Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері


Мазмұны

Кіріспе . . . 7

1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы түсінігі мен сипаттамсы

1. 1 Қоғамдық қауіпсіздікке арналған заңнаманың даму тарихы . . . 10

1. 2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі . . . 17

2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері

2. 1 Терроризм қылмысының түсінігі . . . 24

2. 2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардағы ұйымдасқан қылмыстық

топтардың жасайтын қылмыстары . . . 29

2. 3 Жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар сипаттамасы . . . 41

3 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар арасындағы жауаптылық ерекшеліктері

3. 1 Бұзақылық қылмысының сипаттамасы . . . 55

3. 2 Бұзақылық, тағылық, жаппай тәртіпсіздік қылмыс құрамдарының ерекшеліктері . . . 60

Қорытынды . . . 72

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 73

КІРІСПЕ

Еліміздің тәуелсіз, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына 20 жылдан асты. Осы жылдар ішінде көптеген заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер қабылданғаны мәлім, бірақ бұл заңдардың қаншалықты қоғамға пайдалы екенің тек уақыт өте көре аламыз.

Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында соңғы жылдары әрбір азаматтың өмір сүруіне қауіпсіз жағдайлар қалыптастыру, бостандық және жеке басқа қолсұғушылық конституциялық құқығын сенімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері де алдыңғы қатарға шыға бастады. Азаматтардың конституциялық құқықтарына қылмыстардың ауыр және ерекше ауыр санаттары ең үлкен зиян тигізеді.

Қылмыстылықпен тиімді күресуге ықпал ететін бағыттардың бірі - қылмыстық заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті бекітетін бөлігінде. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру бірқатар бастапқы қылмыстық-құқықтық ережелерді қайта қарастырумен қатар, қылмыстық-құқықтық нормаларды қалыптастыру үшін елеулі маңызы бар салыстырмалы түрде жеке мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың бірі - қылмыстық кодекстің ерекеше бөліміндегі кейбір нақты нормалардың құрылымдарын нақтылап анықтау қажеттілігі.

Сондықтан да берілген тақырып қазіргі таңда өзекті болып табылады. Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 9-шы тарауында бекітілген қоғамдық қауісіздікке қарсы қылмыстарының құрамына заңдық талдау жүргізу, бұл нормаларды қолданудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.

Берілген мақсатқа сүйене отырып келесі міндеттер қойылған:

• қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік орнататын заңдардың бұрынғы кездегі және қазіргі заңнамада даму тарихын талдау;

• қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру түрлерін көрсету;

• қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс құрамдарының элементтері (объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы) бойынша талдау жүргізу.

1997 жылы шілде айының 16-шы жұлдызында Қазақстан Республикасының Парламенті жаңа Қылмыстық кодексті қабылдады, ол 1998 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.

Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі - адам, қоғам, мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Жеке адам мен қоғам арасындағы қатынастардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына мемлекет кепілдік береді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-ші бөлімі осыған тікелей арналған. Конституцияның 1-ші бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған. [1]

Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары соның ішінде Қылмыстық кодексте адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-ші бабында адам және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасында барлық заңдар жеке бостандықтарды қорғауға әр уақытта артықшылық береді.

Күнделікті өмірде қылмыс жасады, қоғамдық тәртіпті бұзды деген сөзді жиі-жиі естуге болады. Демек, мұндай әрекет жасаушылар білмей немесе қасақана заңдылықты, құқық тәртібін бұзады. Соның нәтижиесінде құқық бұзушылық пайда болады. Құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы, қоғамға қайшы, тұлғаға зиянды, қауіпті кінәлі деп танылып жазылынатын әрекет немесе әрекетсіздік.

Қылмыс - бір адам арқылы емес бірнеше адамның бірігуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зардаптың мөлшері де жеке дара адам істеген жауапты болатынды тура анықтау қажеттілігі туындайды.

Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірігіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады.

Жаңа Қылмыстық заңда қылмысқа бірлігіп қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар) жекелеген іс-әрекеттерін сипаттайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының анықтамасы берілген (ҚР ҚК-тің 21-31 баптары) .

Қылмыстық кодексте жазалау катерімен тыйым салынған айыпты коғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.

Көптеген Батыс Еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың формальдық анықтамаларына түсінік беруі орын алған, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тыйым салынған материалдық-формалдық анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы белгілі.

Егер қылмыстың түсінігі формальды анықтамаға түсінік бере отырып қол сұғушылықтың құқыққа қарсы формальды белгілеріне сілтеме жасаса, ал материалды анықтамада формальды белгілерімен міндетті түрде материалды қоғамға қауіптілік әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.

Қылмыстың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 9-ші бабында берілген. Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.

Берілген анықтамаға сәйкес, қылмыс міндетті белгілерімен сипатталынады. Бұл - қоғамға қауіптілік, оның құқыққа қайшылығы, кінәлік және жазалылық. Тек қана осы көрсетілген белгілердің жиынтығының болуымен ғана байланысты қолсұғушылық қылмыс болып табылуы мүмкін.

Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік - қылмыстық заңмен қорғалған қоғамдық қарым-қатынасқа нақты қауіптілік тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік) .

Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын көрсетеді. Қоғамға қауіптілік іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызуы белгілерімен сипатталады. Заң атқарушы, егер қолсұғушылыққа тыйым салуды міндетті түрде таба отырса, қауып туғызған нақты әрекет немесе әрекетсіздікті әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді.

Қоғамға қауіптілік - тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Әкімшілік құқық мысалы, қоғамға немесе мемлекетке жеке адамға зиян тигізеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігі едәуір төмен.

Заң шығарушы қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырып көрсетуі үшін, қолсұғушылықтың нәтижесінде болатын зардаптардың белгілерін сипатайтын белгілерді ҚР ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозициясында көрсеткен. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны (ҚР ҚК 256-шы бабы), сапасыз құрылыс (ҚР ҚК 245-1 бабы), атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны (244-ші бабы) үшін қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс.

Мемлекет қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, адамдардың тыныштығын, олардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылмауына ерекше мән береді. Осыған орай ҚР қылмыстық кодексінің жекелеген тарауы мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігімен бірге қоғамдық тәртіпті реттеуге, қорғауға арналған.

Берілген дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қазақстандық және ресейлік авторлардың еңбектері, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы, мерзімдік басылымдардан алынған материалдар құрады.

1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы түсінігі мен сипаттамасы

1 Қоғамдық қауіпсіздікке арналған заңнаманың даму тарихы

Қазіргі әрекет етуші ҚР Қылмыстық кодексі қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғушылық ретінде қарастырған іс-әрекеттер ең алғаш рет қылмыстық және түзеу жазалары туралы Заңдар жинағында жеке топ ретінде ажыратылды. Бұл Заңдар жинағының «Қоғамдық жайластырушылыққа және қоғамдық орындардың бекіткен тәртіп ережелеріне қарсы қылмыстар және теріс қылықтар туралы» бөлімінде «Қоғамдық тыныштықты, тәртіпті және оларды қорғайтын ережелерді бұзу туралы» деп аталатын тарау болды. Жазаланатындығы І Петр заманынан белгілі кейбір әрекеттерді, («Ғажайыптарды», ырымшылдықты немесе надандықты пайдалана отырып зиян келтіру) криминализациялауда мирасқорлықты сақтай және бұл тараудың баптарын бөлімдер бойынша топтай отырып, заң шығарушы сиқырлаушылық, «жаман ойлы топтар құру және притондар ұстау», зиянды хабарлар тарату, куәнің жалған жауап беруі және халықты тұрғылықты жерінен көшуге көндіру түріндегі әрекеттер қоғамдық тыныштықты бұзумен тікелей байланысты екендігін басшылыққа алғаны анық. Ал, қоғамдық тәртіпке келсек, оған қарсы әрекеттер ретінде қаңғыбастықпен, қайыр сұраумен айналысатын, белгілі бір елді мекендерде тұруға рұқсаты жоқ тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар ғана емес, сонымен қатар қаруды, оқ-дәрілерді және т. б. заңсыз дайындау, сақтау және өткізу, адамға итті немесе қандай да бір жануарды айдап салу танылды. [15]

Мұндай қол сұғушылықтардың кеңірек шеңбері 1903 жылғы Қылмыстық Заңдар жинағында бекітілді. Екі негізгі түрге тоқтала отырып, оларға ерекше бөлімнің жеке тараулары арналды: бірі «Қоғамдық және жеке қауіпсіздікті қорғайтын ережелерді бұзу туралы», екіншісі «Қоғамдық тыныштықты қорғайтын ережелерді бұзу туралы» деп аталады. Бірінші тарауға қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз жасау, сатып алу, сақтау немесе өткізу; адамға жануарды айдап салу; қауіпсіздік ережелерінің жекелеген түрлерін сақтамау: ацетиленді және кальций - карбидті ұстау, жарылғыш құрылғыларды (бу қазандарын) пайдалану, көлік құралын жүргізу (мысалы, абайсыз немесе шектен тыс жылдамдықты асыру, ат тізгінін көрінеу қабілетсіз немесе мас адамға ұстату), жабайы аңды ұстау, спирт ішімдіктерін сату.

Бұл тарауда өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамау туралы да айтылды: «темекі тартуға заңмен, немесе, міндетті ережемен тыйым салынған жерде темекі тарту» үшін және «темекі тартуға тыйым салынатындығы туралы ескертуге қарамастан өрт немесе жарылыс қауіпін тудыратын жерде темекі тарту» үшін жеке санкциялар көзделді.

Екінші тарау негізінен өзге іс-әрекеттердің белгілерін қамтыды (қылмыстық қауымдастықтар құру, притондар ұстау, зиянды хабарлар тарату, қаңғыбастық және т. б. ) . Бірақ бұл тарауға да бірнеше жаңа құрам енгізілді, оның ішінде, сотқарлық: «қоғамдық орында немесе қоғамдық жиында, немесе олардан тыс, бірақ қоғамдық тыныштықты немесе тәртіпті бұза отырып айқай, шу көтеру немесе өзге де жүгенсіздік жасау», кейіннен бұл әрекеттер «бұзақылық» терминімен белгілене бастады.

1922 жылғы алғашқы Кеңестік Қылмыстық кодекс ерекше бөлімнің баптарын жалпылама топтауға негізделді. Осыған байланысты бір тарауға қылмыстық - құқықтық қорғалуға жататын үш объектіге қол сұғушылықтар біріктірілді: халықтың саулығы, қоғамдық қауіпсіздік және көпшілік тәртіп. Заң шығарушы жоғарыда аталған бірқатар іс-әрекеттердің жазаланатындығын жоққа шығарып жекелеген қылмыстарды қылмыстық-құқықтық бағалаудың бағытын қайта қарап оларды берілген тараудан алып тастау мүмкін деп есептеді. Мысалы, «сәйкес рұқсатсыз жарылғыш заттарды немесе оқ-дәрілерді жасау, сатып алу, сақтау немесе өткізу» жағдайлары қылмыстық жауапкершіліктің дербес негізі ретінде ажыратылып басқару тәртібіне қарсы қылмыстармен тікелей байланыстырылды. Атыс қаруын заңсыз сақтау бұрыңғысынша қоғамдық қауіпсіздік мүдделерін қылмыстық жазаланатын бұзушылық ретінде қарастырылғанын атап өту қажет. Қоғамдық қауіпсіздік мүдделерін қорғау Ерекше бөлімнің тағы да екі бабын қалыптастыру кезінде көзделді: олардың бірінде темір жол және су жолдарында жүру тәртібі мен қауіпсіздігін қорғау үшін арналған ережелерді сақтамау туралы, екіншісінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде заңмен немесе міндетті ережемен белгіленген құрылыс, санитариялық және өртке қарсы ережелерді орындамау немесе бұзу туралы айтылды. Мұндай нысанда қалыптастырылған құрамдар ол кезеңде көпшілік тәртіп түсінігі өзінің мазмұнымен халықтың денсаулығын қорғауға арналған ережелерді қамтығанының дәлелі бола алады. 1922 жылғы Қылмыстық кодекстің мағынасы бойынша көпшілік тәртіпке көптеген өзге ережелерді (тұрғылықты жері бойынша тіркелу және есепке тұру, баспа туындыларды шығару, баспаханалар ашу, жеке кәсіпорындардың қызметі туралы есеп беру, механикалық қозғалтқыштарды орнату және т. б. ) сақтамау нәтижесінде зиян келеді. [16]

Заң шығарушының қылмыстық - құқықтық қорғаудың дербес объектісі ретіндегі көпшілік тәртіпке көзқарасын сипаттау үшін бұзақылықтың бағыттылығы туралы сұрақтың шешілуі ең көрнекті болып табылады. Бұл терминді білмегенімен, 1903 жылғы Қылмыстық заңдар жинағы сәйкес әрекеттерді қоғамдық тыныштыққа және тәртіпке қолсұғушылық деп есептеді: «сотқар, мақсатсыз, жекелеген азаматтарды немесе тұтастай қоғамды құрметтемеуді анық білдірумен ұштасқан әрекеттер», ал 1922 жылғы Қылмыстық кодекс оларды жеке тұлғаға қарсы қылмыстарға жатқызды. Кейіннен 1926 жылғы Қылмыстық кодексте оларға біршама өзгеше баға берілді. Бұл әрекеттердің сараланған түрлері (сотқарлық немесе жүгенсіздіктің көрініс табуы, қайталануы, қасақанашылық, айрықша цинизм, өрескелдік) ажыратылып бұзақылық құрамымен сотқар, қоғамды айқын құрметтемеумен ұштасқан әрекеттер қамтылды және заң шығарушы бұзақылықты жазалайтын бапты «Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар» тарауына енгізген негізді деп есептеді. 1940 жылы бұл құрамның белгілері жаңа редакцияда берілді («кәсіпорындардағы, мекемелердегі және қоғамдық орындардағы бұзақылық әрекеттер»), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер»), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер»), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер»), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер»), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер»), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билік орындардағы бұзақылық әрекеттер»), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер»), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер»), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер»), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте орден1 жасалды. Сәйкес құрамдар тікелей қоғам мүшелеріне ғана емес, сонымен қатар табиғатқа зиян келтіру қауіпін тудыратын іс-әрекеттерді қамтуды көздейтін жүйеге қалыптастырылды. Экологиялық сипаттағы қолсұғушылықтардың сипаттамасына тоқталмай - ақ заң шығарушы қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасында бірінші орынға көлік қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзуды қойғанын атап өткен жөн. Бұлардан кейін жұмыстардың жекелеген түрлерін (тау-кен, құрылыс) жүргізу немесе жарылыс қауіпі бар кәсіпорындарда және жарылыс қауіпі бар цехтарда қауіпсіздік ережелерін сақтамаумен байланысты іс-әрекеттер көрсетілді. Тез тұтатанатын және улы заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, қаруларды және оқ - дәрілерді ұстау ережелерін бұзу дербес қылмыс құралдары ретінде қарастырылды. 1959 жылғы Қылмыстық кодекстің әрекет етуі кезінде бұл жүйе бірнеше рет жаңа құрамдармен толықтырылды (өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, жарылғыш немесе тез тұтатанатын заттарды әуе көлігімен заңсыз алып өту, атыс қаруын ұрлау және т. б. ), бірақ олар әрқашанда әрекет етуші қылмыстық - құқықтық нормалармен үйлестірілген жоқ (мысалы, улы заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу үшін қылмыстық жауаптылық енгізгенде тез тұтанатын немесе улы заттарды заңсыз тасымалдау құралының болуына қарамастан жаңа норманы есірткі заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау үшін жауапкершілік көздейтін баппен байланыстырды) . Дегенмен, алғашқы кеңестік қылмыстық кодекстермен салыстырғанда 1959 жылғы қылмыстық кодекс қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектісі болып табылатын қоғамдық қауіпсіздік туралы белгілі көзқарастарға негізделді. Қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын іс-әрекеттерге анықтама бере отырып әдебиеттерде олардың жалпы белгілері туралы (кінәлінің белгілі бір ережелерді бұзуы, бұл ережелердің белгілі бір қауіптілігі жоғары қайнар көзді пайдаланумен байланыстылығы, тұлғалардың белгісіз шеңберіне зиян келтіру қауіпінің болуы және т. б. ) айтыла бастауы кездейсоқ емес. [17]

Авторлардың арасында 1959 жылғы Қылмыстық кодекстің мағынасында қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық тәртіп деп түсінілетінді сипаттауда ауызбірлік болған жоқ: біреулері оларды әлеуметтік (құқықтық, адамгершілік және т. б. ) нормалармен реттелген базистік емес қатынастар деп атаса, екіншілері - қоғамдық органдарда бекітілген тәртіп ережелері, үшіншілері оларды азаматтардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың еңбек етуінің, демалуының және қызмет етуінің қалыпты жағдайын қамтамасыз ететін қатынастар деп атады. Қоғамдық тәртіпте жалпы сипаттама беру кезінде қылмыстық құқық теориясында туындаған қиыншылықтар бұл ұғымның күрделілігімен емес, әдетте бұл ұғыммен заң шығарушы қоғамдық тәртіпке қолсұғушыларға жатқызған барлық іс-әрекеттердің бағыттылығын қамтуға тырысуымен түсіндіріледі. Бұл тұрғыдан 1959 жылғы Қылмыстық кодекс бұрын әрекет еткен кеңестік қылмыстық заңдылықтан жақсырақ болды. [18] Ал, 1903 жылғы Қылмыстық заңдар жинағымен салыстырсақ, Қылмыстық кодекс қоғамдық тәртіпке қол сұғушылықтарға өлтірумен, денеге ауыр жарақаттар келтірумен немесе мүлкіті жоюмен қорқыту (Қылмыстық заңдар жинағында ол жеке бостандыққа қарсы қылмыстарға жатқызылған болатын) ; кәмелетке толмағандарды қайыршылыққа немесе өзге де адамгершілікке жатпайтын істермен айналысуға тарту (ХХ ғасырдың басында бұл әрекеттер адамгершілікке қарсы қол сұғушылықтар болып танылған) ; көрінеу ұрланған мүлікті сатып алу және өткізу (Қылмыстық заңдар жинағында бұл әрекет мүлік бойынша жазаланатын адал болмаушылықпен байланыстырылған болатын) сияқты әрекеттерді жатқызды. 1959 жылғы Қылмыстық кодекстің мағынасы бойынша притондар ұстау және жеңгетайлық порнографиялық материалдарды жасау және өткізу, мәйіттер жерленген жерлерді қорлау, мәдениет ескерткіштерін бұзу, жою немесе бүлдіру қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға жатуы тиіс деген әдебиеттерде айтылған пікірлер де жағдайды анықтаған жоқ. Мұндай пікірлерді шындыққа сәйкес келеді деп есептеуге болмайды, алайда олардың пайда болуы «қоғамдық тәртіп» термині ол кезде бір мағыналы және нақты қолданбағанымен дәлелі бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, Маңызы және заңдылық сипаттамасы
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН САРАЛАНУЫ
Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы
Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдык қауіпсіздік
Терроризмді дайындаушы тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстың басқа құрамының болмауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz