Өндіріс функциясы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе 2

І. Өндіріс функциясы анықтамасы. 4

  1. Өндіріс функциясы түрлері. 6
  2. Өндіріс процесіне әсер ететін факторлар. 11
  3. Өндіріс функциясының кейбір қасиеттері. 12

ІІ. Өндіріс үрдісі ұғымы 14

2. 1 Өндіріс үрдісіне қажетті ресурстар. 14

2. 2 Өндіріс үрдісінің түрлері . 14

2. 3 Өндіріс үрдісіне сай ерекшеліктер. 15

ІІІ. Жалпы, орташа және шекті өнімдердің түсінігі. 17 3. 1 Жалпы, орташа және шекті өнімдердің байланысы мен икемділігі. 20 3. 2 Ұтымды ресурстар пропорцияларын анықтау. Изокванта. 22

Қорытынды 26

Қолданылған әдебиет 28

Кіріспе

Өндіріс - бұл қоғамның дамуы мен қөмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда - бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.

Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесіде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың - адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К. Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын - жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қалады».

Жұмыс күші - бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процессінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданылады. өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.

Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрыңғы еңбектің өнімі болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл, құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта және т. б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Еңбек құрал-саймандары адамның табиғи мүшесінің жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады.

Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі миханиз мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т. б. нәрселер. Еңбек құрал-саймандарының даму деңгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылады. Машина өндірісі жағдайында механикалық еңбек құралдары үш компонентті машина жүйесінде дамыды: жұмыс машинасы, двигатель, жеткізетін құрылым. Ғылыми - техникалық революция бұған жаңа компонентті қосты - электронды басқару құрылымын және ол ой еңбегі қызметінің формалды икемге келетін жұмысын атқарады. Осы компонентті қолдана отырып, жұмыскер жайлап тікелей өндіріс процесінен шығады және онымен қатар тұрады. Нәтижесінде технологияда түбегейлі өзгереді.

І. Өндіріс функциясы анықтамасы.

Белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған ресурстар мөлшері мен одан өндірілген өнім көлемі арасындағы арақатынас өндіріс функциясы деп аталады. Математикалық түрі мынандай:

Q=f(Xa, Xb, Xc, . . . , Xn),

Ондағы

Xa, Xb, Xc, . . . , Xn - жұмсалған ресурстар мөлшері;

Q - өндірілген өнім көлемі.

Өндірілген өнім көлемі жұмсалған ресурстар мөлшері мен қолданылатын технология түріне тәуелді. Егер фирма ресурстар мөлшерін аз жұмсаса, аз өнім өндіреді, ал егер көп жұмсаса, көп өнім өндіреді.

Фирма өнім өндіру үшін екі технология түрін қолданады делік.

Технологияның өндіріс көлеміне әсері

Технология
Жұмсалған ресурстар мөлшері
Өндірілген өнім көлемі
Технология: Технология А
Жұмсалған ресурстар мөлшері: әр ресурс түрінен 50 бірлік
Өндірілген өнім көлемі: 5 000
Технология: әр ресурс түрінен 100 бірлік
Жұмсалған ресурстар мөлшері: 10 000
Технология: әр ресурс түрінен 150 бірлік
Жұмсалған ресурстар мөлшері: 15 000
Технология: Технология В
Жұмсалған ресурстар мөлшері: әр ресурс түрінен 50 бірлік
Өндірілген өнім көлемі: 6 000
Технология: әр ресурс түрінен 100 бірлік
Жұмсалған ресурстар мөлшері: 12 000
Технология: әр ресурс түрінен 150 бірлік
Жұмсалған ресурстар мөлшері: 18 000

Бірдей ресурстар мөлшерін жұмсай отырып, фирманың екі технологияны қолданудан өндіретін өнім көлемі әр түрлі. В технологиясы А технологиясына қарағанда тиімді болып тұр, өйткені В технологиясы ресурстарды үнемі жұмсау арқылы өнімді А технологиясына қарағанда артық өндіреді.

Сондықтан фирмалар өндіріс көлемін арттыру мақсатында жаңа, тиімді технология түрлерін сатып алуға талпынады, ол ресурстарды үнемі жұмсауға мүмкіндік береді.

Әрбір жеке адам жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

Өндіргіш күштер - бұл өндіріс құрал-жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-жабдығын іске қосады. өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заты (қазба өндірісінде) ретінде қолданылады, басқасында - басты еңбек құралдары (ауыл шаруашалығы) ретінде.

Келтірілген өндіріс факторының классификациясы мәңгі қатып қалған болып табылмайды.

Мысалы, маржинализм теориясы топтауынша, төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал, және кәсіпкерлік қабілеттілік.

Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т. б. жатады.

Капитал - бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары. Еңбек адамның ақыл-ой және дене қызметтерін көрсетеді. Адам еңбегі әрқашанда ойланып істелетін, мақсатқа сәйкес қызмет, ал жануарлар соқыр сезімге бағынып әрекет етеді. Ең нашар сәулетшінің, - деп жазды К. Маркс, ең шебер арадан артықшылығы сонда - сәулетші балауыздан ұя салмас бұрын бұл ұяын алдын ала жобалап алады.

Кәсіпкерлік қабілеттілік - арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынтақталады, төзімділікті және тәуекелдікті көрсетеді.

Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері, жоғарыда аталған өндіріс факторларынан басқа, ақпараттық, экономикалық және экологиялық факторларды да қарастырады. Экологиялық фактор экономикалық өсудің импулсы ретінде жүзеге асады. Алайда, оның мүмкіндігі қоршаған ортаның ластануына байланысты шектеледі.

Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынаста болады. Бірақ, бұл қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру - техникалық - өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық - өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады.

Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бір-біріне өзара әсер етеді. Өндіргіш күштердің дамуы өндірістік қатынастардың жетілуіне ықпал етеді. Өз кезегінде өндірістік қатынатар өндіргіш күштерді тоқтатуы немесе дамытуы мүмкін. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс әдісін құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық (өндірістік) қатынастары сай келеді.

1. 1 Өндіріс функциясы түрлері.

  1. Тұрақты коэфиценнті функция.

Коэфиценттері тұрақты өндіріс функциясын тұрғызуды қарастырғанда, өнімді шығаруға қажетті еңбектің және капиталдың белгілі бір санын алдын ала жорамалдау қажет. Осы кезде

L = a · Y; K = b · Y

Мұнда, a, b - параметрлер.

Осыны өндірістік функцияның біркелкі (стандартты) түріне келтіру үшін, былай жазайық:

y = min {L / a ; K / b} немесе y / L = min {1 / a ; 1 / b ; K / L } .

Берілген функцияның жазықтықтағы графигінің түрі төмендегідей:

Y/ L

1/ a

b / a K / L

Коэфиценттері тұрақты болатын функция

Егер, y = Y / L; x = K / L белгілеулерді енгізсек, онда берілген функцияны былай жазуға болады:

1 / b · x; 0 < x · b / a

y = { 1 / a ; b / a < x < ∞ }

Бұл функция бойынша орташа өнім:

АР = y / x { 1 / b · 0 < x < b / a }

1 / a · 1 / х, b / a < x < ∞

Берілген функция үшін шекті өнім мынандай түрді қабылдайды:

МР = dy / dx = { 1 / b, 0 < x < b / a

0, , b / a < x < ∞

Осы функция үшін икемділік:

Е = МР / АР = {1, 0 < x < b / a

0, b / a < x < ∞

Берілген функцияның изоквантасы клесі түрде болады .

Факторлардың алмасуы болмайды, тек А нүктесінде ғана факторлар комбинациясы болады.

К

А

L

Коэффиценттері тұрақты болатын функцияның изоквантасы

2. Сызықтық өндірістік функция .

Екі факторлы сызықты өндірістік функцияның төмендегідей түрін қарастырайық:

у = a+b · K+с · L

Факторлардың орташа өнімділігінің көрсеткіштері:

АР к = У / К ; АР L = У / L .

Шекті өнімділіктің көрсеткіштерін анықтайық:

МР к = ∆У / ∆К = b; МР L = ∆У / ∆L = с.

Факторларға деген икемділіктің көрсеткіштері

Е к = МР к / АР к = b / У / К = b · К / У ;

Е L = МР L / АР L = с / У / L = с · L / У

у = a+b · K+с · L = У о = const деп алайық, осы кезде изоквантаны құру теңдеуін аламыз.

b · K+с · L = С о = const.

Бұл теңдеудің жазықтағы графигі - түзу сызық болады.

Технологиялық алмастырудың шекті нормасы коэфициентінің мәнін есептейміз:

MRST LK = МР L / МР к = с / b = const.

Олай болса, өндіріс факторлары өзара бірін-бірі толықтай ауыстыра алады.

К

L

Сызықтық функциясының изоквантасы

3. Сызықтық емес өндірістік функция.

Екі факторлы сызықтық емес өндірістік функцияның келесі түрін қарастырайық:

y = A · K α · L β

Мұнда, A, α, β - параметрлер және 0 < α <1, 0 < β <1. берілген функция үшін шекті өнімділіктің көрсеткіштерінің түрі төмендегідей:

МР L = β (У / L)

МР к = α (У / К) .

Факторларға деген икемділік:

Е L = МР L / АР L = (β (У / L) ) / (У / L) = β

Е к = МР к / АР к = (α (У / К) ) / (У / К) = α

Бұдан осы функцияның дәреже көрсеткіштері тиісті факторлардың икемділік коэфиценттері болып табылады деп айтуға болады.

Изоквантаны тұрғызу үшін мына теңдеуді қарастырамыз:

Y = A · K α · L β = У о = const немесе K α · L β = С о = const.

Осы функцияның жазықтықтағы графигі келесі түрде болады:

Берілген функция үшін технологиялық алмастырудың шекті нормасы төмендегідей түрде болады:

MRST LK = МР L / МР к = ( β (У / L) ) / (α (У / К) ) = β / α · (К / L) .

К

y=y 0

L

Сызықтық емес өндірістік функцияның изоквантасы

Берілген коэффицентінің мәнінін сызықтық функциядан айырмашылығы: ол изоквантаның бойымен төмен жылжығанда әрдайым төмендеп тұрады.

  1. Өндіріс процесіне әсер ететін факторлар.

Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды, белгілі бір өндеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарларға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз. Өндірістік процессте қолданылатын факторларды 4 түрге бөледі:

  1. шикізаттар мен материалдар;
  2. басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлар;
  3. еңбек күші;
  4. капитал (құрал - жабдықтар, ғимараттар) . Өндіріс функциясының кейбір қасиеттері.

Нақты өмірде өндірістік процесті зерттеу үшін өндірістік функцияның бірнеше түрлері қолданылады. Олардың бәріне тән жалпы қасиеттері төмендегідей болады:

1. Фирмалар өндіріс факторларын барынша көп тиімділікпен қолдануы мүмкін, яғни қолданылып отырған фактордың санының көбеюі шығару көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырмайды. Оны матеатика тілімен былай өрнектеуге болады.

δ у / δ L ≥0 ; δ у / δ К ≥ 0

2. Басқа факторлар тұрақты болып, тек қана бір фактордың санын көбейту арқылы өнім шығару көлемін ұлғайтқан уақытта оның жоғарылау шегі болады, яғни айнымалы фактордың өнімділігінің төмендеу заңы орын алады.

δ 2 У / δ L 2 ≤ 0 ; δ 2 У / δ К 2 ≤ 0.

Бұл екі қасиет өндірістік функцияның бір факторлы графигін алуға мүмкіндік береді.

Ү Өндірістік функция

Ү=f(x)

Х

Зерттеліп отырған тәуелділік төмендегідей болған уақытта Ү=f(x), оның графигі жоғарыда көрсетілгендей болады.

3. Өндіріс факторлары бірін-бірі өзара алмастырады және толықтырады.

Өндірістік процесті зерттеген кезде уақыт мерзімі төмендегідей екі түрге бөлінеді.

  1. қысқа мерзімді кезең - бұл мерзім ішінде өндірістік факторлардың белгілі бір бөлігі тұрақты болады, ал қалған бөлігі айнымалы болады;
  2. ұзақ мерзімді кезең - бұл мерзім аралығында барлық қолданылып отырған өндірістік факторлар өзгеруі мүмкін.

ІІ. Өндіріс үрдісі ұғымы

2. 1 Өндіріс үрдісіне қажетті ресурстар

Құн шығаратын қандай болса да қызмет саласы өндіріс болып табылады.

Өндірісті технологиялық үрдісі жағынан сипаттайтын болсақ, онда өндіріс ресурстарды өнімге айналдыру акті:

Ресурстар Өндірістік үрдіс Өндірілген өнім

Ха, Хb, Хс, . . . Хn Өндірістік үрдіс Q

Өндірістік үрдіске қажетті ресурстар: шикізаттар мен материалдар, құрал-жабдықтар, станоктар, жұмыс күші, кәсіпкерлік талант. Олар бір сөзбен өндіріс факторлары деп аталады.

2. 2 Өндіріс үрдісінің түрлері.

Өндірістік үрдістің төрт түрі бар: тапсырыс бойынша өнімді өндіру, икемсіз жалпы өндіріс, икемді жалпы өндіріс, ағымды өндіріс.

Тапсырыс бойынша өнімді өндіру. Фирма жеке тапсырыс алғаннан кейін өнім өндіруге кіріседі. Тапсырыстағы талаптарға қарай бір өнім түрі екінші өнім түріне ұқсамауы мүмкін. Мысалы, жеке адамдардың үйлері, офистердің ішкі дизайны, заңгерлер мен аудиторлардың қызметі. Сондықтан тапсырысты орындауға жоғары машықтанған мамандар қажет. өндірістің ауқымы шағын болады.

Икемсіз жалпы өндіріс. Фирма стандартталған өнім түрлерін өндіреді. өндіріс ауқымы үлкен болғандықтан, күрделі технология қолданылады. Мысалы, мыс, болат, көмір, түсті металл өндірістері.

Икемді жалпы өндіріс. Фирма белгілі бір технология, шикізаттар мен материалдарды қолдану арқылы диференциаланған өнім түрлерін өндіреді. Мысалы, «Дженерал Моторс» компаниясы бірдей электр жүйесін, механикалық деталдарды, рамаларды, тормозды қолдану арқылы «Шевроле», «Понтиак», «Бьюик», «Олдсмобил», «Кадиллак» автомобилдерін өндіреді. Сыртқы келбеттер, түсі, матасы, салон дизайні әр-түрлі болғандықтан, олар бірнеше тауарлар номенклатурасын құрайды.

Ағымды өндіріс. Жоғары автоматтандырылған, күрделі де қымбат технологияны талап етеді. Мысалы, макарон өндірісі. Технология тоқтаусыз жұмыс атқарады, жұмысшы күшін аз қажет етеді, өнім үздіксіз өндіріледі, сондықтан өзіндік құны арзан болады.

2. 3 Өндіріс үрдісіне сай ерекшеліктер.

Өндіріс үрдісі уақытпен тығыз байланысты. Қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі өндіріс функцияларына тән ерекшеліктер бар.

Қысқа мерзімде фирма өндіріс көлеміне өзгеріс енгізу мақсатында өндіріс ауқымын өзгерте алмайды, ал шикізаттар мен материалдар мөлшерін, жұмысшылар санын электро қуатын, тасымалдау қызметін өзгерте алады. Сондықтан қысқа мерзімде өндіріске қажетті ресурстар екі топқа бөлінеді: тұрақты және өзгермелі ресурстар.

Ұзақ мерзімде фирма барлық ресурстардың мөлшерін өндіріс ауқымына өзгерістер енгізу мақсатына өзгерте алады. Сондықтан ресурстардың барлық түрлері өзгермелі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс және шығындар
Кәсіпорындағы маркетинг және өндірісті ұйымдастыру туралы
МИКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫ
Басқарудың сызықты құрылымы
Экономикалық теорияның дамуы мен математикалық талдау
Ұйымдастырушылық құрылымдар
Туындының экономикада қолданылуы
Қаржының экономикалық негіздері
Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік
Қаржы ұғымы және оның экономикалық маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz