Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» білім мен тәрбие жүйесі


Жоспар
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» білім мен тәрбие жүйесі.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
І. Тарау
1. 1 Қазақстан жоғарғы білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне енгізу.
1. 2 Білім беру жүйесін аймақтандыру.
1. 3 Тәрбие барысының нәтижелерін және тиімділігін зерттеу, оның ерекшеліктері
ІІ. Тарау
2. 1 Жаңа білім беру технолгоиялары.
2. 2 Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялар мен реформалар.
2. 3 Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары
ІІІ Қорытынды
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Министрліктің осы қарары жоғары оқу орнының жаңа ұйымдық құрылымын жасауға мұрындық болды. Бұған негізгі екі фактор ықпал етті. Біріншісі - мұғалімдер дайындаудан халық шаруашылығының сан қилы салаларына мамандар мен жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттарына арналған ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауға көшу. Екінші фактор - айрықша табиғи байлықтары және дамыған өндірістік құрылымы бар Шығыс Қазақстан аймағының өзі. Кенді Алтайдың өндірістік алыптары - тау-кен, титан-магний комбинаттары, ғылыми-зерттеу жұмыстарға көп қорғаныс кәсіпорындары, ғылыми-зерттеу институттары жоғары университеттік білімі бар мамандарға күмәнсіз сұраныс тудырып отыр. Шығыс Қазақстан аумағында өндірістік кәсіпорындардың тығыз топтасуы көптеген ушықты мәселелердің, әсіресе экологиялық проблемалардың көптеп туындауына әкеліп соғып, солардың шешімін табу мақсатымен университет бұрынды-соңды болмаған медик-эколог, эколог-профпаталог, эколог-эксперт тәрізді мамандарды дайындауға бағдар алды. Мұндай мамандарды ол кезде КСРО-дағы ешбір жоғары оқу орны дайындамайтын.
Осылайша университет өзінің іргесін қалаудағы алғашқы қадамынан бастап аймақ кәсіпорындары үшін жеке даналап мамандар дайындап беруді жүзеге асыра алатындай, икемді, көп нысанды құрылым қалыптастыруға бағдар алды.
Бір сөзбен, инновациялық өзгерістерді әзірлеп жүзеге асыратын және бірегей кешенді тұтастығы бар сабақтас фазалардан тұратын инновациялық процесс бастама алды. Осы процестің нәтижесінде педагогикалық инновациялық іс-тәжірбиеде сынақтан өткен және қазір қолданылып отырған компоненттері пайда болды. Инновациялық процесті онан әрі жандандыру үшін біз бір кезде игеріліп, пайдаға асырылған инновацияны жаңа жағдайлар мен қолдануорындарына уақыт ағымымен тарата беру мәселесін қолға алуға тиістіміз. Бұл жерде біз инновациялық процестің қайталанып отыру сипаты бар екенін байқаймыз. Білім беру мекемесін басқарудың неғұрлым икемді, үйлесімді жүйелерін жасау мақсатында осы қасиеттерді ескерген жөн.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан жоғарғы білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне енгізу.
Зерттеу міндеттері: Жаңа білім беру технологиялары арқылы Қазақстан білім білім беру жүйесін түсіндіру
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу әдістері: Курстық жұмыстың мазмұнын аша түсу үшін көптеген әдебиеттер пайдалана отырып, зерттеу саластыру, саралау мен қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден.
1 Тарау.
1. 1 Қазақстан жоғарғы білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне енгізу.
Дамыған индустриялық елдердегі жоғары білім жүйесі осындай замана талаптарына қандай жауап қайтарған еді? Көлемі жағынан да, мазмұны жағынан да кең ауқымды бұл жауаптардан тұтастай алғанда төмендегідей тенденцияларды бөліп шығаруға болады.
1 . Жоғары білімнің демократиялығы. Бұл жоғары білімнің жалпы жұртшылыққа жаппай жетімді болуы, білім алу түрі мен мамандықты, оқу сипаты мен болашақ қызмет саласын таңдау еріктілігі тенденциясы, авторитаризм және басқару моделінің әміршілдік-бюрократтық түрінен бас тарту.
2. Білім беру жүйесіндегі гуманитарлық сипаттың үлес салмағын өсіру. Табиғаттану және техника салалары мамандарын тар технократтық дүниетанымнан арылтуға арналған. Бұл гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндердің санын көбейту арқылы пікірталас, іскерлік және рөлдік ойындар т. с. с. көмегімн оларға әлеуметтік қарым-қатынас қабілеттерін телу арқылы жүзеге асырылады. Гуманитарлық сипатты өсіру бұдан басқа мұғалім мен студенттің жеке тұлғаларының көрініс табуына игі мүмкіндіктер туғызуды, адамдарға деген адамгершілік сипатты қалыптастыруды, бөгденің пікіріне төзімділікті және қоғам алдында жауапкершілік сезімін тәрбиелеуді қарастырады.
3. Беретін білімнің іргелілігі. Бұл материалды қатаң сұрыптау, мазмұндық құрамын сараптауға жүйелік тұрғыдан келу және іс әрекеттің негізгі нұсқаларын іріктеп алу арқылы іргелі дайындықтың ауқымын кеңейту және тереңдету, сонымен қатар жалпы және міндетті пәндердің көлемін қысқарту тенденциясы.
4. Студентке білім беруде жеке тұлғалық бағдарды қолдану. Бұл факультативті және сұрыптаулы курстардың санын көбейту арқылы, жеке жоспарларды тарату арқылы, оқытудың нысандары мен тәсілдерін таңдауда студенттердің жеке бастарының психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру арқылы, аудиториялық сабақтарға арналған уақытты азайтып, есесіне өзіндік жұмыстың көлемін едәуіо арттыру арқылы жүзеге асады.
5. Жоғары білім беруді компьютерлендіру . Көптегенірі-ірі жоғары оқу орындарыда персоналдық компьюторлардың саны студенттерден санынан асады. Бұл компьютерлер есептеу және графикалық жұмыстарды жүргізу үшін қолданылуымен қатар информатикалық жүйелерге кіру тәсілі ретінде де, педагогикалық тестік бақылау жүргізуге де, автоматтандырылған оқыту жүйесі ретінде де ақпарат құралы ретінде де қолданылады . Компьютерлендіру көп тұрғыдан кәсіби іс-әрекет сипатының өзін де өзгертеді, қызметкерледі бұл қызметке арналған жаңа құралдармен жабдықтайды.
6. Ғылыми-оқыту- өндірістік кешендерін құру жоғары білім беру саласына тән ғылым мен білім беру саласын жіне өндірісті интеграциялау нысаны. ҒОӨК-нің негізгі кмпоненті-білім беру секторы. Өз кезегінде оның ядыросын жоғары оқу орны немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру мекемелеру оның перифериясы болып табылады. Ғылыми-зерттеу секторы мұғалімдер мен студентердің ғылыми өсуіне кешенді және коопаративтер кіреді.
7. Жаппай жоғары білім беруге ауысу тенденциясы. Бұл құбылыс басқа әлеументік бағдарламалармен салыстырғанда білім беруге жұмсалатын шығынның еселей өсуінен және студентер санының көбейе түсуінен көрініс табады. Мәселен барлық дамыған индустриялық елдерде 1965-1980 жылдада жоғары білім беруге жұмсалған шығын мөлшерінің жыл сайынғы өсу екпіні 15-25 (пайыз) құрап, 80 жылдары біраз төмендеген. Бұл көрсеткіштердің көлемі, әсіресе, эканомикасы төменрек дамыған, озық дамыған мемлекеттер қауымдастығымен интеграция жолына түскен мемлекеттер үшін мейлінше жоғары болған . Испания, мысалға 1975-1983 жылдар аралығында білім беру саласына жұмсалған шығынын 10 есе көбейтсе, АҚШ-та 1970-1985 жылдар аралығында білім беру кеткен шығын 3, 4 есе өскен. Студентер санының өсу екпіні әр елдерде жылт мөлшерінде 5-10 шамасында. 80 жылдардың соңында АҚШ-та орта мектеп бітірушілердің 57 пайызы жоғары оқу орындарына түскен Японияда 40 пайызға дейін.
8. Еуропалық унивеситеттерде автонмияландыру деген, ЖОО-ның барлық деңгейлерінде өзін өзі басқару, басқарушылар құрамын сайлау жүйесіне көшіру тендециясы тереңдей түсуде.
9. Оқытушылардың кәсіби деңгейіне талап күшейіп, жоғары оқу орындарының оқытушы мамандарының дайындығы мен дәрежесін өсіру жөніндегі психологиялық-педагогикалық зерттеулердің маңызы өсе түсуде. Оқытушылардың қызметін бағалау критерийлері іздестірілуде; бұл жерде оқытушылық қызмет үшін, ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін және әлеуметтік белсенділікті анықтау үшін жеке-жеке рейтингтер есептеледі немесе бағалары саналады.
10. Жоғары оқу орындарының қызметі әсерлігін жұртшылық тарапынан ұдайы бағалап отыру жүйесі қалыптасуда. Мәселен, АҚШ-та бірнеше мың мамандардан тұратын топ жоғары оқу орындарын көптеген көрсеткіштер бойынша бағалап тізімдейді. Көрсеткіштер қатарына бір студентті дайындап шығуға кеткен шығын, ғылыми зерттеу жұмыстарының көлемі, оқылатын курстардың саны мен сапасы, бітірушілердің саны, докторлық дәреже алғандар т. с. с жатады.
Этникалық ерекшеліктеріне, экономика жағдайына білім беру жүйесіндегі дәстүрлеріне байланысты жаңағы және басқа да бірқыдыру тенденциялар әр елде әр түрлі көрініс табады. Дегенмен олар қандай дәрежеде болмасын барлық дамыған елдерде байқалады және өзінің де жоғары үлгілері, тамаша дәстүрлері бар Қазақстандағы жоғары білім саласында ескерілмей қалу жарамайды.
Қазақстанда жоғары білім жүйесінің дамуы, меніңше, төмендегі басты факторларға тікелей тәуелді:
1. Жалпы білім беру және жоғары білім беру салаларындағы мемлекеттік саясат. Ол барлық басқа әлеуметтік салалармен, халық шаруашылығы салаларымен салыстырғанда білім беру жүйесінің озық дамуына бағытталуы тиіс.
2. Кез келген басқалай салалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты ретінде білім беру саласының оза даму сыңайына жұртшылық пікірінің қалыптасуы.
3. Еліміздегі нарықтық қарым-қатынастың іс жүзінде дамуы және соның салдары ретінде білім беру қызметтері рыногының, оған қатарлас бәсекелестіктің қалыптасуы.
4. Жоғары білім саласының дамуының ғылыми концепциясының болуы, жоғары білім берудің әлеуметтік-гуманитарлық саласында ғылыми жұмыстардың кең өріс алуы.
5. Жоғары оқу орындары қызметіне әлеуметтік бақылау жасаудың обьективті және сенімді құрылымын қалыптастыру, бұл орайдағы рейтингтік бағалаудың айшықты критерийлері болуы.
«Білім беру туралы» Заңға төмендегі барынша прогрессивті баптар енгізілген.
Алғаш рет білім алу жүйесінде жеке тұлғаның тілектері бірінші орынға қойылған. Заң Қазақстанда білім беру саласының озық мәні бар деп жариялайды. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің ішінде төмендегілер аталған: білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық қазыналардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке тұлғаның еркін дамуының озық мәнділігі; білім берудегі бостандық пен баламалық; басқарудың демократиялық сипаты және білім мекемелерінің бербестігі т. б.
Біздің тарихымыздың соңғы кезеңінде алғаш рет мемлекет үздік қабілет танытқан азаматтарға элитарлық білім алуына қолдау жасауға әзірлік танытып отыр.
«Білім беру туралы» Заңның жоғарыда келтірілген және басқа көптеген баптары Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту бағытында жақсы құқықтық негіз қаланған деп атап көрсетуге мүмкіндік береді. Дегенмен, заң аумағындағы мүмкіндіктерді іске асыру елдің экономикалық деңгейіне, әлеуметтік саяси жағдайға және атқарушы биліктің білім беру саласындағы нақты саясатына тәуелді болмақ.
Бұл орайда, менің ойымша, әлемдік білім беру жүйесінің іс-тәжірбиесі елеулі көмек көрсетуі ықтимал.
ХХ ғасырдың аяғында жоғары білім беру саласы мамандарды қайта дайындау және дәрежесін көтеру тәрізді жаңа маңызды міндеттерге ие болды. Сонымен қатар тиесілі жас мөлшеріндегі оқушылар саны күрт өсіп кетті. Егер 1950 жылы дамыған өндірістік елдерде университетке түскендердің үлесі әдетте 2-4% құрайтын болса, онан кейінгі үш онжылдықта бұл көрсеткіш 15-50 пайызға дейін жоғарылады. Университет элитарлық оқу орнынан көпшілік оқу орнына айналды. 70-жылдардағы қаржылық дағдарыс басталғанға дейін, жуықта үшінші фазаға - жаппай жоғары білім фазасына жету мүмкін тәрізді болып көрінді.
Білім беру жүйесінің еуропалық және солтүстік америкалық деңгейлерінен шартты түрде төмендегі төрт үлгіні бөліп шығаруға болады;
- гумбольдттық «зерттеу университеті»Мұнда университеттік курстың ең басынан бастап ғылыми жұмыстар мен оқу өзара сабақтас компоненттер деп қарастырылады; студенттер ғылыми жаңалықтар іздестіру барысында ең алдыңғы қатарлы ғылымның қыр-сырына қанығып, тәжірбие жинақтайды, болашақта белгілі кәсіби салаларда жаңалық ашуға әзірленеді;
- интернаттық тектегі британдық үлгі. Бұл студенттер мен мұғалімдердің тікелей биресми қарым-қатынасына негізделген үлгі; тьюторлық сабақ нысанындағы мұндай қарым-қатынас жастардың дамып жетілуінде баяндама мен семинарға қатысудан мәні кем емес деп есептеледі.
Бүгінгі таңда университет төменде келтірілген әр қилы мақсаттарды жүзеге асыруға мүдделі деп есептеледі. Жоғары санатты кәсіпқой мамандарды дайындаудағы өзінің дәстүрлі міндетін атқару, университеттік білім алуға жағдайы нашар топтардың шама-шарқы келетіндей етіп, білім алу мүмкіншіліктерін теңестіруге жағдай жасау; жоғары сапалы ғылыми зерттеулер арқылы білім ауқымының шекарасын кеңейтуге өз үлесін қосу; ұлттық экономиканың талаптарын қанағаттандыру, өндіріс пен сауда саласының мүдделері үшін ғылыми қызметтер атқару.
Еліміздің жер көлемін, елдегі әлеуметтік-демографиялық жағдайдың және білім беру кеңістігінің бірегей еместігін ескере отырып, болашақта Қазақстан интеграцмялау деңгейінде халықаралық қарым-қатынасқа шыға алар еді деп тұжырым жасауға болады. Бірақ бұл жерде бар мәселенің түйіні республиканың өз аумағында сақталып келе жатқан орталықшылдық тенденцияны жеңе білуімізге, аймақтық деңгейде интеграциялау проблемаларын шеше білуімізге тіреледі.
Интеграция - көп түрліліктің бірікпесі. Әрбір жеке оқу орны неғұрлым қызықты, неғұрлым дербес болған сайын, соғұрлым онымен істес болуға ықыластылар саны көбейе түседі, соғұрлым еліміздің өз ішіндегі білім жүйесінің дамуы жемісті болады, соғұрлым басқа елдер тарапынан қызығушылық пен ынталылық арта түседі. Дербестік іс-әрекеттің әлдебір ең басты маңызды бағдарынан немесе дағдыдан тыс факультет, кафедра, сирек сипатты мамандықтан байқалуы мүмкін. Білім беру кеңістігінің дәл осындай сипатын ғана интеграциялық деп тануға болады. Бұрынғы бұзылған тұтастығты қайта орнына келтіруді олай атауға келмейді.
1. 2 Білім беру жүйесін аймақтандыру.
Жоғары білім саласындағы мемлекет аралық байланыстарды әрі дамыту, нығайту. Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне кірістіру проблемалары, бұл салада мемлекеттік аймақтандыру саясатын ойластырып, іс жүзіне асырудың қажеттігіне тікелей байланысты. 80 жылдан астам тарихи кезең ішінде бізде әжептәуір өзіндік сипаты бар жоғары білім жүйесі қалыптасты. Дегенмен бұл жүйеге жоғары оқу орындарының жер жерлерде өте-мөте әркелкі орналасуы тәрізді біршама кемшіліктер де тән екені белгілі. Қазіргі шақтағы кей айиақтардың әлеуметтік - экономикалық проблемаларының ушыға түсуі және ірі аймақтардың халықаралық білім беру арақатынастарына кіруіне шектеу тууы осы себептен болуы ықтимал.
Білім беру жүйесін аймақтандыру жөнінде белсенді саясат жүргізуді қажет ететін себептердің ең кемі үшеуін атауға болады. Бірінші. себеп еліміздің әр аймақтарының тұрғындарына сапалы білім алуда мейлінше кеңінен жолу ашу қажеттілігіне байланысты, өйткені білім беру саласының орталықта шоғырлануы аймақтық сепаратизмді ушықтырып, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени тұрғыдан мешеу қалуына әкеліп соғады. Бұл фактор еліміздің демографиялық хал ахуалын кері әсерін тигізетінін де есте ұстаған жөн. Екінші себеп әр аймақта білім беру жүйесінің даму деңгейі мен өндірістің арасында берігірек байланыс орнықтыру қажеттілігінен туады. Аймақтың өндіріс және жоғары білім жүйелерінің ара сәйкестігі қазіргі сәтте айырқша маңыздылыққа ие болып отыр.
Аймақтың тұрақты және жан-жақты теңескен түрде дамуының кепілі - соған сәйкестендірілген жоғары және орта арнайы кәсіби білім беру жүйесінің болуы. Бұл жүйенің бір буынының жоқтығы, жеткіліксіз немесе артық дамуы аймақ экономикасының, болмаса әлеуметтік саланың жекелеген бөлігінің дамуына кері әсерін тигізуі, тіпті бүкіл аймақтың дамуын тежеуі мүмкін.
Қазақстан облыстарының шалғайлығымен ғана емес, оның аймақтарының айрықша өмірлік мәні бар сипаттамалары жөнінен елеулі айырмашылықтары болуымен де ерекшеленеді. Аймақтық университет аймақ ерекшелігін, әр саладағы маманға деген сұранысты қатаң ескере отырып, бар қажеттілікті болжамға ала отырып, білім жүйесіне бөлінген қаржыны икемдеп, үнемдей қолдануына болады. Бұл зор тұлғалы университеттік құрылым, құрамына тиісті академиялық және салалық ұйымдар кіретін, оқу орындарының барлық түрлеріне негізделген, оқыту-ғылыми кешені болмақ. Университеттер саясында кандидаттық, докторлық диссертация қорғау жөнінен арнайы алқаларды ғылыми-зерттеу мекемелерін, ғылыми орталықтарды ұйымдастыру мүмкіндігінің де мәні зор болмақ.
Мемлекеттік маңызы бар негізгі және шаруашылық сипаттағы кешенді ғылыми бағдарламаларды орындауға басқадай мүмкіндіктер тумақшы. Құрал-жабдықтарды, оқыту алаңдарын мейілінше толық қолдану нәтижесінде студенттердің де мұғалімдердің де еңбектік және тұрмыстық жағдайлары едәуір жақсара түспек. Ең бастысы, аймақтық университеттер үзіліссіз білім алу қағидасын жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Мұндай жоғары оқу орнында қосымша білім беруден көп профильді факультеттер, аймақтың мамандар дәрежелерін көтеру дайындау факултьеті ұйымдастырылады. Өйткені шағын ғана топты жаңа, аймаққа қажетті мамандыққа қайта оқыту, оларды басынан бастап дайындаудан гөрі кей кездері тиімдірек болмақ. Университеттердің айырқша дарында балалар мен жастарды оқытуға арналған элитарлық оқу орындарының ашудағы рөлі де елеулі болмақ. Студенттердің мұндай топтарымен барлық мамандық бойынша жұмыс жүргізу кез келген жоғары оқу орнының қолынан келе бермесі анық. Мұндай жұмыс құрамында жоғары санатты мамандарды дайындау жөнінде тәжірбие мол ғалымдар ұжымы жинақталған жоғары оқу орындарына ғана сай міндет болмақ. Өз оқу орнында талапты байқалған студенттер дәл сол үшін тиісті жағдайлар туғызулы, барып қайтуға жол шығын өтеу қаржысы іздестіріліп, жатақаналар ұйымдастырылуы, кітапханалар әзірленуі қажет.
Республика бүгінгі күннің өзінде бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалған: 250студентті АҚШ және Батыс Еуропа жоғары лқу орындарында оқыту үшін валюта бөлінген. Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтңы әлемнің озық жоғары оқу орындарына ең талантты жастарды жіберіп оқыту идеясы жүзеге асып отыр. Бұл тек игі бастама ғана.
Аймақтық унверситет идеясын алғаш құлаққағыс еткеннен-ақ: «Мұндай жоғары оқу орны басқаруға келе ме?»-деген сауал тууы мүмкін. Менің ойымша, келеді Құрамына кіретін оқу орындарының мейілінше дербестігі, қаржы мәселелерін өз ырқымен меңгеруге деп декандардың құқыларын кеңейту - университетті толығымен басқаруға үйлесімді етпек. Оған президент басшылық етіп, ректорлар алқасы қамқорлық жасамақ. Ректорлардың өз бастарына келсек, олар іс жүзінде өз мансабында қалып, тек міндеттерді ғана елеулі өзгеріске ұшырамақ. Аймақтық университеттердің өміршеңдігін бір шаңырақ астында 40-63мыңға дейін студенттер оқитын шетелдік жоғары оқу орындарының іс-тәжірбиеден көрсетіп отыр.
Халықаралық іс-тәжірбиеден аймақтық университеттерді құру саяси иақсатпен істелетіні байқалады. Кейбір саяси және әлеуметтік тұрақсыздық жағдайларда жоғары оқу орындары басқа аймақтарға таратыла орналастырылып, бір орында студент жастардың шоғырлануына қарсы амал қолданылған кездер де болған мысалдар бар.
Бұл сыңайдағы іс-тәжірбиеден бастамаларды жүзеге асыру оңай болмақ емес, өйткені ондаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлерді бұзуға тура келеді. Ол оңай нәрсе емес. Бірақ қазіргі шақтағы шындықтың ерекшелігі сол, уақыт талабын орындауды да, болашақты болжауды да қажет етеді. Ал Республика болашағы - аймақтарының дамуы екені даусыз. Аймақтандыру - уақыт талабына сай процесс, оның негізінде төмендегі факторлар жатыр:
- республикалық және аймақтық басқару органдарының, заң шығарушы және атқару биліктерінің тіндеттері мен өкілеттіліктерін қайта бөлу.
- Жастардың оқу жөніндегі көші-қонын азайту, тұру орнындағы еңбек рыногының жастарға ұнамдылығын арттыру;
- Жоғары оқу орындары мен орта арнайы оқу орындарын республикалық бюджеттен қаржыландыру мүмкіншілігінің елеулі түрде қысқаруына орай іс- жүзінде көп арналы қаржыландыруға көшу;
- Дистанциялық білім беруді қолдану үшін техникалық мүмкіндіктердің көбеюі.
Аймақтық университет концепциясы мұндай преспективамен өте жақсы үйлесім табады.
1. 3 Тәрбие барысының нәтижелерін және тиімділігін зерттеу, оның ерекшеліктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz