Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдер жайлы


Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдер.
Қайта өрлеу мен Реформация - әлемдік орта ғасырлық тарихтағы ең ірі жәнс маңызды окиғалардын бірі. Европаның көптеген елдерін қамтыған бұл дәуір өзінің әлеуметтік-тарихи мәні жөнінен ескі орта ғасырлық дүниенің шаңырағын шайқалтқан антифеодалдық, ерте буржуазиялык құбылыс болып танылды.
Қайта өрлеу мен Реформация кайраткерлері өздерінің ілімдері мен көзқарастарында антикалык кезеңнін рухани мұрасына сүйенді және оны үнемі тиімді пайдалана білді. Бұл дәуірдін идеологтары өздері қажетсінген мемлекет, құқық, саясат, заң туралы түсініктерді антикалық өркениеттің бай қазынасынан сарқа пайдаланып қана қойған жоқ. ғОрта ғасырлық консервативтік-зорлықшыл идеологиямен күресте әлеуметтік-философиялық көзқарастын жаңа жүйесі қалыптасты. Оның басты мазмұны - адамның өзіндік құндылығы туралы ойды қалыптастыру қажеттілігі, адамның өзін-өзі билеуі мен кадір-қасиетін мойындауы, адамның еркін дамуына қажетті жағдай жасауы, әркімге өз еңбегі мен күші арқьілы бақыттарын табуына мүмкіндік беруі болды.
Қоғамның қозғаушы күші ретінде еңбектің ролі атап корсетілді, адамдардың іс-әрекет белсенділігі мен ақыл-ойдың тәуелсіздігі туралы идеялар басым сипатқа ие болды.
Алдыңғы қатарлы философиялық және саяси-құқықтық ой өкілдері орта ғасырлық схолостика мен дүниетанымға қарсы күрес жүргізе отырып саяси ойдың одан әpi дамуындағы кедергілерді жоюды және қоғам туралы бұрынғы дәуіріне қарағанда неғұрлым дұрыс жалпы теориялық ұғымдардың калыптасуына ықпал етті. Бұның өзі схолостикалық ой-пікірден тазартып қоғам және адам табиғатын танып-білуге жол ашты.
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ойдың үш бағытта дамығандығын байқау қиын емес. Оның біріншісі - мемлекетпен саясаттағы жаңа көзқарасты анықтайтын таза үлгідегі саяси ілім (Н Макиавелли, Ж Боден), екіншісі - католик шіркеуінің ықпалынан шығуға ұмтылған гуманистік идеялар (М Лютер, Т Мюнцср, Ж Кальвин), үшіншісі - антибуржуазиялық утопист социалистердің саяси-құқықтық ойлары (Т Mop, T Кампанелла)
Итальян ойшылы Томмазо Кампанелланын (156S-1639) "Күн қаласы" шығармасында әлеуметтік теңсіздік пен жеке меншікті жою, өндіріспен болысты әділетті түрде қоғамдық негізде ұйымдастыру, еңбекті құрметті және барлық адам үшін міндетті деп тану туралы ойлар қамтылған. Кампанелла өз шығармасын солярийдің қала- мемлекеттік тұрмыс тіршілігін және қоғамдық өмірін сипаттаудан бастайды. Олардың бұқаралық билік жүйесі үш тармақтан тұрады. Бірінші -әскери іс, екіншісі - ғалым, үшіншісі - өндіріс саласы. Оның әрқайсысын өз атына лайық үш билеуші (Күш, Даналык, Сүйіспеншілік) басқарады, ал оларға өз кезегінде үш бастықтан бағанады. Ең жоғары билікте - бас билеуші Метафизиктұрады. Барлық мәселелер мен дауларда соңғы шешім шығару соның қолында.
Утопист-социалистердің шығармаларында адам бостандығы мен еркіндігі, құқықтары, олардың кепілдігі туралы мардымды ештеңе айтылмайды. Және олар өз шығармаларында көрсетілген қоғамдық өмірді қалай орнату керектігі, басқару формасы мен саяси режим туралы ойқозғамайды. Дегенмен. олардың мінсіз мемлекет пен қоғам туралы ой-пікірлерінің теориялық негізсіздігіне, қиялилығына қарамастан одан кейінгісоциалистік ілімдердің қалыптасуына ықпалын тигізді.
ХУІ ғасырдьщ І-ші жартысында Батыс және Орталық Европада өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаты жөнінен антифеодалдық, ал идеологиялық формасы жөнінен діни (католик шіркеуінс қарсы) қоғамдық қозғалыс кең қанат жайды. Бұл қозғалыстын басты мақсаты - рим-католик. шіркеуінің ресми доктринасына түзету енгізу, шіркеу құрылымын өзгерту және мемлекет пен шіркеу арасындағы өзара карым-қатынасты қайта құру болып табьлатындықтан, бұл қозғалыс реформация деген атқа ие болды.
Реформация қозғалысының бастамасын жасаушы және ірі қайраткері немістің діни ғалымы Мартин Лютер болды. Бүкіл Германияны дүр сілкіндірген реформацияның саяси-қүқықтык және діни ұранын Мартин Лютер жасаған болатын. Оның 1517 жылғы қарашада 95 тезистен тұратын күнәні кешіретін грамоталарға қарсы шығуы реформациялық қозгалыстың бастамасын салып берді. Мартин Лютердің саяси-құқықтық жүйедегі көзқарасын жақсы түсіну үшін 1-ден оның XVI ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ Реформацияның революциялық лагеріне қарсы болғандығын, 2-ден оның өзінің ұстанған мақсаты мен ол айтқан тарихи идеялардың арасындағы айырмашылықты ескеру қажет.
М. Лютер ілімінін басты кағидасы - адам сену арқылы ғана Корғаныш таба алады деген тезисі болып табылады. Әрбір сенушi өзінің жасаған әрекеттері үшін құдай алдында өздері ғана жауап береді және бұл кезде дін иелерінің көмегінін қажеті жоқ. Рим папасынан шаруаға дейінгі барлық адам құдай алдында бірдей- М- Лютерлің бұл кағидасы тендік туралы ерте буржуазия-лық ең алғашқы ұсыныс болды. Лютердін айтуынша, құдайжолын ұстану, христиандық өмір салтын кешу әркімнін жан дүниесіне байланысты бейбіт тәртіпке негізделуі тиіс. Ал бұл тәртіп құдай заңдары арқылы емес, ақсүйектік билік мекемелерінің қолдауы арқылы табиғи түрде жүзеге асуы керек.
Адамның ішкі жан-дүние бостандығы мен діни сенімі мемлекет заңынан тысқары болуы тиіс. Мемлекет билеушілері өздерін халықтың билеушісі емес, қызметшісі ретінде сезінуі керек деп есептеді М. Лютер. Бірақ ол мемлекеттің демократиялық құрылымы туралы ойдан аулақ болды. Ол бұқара халықты билеушіге бағынуды жәнс оған қарсы көтеріліс жасамауға шақырды.
М. Лютердің саяси-қүкыктык көзқарасында карама-қайшылықтар да болмай қойған жок. Шіркеудің үстемдігін мойындамау және мемлекеттін папалықтан тәуелсіздігі туралы оның идеялары жергілікті княздық абсолютизмге қызмет етті. Ол өз ілімін қоғамдағы саяси және әлеуметтік өмірді қайта жанартатындай бағытта дамытады. Ол монархиялық формадағы мемле-кетті хрестиандық өмірге қажетті тәртіпті орнықтырушы ретіндеқарады. Оның айтуынша, тәртіп орнатуды кез-келген түрдегі мемлекеттер атқара алады, сондықтан да христиандыктын ішкі діндарлығы қоғамдық қатынастарды ешбір өзгертпей-ақ берік кальштасқан жүйені талап ете алады.
Мюнцердін тікелей қатысуымен шыққан "Баптар бойынша жазылған хатта" халықтын қайыршылық жағдайда одан әрі өмір сүруінін мүмкін емес екендігі айтылды. "Осы кезеңге дейін шіркеу мен өкіметтің тарапынан адам айтқысыз ауыртпалық көріп, жапа шеккен халық бас косып толық азаттыкқа жетуі керек". Ал бұл міндеттерді шешу аталған құжатта "Жалпыға пайдалы цринциптердің негізінде өмірді жанартып, қайта құру мақсатымен барлық сезілген халык бас қосып біріккен жағдайда ғана жүзеге асырылады" деп атап көрсетілді.
Реформациялық қозғалыстың көрнекті идеологы және ықпалды қайраткерлерінің бірі Жан Кальвин (1509-1564) болды. Францияда туып өскен ол Женеваға 1536 жылы келді және осы кезде Базель қаласында өзінін атақты "Христиан дініндегі өсиет" -Шығармасын жарықка шығарды. Бұл шығарманың діңгегі - Құдайдын адам тағдырын алдын-ала белгілеп қоюы туралы доғматы еді.
Кальвин бойынша тағдыр жазмышы ешкімнің де жеке әрекетіне байланысты емес және ешкім де өзінін, болашақ тағдырын болжай біле алмайды, ешкім де оны өзгерте алмайды. Оның айтуынша, байлық та, кедеилік те, сәттілік пен сәтсіздік те құдайға шын ниетімен сенуді айқындаитын сынақ болып табылады. Адамдардын барлығы да өзінің әлеуметтік және лауазымдық жағдайына карамай өздерін құдайдың күлымын деп үғынуы тиіс. Және оны аянбай енбек етіп жақсы нәтижелерімен дәлелдеуге міндетті.
Кальвин мемлекет және билік мәселелері жөнінде асығыстық жасамады. Феодалдық-монархиялық топтарды олардың жасаған зорлык-зомбылығы мен әділетсіздігі үшін сынаған ол, барлық мемлекеттік билікті құдайлық деп жар салды. Билеушінің немесе ӨКІМЕТТІҢ тирандықрежим орнатып құдай зандарын орындамағаны жане шіркеуді қорлағаны үшін олар ерте ме кеш пе құдайдьың жазасына ұшырайды және бүл жазалау оздерінің қол астындағылардың күшімен орындалуы мүмкін. Бірақ, Кальвин тирандықка қарсылық жасауға жеке адамдар емес, тек шіркеу немесе Бас штаттар сияқты өкілдігі бар органдар ғана құқылы деп есептеді. Мұның өзінде де тирандықты жою жолындағы ашық күрес ең әуелі күрестің жария формалары мен бейбіт түріндегі қарсылықтарды түгел пайдаланып біткендс ғана қолданылуы тиіс.
Кальвиндік идеология тарихта елеулі роль атқарды. Ол Батыс Европадағы алғашқы Нидерланды буржуазиялык, революциясынын жеңіске жетуіне және елде республиканың орнауына ықпал етті. Кальвиіндік идеология негізінде Англия мен ІІІотландияда республикалық партияларқұрылды. Реформацияның басқа да идеялық ағымдарымен бірге кальвинизм XVII-XVIII ғасырлардағы буржуазияның саяси-құқықтык көз-қарасының негізін дамытуға септігін тигізді.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ілімнің негізін қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы ретінде де кеңінен танылды. Мемлекет және құқық концепциясы тарихында оның саяси идеялары қарама-қайшылықтар мен жаңа ізденістерге толы болды. Оның мемлекет пен қоғам дамуы туралы көзкарастарын жақтаушылар мен сынаушылардың көптігі, олардың бүл мәселедегі даулы айтыстары да Макиавелли еңбегінің қырсырын одан әрі анықтай алады.
1469 жылы Италияның Флоренция қаласында заңгер отбасында дүниеге келген Никола жас кезінен бастап-ақ қүқықтану негіздерімен еркін таныса алды.
Басқа елдер мен Италияның әртүрлі қала-мемлекеттерінде Дипломатиялық сапармен болған Макиавелли бұл елдердің мемлекеттік басқару істерімен тереңірек танысады. Осы жылдар аралығында Н. Макиавелли үкіметтік жарлықтар мен зандарды дайындауға қатысумен бірге мыңдаған әртүрлі деңгейдегі хаттар мен ұсыныстар жазады. Қызмет бабында үлкен тәжірибе жинактаған ол мемлекет және саясат мәселелері жөніңде мемлекет басшысының сенімді көмекшісі және кеңесшісіне айналады.
1512 жылы Флоренция республикасының құлауына байланысты бірге бүкіл үкімет құрамымен бірге ол да қызметсіз қалады және оған қандайда бір мемлекеттік іспен айналысуына тиым салынады. Саяси және мемлекеттік қызметтен шеттетілгсн ол бұдан кейінгі өмірін әдеби шығармашылыққа арнайды. 1513 жылы "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі", 1519 жылы "Әскери өнер туралы". 1520 жылы "Флоренция тарихы" және тағы басқа еңбектерін жазады.
Макиавеллидің мемлекет және саясат туралы іліміндегі маңызды жаналығы саясат саласын жеке ғылым ретінде көрсетуге тырысу идеясы болып табылады. Бұл салада орасан зор тәжірибс жннақтаган ОЛ саясат коғамдық өмірдің бөлек саласы болып табылады деген қорытынды жасайды. Ол қоғамдык өмірді түрлі мақсаттары және оларды іске асырудағы мүмкіндіктері бір-біріне ұқсамайтын көптеген әлеуметтік күштер мен әрқилы мүдделердін қақтығысы ретінде қарастырады. Оның айтуынша саясат - адам еркіне бағынышты жанды қозғалыс, дауылды стихия, күндер арасындагы күрес, олардың үздіксіз қақтығысы, қайшылықтардын шешімі өзгерістер мсн қайта құрулар.
Саясаттын жеке билік үшін күресі әлдекімдердің құйтырқы әрекеті болатындығын одан бүрынғы ойшылдар да білген болатын. Бірақ оны алғаш рет ресми түрде қыр-сырын үңіле зерттеген Макиавелли еді. Оның өмір сүрген дәуірі Италияның саяси бытыранқылығы, өзара тартыс-таластар, жат елдік баскыншылармен күрес, шіркеудің мемлекет ісіне араласуы да оның мемлекеттегі билік жүргізуші мен оның қол астындағылардын карым-қатынастарын зерттеуге итермеледі.
Макиавеллидің айтуынша, әлемде тендей дөреже шамасында қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен зұлымдық бар, бірақ, олар бір елден екінші елге жылжи отырьш, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін. Яғни, бір елде қайырымдылық пен әділдік үстем болса, екінші елде жауыздык пен зұлымдық басым болады. Мемлекет тарихында бұл процесс әдет-ғұрып пен мінездің жәнс басқа да факторлардың ыкпалымен үнемі озгеріп отырады. Бірақ әлемдегі жақсылық пен жамаңдыктың жалпы жиынтығы өзгеріссіз калады.
Оның айтуынша билеушіде табиғат пен адамның қасиеттері қатар жинақталуы қажет. Андардың қасиеттерін айтқанда ол арыстан мен түлкінің қылықтарын үйренуге жөн сілтеді. "Егер князь андардың әдіс-тәсілдерін үйренуге мәжбүр болса, онда олардың арасынан түлкі мен арыстанды тандауы керек, өйткені, арыстан жыланнан, ал түлкі қасқырдан қорғана алмайды.
"Макиавеллизм" деген атқа ие болған оның бұл ІЛІМІ саясат пен билікте өз мақсатына калай жетсең де дұрыс деген қағиданың пайда болуына әкелді. Оның бұл көзқарастары феодалдық және буржуазиялық билеушілердін арасыңда кеңінен таралды. Макиавеллидің бүл ілімін қазіргі кезде де қолданатындар бар.
Дегенмен Макиавеллиді зұлымдық пен құйтырқы саясатты ғана уағыздаушы деп түсіну қателік болар еді. Ол ел билеу мен саяси мақсатқа жетудің бүл әдіс-амалдарын жеке бастың мүддесі үшін емес, мемлекет, қоғам игілігі үшін, елдін тұтастығы мен бірлігі, қуаттылығы және тыныштығы үшін қолдануға кеңес береді. Ол ең алдымсн өз заманының патриоты, гуманисі, адал ұлы болды. Оның теориясы, концепциясы, көзқарастары - сол дәуірдін; саяси жағдайын бейнелейтін еді. Саясат саласында ол ешқашанда зорлықты, азғындықты, жақтаған жоқ. Керісінше, ол билеуші, саясаткер халықтын, пікірімен санасуы керек деп есептеді. Егср саясаткер зорлыкқа сүйенсе, ол оның жеке мақсаты болмауы керек. Оның айтуынша, зорлықтың мақсаты қирату емес, бүліншілікті қалпына келтіру. Кез-келген зорлық әрекетті мемлекет мүддесі үшін жасалған ғана ақтауға болады.
Макиавелли саяси билікті жүзеге асырудың міндетті ережелерінің бірі қол астындағылардың сеніміне ие болу керек екендігін жақсы түсінді. Жақсы билеушінің басты қасиеттерінің бірі халық сеніміне ие бола білуі деп есептеді. Халық билеушінің билік қызметін жүргізуіне кедергі жасамауы үшін, олар билеушіге толық бағынышты болуы да қажет. Макиавеллидін айтуынша, халықты езінс толық бағынышты етудің екі жолы бар. Оныңбіріншісі -халықтың билеушіге деген сүйспеншілігі, екіншісі - оның алдында қорқынышта болу. Бұның қайсысы тиімді және қолайлы деген мөселеде Макиавелли "сүйіспеншілік пен қорқыныш бір мезгілде болғанда тиімді нәтиже берер еді, бірақ сүйіспеншілік қорқынышпен сіңісе алмайды, ал олардың біреуін тандау қажет болғанда, қорқынышты тандау тиімдірек болады" деген қорытыңдыға келеді.
Мемлекеттің басқару формалары туралы ойларында Макиавелли антикалық заманнан сақталып келе жатқан Платонның, Аристотельдің және Полибийдің еңбектерінде көрініс тапқан классификацияларды дұрыс көреді. Ол Полибийдің басқарудың дұрыс формасы - монархия, аристократия, демократиясын және үш дұрыс емес формасы - тирания, олигархия және охлократияны бөліп қарайды. Онын алғашқы үшеуі басқарудың жетілген, соңгы үшеуі жетілмеген формасы болып есептелінеді.
Мемлекет формаларының бұлайша алмасуын Макиавелли күштер арақатынасының нәтижесі деп есептелді. Ол мемлекеттік формалардың ен тұрақтысы және сыртқы кауіп төнген шақта диктаторлык биліктін енгізілуін жақтаған ежелгі Рим тарихынан мысалдар келтіреді және бейімдеп қолдануды ұсынады.
Макиавелли тарихта орта ғасырлық саяси-құқыктық түсінікті өзгертуші, Кайта өрлеудің саяси доктринасын жасаушы ретінде енді. Оның ілімі саяси ғылымынын одан кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті. Италия ойшылының еңбектері саяси даналық пен саяси тәжірибенің өзінен кейінгі дәуірге жинақтаған энциклопедиясы.
Тапсырма:
Осы тақырып бойынша бір сұрақты таңдап, сол сұрақ бойынша реферат дайындау (5-6 бет) .
Өзіндіқ бақылау сұрақтары:
1. Н. Макиавеллидің мемлекет және құқық туралы ілімі.
2. М. Лютер және Т. Мюнцердің саяси-мемлекеттіқ ойлары.
3. Т. Мор және оның утопиялық мемлекеті.
4. Т. Кампанелла және оның « Күн каласы» шығармасы.
5. Ж. Кальвин және Ж. Боденнің саяси-құқықтық ойлары.
Негізгі әдебиет:
1. Алексеев С. С. Философия права. -М. ; 1997.
2. История полттических и правовых учений. Домарксистский период\
Под ред. О. Э. Лейста. - М. ; юрид. Лит. 1991.
3. Нерсесянц В. С. Философия права. Учебник для вузов. - М. ; Издательская группа ИНФРА-М-НОРМА, 1997.
4 История политических и правовых учений. \ Под ред. В. С. Нерсесянца. - М. ; НОРМА-ИНФРА - М, 2000.
5. Керимов Д. А. Филослфские основания политико-правовых ииследований. -М. ; 1986.
6. Кохановский В. П. Философия и методология наки: Учебник для высших учебных заведений. - Ростов н\Д. ; Феникс. 1999.
7. Антология мировой философии. В 4-х т. Т. 1. -М. ; Мысль, 1969.
8. Антология мировой политической мысли: в 5-ти томах. Т. 1. - М. ; Мысль, 1997.
9. Черниловский З. М. Всеобщая история госуударства и права. - М. ; Юристъ. 1996.
Косымша әдебиет:
1. Кампанелла. Город Солнца. - М. ; 1954.
2. Макиавелли Н. Избранные произведения. - М. ; 1982.
3. Лейст О. Э. Вопросы государства и права в трудах социалистов-утопистов. - М. ; Наука, 1966.
4. Мор Т. Утопия. М. ; мысль, 1978.
7-тақырып.
Ерте буржуазиялық саяси- құқықтық ілімдер.
Елді Испания езгісінен азат етуде кальвинизм маңызды роль атқарғанымен орта топтың едәуір бөлігінің қолдауына ие болған олар республикалық партияға қарсы күрес жүргізді. Ой еркіндігі мен діни сенім бостандығына қарсы бағытталған жаңа саясат кальвинизм шіркеуінін мүдделеріне қайшы келді.
XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясы феодализм мен абсолютизмге күйрете соққы берді, көптеген феодалдық тәртіптерді жойып, конституциялык монархияға жол аштты республикалық басқаруды орнатты және капиталистік қатынастардың кен өркен жаюына мүмкіндік жасады.
Ағылшын революциясы өзіндік сипаты мен ерекшелігі жағынан белгілі болды. Революцияның негізгі қозғаушы куші болған қала буржуазиясы жаңа дворяндар-джентрилермен одактаса білді. Революция жағында сонымен бірге кала кедейлерінен ұсақ буржуазия және шаруалар күресті. абсолюттік құрылысты жақтаушылар катарында ескі дворяндар мен ағылшын шіркеуінің жоғары басшылығы болды.
Революцияға қатысқан әрбір коғамдық топ өздерінің саяси бағдарламалары мен талаптарын қойды. Олардың бұл бағдарламалары мен талаптары өзінің теориялық құрылымы мен мазмұны және әлеуметтік-таптық мүдделері жағынан бір-біріне мүлдем ұқсамады. Идеялары мен көзқарастары бойынша оларды дін ғана біріктірді.
Лондонның бай көпестері мен банкирлері және буржуазияланған дворяндар тобының мүддесін пресвитериандардың діни-саяси партиясы колдады.
Пресвитериаңдар конституциялық монархияны, шіркеуге аздаған реформа жасауды, король билігін шектеуді қолдаса индепенденттер республикалық құрылысты, шіркеудін жерін тәркілеуді, саудаға байланысты кедергілерді жоюды, шіркеуге кен көлемде реформа жүргізуді ұсынды. Иңдепеңденттердің ал-ғашқы кездегі көсемдерінің бірі - О. Кромвель болды. Индепенденттердің көзқарастары Дж. Мильтон, О. Сидней, Дж. Гаррингтон және тағы басқалардың еңбектерінде көрініс тапты.
Джон Лильберн көсемі және идеологы болған левеллерлер партиясы сайлау жүйесін демократияландыруды, сауданын толық бостандығын, барлығының зан алдында тен болуын, парламент өкілдігін кеңейтуді талап етті.
Олардың саяси бағдарламасынан буржуазиялық рсволюциялық демократияның тұжырымдамасы айқын көрінді.
Гуго Гроций жана заманның (табиғи және халыкаралық құқықтың) ерте буржуазиялық ілімінің неігізін қайталаушылардын бірі, Голландияның әйгілі заңгері және саяси ойшылы.
Құкықтану саласы Гроций үшін құқық және әділдік, ал саяси ғылым мақсаттық пен пайда мәселелері болып табылады. Ол құқықтануға "ғылыми форма" беру үшін оның табиғаттан пайда болуы мен қолдан жасалу шекарасын анықтау керектігін айтады. Өйткені, қолдан жасалған құкықтар уақыт ағымы-на қарай өзгермелі келеді (мысалы, мемлекеттің келісім арқылы орнығуы, мемлекеттік зандар, халыктар құқығы және т. б. ) - ал табиғаттан шыққан құкыктар яғни, табиғи құқықтар барлық уақытта өз күйінде қалады. Сондықтан ол заңтануда өзінін ерік қайнар көзі бар "табиғи, өзгеріссіз" бөлігін басқалардан айыра білу кажеттігін атап көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz