ҚР азаматтық және отбасы құқығының негіздері. Медициналық қызметтің түрлері. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚММУ Ф 4/3-04/03

2007ж. 14 маусымындағы№6 НХ

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Казақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы: ҚР азаматтық және отбасы құқығының негіздері. Медициналық қызметтің түрлері. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау.

Пән: ОР 1109 «Құқық негіздері»

Мамандық: 5В060700- «Биология»

Оқу сағатының көлемі (кредиттер) : 90 сағат 2 кредит

Курс: 2 .

Семестр: 1-2 .

Қарағанды - 2014 ж.

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

Хаттама № «» 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі: Қ. А. Темірғалиев

Тақырыбы: ҚР азаматтық және отбасы құқығының негіздері. Медициналық қызметтің түрлері. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау.

Мақсаты: ҚР адамдардың және азаматтардың заңда белгіленген азаматтық құқықтары туралы жалпы түсінік бере отырып, күнделікті тұрмыста қолдануға бейімдеу.

Дәріс жоспары:

  1. Азаматтық құқық ұғымына жалпы түсінік
  2. Азаматтық құқықтың субъектілері
  3. Азаматтық әрекетке қабілеттілік түсінігі

Дәріс тезистері:

Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен, қажеттіліктен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады.

Азаматтық құқық ең алдымен мүліктік және мүліктік емес қатынастармен анықталады. Азаматтық құқықтың ең басты принципі жеке адамға тиесілі құқыққа қол сұқпау.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, шетелдiк жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда ҚР азаматтары мен заңды тұлғалары үшiн қандай құқықтар мен мiндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға қақылы және сондай мiндеттердi орындауға мiндеттi.

Азаматтық құқықтарды қорғау

Азаматтық құқықтарды қорғауды сот мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады.

  1. құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу;
  2. залалдарды, төленетiн айыпты өндiртiп алу;
  3. мәмiленi жарамсыз деп тану;
  4. моральдық зиянның өтемiн төлету;
  5. құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту;
  6. мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану;
  7. азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасауы

Азаматтық құқықтардың субъектiлерi: жеке және заңды тұлғалар

Жеке тұлға ұғымы

Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.

Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi

Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi (азаматтық құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға бiрдей деп танылады

Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны

- Азаматтың ҚР шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, соның iшiнде шетел валютасын меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға қалдыруға;

- республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға;

-республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға;

-заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;

-дербес өзi немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бiрiгiп заңды тұлғалар құру;

- заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу;

-өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтiң өзге де

-туындыларына интеллектуалдық меншiк құқығы болуға;

- материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк және жеке құқықтары болады.

Азаматтың есiмi

Азамат өз есiмiн заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша өзгертуге құқылы. Азамат өзiнiң борышқорлары мен несие берушiлерiне өз есiмiн өзгерткенi туралы хабарлау үшiн қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi және бұл адамдарда оның есiмi өзгертiлгендiгi туралы мәлiметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етедi. Есiмiн өзгерткен азамат өзiнiң бұрынғы есiмiне ресiмделген құжаттарға тиiстi өзгерiстер енгiзiлуiн талап етуге құқылы.

Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi

Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады. Заңда он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.

Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келiсiмiмен жасайды. Бұл жастағы балалар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасасуға құқылы. Бірақ жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiнен келтiрiлген зиян үшiн жауап бередi. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар үшiн мәмiлелердi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң жасына лайықты, тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы.

Кәмелетке толмағандар банкiлерге салымдар салуға және өздерi салған салымдарға дербес билiк етуге құқылы. Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың атына басқа бiреудiң салған салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi билiк етедi, ал он төрт жасқа толған кәмелетке толмағандар өздерiнiң атына басқа бiреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi.

Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тану

Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмiлелердi оның қорғаншысы жасайды. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едәуiр жақсарған жағдайда сот оны әрекет қабiлеттiлiгi бар деп таниды, бұдан кейiн одан қорғаншылық алынады.

Азаматтың әрекет қабiлеттiлiгiн шектеу

Спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабiлеттiлiгiн сот ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiп бойынша шектеуi мүмкiн. Оған қамқоршылық белгiленедi. Ол тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы. Басқа мәмiлелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кiрiстерiн алуды және оларға билiк етудi ол тек қамқоршысының келiсiмiмен ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабiлеттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiн жояды. Сот шешiмiнiң негiзiнде азаматқа белгiленген қамқоршылықтың күшi жойылады.

Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану

Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы бiр жыл бойы деректер болмаса сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тануы мүмкiн. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған күндi анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi, ал бұл айды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда келесi жылғы бiрiншi қаңтар хабар-ошарсыз кетудiң басталған күнi деп есептеледi.

Хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкiн сақтау

Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адамның мүлкiне сот шешiмiнiң негiзiнде қорғаншылық белгiленедi. Осы мүлiктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға мiндеттi адамдарды асырауға қаражат берiледi және хабар-ошарсыз кеткен адамның салықтар мен басқа да мiндеттемелер бойынша берешегi өтеледi.

Хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмнiң күшiн жою

Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адам келген немесе оның тұрған жерi белгiлi болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы және оның мүлкiне қорғаншылық белгiлеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

Азаматты өлдi деп жариялау

Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны өлдi деп жариялауы мүмкiн. Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшi немесе өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемiнде екi жыл өткеннен кейiн өлдi деп жариялануы мүмкiн. Адамды өлдi деп жариялау туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде азаматтық хал актiлерiн жазу кiтаптарына оның өлгенi туралы жазба жасалады.

Өлдi деп жарияланған адамның тiрi оралуынан туындайтын жағдайлар

Өлдi деп жарияланған адам тiрi оралған немесе оның тұрған жерi белгiлi болған жағдайда сот тиiстi шешiмнiң күшiн жояды. Азамат өзiнiң қай уақытта оралғанына қарамастан, кез келген адамнан азамат өлдi деп жарияланғаннан кейiн сол адамға тегiн көшiп, сақталып қалған мүлкiн қайтарып берудi талап ете алады.

Заңды тұлға ұғымы

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

Азаматтық құқықтар объектiлерi

Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.

Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке) : заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.

Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға : жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.

Қозғалмайтын және қозғалатын мүлiк

Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады. Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, "өзен-теңiз" жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi.

Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады.

Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы

Азаматтың жеке бас құпиясын, оның iшiнде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделiктер, естелiктер, жазбалар, iшкi жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрiгерлiк, адвокаттық құпияны, банктiк салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар. Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгiленген реттерде ғана ашылуы мүмкiн.

Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi және басқа құжаттарды жариялауға - олардың авторының келiсiмiмен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келiсiмiмен ғана жариялауға жол берiледi. Олардың қайсыбiрi қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келiсiмiмен жариялануы мүмкiн.

Өз бейнесiне құқық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала құқықтары. Өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау құқығы Ар-ождан және дін бостандығы құқығы. Сөз, наным және оларды еркін білдіру құқығы
Адам және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтары
Мамандықтың пәндер каталогы
Құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстардың негізгі ұғымдары. Медициналық қызметтің құқықтық негізі.
Қазақстан Республикасында балаларды әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері
Медициналық құқықтық қатынастар объектісі
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Еңбектің халықаралық стандарттары
Неке - отбасы қатынастарының құқықтық табиғаты
Азаматтардың экономикалық құқықтарын қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz