Қазақстандағы бүгінгі әйелдер қылмыстылығының жалпы криминологиялық сипаттама беру


Кіріспе
Бұл жұмыста Қазақстандағы бүгінгі әйелдер қылмыстылығының жалпы криминологиялық сипаттама беру әрекеті жасалынды және криминологияның ең күрделі проблеманың бірі, яғни қарастылырған құбылыс бойынша әлеуметтік-құқықтық бақылау шаралар жүйесін жүзеге асыру мен одан әрі дамыту негізінде қылмыстылықтың алдын алу жолдарын ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген проблемаларының шешілуі ғылыми саламен криминология пәнінің салааралық сипаттағы мүмкіндіктерді кеңінен жолдану арқасында қол жеткізілді. Бұл проблемалық жағдайды қарастыру әртүрлі құбылыстармен құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, табиғи, жаратылыс тарихи және геосаяси процестерді салыстыру арқасында қол жеткізілді.
Бұл проблеманың өзектілігі келесі жағдайлардан көрінеді:
- соңғы жылдары әйелдер қылмыстылығының жалпы және жеке
түрлерінде құрылым мен динамикасындағы өсу тенденциялар;- әйелдердің қылмыстық мінез-құлықтық жалпы қоғамға, өзінің мінез-
құлық психологиялық жағдайына және жеке институттарға, сонымен қатар
ерекше орында тұратын отбасылы қатынастарға теріс ықпалдың өсуі;- әйелдер қылмыстылығы құрылымында пайдакүнемдік ниетті
деликіттермен мемлекеттің экономикалық жүйесіне, азаматтардың меншігіне ірі материалдық залал келтіретін қол сұғушылықтардың көбеюі;- әйелдер қылмыс жасалуына ықпал ететін арнайы себептермен
жағдайларды ескере отырып профилактикалық жұмысты өткізу қажеттілігі;- әйелдер арасындағы қылмыстылық проблемаларының ғылыми өңдеу
дәрежесінің жеткіліксіздігі.Әйелдердің қылмысты мінез құлығы әлеуметтік жағдайдың объективтік және субъективтік факторлардың, оның ішінде ең маңыздысы әлеуметтік тәртіптің факторлары өзара әрекеттесумен анықталады.
Бүгінгі әйелдер қылмыстылығы өзінің әлеуметтендірілген ерекшеліктеріне ие. Олар қоғамда жүріп жатқан тарихи, геосаяси, экономикалық-құқықтық, демографиялық және басқа да өзгерістерге тікелей тәуелді. Бұл өзгерістер әйелдердің микроәлеуметтік ортасында анық көрінеді.
Микроәлеуметтік ортаның теріс ықпалы әйелдердің өмір жолының әр сатысында әр түрлі болады және келесі әлеуметтік-демографиялық өзгешеліктермен шартталған, яғни олар: жасы, еңбек ету қызметі, материалдық жағдай, отбасылық қатынастарының жалпы және басқалар.
Микроәлеуметтік ортаның теріс ықпалы жазаны өтеп жүрген бас бостандығынан айыру орындарында өте қатты көрінеді, ал ол орта ерлер колониядағы ортадан өзгешеленеді.
Әйелге қатысты қылмыстык жазалауды қолданумен және орындаумен байланысты проблемаларының көбеюі девианттық мінез-құлықтық белгілері бар әйелдер тұлғаның қалыпты антиәлеуметтік бағытын қалыптастыруға криминогендік факторлардың жүзеге асырылуына жағдай жасайды.
Бұл факторлардың қатарына алкогольдік ішімдіктерге құмарлық, есірткіге құмарлық, жезөкшелік, тұлғамен ресми емес әлеуметтік топтарға әсіресе кәмелетке толмағандарға қылмыстық-кәсіби салт-дәстүрлердің ықпалы, ұйымдасқан қылмыстық бірлестіктердің қызметіне әйелдерді кіргізу процесі. Сонымен бірге кәмелетке толмаған қыздарды қылмыстың әрекет пен жезөкшелікпен айналысуға тартылуы, ресми еңбек қызмет пен қылмыстық қызметпен араласып кетуі өсуде.
Әлемдік криминологиялық ғылымының тарихында әйелдер қылмыстылығы проблемасына арналған зерттеулер әйелдер қылмыстылығының спецификасын, ерлер қылмыстылығынан ерекшеленетін санды және сапалы сипаттамаларын көрсеткен. Мұның нәтижесінде әйелдер қылмыстылығы бүкіл қылмыстылық құрылымынан айырып жеке элементке бөлуге мүмкіндік берді. Қылмыстылықтың бөлшегі болып әйелдер қылмыстылық қоғамға теріс ықпал етеді, әлеуметтік өмірдің құбылыстарының кең шенберіне әсерін тигізеді. Сонымен қатар бүгінгі әйелдер қылмыстылығы өзгермелі құбылыс болып келеді, өйткені бұл құбылыс әлеуметтік процестермен және оларға сәйкестендірілген құқық бұзушылыққа қарсы күрестің құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған мемлекетпен өткізілетін шаралармен шартталған [1] .
Әйелдер қылмыстылығы проблемалары әр кезде әлемдегі әйгілі ғұламалардың еңбектерінде өз баяндауларын тапқан. Олардың қатарына Ч. Ломброзо, П. Тарновская, М. Н. Гернет, Ю. М. Антонян және тағы басқалар кіреді. Бұлардың негізінен барлығы әйелдердің қылмысты мінез-құлықтың қалыптасуына өмір сүру әлеуметтік жағдайларымен процестердің ықпалының ерекше мәнділігін атап көрсеткен [2] .
Әйелдер қылмыстылығының зерттеулердің басталуы XIX - ғасырдың екінші жартысына сай келеді. Негізін қалаушылар қатарына Ламбер Адольф Жак Кетле (1796-1874) және Чезаре Ломброзо (1836-1909) жатады.
Ғылыми статистиканың негізін қалаушы бельгиялық социолог криминолог А. Кетле қылмыстылықтың даму заңдарын зерттегенде мынадай қорытындыға келді: «қылмыс жасауға қалауы адамның жасына, жынысына, оның кәсіби-мамандығына, білім дәрежесіне, жыл мезгіліне және тағы басқаға тәуелді болып келеді» [3] . Кетленің айтуынша ерлердің әйелдерге қарағанда қылмыс жасауға талпынысы қатты көрсетілген, өйткені әйелдерге сезімтал, ұят және қарапайымдылық деген қасиеттер тән және өздерінің әлеуметтік тәуелділігіне байланысты оларда қылмыс жасауға мүмкіндіктер аз болады. Сонымен қатар әйелдер өздерінің физикалық әлсіздігіне байланысты қылмыс жасаудың дайын мүмкіншіліктерімен пайдалана алмайды.
Бұл құбылыстың басқа түсіндірілуін антропологиялық мектептің өкілі бұрынғы түрме дәрігері сот-медицинасының профессоры Ч. Ломброзо мен оның жол қуушысы П. Н. Тарновскаямен берілген еді [4] . Ч. Ломброзо әйелдер қылмыстылығының ерлер қылмыстылығына қарағанда аздығы әйел ағзасымен мінезінің ерекшеліктеріне және белгілі бір мөлшерде әйелдердің «биологиялық дамымағандығына» байланысты [5] .
Итальян криминолоғы Энрико Ферри, Ломброзоның жолын қуушысы, әйелдер еркектерге қарағанда өте қатал және «қырсық» рецидивистер және өздері жасалған қылмыстар үшін онша өкінбейді. Э. Ферри айтуынша әйелдердің осындай төмен сезімталдығы олардың аналық функцияларын атқару нәтижесінде пайда болады, өйткені мұндай атқарулар өте көп күшті жұмсауды қажет етеді. Мұның әйелдердің биологиялық дамуы тоқтатылады да даму дәрежесі бойынша олар балақай мен ересектің ортасында тұрады» [6] .
Антропологиялық мектептің жол қуушысы П. Н. Тарновская пікірі бойынша адамның қылмысты мінез-құлыққа бейімділігі биологиялық негізде құралған, бірақта Тарновская басқа себептіліктерге де мән бөлген, яғни өмір сүру жағдайы, тәрбие-тәлім, сабақ-дәріс [7] .
1. 1. Әйелдер қылмыстылығының пайда болу себептері
Әйелдер қылмыстылығының негізгі ерекшелігіне, әдебиетте аталып өткендей, әйелдің қоғамдағы әлеуметтік позициясы мен рөлдерінің ерекшеліктері, сондай-ақ оның іс-қимылының негізгі сылтауларының туындысы жатады.
Әйелдер қылмыстылығының деңгейі мен үдемелік қарқыны (тіркелген қылмыстардың абсолюттік саны мен коэфициенттері) ерлердікіне қарағанда едәуір төмен. Бұл негізінен әйелдердің көптеген қылмыстарға тікелей емес, жанама қатысатындығының нәтижесінде болады. Бұл қылмыстар - ерлерде сирек кездесетін арандатушылық қылмыстық жолмен табылғанды сату, пайдалану және т. б.
Әйелдерге қылмыстылығының басқа құрылымы тән, атап айтқанда, оларда пайдакунемдік қылмыстар басым, оның ішінде - иемдену, жаратып қою не қызмет бабын теріс пайдалану; алаяқтық алдау.
Әйелдердің зорлық қылмыстарының бір түрі - жаңа туған сәбиді өлтіру. Адамды басқадай өлтірулер, әдетте отбасы-тұрмыстық жағдайларда, қызғаныштан, ашынасынан айырылып қалмау мақсатта жасалады. Оларда көбіне күйеулері, ашынасы, жақын туыстары, тіптен балалар құрбан болады.
Әйелдерге тән әлеуметтік позициялар мен ролдерді жоғалта бастағанына, аса азғындағандықтан (маскүнемдік, нашақорлық) немесе қартайғандықтан ерлердің өмір салтына жақындай бастағанына қарай әйелдер ерлердікіне ұқсас зорлық және басқа әрекеттер жасайды, тіптен әйел зорлағанға қатысады.
В. А. Серебрякованың айтуына қарағанда айқындалған қылмыскер еркектермен салыстырғанда қылмыскер-әйелдер арасында егде жастағы адамдар көп екен. Тиісінше, қылмыскерлік әрекет, көбіне, не кәсіптік міндеттерді орындаумен, не отбасындағы дау-дамаймен байланысты болады.
Отбасындағы материалдық тапшылықтың салмағы алдымен әйелге түседі, себебі ол, еркекке қарағанда, балаларға, қарияларға қамқорлық жасап, оларды киіндіріп-тамақтандыру міндетін өз мойына алады. Сондықтан да кедейлік жағдай, әсіресе, әйелдердің қабырғасына батады.
Әйелдер қылмыстылығында олардың тіптен заңмен берілген аспектіде ерлермен қатар тең еместігі фактісімен байланысты себептер бар. Бұл әйелдердің еңбек құқығына жасалған қастандық фактісіне мән бермеу, жұмыс берушілердін сексуалдық байланысқа тартуы және т. б. [8] .
Әйелдер қылмыстылығын анықтайтын факторлар ретінде себептер мен жағдайлар болып табылады. Бірақ та егер жағдайлар терминін қолданатын болсақ, онда нағыз осы өмірлік жағдайлар әйелдер қылмыстылығы қоғамдағы орнын сипаттайды.
В. А. Серебрякованың айтуынша қоғамның әр жаңа даму кезеңі әйелдердің тұлға ретінде орнының өзгеруіне алып келеді. Осындай байланыс қылмыстылық саласында да бар. Бұдан маңызды әдістемелік қағида шығады: әйелдер қылмыстылығының зерттеуінің нақты тарихи жағдайларын есептеумен байланысты болу керек. Тек нақты әлеуметтік жағдайларды талдау бұл күрделі проблеманың шешілуін қамтамасыз етеді.
60-жылдардың ортасынан бастап бұрынғы КСРО-ның әлеуметтік экономикалық жүйесінде шамалы тұрақтылық болған.
1986 жылдан бастап қоғам әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың нәтижелерін сезіне бастады. Барлық жерде қоғамдық-экономикалық қатынастарының асығыс реформалаудың «шикі» жемістері байқала бастаған. Осы кезеңінде қылмыстылықтың қалпына кері әсерін тигізген «ыстық аймақтардан» келіп жатқан әлеуметтік әлсіз адамдардың көшу-қон процестер табылды.
Сол 1986 жылда өндірістің құлдырауы, аймақтардың, мекемелердің экономикалық ажырауы және басқа да экономикалық проблемалары қоғамның барлық санаттарына зиян келтірді. Әр түрлі себептерге орай әйелдер өз отбасы ошақтарын тастап кетуге мәжбүр болды. Әйелдер кез келген тәсілмен, оның ішінде заңсыз тәсілдермен де өз жақын-туыстарын өмір сүруге жағдайларын қамтамасыз етуге шықты.
Көшу-қон процестер криминогендік бағытына әсер ететін фактор ретінде ұмытпауымыз керек. Ресми статистикалық мәліметтер келесі көріністі көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасына 1991-1996 жылдар кезеңі бойынша бекітілген квотаға сәйкес жақын және алыс шетелден 35366 отбасы келді немесе 154 941 адам, оның ішінде әйелдер үлкен бөлігін құраған. Тек 1996 жылы Қазақстанға 8760 әйел келген.
Келген әйелдердің үлкен бөлігі ауыл жерлерде орналасқан (1996 жылы қалаларда - 3803, ауылдарда - 4957 адам) .
Сонымен қатар сыртқы миграция бойынша республикамызға 24970 әйел келсе 11 8365 әйел кеткен [9] .
Ішкі миграция бойынша статистикалық мәліметтерге сүйенсек тек 1995 жылы ауыл жерлерден қалаларға 26000 астам әйел келген [10] .
Жұмыс күшіне сұраныстан азаю салдарынан жоғары және орта білімі бар 45 жастан асқан әйелдер мамандықтары бойынша жұмыс табуға мүмкіндіктері жоқ. Жұмысқа орналасу проблемасы ауыл жерлерде, қалашықтарда және жұмысшы поселкілерде қиындау. Бұл жерде жасына, біліміне, мамандығына қарай жұмыс табу өте қиын. Республика бойынша 1996 жылы жұмыспен қамту орғандарға барған әйелдердің тек 13% бөлігі жұмысқа орналасқан.
Криминологиялық бағалау кезінде бұл құбылыстың шынайы көлемі жасырын, ресми емес жұмыссыздық және оған сай «жасырын жұмыспен қамтылуы» құрылымында көруге болады.
Осы кезеңде халықтың өмір сүру ұзақтығының азаю тенденциясы байқалған. Еңбекке қабілетті еркектердің өлімінің өсуі 50-60% (60 ж. қарағанда) . Әйелдердің өлімі негізінен үлкен жас топтарда байқалған.
Туу деңгейі азайған [11] Қазақстанда әйел орташа көрсеткіш бойынша 2, 5 балаға ие болады. Бірақ бұл жерде этникалық топтарға байланысты көрсеткіш әртүрлі, яғни әйелдер арасында туу көрсеткіші - 3, 1 бала, ал орыс әйелдер - 1, 7. Туудың реттеу кең таралған әдісі бұрынғыша түсіктер болып танылады. Қазақстанда бір әйелге - 2 түсік, ал орыс әйелдеріне қатысты - 2, 8, қазақ әйелдеріне қатысты - 1, 2 [12] .
Қазақстан Республикасында 2001 жылы жұмыссыздық деңгейі туралы көріністер Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі 2002 жылы шығарылған «Қазақстанның әйелдері мен еркектері» деген Қысқаша статистикалық жинақта көруге болады. 2001 жылы жұмыссыз халықты жынысы және білімі бойынша бөлу және 2001 жылы жұмыспен қамту мәртебесі және экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған халық санына қарай бөлу кестелері 11-16 беттерінде көрсетілген [13] .
1. 2. Әйелдер қылмыстылығының негізгі белгілері
Әйелдер арасындағы қылмыстылықтың келесі негізгі белгілері бар: олар құрылымы және динамикасы.
Қылмыстық деңгейі барлық жасалған қылмыстармен жасаушы адамдардың санымен анықталады.
Қылмыстылық өз ортасына, сондай-ақ тарихи кезеңде түрлеріне қарай бөлек жасалған қылмыстардың жиынтығы.
Қылмыстылықтың динамикасы жалпы қылмыстылықтың жылжуы және оның негізгі құрылым көрсеткіштерді анықтаған уақыт ішіндегі өсуі және төмендеуі [14] .
Статистикалық мәліметтер бойынша әйелдер қылмыстылығының құрылымында бөтен мүлікті ұрлау және алаяқтық қылмыстардың пайызы өте жоғары.
Адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру қылмыстарын әйелдер көбінде отбасы-тұрмыстық жанжалдардан жасалуы мүмкін. Бұл жерде бірінші кезекте жәбірленушінің виктимдік мінез-құлқы көзге түседі.
Әйелдер көп жасайтын қылмысы туған сәбиді анасының өлтіруі. Бұл деликті және қылмыс құрамы ретінде көптеген ТМД мемлекеттер қылмыстық заңнамаларында шығарылды. Біздің де Қылмыстық Кодексінде 97-бабында жаңа туған сәбиді анасының өлтіру қылмысы үшін жауапкершілік белгіленеді [15] .
Адам өлтірудің басқа түрлеріне қарағанда туған сәбиді анасының өлтіруі қылмысы ауыл жерлерде кең таралған. Мұндай қылмыстардың бір қатарында еркектің (ашынасы) фигурасы да болу мүмкін, соның ықпалынан не келісімімен осындай қылмыстар жасалынады [16] .
Бұзақылық қылмысын жасаған әйелдердің саны 5-6%, ал барлық әйел қылмыскерлер арасында 3-4%. Ерлер сияқты әйелдер бұзақылықты маскүнемдік жағдайда жасайды.
Әйел қылмыскерлер арасында үй-жайы жоқ қаңғыбас-әйелдердің саны үлкен. Бірақта 1991 жылдан бастап бұл әрекет қылмыстық жазалаушы әрекеттерінен шығарылып тасталған. Соның нәтижесінде әйелдер қылмыстылығы бойынша жалпы статистикалық жағдайы жақсарылған. Бірақ статистикалық көрсеткіштерінің жақсаруы бұл әлеуметтік құбылыстың жойылып кетуіне алып келмеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz