“Қазақстандағы психологиялық ғылым” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
1. Алғы сөз
2. Жалпы мәліметтер
3. Курстың мақсаты мен міндеті
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері
5. Жұмыс оқу Жоспары: нан көшірме .
6. Оқу сабақтарының құрылымы
7. Студентке арналған ережелер
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынена бөліну кестесі ... ... ..
9. Лекция сабақтарының мазмұны
10. Семинар сабақтарының Жоспары:
11. СӨЖ Жоспары: және орындау кестесі
12. ОБСӨЖ Жоспары: және орындау кестесі
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері:
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ... ... ... ... .
15. Пән бойынена оқу процесінің картасы

Оқу әдістемелік кешен «Қазақстандағы психологиялық ғылым» пәні бойынша 050103-«Педагогика және психология» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынена өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

1. Әл-Фараби. Философиялық тракттар. Алматы, “Ғылым”, 1973.
2. Әл-фараби. Саяси этникалық тракттар, Алматы, “Ғылым”, 1975.
3. Баласағұни Жүсіп. “Құдатғу біліктегі тәлім-тәрбие мәселелері”. //Жалын, - 1974. - №1
4. Жарықбаев Қ.,Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, “Санат”, 1995.
5. Жарықбаев Қ.Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі туралы. Алматы, 1976.
6. Қазақтың тәлім тәрбиелік ой-пікір антологиясы. І том, Алматы. “Рауан”, 1994.
7. Аймауытов Ж. Психология Алматы, “Рауан”, 1995.
8. Торайғыров С. Произведения в 2-х т. Алма-Ата, 1967.
9. Абдуллина О.А Общепедагогическая подгогтовка учителя. – М.:
Қосымша:
10. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, “Рауан” 1993.
11. Семья өміріндегі әдеп және психология И.В.Гребенников Алматы “Мектеп” 1986 ж.
12. Қазақ отбасы. Халел Арғынбаев Алматы “Қайнар”. 1996 ж.
13. Қ.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы. Алматы “Қазақстан” 1996 ж.
14. Мектептегі психология 2008 № 2,3,4,5,6
15. История психологии от античности до середины ХХ века. Ярошевский М.Академия, 1996г., 224с.
16. Общая психология. Схемы. Айсмонтас Б.Б. ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003, 288с.
17. ПСИХОЛОГИЯ человека. Курс лекций.Кураев Г.А., Пожарская Е.Н.,Ростов-на-Дону, 2002г., 232с.
18. Основы психологии. П.А.СОРОКУН. Псков,ПГПУ, 2005 - 312 с.
19. Явление социальной установки в психологии ХХ века: Монография. Девяткин А.А., Каленинград, 1999г., 309с.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті
“Гуманитарлық білім” факультеті
“Педагогика және психология” кафедрасы
“ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМ”
пәні бойынша
050103 - Педагогика және психология мамандықтарының студенттері үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(Силлабус)
Оқу түрі: сыртқы
Курс: 4
Кредит саны: 3
Лекция: 30 сағат
Практикалық (семинар) сабақтар: 10сағат
СӨЖ: 95 сағат
Барлық сағат саны: 135 сағат
Аралық бақылаулар саны: І – ІІ (60 балл)
Қорытынды бақылау – емтихан 40 балл
Σ Барлығы 100 балл
ЖЕТІСАЙ – 2011
Силабусты дайындаған: оқытушы Таштауова Ж.Х.
Силлабус Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген оқу бағдарламасы
негізінде дайындалған.
Силлабус кафедраныњ мәжілісінде қаралды
Хаттама № __ ____ _________ 2010_ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ _______________
қолы
аты-жөні, ғылымти атығы
Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді
Хаттама № __ ____ _________ 2010_ж.
Әдістемелік бюро төрағасытөрайымы ______________
___________________
қолы аты-жөні, ғылыми атағы
Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған
Хаттама № __ ____ _________ 2010_ж.
Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ ___________________
қолы
аты-жөні, ғылыми атағы
Мазмұны
1. Алғы сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Жалпы мәліметтер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Курстың мақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5. Жұмыс оқу Жоспары: нан көшірме
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6. Оқу сабақтарының құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7. Студентке арналған ережелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынена бөліну
кестесі ... ... ..
9. Лекция сабақтарының мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10. Семинар сабақтарының Жоспары:
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11. СӨЖ Жоспары: және орындау кестесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12. ОБСӨЖ Жоспары: және орындау кестесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері:
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі
... ... ... ... .
15. Пән бойынена оқу процесінің картасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
АЛҒЫ СӨЗ
Оқу әдістемелік кешен Қазақстандағы психологиялық ғылым пәні бойынша
050103-Педагогика және психология мамандықтарының студенттеріне осы
курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған
барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде
кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре
отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және
біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ-
студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке
беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына,
шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін
тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге
назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен
терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған
әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық
көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді
тапсыруда пән бойынена өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды
тапсыруға, сынақемтиханды алуға арналған.
2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.
№ Оқытушының Сабақты өткізу, орны Байланыстырушы
аты-жөні мәлімет
Аудиториялық СӨЖ
сабақтар
1 Таштауова Жанар Уақыты 8.30 -18.30 Уақыты8.30-13.3Тел: 113
Ханділдәқызы Ауд 28,29,30,32 0 Каб: №40
Ауд 28, 30 Корпус:№1
3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ
ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Қазақстандағы психологиялық ғылым пәні – психологиялық жоғары білім
беру жүйесінде маңызды орынға ие. Аристотельден басталатын психологиялық
ой-пікірлер мен ілім білімдер, өткен ғасырдың екінені жартысынан
басталатын эксперименттік психологияның тарихы, Шығыс Аристотельі атанған
ғұлама әл-Фараби бабамыздың, Алтын Орда дәуірінің ойшылдары, әлемдік озық
мәдениеттің шоқ жұлдыздары, ғұлама ойшылдардың және осы ғасырдың басында
тәлімдік ой-пікірлермен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген ақын-
жазушылардың ұлттық дәстүр, салт-сана, адамның жан-жүйесі жайлы мұраларын
өз туындыларының негізгі арқауы еткен психологиялық тұжырымдары, қалдырған
ұлан-ғайыр тәліми мұралары қазіргі ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі өте үлкен,
сондай-ақ қазіргі заман талабымен үндесетін өміршең дүниелер.
Бұл курсты тыңдаған студенттер Қазақстандағы ұлттық психологияның
ерекшеліктерін білуі, мамандық бойынена қажетті ептілікпен дағдыларды,
психологиялық білімдерді меңгеруі, Қазақстандағы психологиялық ғылым
пәнінің теоретикалық негіздерін меңгеруі, Қазақстандағы психологиялық
ғылым мәселелеріне қызығушылығы пайда болуы керек.
4. КУРСТЫҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ ЖӘНЕ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ
№ Пререквизиттер (пәннің Постреквизиттер (пәнненКафедра Кафедра
алдында міндетті түрде кейін өтілетін, осы қабылдаған
игерілуге қажетті пәнге сүйенетін пәндер) Шешім,
пәндер) хаттама №
күні
1 Отбасы психологиясы, Этнопсихология, Педагогика Бекітемін:
Еңбек психологиясы, Психология тарихы және Хаттама №
Педагогикалық шеберлік психология
5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ
№ Курс Жалпы сағат Л екция С еминар ОБСӨЖ СӨЖ Қорытынды
саны бақылау
1 4 135 30 10 - 95
6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай
бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің
өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық
сабақтар.
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен
жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау,
проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап
ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.
Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.
Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді,
бақылайды.
СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес
белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни,
теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға,
пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды,
теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules):
1. Сабаққа кешікпеу керек.
2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы
телефонды өшіріп қою керек.
3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.
4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда
деканатқа анықтама әкелу керек.
5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ
№ Тақырып мазмұны Аудиториялық Аудиториядан
сабақтар тыс сабақтар
Лекция СеминарСӨЖ ОБСӨЖ
І ТАРАУ ҚАЗАҚ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ІЛКІ БАСТАУ ТҮП ТӨРКІНДЕРІ
1 Қазақстандағы психологиялық ғылым пәніне 1 - 3 -
кіріспе
2 Ежелгі Орхон-Енисей түркі жазбаларымен 1 1 3 -
Қорқыт ата тағылымдарындағы психологиялық
идеялар (VІ-Хғғ)
3 Психология ғылымы тарихындағы Әбу Насыр 1 - 3 -
әл-Фараби көзқарастары (870-950)
4 Х V – ХІV ғғ. Қазақстандағы психологиялық 1 1 3 -
идеялар
5 Қазақ фольклорындағы психологиялық 1 - 3 -
тағылымдар
ІІ – ТАРАУ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР
6 ХV – ХІІғғ. психологиялық ой пікірлердің 1 - 3 -
дамуы
7 ХVІІІ – ХІХ ғасырдың бірінені жартысындағы1 - 3 -
психологиялық толғаныстар
8 ХІХ ғ екінші жартысындағы қазақ 1 1 3 -
ғұламаларының психологиялық көзқарастары
ІІІ – ТАРАУ
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНЕНІ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ
9 ХХ ғасырдың бірінені ширегіндегі қазақ 1 - 4 -
ғұламалары мен қоғам қайраткерлерінің
психологиялық көзқарастары
10 Ахмет Байтұрсынов 1 1 3 -
ІV ТАРАУ
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ-ҚАЗАҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУШЫ.
11 Ж.Аймауытов Қазақстандағы психологиялық 1 - 3 -
ғылымның дамуы жайында
12 ХХ ғасырдың басындағы классикалық 1 1 3 -
психология және оны қазақ жанына бейімдеген
Ж.Аймауытұлының ұстанымдары.
13 Ж.Аймауытұлы және педагогикалық 1 - 4 -
психологияның жалпы мәселелері
14 Ұлтық психология- қазақи тәлім-тәрбиенің 1 - 3 -
өзегі
15 Ж.Аймауытұлының тәлім-тәрбие саласындағы 1 - 3 -
еңбектері
16 Ж.Аймауытұлы-қазақтың ғылыми іргетасын 1 3 -
қалаушы.
17 Ж.Аймауытұлы және жантану ғылымының 1 - 3 -
әдіснамалық мәселелері
18 Ж.Аймауытұлы және жантану ғылымының 1 1 4 -
әдіснамалық мәселелері
19 Ж.Аймауытұлы және жантану ғылымының 1 - 3 -
әдіснамалық мәселелері
ІV – ТАРАУ
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМ
20 Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының 1 1 3 -
алғашқы кезеңі (1920-1945)
21 Психологияның Ұлы Отан соғысынан кейінгі 1 - 3 -
даму жолдары, қазіргі жағдайы мен даму
перспективалары
22 Психология аумағындағы Қ.Б.Жарықбаевтың 1 - 4 -
еңбектері
23 Қ.Жарықбаев, Н.Иманғалиева 1 - 3 -
24 Қазіргі психологияның міндеттері 1 1 3 -
V – ТАРАУ ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
25 Ұлттық психологияның қоғамдық құбылыстар 1 - 3 -
жүйесіндегі орны мен маңызы
26 Қазан Революциясы қарсаңындағы қазақтардың 1 1 3 -
ұлттық психологиясы.
27 Жаңа жағдайдағы ұлттық психология. 1 - 4 -
28 Жаңаша ойлау және рухани психологиялық 1 - 3 -
бірлік
29 Ұлттық психологиядағы еске мен жаңаның 1 - 3 -
үйлесімі
30 Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін 1 - 3 -
жетілдірудің кейбір мәселелері
Барлығы 30 10 95 -
9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
І тарау
Қазақ психологиясының ілкі бастау түп төркіндері
1-лекция
Қазақстандағы психологиялық ғылым пәніне кіріспе
(1 сағат)
Жоспары:
1. Қазақстандағы психологиялық ғылым пән ретінде;
2. Әлемдік психологиялық ғылымның қазіргі жағдайы.
Мақсаты: Студенттерге Қазақстандағы психологиялық ғылымның алғашқы
бастаулары мен қазіргі таңдағы даму жағдайын, мәні мен маңызын ашып
түсіндіріп, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
1. Психология тарихында еске алатын екі тарих бар, оның біріненісі –
Аристотельден басталатын психологиялық ой-пікірлер мен ілім-білімдердің
тарихы; екіненісі - өткен ғасырдың екінені жартысынан басталатын
эксперименттік (тәжірибелік) психологияның тарихы; Оның біріненісі – 2400
жылдай уақытқа созылса, екіненісінің бар-жоғы 15 жылдай ғана. Халқымыз
осы тарихтың біріненісіне өлшеусіз үлес қосқанда, екінені кезеңінде
айтарлықтай іс бітіре алмаған. Әрине, мұның да түрлі себептері бар.
Ежелгі ата-бабаларымыз күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы үнімен,
асқақтата салған әсем әнімен, ғашықтық, лироэпос жырымен, мақал-
мәтелімен, шешендік сөз, айтыс жырларымен сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз
қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі, имандылық-адамгершілік ар-ожданы
жоғары, намысқор азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Шығыс Аристотельі атанған ғұлама әл-Фараби бабамыздың да Қазақстан
топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр тәліми мұра қалдырып
кеткенін бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады. Түркі тілдес халықтардың
бәріне ортақ өшпес рухани мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары:
Баласағұни, Қашқари, Жүйнеки, Иссауи шығармалары, сондай-ақ Алтын Орда
дәуірінің ойшылдары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри, Әбілғазы, т.б.
еңбектерінің де қазіргі ұрпақ тәрбиесінен алар орны ерекше.
Соңғы кездері қазақ психологиялық ой-пікір тарихы жаңа ғылыми
деректермен толысып отыр. Осындан 500 жылдай бұрын ортағасырлық ғұлама-
ғалым Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы “Шипагерлік баян” атты үлкен еңбек
жазыпты. Мұнда шипагерлік (дәрігерлік) мәселесімен қатар қазақ тарихы,
тіл, әдебиет, этнография, анатомия, физиология, медицина, философия
ғылымдарынан да мағлұмат беріледі. Осынау еңбекте психология саласынан да
көптеген қызықты деректер мол. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Тауасарұлы
Қазыбек бектің “Түп-тұқиянан өзіме шейін” атты еңбегі тек сол кездің
рухани өмірін ашатын төл туынды ғана емес, ол сондай-ақ халқымыздың
ұлттық психологиясынан көптеген тың мағлұматтар беретін кемел дүние.
Әлемдік озық мәдениеттің щоқ жұлдыздары: Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты
ғұлама ойшылдардың адамның жан-жүйесі жайлы мұралының қазіргі ұрпақ
тәрбиесіне қосар үлесі өз алдына бір төбе. Осы ғасырдың басында тәлімдік
ой-пкірімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел,
Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптардың ұлттық дәстүр, салт-сананы, өз
туындыларының негізгі арқауы еткен психологиялық тұжырымдары қазіргі
заман талабымен ұндесетін өміршең дүниелер.
2. Әлемдік психологиялық ғылымның қазіргі жағдайын оның дамуындағы
елеулі кезең ретінде деп бағалауға болады. Ғылыми психология оның түсінік
аппараты мен зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, жаңа мәліметтермен
үздіксіз байытып отырады. Атақты ғылыми зерттеуші Д.Палермо пікірінене
психология нағыз қызған кезінде болмаса, революцияға дейін әбден
жетілген. Мамандардың болжамы бойынена ХХІ ғасыр психология ғасыры
болады. Ұлы Альберт Эйнштейн әлдеқайда күрделі дей отырып дүниежүзілік
атақты психолог Жан Пиаженің алдында басын иеді.
Біздің Одақтас Республикаларымызда психология ғылымының теоретико-
методологиялық, сол сияқты қолданбалы мәслелердің қарқынды зерттеулеріне
қажеттілік күрт өсті.
Соңғы уақыттарда бізде көптеген ғылыми зерттеулер жанданып,
оқытушылар ата-аналар арасында этнопсихологиялық білімдерді насихаттау
көбейе түсуде. Көптеген ғылыми-теориялық және практикалық конференциялар
өтіліп, монографиялар таратылып, оқулықтар мен оқу құралдары,
бағдарламалар мен әдіснамалық өңдеулер, библиографиялық сөздіктер
шығарылуда. Мұндай жоспарды Алматы облыстық “Ұлттық тәлім-тәрбие
ассоциациясы” және әл-Фараби атындағы ҚАЗ ГУ-гі этнопсихология және
этнопедагогика орталығы мекемесі көптеген жұмыстар атқаруда.
Жалпы сыртқы бейне қуанышты болғанмен, терезеге үңілсек анау
айталықұ сәтті деп айта алмаймыз.
Өкінішке орай, біздің Республикамызда психология статусы әліге дейін
тереңдей дәлелденбеген. Психологияға тікелей қатысы бар,
этнопсихологиялық және рухани-адамгершілік сипаттағы көптеген сұрақтар
оның қатысуынсыз шешілуде.
Мысалы: шаруашылық және әлеуметтік құқықтық, техникалық және
технологиялық мәселелерге психологиялық экспертиза жүргізілмейді. Сәтсіз
жағдайларда мысалы: жол апаттары, құқық бұзушылық, және қымытық істерге
психология қатыстырылмайды. Экономика, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет,
мемлекеттік мекемелер, әскери бөліменелер, құқық қорғау органдары сияқты
көптеген салаларда әлеуметтк психологиялық қызметтер өте баяу дамуда.
Білім беру жүйесінде психологияқандай маңызды роль атқаратындығы,
арнайы дәлелдеулерііз-ақ белгілі. Мектепке дейінгі мекемелерден бастап
ЖОО-кейінгі оқу-тәрбиелік жұмыс жүйелерінің барлығы психологиялық
қамсыздандырусыз мүмкін емес.
Егер Ресей Федерациясында 90-жылдарда 6 психология факультеті қызмет
етсе, қазір олар 125 болды. Тек Москвада ғана 25 ЖООда психология
факультеті қызме,т ететді. Бұл бағытта біздің Білім беру Министрлігіміз,
денсаулық сақтау және спорт, жоғары мектептер мен ғылым минисртлігі
қандай іс-шаралар атқаруда? Бізге тек Республикамызда ЖОО ның психология
кафедрасының жойылғандығы ғана мәлім. Олар педагогика кафедрасымен
біріктірілген. Ал орта мектептердегі психологияға кіріспе жайлы айтпасақ
та болады.
Біраз уақыттар алдын мемлекеттік орта мектептердегі практик
психологтардың жүктемелері қысқартылған.
Бақылау сұрақтары:
1. Шығыс Аристотелі атанған ғұлама?
2. Психологиялық ой-пікірлер мен ілім-білімдердің алғашқы бастауы
қай уақыттардан баталады, қысқаша сипаттама беріңіз?
3. Әлемдік психологиялық ғылымның қазіргі жағдайы қаненалықты
деңгейде деп ойлайсыз және өзіңіздің психологиялық ғылым тұрғысынан
біліміңізге қанағаттанасызба, өз ойыңызды білдіріңіз?
4. Психология салалары жайында осы уақытқа дейін қазақша қанена
әдебиеттермен таныстыңыз, олардың сапасына ой білдіре аласызба?
2 лекция
Ежелгі Орхон-Енисей түркі жазбаларымен Қорқыт ата тағылымдарындағы
психологиялық идеялар (VІ-Хғғ)
(1 сағат)
Жоспары:
1. Түрік қағанаты;
2. VІ ғасырдағы жазба ескерткіштер
3. Қорқыт ата тағылымдары.
Мақсаты: Студенттерге VІ-Х ғасырлардағы жазба ескерткіштермен Қорқыт
ата нақылдарындағы психологиялық мәселелердің мәнін ашып, маңыздылығын
түсіндіру.
Лекция мәтіні:
1. VI ғасырда Жетісу, Алтай, Орта Азияны мекен еткен ру-тайпалар
бірігіп, Түрік қағанаты дейтін үлкен мемлекет құрды. Зерттеушілердің
айтуынена түрік деген халықтың аты 542 жылдан белгілі болса керек.
Түрік қағанатының қоғамдық-экономикалық, саяси - әлеуметтік өмірінде сол
кездері жаугершілік дәстүр маңызды орын алады. Олардың алғашқы
көсемдерінің бірі - Бумын қаған айналасындағы көрші елдерді өзіне
қаратады. Қағанаттың орталығы Орхон өзенінің (Қазіргі Монғолияда)
жағасында болды. Истеми қағанның тұсында (VI ғ.) елдің территориясы
бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті. Көп ұзамай, өзара қырғын
соғыстар басталады да, қағанат екіге (бірі Орталық Азиядағы Шығыс түрік,
екіненісі - Жетісу, Шығыс Түркістан, Орта Азия Батыс түрік қағанаты)
бөлінеді. Батыс түрік қағанаты (астанасы Шу өзені алқабындағы Суяб
қаласы) аварларды батысқа ығыстырып, Еділ, Жайық бойын өзіне қаратты.
Білге қаған мен оның інісі Кұлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың
тәуелсіздігін Таң (Қытай) шабуылынан үнемі қорғап келді. Батыс түрік
қағандығын құраған әртүрлі тайпалар кейіннен қазақ халкының құрамына
енгені тарихтан белгілі. Осы кезеңнің саяси-қоғамдық, әдеби өмірін
баяндайтын жазба ескерткіштер бізге жетіп отыр. Солардың бірі -
Құлтегін, Білге қаған, Тоныкөк дастандары.
2. Құлпытасқа жазылған ескерткіштер Орхон-Енисей жазбалары деп те
аталады. Бұлардың авторы Иолығ-Тегін дейтін шежіреші екендігі белгілі
болып отыр, бірақ қайда туып, қашан өлгендігі жөнінде еш мағлұмат жоқ.
Шамамен VIII ғасырдың орта шенінде өмір сүрген болу керек. Жазба
ескерткіштердің мазмұнына қарағанда оның өз заманында білімді адамдың
бірі болғаны байқалады. Білге қаған інісі Құлтегін қайтыс болғаннан кейін
(731 ж.) оны өмірлік есте қалдыру үшін шетжұрттан шеберлер алдырып, Қожа-
Сайдам ойпатына үлкен ескерткіш орнатады да, мұндағы өсиет сөздерді өз
ағайыны Иоллығ-Тегінге жаздырады. Кейінен білге қаған қайтыс болып,
інісінің қасына жерленеді. Осы ескерткіштің тексін жазған да Йоллығ-
Тегін. Құлтегін (Түркі қағанаты туралы сөз) ескерткішіне дейін де
халық жадында сақталған ежелгі бабаларымыздың ерлік істерін, тұрмыс
салтын жалпы жұртқа паш ететін шежірелер болуы ықтимал. Бірақ ол жөнінде
әзірше мәлімет жоқ. Автор түркілер тарихын олрдың саяси аренаға шыққан
кезі - VI ғасыр ортасынан бастайды, яғни түркі ордасын құрған дәуірден
бергі 200 жылдық тарихты сөз етеді. Құлтегін ескерткіші желісі жағынан
екі бөлімнен (Кіші Құлтегін, Үлкен Құлтегін тұрады. Біріненісі -
жазылу мерзімінің кейін тұрғанына қарамай - түркі тарихының кіріспе
бөлімі іспеттес те, екіненісі мемлекет тарихының негізгі бөлімі, ел
өсиеті болып есептеледі.
Құлтегін - ежелгі түркілердің тамаша ерлік сипаттарын бойына жан-
жақты дарытқан жаужүрек батыр, ұлан-ғайыр кең даланы еркін билеген дала
халқының қайсар жауынгері. Ал Тоныкөк болса талай қанды жорықтардың
куәгері, үлкен өнер иесі, ойшыл, философ, халық дипломатиясының білгірі.
Тас жазуларда ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен
тәуелсіздік, тәлім-тәрбие, тұрмыс-салт мәселелері әсем айшық өрнектермен,
жанды бейнелерге толы сезім толғаныс тебіреністерімен баяндалады.
Мәселен, Бізге жеңіс әперген жер-суымыз - Отанымыз деп білу
керек... қандай қағанат болмасын, оның халқының арасында пәтуасыз
(жалқау, оңбаған) табылса, онда сол халықтың қанена соры бар десеңізші. -
Құлақ койып тыңдаңыздар, тереңнен ойлап толғаныңыздар... Су ағысы
тартылса, жас жапырақ қурайды, адамдардан күш кетсе - жат кісіге
бағынады... Менің ағам мені адам етті... Аштықта, тоқтықты
түсінбейсің... Жақын отырған сыйдың құрметтісін алады, алыс отырған
сыйдың немкеттісін алады, деп келетін сөз тіркестерінің психологиялық
мәні зор. Құлпы тастарда осы іспеттес жас жеткіненектерді елін, халқын
сүюге, жақсы, ұнамды әдет-ғұрыптарға баулу, үлкенді сыйлау, зеректік
пен ойшылдыққа, батылдық пен тапқырлыққа үйретіп, тәрбиелеу жайындағы
мәселелер сөз болады. Бұлардың қазіргі жастарымыз үшін тәлімдік мәнін
жоймайтыны хақ.
3. Тасқа жазылған дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас
рухани мұраның бірі - Қорқыт ата тағылымдары. VIII-IX ғғ. төңірегінде
сырдарияның орта және төменгі бойын жайлаған Оғыз-Қыпенақ тайпаларының
мемлекеті болды. Оғыздар арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, жыр
алыбы, аңыз кейіпкері ұзақ өмір сүріп, жазымышқа қарсы күресіп, адамның
мәңгі жасауын арман етіп өткен кемеңгер ғұлама Қорқыт еді. Өлім қатері,
одан құтылу туралы өзінің асыл ойлары мен тебіреністерін қобыздың зарлы
әуеніне қосқан Қорқыт туралы аңыз-жырлар, бізге жеткен Қорқыт ата
кітабы - Орта Азия, Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының аса көрнекті
жазба ескерткіші. Қорқыттың музыкалық-этнографиялық мұрасы бұрынғы Кеңес
Одағын мекендейтін түркі тілдес халықтрдың барлығының ортақ рухани
игілігі. Қорқыт ата тағылымдарында тәлімдік мәні күшті түрлі афоризмдер,
қанатты сөздер, ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Бұлар тек тарихи-
этнографиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге осы аймақтағы халықтардың
ілкі ортағасырлардағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшелігін
бейнелейді. Қорқыт есімі көшпелі қазақ жұртының арасында ерте заманнан-ақ
қастерленіп келеді. Сондықтан да халқымыз:
Жыраудың үлкен пірі - Қорқыт ата,
Бата алған барлық бақсы, ақын асқан ата.
Таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда, -деп тегін жырламаған. 1980 жылы
Сырдарияның төменгі сағасында Жосалы (Қызылорда облысы, Қармақшы
ауданының орталығы) станциясының солтүстік-батысына таман Қорқыт
мекенінен бір жарым шақырым жердегі оның зиратының басына тамаша ғимарат
ескерткіш орнатылуы оған деген құрметтің белгісі.
Қорқыт ата нақылдарында тәлім-тәрбиелік сипаттағы ақыл-кеңестер әр
қырынан сөз болғанын жоғарыда айттық. Мәселен, имандылық, кісілік,
қанағатшылдық, әрекетшілік жайында айтылған мынадай ақылдарға құлақ
түргеніміз абзал.. тәңіріне сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды...
Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн тыныштық көрмей дүние жияды,
байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесіне ғана жейді. Менмен,
тәккапар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға
тәңірі бақ бермейді...
Дана ойшылдың ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үйішілік жарасымды қарым-
қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның әр түрлі мінез құлық сипаттары
жайында айтқан тағылымдары да бүгінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай: Өзіңнен
тумаса ұл өгей: қаненама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды...
мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз
жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен
дәм беруге де жарамайды. Ананың көңілі балада болар... Ұлың өсіп жетілсе,
от басының мерейі, бас-көзі.
Қорқыт ата жеткіненек, жас өспірімдердің жанымен қоса тәнінің
шынығуына, ел мен жерін жан-тәнімен сүйіп, оны қасықтай қаны қалғанена
жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын аңсайды. Осыған орай ол былай
дейді: Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке садағының оғы да
қылыштай кесіп түседі... Қолыңа ұстаған болат қылышың мұқалмасын. Жауға
атқан садағың өткір болсын. Кемеңгер дала ойшылы жас жеткіненектің
көпеніл қонақжай, ата жолын қуған ақ-пейіл адам болғанын қалайды.
(Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған тұз артық... Ата даңқын шығарып,
өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайды.
Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік,
шыненыл адамға бұл дүниеде отыз жасты үшке көбейтіп, өмір сүрсе де аз).
Отбасы, ошақ қасының, үй іші тыныс-тіршілігінің берекесі, ұрпақ
тәрбиесінің әйел жұртының кескін-келбетімен қатар, әдепті, көрегенді,
дамгершілік, иманжүзділік қасиеттерімен де тікелей байланысып жатады.
Осыдан орай Қорқыт ата әйелдердің төрт түріне берген сипаттамасы
психологиялық жағынан ерекше көңіл аударады. Мәселен, әйелдердің бір тобы
отбасының тірегі, үйдің құты, қонақжай, үрім-бұтақтары өсіп-өнген жандар
болса; екіненісі-ынсапсыз, қанағатсыз; үшіненісі - салдыр-салақ, өсекшіл
келеді дейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ психологиясының ілкі бастау түп-төркіндері қай уақыттан
басталады?
2. Түрік қағанатының алғашқы көсемі кім?
3. “Құлтегін” ескерткішінің желісі мен маңызы?
4. Құлпытасқа жазылған ескерткіштер?
5. “Қорқыт ата кітабының” барысы?
6. Қорқыт ата әйелдердің неше түрін көрсетті?
3 лекция
Психология ғылымы тарихындағы Әбу Насыр әл-Фараби көзқарастары (870-950)
(1 сағат)
Жоспары: :
1. Әбу Насыр әл-Фараби өмір сүрген заман.
2. Фарабидің Аристотель пікірлерін қарастыруы.
3. Фарабидың таным мәселесі жайлы көзқарасы.
Мақсаты: Әбу Насыр әл-Фарабидың еңбектерінде көрсетілген
мәселелердің психология ғылымындағы мәні мен маңызын, ролін талдау жасау
арқылы, студенттердің өзіндік көзқарасы мен түсініктерін қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
1. Әбу Насыр әл-Фараби өмір сүрген заман Шығыс әлемінде ғылым мен
білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламанын балалық; Жігіттік
шақтары өткен қазақ даласы да сол кезде мәдени орталықтардың бірі болды.
Тарих шежіресі бізге IX-X ғасырлар арасында Отырар қаласы (бұрынғы Фараб)
Таяу және Орта Шығысқа баратын үлкен сауда жолы болғандықтан, ол, сондай-
ақ, өнер-білімнің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп өскен, көптеген
ғұлама ғалымдар шығарған белгілі ел болғандығы жайлы сыр шертеді. Әрине,
осындай құнарлы ортаның Фарабидің аты әлемге жайылған ғалым болуына себі
тигендігіне күмәндануға болмайды.
VIII-ХІІ ғасырлар арасында әлемдік философиядағы қисындар араб
тілінде сөйлейтін халықтардың ененісіне тиген еді. Платон мен
Аристотельдің, Гален мен Архимедтің Орта Азиядан Үндістанға, одан сонау
Испаниядағы Пиренеи түбегіне дейін араб тіліне сан рет аударылып,
көшіріліп, түсіндіріліп жатты. Бұл жайт Орта және Таяу Шығыс елдерінде,
физика, математика, медицина және тағы басқа ғылымдардың дами түсуіне,
сонымен қатар Шығыс мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етті. Араб
ойшылдары өз зерттеулерінде табиғат сырларының заңдылықтарын тәжірибе
жүзінде ашуға талаптанды. Олар Платоннан гөрі Аристотель іліміне ерекше
ден қойып, оны әрмен қарай творчестволықпен дамыта түсті. Орта ғасырлық
араб философиясында сол кезде басты үш бағыт болды. Мұның біріненісі -
ортодоксті ислам (халифаттағы үстем таптардың идеологиясы), екіненісі -
неоплатондық ағым (суфизм), ал үшіненісі ағым - перипатетизм, немесе
аристотелизм (Аристотель жолын қуушылар) еді. Соңғысы қоғамның
прогрессивтік топтарының көзқарасын бейнеледі. Перипатетизм ағымындағы
ғалымдар түрлі философиялық мәселелерді зерттеуде алдымен табиғат
заңдарына жүгінді. Олар прогресс атаулыны табиғатты зерттеуден табамыз
деп түсінді. Бұл ағымның көрнекті өкілдерінің бірі - әл-Фараби.
Әл-Фарабидің әлеуметтік көзқарасының, қоғамдық ой-санасының
философиялық пікірлеріңің қалыптасуына ерекше әсер еткендердің ішінен
Аристотель мен Платоннан басқа Араб философиясының негізін салушы әл-
Киндиді айырықша атап өтуге тиіспіз. Фараби еңбектерінің көпенілігі
Аристотель мен Платонның философиялық мұраларын оқып, үйренуге,
оларға түсініктеме жазуға, олардың қайшылықтарын табуға, сондай-ақ, әл-
Киндидің философиялық көзқарастарын одан әрмен қарай жалғасытырып,
дамытуға бағытталған. Фараби, әсіресе, гректің ұлы ойшылы Аристотельдің
философиялық мұраларына ерекше көңіл бөледі, Фарабидің біраз еңбегі ұлы
ұстазының филссофиялық мұраларын оқып үйренуге, оны зерттеп түсіндіруге
арналғаны да осыдан болса керек. Алайда, әл-Фараби тек өзінен бұрын өмір
сүрген философтардың мұраларын зерттеп, оларға жай түсініктеме берумен
ғана қанағаттанып қоймаған, ол, сонымен ойшылдардың мұраларын әрмен
қарай творчестволықпен дамытқан. Шәкірті ұстазынан озады дегендей, Фараби
психология саласында Аристотельден әлде қайда ілгері кетеді. Мәселен,
Аристотель Жан туралы бір ғана трактат жазса, Фараби бұл ғылым жайлы
жеті еңбек жазған.
2. Фараби Аристотельдің пантеистік пікірлерін қайта қарастырып,
мұның негізінде натуралистік пантеизм деп аталатын ілім жүйесін ұсынады.
Зерттеушілердің (А. Закуев, С. Григорян, А.Машанов, А.Көбесов,
М.Хайруллаев т. б.) айтуынена ұлы ғұлама өзінің философиялық
пайымдауларын негізінен идеалистік сарында өрбіткен Фараби материяның өзі
форианы сақтаушы, сол арқылы заттар алуан түрлі сипаттама алады дейді.
Бүкіл әлемді қозғалысқа келтіруші алғашқы қозғаушы құдай жөніндегі
Аристотельге тән концепция әл-Фараби көзқарасында да белгілі орын алды.
Әрине, мұнысы үшін ұлы ғұламаны біз кінәлай алмаймыз. Өйткені Фараби де
өзінің басқа әріптестері сияқты өз дәуірінің перзенті еді. Әл-Фрабидің
мистика мен қара түнек жайлап тұрған исламдық Шығыста дін иелерін
шошындырған ғылыми тұжырымдамаларының бірі өзі ғана (мәселен, жан мен
тәннің арақатынасы туралы) шын мәнінісіндегі ғылыми ерлік еді. Сондықтан
Фарабидің саяси - қоғамдық, философиялық көзқарастарына баға бергенде,
біз оның кейбір олқылықтарымен қатар, осы секілді ғылыми әлемді дүр
сілкінткен прогрессивтік жақтарын да естен шығармауымыз қажет.
Философия, психология ғылымдары үшін танымдық мәні зор, іргелі
мәселенің бірі - жан мен тән проблемасы. Осы мәселенің шешіліміне қарай
ғалымдар сонау ескі заманнан бермен қарай қарама-қарсы екі топқа бөлініп
келеді. Мәселен, идеалистер жанды, рухты алғаш пайда болған, ол тән
бөлек, мәңгі бақи өмір сүре береді десе, материалистер дүниенің
алғашқылығын, жанның тәнмен байланыстылығын, тән өмір сүруін тоқтатса,
жан да бітетіндігін дәйекті деректермен дәлелдеп түсіндіреді.
Әл-Фараби осы мәселеде дәйекті пікір айта алмай, материализм мен
идеализмнің арасында ауытқып жүрді, дін мен мистика түгелдей тұменаланған
сол кездегі шығыс әлемінде жан туралы салиқалы тұжырымға келу оңай да
емес еді. Фараби өзінің Мәселелердің түпкі төркіні дейтін трактатында
Платонның Жан тәннен бұрын пайда болған, бұл екеуі бір-бірімен
байланысты емес дейтін қате тұжырымын сынға алды. Сөз боп отырған
мәселеге орай Фараби былай дейді: жан мен тән бірлікте өмір сүреді,
Платонның жан тәннен бұрын пайда болған деуі қате түсіні, жан-тәннің
тірлік қасиеті, адамда қатарынан екі жан болмайды. Жанның ойдағыдай
дамып, қалыптасуы үшін тән саулығы қажет. Тән саулығы жоқ жерде жан
саулығы да жоқ. Miнe, жан мен тән жөніндегі Фараби түсінігінің негізгі
желісі осындай еді.
Бірақ осы мәселеге байланысты айтылған Фараби пікірлерінде
қайшылықтар да кездеседі. Ол тәннен бұрын жан пайда болған дейтін
Платонның қате тұжырымына қарсы шыға отыра, өзі де жанның мәңгі бақи
өлмей, өмір сүретіндігін мойындайды. Дене қызметі тоқталып, тән де жан
мәңгілікке жасай береді, ол қайтып оралмайды, жаңадан өзгеріске де
түспейді. Денеден кеткен рух басқа адамдардың жандарымен қосылып, бүкіл
әлемдік жан дүниесін құрайды. Әсіресе, көңілі, рухы таза, адал адамдардың
жаны мәңгі өмір сүреді де, залым зымияндардың жаны бірден шіріп, қурап
бітеді, - дейді ғұлама.
3. Фараби таным мәселесінің түп қазығына келгенде дуалистік
көзқараста болды. Мәселен, ол танымның бірінені басқышы – түйсіктерді
материалистерше түсіндіргенімен, ойлауға келгенде жаңсақ түсінікке жол
береді. Ол ойлау материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әсерінен туып
отырады деп тұжырымдады. Ал, Фарабидің түйсік, қабылдау, қиял процестерін
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының денедгі (нервтегі), мидағы түрлі
бейнелері деуі ғылыми тұрғыдан өте байсалды түсінік еді. Мәселен, көз
айна тәріздес нәрсе, ол сыртқы дүниенің сәулесі түсіп отыратын алғашқы
саңлау. Көру түйсігі көзге зат әсер еткенде ғана пайда болады. Егер
көзден зат кетсе, онда түйсік тумайды, құлақ ауадағы тербелістер әсер
еткенде ғана естиді. Сезім мүшелерінің қай-қайсысы да адамды сыртқы
дүниемен байланысқа түсіретін аспап. Көру түйсігі көзден шыққан шырақтың
нәтижесі, көзге зат әсер етпей-ақ түйсік пайда болады дейтін Платон
пікірімен Фараби келіспейді. Қараңғыда зат та, оның бояуы да анық
көрінбейді, көзге сырттан күшті әсер келіп түскенде ғана адамда түйсік
пайда болады, дейді Фараби. Ұлы ғұлама жан қуатының басты-басты түрлеріне
сыйпаттама бере келіп, психологияның бұдан басқа да проблемалары жөнінде
сөз қозғайды. Мәселен, ол психиканың қалайша дамып жетілгендігі жайлы
мәселеге де ерекше мән берген. Психика айрықша сапада тұрған қасиет.
Жануарлар мен адамдардың тән құрылысының өзгешелігіне қарай олардың жан
қуаттары да өзгеше болады. Материалдық элементтердің қосылысынан (ыстық,
суық, дымқыл, құрғақ) жануарлар психикасы түзілген. Осы элементтердің ең
жоғарғы қосындысынан барып адам психикасы пайда болған. Адам жаны
дүниенің теңдесі жоқ туындысы. Оның жануарлардан негізгі айырмашылығы
ақыл-парасатпен сөйлей алу қабілеті, өнермен айналысуы, еңбек ете алуы.
Бұл айтылғандарсыз адамның тәні де, жаны да ойдағыдай дамымайды.
Ұлы ойшылдың еңбектерінде бала психикасының қалайша дамып,
жетілгендігі жөнінде де қызғылықты пікірлер көп. Баланың жасы өскен сайын
оның акылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның
тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты
пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады.
Алдымен, тән түйсігі, кейіннен барып дәм, иіс айыратын түйсіктері, заттың
түрін, түсің, пішінін түйсіне алу қабілеті пайда болды. адам психикасы
негізінен өмір барысында, оқу - тәрбие үстінде қалыптасады. Бұл жерде
оның өз бетінене әрекеттеяуі, өзіндік белсенділігі қасиеттері де оның
өмірден алатын тәжірибесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз,
тұлым, не ақ ниетті болып келмейді. Бала ойлау, сөйлеу қабілетіне туыстан
болатын икемділікпен ғана дүниеге келеді. Оның осы пікірлері де қазіргі
ғылыми психология түйіндеген тұжырымдармен ғажап үндеседі.
Фарабидің адамның әртүрлі дара өзгешеліктері туралы айтқан
пікірлері де көңіл қоярлықтай. Жеке ерекшеліктер адамның дербес өмір сүру
тәжірибесінен, оның дене бітіміне, өзіндік белсенділігінен туындайды,
яғни адам бір-бірінен тәні жөнінен өзгеше болса, жаны жөнінен де сондай
өзгеше болады, жан қуаты біреуде мол, біреуде кем келеді, бұл жағдай оның
темпераментіне де байланысты, тәнді жетілдіруге болатыны сияқты жанды да
жетілдіре беруге болады. Фараби еңбектерін-де психология ғылымының бұдан
басқа мәселелері де жан-жақты сөз болады. Біз бұлардың бәр-бәріне тоқтала
бермей, ғұламаның психологияның жеке салаларына байланысты айтқан
пікірлеріне арнайы тоқталуды жөн көрдік.
Қоғамдық (әлеуметтік) психологияның сан қилы мәселелері әл-Фараби
еңбектерінея елеулі орын алған ғылыми проблемалардың бірінен саналады.
Г.В.Плехановтың айтуынша, қоғамдық психологияның мән-мағынасын
түсінбейінше бізге әдебиеттің, өнердің, философияның және тағы
сондайлардың тарихында бір адым ілгері басуға болмайды.
Әбу Насыр әл-Фарабидің ұғымынена әлеуметтік топтардың ең үлкені
адамзат қоғамы, халықтар бір-бірінен үш ерекшелігімен ажыратылады дейді.
Бұл айтқандарға әрбір халықтың табиғи әдет-ғұрпы мен салт-санасы, мінез
бітістері мен тіл ерекшеліктері жатады. Фараби түрлі тайпалар мен
халықтардың психологиялық ерекшеліктерін көп жағдайда географиялық ортаға
қарай түсіндіреді. Әрине, мұның қазіргі ғылым тұрғысынан дәйексіз түсінік
екені белгілі. Осы жерде біз Фарабидің түрлі қоғамдық топтар туралы
айтқан пікірлерімен беттесіп отырмыз. Фараби айтып отырған адамзат
қоғамы, халыктар мен тайпалар бәрі де әлеуметтік психологияда үлкен
топтар немесе макроорта делінеді. Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы
туралы трактат деген еңбегінде Фараби осындай топтардың әрқайсысына жеке-
жеке сипаттама беріп, бұларды әлеуметтік психологияның негізгі
категориялары ретінде ұсынып, ғылыми талдау жасайды.
Адам табиғи дамудың жемісі екенін мойындай келе, Фараби оны сол
кездегі көптеген ойшылдардай биологиялық тұрғыдан тек сөйлейтін хайуан
деп кдна қарастырмайды. Адам - қоғамның бір атрибуты. Ол өзінің
табиғатында ынжық, нашар, қаскөй емес, қажыр-қайратты, күш-жігері бар
мейірбан тұлға. Ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Әрбір адам белгілі
әлеуметтік топтық, яки қоғамның мүшесі ретінде ғана өмір сүреді.
Фарабидің айтуынша Өзінің табиғаты бойынена әрбір адам өмір сүруі және
кемеліне келуі үшін көптеген мәселеге мүқтаж болады. Мұның бәрін ол
жалғыз өзі жасап ала алмайды, Сондықтан да, ол басқалармен қатынасқа
түсуі қажет. Бірлесіп бір-бірінің мүқтажын тауып отырған жағдайда адам
да, қоғам да үйлесімді дамып, кемелдеяіп отырады. Адамзат қоғамының
тууына негізгі себепені болған нәрсе - олардың материалдық тұтыну
қажеттері, бұлар оның өмір сүруіне мүмкіндік береді, бірлесіп әрекет
еткенде ғана адам осындай қажеттерін өтей алады. Адамдар көбейе келе
түрлі топтарға, қоғамдарға бірігеді. Осындай қоғамдардың бірін ол толық
қоғам, екінені бір түрін толымсыз қоғам деп атайды. Толық қоғамның өзі
үшке бөлінеді. Олар: үлкен, орта, және кіші қоғамдар. Үлкен қоғам жер
бетін мекендеуші барлық адамдарға ортақ. Орта қоғам белгілі бір хлық, не
тайпа. Ал кіші қоғамды бір қаланың өкілдері құрайды. толымсыз қоғамға
қалаға жақын мандағы ауыл тұрғындары, яғни бір квартал мен бір көшеде,
бір үйде тұратын адамдар да кіреді. Фараби ұғымында қала тек
географиялық, немесе территориялық бөлік емес. Фараби қаланы тек
территориялық әкіменілік бөліністің объектісі ретінде карамайды, ол мұны
мемлекет, халық ұғымында, яғни феодалдық қоғамдағы сан алуан
әлеуметтік топтардың түрлі өкілдерін сипаттау үшін қолданады. Ізгі қала
тұрғындарының көзқарасы туралы трактатта түрлі қалаларға талдау бере
отыра, Фараби сол қоғамдағы жекелеген топтардың әлеуметтік жағдайын, атап
айтқанда, олардың неядей кәсіппен айналысатьшдығық тұрмыс-салтын, кейде
оларға тиісті қоғамдық байлыктардың адамдарға тиетін үлесін көрсетпекші
болады. Сөйтіп, Фараби эр алуан топтың өкілдері туралы сөз қозғап,
әлеуметтік психологияның іргелі мәселелерін күн тәртібіне бірінені қойған
ғалым болды. Біздің ойымызша Фарабидің қала ұғымын түрлі әлеуметтік
топтарды даралап сипаттауға қолдануы тектен тек болмаса керек. Тарихи
деректерге жүгінсек, орта ғасырда қала тұрғындары тікелей айналысқан
кәсібіне, көбінесе, қоғамнан алатын әлеуметтік орнына қарай бір жерге
шоғырланып, бір топ екінені топтан бөлек тұрған. Мұндағы топтардың
өздеріне тән ортақ моральдық-психологиялық қасиет - ерекшеліктері де
болған. Қала тұрғындарын түрлі топқа бөлген кезде мұның себебін ғұлама
материалдық жағдайлардан іздегісі келеді. Фараби материалдық қажеттерді
өтеу үшін адамдарға ең алдымен материалдық игіліктерді өндіру қажет
екенін, осы жерде адамдар арасында пайда болатын қоғамдық, әлеуметтік
қатынастардың қандай принципке негізделуі керектігін айқан түсіне алмады.
Бақылау сұрақтары:
1. Жан мен тән мәселесі жайлы Әбу Насыр әл-Фарабидың идялары?
2. Фараби адамның жан дүниесін неге байланысты түсіндірді?
3. Фараби адаины тану процесі неше кезеңнен тұрады деді,
түсіндіріңіз?
4. Жан қуаттары туралы теоориясында Фараби нелерді қарастырды, атап
өтіңіз?
5. Әбі Насыр әл-Фараби бойынена әлеуметтік топтардың ең үлкені,
оларға сипаттама беріңіз?
6. Фарабидың “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы” еңбегінің
мәні мен мағынасы, қысқаша түсіндіріп беріңіз?
4 лекция
ХV – ХІV ғғ. Қазақстандағы психологиялық идеялар
(1 сағат)
Жоспары:
1. Ж.Баласағұн
2. М.Қашқари
3. А.Жүйнеки
Мақсаты: ХV – ХІV ғасырлардағы ақын-жазушылар мен ойшыл, ғалымдар
еңбектеріндегі мол деректердің адам психологиясының түрлі жақтарын
көрсетіп қана қоймай, қазіргі психология ғылымына да қосар үлесі ерекше
екендігін студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні:
1. Халқымыздың XI—XI ғасырлардағы тарихынан елес беретін, қоғамдық
ой-пікірлеріміздің төркіндерінің бірінен саналатын көне туындыларымыздың
бірі —Құдатғу білік. Бұл — дидактикалық, моральдық .— этикалық сарында
жазылған шығарма. Құдатғу білік — түркі сөздері. Мұның біріненісі,
Құдатғу, қүт, бақыт, қүтты, ал екіненісі сөз — білік,
білім, кітап деген мағынаны білдіреді. Олай болса, Құдатғу білікті
қазақша білімді қүтайтушы кітап, бақытқа жетудің ғылымы деуге де
болады. Кітап 85 тараудан, 6500 өлең жолынан тұрады. Дастан оқиғасына аз
ғана топ қатысады. Автор мұндағы төрт кейіпкерді төрт касиеттің (әді-лет,
дәулет, парасат, қанағат) иесі етіп алады. Дастан төрт кейіпкердің
арасындағы бақыт туралы сез жарысына — диалогқа құрылған. Шығарманың бұл
ерекшелігі бізге айтыс жанрының тууы жайында да коптеген қызықты деректер
береді. Кітап Қараханид мемлекетін нығайту, оның даңқын зорайту
мақсатында жазылған. Бұл елке кезінде шаруашылығы шарықтап ескен, жазу,
сызу онері дамып, мәдениеті өрлеген, зиялы оқымыстылары коп ел болса
керек. Мәселен, осы каладан шыкқан Қашқари 1072—1074 жылдары Диван лұғат
ат түрік, Жамал Қарши (1230—1305), Мүлхакат ул Сурах атты кітаптар
жазған. Құдатғу біліктің авторы Жүсіптің туып, өсіп, тәрбие алған жері
онена қашык емес) сол кезде қаңлы тайпасының астанасы болған.
Дастанның мазмұнын ұғыну киынға сокпайды, ол қара-пайым тілмен
жазылған. Жазылу стилі жағынан ол араб-парсы поэзиясымен, әсіресе,
Фирдоусидің атакты Шахнамасымен үндес. Баласағұндық Жүсіптің,
Құдатғу білікті түркі тілінде жазуы, сөйтіп, оның өз ана тілін аса
қадір тутып, құрметтеуі ерекше атап етуді кажет ететін жайт. Автор билеу
жүйесін тәртіпке түсіру, елдің бейбіт өмір сүруі жөнінде қам жеу—бұл
бәрінен бұрын халық игілігі үшін қызмет ету деп дұрыс тұжырым-дайды.
Семсер мемлекетті ұлғайтып, оның билеушісі алдында бас июшілерді
кебейтсе, қалам мемлекетті нығайтып, оның билеу жүйесін ретке келтіреді,
яғии мемлекеттік аппараттың қызметі атқа мінген мың сан нөкерден кем
түспейді, дейді Баласағұндық Жүсіп. Дастанның оқырман кеңілін ерекше
аударатын тағы бір ерекшелігі — мұнда адам психологиясының түрлі жақтарын
көрсететін қызғылыкты деректердің (кісінің көңіл-күйі, қайғы-қасіреті,
қуаныш-сүйініші т. б.) молдығы. Мәселен, автор бұл жерде жанға шипа тек
тәуіптің дәрісі ғана емес, қасындағы жора-жолдас, корші-қонсың құрбы-
құрдасың, әріректе бұған әлеумет пен қоғамның да әсері тиіп отыратындығын
айтады. Құдатғу біліктің шді бір көңіл аударарлық жері— мұнда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz