Құқықтық тәрбие туралы ақпарат


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік - саяси жүйесінің қалыптасып дамуында, тиімді жұмыс істеуінде халықтың құқықтық тәрбиесі құқықтық мәдениеті, маңызды орынға ие. Заңдылықтардың жағдайы, қылмыстың төмендеуі және басқа да қоғамға қарсы көріністер құқықтық тәрбие деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. Конституцияда көрсетілгендей Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет және адам оның басты құндылықтары болып табылады. Құқықтық тәрбиелеу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды, яғни олардың моральдық - құқықтық нормаларды, қағидаларды білуін, заңдарды сыйлауын, өз қызметтерінде заңдарды басшылыққа алып орындауын, әлеуметтік құрылымдағы өз орнын, ролін түсініп, қоғамның дамуында белсенді іс - әрекет жасап, маңызды істерге араласуын қамтамасыз етеді.
Саналы, білімді адамдар ғана демократияның барлық құндылықтарын бағалай алады, ал керісінше білімсіз, мәдениетсіз адамдар авторитарлы және тотаритарлы жүйені қолдайтынын бұл өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Қоғамның құқықтық тәрбиесінің, құқықтық мәдениетінің күш қуаты азаматтардың құқықтық сауаттылықтарында. Құқықтық нигилизмнің таралуына душар болған шенеуніктердің төмен құқықтық тәрбиесі мен мәдениеті еліміздің дамуында тежеуші бір фактор болып отыр. Құқықтық тәрбиенің мақсаты - азаматтардың анықталған құқықтық білімді меңгеру, оны одан әрі қарай толықтыруға қызығушылық таныту, сонымен қатар өркениетті, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына ықылас және белсенділік таныту [1. 112б] .
Еліміз сотталғандардың саны бойынша дүниежүзілік "ондықтың" ортасында жүруші еді. Бүгінде түзеу мекемелерінде сотталғандардың саны 47 мыңға, ал тергеу изоляторларында сегіз мыңға дейін төмендеді [2. 58-59б] . Қазақстан түрмедегі адамдардың саны бойынша әлемдегі үшінші орыннан он тоғызыншы орынға сырғыды. Бұл көп жағдайда заңдарды жетілдіру, қылмыстылықтан арылту, қылмыстық жауапкершіліктен босату негіздемелерін кеңейту, бас бостандығынан айыруға ұқсас жазалардың жаңа түрлерін енгізу секілді жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды деп айтуымызға болады. Дегенмен, бұл оңды өзгеріс біздің халықтың құқықтық тәрбиесі жақсы дамыған, құқықтық тұрғыда сауатты деген сөз емес. Бұл көрсеткіш бойынша, яғни, түрмеде отырған адам саны бойынша басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлі де алдыңғы қатардан орын алып отырмыз. Әсіресе жастар арасындағы қылмыс өршіп тұр. Еліміз тәуелсіздік алып, нарықтық қатынастарға өту кезеңінде жұмыссыздық, құндылықтардағы ірі өзгерістер, кедейшілік, меншік формаларының өзгеруі сияқты тағы да басқа көптеген әлеуметтік - экономикалық қиыншылықтардың салдарынан қылмыс шарықтап кеткені белгілі. Ол жасалған қылмыстардың ішінде жастардың үлесі өте жоғары. Жастар арасындағы қылмысты азайту, қоғамымыздағы түрлі заңсыздықтар мен кері әсері бар әрекеттерден құтылудың бір жолы - жастарға құқықтық тәрбие беру деп қорытынды шығаруға толық негіз бар. Заңды білмеу адамды жауапкершіліктен құтқармайды - бұл айқын нәрсе, десекте көптеген адамдар, оның ішінде жастар қылмыстық әрекеттерге заңды білместіктен баратыны жасырын емес. Біз өз зерттеуімізде қазіргі қазақ жастарының құқықтық тәрбиесін қарастырып отырмыз. Неге? Қоғамда бар немесе жаңадан туындаған кез-келген проблеманы шешу үшін немесе алдын алу үшін бірінші кезекте жастарға көңіл бөлінеді. Халқымыздың "Не ексең, соны орасың", "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың" деген сияқты мақалдары, "Жастар біздің болашағымыз", "Болашақ жастардың қолында" деген сияқты ұран сөздеріміз жайдан жай айтылған сөздер емес. Қазақстан Республикасының "Жастар туралы" Заңы бойынша жастар категориясына еліміздің он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтары [3] жатады. Қазіргі таңда Қазақстан халқының 30 пайызға жуығын жастар құрайды [4. 87б] .
Қазір Қазақстанда саясат және әлеуметтік - мәдени өмірді, экономика саласын реттейтін заңдар мен нұсқаулар қабылданған. Егер көрсетілген нормативті құқықтық актілердің іске асуы тиісті деңгейде болса, елдің әлеуметтік және экономикалық өмірінде негативті процестер байқалмас еді. Көптеген заң талаптары орындалмайды, мемлекеттік органдар тарапынан заңнамалар мен актілердің орындалуына тиімді бақылау жоқ. Құқықтық мәдениет азаматқа өздігінен келмейді, ол үшін мемлекеттік органдар және бәрінен де бұрын заңгер практиктер жағынан көмек күштер қолдануы қажет.
Билік құрамында, өндірісте жетік білетін заңгер мамандардың жетіспеуі алға қарай дамуды тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар кез келген экономиканы, әртүрлі әрекетті тығырыққа әкелуі сөзсіз. Егер атқарушы билікте өз жұмысын жетік білмейтін адамдар қызмет атқарса, мемлекеттің құқықтық арта қалуына алып келеді.
Құқықтық мәдениеттің дәрежесі - бұл адамның құқықтық ақпаратты болуы ғана емес, сонымен қатар - бұл заңдарды орындау және сақтау, заңды сыйлау, бұл кез-келген жанжалда заңға қарсы әдістерді қолданбау болып табылады [5. 211б] . Әрқайсымыз өз парызымызды орындап, заң бойынша өмір сүріп еңбек етіп, заң арқылы өзіміздің міндеттерімізді мүлтіксіз сақтауымыз керек. Дамыған елдерде мемлекеттік және қоғамдық өмірде жетерліктей құқықтық білімдері бар адамдар ғана ие болатын заң шығарушы органдар жұмыс атқарады. Осы аталған жайттар таңдалған тақырыптың өзектілігін көрсетсе керек.
Мәселенің ғылыми тұрғыдан зерттелу деңгейі. Құқықтық тәрбие және құқықтық мәдениет мәселесін зерттеп жүрген ресейлік ғалымдардың ішінен Алексеев С. В., Каламано В. А., Черненко А. Г. «Идеологические ориентиры России». - Москва, 1993; Венгеров А. «Теория государства и права». - Москва, 1998, Волков Б. С. «Детерменистическая природа преступного поведения». - Казань, 1975, Синюков В. Н. «Российская правовая система». Введение в общую теорию. Саратов, 1994, Шарипов Р. А. «Менталитет личности как философская проблема». Москва, 1996., тағы басқаларды атауға болады. Құқықтанушы ғалымдар Кудрявцев В. Н. пен Казимирчук В. П. тұлғаны құқықтық әлеуметтендірудің үш жолын көрсетеді: оқып үйрену, тәжірибесін қалыптастыру және символикалық әлеуметтену.
Бұл тақырыпта зерттеу жүргізіп, еңбектер жазып жүрген отандық ғалымдардан Е. Ә. Оңғарбаев, А. А. Смағұлов, Ғ. Сапарғалиев, А. Н. Нысанбаев, Р. К. Кадыржанов, М. Ф. Пузиков, М. Н. Кудро сияқты бірнеше ғалымдарды атауға болады.
Сонымен қатар, бұл мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың үнемі назарында. Президентіміздің еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге, халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге, еліміздегі қылмысты азайтуға қатысты тың идеалары мен ұсыныстары қазіргі таңда тәжірибе жүзінде іске асырылуда.
Зерттеудің мақсаты. Қазіргі жастардың құқықтық тәрбиесі, олардың құқықтық мәдениетінің қалыптасу жолдарын іздестіру.
Зерттеудің міндеттері.
-Құқықтық тәрбие ұғымының мәнін ашып көрсету.
-Қоғамдағы қылмыс және әртүрлі жағымсыз әрекеттермен күресудегі құқықтық тәрбиенің орны мен ролін зерделеу.
-Жастарға құқықтық тәрбие берудің тиімді жолдарын іздеу.
-Жастардың бойында құқықтық мәдениеттің қалыптасу амалдарын бағымдау.
Зерттеу объектісі. Жастар.
Зерттеу пәні. Жастардың құқықтық тәрбиесі, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолдарын іздестіру.
Жұмыстың методологиялық негізі ретінде осы мәселеге қатысты жағдаяттарды қарастырған қоғамтанушы ғалымдардың еңбектеріндегі ой-сана жемістері алынды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған дереккөздер тізімінен тұрады.
І. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ: МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1. 1. "Құқықтық тәрбие" ұғым - түсінігі
Біздің қоғамымыздың әлеуметтік - саяси жүйесінің артықшылығы жоғары деңгейдегі құқықтық мәдениетті ғана қалыптастыра алады. Заңдардың гуманистік мәні қылмыстың төмендеуіне әсер етуде. Ал қылмыстың төмендеуі құқықтық тәрбие деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. Конституцияда көрсетілгендей Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет және адам оның басты құндылықтары болып табылады. Оның өмірі, құқы және бостандығы заңды маңызы бар мінез-құлықтың әлеуметтік жаңғыру құралы ретінде құқықтық мәдениеттің рөлі және құқықтық білімінің маңызы жоғарыламауы мүмкін емес. Зайырлы, білімді қоғамға ғана тән демократиялық барлық құндылықтарын бағалай алады, ал керісінше білімсіз мәдениетсіз адамдар авторитарлы және тотаритарлы жүйені қолдайтынын бүл өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Қоғамның құқықтық мәдениетінің күш қуаты болып азаматтардың құқықтық сауаттылықтары болып табылады. Құқықтық нигилизмнің таратуына душар болған шенеуніктердің төмен құқықтық мәдениеті біздің өміріміздің тоқтатушы бір факторы болып отыр. Құқықтық тәрбиенің мақсаты - азаматтардың анықталған білімін меңгеру оны одан әрі қарай толықтыруға қызығушылық таныту, сонымен қатар өркениетті, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына ықылас және белсенділік таныту [6. 112б] . Мысалыға, экономикалық әсер ететін өнеркәсіптің дамуына бағытталған заңдар жетерліктей қабылданған барлық әлеуметтік маңызды заңнамалық актілер екі қағидалық жағдайды сақтауға әрекетті. Бірінші, құжаттың күшіне енген парламенттік есептің спецификалық тиімді пайдалануда заңнамалар әр уақытта тексерілуі керек. Халықтың құқықтық мәдениетінің жалпы деңгейін көтеруде тиімді әсер ететін заңдар басты рөлде болуы керек. Қазір Қазақстанда саясат және әлеуметтік мәдени өмірде экономика саласында маңызды қатынастарды реттейтін заңды күшіне енген өте көп заңдар мен нұсқаулар қабылданған. Егер көрсетілген нормативті құқықтық актілердің іске асуы тиісті деңгейде болса, біз елдің әлеуметтік және экономикалық өмірінің негатив процестерін бақыламас едік. Көптеген заңдар құжат бойынша қалып отырады, мемлекеттік органдар, қызметтік адамы жағынан қабылданған заңнамалық актілердің орындалуында тиімді бақылау жоқ. Құқықтық мәдениет азаматқа өздігінен келмейді, ол үшін мемлекеттік органдар және бәрінен де бұрын заңгер практиктер жағынан максимум күштерді қолдану қажет.
Билік құрамында өндірісте жетік білетін заңгер мамандардың жетіспеуі алға қарай дамуды тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар экономиканы кез келген заңдық қолданыста тығырыққа әкелуі сөзсіз. Егер атқарушы билікте өз жұмысын жетік білмейтін адамдар атқарса, мемлекеттің құқықтық артта қалуына алып келеді [6. 48б] .
Құқықтық мәдениеттің дәрежесі - бұл адамның құқықтық ақпаратты болуы ғана емес, сонымен қатар - бұл заңдарды орындау және сақтау құқықтық сотты сыйлау, бұл кез келген жанжалды шешуші заңға қарсы күшті әдістерді қолданбау болып табылады [7. 211-213б] . Әрқайсымыз парызды болуымыз керек - заң бойынша өмір сүріп еңбек ету, заң арқылы өзіміздің міндеттерімізді мүлтіксіз сақтауымыз керек. Дамыған елдерде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық жағынан құқықтық қорғалған тиімді жүйесін құраған юридикалық білімі бар не жетерліктей құқықтық білімдері бар жоғары дәрежедегі адамдар ғана ие болатын заң шығарушы дәрежесінде жұмыс атқарады.
БАҚ - құқықтық білім берудің күшті құралы болып табылады, әсіресе телевидение. Телевидение - күшті құрал және оның ерекшелігі, ол барлық бағдарламалардың кемшіліктерін сонымен қатар оның қатысушыларының кемшіліктерін анық көрсетеді [8. 96б] . Телекамерадан фальшты және дербессіздікті жасыра аламайсыз. Телевидение - құқықтық ақпарат таратуға, оперативті түрде жасауға, актуальды сұрақтар тез берілуге көрнекті болуға үлкен мүмкіншілік береді [8. 97б] .
Жоғары юридикалық білімдерімен, қайсар логикасымен, терең сенім, көп қырлы эрудицияларымен аудиторияны қызықтыратын құқықтанушы лекторлар қазір өте сирек көрінетін болды. Соңғы кездері теледидарда соттар сирек шығатын болды. Көптеген сот прокурорлар прокуратураның қызметкерлері салық, кедендік және басқа органдарынын қызметкерлері халықтың арасында құқықтық түсіндірмелер жүргізуді өздерінің міндеттері деп санамайды, сонда заңдық күші бар «мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің нұсқауына сай келетін, олар мемлекеттік функциялары мен міндеттерінің мақсатында мемлекеттік органдардың атынан қызметті бабын іске асыратын заң шығарушы мен сәйкестірілген мемлекеттік қызмет төлейтін орында отырған мемлекеттік қызметкер болып табылады. Адамдарға бағытталған заң, құқық туралы түсіндірмелер - заңгердің маманданған функциясының атқаруына қарағанда өте маңызды және керек. Ол тек адамдардың миына емес, сонымен қатар сезіміне де әсер етеді. Құқықтық бұзушылық, жемқорлық, қылмыстың өсуінің басты себебі - демократияның төменгі мәдениеті, құқықтық нигилизм лауазымды адамдарда, сонымен қатар жай азаматтарда да төмен. Жемқорлыққа әкелетін көптеген құқық бұзушылықтар заңды білмеушіліктен туады [9. 23б] . Халық арасында құқықтанудың актуальды сұрақтары бойынша пресс - конференциялар, олимпиадалар, ең жақсы лекторлар байқаулары өз көрінісін жоғалтты.
Құқықтық сананың мазмұнында бағалау қатынасының маңызды төрт түрі кіреді: құқықпен заңнамаларға (оның принцип норма, институттарына) ; қоршаған ортаның құқықтық мінез - құлықтарына және іс - әрекеттің объектісіне (қылмыстық, қылмыстыға, қылмыскерлерге) ; құқық қорғау органдарына (прокуратураға, адвокатураға, сот, юстиция, ішкі істер бөліміне) ; өзінің құқықтық іс қимылына (өзін - өзі бағалау) [10. 54б] .
Құқықтық бағдар - юридикалық маңызды жағдайдағы іскерліктің программасын ішік жоспарды тікелей қалыптастыратын қоғам (тап, топ) және тұлғаның құқықтық нұсқамаларының жиынтығы. Адамдардың құқықтық дайындығы олардың ресми юридикалық білімдерімен шектеліп қоймайды, білімді бірақ оны қалай, қай жерде қолдану керектігін білмейтін адамдар жеткілікті. Халықтың әртүрлі топ, топтарының арасында жүргізілген тәжірибелі зертеулердің көрсеткіші бойынша құқықтық нормалардың іс әрекетінің сәйкестігін анықтайтын құқықтық сананың орташа компоненті болып, заңға деген бағалы құрметті қатынастар табылады. Заңгер мамандарға құқықтық білімдер және оларды қолдану, заңға қатысты бірдей болып табылады. Құқықтық аксиомаларды және құқықтық норма, принциптерді жетерліктей білетін халыққа қарағанда заңгерлер аксиома, принцип, өздері жұмыс істейтін саладағы құқықтық нормаларын, барлық басқа салаларды, құқықтық негіздерді, ғылыми әдебиеттерді және құқықтық салалардың жүріп жатқан соттық тәжірибелерін жетерліктей білулері қажет. Олар жұмыста болатын ғылыми, техника және құқықтың кез келген саласындағы жаңа білімдерді қажетінше тиісті көлемінде меңгеруге дайын болулары қажет.
Құқықтық нормалар азаматтардың құқықтық білімдерінің дамуына, жауапкершіліктің құқықтық қарым - қатынасына, норма және құқықтық принциптердің дұрыс ұсынылуын қалыптастырылуына әсер етеді [11. 116б] . Құқықтық сананың әртүрлі типтері белгілі. Субъект бойынша жеке, топтық және қоғамдық болып бөлінеді. Жекелік және топтық құқықтық сана қоғамдық сипатта болады. Қоғамдық іскерлік құқықтық сананы үш деңгейге бөледі: қарапайым (эмперикалық) ; ғылыми (теоретикалық) ; профессионалды. Қарапайым құқықтық ойлау, халықты тиімді ойлау, білім және жеке өмірлік тәжірибе, өмірлік жағдайдың нақты әсер етуінен табиғи қалыптасады. Теоретикалық құқықтық сана қарапайым құқықтық санаға қарағанда әлеуметтік құқықтық ақиқаттың арнайы зертеулерге және заңдылықтар біліміне және терең құқықтық жалпынамалардың кең базасында қалыптасады. Дәл осы құқықтық білім құқықтық шығарманың көзі болуға тиіс және юридикалық тәжірибенің орындалуына қызмет етуі тиіс. Профессионалды құқықтық сана - бұл заңгерлердің құқықтық білімдері. Заңгерлердің құқықты санасында құқықтық қатынастардың әртүрлі саналарына сай келетін ( мыс, шаруашылық, коммерциялық) азаматтардың құқықтық, қылмыстық құқықтық сананың профессионалды топтарының жүйесінде құқықтық психология құқықтық идеологиялардың мазмұнында нақтыналады [12. 326-329б] . Заңгерлердің құқықтық білімі болуы тиіс.
Заңгердің құқықтық сезімі мен құқықтық саналарының ерекшеліктері құқықты қолдау процесінде пайда болатын, қарым қатынасты алу немесе бейтараптандыру, құқықтық реттеудің іске асыруына ұсыныстардың көзі болып табылатын профессионалды қарастырылуда көрінеді [12. 329б] .
Құқықтық мемлекеттің басты белгілері және құрылуының басты жағдайы болып халықтың құқықтық мәдениеті және құқық қорғаушылардың жоғары деңгейі болып табылады. Құқықтық мәдениет құқықтық ақиқатқа қатысты рухани және материалды байлықтардан құралған өзіндік жалпы мәдениеттің түрлерін ұсынады. Құқықтық мәдениет - қоғамның құқықтық мәдениеті, тобы және тұлғаның қоғамдық мәдениеті болып бөлінеді. Тұлғаның құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейі - бұл құқықтық белсенділік. Ол құқықтық реттеу аясында іс әрекеті шығармашылық белсенділігін дайындау кезінде көрінеді әлеуметтік құқықтық белсенділікті - құқықтық мінез құлықтан бөлуге болмайды. Құқықтық белсенділік Д. Б. Богоявленскийдің концепциясына сәйкес үш деңгейден тұрады [13. 118б] .
1) Егер субъект құқысы қызу және адал жұмысымен істің алғашқы табылған және тапсырылған әдістің аясында қалса, оның интеллектуалды белсенділігі пассивті деңгейге жетеді.
2) Егер субъект құқысы өзінің тапсырысында шешетін сенімді әдіс жетерліктей бар өзінің ісінің таңдауды жалғастыратын мақсат бар, яғни заңдылықтардың қалыптасуына шешімнің әдістері интеллектуалды белсенділіктің жаңа деңгейдің ашылуына алып келеді.
3) Интеллектуалды белсенділіктің ең жоғары деңгейі шығармашылық деп аталады бұдан сапалы ерекшеліктері интеллектуалды белсенділік дәрежесі ие болады. Интеллектуалды белсенділік құқықтық сферада ойлау және мотивациялы сферасын біріктіретін интегративті сипаты болып табылады [13. 119б] .
Құқықтық мәдениет - заңдылық және құқықтық тәртіп, құқықтық сот жағдайында сипатталды. Оған қоғамның бағыттары, халықтың әлеуметтік топ, қабаттары жатады. Құқықтық мәдениет адамдардың бостандықты пайдалану және әділ, өмір сүру деңгейінің жетерліктей және лайықты жетістіктерге қатысқан тұлғаның абыройын қамтамасыз етуге рұқсат ететін құндылықтарды ұсынады.
Құқықтық сана өзінің құрылымында құқықтық идеология мен құқықтық психолологияны қамтиды [14. 74б] .
Құқықтық идеология - халықтың әртүрлі топ, тап, класстарының қажеттіліктерін, принцип, құқықтық көзқарастарын жүйелейтін ғылыми қалыптасқан сөз. Құқықтық идеология заңдылық және құқықтық тәртіп, құқықтық - қатынастардың көрінуін немесе іске асуын бағалайды және негіздейді. Құқықтық идеологияны даярлау - әлеуметтік психологияны еркіндік және қызығушылықтарды, қоғамдық сананың деңгейін, қоғамдық өмірдің нақты жағдайын ескеретін экономистер, саясаткер, заңгерлер қатысады.
Құқықтық психология барлық қоғамда да және әлеуметтік топта сипатталған тілек көңіл күй, бағалы қарым - қатынастар, құқықтық сезімдердің жиынтығын қамтиды. Құқықтық психология арқылы жүзеге асады. Тұлғаның мәдениетіне әдет - тұрмысына кіретін құқықтық мәдениетке тән дәстүр мен әдеп - ғұрыптар. Біздің мемлекетіміз бен халқымыздың идеологиясы өткеннен сондай - ақ болашақтан және қазіргі уақыттан ең жақсысын алуы қажет.
1. 2. Жастарды адамгершілік - құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру мәселелері
Жастар және қоғам, жастардың қоғамдық өмірге араласуы, аға ұрпақ өкілдерінің тәжірибесін меңгеруге көмектесетін білім мен тәрбие беру ісі ешқашан маңызын жоймайтын жалпы адамзаттық мәселелердің бірі болып табылады.
Жастарды әлеуметтендіру қай кезеңде болмасын қарама - қайшылықты және күрделі процесс [15. 39б] болған. Қоғамдық өмір мен мемлекеттік құрылымда ауқымды өзгерістер болып жатқан қазіргі таңда жастар мәселесі одан әрі маңызды бола түсуде.
Экономикалық мәдениеттің дамуы, тұлғааралық және ұлтаралық қатынастардың жетілуі, өркениетті қоғамның басты құндылығы ретінде адамның дамуы өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда прогрессивті жолды таңдауды талап етеді.
Қазіргі таңда еліміз құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында. Ал құқықтық мемлекеттің қалыптасуы ең алдымен заң үстемдігі мен оның сақталуына тікелей байланысты [16. 243б] . Сонымен қатар құқықтық мемлекеттің негізгі идеясы тұлғаның құқығы мен бостандығының үстемдігі. Бұл аталғандарды жүзеге асыру адамдардың құқықтық санасына тәуелді.
Құқықтық сана - адамдардың, әлеуметтік қауымдастықтардың қоғамда қызмет етіп отырған құқыққа қатынасы, шындықты, ақиқатты танудың бір тәсілі. Ол әлеуметтік - экономикалық, этнопсихологиялық, мәдени - тарихи факторлардың әсерінен қалыптасатын объективті құбылыс. Құқықтық білім беру, құқықтық тәрбие, яғни құқықтық әлеуметтендіру нәтижесінде адамдардың құқықтық санасы қалыптасады.
Құқықтық әлеуметтендіру - индивидке адамгершілік - құқықтық тәрбие беріп, оның құқықтық - саяси санасын, құқықтық мәдениетін қалыптастырып, дамытатын жалпы әлеуметтендіру процесінің маңызды бір бөлігі [17. 165б] .
Адамгершіліктік - құқықтық тәрбиелеу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды, яғни олардың моральдық - құқықтық нормаларды, қағидаларды білуін, заңдарды сыйлауын, өз құрылымындағы өз орнын, ролін түсініп, қоғамның дамуында белсенді іс - әрекет жасап, маңызды істерге араласуын қамтамасыз етеді.
Демократиялық режимде индивидті әлеуметтендірудің ерекшелігі - оның саяси - құқықтық нормаларды, құндылықтарды меңгеруі, саяси - құқықтық мәдениетке, практикаға араласуы, саналы белсенді іс - әрекет жасауы [18. 69б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz