Қызметкерлерді басқару


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қызметкерлерді басқару

Басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе соны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару процесіне іскерлікпен қатысатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскерлер жатады.

Басқару кадрларын алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға болады:

басқару деңгейі бойынша - жоғарғы, орташа және төменгі буындар, кәсіптік құрылымы бойынша - инженерлер, қызмет түрі бойынша ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп кадрлары, басқару еңбегін мамандандыру түрі бойынша - әкімшілік, экономикалық, білім бойынша -жоғары және арнайы орта білімді адамдар, практиктер орындайтын жұмыстың қүрделілігі және жауапкершілігі бойынша.

Басшыларды қызметтегі ролі бойынща мамандар мен қосалқы қызмет көрсетушілер болып бөлінеді. Басқару жүйесіндегі қызметшілердің бұл әр бір категориясы еңбек әрекетінің ерекшеліктеріне, кәсіптік даярлығына және даярлықтан қайтадан өтуіне қарай сипатталады.

Басшылар - бұлар тиісті ұғымға басшылық етушілер, басқару аппаратының немесе оның жекелеген буындарының жұмыстарын үйлестірушілер, қойылған міндетті орындау үшін ұжым қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырушылар.

Шаруашылық жүйесінің басшыларына алуан түрлі, бірін-бірі толықтыратын қызметтерді әкімшілік, ұйымдастырушылық, мамандық, қоғамдық қызмет, тәрбиеші орындауынп тура келеді. Басшы әкімшілік рөлінде өз билігін пайдалана отырып қолдана жүрген нормативтік актілерге сәйкес жүйедегі қозғалысты қамтамасыз етеді, ұйымда тиісінше тәртіп орнатады. Өзіндегі қызметкерлермен бірлесе отырып кадр саясатын ойластырады және жүзеге асырады, штатты жинақтайды, кадрларды іріктеуді, баулуды, орналастыруды және ауыстыруды жүзеге асырады.

Басшы ұйымдастырушылық қызметті орындай отырып, бірлесе жемісті еңбек ету үшін қажетті жағдай жасайды, басқару процесінде және өндірісте жұмыс істейтіндерге бағыт сілтеп, іс-әрекеттерін үйлестіреді.

Басшы кәсіби даярлықтан ойдағыдай өткен, өзі істейтін сала бойынша білімі мен тәрбиесі жеткілікті маман ретінде өз қызметін орындағанда- мақсатты дұрыс қоя білу, оның жүзеге асыру барысын жан-жақты талдау және бақылауы, білікті нұсқау бере білуі тиіс. Басқадай жетістіктермен қоса, арнайы білімі бар басшылар өз міндетін ойдағыдай әрі нәтижелі шеше біледі.

Басшы өзінің тікелей міндетімен қоса, алуан түрлі өндірістік қызметтерді орындайтын қоғам қайраткерлері болып та саналады. Өйткені онсыз ұйымшыл ұжым құру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда ол қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене ат салысады, әр түрлі мәжілістерге, конференцияларға және орталық органдардың жұмыстарына қатысады. Соның нәтижесінде басшы толып жатқан мәліметтер алады, ал оны тиімді қолданғанда ұжымның психологиялық ахуалына және шаруашылық қызметіне елеулі ықпал ете алады.

Басшының тәрбиешілік қызметінің зор мәні бар. Жақсы жолға қойылған тәрбие жұмысы жеке адамдар мен ұжымның ауыз бірлігін, ынта-жігерін арттыра түседі, экономикалық және әлеуметтік прогресті жеделдетуге ықпал етеді. Тәрбие жұмысына соншалықты жоғары баға берілетін себебі басқару, бұл әрдайым адамдарға басшылық ету және де оны ойдағыдай жүзеге асыруға, басшының қол астындағыларға өктем бұйрықпен емес, сендіру, әділдікке көзін жеткізу арқылы ықпал етуінің зор мәні бар.

Ұжымға жетекшілік ету сипатына қарай басшыларды сызықтық және қызметтік деп бөлінеді.

Басшылық қызметтіжүзеге асыруда оқшау шаруашылық бөліміне жетекшілік ететін сызықтық басшылықтың айырықша ролі бар. Олардың әрқайсысы өзіне бекітілген басшылық аппараты арқылы қарамағындағы адамдардың жұмысын үйлестіріп ғана қоймай, тиісті әлеуметтік- экономикалық, ұйымдық, техникалық және адамгершілік алғы шарттарды қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдап, өзі басқаратын бөлімшедегі жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қызметтік басшылық- бұл қызметтік басқарма, бөлімдермен басқарудың барлық деңгейіндегі басқада бөлімшелерге, мәселен бас инженер жоспарлау бөлімінің бастығы, басшылық ету. Оның міндетіне басқарылатын объектілердегі параметрлерді өзгерту үшін линиялық басшылық ұсыныс әзірлеу жатады. Қызметтік басшы өзі басқаратын бөлімшелерге линиялық басшы болыпта саналады.

Мамандар -бұлар әдетте өндірістік немесе басқару сипатындағы жекеленген нақтылы, қызмет мәселелеріне қатысты арнаулы шешім варианттарын әзірлейтін қызметкерлер. Басқарма мамандары басқару қызметіне және олардың әзірлігіне қарай жіктеледі. Мамандар тобына, зоотехниктар, инженерлер, экономистер, бухгалтерлер, заңгерлер, технологтар т. б жатады.

Техникалық қызметшілер- басшылармен мамандарға қызмет көрсететін жұмыскерлер. Олар әдетте басқарудың жекелеген операциялары бойынша жіктеледі. Бұған жататындар -хатшылар, машинисткалар, архиварустар т. б жатады. Техникалық қызметшілер нақтв бір мамандықтың иелері, олар басқарма басшылары мен мамандарына тиімді техникалық көмек беруді, соның ішінде шешім жасауда және жүзеге асырудаы қамтамасыз етеді.

Батыста басқару қызметшілерін жіктеу бізден біршама өзгеше келеді. Мысалы: Раймон Арон басқару қызметшілерін мынадай категорияға бөледі.

1) қаржыландырушы- кәсіпорын қаржысын бақылауды жүзеге асыратын, бірақ оларға басшылық етпейтін адам.

2) Техникалық басшы немесе инженер, бұлар қажетті ғылымды және арнайы білімді меңгергендер.

3) Өнімді өткізетін коммерсанттар.

4) Менеджерлер- басқарушы, ұйымдастырушы, олар жеке кәсіпорында да, мемлекеттік кәсіпорында жетекші тұлға болып саналады.

АҚШ-та ой еңбегі қызметкерлерін ақ жағалылар деп атайды. Бұған жататындар- инженер-техник қызметшілері, менеджерлері, клерктер, т. б көк жағалылар деп аталады.

Біздің түсінігімізше, менеджер мен басшы арасында айырмашылық бар. Ал шындығына келгенде, басшы мен менеджер бұл бір ұғым. Алайда бұл ұғымда түсіндіруде және қолдануда айырмашылық бар. Менеджер туралы әңгіме болғанда оны тек басқару ісімен шұғылданатын инженер немесе экономист ретінде ғана емес, іскер басшы, ерекше кәсіптің өкілі ретінде танимыз. Сонымен қоса менеджерлер- әдетте арнайы даярлықтан өткен адам. Американдық менеджерлер мен біздегі шаруашылық басшыларының арасындағы айырмашылыққа көз жеткізу үшін 14 -кестедегі мәліметтерге назар аударалық.

(С. Ф. Макаровтың “Менеджер жұмыс үстінде”кітабынан-Москва, “Моладая гвардия” 1989ж. )

Шаруашылық басшысы

Менеджер

1. Жоғарыдан қабылданған шешімді үйреншікті қалыппен орындайтын, сол себептенде оларды іштей еркіндік, батылдық жоқ, тәуекел етуден қорқады.

2. Министрге дейінгі көпшілік шаруашылық басшылары инженер, технолог, кейде тіпті қарапайым диспетчер, көтермеші, жабдықтаушы ретінде әрекет етеді.

3. Шаруашылық басшысы өзінің дербес шешімімен және әрекетімен жоспарды қалай орындап шығуға, жеке басына

4. Жасалған діни типтегі иррационалдық сапаға бейім келеді.

5. Екіұшты пікір айтуға және жалған логикаға бейім. Өзінен жоғары басшыларға ешқандай жаалығы жоқ, оңай шешілетін мәселелерді қояды.

6. Бұқарашыл емес, адамдармен ашыұ жарқын пікірлесе алмайды, өзінің қарамағындағылардың жеке өмірін жете білмейді.

7. Білімін жетілдіріп отырмайды, икемсіз, мәліметтерді толық білмейді, тұйық.

8. Алуан түрлі мүмкіндіктерді таңдағанда икемсіз әсіресе нарықтық экономика жағдайында жұмыс істей алмайды.

9. Адамгершілік қарым-қатынас, менеджмент, психология мәселелерін жөнді білмейді, ой-өрісі мен эрудициясы шамалы.

1. Шешімді дербес қабылдайды. Іштей өзін еркін сезінеді, мүмкін болатын шығынды алдын-ала ескере отырып, тәуекел ете алады.

2. Жоғары деңгейдегі басшы бірінші кезекте қолданылып жүрген заңдармен экономикалық ережелердің өндіріске тосқауыл болып отырғанын дәлелдеп, оны өзгертуге қүш салады.

3. Жоғары деңгейдегі басшы бірінші кезекте қолданылып жүрген заңдар мен экономикалық ережелердің өндіріске тосқауыл болып отырғанын дәлелдеп, оны өзгертуге күш салады.

5. Менеджеркөбінесе пікірлес адамдарын тартуға, яғни еңбек ұжымында әкімшілік басшылықты дербес ұйымдастыруға тырысады. Парасатты және өзіне сын көзімен қарайды.

6. Екіұшты пікірден аулақ сөзі қисынды. Адамдармен үнемі әңгімелесіп, пікірлесіп отырады, өзінің қарамағындағылардың жеке өмірімен жақсы таныс.

7Ақжарқын, мәліметтермен жете таныс.

8. Әлеуметтік және экономикалық еркіндікке бейімделген. Өз ісін жетік біледі, ой-өрісі мен эрудицясы жоғары.

Әкімшілік жүйе жағдайында басшының басқаша типі- жұмыс уақытын мәнсіз өткізетін, әлеуметтік ортаға немқұрайлы қарайтын кішкентай адамдар пайда болады. Бұлардың ойлайтыны еңбек нәтижесі емес, басшыларға жағымпазданып, көрсеткіш нәтижесін болжап көрсету болады. Олар стратегиясымен тактикасы дәл мақсаттаы көздейді. Ал, тұтынушылар мүддесі ең соңғы орынға қойылады.

Нарықтық қатынасқа көшу көптеген басшыларды қолайсыз жағдайларда қалтырады. Олар нарықтық қатынасқа экономикалық та, технологиялықта, қоғамдық тұрғыдан да әзір болмай шықты. Екінші іс- әрекет етуге әлі үйрене қоймайды. Басқарудың әкімшілдік жүйесінен бас тартқаннан кейін, біз басқару еңбегіне әрі творчестволық тұрғыда қарайтын боламыз, әрі адамдарды пайдалы іске дұрыс бағыттай аламыз.

Менеджер жұмысының негізгі бағыттарының мазмұны туралы жоғарыда баяндалған болатын. Біз енді менеджерлердің атқаратын рөліне тоқталайық. Бұл тарапында басшылардың атқаратын рөлін зерттеген Генри Минцбергтің еңбегіне көңіл аударайық.

Оның тұжырымдауы бойынша басшының рөлі былайша айқындалады:нақты мекемеге немесе нақты лауазымдық қызметке сәйкес, келетін мінез құлық ережесіне ие болу. Менеджерлер белгілі бір ұйымдық бөлімшеде нақтылы басшылық жұмыс жасайтындықтан, олардың қызметтегі мінез құлқына осы анықтама сай келеді. Минцберг топ менеджерлердің бақылау рөлін он түрге бөліп, оны негізгі үш категорияға топтады.

Кестеде басқару рөлін типтендіру келтірілген, бұлар бір-біріне өзара байланысты. Өзінің қызмет бабына қарай менеджерлер жеке адамдар арасында, әсіресе қол астындағылармен және өзімен бір деңгейде жұмыс істейтіндермен қарым қатынас орнатуы тиіс. Топ менеджердің үш түрлі рөлі болады-бұл негізгі басшы, жетекші және байланысшы.

Ұйым үшін ақпарат ауадай қажет болғандықтан басшы мақсатына жету үшін мәліметтер жинайды әрі осыны негізгеала отырып шешім қабылдайды, ұйым атынан келісім жүргізеді.

Кадр саясаты-бұл халық шаруашылығын ондағы салаларды іскерліки қабілеті бар қызметшілермен қамтамасыз етуге бағытталған қағидаларды және туындайтын факторларды жүзеге асырады.

Кадр жұмысы дегеніміз кадр саяматынықң мақсаты мен принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін нышандар, бағыттар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік және қызмет көрсету мекемелеріндегі қызметкерлерді басқару
Қызметкерлерді психологиялық бағалау
Кәсіпорындағы “Қызметкерлерді басқару” ішкі жүйесін жасау
Персоналды баскдру және кадрлық саясат
Жапондық басқару
Қызметкерлерді қабылдау критерийлері және құралдары
Персоналды басқару және қызметкерлерді ынталандыру әдістері
Қызметкерлерді басқаруды жетілдіру жолдары
Қызмет көрсету саласының секторы ретінде қонақ үй шаруашылығының теориялық негізі
Аура мейрамханасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz