Қайлық қаласы, Талғар



1 Қалашықты археологиялық тұрғыдан зерттеу
2 Зерттеу әдістемесі
Антоновка қалашығы – ортағасырлық Қаялық (Қойлық) Іле жазығының ең ірі қалажұрты Қойлық (Антоновка) ауылының (Алматы облысы, Сарқант ауданы) шығыс шетінде, Талдықорған қаласының солтүстік-шығысында190 км жерде, Ащы Бұлақ өзенінің жағасында орналасқан.
Қазақстанның ортағасырлық ескерткіштерінің көпшілігіне тән қаланың үшбөлікті құрылымын төмендегіше сипаттауға болады: ені 11-13 м-ге жайылған, биіктігі 2-2,5 м-ге сақталған, таспалық құю тәсілімен саздан жасалған мықты сыртқы қабырғалары пішіні төртбұрыштылау болып келген шахристанды және рабадтың бір бөлігін қоршаған. Жалпы ауданы90 га.
Қалашық X ғ. – XIII ғ. басындағы деректерде қарлық жабғуларының астанасы ретінде белгілі.
Қалашықты археологиялық тұрғыдан зерттеу 1964 жылы басталып, К.М.Байпақовтың басшылығымен бірқатар шурф салынып, қалашықтың жоспары түсірілді. Жұмыстар 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының аясында жалғасын тауып, «будда ғибадатханасы» деп анықталған нысан, сонымен қатар, қалашық цитаделінде орналасқан тұрғын жай аршылды. 1999-2000 жж. жұмыстар қалажұрттың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, шартты түрде «бай кісінің тұрғын жайы» деп аталған нысанда жүргізілді.
http://www.madenimura.kz

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қайлық қаласы, Талғар

Антоновка қалашығы – ортағасырлық Қаялық (Қойлық) Іле жазығының ең ірі
қалажұрты Қойлық (Антоновка) ауылының (Алматы облысы, Сарқант ауданы)
шығыс шетінде, Талдықорған қаласының солтүстік-шығысында190 км жерде, Ащы
Бұлақ өзенінің жағасында орналасқан.
 Қазақстанның ортағасырлық ескерткіштерінің көпшілігіне тән қаланың
үшбөлікті құрылымын төмендегіше сипаттауға болады: ені 11-13 м-ге
жайылған, биіктігі 2-2,5 м-ге сақталған, таспалық құю тәсілімен саздан
жасалған мықты сыртқы қабырғалары пішіні төртбұрыштылау болып келген
шахристанды және рабадтың бір бөлігін қоршаған. Жалпы ауданы90 га.
 Қалашық X ғ. – XIII ғ. басындағы деректерде қарлық жабғуларының астанасы
ретінде белгілі.
Қалашықты археологиялық тұрғыдан зерттеу 1964 жылы басталып,
К.М.Байпақовтың басшылығымен бірқатар шурф салынып, қалашықтың жоспары
түсірілді. Жұмыстар 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық
экспедициясының аясында жалғасын тауып, будда ғибадатханасы деп
анықталған нысан, сонымен қатар, қалашық цитаделінде орналасқан тұрғын
жай аршылды. 1999-2000 жж. жұмыстар қалажұрттың оңтүстік-шығыс бөлігінде
орналасқан, шартты түрде бай кісінің тұрғын жайы деп аталған нысанда
жүргізілді. 2001 жылы хаммам типіндегі қыштан соғылған монша аршылды,
бос қалған қалашықта салынған кесене зерттелді. 2002-2003 жж. жұмыстар
стритиграфияны зерттеуге, ескерткіштің үшөлшемді топографиялық негізін
жасауға, сонымен қатар, будда ғибадатханасында жүргізілген
консервациялық шаралар мен мониторингке бағытталды. 
 2004 және 2005 жылдардағы далалық маусымдар бағаналы типтегі жұма
мешіті, манихей ғибадатханасын, фасадтары әсем оймыш терракоталармен
безендірілген кесенелер мен олардың маңындағы ханаканы ашумен
ерекшеленді. Қоғамдық сипаттағы құрылыстар кешені 2006-2007 жылдардағы
зерттеулер барысында бірегей материалдар берді. Ашылған ескерткіштер
көлемді археологиялық-музейлендіру зерттеулерін бастауға мүмкіндік
береді.
Антоновка қалашығының бірегей нысандары өте жақсы сақталған және оларды
консервациялау мен музейлендеру туристерді тартуға және аймақты еліміздің
туристік инфраструктурасына енгізуге септігін тигізеді.
 Ортағасырлық Талхир қаласы  - Алматы қаласынан 25 шақырым шығысқа қарай,
қазіргі Талғар қаласының оңтүстік жағында орналасқан. Бұл - Іле жазығының
ең ірі қалаларының бірі. Цетадельдің қамалмен қоршалып, сақталған бөлігі
– 9 га. Ортағасырлық қаланың қалған бөлігі – 20 га жуық аумақ қазіргі
заманғы құрылыстар астында қалған.
 Талхир - Талғар ірі әкімшілік, саяси, сауда орны ретінде жазба
деректерде Х ғ. көрсетіле бастады, ал қала VIII ғасырдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырдағы Қазақстанның қала мәдениеті (VI - XVII ғғ. )
Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері
Ақтөбе өңірінің тарихи топонимиясы
Қала мәдениеті тарихын оқыту
Ежелгі грек және түркі халықтарының мифологиясы: ұқсастығы мен ерекшелігі
Талғар аймағының туризм мен демалыс саласын дамытудың негізгі
Туристік инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасы
Талғар қаласы «Орталық аудандық аурухана» РҚКК
Жер-судың аты-тарихтың хаты
Талғар АЭЖ электр желілерінің сызбасы
Пәндер