Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы қыз балалар тәрбиесін арттырудың жолдары мен көздерін жан-жақты қарастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қыз балаларға тәрбие берудегі психологиялық-педагогикалық

проблемалар . . . 7

1. 2 Жастарға ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбие берудің мәні мен мүмкіндіктері . . . 23

2 ҚЫЗДАРҒА ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ әдістемесі

2. 1 Ұлттық салт-дәстүр арқылы қыздарды тәрбиелеудің

ерекшеліктері . . . 38

2. 2 Қыз балалардың сана-сезімін, имандылығын, эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың жолдары . . . 46

Қорытынды . . . 67

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 69

Қосымша

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі:

Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Біз қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрміз. Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

Ол - Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!

Біз Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдық. Тәуелсіздікке қол жеткізу қандай қиын болса, оны ұстап тұрудың өзі әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халық бастарынан өткерген, ел алдындағы тарихи шындық. Өзара алауыздық пен түсініспеушілік жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын ойрандап құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, қиындықты көтере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, қийндыққа мойымай, ерінбей еңбек етіп,

ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек, қадірін түсінуіміз керек - деген болатын елбасымыз өз сөзінде [1] .

Қазақ халқының Тәуелсіздігіне 25 жыл. Бұл біздің ата бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап күткен, арманға айналған, сол арман орындалған ғажап күн. Яғни аналарымыздың көңілі орнына түсіп, құдайға шүкір айтып, елдің еркіндігіне тәу етіп, алдағы жарқын болашаққа үлкен үмітпен қарап, қуанышын көбейтіп жүрген, қиын-қыстау сәттерде ұлт ертеңі үшін жауапты екендерін мойындарына алып, сондай кездерде мойымай, сынақтардан аман- есен өтіп жарқын күнге жеткен күн. Осы жеңісіміздің мәңгілік болып, Туымыздың тұғыры мықты болуын аналарымыз да күндіз- түні алладан тілейді.

Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Жарық пен жылу, от пен су жоқ жерде тіршілік жоқ, ал осылардың көктегі көзі - күн, жердегі көзі - адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей болашақ түзелмейді. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу - бүгінгі мектептің, қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз - ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы -қоғамның бір бөлшегі.

Ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала ержеткенде сол әдетін сақтайды. Қазақ халқының мақсаты - әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу. Қыз бала бойжетіп, әке-шешесінің, бауырларының ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келіп келін атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу - қыз баланың мақтанышы, әрі бақыты. Бұған әсіресе ата-ана қуанады. Қыздың бойжетуі, яғни, жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс. «Қыздың жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бойжеткен одан өзіне қатысты қорытынды шығара білуі, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек. Ұят-әдеп жоралғыларын белден басып, отырғанда, тұрғанда өзінің әйелдік жаратылысын ескермейтін, қызға, келінге жарасатын қымсыну, қызару, тартыну, имену дегендер ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана, бауыр-туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды. Біздің халық ұрпақ тәрбиесінде екі нәрсені естен шығармаған. Біріншіден, дүниеге келген ұрпақтың жалпы тәрбиесіне баланың ержеткенге дейінгі бағым-күтімі, жүріс-тұрысы бәрі-бәрі енген. Екіншіден, ұл мен қыздың тәрбиесін екі бөліп жүргізуге тырысқан. Мұнда негізінен ұлдың тәрбиесі әкеге, қыздың тәрбиесі шешеге байланысты жүргізілген. Олардың әдепті, тәрбиелі, тындырымды, іс-әрекеті тиянақты болуын қадағалаған. Соған орай ақыл-кеңес беріп отырған. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты.

Ол - адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл-өмір заңы» -деген. Соңғы кездері қыздарымыздың арасында темекі тартып, нашақорлыққа бой ұрғандары да кездеседі. Келешекте ондай қыздар өмірге қандай ұрпақ әкеліп, қандай тәрбие бермекші? Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі болады. Сонымен қатар, өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігі. Қазіргі заман ағымына сай қыздар тәрбиесінде төмендегідей басты мәселелерге көңіл бөлінуін баса айтқым келеді:

  • Ата-аналармен тығыз байланыста болу, баласы туралы пікір алмасып

әңгіме жүргізіп отырып тәрбиелеу өз нәтижесін бермек. Себебі, қай бала болса да (қыз, ұл) алдымен тәрбиені отбасынан алады, ата-анасына еліктейді, соларды қайталағысы келеді, ал бала жас шыбық тәрізді, қалай баулыса солай қарай бой түзейді.

  • «Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз баланың әлдебір іс-әрекетіне үзілді-кесілді тыйым салу, жылылық танытпай ұрысып, зеку зиян, керісінше баланың жағдайымен санасып сеніміне кіру, сырласып дос бола білу керек.
  • Отбасы дұрыс, мәдениетті қарым-қатынаста болуы.
  • Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулып, тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі ерте, оған тыйым салынады» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет, қайта баланы ойын еркін айта білуге жетілдіріп, білігіне жетелеп отыруымыз керек.
  • Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету.
  • Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындыруға арналған мектеп - шындықты үйрету мектебі болуы керек.

«Ел болам десең - бесігіңді түзе» дейді біздің дана халқымыз. Бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан негізгі қасиеттерінің бірі. Бала - ұрпағының жалғасы, ертеңгі күнге аманатым деп бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Кісі, қонақ келгенде қолына су құйғызып батасын алған, қонақты аттан түсіріп, үйге бастап әдеп танымын көрсеткен. Осындай керемет үлгілерімізден айрылып қалардай уақыттарды бастан кешкен халқымыз мына жаңа заманда дәстүріміз бен салт-санамызды қайта бір жаңғыртқандай. Сонау заманда адам баласының мәңгі жасауын арман еткен Қорқыт атамыздың тәлім-тәрбиелік әңгімелері мен мақал-мәтелдері, әл-Фарабидің білім, ғылым, тәрбие жөніндегі тұжырымдары, А. Ясауи ілімдері, Жүсіп Баласағұни тәлімдері, Абай мен Ы. Алтынсариннің тәрбиелік ойлары, А. Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, М. Жұмабаевтың «Педагогикасы», Ж. Аймауытовтың қазақ психологиясын зерттеуі бәрі де біздің қасиетті де құймақұлақ, шешен де пайымды халқымыздың болашағы үшін тер төгіп, халықтың қамы үшін этнопедагогиканың негізін салған ағартушы-ғалымдар. Бүгінгі таңда осы проблеманы қолға алып, оқулықтар жазып, жанашырлық көрсетіп отырған Оразбекова К, М. Оразаев, М. Смаилова, Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиев, С. Ғаппасов, С. Қалиев, Ұ. Асылов, Ж. Нұсқабаев т. б. ғалым-зерттеушілеріміз тәрбие ісін жүргізудің оны оқу бағдарламасына енгізудің түрлі жолдарын көрсетіп, мақсатын жеткізе білді [2, 210б] .

Қыз баланың, әйел адамның тәрбиесі қашанда халық аузында. Тәлімгер ана - тірегің, тәрбиелі қыз - жүрегің. Әрбір халықтың отанасы, тәрбие негізін қалыптастырып отырады. «Қызды қырық үйден тыю, қала берсе күңнен тыю, Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» - деп, ананың қасиет, қадірін дәріптеп: Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді - деп, және пейіш ананың табанының астында деген теңеулерден асқан құрмет болмас. Бүгінгі таңда кейбір келеңсіз жағдайларға көңіліміз толмай, қазіргі қыздардың бойынан имандылық, ибалық, шеберлік, іскерлік, төзімділік, батылдық т. б. көре алмай, мұның мәнісі неде дей келе зерттеу жұмысымыздың тақырыбын « Қазақ халқының салт- дәстүрлері арқылы қыздарды тәрбиелеудің маңызы мен ерекшеліктері»- деп, алуды ұйғардық.

Зерттеу мақсаты: Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы қыз балалар тәрбиесін арттырудың жолдары мен көздерін жан-жақты қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің қыздарды тәрбиелеу теориясының негіздерін айқындау;
  • Қыз балалар тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық

проблемаларын қарастыру;

- жастарды ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін анықтау;

- ұлттық салт-дәстүр арқылы қыздарға тәрбие берудің әдістерін және

ерекшеліктері қалыптастыру.

Зерттеу нысаны: Білім беру мекемесінің оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Қыз балаларға ұлттық салт-дәстүр тәрбиесін беру үрдісі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат тәжірибелерді талдау, зерделеу, жинақтау, балалардың шығармашылық жұмыстарын саралау, бақылау, әңгімелесу, тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру.

Теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы:

  • қазақ халқының қыздарды тәрбиелеу теориясының негіздерін айқындалды;
  • қыз балалар тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық

проблемаларын қарастырылды;

- жастарды ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктері анықталып талданды;

- ұлттық салт-дәстүр арқылы қыздарға тәрбие берудің әдістерін және

ерекшеліктері қалыптастыру.

Практикалық маңыздылығы:

- қыздарды ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктері анықталып талданды;

-қазақтың ұлттық салт-дәстүрі арқылы қыздарға тәрбие берудің әдістері анықталып, ерекшеліктері қалыптастырылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындылар мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қыз балалар тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық

проблемалар

«Қыз еркем, қылығымен көркем» деп данышпан халқымыз қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. «Келінім саған айтам, қызым сен тыңда», «Қызды қырық үйден тыю» деген ұстанымды ұстанған аналарымыз бен жеңгелеріміз қыз тәрбиесіне келгенде басты назар аударған. Қазақ қызы десе, қос бұрымы жотасында ойнаған, иманды жүзді, ибалы мінезді, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, көрген сәттен қылығымен тәнті қылар, биязы, нәзік жанды аруларымыз көз алдымызға еріксіз елестейді. Отанның тұтқасын ұстап, отана деген қасиетті ұғымды ұстанатын әйел адам болғандықтан -оған қойылатын талап та, жауапкершілік те көп. Ана - жер ана деп жердің өзін анаға теңейміз. Себебі, ана да жер сияқты адамды асырайды, бағады, өсіреді. Жерге еккен егісті, талды дұрыстап қарасаң өнімін береді, жемісін сыйлайды. Яғни Отан, Ана, Жер деген ұғымдардың қасиетті екенін әрбір жас білуге тиісті.

Адам тәрбиесіне қатысты қазақ педагогикасында тәрбие басы - тал бесік деп жатады. Ал ғұламалар тіпті адам тәрбиесі бала дүниеге келген күннен қолға алыну қажет десе, енді ұлттық тәрбиемізде бала тәрбиесін дұрыс жолға қоямын десеңіздер әуел бастан жастар яғни қыз бен жігіт танысар кезде, екі жақ бір-бірінің жағдайын толық зерттеу қажет, ата- аналарын, тектілігін, мінез- құлқын, теріс қылықтары жоқ па, ақыл- парасаттылығы, ар- намыс ұстанымдары, қан тазалығы сияқты біршама қасиеттерін саралап, бір-бірін сырттай білісіп, жақсы жер, өскен- өнген, абыройлы, істері таза, шатақ мінездері жоқ, ұрлық- қарлықтан ада деп, баға беріп отырған. Ағайындарының адалдығы мен меймандостығы, тазалығы бағаланған. Сонда ғана жастар үйлесіп кетеді, білмегендеріне екі жақтың үлкендері көрегенділікпен қарап, білмегенін үйретіп, ақыл кеңес беріп тәлім бере алады, не болса соған қол шошайтып:ой білмейді, жаман, істей алмайды, масқара, - деп жария етпейді, өз балаларындай көріп баулыйды деп санаған. Бұл өте жастар өміріне сақтықпен, жауапкершілікпен қарау, жанашырлық таныту деп білеміз. Егер қыздарымыз өздерінің білімді, сауатты, тәрбиелі, көргенді екенін өздерінің жүріс- тұрысынан, киім киісінен, сөз мәнерінен, өзін-өзі ұстау принциптерімен көрсете білсе айналасындағы ер жігіттердің өздері қаншама еркін болса да қыздардың сыпайылығына, ұстамдылығына қарай өздерін лезде жиып алар еді, қыздардың көзіне дарақы болып көрінуге ыңғайсызданар еді. Жиындарда, отырыстарда, қоғамдық орындарда мәдениеттілік таныту, қыз баласына орын беру, жол беру, көмектесіп жіберу сияқты жігіттердің жақсы қасиеттерін ашу қыздардың, бойжеткендердің өздеріне көп байланысты. Ақылды, парасатты қыздардың қасында азғантай ғана уақыт болған жігіттер өздерін тез жиып алып, дұрыс сөйлей білуге, өздерін таза ұстауға, дөрекі мінездерін көрсетпеуге ұмтылыды. Бөйжеткендер өздері ғана тәрбиелі болып қоймай жан-жағындағылардың бәріне күн сәулесіндей нұрын төгеді, әдемілікке шақырады, сұлулыққа жетелейді. Жас та кәрі де, үлкен-кіші де қыз баланың жаңа ашылған гүлдей көркемдігі мен нәзіктігіне сүйсініп, ибасы мен нәзіктігіне риза болар еді.

Қазіргі сәтте ол образды көрсетіп жүргендер аз. Сөзімізге дәлел ретінде айтсақ, инабаттылықтың орнына жүзіне дарақы күлкі пайда болды, жігіт бетіне тура қарамайтын қазақ қызы «қарап тұрған жігіттің» мойнына асылатын болды, бүрмелі қос етекті көйлектің орнына қысқа белдемше киіп, кіндіктеріне жылтырық тағып, денелеріне тотировка салдырып жүрген қыздарымыздың қылығы. Бойларына жанымызға жат әдетпен айналысып жүргендерін көргенде қарның ашaды. Қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған ең басты мәселе-қыздардың темекіге әуестігі. Мемлекет тарапынан бюджеттен қаншама ақша бөлініп, көшелерде «Темекіге жол жоқ» деген сынды билбордтар ілініп, түрлі шаралар жасалып жатса да, бұдан шығып жатқан нәтиже шамалы. Керісінше, темекі тұтынушы қыздарымыздың саны көбеймесе, азаяр түрі жоқ. Темекінің адам ағзасына зиян екені Ислам дінінде де айтылған.
«Өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер!» [3, 47б] .

Қазіргі дамыған медицина темекі шегудің адамды «баяу өлімге» апаратын бірден-бір зиянды жол екенін айтып, жамағатты жаман әдеттен сақтануды айтады. Жастар арасында кең етек алған бұл індетке қарсы күрес мақсатында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында негізгі басым бағыттардың ішінен жеті басымдықты, соның төртіншісі Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын, білімі және денсаулығын атап көрсетеді. «Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек», - дейді [4] .

1 бағыт-«Темекі шегуді тоқтату»

2 бағыт-«Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

3 бағыт- «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»

Бағдарламада былай делінген: «Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибе жүргізу алкоголь мен темекіге салық салудан бастап бірнеше бағытты ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуміз керек».

Стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Ата заңымызға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Соңғы кездері темекіге қыз-келіншектердің қызығушылығынның артып бара жатқаны әлем назарын аударып отыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) бірлесе отырып бойымызды жайлаған індеттен айығу жолдарын қарастыруда. ДДСҰ-ның статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, әлемде әйелдердің 12 пайызы темекі шегеді екен. Әйелдер арасында темекі шегушіліктің ең көп тараған елі Дания болып тұр. Ал елімізде 12 жастан асқан әйелдердің шамамен 9, 8 пайызы темекіні тұрақты тұтынады. Және бұл көрсеткіш ұдайы өсу үстінде. Мәселен, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығының деректеріне сүйенсек, 2001 жылы 12 жастан асқан әйелдердің 7, 5 пайызы темекі шексе, 2006 жылы еліміздегі шылымқор әйелдер 8 пайызды құраған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының директоры Сәуле Диқанбаева: «темекі шегуші әйелдердің саны ерлермен салыстырғанда 2004 жылы 1- де 5-ті, бүгінде 1-де 3-ті құрайды, ал 13-15 жастағы топта- 1-де 2 -ні құрайды. 10 жыл бұрын темекі шегуші ер балалар мен қыздардың ара салмағы 1-де 5-ті, кей жерлерде 1-де 10-ды құраған. Әйелдер арасындағы темекі шегушіліктің ең жоғарғы дәрежесі 18-19 жас 20 пайыз және 20-29 жас 17, 2 пайыз аралығында топтарында анықталды», деп (ҚазАқпарат . 2010 жылы мамыр айының 26 жұлдызында ) хабарлайды. ДДСҰ-ның стастистикалық деректеріне көз жүгіртсек, темекінің улы түтіні жыл сайын шамамен 281 мыңға жуық әйелдердің өмірін қиса, бүкіл әлем бойынша 600 мыңнан астам адам жанама түтіннен қайтыс болады екен. Бүкіл дүние жүзі бойынша 1 млд. адам темекі тартады.

Темекі зардабынан күніне 10 мың адам, жылына 3, 5 млн. адам қайтады екен, елімізде 3, 2 млн. (33% ) адам шегеді, зардабынан жылына 25 мың адам көз жұмады екен. Нәзік жанды аруларымыздың темекіге әуестігі жөнінде БАҚ да жарысып жазуда.

Темекі ананың өз денсаулығына ғана қауіпті ғана емес, болашақ баласына да үлкен ауыртпалық әкеледі. Өйткені ұзақ уақыт бойы темекі тартқан әйелдер бала туу қабілетінен айырылады, болмаса, олардың балалары іштен өлі туылу қаупі өте зор. Бұған статистика да куә, мұндай әйелдердің жартысына жуығында балалар ана жатырында-ақ қайтыс болған, -дейді Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының директоры Сәуле Диқанбаева [5, 2б] .

«Тәрбие басы тал бесіктен» деген Махмұт Қашқаридың сөзінің тереңіне үңілсек, езулеріне темекі қыстырып, көк түтінге уланып жүрген аруларымыз ертеңгі күні бала тәрбиелейтін ана болғанда өз балаларына қандай тәлім-тәрбие бермек?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз бала тәрбиесі
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс орнатудың мүмкіндіктері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Қазіргі мектепте оқушыларды тәрбиелеу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz