Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы



Қылмыс құрамының басты элементтерінің бірі және қылмыстың
жасалу процесінің бастапқы кезеңінде орын алатын субъективтік жаққа
қатысты белгілер болып табылады. Қылмыс құрамында субъективтік
жақтың алатын орнын, ол қылмыстың ішкі жағына қатысты сипаттама-
ны, яғни жасалған қылмысты іс-әрекетке және тағы басқа белгілеріне
байланысты адамның ми жұмысында болған сезімдерді ашу және осы
негізде іс-әрекетке құқықтық баға беру ретінде түсіну керек.
Біз бұған дейінгі бөлімдерде қылмыстық субъективтік жағының бел-
гілерімен объективтік жақтың белгілерінің арасындағы байланысты бір
медальдің екі жағы түрінде бағаладық. Себебі қоғамға қауіпті іс-әре-
кет, елеулі зардап және қылмыстың орны, тәсілі тәрізді белгілер қыл-
мыстың сыртқы көрінісін көрсете алғанмен, оның ішкі жақтарымен,
яғни адам психикасындағы қоғамға қауіпті ой, ниетпен үндесіп жатпа-
са, онда қылмыс құрамының субъективтік жағы, субъектісі тәрізді эле-
менттері жоқтығын көрсетеді. Сондықтан қылмысқа квалификация
жүргізуде Қ.К. Ерекше бөлімі баптарын қолданудың басты талабы бар-
лық жағдайда заңмен қорғалатын объектінің бұзылуы болып қана
қоймайды, сонымен бірге заңның нақты бір бабына сәйкес келетін
қылмыстың объективтік жәнем субъективтік белгілерінің бір-бірімен
мағынасы бойынша сәйкес келуі деп тусіну керек. Анығырақ айтқанда
қылмыстың субъективтік жағындағы белгілерді объективтік жақ
көшіріп, қылмыстың жасалғандығын көрсетеді.
Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз, қоғамға қауіпті іс-әрекет
жасаған адамның психикалық сезімдерін білдіретін қылмыс құрамы-
ның ішкі жағы белгілері болып табылады. Субъективтік жақты құрай-
тын қылмысқа деген кінәлі адамның ми жұмысындағы ішкі жақтың
белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Осы үш белгі қылмыстың
және қылмыстық құқықта зерттелетін қылмыстық құрамдардың субъек-
тивтік жағын толық ашып беруге жарамды деп саналады. Жасалған
қылмыста субъективтік жақты сипаттайтын белгілердің бар екендігінанықтау кезінде қасақаналық немесе абайсыздық түрінде бейнеленетін
кінәні анықтаудың өзі де жеткілікті болып табылады.
Жасалған қылмыста басқа құрам элементтері болғанмен субъективтік
жақтың болмауы, ол адамның кінәсіз зардап келтіргендігін білдіріп,
қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсете алады. Адамның белгілі бір
іс-әрекет жасау кезінде алдымен оны ми жұмысында шешетіндігіне
байланысты, егер ми жұмысы әрекетті билей алмаса, онда ондай әрекет
жасағын адамның есі дұрыс емес деп танылады. Демек, адамның іс-
әрекетке және оның нәтижелеріне деген ми жұмыстары тек қылмыстың
субъективтік жағына ғана қатысты емес, ол қылмыс субъектісі мәсе-
лесіне де қатысты болып табылады. Бұл екі мәселеде адамның ми
жұмысының құұықтық тұрғыда қолданылуында айырмашылық бар.
Қылмыстың субъективтік жағында іс-әрекет жасау кезінде есі дұрыс
адамдардың ми қызметі туралы айтылса, ал қылмыстың субъектісіне
қатысты мәселеде есі дұрыс еместік туралы айтылғанда, ми қызметі
дұрыс еместік түрлері келтіріледі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
1.1.Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және
қылмыстық құқықтағы маңызы

Қылмыс құрамының басты элементтерінің бірі және қылмыстың

жасалу процесінің бастапқы кезеңінде орын алатын субъективтік жаққа

қатысты белгілер болып табылады. Қылмыс құрамында субъективтік

жақтың алатын орнын, ол қылмыстың ішкі жағына қатысты сипаттама-

ны, яғни жасалған қылмысты іс-әрекетке және тағы басқа белгілеріне

байланысты адамның ми жұмысында болған сезімдерді ашу және осы

негізде іс-әрекетке құқықтық баға беру ретінде түсіну керек.

Біз бұған дейінгі бөлімдерде қылмыстық субъективтік жағының бел-

гілерімен объективтік жақтың белгілерінің арасындағы байланысты бір

медальдің екі жағы түрінде бағаладық. Себебі қоғамға қауіпті іс-әре-

кет, елеулі зардап және қылмыстың орны, тәсілі тәрізді белгілер қыл-

мыстың сыртқы көрінісін көрсете алғанмен, оның ішкі жақтарымен,

яғни адам психикасындағы қоғамға қауіпті ой, ниетпен үндесіп жатпа-

са, онда қылмыс құрамының субъективтік жағы, субъектісі тәрізді эле-

менттері жоқтығын көрсетеді. Сондықтан қылмысқа квалификация

жүргізуде Қ.К. Ерекше бөлімі баптарын қолданудың басты талабы бар-

лық жағдайда заңмен қорғалатын объектінің бұзылуы болып қана

қоймайды, сонымен бірге заңның нақты бір бабына сәйкес келетін

қылмыстың объективтік жәнем субъективтік белгілерінің бір-бірімен

мағынасы бойынша сәйкес келуі деп тусіну керек. Анығырақ айтқанда

қылмыстың субъективтік жағындағы белгілерді объективтік жақ

көшіріп, қылмыстың жасалғандығын көрсетеді.

Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз, қоғамға қауіпті іс-әрекет

жасаған адамның психикалық сезімдерін білдіретін қылмыс құрамы-

ның ішкі жағы белгілері болып табылады. Субъективтік жақты құрай-

тын қылмысқа деген кінәлі адамның ми жұмысындағы ішкі жақтың

белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Осы үш белгі қылмыстың

және қылмыстық құқықта зерттелетін қылмыстық құрамдардың субъек-

тивтік жағын толық ашып беруге жарамды деп саналады. Жасалған

қылмыста субъективтік жақты сипаттайтын белгілердің бар екендігінанықтау
кезінде қасақаналық немесе абайсыздық түрінде бейнеленетін

кінәні анықтаудың өзі де жеткілікті болып табылады.

Жасалған қылмыста басқа құрам элементтері болғанмен субъективтік

жақтың болмауы, ол адамның кінәсіз зардап келтіргендігін білдіріп,

қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсете алады. Адамның белгілі бір

іс-әрекет жасау кезінде алдымен оны ми жұмысында шешетіндігіне

байланысты, егер ми жұмысы әрекетті билей алмаса, онда ондай әрекет

жасағын адамның есі дұрыс емес деп танылады. Демек, адамның іс-

әрекетке және оның нәтижелеріне деген ми жұмыстары тек қылмыстың

субъективтік жағына ғана қатысты емес, ол қылмыс субъектісі мәсе-

лесіне де қатысты болып табылады. Бұл екі мәселеде адамның ми

жұмысының құұықтық тұрғыда қолданылуында айырмашылық бар.

Қылмыстың субъективтік жағында іс-әрекет жасау кезінде есі дұрыс

адамдардың ми қызметі туралы айтылса, ал қылмыстың субъектісіне

қатысты мәселеде есі дұрыс еместік туралы айтылғанда, ми қызметі

дұрыс еместік түрлері келтіріледі.

Қылмыстың субъективтік жағына қатысты мәселелер қылмыстық

құқық теориясында күрделі болып табылады. Қылмыстық құқықта заң-

ның Ерекше бөлімінде қарастырылған кейбір қылмыс түрлерінің, мы-

салы өзін-өзі өлтіру жағдайына жеткізу қылмысының кінә нысандары

даулы болып кездеседі. Қылмыстық құқық туралы оқулықтардың кей-

біреулері бұл қылмыстың кінә нысанын абайсыздық және қасақана-

лық деп анықтаса,1 ал кейбіреулері тек жанама қасақаналық деп ай-

тып жатады.2

Бұл тақырыптың практикалық тұрғыдан күрделілілігі, ол кінәлінің

әрекеттеріне және оның зардабына деген психикалық қатынасын, яғни

әр түрлі психикалық қатынастарын көру, ашу барлық кездерде мүмкін

бола бермеуіне байланысты. Бұл мәселені анықтау үшін практика қыз-

меткерлері адамның жасаған әрекетінің сипатына, түріне және өзге де

объективтік жағдайларына көңіл аударып, ол адамның қылмыс жасау

кезіндегі ойын ашуға тырысады. Практикалық тұрғыдан бұл мәселеніңкелесі
күрделілігі және өзектілігі, адамның кінә түрін дәл анықтаудың

қылмысты квалификациялауда және жауаптылық белгілеуде маңызды,

шешуші роль атқаруына байланысты болып табылады. Сот-тергеу қыз-

меткерлерінің іс-әрекетті субъективтік жағы бойынша қате квалифика-

циялауы жиі кездеседі. Мысалы, М. және Ю. мас күйінде төбелесіп, М.

ауыр жарақат келтіру мақсатымен Ю.- ны самбоның тәсіліне салып ба-

сынан асырып лақтырып жібереді. Осы тәсілге салып лақтырудың нәти-

жесінде Ю. канализация құдығынан шығып тұрған бетон платформа-

сына басымен соғылады. Мұнан кейін М. оның басынан бірнеше рет

ұрады, осы алған жарақаттардан Ю. ауруханада қайтыс болады.

Бұл істі Қарағанды қаласының Ленин аудандық соты ҚК 103 бабы-

ның 3 бөлімімен абайсызда жәбірленушінің өліміне соқтырған қасақа-

на денсаулыққа ауыр зардап келтіру деп бағалайды. Қарағанды облыс-

тық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының қаулысымен үкім

өзгеріссіз қалған.

Ал ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істері бойынша сот алқасы

101 баптың 1 бөлімімен абайсыздықта қаза келтіру ретінде және 104

баптың 1 бөлімімен денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян

келтіру деп квалификация жасайды.

ҚР Жоғарғы Сотының Президиумы жәбірленушінің арызы бойын-

ша істі қарап, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша алқасының

қаулысын дұрыс емес дап бағалайды және 1 инстациядағы соттардың

квалификациясын дұрыс деп қайтадан ҚК 103 бабының 3 бөлімімен

белгілейді.

Жоғарғы Соттың Президиуімі “М. арнайы лақтыру тәсілін қасақана

қолданан отырып, Ю.-дың денсаулығына ауыр зардап келуі мүмкіндігін

көре білген және осындай зардаптың келуін тілеген. Бұл туралы М.-нің

кейінгі әрекетінен жәбірленушінің бетінен бірнеше рет ұруы дәлел бола

алады. Сот – медециналық сараптамасының қорытындысы бойынша

денсаулыққа ауыр дәрежелі зардап спорттық тәсілді қолдану және

бетінен ұру нәтижесінде келтірілген. Жәбірленушінің өліміне М.-нің

кінәсі абайсыздықта болған, ол жәбірленушінің өлімі болу мүкіндігін

көре білмеген, бірақ көре білуге мүмкіншілігі және міндетті болған”

дей отырып, әдепкі қараған соттардың квалификациясын дұрыс деп та-

ниды. Жоғарыдағы мысалда көрініп те тұрғандай, қылмыстың субъективтік

жағына қатысты белгілер қылмысты іс-әрекет жасалар алдында немесе

жасалу кезінде, бірақ бәрібір әрекеттен бұрын анықталып отырады.

Субъективтік жаққа қатысты белгілердің бір ерекшелігі, ол қылмыс

жасау кезіндегі объективтік жағдайларға қарай өзгеріп отыруы да

мүмкіндігінде. Мысалы, қарақшылық әрекеттер қылмысты жасау ба-

рысында кісі өлтіруге, ал ұрлық қылмысы тонауға айналуы мүмкін.

Бұл жағдайлар кінәлінің қоғамға қауіптілігін нақтылап, ол қылмысты

квалификациялауға да әсер етеді.

Қылмыстық құқықтағы және Ерекше бөлімде қарастырылған қыл-

мыстардың субъективтік жақ белгілері осы элементті сипаттай алатын

барынша елеулі белгілер болып табылады, олар қылмыстың ішкі

көрінісін талдауда қылмысты сипаттап берудің бір тәсілі ретінде ғана

қолданылмайды, сонымен қатар қылмысқа квалификация жүргізуде

маңызды роль атқарады. Кейбір оқулық және зерттеу әдебиеттерінде

субъективтік жақ белгілерінің қатарына кінә, ниет және мақсатпен қатар

қылмыстың жасалу кезіндегі адамның ашулану, қуану, таңқалу түріндегі

ерекше көңіл күйін білдіретін эмоцияны да қосады.1 Эмоция кейбір

қылмыстарға тән білгі деп тануға болады. Өйткені ашу шегінен, қажетті

қорғану шегінен шығып адамның өміріне және денсаулығына зардап

келтіруде эмоциональдық момент маңызды белгі ретінде бағаланады.

Сонымен қатар қылмыстық заңның өзге баптарында қарастырылған

қылмыстарда кейде эмоциональдық күйде жасалуы мүмкін. Бірақ қол-

даныстағы қылмыстық құқық құрам элементтерінің белгілері қатарын-

да эмоцияны жатқызбайды.

Қылмыстың субьективтік жағын күрделі мәселелердің қатарына

жатқызушы келесі себеп, ол адамның сезінуі мен қоғамға қауіпті іс-әре-

кетті жасау түріндегі шешімін байланыстыратындығында болып табыла-

ды. Бұл сезіну мен ерікті білдіру кезеңдерінің арасындағы байланыс кейде

бір-біріне сәйкес келе бермеуі де мүмкін, яғни еріктілік немесе жасалған

шешім сезінуден асып немесе оған жетпей жатуы кездеседі.

Мұндай жағдайларда квалификация жасаудың жекелеген тәртібі қол-

данылып, егер сезінуге ерік білдіру жетпей жатса, онда іс-әрекет оқта-

лу деп, ал сезінуден ерік, шешім білдіру асып кеткенде кінәнің аралас

нысаны деп бағаланады. Қылмыстың субъективтік жағының белгілері қылмыстың
объективтік

жағы белгілерінің көрініс алуының себепшісі болуынан басқа, қылмы-

сты квалификациялауда қолданылатын өзгеде объективтік білгілердің

кездесуіне әсер ете алады. Мысалы, қылмыс объектісінің, затының,

құралының, тәсілінің, уақытының, орнының, жағдайының анықталуы-

на, сондай-ақ ауырлататын құрамдардың орын алуына, кінәні ауырлата-

тын белгілердің кездесуіне басты себеп бола алады. Демек осы белгі-

лердің барлығына кінәлінің қылмысты іс-әрекеті психикалық қатынас-

та болады. Егер бұл белгілердің қылмыс уақиғасында көрініс алатын-

дығын кінәлі білмесе, сезбесе немесе сезінуге мүмкіндігі болмаса, онда

бұл белгілер осы қылмыс үшін қылмыстық құқықтық мыңыздылыққа

ие болмайды. Кінәлі көре білмеген объективтік өзге белгілер, ол айып-

талатын бапта немесе оның жауаптылықты ауырлататын бөлімдерінде

тікелей көрсетілген болуы да мүмкін. Бірақ бәрібір бұл белгілердің

қылмыста көрініс алатындығын көре білмесе, ондай жағдайлардың бар

екендігін сезінбесе, онда кінәлі тек сезінген, көре білген жағдайлар

бойынша айыпталады. Бұл ереже қылмыстық құқықта қылмыс түрлер-

іне түсіндірме беру кезінде кездеседі. Мысалы, қасақана кісі өлтіру

қылмысында кінәлі қайтыс болған әйелдің жүкті екендігін білмесе не-

месе әйел зорлау қылмысында кәмелетке толмаған адамды зорлағанын

білуге мүмкіншілігі болмаса, онда оның әрекеттері қылмыс құрамына

қатысты белгілердің ішінен тек өзі білген, сезінген белгілерді қамти-

тын қылмыс құрамы бойынша квалификацияланады. Қылмыстың

субъективтік жағының қылмысты квалификациялаудағы маңызы да

осында, яғни бірінші тарауда квалификация жүргізу кезінде қолданы-

латын негізгі қағидалардың бірі ретінде аталған, кінәлінің қасақаналы-

ғының бағыты бойынша іс-әрекетке құқықтық баға беру немесе квали-

фикациялау осыны білдіреді. Кейде сот-тергеу қызметкерлері нақты

жасалған іс-әрекет немесе туындаған зардап бойынша қылмысқа

құқықтық бара беріп, квалификация жүргізу кезінде негізінен субъек-

тивтік жаққа, оның ішінде қасақанлығының бағытына, қылмысты ни-

етінің түріне, алдына қойған мақсатына қарай қылмыстың түрі анық-

талтынын естен шығарады. Қылмысты квалификациялауда мұндай қағида-

ның қолданылу себебі, ол біріншіден кінәлінің жасағысы келген қыл-

мыс түрі бойынша қоғамға қауіптілігі анықталатындығына байланысты

және осы қауіптілік деңгейінде жауаптылық қолдану үшін, оның қаса-

қаналығына кірген қылмыс түрі немесе заң бабы қолданылу керек.

Екіншіден, субъективтік жақ белгілерін алдыға қоймай нақты зардапбойынша
квалификация жасайтын болсақ, онда қылмыскердің көре

білмегені немесе көре білуге мүмкіншілігі болмаған, оның еркінен тыс

туындаған зардаптар бойынша да айыпты деп таныр едік және ол

адамның қауіптілк дәрежесіне сәйкес келмейтін басқа баппен айып-

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі
Қылмыстық құқықтағы қылмыстың обьективтік жағы
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойыншакінә түсінігі
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша кінә түсінігі
Қоғамға қауіпті зардаптар
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫН ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыстың түсінігі және белгілері
Пәндер