Қылмыстық іс жүргізу тәртібі



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
I.тарау ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

II.тарауДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)

2.1 Дәлелдемелерді жинау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Дәлелдемелерді бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтың жалпы қолдау тапқан принциптері мен ережелеріне сәйкес, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын таниды және кепіл болады.
Құқық қорғау аясындағы мемлекеттік-билік қызметінің бір бағыты қылмыстылықпен күресу. Қылмыстарды тез, толық және объективті ашу мен тергеу осы бағыттағы міндеттерді шешуге жағдай жасайды.
Қылмыстық ізге түсу органдары өз қызметтерін жүзеге асырғанда жазаның болмай қалмайтындық принципін басшылыққа алады, яғни әрбір қылмыс жасаған адам әділетті жазаға тартылуы керек және еш адам қылмыстық жауапкершілікке кінәсіз тартылмауы тиіс.
Кейінгі кезде, қылмыстардың өсуінің біршама тұрақтанғаны байқалады. Мұны аса маңызы бар, бірқатар факторлармен түсіндіруге болады:
1) еліміздің азаматтарының құқықтық аядағы білім деңгейінің өсуі, осының салдарынан мемлекеттің құқық қорғау органдары аталған қылмыстарға тез және тиімді әсер ете алады деген сенім пайда бола бастады;
2) прокуратураның рөлі күшейтілді, конституциялық ережелерге (ҚР Конституциясы 84-бап) сәйкес прокуратура тергеу мен анықтаудан бөлінді, ол қылмыстық ізге түсу органдарының жұмысына қадағалау жүргізуге мүмкіндік берді. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын тергеу бөлімдері мен анықтау органдарының адам мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге бағытталған өкілеттіктері көп. Прокуратура органдары қадағалау қызметіне күшін жұмылдырып, жасалған қылмыстар бойынша, әсіресе аталған категориядағы қылмыстар бойынша хабарламалар мен арыздардың тіркелуіне және есепке алынуына едәуір әсер етті, соның салдарынан аталған қылмыстардың белгілі бір шамада жасырылуы азайды;
3) аталған қызмет саласында жауапты, мемлекеттік органдардың жетекшілерінің бағдарламалық құжаттарды: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалаудың Мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Тұғырнамасының ережелерін жүзеге асыруы, бұл да аталған қылмыстарға көңіл бөлудің тиімділігіне әсер етті.
Қылмыстық іс жүргізудің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оны жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылануы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады (ҚР ҚІЖК 8-бап). Осы міндеттерді атқару қылмыстық іс жүргізу органы мен лауазымды тұлға үшін негізгі қызметтік міндет. Оларды толық көлемде атқару үшін қылмыстық іс жүргізу Заңымен, органдар мен лауазымды тұлғаларға процесуалдық мәртебелері анықталып, құқықтар мен міндеттер бекітілді.
Кез келген қылмыс заңменен реттелінген жолмен және орнатылған мерзімдерде ашылуы қажет. Осы мақсатта уәкілетті құқық қорғау органдары адам және азаматтардың құқықтарын сақтай отырып алдына қойған міндеттерді атқару арқылы дәлелдеу қызметін жүзеге асыра отырып, жалпы қылмыстық сот ісін жүргізу қызметінің мақсатына қол жеткізеді.
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны сол күйінде көшіру. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

Нормативті құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995ж.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13.12.1997ж.


Арнайы әдебиеттер

1. Джайтин B.С. «Доказывание и оценка обстоятельств преступлений.» 1991г.
2. С.A.Шейфер «Доказательство и доказывание по уголовным делам» 2007г.
3. Р.С.Белкин Собрание, исследование и оценка доказательств. 1996.
4. Каз. Ц.М. Доказательства в уголовном процессе. 1994.
5. Шевченко Ф.Р. Вопросы общей теории уголовных доказательств 1998

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
I.тарау ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

II.тарауДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)

2.1 Дәлелдемелерді
жинау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...9
2.2 Дәлелдемелерді
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .15
2.3 Дәлелдемелерді
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .18
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтың жалпы
қолдау тапқан принциптері мен ережелеріне сәйкес, адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын таниды және кепіл болады.
Құқық қорғау аясындағы мемлекеттік-билік қызметінің бір бағыты
қылмыстылықпен күресу. Қылмыстарды тез, толық және объективті ашу мен
тергеу осы бағыттағы міндеттерді шешуге жағдай жасайды.
Қылмыстық ізге түсу органдары өз қызметтерін жүзеге асырғанда жазаның
болмай қалмайтындық принципін басшылыққа алады, яғни әрбір қылмыс жасаған
адам әділетті жазаға тартылуы керек және еш адам қылмыстық жауапкершілікке
кінәсіз тартылмауы тиіс.
Кейінгі кезде, қылмыстардың өсуінің біршама тұрақтанғаны байқалады.
Мұны аса маңызы бар, бірқатар факторлармен түсіндіруге болады:
1) еліміздің азаматтарының құқықтық аядағы білім деңгейінің өсуі,
осының салдарынан мемлекеттің құқық қорғау органдары аталған қылмыстарға
тез және тиімді әсер ете алады деген сенім пайда бола бастады;
2) прокуратураның рөлі күшейтілді, конституциялық ережелерге (ҚР
Конституциясы 84-бап) сәйкес прокуратура тергеу мен анықтаудан бөлінді, ол
қылмыстық ізге түсу органдарының жұмысына қадағалау жүргізуге мүмкіндік
берді. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын тергеу бөлімдері мен анықтау
органдарының адам мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге
бағытталған өкілеттіктері көп. Прокуратура органдары қадағалау қызметіне
күшін жұмылдырып, жасалған қылмыстар бойынша, әсіресе аталған категориядағы
қылмыстар бойынша хабарламалар мен арыздардың тіркелуіне және есепке
алынуына едәуір әсер етті, соның салдарынан аталған қылмыстардың белгілі
бір шамада жасырылуы азайды;
3) аталған қызмет саласында жауапты, мемлекеттік органдардың
жетекшілерінің бағдарламалық құжаттарды: Қазақстан Республикасындағы
құқықтық реформалаудың Мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан
Республикасының құқықтық саясатының Тұғырнамасының ережелерін жүзеге
асыруы, бұл да аталған қылмыстарға көңіл бөлудің тиімділігіне әсер етті.
Қылмыстық іс жүргізудің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оны
жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот
талқылануы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады (ҚР ҚІЖК 8-
бап). Осы міндеттерді атқару қылмыстық іс жүргізу органы мен лауазымды
тұлға үшін негізгі қызметтік міндет. Оларды толық көлемде атқару үшін
қылмыстық іс жүргізу Заңымен, органдар мен лауазымды тұлғаларға
процесуалдық мәртебелері анықталып, құқықтар мен міндеттер бекітілді.
Кез келген қылмыс заңменен реттелінген жолмен және орнатылған
мерзімдерде ашылуы қажет. Осы мақсатта уәкілетті құқық қорғау органдары
адам және азаматтардың құқықтарын сақтай отырып алдына қойған міндеттерді
атқару арқылы дәлелдеу қызметін жүзеге асыра отырып, жалпы қылмыстық сот
ісін жүргізу қызметінің мақсатына қол жеткізеді.
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып
танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы
субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және
тәуелсіз оны сол күйінде көшіру. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа қол
жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік
адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде ақиқатты анықтаудың процесуалдық құқықтық
табиғаты болады. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерімен (ҚР
ҚІЖК 8-бап), екіншіден, процестің қағидаларында атап айтқандай, ҚР ҚІЖК 24-
бабында бекітілген ережелермен расталады. Сонымен, ақиқат ұғымын қылмыстық
процестің қағидаларымен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған
айырықша маңыз береді.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде объективтік ақиқатты анықтау
іс жүргізу кепілдіктері ретінде көрінетін ерекшелігі бар процедуралық
жағдайлар болған уақытта ғана мүмкін болады.
Дәлелдеу процесі мәнісін философиялық түсіну кең ауқымды мағынасындағы
дәлелдеме ұғымымен жанама түрде байланысты. Мұндай айқындама жағдайында
қылмыстық іс жүргізудің дәлелдеме ұғымының (процеске, актіге, іс-қимылға
қатысы жоқ) мәнісі философиялық көзқарас тұрғысынан тар мағындағы
дәлелдеме ұғымына сай келеді. Дәлелдеме (объектілер) және дәлелдеу (іс-
қимыл) деп процессуалдық бөлудің мағыналықтан гөрі әдістемелік мәні бар.
Міне, сондықтан біз іс жүргізудің дәлелдеу ұғымына барабар ретінде
дәлелдеменің кең ауқымды мағынасындағы философиялық ұғымын қолданамыз.
Сонымен, дәлелдеудің жалпы әдістемелік мазмұны (ауқымды мағынасындағы
дәлелдеме) процесте (әдістемеде) шындықты анықтаудан көрінеді. Кең ауқымды
мағынасындағы дәлелдеме – қандай да бір пайымдаудың шынайылығын анықтаудың
кез келген процедурасы (осы дәлелдеменің тезисі немесе қорытындысы деп
аталады), кейбір логикалық пайымдаулардың көмегімен, сондай-ақ кейбір
табиғи заттар мен құбылыстарды сезіммен қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Курстық жұмыста, біз дәлелдеу процесінің – ақиқатты анықтаудағы
процесуалдық жолдарын қарастыруды, оның негізгі құрама элементтеріне жеке
тоқалып саралауды мақсат етеміз.
Курстық жұмыс – екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттердің тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МӘНІ

Қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу процесінің құқықтық түсініктері
қаралып отырған қызмет саласының ерекшелігі мен елеулі түрде кемелденуі
және процессуалдық дәлелдеудің мәнісі туралы мынадай айқын ғылыми
пайымдаулармен толықты.
Мәселен, М.М. Гордзинский дәлелдеу процесін дәлелдемелерді жинау,
бекіту және бағалау жөніндегі тергеу сот және прокурорлық органдардың
қызметі деп белгіледі. А.М. Лариннің пікірі бойынша дәлелдеу қылмыстық
сот ісін жүргізуде заң белгілеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында
жасалған (немесе жорамалданған) қылмыстар және олармен байланысты жағдайлар
туралы шындықты білу үшін фактілерді зерттеуден тұратын, ерекше, заң
белгілеген нысандарды жүзеге асырылатын тергеушінің, прокурордың, соттың,
сондай-ақ қылмыстық процеске тартылатын немесе жіберілетін басқа да
қатысушылардың (субъектілердің) күрделі қызметі. Осыған ұқсас көзқарасты
М.С. Строговичте білдіреді: дәлелдеу – қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар
барлық фактілерді, жағдайларды қылмыстың жасалғандығын (немесе
жасалмағандығын), белгілі бір адамның қылмыс жауадағы кінәлілігін (немесе
кінәсіздігін) және қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін белгілейтін
барлық өзге де жағдайларды дәлелдемелердің көмегімен анықтау. Әрі қарай
М.С. Строгович мынаған назар аударады, дәлелдеу ұғымы құзіретті органдар
жүргізетін зерттеу ұғымына тең, ұқсас. М.М. Гродзинскийдің позициясына
В.Д. Арсеньев жақын тұр, соңғысы былай деп есептейді: Қылмыстық іс
жүргізуді дәлелдеуді белгілі бір шектерде қылмыстық іс жүргізу заңы
бағыттайтын және реттейтін қылмыстық іс бойынша іс жүзінде болған
жағдайларда анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау
жөнінде соттың, прокурордың және басқа да органдар мен адамдардың қызметі
ретінде қарау керек.
Р.С. Белкин дәлелдеудің танымдық (гносеологиялық) сипатына тоқталады,
ол дәлелдеу дегеніміз осы құбылыстың, фактінің және оларды басқада
фактілермен, құбылыстармен негіздеу арасындағы байланыстарды анықтау. Бұл
байланыстардың объективті түрдегі сипаты бар: олар танылғанына немесе
танылмағанына қарамастан, дәлелдеуді жүзеге асыратын тұлғаның еркіне
қарамастан болады. Дәлелдеу процесінде олар анықталады, танылады және
белгілі бір жорамалдың шындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Әрі қарай
ол дәлелдеудің мәнісі дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден және бағалаудан
көрінеді деп атап өтеді. Дәлелдеу мәнісінің анағұрлым терең анықтамасы А.
Р. Ратиновқа тиесілі: оқиға туралы мәліметтер алынуы мүмкін ақпарат
көздерін табу, ол мәліметтерді жинау, оларды іс жүргізу түрінде бекіту,
қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды сенімді түрде анықтау мақсатында
тексеру мен бағалау – қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінің мазмұнын
құрайды. Өзара диаклектикалық іс-қимылға түсетін ойлау және тәжірибелік
тұрғыдағы тең екі жақтың үйлесімін дәлелдеудің мәнісін айқындай келіп Ф.Н.
Фаткулин былай деп жазады: ... Кеңестік қылмыстық процестегі дәлелдеу
дегеніміз - заңда көрсетілген органдармен тұлғалардың іс жүргізу қызметі,
олар ықтимал тергеу жормалдарын анықтаудан осы жорамалар бойынша, сол
сияқты іс бойынша сенімді түрдегі қорытындыларды негіздеу бойынша
дәлелдемелер мен олардың көздерін жинаудан, тексеруден және дәлелдеуден
көрінеді.
Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеудің мәнісі туралы осы заманғы түсінік
таным мен дәлелдеу мазмұны бойынша түрлі ұғымдар деген пайымдауға
негізделген. Мәселен, Ю.К. Орлов дәлелдеудің құқықтық және гносеоологиялық
аспектілерін ажырату қажет, соның негізінде: дәлелдеу - тану, дәлелдеу
көз жеткізу, дәлелдеу - негіздеу деңгейлері болып, бөлінеді, олар өзара
субординациялық байланыста болады деп есептейді.
Осы идеяны дамытып және тереңдете отырып, В.С. Джатиев мынадай ойды
негіздейді: белгісізді білуден көрінетін танымның логикалық мазмұны
танылғанды растауға бағытталған дәлелдеудің мазмұнына жеткілікті түрде
сәйкес келмейді. Басқаша сөзбен айтқанда таным – белгісіздікке бастайтын
жол, ал дәлелдеу нақты білімді растау. Осыған сүйене отырып В.С. Джатиев
былай деп жазады: Қылмыстық іс жүргіздуі дәлелдеу дегеніміз –
айыпталушының сотталуышының қылмыс жасаудағы кінәлілігі туралы айғақты іс
бойынша жиналған дәлелдемелерді айыптауды тұжырымдаған және оны қолдайтын
тұлғаның сот үшін және сот алдындағы негіздеуі[1].
Қылмыстың іс жүргізу дәлелдеудің мәнісі туралы мәселені зерттеуде осы
заманғы ғылыми үрдістерді анықтау үшін А.А. Давлетовтың көзқарасы
қызығушылық туғызады, ол былай деп жазады: Қылмыстық іс жүргізк танымы
құрылымда дәлелдеуді ажырата білу қажет. Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу
танымы дегеніміз - заңда көзделген тәртіппен жүргізілетін сот ісін жүргізу
органдарының тергелетін қылмыс және оның байланысты өзге де өмір
құбылыстары туралы білім алу жөніндегі қызметі. Қылмыс іс жүргізу танымы –
дәлелдемелерді зерттеу және мән-жайларды дәлелдеу сияқты екі бөліктен
тұрады.
Сонымен, доктриналдық түсіндіру қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдеу
процесін мынадай негізгі сипаттарға бөлуге мүмкіндік береді:
гносеологиялық дәлелдеу - бұл таным процесінің бір түрі, логикалық
дегеніміз – бұл нақты қылмыстық жазалауға жататын әрекет адамның
жасағандығы туралы пайымдаудың шындығын негіздеу операциясы;
дәлелдеу мен таным сәйкес келмейді: олар тегі (таным) және түрі (дәлелдеу)
ретінде өзара арақатынаста болады;
дәлелдеу процесі – құқықтың және гносеологиялық екі аспектінің үйлесімін
білдіреді. Құқықтық аспект мынадай кезеңдерді қамтиды: а) дәлелдеу - тану;
ә) дәлелдеу – көз жеткізу; б) дәлелдеу – негіздеу. Және де дәлелдеудің
әрбір келесі кезеңі - оның алдындағы кезеңге байланысты және содан
логикалық түрде туындайды. Гносеологиялық аспект мынадай деңгейлерден
тұрады: а) ақпараттық дәлелдеу; ә) логикалық дәлелдеу;
тергеу және сот қызметінде орын алатын дәлелдеудің зерттеушілік, танымдық
сипаты болады.
дәлелдеу процесінде тергеу және сот талқылауының тақырыбы туралы шынайы
және сенімді білімге қол жеткізіледі;
қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу адресаты тар мағынасында таным
субъектісі (мәселен істі қараушы сот), кең ауқымды мағынасында тұтас қоғам
болып табылады;
дәлелдеу тәртібі қатаң түрде қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттелген;
дәлелдеу процесі (ҚІЖК 124 - бап) төмендегілер бойынша дәйекті қызметті
қамтиды: а) дәлелдемелерді жинаудан; ә) зерттеуден; б) дәлелдемелерді
пайдалануға қабылдаудан.
Бұл қызмет әдебиетте дәлелдеудің кезеңдері немесе элементтері деп
аталады.
Қылмыстық процессуалдық қызмет ретінде дәлелдеудің мақсаты объективтік
шындыққа қол жеткізу болып табылады. Объективтік шындыққа қол жеткізу
танымның жалпы және жеке әдістерін қолдануға негізделген. Жалпы әдістердің
негізіне логикалық заңдар жатады, бұл қатысты емес заңдар барлық және
қарама-қайшы нәрселерді алып тастайды. Іс бойынша мәні бар фактілермен мән
жайларды табудың, бекітудің зерттеудің және анықтаудың нақты әдістерінен
көрінетін танымның жеке әдістері өзінің мынадай түрлері мен ерекшеленеді:
негізінен танылуы қажет тақырыптың сыртқы белгілерін анықтауға есептелген
бақылау мен сипаттаудың тәжірибелік әдістері;
суретке түсіру, киноға түсіру, видео жазба және т.б. арқылы арнайы химиялық-
технологиялық құралдарды пайдалануға байланысты жасалған қылмыстық
әрекеттің материалдық белгілерін және сыртқы жай-күйін табу мен тіркеудің
ғылыми-техникалық әдістері;
іс бойынша дәлелдеу материалдарының сапасы мен маңызын анықтау үшін
қолданылатын ақпаратты (талдау, жинақтау, теңдестіру) өндеудің логикалық
әдістері;
сот медициналық кибернетикалық, графикалық, психологиялық және өзге де
ғылыми құралдар көмегімен жүзеге асырылатын модельдердің, өңдеудің және
қайта құрудың әдістері;
белігі бір материалдық объектілердің және олардың бейнелеуінің ұқсастығы
туралы мәселені шешу үшін жүргізілетін криминалистік теңдестіру әдістері;
қылмыстық істің белгілі бір мән-жайының деректерін тәжірибе жолымен алуға
мүмкіндік беретін эксперименталдық әдістер.
Осы қарастырылған сұрақтарға кеңес одағының процесуалист – ғалымдары
бірталай пікірталасқа түскен еді. Мәселен, В.Т. Томин дәлелдеу процесінің
мәнісін түсінуге мүлде басқа көзқарас ұсынады. Ол былай деп жазды:
Қылмыстық істер бойынша дәлелдеудің бүгінгі тәжірибесінде генетикалық
көзқарас үстемдік құруда. Дәлелдеме көзін қылмыстық сот ісін жүргізудегі
іске жіберудің қажетті шарты туындаған сәтінен бастап қылмыстық іске
дейінгі оның жолын бақылап шығу болып табылады. Мұндай көзқарас қылмыстық
істерді қарау кезінде бірқатар маңызды объектілерді пайдалануға мүмкіндік
бермейді.
Ал енді танымның шынайылығын қамтамасыз ету үшін ұқсастығын дәлелдеудің
гносеологиялық айқындама тұрғысынан маңыздылығы ешбір кем емес. Алайда,
бүгінгі күні ұқсастығы арқылы дәлелдеу мүмкін болуы үшін объектінің
генезисін анықтау қажет.
Ғылымның маңызды міндеті - ұқсастық арқылы дәлелдеудің генезис арқылы
дәлелдеуді алмастыруға қабілетті екенін көрсету....
Дәлелдеудің мұндай түсінігінің тиімділігін (генезиске бақылау жасаудың
орнына ұқсастығын дәлелдеу) В.Т.Томин құқық қолдану органдарының осы
заманғы практикасынан орын алған жедел іздестіру жолымен алынған ақпаратты
процеске енгізу үшін арнайы сипаттағы шаралар қолдану қажеттігінің
болмауынан көреді. Бұл орайда қылмыстық процесуалдық қызметке арнайы
ақпаратты тергеу мен сотқа хабарлаудың ерекше тәртібін белгілейтін немесе
милиция қызметкерін оны хабарлау міндетімен мүле босататын қызмет құпиясы
ұғымын енгізу ұсынылады.
Дәлелдеу тақырыбын реттей отырып дәлелдемелерді жинау мен бағалауға,
жалпы дәлелдеме ұғымына қазіргі қолданыстағы заңдар мынадай сипатта
анықтама береді: дәлелдеу істі заңды, негізделген және әділ шешу үшін
маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан,
зерттеуден, бағалаудан дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады (ҚІЖК
124-бабы). Біздің байқағанымыздай, мұндай ұғымда шындық объектілеріне қол
жеткізу сияқты мақсат, сондай-ақ дәлелдемелерді тексеру сияқты кезең жоқ.
РСФСР ҚІЖК-ның (1990ж.) теориялық модельінің авторлары бұл олқылықтың
орнын толтыруға талаптанды. Мәселен, А.М. Ларин РФ ҚІЖК –не мынадай
редакцияда Дәлелдеу нормасын енгізуді ұсынады: Дәлелдеу – істі заңды,
негізді және әділетті түрде шешу үшін маңызы бар мән-жайлар туралы
объективті шындықты анықтау үшін дәлелдемелерді жинау мен бағалаудан
тұрады. Әрі қарай ол екі дербес норманың тұжырымдамасын келтіреді:
Дәлелдемелерді жинау, Дәлелдемелерді тексеру. А.М. Лариннің ұсынысы
назар аударуға тұрады, өйткені процессуалдық дәлелдеудің мәнісін біркелкі
түсінуге мүмкіндік береді.[2]

2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)

2.1 Дәлелдемелерді жинау
Дәлелдемелерді жинау – бұл дәлелдеу процесінің бірінші кезеңі немесе
элементі. Іс жүргізу құқықтық көзқарас тұрғысынан дәлелдемелерді жинау іс
бойынша қажетті іс жүзіндегі деректерді анықтауға бағытталған іс-қимыл
жиынтығынан көрінеді. ҚІЖК-нің 125 – бабына сәйкес дәлелдемелерді жинау
мынадай жолдармен жүргізілуі мүмкін: кез келген адамды куәгерлер,
жәбірленушілер ретінде шақыру және жауап алу, сондай-ақ сарапшылар ретінде
қорытынды беру үшін шақыру; кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан,
сондай-ақ қызмет адамдары мен азаматтардан заттарды, құжаттарды және
мәліметтерді талап ету. Бұған қоса дәлелдемелерді сезікті, айыпталушы,
қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер,
азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сол сияқты кез келген азамат,
кәсіпорын, мекеме және ұйым беруі мүмкін.
Сонымен, дәлелдемелерді жинау:
сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде;
сот талқылауы процесінде жүзеге асырылады.
Дәлелдемелерді жинау тәсілі - КДЖК-де қаралған тергеу және сот іс
қимылдарын жүргізу. Дәлелдемелерді жинау кезеңдері мыналар болып табылады:
а) табу; ә) бекіту; б) алу.
Дәлелдеу процесі мен өзара процесті анықтау органдары ретінде ішкі
істер органдарының құқықтарын реттеудің маңызы ешбір кем емес мәселелері
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары
туралы Заңының 11-бабында айтылады. Аталған бапқа сәйкес ішкі істер
органдарының мынадай құқықтары бар:
қылмыс жасады деп күдіктенген жағдайда азаматтардың жеке басын
куәләндыратын тексеру;
қылмысты анықтау, жолын кесу, ашу кезінде басқа органдарға, ұйымдарға және
қызмет адамдарына орындалуы міндетті тапсырмалар беру;
іс жүргізуде жатқан материалдар мен қылмыстық істер бойынша азаматтарды
ішкі істер органдарына шақыру, олардан түсінік, құжаттар, олардың
көшірмелерін алу,жауап алуды жүргізу, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен
дәлелді себептерсіз келуден жалтарған адамдарды айдап әкелу;
кедергісіз және қайтарымсыз қозғалған қылмыстық істер бойынша мемлекеттік
органдардан, сондай-ақ ұйымдардан ақпарат пен материалдар алу;
заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін
және жедел-іздестіру шараларын жүргізу, оларды жүргізу үшін мамандарды
тарту, іс жүзіндегі деректерді жинау мен тексеру үшін ғылыми-техникалық
құралдарды пайдалану;
регламенттерді, суретке түсіруді, дыбыс жазбасын, кино және видеотүсіруді,
адамдардың саусақтарының іздерінің бедерін түсіріп алуды жүргізу, қылмыс
жасады деген сезік бойынша ұсталғандарды қамауға алу;
адамдарың ішімдікті, есірткі және жүйеге әсер ететін заттарды
пайдаланғандығын белгіленген тәртіппен анықтауды жүргізу не осындай
анықтауды жүргізу үшін оларды медициналық мекемелерге аттандыру немесе
жеткізу;
азаматтармен ашық немесе ашық емес негізде ынтымақтастықты орнату;
қылмыс жасады деп күдіктенген адамдардың ізіне түсу немесе азаматтардың
тұрғын және өзге де үй-жайларына оларға тиесілі жер учаскелеріне,
аумақатар мен үй-жайларға кідіріссіз кіруге (дипломатиялық иммунитетері бар
шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда)
және оларды қарауға;
қылмыстық іздерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жедел-
іздестіру шаралары мен тергеу әркеттерін жүргізуі кезінде азаматтардың
белгілі бір учаскелер мен аумақтарға кіруін шектеуге немесе уақытша тыйым
салуға, сондай-ақ оларды белгілі бір орында тастап шығуға міндеттеуге;
қамаудан қашып шыққан адамдарды іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде
дербес түрде бақылау өткізу пункттерін орнатуға;
меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, оның ішінде
құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты ашу мақсатында анықтау мен
тергеуді жүзеге асыратын арнаулы органдардан кедергісіз және қайтарымсыз
ақпарат мен материалдар алуға;
қылмыстың жасалуына жәрдемдесетін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі
шаралар туралы ұйғарымдар мен ұсыныстар беруге.
Сонымен, дәлелдемелерді жинау – іс бойынша шындыққа қол жеткізу
мақсатында қылмыстық іс жүргізу құқығында көзделген процесуалдық шаралар
мен ұйымдық іс-қимылдардың синтезі.
Дәлелдемелер жинаудың мәнісін ғылыми түсіну бір мәнді еместігін
сипатталады. А.И. Винбергтің пікірі бойынша дәлелдемелерді жинау - әртүрлі
дәлелдемелерді табу, тіркеу және сақтау жөніндегі іс-қимылдар жиынтығы. Осы
көзқарасқа Р.С. Белкиннің көзқарасы да жақын, ол дәлелдемелер жинау
ұғымының кешенді сипатын негіздейді және оған дәлелдемелерді табу,
процесуалдық бекіту, алу және сақтау жөніндегі іс-қимылдарды қосады. В.Н.
Терзиев пен С.П. Митричев өзгеше көзқарас ұстанады, олар дәлелдемелерді
табу, жинау, бекіту және зерттеу – дәлелдеу процесінің біршама дербес
кезеңдері деп есептейді. Бұл проблеманы В.П. Колмаков тар мағынасында
түсіндіреді. Атап айтқанда, ол өзара тығыз байланысты болса да жинау мен
процессуалдық бекіту дербес кезеңдер деп есептейді.
Осындай көзқарастарды талдау мынадай қорытынды ережелерді тұжырымдауға
мүмкіндік береді:
А.И. Винберг пен Р.С. Белкиннің көзқарастарының ортақ сипаттары көп
және бірқатар көзқарастар бойынша орынды деп санаймыз:
а) дәледемені табу заңда көзделген іс жүргізу құжатында тиісті түрде
бекітілген жағдайда ғана процессуалдықмағынаға ие болады;
ә) табылған дәлелдемені оны бекітуден бөліп қарау процессуалдық
мағынасында мүмкін емес, керісінше жағдайда дәлелдемені табусыз бекітуді
дербес түрде қолдану - нонсенс, ал процесуалдық бекітусіз табу – тап сол
процессуалдық мағынасында дәлелдеменің болмауымен бірдей;
- жинау деп сондай-ақ процессуалдық бекітуді түсінуге болмайды,
өйткені:
а) дәлелдемені табу бұл жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруға
байланысты, КІЖК-нің ұйғарымдарымен бірсыпыра жағдайлар ды тысқары тұратын
іздестіру, шығармашылық және ұйымдық қызмет;
ә) дәлелдемені бекіту (тіркеу) - емін-еркін түсіндіруге жол бермейтін
бірыңғай процессуалдық қызмет;
- келтірілген сілтемелер Р.С. Белкин мен А.И. Винбергтің пікірін
негізгі деп қарауға мүмкіндік береді, бірақ мынаны да ескеру керек,
бекітуді жинауға қосуға да, оларды бір-бірінен ажыратуға да болмайды,
олардың өзара тығыз байланысы мен тәуелсіздігін көрсете отырып, қаралып
отырған кезеңді дәлелдемелерді жинау мен процессуалдық бекіту (тіркецу)
кезеңі деп атау керек.
Бұл кезең бірқатар дәйекті іс-қимылдардан тұрады: 1) табу; 2)
процессуалдық бекіту; 3) алу; 4) дәлелдемені сақтау.
Дәлелдемелерді табу - бұл оларды іздеу, табу, дәлелдемелік маңызы бар
белгілі бір іс жүзіндегі деректерге назар аудару. Бұл дәлелдемелерді
жинаудың бастапқы және қажетті кезеңі. Уәкілетті тұлғаға белгілі болған
табылған дәлелдемелерді ғана жинауға болады.
Бұл кезеңде табылған дәлелдемелерді бағалаудың алдын ала сипаты болады.
Дәлелдемелерді іс жүргізуде бекіту (тіркеу). Дәлелдемелік ақпаратты
фискациялау және дәлелдемелерді тіркеудің мәнін анықтау мәселесі қалыптасып
жатқан криминалистік теориялардың арасында ерекше орынды иеленеді. Бұл
дәлелдемелерді жинау заңдылығын қолдану және зерттеумен байланысты
дәлелдеудің тәжірибелік бағытымен анықталған.
Фиксация ұғымын процессуалдық және криминалистік аспектіде қарастыру
үшін фиксация терминінің пайда болуынан бастау керек.
Фиксация латынның fixatio және fixus сөздерінен - мықты, берік
дегенді білдіреді. Қазіргі оырс тілінде бұл сөз бірнеше мәнге ие.
Фиксация сөзі жалпы нысан бойынша белгілі бір фактіні, оқиғаны бекіту,
тіркеу дегенді білдіреді. С.И.Ожеговтың фиксация сөзін 4 мағынада
қарастырады:
жазбамен белгілеу
бір нәрсені түпкілікті бекіту
бағыттау
фиксажбен өндеу
фиксацияның түсінігін қарастыра отырып, адам қызметінің әр түрлі
аясында өзінің ерекшеліктерін иеленетіне көз жеткізуге болады. Мысалы,
фотохимияда фиксажбен өндеу және бекіту, биолгияда әр түрлі органдар мен
клеткаларды өндеу әдістері мен процесі дегенді білдіреді. Фиксация
термині басқа ғылым аяларымен байлынысып, арнайы еркшеліктерді иелене
отырып, қылмыстық іс жүргізуде, криминалистикада және сот эксперитизасында
оны түсіндірудегі жалпы ұғымдарға негізделеді. Бұл ерекшеліктер аталған
терминнің іс жүргізушілік-криминалистік мазмұнымен анықталады.
Осыңан орай, дәлелдемелік ақпаратты фискациялаудың криминалистік және
іс жүргізушілік түсініктеріне тоқталу қажет.
ҚР ҚІЖК 124-бабына сәйкес дәлелдеу істі заңды негізделген және әділ
шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді
жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады.
Қылмыстық істер бойынша дәлелдеуде қылмыстық іс жүргізудің мақсаттарын шешу
мен ақиқатты анықтауға негізделген мазмұнды жағын және дәлелдемелерді
жинау, заңмен бекітілген тәртіп бойынша бекіту және қолдану сияқты
әлементтерден тұратын дәлелдеу процесінің құрылымын көрсетуге болады.
Дәлелдемелерді жинау оларды табуды, алуды және бектуді қамтиды.
Дәлелдемелерді жинау түсінігі тек жауап алу арқылы дәледемерді алуды
ғана емес, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен қарастырылған
тергеу ірекеттерін жүзеге асыру кезінде тиісті тіркеулерді жүзеге асырудан
көрініс табады№
ҚР ҚІЖК-нің 16 тарауы дәлелдеу деп дәлелдемелерді жинау оларды табуды,
алуды және бектуді қамтитын ұғым деп қарастырады (ҚР ҚІЖК 125-бап).
Фиксация ұғымы іс жүргізушілік заңның 126 баптың 1 тармағында көрініс
тапқан. Аталған бапқа сәйкес іс жүзіндегі деректер олар, іс жүргізу
әрекеттерінің хаттамаларында көрсетілгеннен кейін ғана дәледеме ретінде
пайдалана алады. Бұдан біз фактілік деректердің іс жүргізушілік актілерде
көрініс табуы, заңмен бекітілген тәртіп бойынша бекітілуі мен жиналған
дәледдемелердің куәландырылуы дегенді анықтай аламыз. Дәлелдемерді бекіту
ұғымының түсінігі дәлелдемелерді жинау ұғымымен салыстырғанда тар болып
табылады. Дәлелдемелерді соның ішінде заттай дәлелдемелерді бекіту
дәлелдемелерді жинау процесінің маңызыды бөлігін құрайды.
Іс жүргізушілік аяда дәлелдемелерді бекіту тәртібі дәлелдеу
процесіндегі ғылыми-техникалық біліммен тығыз байлынысты. Дәлелдеу
процесінде ғылыми-техникалық құралдардың пайдалануы ҚР ҚІЖК 129-бабында
бекітілген. Аталған бапқа сәйкес:
1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган дәлелдемелерді жинау, зерттеу
және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдар пайдалануға құқылы.
2. Қылмыстық процесті жүргізуші органның ғылыми-техникалық құралдарды
пайдалануы кезінде жәрдем көрсету үшін маман тартылуы мүмкін.
3. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:
1) заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптеріне қайшы
келмесе;
2) ғылыми жағынан маңызды болса;
3) қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін
болса;
4) қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады.
4. Қылмыстық процесті жүргізуші органның ғылыми-техникалық құралдарды
пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректері, оларды пайдаланудың
шаттары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және оларды
пайдаланудың нәтижелері көрсетіле отырып тиісті іс жүргізу әрікеттерінің
хаттамаларында көрсетіледі.
Жоғарыда аталғаннан біз дәлелдемелерді бекітудің іс жүргізушілік
түсінігі оларды заңмен бекітілген нысан бойынша бекітуді білдіретінін көре
аламыз. Бұ нысандар дәлелдемелердің соттық дәлелдемелер ретінде
қолданылуына қажетті шарт болып табылады.[3]
Дәлелдемелерді бекітудің процессуалдық түсінігінде куәландыру мен
тіркеудің процессуалдың нысаны бар. Осыған орай Р.С. Белкиннің
дәлелдемелерді бекітудің процессуалдық түсінігін формальды деп санауға
болады деген пікірін қолдауға болады. Процессуалистердің арасында
дәлелдемелерді бекіту туралы оларды заңмен бекітілген тәртіп бойынша заңи
нысанға айналдыру деген пікір қалыптасқан.
Қылмыстық әрекет, оның ішінде дайындалу, жасау және жасыру әрекеттері,
өзінің мақсатына жету үшін табиғаты әр түрлі объектілердің жағдайына әсер
ете отырып, оны түпкі нұсқаға айналдыруына әсер ету керек. Объектілер
жағдайының объективтік заңдар бойынша мұндай өзгерістерінде қылмыстық
әрекеттің әр түрлі сипаттары белгіленеді.
Іс жүргізушілік заңның ережелерін басшылыққа ала отырып, бекітудің
әдістері мен материалдық объектілерге ерекше көңіл бөлетін бекітудің
криминалистік түсінігінің негізгі элементтерін қарастыру қажет.
Іс жүргізушілік аспектімен салыстырғанда дәлелдемелерді бекітудің
криминалистік аспектісі мазмұнды болып табылады. Бұл жерде бекіту бойынша
әрекеттер мен әдістерге ерекше назар айдарылады.
Дәлелдемелерді бекітудің криминалистік мәні жоғарғы тиімділік
тұрғысынан ақпараттық аспектіден анықталуы тиіс. Дәлелдемелерді бекітудің
ақпараттық аспектісі фактілік деректерді бекіту ақпарттық шығындарға әкеліп
соқтыратындықтан бекітудің техникалық әдістеріне әр түрлі талаптар қояды.
Дәлелдемелерді бекітудің ақпарттық мәні мыналарға негізделеді:
1. тек дәлелдеу тұрғысынан маңызды ақпарат қана
материалдық тұрғыдан көрініс табады.
2. дәлелдемелік ақпаратты дәлелдеу процесінде қолдану
үшін оны сақтау қамтамасыз етіледі.
3. бекітілген ақпараттың дәлелдеу пәні құрылғанға дейін
жинақталуын қамтамасыз теу.
4. материалдық нұсқасымен қамтылатын дәлелдемелік
ақпараттың қайта нысандалуы жүзеге асырылады.
5. тек дәлелдемелік ақпарат қана емес, сонымен қатар оны
алудың қажетті шарттары да бекітіледі.
Осыған орай, фиксация криминалистік тұрғыдан алғанда, қылмыстарды ашу
мен тергеу қызметін жүзеге асыру кезінде төмендегі сұрақтарға жауап алу
үшін базаны құруға арналған:
қылмыс субъектісі әсер еткенге дейін объектінің жағдайы қандай болды?
қандай жолмен әсер тигізілді?
қылмыстық әрекеттің субъектісінің әсер етуінің нәтижесінде объектінің
жағдайы қандай болды?
Бұл сұрақтарда дәлелдемелерді бекітудің криминалистік мәні қылмыстарды
ашу мен тергеуді жүзеге асыратын құзыретті субъектінің қызметімен
қарастырылады. Аталған субъектінің әрекеттерінің мазмұны потенциалды
ақпаратты өзекті ақпаратқа айналдырудан көрініс табады.
Қазіргі уақытта дәлелдемелерді бекітудің теориялық аспектісі заттай
дәлелдемелердің қатарына жататын объектілердің аясын кеңейтуге байланысты
өзекті болып табылады. Олардың қатарына әр түрлі нысандағы микрообъектілер
жатады. Бекітіудің өзекті мәселелерінің қатарына иісті іздерді бекіту
жатады. Бұған қоса, қылмыскердің денесінде, киімінде, қылмыс құралдарында,
қылмыстық қол сұғу затында көрініс табатын материалдық іздердің пайда
болуын қамтамасыз ететін техникалық құралдарды пайдалану тәжірибесі бар.
Объектілерге қол сұғу әрекеті жүзеге асырылғаннан кейін, көзбен көрінетін
химиялық заттар пайда болуы мүмкін. Барлық аталған белгілі бір анықталған
жағдайдың материалдық іздері тұлғаның сол жерде болған фактісін дәлелдеуі
мүмкін.
Оқиға туралы ақпараттың пайда болу заңдылығын білу арқылы тергеліп
жатқан қылмыстың қоршаған ортада көрініс табуының шарттарын анықтауға
болады. Дәлелдемелік ақпаратты бекітудің криминалистік мәні осыдан көрініс
табады.
Осыған орай, дәлелдемелік бекітудің криминалистік және процессуалдық
мәндерінің айырмашылығына қарамастан олардың арасындағы юелгілі бір
байланысты анықтауға болады. Гносеологиялық тұрғыдан қарағанда
дәлелдемелерді бекітудің криминалистік және процессуалдық аспектілердегі
түсініктерінің ара қатынасы қажеттілік пен толықтылықтың байланысын
білдіреді. Яғни процесс міндеттілік тұрғысынан қажеттілік шарттарын
шығарады, ал криминалистика бұл шарттарды техникалық және тактикалық
мазмұнмен толықтырады, нәтижесінде дәлелдемені толық және объективті
қарастыру үшін жеткілікті етіп береді, басқаша айтқанда, процессуалдық
бекіту бұл-нысан, ал криминалистік бекіту – бұл оның мазмұны.
Сонымен, криминалистік бекіту – бұл құзыретті тұлғалармен белгілі бір
анықталған нысанда қылмыстық іс жүргізу заңымен қарастырылған тәртіп
бойынша ақпарттық дәлелдемелерді бекітуі.[4]

2.2 Дәлелдемелерді зерттеу
Дәлелдеу процесінің келесі кезеңі дәлелдемелерді зерттеу болып
табылады. Дәлелдемелерді зерттеу жөніндегі қызметін процессуалддық құқықтық
негізі болады: ҚІЖК-нің 24-бабы (істің мән-жайын жан жақты, толық және
объективті зерттеу туралы); ҚІЖК-нің 345-363 баптары соттық тергеуде
дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі туралы, сондай-ақ өзге де нормалар.
Дәлелдемелерді зерттеудің субъектілері анықтаушы, тергеуші, прокурор және
сот болып табылады. Сонымен бірге теория мен практикадағы дәлелдемелерді
зерттеудің мәнді емес тұрғыдан түсіндіріледі.
ҚІЖК-нің 125-бабының мағынасынан көрініп отырғандайц құрамдас элемент
ретінде дәлелдемелерді жинау оларды тексеруді де өзіне қосуға тиіс.
Сонымен бірге біз бұрын айқындағанымыздай, жинау мен тексеру – дәлелдеу
процесінің әртүрлі деңгейлері болып табылады: жинау дегеніміз – бірінші
кезең, ал тексеру - дәлелдеудің екінші кезеңінің элементі.
Дәлелдемелерді зерттеу мәнісінің ғылыми түсінігі мынадай көзқарастардан
тұрады:
дәлелдемелерді зерттеуді оларды тексеру деп түсінуге болады, ал мұндай
тексерудің нәтижесі дәлелдемелерді бағалау (М.С. Строгович, А.И. Трусов);
дәлелдемелерді зерттеуді - дәлелдемелерді зерделеу және оларды тексеру
жөніндегі тергеуші мен соттың қызметі деп түсінуге болады (П.Ф. Пашкевич);
дәлелдемелерді зерттеу – оларды бағалаудың элементі (Н.А. Якубович, А.Н.
Васильев);
дәлелдемелерді зерттеу дегеніміз – олардың мазмұнын тергеушінің немесе
соттың тануы дәлелдемелердің мазмұнын құрайтын іс жүзіндегі деректердің
сенімділігін тексеру, осы дәлелдеменің іс бойынша барлық қалған деректермен
сәйкес келетіндігін анықтау (Р.С. Белкин).
Соңғы айқындаманың біздің көзқарасымызша, дәлелдемелерді зерттеудің
мәнін егжей-тегжейлі бейнелеуіне байланысты артықшылығы бар.
Сонымен, дәлелдемелерді зерттеу өзіне мынадай элементтерді қосады:
а) дәлелдемелердің мазмұнын тану, ашу;
ә) дәлелдемелердің болуының сенімділігін тексеру;
б) дәлелдемелердің сәйкес келуін анықтау бірқатар дәйекті логикалық
операциялардан тұрады, олар:
- дәлелдемелерді бақылау, фактінің өзін қабылдау, факті туралы
ақпаратты қабылдау;
- тақырыптың мәні туралы гипотекикалық болжамның негізінде
дәлелдемелерді логикалық байдланысқа үзу;
- осы дәлелдеменің табиғатын түсіндіретін гипотетикалық болжам
негізінде тергеу нұсқаларын құру.
Дәлелдемелер фактілерінің болуының сенімділігін тексеру және
дәлелдемелердің сәйкес келетіндігін анықтау өзара тығыз байланысты және
оларды саралаудың шартты сипаты бар және әдістемелік мақсаты болады,
сондықтан оларды жеке алып қарау орынсыз. Аталған элементтердің мәні
мыналардан көрінеді:
а) мазмұны және онда бар мәліметтердің сенімділігі көзқарасы тұрғысынан
дәлелдемелер көздерін талдаудан, зерттеуден;
ә) дәлелдемелердің сәйкес келетіндігін, жиынтығын анықтау мақсатында
басқа да дәлелдеме көздерімен және дәлелдемелермен салыстырудан;
б) белгілі көздердің сенімділігін растайтын жаңа дәлелдемелерді
табудан.
Дәлелдемелерді зерттеу ұтымды және эмоционалдық бастамаларды бөлудің
негізінде құрылуға тиіс. Субъективтік, эмоционалдық бастама логика мен
заңға бағынатын ұтымдылықтан үстем тұрмауға тиіс. Осыған сүйенсек,
дәлелдемелерді тексерудің нысаны ретінде ойша құру, эмпризмдік және
тәжірибелік тәсілдер танылады (бұл орайда эмпирикалық тәсілдер құбылыстың
сандық сипатын, ал тәжірибелік сапалық сипатын бейнелейді). Келтіріліген
нысандар танымды философиялық саралаудың эмпиризмдік және теориялық
теңгейлерін түсіндірудің мәнісі. Осыған байланысты А.А. Давлетовтың
пікірмен келіскен орынды, ол былай деп атап өткен болатын: Танымның
эмпиризмдік деңгейі - білім алудың тәжірибелік тәсілдермен сипатталады.
Бұл деңгейде объект сезіммен қабылдауға болатын сипаттар мен қатынастарда
бейнеленеді. Танымның теориялқ деңгейінің ерекшелігі мынада: бұл деңгейде
білім абстрактілі ойлау жолымен қабылданады. Бұл жерде объект тікелей
сезіммен зерттеуге болмайтын тұстарымен және байланыстарымен көрінеді.
Алайда, эмпиризмдік деңгейге сезім ғана тән, ал теориялық деңгейге танымның
ұтымды нысаны тән ойлауға болмайды. Сезім барлық уақытта ой жүзіндегі
операциялармен қатар жүреді, ал ұтымдылық болса тәжірибеге негізделеді.
Эмпиризмдік және теориялық таным туралы айта отырып, біз білім алудың
негізгі, жетекші тәсілдері тәжірибе немесе абстактілі ойлау болып
табылатынын есте ұстаймыз[5].
Дәлелдемелерді зерттеуге байланысты әртүрлі сипаттамалары берілген
кейбіреуіне тоқтай кетсек келесіне назар аударуды жөн көріп отырмыз.
Дәлелдемелерді зерттеудің мүлде жаңа сипаты А.А. Давлетовтың аталған
жұмысында ұсынылды. Оның пікірі бойынша дәлелдемелерді зерттеу жөніндегі
қызмет - ақпараттың және логикалық екі деңгейдің жиынтығы ретінде
түсінілетін дәлелдеу процесінің мәнінег қалыптасуы тиіс. Басқаша айтсақ,
анықталатын мән-жайлар туралы бастапқы білім жинақтаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен лекциялар
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
Басты сот талқылауының қысқартылған тәртібі бойынша сот ісін жүргізудің қағидалары мен шарттарына сипаттама
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Жасырын тергеу әрекеттері
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ
Қазақстан қылмыстық іс жүргізу
Пәндер