Қасиетті сандар



Кірспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 1
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Қорытынды ... ... ... .. 9
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ..11
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.
1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.
2. Ахметжанова Ф. Р., Дүсiпбаева Қ. С. «Қасиеттi сандар қатысқан қазақ
ескiлiктерi» Ғылыми басылым.- ШҚТУ, Өскемен, 2001.
3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.
4. Бақытбек М . «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАСИЕТТІ САНДАР
Кіріспе
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген
сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін
тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы
басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр
болмаса, біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты
ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан
атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы
кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ
қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Наным-сенімге қатысты киелі ұғымдар негізінде пайда болған құбылыс.
Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше
қолданысқа ие болған.
Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі
жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе
жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы
деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады.
Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше
мәнде қолданылатын төрт, жеті, тоғыз, қырық сандары. Сан есімдердің
ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен
ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде,
аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға
байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың
тарихы да арыда жатқаны байқалады.

Қасиетті сандар
Бір санның киелігі:
1. Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.
Күні-түні дем алмайтын екеу:
1. Ай. 2. Күн.
Патшалық құрған екі мұсылман, екі кәпір:
Мұсылмандардан: 1. Сүлеймен. 2. Ескендір Зұлқарнайын.
Кәпірлерден: 1. Налерут. 2. Шиддат.
Пейіште көрінбейтін:
1.Күндіз. 2.Түн.
Пейіште болмайтын:
1. Ауру-сырқау. 2. Ұйқы
Екі нәрсемен дос болу:
1. Әйеліңмен. 2. Бастығыңмен.
Жақсы дос пен жаман дос:
1.Мал-мүлік. 2.Ұл-қызы
Халық қашады, бірақ құтыла алмайды:
1.Нәпсі. 2.Шәкуат ( жүріс жүру).
Үш қуат:
1.Ақыл. 2.Жүрек. 3.Тiл.
Үш жүз:
1.Ұлы жүз. 2.Орта жүз. 3.Кіші жүз.
Үш құсыт өлтіруге болмайды:
1. Көкқарға. 2.Қарлығаш. 3. Байғыз.
Үш адамның ниеті бұзық:
1.Өтірік айту. 2. Сөзінде тұрмау. 3. Аманатқа қиянат жасау.
Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет:
1. Ақыл. 2. Ұят. 3. Сабыр.
Үш нәрсе аз болса да, көп болады:
1. Қайыр-садақа. 2. Сауап. 3. Дұға.
Үш нәрсе үш нәрсесіз болуы:
1. Басы бар, ақылы жоқ іс. 2. Ғылымы бар, амалы жоқ іс. 3. Байлығы бар,
қайырсыз іс қылушы.
Үш нәрсені ұстассыз білетіні:
1. Үйрек, қаз балапаны. 2. Денедегі баланың дүниеге келуі. 3. Қойдың
құрттағаны.
ҮШ БИ
Үш жүзде болса да олар басты кiсi,
Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кiшi.
Соларға жол көрсеткен ұстаз едiм,
Сардар деп құрметтейiн үлкен-кiшi.

Жеңiс жоқ соғыстарда шабандарға,
Жағдай жоқ тағат қылып амалдарға.
Жеңiске жету үшiн қайрат қылып,
Ат қойдым әскер бастап қамалдарға.

Мәлiм ғой, елге әскер басқарғаным,
Болдым деп Ордабасы мастанбадым.
Мылтығы көп болса да кәпiр жаудың,
Қалмақтың әскерiнен жасқанбадым.

Басқарып Үш жүз қолын жиырма бес жыл,
Орнымды Бөгенбайға бердiм биыл.
Еш сардар жарлығымды қайта қылған жоқ,
Кезiнде ұзақ соғыс күндер қиын.

Төрт кiтап:
1. Мұсаның кiтабы – Тәурет. 2. Дәуiтгiң кiтабы – Забур. 3. Исаның кiтабы –
iнжiл. 4. Мұхамбет пайғамбардың кiтабы – Құран.
Төрт тұрман:
1. Ер тұрманы. 2. Мұкәммалы. 3. Жаужарағы. 4. Бес қаруы.
Төрт пайғамбар тірі:
1. Иса. 2. Ыдырыс. 3. Қыдыр. 4. Ілияс. Ыдырыс пен Иса 4-қат көкте, олар
періштелермен бірге құлшылықжасайды. Қыдыр шөлдегендерге сусын береді.
Ілияс су апатына ұшырағандарға қол ұшын береді.

Төрт нәрсені Адам Атаны жаратқанда жібереді:
1.Өлім. 2. Ләпсі. 3. Ашу. 4. Нәпсі.
Төрт асыл:
1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-Шапағат.
Төрт ұры:
1. Азғырушы шайтан. 2. Күпірлік. 3. Тәкаппарлық. 4. Мейірімсіздік.
Төрт дария:
1. Ніл. 2. Фират. 3. Жейхун (Амудария) . 4. Сейхун (Сырдария).
Төрт бейғамсыздық:
1. Өлімді ойлау. 2. Залым адаммен отырмау . 3. Онымен сөйлеспеу. 4.Аулақ
жүру.

Пайғамбарымыздың бір хадисінде ақиқат ақпарат бар. Рауаят Масхудтың
баласынан. Разы болсын Алла Тағала. Айтты пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.
Шындықта жаратылдың әрбіреуінің аналарының құрсағында 40 күн тамшы
күйінде, одан соң жоғарғыдағыдай 40 күн ұйыған қан күйінде. Одан соң
жоғарғыдағыдай 40 күн кесек ет жасап, кесек еттен сүйек жаратып, оны етпен
қаптаған жоғарғыдағыдай қылып 120 күнде, яғни 4 айдан соң Алланың әмірі
бойынша періште рух үрлейді де құрсақта пайда болған баланың тағдырына 4
нәрсені жазады:
1. Жақсылығы. 2. Жамандығы. 3. Рызығы. 4. Өмірі.
Исламдағы бес парыз:
1. Иман. 2. Намаз. 3. Ораза. 4. Зекет. 5. Қажылық.
Бес анық:
1. Тiл. 2. Дiн. 3. Тарих. 4. Дәстүр. 5.
Ата мекен.
Бес пайғамбар патша болды:
1. Жүсіп. 2.Дәуіт. 3. Сүлеймен. 4. Ескендір Зұлқарнайын. 5. Мұхаммед.
Бес нәрсенің атасы жоқ:
1. Адам Ата. 2.Хауа Ана. 3. Смағұлдың қошқары. 4. Салық пайғамбардың
түйесі. 5. Мұса пайғамбардың түйесі.
Бес нәрсе баянсыз:
1. Бұлттың көлеңкесі – баянсыз. 2. Еңбексіз келген байлық. 3. Қорқақтың
достығы. 4. Жалған мадақ. 5. Опасыздың махаббаты – баянсыз.
Алты парыз:
1. Бiр-бiрiне сәлем беру. 2. Шақырса бару. 3. Кеңес сұраса - ақыл
қосу. 4. Сұрағына жауап беру. 5. Ауырып қалса - көңiл сұрау. 6.
Қайтыс болса жерлеуге қатысу.

Алты Алаш.
І нұсқасы
1. Қазақ. 2. Қарақалпақ. 3. Өзбек. 4. Түркімен. 5. Қырғыз. 6. Жайылған
(Төле би).

ІІ. нұсқасы
1. Ұлы жүз. 2. Орта жүз. 3. Кіші жүз. 4. Қарақалпақ. 5.Қырғыз. 6. Қазақтың
құрама рулары ( М. Тынышбаев).
Алты асқар:
1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл.
Алты тоймайтын нәрселер:
1. Көз қараудан тоймайды. 2. Еркек әйелден ләззат алудан тоймайды. 3. От
отынан тоймайды. 4. Ғалым ғылымнан тоймайды. 5. Бай малға тоймайды. 6. Адам
өмірге тоймайды.

Бес қару:
1.Сойыл. 2. Дойыр. 3. Шоқпар. 4. Найза. 5. Жар-садақ.
Бесқаруы батырлардың аңдасаң,
Солармен-ақ батыр баба шайқасқан.

Имандағы жеті парыз:
1. Алланың барлығына сену. 2. Періштелерге сену. 3. Кітаптарға сену.
4.Пайғамбарларға сену. 5. Ахиретке сену. 6. Жақсылық, жамандық Алладан деп
сену. 7. Өлгеннен кейін тірілетінге сену.

Жеті тозақ:
1. Сағир – жалғаншылар түсетін жайы. 2. Лазо – зекет бермейтіндер жайы.
3. Сақар - намаз оқымайтындар жайы. 4. Жаһим – нәпсіге берілгендердің
жайы. 5. Жаһаннам – екі жүзділердің жайы. 6. Хауия – Аллаһтың
бұйырғандарынан бас тартушылардың жайы. 7. Хатома – адамдардың арсына ірткі
салушылар жайы.

Жеті түрлі іс сәтсіздікке ұшыратады:
1. Күдік-күман. 2. Сиқыр. 3. Тойымсыз нәпсі. 4. Өсімқорлық. 5. Жетімнің
ақысын жеу. 6. Жаумен шайқасқанда қашу. 7. Ерлі-зайыптыларды орынсыз сөгу.

Әйелдердің жеті түрлі пиғылдары:
1. Атқа мінуді көксеу. 2. Аматқа қиянат жасау. 3. Өзінің еріне қанағат
қылмау.
Намаз оқымау. 4. Жылтыраған киімдерге құмарту. 5. Маймылға ұқсап әркімге
күліп қарау. 6. Пиғылы есекке ұқсау. 7. Көршілерін өсекпен ұрыстыру.

Құрандағы жеті қасиет:
1. Құранның басы – таза дәрет. 2. Анасы – бата. 3. Қорғаны – аятыл
гүрсі(аят аты). 4. Көңілі – Ясин. 5. Кілті – Ысырайыл Ықылас. 6. Ділі –
қатесіз, беріліп оқу. 7.Тәсбісі – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейбір киелі сандардың танымдық ерекшеліктері
Киелі сандар
Киелі сандардың қасиеті
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ КИЕЛІ САНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сан тарихына үңілсек
Санның шығу тарихы
Сандар тарихынан
Киелі сандардың мағынасы арқылы ұлттық дүниетанымның берілуі
Сандар
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика
Пәндер