Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі


Ф-ОБ-001/033
Кіріспе
Жер-су аттары екінші сөзбен географиялық атаулар, арнаулы ғылыми әдебиетте топонимдер (грекше топос - жер, номос - ат, атау) деп аталады. Жер-су аттарының мағынысын, пайда болу, қалыптасу, тұрақтану және дұрыс жазылып айтылу заңдылықтарын зерттейтін топонимика ғылымына сұраныс артып келеді. Бұл қазыргі кезеңде қоғамда қалыптасып отырған жағдайлармен (тарихи, байырғы атаулардың жаңғыртылуы, мемлекеттік тілде ғылыми терминалогияны бір жұйеге келтіру мен тұрақтандыру және тағы басқа) тығыз байланысты.
Топонимиканы пән ретінде жоғары оқу орындарының география, тарих, филология факультеттерінің оқу жоспарына енгізудің білікті маман дайындауда маңызы зор екенін тәжірибе дәлелдеп отыр. Мысалы, «Топонимика негіздері» курсы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің География - экология факультетінде 20 жылдай оқытылып келеді. Бұл пәннің негізгі теориялық мәселелері қазақ топонимиясы негізінде қарастырылады. Өйткені Қазақстан жеріндегі топонимдерде табиғи орта туралы ақпар да мол. Қазақ топонимиясын ұлан - ғайыр Қазақстан жері жайлы тарихи - географиялық ақпарлардың бірден - бір көзі деп қарау орынды.
Ғылымның қай саласы болса да даму порцесіне бірімен бірі тығыз байланыста өрістейді, біріне - бірі игілікті әсері тимей қоймайды. Оған дәлел жер-су атауларының тарихи қойылу себебін зерттеу барысында ерте кездегі өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің географиялық орнын анықтау, жер бедері, пайдалы қазбалар, судың минералдық құрамы, жергілікті жердің климаты мен жазықтығы, ландшафтар ерекшеліктері туралы ақпараттық мәліметтер алуға болады. Атаулар адамзат ойының бір ғана керемет туындысы емес, сонымен бірге өткір идеологиялық құралы да болғанын көреміз. Әйгілі шығыс зерттеушісі, академик-ғалым В. В. Бартольд « . . . түркі тілдес халықтар
Ф-ОБ-001/033
арасында топоним атаулары өзінің қарапайымдылығымен әрі тарихи деректілігімен, жерлерінің қасиетіне сәйкес аттарын дәл тауып қоятын тапқырлығымен таң қалдырып отырады» деп атап көрсеткен.
Топонимика ғылымы бір күнде аяғынан тұра қалған жоқ. Ол адамзаттың, оның ішінде Орталық Азия халықтарының да талай ғасыр рухани дамуының арқасында жетіліп келеді. Өйткені, қандай жаңа болмасын көнеден жетіледі, сондықтан көнені танымай жаңаны болжау қиын. Қазақстан аймағының географиялық географиялық жер-су атауларының эволюциялық (шығуы, қойылуы мен даму тарихын) зерттеу - Қазақстан топонимикасының өзекті мәселелерінің бірі. Бұл мәселені іздестіруде, негізінен, төрт дерекке сүиендім.
І дерек. Қазақ жері туралы археологиялық, тарихи мағлұматтар мен орта ғасыр аралықтары. Негізгі әдісі: сипаттау арқылы қорытынды жасау.
ІІ дерек. ХҮІ мен ХХ ғасырға дейін. Негізгі әдісі: картографиялық салыстырмалы талдау, жинақтау және бақылау, ірі масштабтағы картағы түсіру, жүиелі салыстырмалы географиялық талдау (зерттеу) .
ІІІ дерек. ХХ ғасыр, Кеңес өкіметі тұсында республика аумағының зерттелуі. 1946 жылы құрылған ҚазКСР Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттары (геология, география, ботаника, зоология және тағы басқа) . 1960 жылы мұнай және табиғт тұздар химиясы институтының ғылымдары аймақ жерінің табиғатын кең ауқымды зерттеу. Негізгі әдісі: комплексті картографиялық экспедиция, өлке аумақтарының ірі, орта, ұсақ масштабтағы карталарға түсірілуі. Экологиялық-географиялық, палеогеографиялық, салыстырмалы-географиялық зерттеу.
ІҮ дерек. ХХІ ғасыр, жаңа мыңжылдық. Жеке даралық, бұл ғылымының жеке басына, авторлардың ашқан жаңалығына, идеясына, тұжырымына байланысты. Негізгі әдісі: қолданыстағы жер-су атаулары арқылы өзгеріске ұшыраған ландшафтарды қалпына келтіру (реконструкция) . Табиғатты сақтау талаптарын ескере отырып қазақ жер-су атауларының қоршаған ортаны
Ф-ОБ-001/033
игерудегі рөлін анықтау. Халықтық жер-су атауларының тұтастығын географиялық ғылыми негізде қабылдап, қоршаған ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі іс - әрекетін меңгеру.
І-ші тарауда осы деректерге сүйене отырып Қазақстанның, соның ішінде оңтүстік Қазақстан облысының топонимикасының эволюциялық дамуы мен Географиялық атауларға қатысты еңбектердің Қазақстан топонимикасын қалыптпстырудағы маңызына тоқталдым.
ІІ-ші тарауда, Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуіне, ландшафтық ерекшеліктеріне, шаруашылықпен байланысты атауларна, өзен-көл атауларына тоқталдым.
Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанның шекаралас бөліктері б. з. д. ІІ жылдықтың орта шенінде Еуразиядағы ежелгі метолургия, зергерлік өнер дамыған маңызды аудандардың бірі болған. Осы кездегі сақтардың алтыннан жасалған зергерлік бұйымдары аса шеберліктің үлгісі болып табылады. Ежелгі кен орындарының Мыңшұңқыр, Шұрық, т. б. атаулары топонимдерге кеңінен сақталған және осы көне атаулардың геологиялық барлау жұмыстарында қосымша дерек көзі болатыны академик Әлкей Марғұланның үзақ жылғы зерттеулерінде көрініс тапты. Бұл еңбегінде ғалым Алтынтөбе, Алтынқазған, Мыңшұңқыр, шұрық, Кентөбе, Кеншоқы, Көктас сияқты топонимдердің бұл өңірдегі ежелгі кен өндіру ісінің өркен жайғанынан ақпарат беретінін атап көрсеткен. Біз Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан осы тектес Алтынтаусай (ескі арна), Алтынтау (қыстақ), Мыңшұңқыр ( қоныс), Күмісбұлақ(өзен), Алтынтөбе (елді мекен) атауларын тіркедік. Алғашқы жеті топоним Қаратаудың солтүстік бөлігіндегі тау алдында шоғырланса, соңғы екеуі Арыс және Бадам өзендері аралығындағы географиялық нысандарға берілген. Таукен топонимиясының бұлай шоғырлануы және аталған топонимдер тіркелген аудандарда қираған ескі үйінділердің болуы осы бағытта жете зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Ф-ОБ-001/033
І. Тарау. Қазақстан топонимикасының эвалюциялық дамуы
Ғылымның қай саласы болса да даму порцесіне бірімен бірі тығыз байланыста өрістейді, біріне - бірі игілікті әсері тимей қоймайды. Оған дәлел жер-су атауларының тарихи қойылу себебін зерттеу барысында ерте кездегі өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің географиялық орнын анықтау, жер бедері, пайдалы қазбалар, судың минералдық құрамы, жергілікті жердің климаты мен жазықтығы, ландшафтар ерекшеліктері туралы ақпараттық мәліметтер алуға болады. Атаулар адамзат ойының бір ғана керемет туындысы емес, сонымен бірге өткір идеологиялық құралы да болғанын көреміз. Әйгілі шығыс зерттеушісі, академик-ғалым В. В. Бартольд « . . . түркі тілдес халықтар арасында топоним атаулары өзінің қарапайымдылығымен әрі тарихи деректілігімен, жерлерінің қасиетіне сәйкес аттарын дәл тауып қоятын тапқырлығымен таң қалдырып отырады» деп атап көрсеткен.
Халқының қамқоршысы, қазақ халқының екінші жартысында және ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлы сөз ұстазы Абай Құнанбаевтың еңбегінде «Өлді деуге болама, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деген сөзіне жүгінейік. Сөздері - өздері, көздері емес пе? Мысалы, орта ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым, Орта Азияның картасын жасаған Махмұт Қашқари география ғылымының дамуына зор үлес қосты. Біздің заманымызға келіп жеткен оның «Диуани лұғат ат-түрік» (Түрік лексикасының жинағы) атты еңбекті тіл, география ғылымдарына және бүкіл түрік әлеміне ортақ ірі энциклапедиялық қазынасын, ғалымдар «ХІ ғасырда Орталық және Орта Азияда жасалған түріктің географиялық ескерткіші деп атайды». Ол осы еңбегін жазбас бұрын сол кездегі түркі халықтары қоныстанған аймақтарды түгел аралап шығып, еңбегінде түркі халықтарының мекен-жайы, орындарымен (атау аттарына түсініктеме берген), мәдениеті, тұрмысы, шаруашылығымен таныстырды. Ал, ішкі Азияны зерттеушілердің ішінде топонимика әселелеріне
Ф-ОБ-001/033
айрықша көңіл бөлген тұңғыш ғалым әрі ағартушы шығыс халықтарының география саласында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізген Ш. Уалиханов. Географиялық саяхат нәтижесінде жинаған ғалымның жер-су атаулар мәліметтері кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес бай мұра. Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің «Шоқан Уалиханов - шығыстанушы» еңбегінде ғалымның «Қазақстан мен Орта Азияны зерттеген орыс ғалымдарының ешқайсысы да жергілікті халықтың тілін білмегендіктен, оған дейін топонимдерге байланысты тікелей пікір айта алмады. Географиялық атауларды қазақ, қырғыз, қалмақ, шығыс халықтарының тілінен орыс тіліне аударып түсініктеме берумен қатар, географиялық орнына, табиғатына сай кең ұғымды тану мен анықтау керек» - деп жер-су атаулары мағынасын ғылыми негізде қарастыруы керектігін ескертеді.
Ономастикалық зерттеулер тіл, тарих, археология, этнография, география, социология, геодезия және басқа ғылымдар саласындағы мамандардың (тиісті) ғылыми зерттеу жұмыстарына зер салуды шын мәнінде қажет етеді. Ономастикалық танып-білу тарихының көптеген мәселелерін дәлме-дәл анықтап, зерттеу бірден тындыра салатын жұмыс емес, бұл саладағы міндеттер көп. Мысалы, топонимикадағы біз мақсат етіп отырған салалары (қырлары) белгілі бір дәірде, белгілі бір елде, тарихи жағдайда мүмкіндіктерінің жиынтығын әр кезеңде әр түрлі сөз болып отырғандығын халықтың бірі білсе де бірі біле бермейді. Бір қарағанда адамға мұнда артық ой бөлетіндей де еш нәрсе жоқ тәрізді. Шынына келгенде, осы атаулар қалай жетті, бүгінге дейін қалай сақталып келеді және атау мағынасына көп ой бөлеміз. Дегенмен, осы бір ғылымның ауырлығы мен қиындығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Географиялық институты, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының топонимикалық мәліметтер негізінде зерттеушілері жақсы түсінеді.
Ф-ОБ-001/033
Топонимика ғылымы бір күнде аяғынан тұра қалған жоқ. Ол адамзаттың, оның ішінде Орталық Азия халықтарының да талай ғасыр рухани дамуының арқасында жетіліп келеді. Өйткені, қандай жаңа болмасын көнеден жетіледі, сондықтан көнені танымай жаңаны болжау қиын. Қазақстан аймағының географиялық жер-су атауларын эволюциялық (шығуы, қойылуы мен даму тарихын) зерттеу - Қазақстан топонимикасының өзекті мәселелерінің бірі. Бұл мәселені іздестіруде, негізінен, төрт дерекке сүиенуге болады.
І дерек. Қазақ жері туралы археологиялық, тарихи мағлұматтар мен орта ғасыр аралықтары. Негізгі әдісі: сипаттау арқылы қорытынды жасау.
ІІ дерек. ХҮІ мен ХХ ғасырға дейін. Негізгі әдісі: картографиялық салыстырмалы талдау, жинақтау және бақылау, ірі масштабтағы картаны түсіру, жүиелі салыстырмалы географиялық талдау (зерттеу) .
ІІІ дерек. ХХ ғасыр, Кеңес өкіметі тұсында республика аумағының зерттелуі. 1946 жылы құрылған ҚазКСР Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттары (геология, география, ботаника, зоология және тағы басқа) . 1960 жылы мұнай және табиғт тұздар химиясы институтының ғылымдары аймақ жерінің табиғатын кең ауқымды зерттеу. Негізгі әдісі: комплексті картографиялық экспедиция, өлке аумақтарының ірі, орта, ұсақ масштабтағы карталарға түсірілуі. Экологиялық-географиялық, палеогеографиялық, салыстырмалы-географиялық зерттеу.
ІҮ дерек. ХХІ ғасыр, жаңа мыңжылдық. Жеке даралық, бұл ғылымының жеке басына, авторлардың ашқан жаңалығына, идеясына, тұжырымына байланысты. Негізгі әдісі: қолданыстағы жер-су атаулары арқылы өзгеріске ұшыраған ландшафтарды қалпына келтіру (реконструкция) . Табиғатты сақтау талаптарын ескере отырып қазақ жер-су атауларының қоршаған ортаны игерудегі рөлін анықтау. Халықтық жер-су атауларының тұтастығын географиялық ғылыми негізде қабылдап, қоршаған ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі іс - әрекетін меңгеру.
Ф-ОБ-001/033
Т. Жанұзақ, Қ. Рысберген сынды белгілі ғалымдардың «Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы» атты еңбегінде қазақ ономастикасының оның ішінде топонимика саласының ғылыми бағыт ретінде қалыптаса бастауына геогрф-ғалым Ғ. Қонқашбаевтың 1949 жылы «Қазақтың халықтық географиялық терминдері» атты тақырыптағы қорғалған кандидаттық диссертациясы мен осы тақырып төңірегінде жазылған көптеген мақалалары ұйытқы болды. Осы бастамасы келесі кезекте қазақтың кәсіби лингвист ғалымдарының іргелі еңбектерінде өз жалғасын тапты деп келтіреді.
Ғ. Қонқашбаев қазақтың халықтық географиялық терминалогиясымен ғана шектеліп қалған тар шеңберлі зерттеуші емес. Оның ғылыми ауқымы, шығармашылық өрісі мейлінше кең. Ғалымның жарық көрген мақалалары мен еңбектерінен өзінің ойлы да дәлелді ғылыми топшылауларын ол ұлтаралық қатынас тілінде де қарастырып келуіне, Шоханның топонимикалық зерттеулері үлгі болды деп ойлаймыз. Ұлттық география ғылымының жеке бір саласы ретінде қазір топонимикалық зерттеулердің ғылыми-ұйымдастыру жолдарының оң шешімі жалғасын тауып бой көтеріп, орныға бастағанын байқауға болады:
- жоғары оқу орындарында студенттер тарапынан жергілікті жердің географиялық нысандар атауынан ғылыми курстық, бітіру, дипломдық жұмыстар орындалуда;
- қазақ топонимикасы мазмұндық құрылымы халықаралық конференция жинақтарында баяндамалар түрінде жарияланып, ізденістердің негізі жарық көруде;
- География институтының топонимика тобы географиялық зерттеулердің тәсілдері мен әдістерін пайдаланып (ірі, орта, ұсақ масштабтағы карталарды пайдаланып) жер бедеріндегі атауларға объективті, ғылыми тұрғыдан баға беріп халыққа ұсынуда. Жер - ғылымының да, география, қазақ тілі, көркем әдебиеттің де ортақ нысаны; басылымдар мен қазақша карталар шығарылыуы. Білім дәрежесі мол, озық әдістемені меңгерген қызметкерлер мен ғалы
Ф-ОБ-001/033
педагогтердің бүгінгі уақыт талабына сай келетін ғылыми және зерттеу еңбектері республикалық ғылыми- бетінде Ә. Бірмағанбетов, С. Әбдірахманов, Қ. Базарбаев, Ж. Достай және тағы басқалары жариялануда. Әрбір азамат ана тілін өзі қадірлеп, жұрген ортасында оған деген ынтаны арттырып, оның аясының кеңеюіне атсалысып жұрген ғалымдар мен қызметкерлердің еңбектері топонимикалық географияныдамытуға қолданылуда (1-кесте) . Басылымдардың соңғы уақытта көбеюі, өсуі, жетілуі өрістеуі ғылымдар салаларының терминологияға деген талғамынан байқалады.
1-кесте
«Қазақстанның топонимикалық географиясы және халықтық терминдер туралы» еңбектер тізімі
Орысша-қазақша географиялық түсіндірме сөздік.
1966. 204-б.
Қазақстан ацмақтары бойынша әр облыстың жер-су атаулар жүйесі маімұндық құрылымдарымен ғылыми зерттелу әдіс-тәсілдері сипатынан бір-бірінен ерекшеленетін географиялық тұрғыда зерттелген жұмыстардан диссертациялар қорғалуда. Оған білікті география ғылымының докторы Ә. Бейсенова, Ж. Достай, Г. Гельдыева ғылыми жетекшілік етіп, жоғары оқу орындарына білікті мамандар дайындауда.
Ф-ОБ-001/033
2-кесте
Қазақстан топонимдерін аймақтық ареалдық бағытта зерттеген кандидаттық диссертациялар
Қазақстан топонимдерінің тарихи-лингвистикалық аспектілер бойынша зерттеу-ізденіс жұмыстары жоғары дәрежеге жеткендігін, тіл білімі ғалымдарының еңбектеріндегі тәсілдері мен әдістемесін мемлекетімізде ғылым саласында қолданыс табуынан байқауға болады. Тіл, тарих, география ғылымдарының бұл кезеңдегі жұмыстарына ономастиканың ғылыми-әдістемелік ақпараты жасала бастады. Ең бастысы қазақ елінің жер-су
Ф-ОБ-001/033
атаулары, тарихи атаулары жинақталып, ғылыми жүйеге түсіріліп, ғылыми еңбектер қоры жасалуда.
1. 1. Географиялық атауларға қатысты еңбектердің Қазақстан топонимикасын қалыптпстырудағы маңызы
Қазақ географиялық атаулары ертеден-ақ, төңкеріске дейін Ресейдің ғалымдарын, саяхатшыларын, әскери қызметкерлерін және әр түрлі ведомостволарын қызықтырып келеді. Осындай көңілаударулардың нақты көрсеткіші ретінде Үлкен сызба кітабына В. И. Татишевтың «Роспись алфавитная», П. П. Семеновтың «5 томдық Ресей империясының географиялық-статистиклық сөздігі» (СПБ, 1863-1885), А. А. Ивановскийдің «Географиялық атаулар» және осы тәрізді тағы басқа географиялық атаулар сөздіктерін атауға болады.
Сол кездің өзінде-ақ осы және тағы басқа сөздіктер, ғылыми еңбектерде Қазақстанның ірі географиялық атаулары транслитерациялық бұрмаланулармен болса да көптеп кездеседі.
1917 жылғы большевиктер жасаған төңкерістен кейінгі жылдардан қазіргі кезге дейінгі аралықта елімізде жалпы одақтық, республикалық және аймақтық географиялық атауларды қамтитын әр түрлі сөздіктер басылып шықты. Олардың міндеттері мен мазмүндарына қарай 3 топқа бөлуге болады.
- Энциклопедиялық сөздіктер.
- Географиялық атаулардың қысқаша сөздігі.
- Топонимиялық сөздіктер.
Энциклопедиялық сөздіктер географиялық нысанаға жан-жақты анықтамалық сипат берсе, географиялық атаулардың қысқаша сөздігінде географиялық атаулардың тек әріптік тәртіппен орналасқан тізбесі ғана беріледі. Жалпы алғанда бұл сөздіктерде географиялық атаулардың этимологиялық және атаулық, номинациялық қырлары, белгілері сипатталады.
Ф-ОБ-001/033
Топонимиялық сөздіктерде географиялық атаулар топонимиялық нысанның географиялық ортамен идентификациясы, географиялық уәжденуі, тарихишарттары лингвистикалық ерекшелігі аталып, топонимнің тарихи дамуындағы өзгеру себептерін көрсетеді. Топонимиялық сөздіктер мазмұнына қарай жалпы топонимиялық және салалық (география-топонимиялық, лингво-топонимиялық, тарихи-топонимиялық және т. б. ) болып бөлінеді.
Ал қамту аймағына байланысты дүниежүзілік, жалпы мемлекеттік, республикалық, аймақтық және өлкетанушылық, ал міндетіне қарай, мектептік және көпшілік оқырмандарға арналған болып бөлінеді. Мұндай сөздіктерге В. А. Никоновтың «Қысқаша топонимиялық сөздігі»(М., 1966 ж),
О. Т. Молчановтың «Таулы Алтайдың топонимиялық сөздігі» (горно Алтайск., 1979 ж), А. К. Матвеевтің «Оралдың географиялық атаулары. Қысқаша топонимиялық сөздік» (Севердлорск, 1980), Е. Н. Поспеловтың «Мектептік топонимиялық сөздігі», ал Қазақстанда шыққан сөздіктерге А. Әбдірахмановтың «Топонимика және этимология», Е. Қойшыбаевтың «қазақстан географиялық атауларының қысқаша түсіндірме сөздігі», Т. Жанұзақов, А. Әбдірахманов және т. б. шығарған «Қазақстан географиялық атауларының Жезқазған, Ақмола облыстарына арналған сөздігі», В. Н. Поповтың Павлодар облысына арналған, тағы басқа лингвотопонимиялық сөздіктерін атауға болады.
Жоғарыда аталған және осыған ұқсас басқа дакөптеген топонимиялық сөздіктер халықтың жалпы ұлттық мәдениетін көтеріп, біздің білімімізді кеңейте және тереңдете отырып, құнды әлеуметтік-тарихи құрал және ғылыми анықтамалық болып табылады.
Аумағы 2717, 3 шқ жерді алып жатқан Қазақстанда, негізінен, қазақ, орыс және украйн, өзбек, қырғыз, ұйғыр, монғол, қалмақ тілдерінен енген атаулар да кездеседі. Дегенмен осы барлық кездесетін физика-географиялық атаулардың ішінде басып көпшілігі қазақ топонимдері. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанда
Ф-ОБ-001/033
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz