қабылданатын шаралардың тиімділігін талдауды және бағдарламаларға түзету енгізуді қамтиды.
Орындалуы кезінде бағдарламаға түзету енгізу қажеттігі тосын әлеуметтік өзгерістер жағдайында туындайды.
Сонымен қатар, бағдарламаны орындау барысында нақтылау енгізілуі мүмкін. Жалпы онын тұрақтылығы керек - бағдарламада бастан жақсы ойластырылғандық және ғылыми негізделгендік сипат болуға тиіс.
Шаралардың тиімділігін бағалауға қатысты алатын болсақ, ол:
а) қылмыспен күрес жөніндегі қызмет тетігінің тиімділігі,
б) қылмыспен күрестін әлеуметтік тиімділігі болып бөлінеді. Бірінші
жағдайда, мысалы, қанша конференция өткізілгендігі, қанша құқықтық
нормалар қабылданғандығы, қанша адамның өз біліктілігін көтергендігі,
қылмыстардың ашылу жайы, яғни қылмыспен күрес тетігінің өзі
қалай жұмыс істейтіндігі бағаланады.
Екінші жағдайда, мұндай тетіктін жұмыс қорытындысы қандай: қылмыстың және оның қоғамға қауіптілігінің деңгейі төмендеді ме, бағдарламада алға қойылған мақсатқа қол жетті ме.
Қылмыспен күрес субъектілерінің саны өте көп болғандықтан бұл күресті үйлестірудің де қажеттілігі туып отыр. Бұған мемлекет, азаматтық қоғамның институттары (қоғамдық ұйымдар, қорлар, т.б.), барлық жеке және заңды тұлғалар қатысады. Тек осы елдің азаматтары ғана емес, осында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, шетелдіктер де қатысады. Бұл күреске іс жүзінде барлық халық әр түрлі формада қатысады. Мысалы, куәгер, айғақ ретінде.
Құқық қорғау органдарының қылмыспен күрес жөніндегі қызметін Бас прокуратура және оған бағынышты прокурорлар үйлестіреді. Қылмыстың аса қауіпті көріністерімен күрес Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шегінде жүргізілгді.
Атқарушы билік органдарының қылмыспен күрес жөніндегі қызметін аймақтық үйлестіру де бар. Ол, біріншіден, мемлекеттік органдар мен жүртшылықтын өкілеттіктерін бөлу және құзыреттерін есепке алу; екіншіден, ортақ міндетті орындауға қатысты әрекеттерді келісу. Бұл жерде әрбір субъект өз ісімен айналысуы керек, бірін бірі алмастыруға, қайталауға және қосарласып істеуге жол берілмейді.
7. Қылмыспен күресті ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және дамыту. Бұл жерде әнгіме ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүйесін дамыту және ғылыми кадрларды даярлау, зерттеу әдістемелерін жетілдіру жайында, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикаға енгізу жайында болып отыр. Криминологиялықпен қатар пәнаралық және кешенді зерттеулерді дамытудың да маңызы зор, ол жайында 2- тарауда айтылған.
Ғылыми зерттеулерді практикаға енгізу – екі жақты процесс, ол криминологиялық зерттеулердің нәтижесін, ғылыми ұсыныстардың сапасына да, практиқалық қызметкерлердің оларды қабылдауға және қолдануға даярлығына, қабілеттілігіне де байланысты. Ал, тағы да бір маңызды буын бар, ол - ғылыми және практиқалық қызметкерлердің ғылыми ұсыныстарды оларды қолданудың нақты жағдайларына байланыстыруы, аяғына жеткізуі. Бұл - өндірістегі тәуекелді технологиялық процесс кезеңі. Криминологиялық ұсыныстарға қатысты да осындай жағдай қалыптасады.
Қылмыстың алдын алу дегеніміз, бұл - мемлекеттің, қоғамның, жеке және заңды тұлғалардың қылмысқае жаңа адамдардың тартылуына, жаңа қылмыстық іс-әрекеттердің жасалуына, қоғамдық қатынастардың ары қарай криминалдануына жол бермеу мақсатында қылмыстың детерминация және себептілік процесін мақсатты ықпал етуі.
Біз бұрындары қылмыстылық дегеніміз - күрделі әлеуметтік құбылыс, сондықтан да оның себептерін ең тиімді қылмыстық саясат та жене алмайды деп санағанбыз. Қылмыстық заң жүйесі қандай да бір қылмыстың алдын алу мақсатында қылмыста, сондай-ақ азаматқа ықпал жасай алады, жасауға тиіс те. Әңгіме - сол ықпалдың неге тұратындығында, қаншалықты және қандай әдістермен жасалатындығында.
Бұл мәселелерде маңызды саяси-әлеуметтік және идеологиялық мазмұн бар. Қылмыстық саясат құралдары қылмыстың субъективтік және бірқатар жақындау объективтік себептеріне және оларға мүмкіндік тудыратын жағдайларға ғана ықпал жасай алады.
И.П. Портновтың пікірінше, таза түрде қылмыстың алдын алу дегеніміз - криминогендік факторларды жою және қылмысқа дейінгі кезеңде адамның мінез-кұлқыл түзету арқылы қылмыстың жасалуына жол бермеу.
Ал, Г.А. Ававгсовтың ойынша, қылмыстың алдын алу мақсатында ықпал жасалынатын объект өте күрделі құбылыс, оған жеке адам, адамдар тобы, оларды қоршаған орта (оның ішінде тікелей коршаған орта) және әр түрлі заттар - факторлар, себептер мен жағдайлар, мән-жайлар, т.б. жатады.
Алдын алу объектілері жайында сөз қозғағанда, тіптен, нақты кәсіпорық аудан, қала, қандай да бір аймақ жайында айтуға болады.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қылмыстың алдын алуға анықтама берсек, ол —қылмыстың себептерін және оған мүмкіндік тудыратын жағдайларды аныңтау және жою мақсатында мемлекеттік, қоғамдың және басқа ұйымдардың жүргізетін, өзара байланыстағы әр турлі шараларының жиынтыгы.
Әңгіме әр түрлі субъектілерден тарайтын көп денгейлі шаралар жүйесі жайында болып отыр.
Қылмыстың алдын алу термині даусыз деп саналмайды, себебі орын алған бар нәрсенің алдын алу мүмкін емес. Ал қылмыс, ол -бар нәрсе. Бұл тұрғыдан алғанда оған дау айтуға болады, бірақ ол ғылыми айналымға кіріп кеткендігінен қалыптасқан ұғымды өзгертіп жатқанның қажеті болмас. Мұндағы басты мақсат - қылмыстың себептілігі мен детерминациясына баса көңіл аудару, адамдарды қылмысқа жібермеу.
Бұл терминмен қатар сақтандыру термині де қолданылады. Кейбір авторлар бұл екі ұғымды синонимдер дейді, кейбіреу олардың арасында айырмашылық бар дейді. Сақтандыру туралы, көбіне, нақты қылмыстардың жолын кесуге қатысты айтады, бұл ретте қылмыстың
ойластырылуы, оны жасауға дайындалу фактісін дер кезінде ашу және ол фактіге шара қолдану жайында сөз болады. Бұл тұрғыдан алғанда сақтандыру жоғарыда көрсетілген классикалық мәндегі қылмыстың алдын алу мен құқық қорғау қызметінің ортасындағы көпір, тіптен сонғысына жақын тұрған сияқты.
Адам көп жыл бұрын босануға тиіс еді немесе жаңа қылмыс бұрынғымен байланысты емес бұрынғысы - лауазымдық, ал екіншісі - зорлық-пайдақорлық қылмыс, бұл жай адамның жеке басының бағыттылығын көрсетпейді, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаңы өтеу фактісінің өзі оған катаң режим тағайындауға негіз болады. атаң режимдегі колонияны тағайындау туралы мәселені шешуге ықпал ететін маңызды фактор – бұрынғы жазадан босанғаннан бергі өткен уақыт мерзімі.
Егер одан бері неше жылдар өтіп, сол кезеңде адам дұрыс өмір салтын құрса, онда жаңа қылмыс кездейсоқ мән-жайлардың салдары деп есептелінеді, ол бұрынғы қылмыспен байланыстырылмайды.
Қылмыстың алдын алу жүйесінде үш түр бөлініп алынады: жалпы, арнаулы және жеке дара алдын алу. Бұлай бөлуте алдын алу қызметінің ауқымы негіз болған.
Қылмыстың жалпы алдын алу дегеніміз —қылмыстың барлық халыққа немесе оның топтарына ықпал ететің жалпы экономиқалық, әлеуметтік және өзге критерийлер бойынша бөлініп алынатын және бұл ретте ондай әлеуметтік топтардың іс жүзінде барлық өкілдеріне қылмыстық іс-қимыл мүмкіндігін жасайтын детерминация және себептік процестерін жөніндегі шаралар жүйесі. Жалпы алдын алуға қатысты алатын болсақ, әңгіме бұл жерде —халықтың басым көшпілігінің қайыршылыққа ұшырау, ал ат төбеліндей адамдардың тікелей қылмыстық іс-әрекеттер жасап байып кету процесін тыйып тастау жайында; адал кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру (жуып-шаю) әрекетіне қарсы қатан шара қолдану жайында болып отыр. Бұл аса мұктаждықтан шмесе қолы жүріп тұрғандар қатарына қосылсам ба деп криминалдық әрекетке ниеттшушілерге тосқауыл болады.

Мысалга мынандай жалпы алдын алу-шаралары жүзеге асу керек:

Ұтымды экономика, меншік нысанының көптүрлілігі, адамдардың
іскерлік белсенділігі мен нысанасын көтерудің негізінде нарықтық қатынастарды қалыптастыру.
Жас адамдардың әлеуметтік, экономикалық және басқадай
жағдайларын жақсартуға, олардың өз бетімен енбекке және қоғамдық-саяси
өмірге араласуы үшін мемлекеттік жастар саясатын қаржымен, заңмен
қамтамасыз етуге шаралар қарастырып, оны жүзеге асыру.
3. Оку орындарында Мемлекет және құқык негіздері және құқықтану
пәндерін оқытудың сапасын жақсарту. Оқылатын сағат санын 60-қа дейін
көбейтіп, курс аяғында емтихан алуды қарастыру.
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алуды жалпы қоғамдық
деңгейде қарастырғанда Қазақстан үшін өзекті проблема —адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу қажет. Нарықтық қатынастарға көшу жұмыссыздар санының көбеюіне әкеліп соқты. Сондықтан да Еңбек туралы Заңдың негізінде Қазақстан халқын еңбекпен қамтамасыз етудің 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жасау керек. Бұл бағдарлама халықты еңбекпен қамтамасыз етудің облыстық, қалалық және аудандық бағдарламалары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін әр түрлі мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің және қоғамдық ұйымдардың өзара тығыз байланыста болуы шарт. Мемлекеттік бағдарлама 4 бөлімнен тұруға тиіс: а) көрсетілген кезеңде республиканың еңбек рыногында қалыптасқан жағдай; б) еңбек рыногын болжау; в) еңбекпен қамтамасыз ету, жұмыссыздар санын азайту және жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары; г) 2004-2010 жылдардағы еңбекпен қамтамасыз ету қоры.
Республиканың ірі қалаларында құқық бұзушылықтан алдын алудың
кешенді шаралары жасалуға, онда қаланың экономиқалық, әлеуметтік,
географиялық және басқа ерекшеліктері ескерілуге тиіс. Мұндай шаралар қаланы әлеуметтік дамытудың 2005 жылға арналған жоспарына кіруі керек. Онда қылмыспен күрестің негізгі проблемаларын қамтитын нақты
шаралар және күресітің озық тәжірибелері көрініс табады. Құқықтық тәртіпті
қорғау шаралары тар мағынада емес (халық жасақшыларын құру, маскүнемдермен
күрес, жатақханаларда тәртіп орнату, т.б.), халықты қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдыру, т.б.
Заңды жалпыға бірдей окытуды және заңға тәрбиелеуді ұйымдастыру.
Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жастардың және басқа
да азаматтардың құқықтық оқу жүйесін құру.
Халық арасында заңды жанжақты насихаттау, атап айтқанда, жасалған қылмыс үшін жазаланбай қалу мүмкін еместігіне көз жеткізу, адамды қастерлікте, оның жеке басын сыилауға баулу, заңды, қоғамдық тәртіпті бұзуға болмайтындығын санаға жеткізу. Бұл тұрғыдан алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор.
Құқық бұзушылықтың алдын алудың әлеуметтік базасын нығайту.
Әлеуметтік-экономикалық шаралар арқылы көпбалалы отбасыларын,
зейнеткерлерді, халықтың нашар тұратын топтарын мемлекеттік қамқорлыққа
алу. Ең аз табысты және күн көріс үшін қажетті азық-түлік мөлшерін ауық-
ауық қайта дарау. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерің ата-анасының
қамкорынсыз қалған, жетім қалған балаларға, карттарға арналған үйлерді
көбейту.
Азаматтардың әлеуметтік-құқыктық белсалділігін арттыру. Құқық тәртібін
сақтауға азаматтарды тартудың жаңа нысандарын табу. Жәбірленушілерді,
куәлерді қорғауды заң бойынша реттеу. Заңдылықты нығайту ісінде белсенділік танытқан адамдарға әлеуметтік қолдау жасау.
9. Бас бостандығынан айыру орындарынан босанған адамдардың әлеуметтік ақталуына көмектесу. Оларды жұмысқа орналастыру жүйесін кұру. Сотталған адамдардың қажетті жұмысшы мамандығын игеру үшін жаза өтейтін колониялардың жұмысын жақсарту және жетілдіру. Әлеуметтік ақтау орталықтарының, бас бостандығынан айыру орындарынан босанып келген адамдарды қоғамға көндіктірудің басқа да нысандарының қызметін ұйымдастыруға көмектесу, оларға қолдау жасау.
Жалпы алдын алу шеңберінде жеткіншек ұрпақтық оңтайлы тәндік, рухани және өнегелік дамуы, қандай да бір психо-физикалық ерекшеліктері бар адамдарды (сараң, зағип және т.б.) тиімді әлеуметтендіру мәселесі шешіледі.
Қылмыстың жалпы алдын алу қоғам өмірінің әлеуметтік те, экономиқалық та, саяси да, рухани да саласын сауықтыру жөніндегі шараларды қамтиды. Қылмыспен күрес қоғамдық барлық саясатының: мемлекеттік те, әр түрлі мемлекеттік емес құрылымдар мен азаматтық қоғамның институттарының қызметінің де ажырамас бөлігі болуға тиіс.
Қоғам өмірінің әр түрлі салаларынын өзара әрекеттестік факторларын ескеру керек. Егер экономикадағы немесе әлеуметтік өмірдегі қандай да бір теріс құбылысты тез жою мүмкін болса, оның саяси немесе рухани өмірдің белгілі бір факторларымен өзара әрекеттестігімен қамтамасыз етіп, оны біршама бейтараптандыруға болады.
Жалпы алдын алу шараларын криминологтар емес, басқа мамандар (экономистер, социологтар, саясаттанушылар, әлеуметтік психологтар, басқару мамандары және т.б.) ойластырады.
Қылмыстың жалпы алдын алудағы криминологтық рөлі мыналарға тіреледі:
Біріншіден, қылмыстың себептілігі және детермиациясы жайындағы белгілі бір кезеңнің ақпаратын береді, атап айтқанда, қандай өзара әрекеттестіктердің қандай мән жайларда қылмыс ретінде қабылданатын және криминогендік деп бағалануы мүмкін екендігін көрсетеді.
Бұл ақпаратты одан кейін экономистер, социологтар және басқа мамандар өндейді, ол қайта құру бағдарламаларын, елдің экономиқалық, әлеуметтік және басқадай дамуының мақсатты бағдарламаларын жасау процесінде қоғамдық қатынастарды жетілдіру үшін бағдар болады. Криминолог ауа райын болжап, оның қандай болатынын білетін, бірақ азаматтарға плащ кию немесе қол шатыр алу керектігін айтып жасайтын метеоролог сияқты, дейді проф. А.Д.Берензов. Криминолог, зерттеулерге сүйеніп керектігін ғана көрсетеді. Бұл да аз емес. оңтайлы экономиқалық және басқа шешімдерді іздестіру белгілі бір шектерде жүзеге асырылады.
Екіншіден, криминолог, қоғамды дамытудық және сауықтырудың әр түрлі бағдарламаларын жасауда консультанг ретінде тартылады. Мысалы, қоғамдағы
бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралардың жалпы алдын алушылықтағы нәтижелілігін немесе балаларға көмек көрсету бағдарламаларын алдын ала бағалау үшін, немесе қылмыспен күресті жетілдіру жөніндегі арнайы ұсыныстар қаншалықты толық ескерілгендігін бағалау үшін тартылады.
Үшіншіден, криминолог, мүдделі ұйымдардың тапсыруы бойынша әлеуметтік-экономикалық және басқадай қайта құру бағдарламаларының жобаларына, заң жобаларына криминалогиялық сараптама жүргізеді. Бұл ретте ол қылмыскерліктің себептік кешенінен, айта келе оның өзіне қандай да бір заңды, жекешелендіру бағдарламасын қабылдау қандай әсер келтіреді, немесе қылмыспен кұрес жүйесіне, яғни қылмыс ішкі әскерлер бөлімшелерінің санын ұлгайту, кейбір құқық қорғау органдарын қайта ұйымдастыру қандай әсер етеді деген сұрақтарға жауап береді.
Өлім жазасымен қорқыткан күнде де қылмыстылықты жену мүмкін емес, деген С.В. Максимовпен келіспесе болмайды. Жаза қанша қатаң болғанмен, қылмыстың түбіріне балта шабуға қоғам қаншалықты ұмтылғанмен қылмыслерден арылу мүмкін емес. Жазаман қоркыту да, жазалау да қылмысты алмайды дейді И.Э. Звечаровский. Жазадан көп талап етуге болмайды, есептелсе ол соны ғана береді, яғни ол адамды өнегелі етіп қайта жарата алмайды, тек қылмыстық әрекетті тежейтін құрал ғана болуы мүмкін -деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез - құлықтың ауытқушылығының себептері
Қылмыстылықтың алдын алу шаралары
Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары
Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы жайында
Прокуратура органдары қызметі жайында
Рим Республикасының құрылуы
Қылмыстық заңнама тарихындағы қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Ұйымдасқан қылмыстың түрлері
Пәндер