Қылмыстық құқық теориясында пайда болған жаза түсінігін анықтау



Кіріспе
1.Жаза жүйесінің түсінігі және оның мәні
2.Айыппұл
3.Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру
4.Қоғамдық жұмыстарға тарту
5.Түзеу жұмыстары
6.Әскери қызмет бойынша шектеу
7.Бас бостандығынан шектеу
8.Қамауға алу
9.Тәртіптік әскери бөлімде ұстау
10.Бас бостандығынан айыру
11.Өлім жазасы
12.Арнаулы, әскери немесе құрмет атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру
13.Мүлікті тәркілеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Казақстан Республикасының 1997 жылғы қабылданған Қылмыстық кодексінің 3-4 бөлімдері тұтас жаза институтына арналып, жаза институтының барлық проблемаларына арналған ұғымдар қазіргі заман талабына сай жаңаша түзілді. Алайда, қылмыстық кұқық бойынша жазаларды топтастыру негіздері теориялық тұрғыда әлде де өз шешімін толық таппаған. Жаза жүйелерін жіктеу, оның белгілерін анықтауға жеткілікті мән берілмеген. Теорияда және заң қабылдауда орын алған осындай ағаттықтар, жаза институтын тереңірек зерттеуді, оның көптеген тұстарын жаңаша бағалауды, саралауды қажет етеді.
Жаза барлық уақытта қылмыстық заң алдында мәселені шешуші негізгі құрал болды. Оның түпкілікті тарихи жағдайларға байланысты жаза түрі, мазмұны, қолдану тәртібінің өзгергеніне қарамастан өзгеріссіз қалды.
Жаза түсінігі Қазақ ССР-нің 1959 жылғы қылмыстық кодексіне енгізілген болатын, бірақ 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енген ҚР қылмыстық жаңа кодексіне дейін оның нақты заңдылық анықтамасы болған емес. Қоғам дамуының көп ғасырлық даму кезеңінде жаза барлық уақытта да адамзатпен бірге болды.
Барлық халықта, барлық уақытта ол нақты әлеуметтік экономикалық бірлестіктің тарихи дамуының айқын бөлігіне пайдалы болды.
Жаза барлық уақытта қылмыстық заң алдында мәселені шешуші негізгі құрал болды. Оның түпкілікті тарихи жағдайларға байланысты жаза түрі, мазмұны, қолдану тәртібінің өзгеруіне қарамастан өзгеріссіз қалды.
Жаза түсінігі Қазақ ССР-нің 1959 жылғы қылмыстық кодексіне енгізілген болатын, бірақ 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енген ҚР қылмыстық жаңа кодексіне дейін оның нақты заңдылық анықтамасы болған емес.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 2008 өзгерістермен толық.
3. Комментарии к уголовнолму кодексу РК. Караганда., 1999г.
4.Уголовный кодекс РК – общая характеристика(в сровнении с УК РК) 1- выпуск. А.., 2007г.
5.Уголовный Кодекс РК. Толкование и коментарии. 2-выпуск. А., 1998г.
6. Новый коментарии к УК РФ. М., 2006г.
7.Уголовный кодекс РФ, С постатейным приложением ногрмативных актов. М., 2008г.
8.Т.Г.Дауров. Уголовная ответственностъ за легкие телесные повреждение. Саратов., 2000г.
9.С.В.Бородин. Квалификация за преступлений против жизни. М., 2002г.
10. Телъноов. “Отечественноостъ за соучастие в преступлений”, Москва, 2004 г.
11. ҚР Жоғарғы Сатының қаулылар жинағы- 2004, Алматы, 183 б.
12.Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат» Тұжырымдамасы
13.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулылары
14.1993 жылы "Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихынан хрестоматия"
15.ҚР Жоғарғы сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі N1 "Соттардың қылмыстық жаза тағайындау кезінде заңдылықты сақтауы туралы" Қаулысы
16. И.И. Рогов «Уголоаное право РК» Алматы 2008ж.
17.С.М. Рахметов, Б.А. Кукмухамбетова, А.А. Нурымбетов «Наказание» Астана, 2007 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1.Жаза жүйесінің түсінігі және оның мәні

2.Айыппұл

3.Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру

4.Қоғамдық жұмыстарға тарту

5.Түзеу жұмыстары

6.Әскери қызмет бойынша шектеу

7.Бас бостандығынан шектеу

8.Қамауға алу

9.Тәртіптік әскери бөлімде ұстау

10.Бас бостандығынан айыру

11.Өлім жазасы

12.Арнаулы, әскери немесе құрмет атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық
дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру

13.Мүлікті тәркілеу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Казақстан Республикасының 1997 жылғы қабылданған Қылмыстық кодексінің 3-
4 бөлімдері тұтас жаза институтына арналып, жаза институтының барлық
проблемаларына арналған ұғымдар қазіргі заман талабына сай жаңаша түзілді.
Алайда, қылмыстық кұқық бойынша жазаларды топтастыру негіздері теориялық
тұрғыда әлде де өз шешімін толық таппаған. Жаза жүйелерін жіктеу, оның
белгілерін анықтауға жеткілікті мән берілмеген. Теорияда және заң
қабылдауда орын алған осындай ағаттықтар, жаза институтын тереңірек
зерттеуді, оның көптеген тұстарын жаңаша бағалауды, саралауды қажет етеді.

Жаза барлық уақытта қылмыстық заң алдында мәселені шешуші негізгі
құрал болды. Оның түпкілікті тарихи жағдайларға байланысты жаза түрі,
мазмұны, қолдану тәртібінің өзгергеніне қарамастан өзгеріссіз қалды.

Жаза түсінігі Қазақ ССР-нің 1959 жылғы қылмыстық кодексіне енгізілген
болатын, бірақ 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енген ҚР қылмыстық жаңа
кодексіне дейін оның нақты заңдылық анықтамасы болған емес. Қоғам дамуының
көп ғасырлық даму кезеңінде жаза барлық уақытта да адамзатпен бірге болды.

Барлық халықта, барлық уақытта ол нақты әлеуметтік экономикалық
бірлестіктің тарихи дамуының айқын бөлігіне пайдалы болды.

Жаза барлық уақытта қылмыстық заң алдында мәселені шешуші негізгі
құрал болды. Оның түпкілікті тарихи жағдайларға байланысты жаза түрі,
мазмұны, қолдану тәртібінің өзгеруіне қарамастан өзгеріссіз қалды.

Жаза түсінігі Қазақ ССР-нің 1959 жылғы қылмыстық кодексіне енгізілген
болатын, бірақ 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енген ҚР қылмыстық жаңа
кодексіне дейін оның нақты заңдылық анықтамасы болған емес.

Қылмыстық құқық теориясында пайда болған жаза түсінігін анықтауда
мынадай қортындыға келуге мүмкіндік береді, жазаны екі аспектіде қарауға,
біріншіден, жасалған қылмысқа мемлекеттің жауабы немесе жаза реакциясы,
Екіншіден, қылмыс жасаған тұлғаға шара немесе жаза акциясы.

1. Жаза жүйесінің түсінігі және оның мәні
Жаза жүйесі деп қылмыстық заңмен бекітілген, салыстырмалы ауырлығы
ескеріле отырып, белгілі тәртіппен орналастырылған жаза түрлерінің соттар
үшін міндетті және толық тізімі айтылады. ҚР 1997 жылғы Қылмыстық кодексте
жаза жүйесі 39-бапта қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi
жазалар:

а) айыппұл салу;

б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығын шектеу;

ж) қамау;

з) тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау;

и) бас бостандығынан айыру;

к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.*

Жаза жүйесін белгілеудің сот әділдігі міндеттерін іске асыру
әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан айтарлықтай мәні бар. Әдістемелік
мәні – әрбір жазаның қолданылу тәртібі, нақты шегі, жағдайлары белгіленген
толық тізімнің қылмысқа қарсы жазалау саясатының бірлігіне, соттың
қызметіне заңдылық қағидаларының сақталуына ықпал ететіндігіне.
Қарастырылып отырған жүйенің тәжірибелік мәні – жаза түрлерінің біразын
орналастыруда.

Кiшiгiрiм, орташа ауыр және ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру
жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқын
ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлiгiн оның жеңiл түрiмен ауыстыра
алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрiн өтеуден толық немесе iшiнара
босатылуы мүмкiн (ҚК-тің 71-бабы).

Жаза түрлерінің тұтас жүйесі де, жеке алғандағы әрқайсысы да,
сотталушыға ықпал жасаушы тәсілдер кешенінен тұрады.

Егер сот жасаған қылмыс үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол
қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінен жаза туралы бөліміндегі қағидаларды-
жазаның ұғымы мен мақсаты, жазалау түрлері жаза тағайындаудың жалпы
негіздерін басшылыққа ала отырып бекіткен немесе бітпеген қылмыстарға,
қайталанып немесе қатысып жасалынған қылмыс

_____________

*Комментарии к уголовнолму кодексу РК. Караганда., 1999г.
189-с

үшін, қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындаудың
ерекшеліктерін ескереді. Мысал келтіретін болсақ: Қылмыстық кодекстің 359-
бабының санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы
көзделген. Осы бап бойынша қылмыстық кодекстің 48-бабын ескере келгенде ең
төмегі мерзім алты ай болып саналады. Яғни, сот қылмыстық кодекстің тиісті
бабы бойынша алты айдан екі жылға дейін мерзімді тағайындауға құқылы.
Егер, осы қылмыс аяқталмаған қылмыстардың қатарына жататын болса, сот
жазаны анықтау кезінде қылмыстық кодекстің 56-бабын басшылыққа алады. Ал,
қылмыс бірге қатысушылықпен жасалған жағдайда, қылмыстық кодекстің
57-бабы қарастырылып, осы баптың санкциясы қолданылады.

Егер сотталған адам заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеуден
мерзімінен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл
жазамен ауыстырылса, онда соттылық жою мерзімі жазаның нақты өтелген
мерзімі негізге ала отырып, негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеуден
босатылған кезден бастап есептеледі (ҚК-тің 77-бабы, 4-бөлігі).

Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық,
тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады,
сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне көңіл бөледі. Сондықтан да біздің
жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда
ең негізгі күрес деп саналалмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші
мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам
мүшелерінің белсенділігін, олардың құқықтық сана-сезімін жетілдіру арқылы
жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы
ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын
функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс
істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану
мемлекеттің міндеті болып табылады.

Мемлекеттің күштеу шаралыры әр түрлі. Оларға тек қылмыстық құқылық
шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады.
Қылмыстық шаралар мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола
отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.

Қылмыстық кодекстің 70-бабына сәйкес:

Егер сот түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас
бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас
бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам өзінің түзелуі үшін сот
тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейді деп таныса, ол мерзімінен
бұрын - шартты түрде босатылуы мүмкін. Бұл орайда адам қосымша жаза түрін
өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдана отырып, сотталған
адамға осы Кодекстің 63-бабының 5-бөлігінде көзделген міндеттерді жүктеу
мүмкін, ол бұларды жазаның өтелмей қалған бөлігі ішінде орындауға тиіс.

Жазадан шартты түрде - мерзімнен бұрын босату сотталған адам:

а) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс үшін
тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;

б) ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен
екісін;

в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде
төрттен үшін; сондай-ақ бұрын жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде
босатылған адамға егер мерзімінен бұрын - шартты түрде босату осы баптың
жетінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жойылған болса, тағайындалған
жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен кейін қолданылуы
мүмкін.

Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзімі 6 айдан кем
болмауы керек.

Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп
жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп
таныса және кемінде 25 жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе,
мерзімінен бұрын - шартты түрде босатылуы мүмкін.

Мерзімінен бұрын - шартты түрде босатылған адамның мінез –

құлқына бақылау жасауды оған мамандандырылған өкілетті мемлекеттік
орган, ал әскери қызметшілер жөнінде - әскери бөлімдер мен мекемелердің
командованиесі жүзеге асырады.*

Мерзімінен бұрын - шартты түрде босату қолданылған адам егер жазаның
қалған өтелмеген бөлігі ішінде:

а) өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе
оған мерзімнен бұрын - шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген
міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, сот осы баптың 6-бөлігінде аталған
органдардың ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын –

шартты түрде босатудың күшін жою және жазаның өтелмей қалған бөлігін
орындау туралы қаулы ете алады;

__________

*Уголовный кодекс РК – общая характеристика(в сровнении с УК
РК) 1- выпуск. А.., 2007г. 206-с

б) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде
мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жою немесе оны сақтау
туралы мәселені сот шешеді;

в) қылмыс қасақана жасалса, сот оған осы Кодекстің 60-бабында
көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзімінен бұрын -
шартты түрде босатудың күшін жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да
жаза осы ережелер бойынша тағайындалады.

Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойынша бас
бостандығынан айырумен ауыстырылған адамға мерзімінен бұрын - шартты түрде
босату қолданылмайды.

Сотталғандық дегеніміз кінәлі адамның қылмыс істегені үшін қандай да
бір жазаға сотталып, соған байланысты белгілі бір құқылық шектеуге душар
болу жағдайын айтамыз.

Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне
енген күннен бастап соттылықты - жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты
болған деп есептеледі. Осы Кодекске сәйкес соттылық қылмыстың әлденеше рет
қайталануы, қылмыс қайталау кезінде және жаза тағайындау кезінде
ескеріледі (Қылмыстық кодекстің 77-бабы 1-бөлігі). Қылмыстың әлденеше рет
қайталануының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11 – бабында көрсетілген.
Қылмыстың қайталануы дегеніміз бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін
сотталғандық атағы бар адамның қасақана қылмыс істеуі болып табылады (ҚК,
13-бап).

Заң бойынша сотталғандық атағы жоқ адамдарға ғана бас бостандығынан
шектеу (45-бап), тәртіптік әскери бөлімде ұстау (48-21 бап), жаза түрлері
тағайындалады. Сотталғандық атақ түзеу мекемелерінің түрін белгілеуге (48-
бап), адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысты қайталаған деп тануға (13-бап)
тікелей әсері бар. Сотталғандық атақ жауаптылықты және жазаны ауырлататын
мән-жайлар ретінде қарастырылады. Мысалы (54-бап, 1-бөлігі, "а" тармағы).
Бұрын сотталғандық көптеген нақты қылмыс құрамдарының күшейтілген,
жетілдірілген белгісі ретінде де көрініс табуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөліміндегі 183-бап, 2-бөлігі, 'в" тармағы, 257-бап, 2-
бөлігі, "в" тармағы. Сотталғандық атақтың кейбір реттерде қылмыстық
құқылық емес зардаптары да бар (мысалы, бұрын сотталған деген сөздің өзі
оның моральдық беделіне кір келтіреді). Заңда белгіленген тәртіппен
қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылғандар бұрын сотталған-дар деп
саналмайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 65-69,70-76-баптары.

Жазалардың негізгі және қосымша болып бөлінуінің тәжірибелік маңызы
зор. Атап айтқанда, қосымша жазаларды қолдану – жазаның жекелену қағидатын
іске асыру тәсілдерінің бірі.

Негізгі жазалар – жазаның дербес түрі ретінде ғана тағайындала алатын
түрлері, оларды басқаларына қосымша ретінде біріктіруге болмайды, және де,
жазаның мақсаттарына жету негізінен, осы негізгі жазалармен
байланыстырылады. Қылмыстық кодекстің 39-бабына сәйкес жазаның негізгі
түрлері мыналар қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу;
түзеу жұмыстары; бас бостандығын шектеу; тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау;
қамау; бас бостандығынан айыру; өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.

Қосымша жазалар – негізгі жазаға қатысты көмекші сипатқа ие жаза
түрлері. Жазалардың бұл негізгі түрі жазаларды ғана қолдану жазаның
мақсаттарын қамтамасыз етпейтін жағдайда қолданылады.

Қосымша жазаларды қолдану кезінде белгілі бір талаптар сақталуы тиіс.

Тұлғаға заң бойынша қолдануға болмайтын қосымша жазалардың
тағайындалуына жол берілмеуі тиіс. Мысалы, шартты түрде соттау кезiнде
жазаның мүлiктi тәркiлеуден басқа қосымша түрлерi қолданылуы мүмкiн (ҚК-
тің 4-бөлігі). Қосымша жаза негізгі жазадан қатал болмауы тиіс, әйтпесе
негізгі және қосымша жазалардың үйлесімділік қағидатының өзі іске аспай
қалады.

2. Айыппұл
ҚК-тің 40-бабына сәйкес – Қылмыстық кодексте көзделген шекте, заңмен
белгiленген және жаза тағайындау сәтiне қолданылып жүрген айлық есептiк
көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде не сотталған
адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтiне белгiлi бiр кезең
iшiндегi өзге де табысының мөлшерiнде тағайындалатын ақша өндiрiп алу
айыппұл деп танылады. Басқаша айтқанда, қылмыстық жаза ретінде айыппұл
тағайындалған тұлға белгілі мөлшерде материалдық шығынға ұшырайды.

Қылмыс жасаушыға мемлекеттің кінә тағуына алға тарта отырып, айыппұл
сотталушыға психологиялық әсер жасайды. Оның ұшырататын материалдық
салдарынан мүліктік және басқа қылмыстардың көптеген түрлері қылмыскер
үшін әрі қауіпті, әрі тиімсіз болуы мүмкін.

Заң шығарушының айыппұлды жаза түрлерінің иізімдегі бірінші орынға
қойғандығын ескере отырып, оны жазаның онша қатаң емес шарасы ретінде,
сондай-ақ аса ауыр дәрежелерге жатпайтын қылмыс жасаған тұлғаға әсер
етудің тиімді тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылған орынды.

Айыппұлды есептеудің екі тәсілі бар:

1) заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтінде қолданылып жүрген
айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде;

2)сотталушының жалақысының немесе оның қылмыс жасаған сәтінде белгілі
кезең ішінде өзге де табысының мөлшерінде.*

Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептiк
көрсеткiштiң жиырма бестен жиырма мыңға дейiнгi шегiнде немесе сотталған
адамның жалақысының немесе екi аптадан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi өзге де
табысының мөлшерiнде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерiн жасалған қылмыстың
ауырлығы мен сотталған адамның мүлiктiк жағдайын ескере отырып сот
белгiлейдi.

Айыппұл мөлшері жасалған қылмыстың ауырлығына, сотталушы тұлғаның
мүліктік жағдайына байланысты және жасалған қылмыс сараланған баптың
санкцияларында белгіленген шектер, сол сияқты жағдайда жеңілдететін және
ауырлататын мән-жайлар ескеріле отырып, сот арқылы тағайындалады. Мысалы,
Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру
(ҚК-тің 157-баптың 1-бөлігі)

______________

*Уголовный Кодекс РК. Толкование и коментарии. 2-выпуск. А.,
1998г.207-с

үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның
үш айдан тоғыз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының
мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.

Айыппұл шартты түрде соттау кезінде қосымша жаза ретінде қолданылуы
мүмкін (ҚК-тің 63-баптың 4-бөлігі).

Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу,
тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп
жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін адамды сот
құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны,
көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді
қатысқаны, қылмысымен келтірген залалын өтеу жөнінде шаралар қолданғаны
үшін сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы
мүмкін. Бұл орайда ол адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінара
босатылуы мүмкін. (ҚК-тің 70-бабы).

3. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру
Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыру мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарында белгiлi бiр лауазымды атқаруға, не белгiлi бiр кәсiптiк
немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады (ҚК-тің 41-
бабы).*
Қылмыстық кодекстің осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза бекітілген
белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу
құқығынан айыру.
Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған
адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен
шұғылдануы мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы
көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын
пайдалану ережелерін бұзғаны үшін. Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды
не басқа да механикалық көлiк құралын жүргiзушi адамның жол қозғалысы
немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы, абайсызда адамның
денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе (296-бап),
Меншiк нысанына қарамастан, тауарлар сататын немесе халыққа қызмет
көрсететiн дүкендерде немесе басқа кәсiпорындарда не сауда (қызмет
көрсету) саласында кәсiпкерлер ретiнде тiркелген азаматтардың кем өлшеуі,
кем тартуы, кем санауы, тауардың (қызмет көрсетудiң) тұтынушылық
қасиеттерi немесе сапасына қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей
алдауы, егер бұл iс-әрекеттер елеулi мөлшерде жасалған болса жүзден екi
жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның
бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы
мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа
дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi
мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға
жазаланады (223-бап).
Сотталған адамның белгілі бір қызметпен айналысуына тыйым салу.
Мысалы, Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыру жазаның негiзгi түрi ретiнде бiр жылдан бес жылға дейiнгi
мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде алты айдан үш жылға дейiнгi
мерзiмi белгiленедi.
_______________
-Новый коментарии к УК РФ. М., 2006г.287-с
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшiн белгілi бiр лауазымдарды
атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның
негiзгі түрi ретiнде үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге және жазаның
қосымша түрi ретiнде бiр жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiленедi
(41-баптың 2-бөлігі).
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заңның санкцияда ол туралы
арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодекстің 55-баптын
талаптарына Әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, айыпкердiң рөлiне, оның
қылмыс жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мiнез-құлқына байланысты ерекше
мән-жайлар және әрекеттiң қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын
басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ
жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы Кодекстiң
Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен
тағайындалуы мүмкiн, не сот жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл
түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн
қолданбауы мүмкiн жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданылады.

4. Қоғамдық жұмыстарға тарту
Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос
уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың
түрлерiн жергiлiктi атқарушы органдар немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдары белгiлейдi.*
Әскери қызметшiлерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан
асқан еркектерге, жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi балалары бар
әйелдерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа
тарту тағайындалмайды.
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана
қолданылады. Қоғамдық жұмыстарды сот ұзақтығын 60 сағаттан 200 сағатқа
дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын мөлшерде тағайындайды және сотталған
адам оны негізгі жұмысынан және оқуынан бос уақытында тегін өтейді.
Қоғамдық жұмыстар сонымен қатарбелгілі бір қылмыс үшін көзделген
жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолданатын немесе жазаның өтелмеген
бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылатын жағдайда да қолданылуы
мүмкін. Әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, айыпкердiң рөлiне, оның
қылмыс жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мiнез-құлқына байланысты ерекше
мән-жайлар және әрекеттiң қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын
басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ
жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы Кодекстiң
Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен
тағайындалуы мүмкiн, не сот жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл
түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн
қолданбауы мүмкiн (ҚК-тің 55-бабы). Кiшiгiрiм, орташа ауыр және ауыр
қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның
жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған
бөлiгiн оның жеңiл түрiмен ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша
түрiн өтеуден толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн (ҚК-тің 71-бабы).
Жаза бөлініп өтеледі, алайда, демалыс күндері мен сотталған адам
негізгі жұмысы мен оқуынан бос күндері – 4 сағаттан, жұмыс күндері –жұмыс
не оқу аяқталғаннан соң 2 сағаттан, ал сотталған адамның келісуімен – 4
сағаттан аспауы керек.
______________
*Уголовный кодекс РФ, С постатейным приложением ногрмативных актов.
М., 2008г.184-с
ҚК-тің 42-бабының үшінші бөлігінде қоғамдық жұмыстар арқылы жаза
қолданылмайтын тұлғалар қатары айқын белгіленген. Әскери қызметшiлерге,
елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүктi
әйелдерге, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, бiрiншi немесе екiншi
топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.

5. Түзеу жұмыстары
Түзеу жұмыстары мемлекеттік айыптауды білдіріп отырады, сотталушы
тұлғаға психологиялық әсер жасайды, сотталған тұлғаның жұмыс орнын
ауыстыру құқығын тікелей және жанамалап, көп салаларда мамандығы бойынша
өсу мүмкіншілігін де шектейді. Сонымен қатар, түзеу жұмыстары жаза түрі
ретінде, толығымен алғанда тиімді, сотталған адамның жағымды әлеуметтік
байланыстарының үзіліп қалуына соқтырмайды.*

Түзеу жұмыстары екi айдан екi жылға дейiн мерзiмге белгiленедi және
сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледi.

Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкiмiмен
белгiленген мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейiнгi шекте
мемлекеттiң кiрiсiне ұстап қалу жүргiзiледi.

Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында
өндiрiстен қол үзiп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға
болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi
баптың санкциясымен айыппұл түрiнде жаза көзделмеген болса, бiр ай түзеу
жұмысы үшiн заңмен белгiленген бiр айлық есептi көрсеткiшке тең айыппұл
сомасының есебiнен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы
мүмкiн. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезiнде пайда болса, сот түзеу
жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.

Түзеу жұмыстарына сотталған адам жазасын өтеуден әдейi жалтарған
жағдайда сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзiмiн нақ сол мерзiмге бас
бостандығын шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрiнде
жазалауға ауыстыра алады.

Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын
шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру
жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет
етпейтін адамды сот құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал
қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-
шараларға белсенді қатысқаны, қылмысымен келтірген залалын өтеу жөнінде
шаралар қолданғаны үшін сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзімінен
бұрын босатуы мүмкін. Бұл орайда ол адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты қайталануы жағдайындағы жауаптылық мәселесі
Қылмыстың қайталануы жағдайындағы жауаптылық мәселесі
Әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асырудағы қылмыстық жазаның орны
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Қылмыстық жауаптылықтың негізі
Кінәліге әділ жаза таңдау
Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылықтағы объектінің түрлері
Қылмыс құрамының түсінігі
Пәндер