Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар


МАЗМҰНЫ

:
Кіріспе: Кіріспе
:
: 1
Кіріспе: Қылмыс жасаған тұлғаны криминологиялық зерттеу маңызы
:
:

1. 1

1. 2

2

2. 1

2. 2

2. 3

2. 4

Кіріспе:

Қылмыскер тұлғасының жеке басын зерттеу маңызы

Қылмыскерлік және қылмыскерді криминалогиялық зерделеудің

объектісі ретінде қарастыру

Қылмыскерлікті және қылмыскердің әлеуметтік позицияларын зерделеу

Қылмыскерлікті зерделеудегі мақсат

Қылмыскердің әлеуметтік позицияларын және әрекетін

зерделеу

Қылмыскерлікті зерделеудегі тану және бағалау

Тіркелмеген қылмыстар және қылмыскер әрекетін зерделеу

:
: 3
Кіріспе: Қылмыстық істі қысқартудың процессуалдық тәртібі
:
:

3. 1

3. 2

3. 3

3. 4

3. 5

Кіріспе:

Қылмыстық істі ақталатын және ақталмайтын негіздер бойынша қысқартудың процессуалдық тәртібі

Қылмыстық істі қысқартудың процессуалдық кепілдіктері Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі

Қылмыстық істі қысқартудағы прокурорлык қадағалау

Соттылықты алып тастау жағдайы және соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау негізі

:
:
Кіріспе:
:
:
Кіріспе: Қорытынды
:
:
Кіріспе:

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

:

Белгілеулер мен қысқартулар

Осы дипломдық жұмыста келесі қысқартулар қолданылды:

  1. ҚРК -Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. ҚАЗ- Қылмыстық атқару заңдары
  3. ҚР ҚК- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
  4. ҚР ҚАК -Қазақстан Республикасының Атқару кодексі

5. ҚР ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

6. НҚ - Нормативтік қаулылары

7. НА - Нормативтік актилері

8 . СМ - Статистикалық мәліметтер

Анықтамалар

Осы дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы білім беру жүесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі.

Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5. 04. 020-2008-ға сәйкес келесі анықтамалар мен терминдер қолданылады. 1. Қылмыстық құқық - қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты.

2. Азаматтық құқық - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

3. Мүліктік қатынастар - мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар.

4. Диспозиция - реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді.

5. Қылмыс істеуге дайындалу - т ікілей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа

6 . Кінәлілік - адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар

7. Жазалылық - қылмыстың белгісі ретінде істелген әрбір қылмыс үшін жаза немесе қылмыстық-құқықтық шара

8. Қылмыс обьектісі - қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды атаймыз

9. Қылмыстың обьекти - қылмыстық заң құрайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғатын, қол сұғу қауіпін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет)

10. Қылмыс субьектісі - қылмыстық заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс жеке адам.

11. Қылмыс істеуге дайындалу - тікілей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына немесе оларда шектеу болып табалады.

12. Аяқталған қылмыс - адам жасаған әрекетке осы заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері болуы.

13. Жазаның жүйелері - қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлері.

14. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдетеитін мән-жайлар - мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс, айыпкердің кәмелетке жүктілік, айыпкердің жас балалары б/ды.

15. Тәркілеу - ол заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алу.

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалды :

1. Қазақстан Республикасы білім беру жүесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5. 04. 020-2008. - Астана: 2008

2. ГОСТ 7. 9-95 (ИСО 214-76) Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Библиографическое описание документа. Реферат и аннотация. Общие требования.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995.

4. ҚР білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5. 03. 016-2009 - Алматы, 2009

5. Мемлекеттік стандарт 2. 105-95 Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) . Текстік құжаттарға жалпы талаптар

6. ГОСТ 8. 417-81 Государственная система обеспечения единства измерений. Единицы физических величин.

7. 3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2005ж.

4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 2008ж.

5. «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысы

6. «Қажетті қорғану жөніндегі заңдарды қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 11 мамырдағы № 2 нормативтік қаулысы

7. «Сот үкімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 ж. 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысы

8. «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысы

9. «Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №18 нормативтік қаулысы

10. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67 бабын қолдану бойынша соттық тәжірибесі» туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 21 маусымдағы №4 нормативтік қаулысы

11. «Есірткі, психотроптық, және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 14 мамырдағы N 3 нормативтік қаулысы

12. «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010ж. 11 сәуірдегі №6 нормативтік қаулысы

13. «Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі заңнаманы соттардың қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 4 нормативтік қаулысы

14. «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 19 қазандағы № 15 нормативтік қаулысы

15. http://medialawca. org/old/document/-7886 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі, 12. 09. 2009ж.

Түйін

Зерттелген статистикалық мәліметтер бойынша орташа алғанда әрбір оныншы қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту нысанында аяқталады. Олардың көп бөлігі, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар ақтамайтын негіздер бойынша жиі қысқартылады. Құзіретті мемлекеттік органдардың құқық қолдану тәжірибесінде көптеген қиындықтар туындайды, қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманың өзгеруіне байланысты іс бойынша жеке негіздерге жіктеу негізінде қателіктер жіберіледі, қылмыстық істің қысқартылуына прокурордың заңдылықты тексеруі мен қадағалауды ұйымдастыруда кемшіліктер байқалады. Мұның себебі қылмыстық істі қысқарту жөнінде теориялық зерттеулердің жеткіліксіздігінде деп білемін. Ресей ғалымдары бұл мәселеге байланысты көбірек көңіл бөлген, бірақ өкінішке орай Қазақстандық ғалымдар арасында қылмыстық істі қысқарту институты терең зерттелмеген.

Аннотация

Перед органами государства, в лице следственных органов, стоит задача установления объективной истины по каждому уголовному делу. Только при выполнении этого условия органы расследования, прокуратуры и суда могут успешно разрешать более широкие задачи уголовного процесса. Автор дает криминологическую характеристику преступлению, основам виктимологии. Средством установления фактов, служат судебные доказательства, то есть любые фактические данные, на основе которых в определенном законом порядке органы расследования, прокуратуры и суд устанавливают наличие или отсутствие общественно-опасного деяния, виновность лица, совершившего это преступление.

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Ашық, демократиялық қоғамның іргесін нығайта отырып, демократия мен құқықтық тәртіп - ажырағысыз ұғымдар екенін, олар бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын естен шығармауымыз керек. Мемлекеттегі құқықтық тәртіптің деңгейінің негізгі көрсеткіші қоғамда орын алып отырған құқықбұзушылықтардың деңгейі. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі - қылмыстылық болып табылады. Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс ретінде мемлекеттің саяси дамуына қарамастан қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде де бар және олардың тек ауқымымен ғана ерекшеленеді.

Соңғы жылдары елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстардың көбеюі, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстылықпен байланысты қылмыстардың өсуі қарқынды сипатқа ие болып отыр. Осы себепті сотталған немесе соттылығ бар адамдардың саны ұдайуда. Сот тәжірибесінің материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған жаңа қылмыс түрлері орын алуда. Осы күнге дейін қылмыстылықты зерделеудің, қылмыскердің тұлғасын зерделеру проблемалары толық қарастырылмаған.

Осыған байланысты қылмыскер тұлғасы мен қылмыстылықты зерделеу мәселесі ерекше маңызға ие.

Жұмыстың мазмұнында қылмыскер тұлғасы, оның криминологиялық сипаттамасы, қылмыскерлік заңдылықтарымен қатар, басқа да келеңсіз құбылыстармен байланыстағы өзінше әлеуметтік-құқықтық көрініс ретінде зерделенеді.

1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Ата Заңымыздың 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, өзінің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады. [1]

Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес, республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді. Ашық, демократиялық қоғамның іргесін нығайта отырып, демократия мен құқықтық тәртіп - ажырағысыз ұғымдар екенін, олар бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын естен шығармауымыз керек. Мемлекеттегі құқықтық тәртіптің деңгейінің негізгі көрсеткіші қоғамда орын алып отырған құқықбұзушылықтардың деңгейі. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі - қылмыстылық болып табылады. Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс ретінде мемлекеттің саяси дамуына қарамастан қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде де бар және олардың тек ауқымымен ғана ерекшеленеді.

Соңғы жылдары елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстардың көбеюі, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстылықпен байланысты қылмыстардың өсуі қарқынды сипатқа ие болып отыр. Осы себепті сотталған немесе соттылығ бар адамдардың саны ұдайуда. Сот тәжірибесінің материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған жаңа қылмыс түрлері орын алуда. Осы күнге дейін қылмыстылықты зерделеудің, қылмыскердің тұлғасын зерделеру проблемалары толық қарастырылмаған.

Осыған байланысты қылмыскер тұлғасы мен қылмыстылықты зерделеу мәселесі ерекше маңызға ие.

Жұмыстың мазмұнында қылмыскер тұлғасы, оның криминологиялық сипаттамасы, қылмыскерлік заңдылықтарымен қатар, басқа да келеңсіз құбылыстармен байланыстағы өзінше әлеуметтік-құқықтық көрініс ретінде зерделенеді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: адамзаттың ұшқыр ақыл-ойы уақыт шабысымен бірге үзеңгі қағыстырып қатар келе жатқан қылмыскерлік құбылысы асқынып тұр. Қылмыскерлік - күрделі әлеуметтік құбылыс, сондықтан да оның себептерін ең тиімді қылмыстық саясат төмендете алады. Осы арқылы оны жасаған тұлғаларды жазалау және тәрбиелеу мәселелері де реттеледіҚылмыстық заң жүйесі қандайда бір қылмыстың алдын-алу мақсатында қылмыскерге, сондай-ақ азаматқа ықпал жасай алады, жасауға тиісті де. Мәселе - сол ықпалдың неге тұратындығында, қаншалықты және қандай әдістермен жасалатындығында. Тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау қылмыскерлікті терең зерделеуден кейін ғана мүмкін болады. Бұл мәселелерде маңызды саяси-әлеуметтік және идеологиялық мазмұн бар. Қылмыстық саясат құралдары қылмыстылықтың субъективтік және бірқатар жақындау объективтік себептеріне және оларға мүмкіндік тудыратын жағдайларға ғана ықпал жасай алады.

Қылмыскер тұлғасын зерделеу - қылмыскердің жасаған қылмысының себептерін және оған мүмкіндік тудыратын жағдайларды анықтау және жою мақсатында мемлекеттік, қоғамдық және басқа ұйымдардың жүргізетін, өзара байланыстағы әртүрлі шараларының жиынтығы.

Қылмыскер тұлғасын зерделеудегі басты мақсат - қылмыстың орын алу себептілігі мен детерминациясына баса көңіл аудару, қылмыскерліктің деңгейін төмендету шараларын анықтау, адамдарды қылмысқа жібермеу.

Қылмыскерлік - жай әлеуметтік қана емес, әлеуметтік-психологиялық құбылыс, себебі ол адамдардан және олардың іс-қимылынан, әрекетінен тысқарыда болмайды. Ол адамдардың жалпы қоғамға қауіпті іс-қимылын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар қылмыстық-құқықтық тыйымды бұзу лажсыздық емес, ал ситуация шешімнің басқа варианттарына жол беретін жағдайлардағы айыпты іс-қимылды да көрсетеді. Қылмыскерлікті зерделеу арқылы еліміздегі қылмыстылықтың алдын-алудың пәрменді жүйесін қалыптастыру мүмкін болып табылады.

Қылмыстық заңды түсiндiру мен қылмысты зерделеу қылмыстық заңды дұрыс қолдануға, толықтырулар енгізуге қол жеткiзудiң тәсiлдерi ретiнде болады.

Зерттеу объектісі - қылмыс, қылмыскер тұлғасы, қылмыскерлік ұғымы, оның белгілері және себептері.

Зерттеу жұмысының деректік негізі - жұмыстың ережелері мен тұжырымдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, қылмыстық, қылмыстық-атқару заңдарына[2], ҚР қылмыстық кодексі [3], ҚР қылмыстық-атқару кодексі [4], сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына негізделеді. [5]

Жұмыстың теориялық базасын зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген криминолог ғалымдардың және де басқа заң ғылымдары саласындағы ғалымдардың ғылыми еңбектері құрайды.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі - дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді.

І. Қылмыс жасаған тұлғаны криминологиялық зерттеу маңызы

1. 1 Қылмыскер тұлғасының жеке басын зерттеу маңызы

Қай ғылыми мектепке жатқанымен бірде-бір криминолог қылмыс жасаған адаммен байланысты проблемаларды айналып өте алмайды. Қылмыс жасаған адамды қысқаша «қылмыскер» деп аталық. «Қылмыскер» ұғымың пайдаланғанда біз адамның бойында қандай да бір ерекше криминалдық сипаттамалардың бар екендігін емес, оның қылмыс жасағандық фактісін ескереміз. Бұл ұғымды басқа бір «қылмысты адам» ұғымынан ажырата білу керек, бұл соңғыны туа қылмыскер туралы идеяны жақтаушылар пайдаланады.

«Адам» ұғымына оның бойындағы екі жақтың: әлеуметтік және биологиялық жақтардың ажырамас бірлігі кіреді. «Жеке бас» ұғымы оған тән әлеуметтік белгілерді ғана білдіреді. Жеке бас - адамның әлеуметтік бейнесі, қоғамда өмір сүріп және дамып, оның кім болғандығын көрсетеді. «Қылмыскердің жеке басы» ұғымын пайдаланғанда қылмыс жасаған адамның «әлеуметтік кейпі» ғана ескеріледі. Бар болғаны сол.

Қылмыскерліктің әлеуметтік детерминациясының үш қатар тетігі бар: біріншіден, жеке басты белгілі бір әлеуметтік қалыптастыру жолымен; екіншіден, оған құқыққа қарсы не қарама-қайшы сипаттағы міндеттеулер беру арқылы; үшіншіден, жеке басты іс-қимылдың қылмыстық вариантын таңдауға мәжбүрлейтін және оны жеңілдететін жағдайда қалдыру арқылы. Қылмыскердің жеке басында тек оған ғана тән кейіп бар ма, қылмыскер қылмыскер еместен өзгеше ме - бұл басқа мәселе, оған жауап бергенде өзге ұғымдар пайдаланылады. Қылмыскердің жеке басындағы биологиялық және әлеуметтік жақтардың ара қатынасы туралы айтыс тікелей практикаға келіп тіреледі. Биологиялық факторға басымдық беретін авторлар қылмыскерді зерделегенде психиатрдың, психологтің басты рөлі туралы, биотехникалық амалдар мен тестілерді қолдану туралы тұжырым жасайды. Әлеуметтік фактор шешуші деп санайтындар іс-қимылды түзеудің әлеуметтік бағдарламалары жайында жазады. Қазіргі кезде тек биологиялық факторларға ғана мән беретін көзқарастар мүлде айтылмайды, дегенмен бірқатар генетиктер мен криминологтер генетиканың соңғы жетістіктеріне назар аударуға және адамдардың іс-қимылына генетикалық аномалиялардың әсерін есептен шығармауға шақырады.

С. Я. Булатов зерттеушілердің психологиялық ұғымдарды әлеуметтендіруге ұмтыла отырып, аталған ұғымдарды биологияландырып жіберу қателігіне ұрынбауға шақырған болатын.

Ал, қылмыстық іс-қимылды биологияландыруға үзілді-кесілді қарсы түрған пікірлер әрқашан да болды. XX ғасырдың басында А. А. Пионтковский былай деп жазды: өзгермелі әлеуметтік құбылысты - қылмысты адамның бойындағы, тіптен «қылмыстық адамның» бойындағы тұрақты қасиет деп санауға болмайды . (Кітап соңындағы сілтемеде көрсетілген еңбекте) . Қандай болса, сол қалпында адам қылмыс жасайды. Әрине, жеке бас қалыптасқанда адамның сұлу немесе сұрсыз болып туғандығының маңызы бар. Осы факторларға қарай оның араласатын әр түрлі ортасы, әр түрлі өмір жолы болады. Біреулер қызуқанды, біреулер әрбір әрекетін ойластырып жасайды. Әлсіз адам жаппай төбелеске кірмейді, ал зияткерлік даму деңгейі төмен адамдардың арасынан өз ісіне шебер алаякты кездестірмейсің. Адамның биологиялық та, әлеуметтік те ерекшеліктері, сөзсіз, қылмыскерлік детерминациясына қатысады. Сондықтан да қылмыстық сот ісін жүргізгенде сот-психологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық және өзге де сараптамалар жүргізіледі, қылмыскерлік оның детерминациясы және себептілік зерделенгенде пән аралық және кешенді зерттеулер жүзеге асырылады.

Криминологке баска мамандардың іс-қимылдың туа біткен бағдарламасының бар екендігі және оның әсерінен қоғамға қауіпті іс-әрекет жасалатындығы туралы тұжырымдарына дау айтудың керегі жоқ, . Оған адамның өз іс-әрекетінің нақты сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алғандығын не оны басқара алғандығын, немесе оның іс-қимылы тек биологиялық ерекшеліктермен ғана басқарылғандығын білу керек. Соңғы жағдайда ол криминологтердін. назар аударатын объектісі болудан қалады, себебі ол қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қылмыскер емес. Әлі талай жаңалықтар ашылады, оларды бұл өзінше «әлеммен» - адаммен айналысатындар ескеруі тиіс. Бірақ криминологтің жоғарыда аталған көзқарасында тұрақтылық сипат бар. Криминолог қылмыстық іс-қимылдан басқа да варианттар бар жағдайда әрекет еткен адамның қылмыстық іс-қимылға, іс-әрекетке бару себептерін ай-қындауы тиіс. [6]

Топ болып жасалған пайдақорлық-зорлық қылмыстарды жасаушы тұлғалардың «топ болып тонауды 91, 5%-ы - ер адамдар болса, 8, 5%-ы - әйелдер; топ болып жасаған қарақшылықты - 98, 4-ерлер болса, 1, 6%-ы әйелдер; топ болып қорқытып алушылықтың - 99, 6%-ы - ерлер, 0, 4%-ы әйелдер болған». Демек, топ болып пайдақорлық-зорлық қылмыс жасаушылардың басым бөлігі ерлер болса, ерлермен бірлескен топта сотталған әйелдер, көбіне, қылмыс жасаушыларға көмектескен, не қылмыс жасауға араңдатушы болған, кейде өздері де қылмысқа тікелей қатысқан. Тіптен топ басқарған әйелдер де кездеседі.

«Іс-қимылдың неге криминалдық вариантын таңдады» деген сұрақ жалпы детерминацияны емес, нақты себептілікті талдауды керек етеді. Оған жауап беру үшін қылмыскерлердің әлеуметтік сипаттамалары - қылмыскерлердің жеке басы зерттеледі. Қылмыскерлік біздің санамызда, бәрінен бұрын, әр түрлі қылмыстар түрінде көрініс табады. Сондықтан, қылмыскерлік туралы мәселені қарауды қылмыстан бастаған жөн. Қылмысты қылмыстық құқық тұрғысынан да, криминология және криминалистика тұрғысынан да қарауға болады. Қылмыстық-құқықтық тәсілде қылмыс айыпты адамның қылмыстық тыйымды бұзған өзінше оқшауланған актісі ретінде талданады. Назар бұл жерде қылмыс кұрамын онын төрт элементі арқылы талдау жағына аударылады. Ол элементтер: объект, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы. Қылмысты жасау сатылары қылмыстық-кұқықтық критерийлер негізінде бөлініп алынады.

Криминологиялық тәсілде қылмыс, біріншіден, адам үшін сыртқы орта болып табылатын жағдайларда және адамның өзінің сипаттамаларымен бір мезгілде, екіншіден, бір кездік акт емес, кеңістік пен уақытта дамитын белгілі бір процесс ретінде талданады. Талдаудың бұл екі аспектісі тек теориялық емес, практикалық та маңызға не. Қылмыстың қылмыстық-құқықтық талдамасы адам қылмыстық заңның нақты нормасында көзделген (тыйым салынған) іс-әрекетті жасады және соған сәйкес ол қылмыстық жауаптылық көтеруге жатады деп тану үшін кажетті және жеткілікті нышандар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы жаза
Қылмыстық құқықтағы жаза жайлы
Жауаптылықты жеңілдететін мән жайлар
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері туралы
Қылмыстық жаза туралы
Жаза тағайындаусыз қылмыстық жауаптылық
Қылмыстың құрамының белгілеріне қарай жеңілдететін мән жайлар
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен қағидалары
ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН - ЖАЙЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz