Құқық шығармашылық процесінің сапасын жақсарту
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Тарау ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Құқық шығармашылығының түсінігі мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Құқықшығармашылық түсінігі, оның қағидалары мен түрлері ... ... ... ...5
1.3 Құқықшығармашылық кезеңдері ... ..6
ІІ. Тарау ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1 Құқық шығармашылық процессінің әлеуметтік факторы ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2 Нормативтік.құқықтық актілерді жүйеге келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІІ. Тарау ... ... ... ... ... ... 10
3.1 Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі ... ... ... ... ...10
3.2 Заң шығармашылығын әлеуметтік қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3.3 Авторлық құқық және құқық шығармашылығы ... ... ... ... .14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер

Құқық шығармашылық процесінің сапасын жақсартуға екінші зор үлес қосатын еліміздегі сан алуан нормативтік актілерді топтастырып, жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп, отыру. Қоғамның диалектикалық даму барысында мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларын жасақтау міндеті де күшейе түседі. Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган – Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жіті көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзіне асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан-жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актілер де осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
5. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
6. Теория государства и права. /Под ред. Профессора М.Н.Марченко. МГУ, 1996.
7. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
8. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
9. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.
Тарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Құқық шығармашылығының түсінігі мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Құқықшығармашылық түсінігі, оның қағидалары мен түрлері ... ... ... ...5
1.3 Құқықшығармашылық
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.6
ІІ.

... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.1 Құқық шығармашылық процессінің әлеуметтік
факторы ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге
келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІІ.

... ... ... ... ... ... ... ..10
3.1 Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық
қызметі ... ... ... ... ...10
3.2 Заң шығармашылығын әлеуметтік қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3.3 Авторлық құқық және құқық
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 14
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...21
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
Кіріспе
Құқық шығармашылық процесінің сапасын жақсартуға екінші зор үлес
қосатын еліміздегі сан алуан нормативтік актілерді топтастырып, жүйе-
жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп, отыру. Қоғамның диалектикалық даму
барысында мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларын жасақтау міндеті де
күшейе түседі. Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік
актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып
отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғұрлым
мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі
мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол
тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан
қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты
талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің
жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары
халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган – Парламент көпшіліктің
ұсыныстарына жіті көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият
тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның
қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзіне асады. Заң жобасы
туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек
қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан-жақты
қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен
мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары
Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актілер де
осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады.
І. Тарау
1.1 Құқық шығармашылығының түсінігі мен мазмұны

күшейе түседі. Бұрын қабылданған кейбір заңдар күшін жояды немесе оларды
жаңа жағдайға бейімдеп толықтыру талабы қойылады. Осыған байланысты мезгіл-
мезгіл сол құқықтық нормаларды қайта қарау, реттеу, бір жүйеге келтіру
кажет. Нормативтік актілерді реттеудің негізгі екі жолы бар. Олар –
инкорпорация және кодификация деп атайды. Инкорпорация – қолданып келген
құқықтық нормаларды мазмұны жағынан өзгертпей, сыртқы белгілері мен пиғыл,
пікір бізде казір толығымен жойылды. Мемлекет және құқық халық үшін жұмыс
атқарып, солардың мүдде-мақсаттарын іске асыратын болды. Бұл міндеттерін
мемлекет пен құқық қалың бұқарасыз дұрыс уақытында орындай алмайды. [7]
Сондықтан мемлекет нормативтік актілердің сапасын жақсартып, сол арқылы
халықты, қоғамды басқаруға молырақ қатыстыруға тырысады. Халықты, қоғамды
басқаруға қатыстыру түрлері:
- қоғамның барлық саласындағы қатынастарға қалың бұқара тікелей
қатысады;
- мемлекеттің басқару органдарына халық депутаттар сайлайды, сол арқылы
мемлекеттің жұмысымен танысып, оның жақсаруына ықпал жасап отырады;
- күрделі мәселелер бойынша заңның жобасын талқылауға радио, телеэкран,
газет-журнал арқылы қатысып отырады;
- мемлекеттік референдумға халық қатысып, норма шығармашылық жұмыстарға
қатысады;
- қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар кәсіпкерлер одағы, саяси
партиялар арқылы қалың бұқара мемлекет пен құқықтың жұмыстарының дамуына,
жақсаруына, нығаюына ықпал етіп отырады.
1.2 Құқықшығармашылық түсінігі, оның қағидалары мен түрлері
Құқықшығармашылық мемлекеттін жұмысының ең күрделі, өте жауапкершілікті
түрі Норма шығармашылық қоғамдағы қарым-қатынастарға тікелей ықпал ететін
негізгі жол, құқыққа мемлекеттік күш беретін құрал. Құқықшығармашылықтың үш
түрі бар.
1. Тікелей мемлекеттік органның нормативтік актілерді қабылдауы, бекітуі,
шығаруы;
2. Өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды қабылдап,
бекіту;
3. Нормаларды референдум арқылы бекіту;
Құқықшығармашылық заңдық нормаларды шығаруға бейімделген, осыған
сәйкес, арнайы құзыретке иелі субъектілердің қызметі. Әдетте, бұл күрделі
жұмыс белгілі бір қалыптасқан принциптерге сүйеніп жүргізілуі тиіс. Олар
жалпы айтқанда демократиз, заңдылық, ізгілік, жариялылық, ғылыми сипаты,
кәсібилік, жобаларды дайындаудағы ұқыптылық пен мұқияттылық.т.б. [5]
Құқықшығармашылықтын негізгі қағидалары:
1. Демократизм мен жариялылық - шығармашылық процесіне
қалын бұхара қоғамдық ұйымдар бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси
партиялар, бұхаралық аппарат құралдары, заңгерлер, ғалымдар қатысып,
өздерінің пікірін айтып, ұсыныстарын береді. Өте құрделі мәселе бойынша
жалпы халықтық референдум жүргізіледі.
2. Заңды кәсіпқойлық - мемлекеттін заң шығармашылық
органдарының кәсіпқойлық сапасын көтеру, оның жұмысына заңгерлерді,
ғалымдарды, социологтарды, политологтарды т.б. тәжірибелі азаматтарды
қатыстыру. Заң шығармашылық процестің сапасын көтеру үшін: біріншіден-қысқа
және ұзақ мерзімді заң шығару жоспары болуы керек; екіншіден-заң және заңға
тәуелді нормаларды шығарудың көп жылғы тексерістен, тәжірибеден өткен
ережелері болу қажет; үшіншіден - заңның жобасын тәуелсіз ғылыми
сараптамадан өткізіп барып, қабылдау, төртіншіден- парламенттегі
депутаттардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру қажет.
3. Құқықшығармашылықтағы зандылық - жаңа қабылданатын нормалар
Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Құқықшығармашылдық
процесінің ғылыми сапасын көтеру- бұл үшін коғамның саяси-экономикалық,
мәдени-әлеуметтік жүйелерін жан-жақты зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан
талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға
айналдыру жолдарын, бақыттарын белгілеу. Ол ғылыми тұжырымдарды
тәжірибеден, тексерістен өткізіп алу керек.
1.3 Құқықшығармашылық кезеңдері
Құқықшығармашылық сатылары төрт кезеңнен турады:
* нормативтік акт жобасын дайындау;
* нормативтік акт жобасын талқылау;
* нормативтік актіні қабылдау;
* нормативтік актіні жариялау басып шығару;
Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің өз ерекшеліктері бар. Бұл
процесс, әдетте заң шығару қызметінін сатылары және олардын бірізділігі
арқылы дамып отырады.
І.Заң жобаларын Парламенттің қарауына ресми еңгізу. Мұндай құқыққа кез
келген азамат немесе адамдар тобы ие бола алмайды, оған тек ҚР
Конституциясында көрсетілген ресми өкілетті органдар мен лауазымды адамдар
ғана иелі. Ата Занның 61 бабының 1-тармағында Заң шығару бастамасы құқығы
ҚР Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана
Мәжілісте жузеге асырылады, -делінген. Ресей Федерациясында заң шығару
бастамалығына иелі органдар мен лауазымды адамдарға, яғни мұндай құқыққа
иелілердің қатарында РФ Президент!, Федерация Кеңесі, Федерация Кеңесінің
мүшелері, Мемлекеттік Думаның депутаттары, РФ Үкіметі, РФ субъектілерінің
өкілді органдары және бұкіл Жоғарғы Сот органдары бар.
2. Заң жобаларын талқылау. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты комитеттерінде
алдын-ала қаралғаннан кейін Мәжілістің пленарлық отырысында талқыланады.
Талқылауда екі оқылым өткізіледі. Бірінші оқылымда қаралған заң жобасы
жөніндегі шешім, егер ол Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен
бекітілген болса, қабылданды деп есептеледі. Мұндай шешім Мәжілістің
қаулысымен рәсімделіп, екінші оқылым басталғанға дейін 10 күннен
кешіктірілмей бас комитетке береді. Бас комитет заң жобасына енгізілген
түзетулерді қарап, оның екінші оқылымға әзірлейді. Екінші оқылым барысында
заң жобаларын қарау кезінде жазбаша түрде енгізілген түзетулер ғана
қаралады. Палата Депутаттарының талап етуі бойынша енгізілген түзету
дауысқа салынады. Әрбір түзету Дауысқа жеке-жеке салынады. [1]
З.Зан қабылдау. Мәжіліс заң жобаларын Мәжіліс Палата депутаттарының
жалпы санының көпшілік даусымен мақұлдайды. 10 күннің ішінде заң жобасы
Парламент Сенатының қарауына жолданады. Заң жобасы Сенатта қаралуы тиіс.
Ұсынылған заң жобасымен Сенат келіскен жағдайда онын депутаттарының
копшілік даусымен қабылданып, ол заңға айналады және 10 күннін ішінде
Президенттін қол коюына жіберіледі.
4.3аңдарды бекіту. ҚР заңдарына Республика Президент; 15 жұмыс күні
ішінде қол Қояды немесе заңды және жекелеген баптарын қайтадан талқылап,
дауысқа салу үшін өз қарсыластарымен кері қайтарады.
5.Заңдарды жариялау. Заңдар ресми түрде жарияланады. Бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы "Егемен Қазақстан", "Заң газеті" т.б. ресми басылымдарда
заңдардың " мәтіндері жария етіледі.
ІІ. Тарау
2.1 Құқық шығармашылық процессінің әлеуметтік факторы
Құқық шығармашылық процессіне және оның нәтижесінде нормативтік
құқықтық акт тақырыбына әсер ететін әлеуметтік факторларға - экономикалық,
экологиялық, географилық, демографиялық, саяси-құқықтық, идеологиялық-
психологиялық, әлеуметтік мәдени, ұлттық, ұлтаралық факторлар жатады.
Фактордың әлеуметтік мәні құқық шығармашылық органына, бұқаралық
ақпарат құралдарына және ғылыми мекемелерге жолданған нормативтік-құқықтық
актіні жасау процессінің субъектілерінің ұсыныстарында, ескертулерінде,
тілектеріңде көрінеді.
Факторлардың ықпал ету деңгейі нормативтік құқықтық актіні құру
процессіне қатысушылардың белсенділігіне байланысты.
Әлеуметтік факторлардың бір-біріне әсер ету сипаты, өзара әрекет ететін
факторлардың санымен, бағытымен, нақтылығымен және жеке факторлардың
тұрақты әрекетімен анықталады.
Қарастырып отырған мәселеге қатысты әсер ететін барлықфакторлардың
жиынтығының жалпы нәтижесін шығару кезінде заңгер уақытша факторлардың
әрекетіне сүйенеді, егер олардың күші басым болмаса. Осылайша заң шығарудың
қажетті тұрақтылығына жетуге болады.
Әлеуметтік факторлардың әрқайсысы - қоғамдық болмыстың ықпалын өзінше
көрсетеді. Заң шығарушылық процесске әсер ететін факторлардың ішінде ерекше
орынды экономикалық фактор алады. Онда әлеуметтік өмірдің материалдық
өндірісте және қаржылық аспектіде, сол сияқты бүтіндей экономиканың
қажеттілігі мен дамумүмкіндіктері көрінеді. Экономикалық фактордың құрылымы
өте күрделі. Бұл нарықтық қатынастағы елдерде ерекше
байқалады. Экономикалық фактордың әсері белгілі бір мағынада
стихиялық сипатта болады.
Экологиялық фактор - табиғи байлықтардың сақталу жағдайы мен табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану деңгейін көрсетеді.
Географиялық фактор — бүтіндей елдің және оның жекелегеаймақтарының
географилық жағдайларының ерекшеліктерін көрсетеді. Саяси-құқықтық фактор -
елдің саяси және құқықтық ерекшелігін көрсетеді. Ұлттық фактор - халықтың
құрамын көрсетеді. Көп ұлттық фактор әр түрлі ұлттардың
арасындағы қатынастарды көрсетеді. Демографиялық фактор — туу мен
өлім жағдайын, өмірдің орташа ұзақтығын көрсетеді. [9]
Идеологиялық-психологиялық және мәдени әлеуметтік фактор қоғамдық ойдың
көрінісін көрсетеді. Идеологиялық — психологиялық фактор субъектілердің,
құқықтық актілерді құру процессіне қатысушылардың, сондай-ақ азаматтардың
құқықтық идеологиясы мен психологиясының ерекшелігін көрсетеді. Әлеуметтік
мәдени фактор - халықтың және лауазымды тұлғалардың мәдени және білім
деңгейін, олардың құқықтық білімін көрсетеді
2.2 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтіру.
Қазіргі құқық тәжірибесінде нормативтік-құқықтық актілерді жұйелеудің
үш тәсілі қолданылады: заңдар мен өзге де нормативтік актілердің түрлі
ыңғайдағы жинақтарын шығару; бір немесе біпрнеше өзара байланысты мәселелер
бойынша ұсақ-тұйек актілерді мәніне қарай бір ірі актіге біріктіріп шығару;
жаңа акт - қолданылып жүрген құқық актілерін нормаларын өндеу, сондай-ақ
оларды тын нормалық нұсқаулармен толықтыру арқылы кодекс немесе өзінің
зандық сапасы жағынан кодекске жақын өзге акт жасау.
Нормативтік актілерді жұйелеудің аталған тәсілдеріне орай үш түрі бар:
* сұрыптау кодификация,
* реттестіру инкорпорация
* топтастыру консолидация.
Заңдарды кодификациялау сұрыптау - белгілі бір қолданылып жұрген
нормаларды бекіту және оларды жұйелеу қана емес, сонымен қатар жаңа
құқықтық нұсқауларды әзірлеу, заңдардың мәнісін жетілдіру болып табылады.
Сұрыптаудың нақ осы қасиеті оны құқықшығармашылық қызметтің мейлінше
жетілген тұрлерінің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Сұрыптау заңдар жүйесінде өз төңірегінде топтастырылған актілерден
екшеленіп, іріктелген өзінше бір ірі топтамалар қалыптастыруға жағдай
жасайды. Мұндай тұрғыдағы топтамалар заңдардың тұрақтылық сипатын кұшейтіп,
оның жүйелерінің әлдеқайда берік құрылымын қамтамасыз етеді.
Сұрыптаудағы, әдетте, жүйелеу және ең бастысы заң актілерін
жетілдірумен байланыстырады. Сондықтан оның нәтижелері тек өзіне тән ерекше
қасиеттермен сипатталатын негізгі әрі мейлінше заң күші бар сұрыпталған акт
тұрінде көрінеді. Сұрыпталған акт сонымен қатар қоғамдық қатынастардың
тиісті салаларын реттейтін барлық негізгі мәселені шешеді, қоғамдағы
барынша елеулі де орнықты қатынастарды заң тұрінде рәсімдеп бекітеді. Бұдан
шығатын қорытынды, сұрыпталған актіде айтарлықтай ұзақ уақыт кезеңіне
арналған тұрақты нормалар болуы тиіс.
Заңдарды сұрыптаудың белгісі мынаны көрсетеді.
Сұрыптаушы акт сипаты жиі өзгерістерге түсе бермейтін әрі айтарлықтай
тұрақты қоғамдық қатынастардың бірыңғай кағидаттары негізінде реттелген
өзара байланысты қалыпты нормативті нұсқаулардың жиынтығын жүйесін
білдіреді. Сөйтіп, сұрыптаушы акт - бұл мемлекеттік буынның ең беделді, әрі
жоғары заң күші бар шешімі. Сондықтан, сұрыптау ең алдымен заң актісін
шығарумен аяқталады. Алайда, бірқатар жағдайда ұкіметке актінің, жекелеген
минситрліктер, мемлекеттік комитеттер актілерінің де сұрыптаушы сипаты бола
береді. Сұрыптаушы актінің ең үлгі нысаны кодекс болып табылады. Кодекстер
бір сипатты қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын егжей-тегжейлі
реттеуге мүмкіндік беретін ірі жиынтық акт болып табылады. Кодекс
қолданылып жүрген заңдардың белгілі бір тақырып бойынша көптеген нормаларын
қорытып, жүйелеуге мүмкіндік береді. Кодекстер жасау-бір мәселе жөнінен
қолданылып жүрген актілердін көптігін жою мәселесін шешудін тиімді
жолдарынын бірі. Сұрыпталған актілер жарғы, ереже, қағида нысанында да
қабылдануы мүмкін.
Нормативтік актілерді реттестіру инкорпорация түрлері.
Нормативтік-құқықтық актілерді реттестіру түрінде жүйелеу, қолданылып
жүрген актілердін тұрлі жинақтарын, жиынтықтарын әзірлеу мен басып шығаруды
білдіреді. Реттестірудің мақсаты субъектілердін олар үшін оңтайлы тәсілдер
арқылы заңдардың және өзге де нормативтік-құқықтық актілердін мәтіндерімен
қамтамасыз ету.
Реттестіру ұғымының аса маңызды мынадай белгілерін тұжырымдауға
болады:
1) жүйелеу түрлерінің бірі ретінде реттестірудің белгісі-нормативтік
актілерді тәртіпке келтіру болып табылады;
2) реттестіру дегеніміз - нормативтік актілерді әлдебір жұйе бойынша зая
шығарушының жариялаған мәліметтері;
3) мұндай актілердін мазмұнындағы өзгерістерда көрсетілмеуі;
4) актілерге сыртқы реакцияның техникалық өндеу жүргізу: барлық соңғы
ресми өзгерістерді енгізу, лауазымдағы адамдардың қойған қолын алып тастау,
күші жойылған деп танылған нормативті емес, уақытша бөліктерді алып тастау
және т.б.
Белгілі бір норматнвтік құжаттарды немесе барлық заңдарды тұтастай өндеп
реттестіру әлдеқайда терең әрі құқық колдану тәжірибесінде мейлінше тиімді
болып табылады. Мұндай реттестіру қызметінің нәтижесінде пәндік, салалык,
ведомстволық немесе өзге де қағидат бойынша заңдардын, өзге қалыпты
актілердің түрлі жинақтары қолданылып жүрген заңдардың жинақтары мен
жиынтықтары жасалады. [2]
Жинақтар деп әдетте жоғары мемлекеттік өкілді және басқару органдары
реттестірген нормативтік актілер басылымдарын айтады. Құқық шығарушы орган
әзірлеген нормативтік актілер жинағы ресми жарияланым көзі деген мәртебе
алады және дауларды, езге де заң мәселелерін шешу кезінде осындай
жинақтарға сілтеме жасауға болады.
Заңдар жинағының бір түрі - заңдар жиынтығы - жоғары мемлекеттік өкіллі
және басқару органдары реттестірген нормативтік актілер басылымы болып
табылады. Жиынтыққа кіргізілген актілер, әдетте, пәндік қағидат, яғни
заңдар салалары мен нұсқаулары бойынша жүйеленеді.
Заңдарды реттестіруді сипаттаған кезде, әдетте оның жалпы және жеке
материалдық көлемі бойынша, хронологиялық және жүйелік жүйелеу тәсілі
бойынша болуы мүмкін екендігі көрсетіледі. Реттестіру пән бойынша -
жалпыодақтық, республикалық және ведомстволық актілер, ал заңдық табиғаты
бойынша- ресми, ресмилеу жартылай ресми және бейресми болып бөлінеді.
Жалпы ресттестіру деп мәні мен заңдық күші бойынша біртекті нормативтік-
құқықтық актілерді ретке келтіруді айтамыз. Жеке реттестіру қоғамдық
қатынастардың әлдебір жеке саласын реттейтін актілерді белгілі бір жүйеге
келтіру. Сырт кейпінде ол белгілі бір мәселеге арналған құқықтық актілердін
тақырыптық жинақтары түрінде көрінеді.
ІІІ. Тарау
3.1 Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі
Қазақстан Республикасының Конституциясында заң және заңға тәуелді
актілерді шығарудың, қабылдаудың, бекітудің толық әдістемесі көрсетілген.
Заң шығаруда ұсыныс құқығы – Парламент депутаттарында және Үкіметтің
құзырында.
Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің ерекшеліктері бар. Бұл
процесс, әдетте, заң шығару қызметінің сатылары және олардың бірізділігі
арқылы дамып отырады.
Бірінші. Заң шығару бастамасынан басталады. Заң шығару ба-стамашылығы
құқығы субъектінің Парламент қарауға міндетті. Заң жобасын және
Парламенттің өзге актісінің жобасын ресми енгізуі заң шығару бастамашылығы
болып табылады. Бұл құқық Парламенттің депутаттарына және Үкіметке
Конституция бойынша берілген (61 бап.)
Екінші. Мәжілістің комитеттері заң жобасын қабылдап қарайды, олар
алдын ала заң жобасын әзірлейді. Бұдан кейін заң жобасын Мәжіліс бюросының
қарауына тапсырады. Бюро заң жобасы жұмысының қорытындысын тұрақты
комитетте қарап, оны Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беру туралы
шешім қабылдайды.
Үшінші. Заң жобасы Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беріледі.
Мұнда заң жобасы бір рет, әдетте, екі рет, кейде одан да көп пысықталады
(заңның бірінші, екінші, үшінші оқуы). Одан кейін Мәжіліс депутаттары
қараған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақұлданған заң жобасы
Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде 60 күннің ішінде қаралуға тиісті.
Сенатта алдымен комитеттерінде, кейін бюро, пленарлық отырысында заң жобасы
қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған
жоба заңға айналады және ол он күннің ішінде Президенттің қол қоюына
беріледі. Президент заң жобасын Конституциялық Кеңеске Конституцияға
сәйкестігін тексеруге бере алады. Президент заңға қол қойғаннан кейін заң
жарияланады. [1]
ҚР Нормативтік актілердің түрлері, оларды жүйеге келтірудің әдістері.
Парламенттің актілері. Нормативтік актілердің жүйелерінде заң ерекше
орын алады, оның жоғары күші бар. Заңның жоғары күші келесі жағдайлардан
тұрады: занды тек парламент күрделі Конституцияда айтылған әдістермен
алады, заңды тек парламент қабылдайды, жояды немесе өзгертеді. Басқа
нормативтік актілер заңға сәйкес болуға тиісті. Парламент аса маңызды
қоғамдық қатынастарды реттейді, күрделі мәселелерді шешеді және заңдар
шығаруға хақылы. Оның құзырындағы:
- жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілеріне, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері
мен жауапкершілігіне;
- меншік режиміне және өзге де мүлік құқығына;
- мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдардың
ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің
негіздеріне;
- салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
- республикалық бюджетке;
- сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
- білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
- кәсіпорындар мен олардың мүлік жекешелендіруге;
- айналадағы ортаны қорғауға;
- республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
- мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты
негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.
Парламент Конституцияны, Заңдарды қабылдайды. Сенат пен Мәжіліс өз
құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Олар Конституцияға
және заңдарға қайшы келмеуі тиіс.
Президентгің актілері. ҚР Президенті бүкіл аумағында міндетті күші бар
жарлықтар мен өкімдер шығарады. Президенттің Жарлықтары Конституция мен
Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады.
Республика Президентінің Жарлығымен:
Республика Президентінің актісін шығаруда талап ететін Президенттің
Конституциялық өклеттігі жүзеге асырылады;
Конституцияда және өкімет органдарының Қазақстан халқының алдындағы
жауапкершілік заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің барлық тармағының
үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;
Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ Үкімет пен басқа да
мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міңдеттеріне жатпайтын
мәселелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады;
Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы
стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.
Президент Конституция бойынша заң қабылдайды (53 бап 4 тармағы, 61 бап
2 тармағы).
Республика Президентінің өкімдері Конституцияның, заңдардың және
Президент жарлықтарының негізінде және соларды орындау үшін шығарылады.
Оның өкімдерімен әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді
шешу жүзеге асырылады. Республика Президентінің құзыретіне сәйкес
констиуциялық мәртебесі жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және
босатылады.
Үкімет актілері. Нормативтік жүйеде бұл актілер үшінші орында тұрады,
олар заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде және
соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметтің нормативтік актілері және
қаулылары.
Үкімет актілері алқалық түрде оның отырыстарында дауыс беру арқылы
қабылданады, оған Премьер-Министр қол қояды.
Премьер-Министр шығарған нормативтік актілер жеке өкімдерге жатады.
Үкімет норма шығару саласында құқығын жүзеге асырады.
Министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер бұйрық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz