Халықтың көші-қоны туралы



1.бөлім. Жалпы ережелер
2.тарау. Қазақстан Республикасындағы көші.қон процестерін басқарудың мемлекеттік жүйесі
2.бөлім. Көшіп келу
4.тарау. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатымен көшіп келу
5.тарау. Отбасын біріктіру мақсатымен көшіп келу
3.бөлім. Халықтың ішкі көші.қоны
6.тарау. Тарихи отанына оралу мақсатында көшіп келу
7.тарау. Азаматтық алу мақсатымен көшіп келу
8.тарау. Гуманитарлық және саяси уәждемелер бойынша көшіп келу
9.тарау. Туризм мақсатымен көшіп келу
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) босқындар – негізделген қауіп төнуі себепті, саяси сенімі, нәсілдік белгісі, діни нанымы, азаматтығы, ұлты, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбанына айналған, өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан бұрынғы тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар;
2) демеуші – Қазақстан Республикасында тұратын, отбасын біріктіру мақсатымен өзінің отбасы мүшелерінің елге келуі туралы қолдаухат беруші отбасы мүшесі (қамқоршы, қорғаншы);
3) еңбек көші-қоны – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке адамдардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс ауыстыруы;
4) заңсыз көші-қон – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына (нан) келуі, кетуі, болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін заңнаманы бұза отырып кетуі, келуі және болуы;
5) келуге және кетуге рұқсат (виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспорт немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі, ол онда белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасы аумағына келуге, оның аумағы бойынша жүріп тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасы аумағынан кетуге құқық береді;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Халықтың көші-қоны туралы

Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді,
көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін
айқындайды.

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) босқындар – негізделген қауіп төнуі себепті, саяси сенімі,
нәсілдік белгісі, діни нанымы, азаматтығы, ұлты, белгілі бір әлеуметтік
топқа жататындығы бойынша қудалау құрбанына айналған, өзі азаматы болып
табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп
салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе пайдаланғысы
келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан бұрынғы тұрғылықты
елінен тыс жерде тұрып жатқан, еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып
оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар;
2) демеуші – Қазақстан Республикасында тұратын, отбасын біріктіру
мақсатымен өзінің отбасы мүшелерінің елге келуі туралы қолдаухат беруші
отбасы мүшесі (қамқоршы, қорғаншы);
3) еңбек көші-қоны – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке адамдардың
басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан
Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс ауыстыруы;
4) заңсыз көші-қон – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасына (нан) келуі, кетуі, болуы, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін заңнаманы
бұза отырып кетуі, келуі және болуы;
5) келуге және кетуге рұқсат (виза) – осыған уәкілеттік берілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспорт
немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі, ол онда белгіленген уақытқа,
мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасы аумағына келуге, оның
аумағы бойынша жүріп тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасы
аумағынан кетуге құқық береді;
6) көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
7) көшіп келушілер – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты
тұруға келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
8) көші-қон – жеке адамдардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке,
сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мәжбүрлі
қоныс ауыстыруы;
9) көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – көші-қон
процестерін реттеуді және Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны
саласындағы жұмысты үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырушы
мемлекеттік орган;
10) көшіп-қонушылар – себебі мен ұзақтығына қарамастан, Қазақстан
Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адамдар;
11) көшіп-қонушыларды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы – көшіп-
қонушыларға ықпалдастыру және бейімдеу қызметтерін көрсетуге, сондай-ақ
оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған
орын;
12) қабылдаушы ұйым – оқытуды, тағлымдамадан өткізуді жәненемесе
біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі шарттың тарабы саналатын
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
13) қоныс аударушылар – ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару
квотасына және тұрақты тұру үшін елдің экономикалық келешегі зор
өңірлеріне халықты оңтайлы қоныстандыру схемасына сәйкес Қазақстан
Республикасының ішінде қоныс аударушы адамдар;
14) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы аумағында өз
қызметін жүзеге асырушы діни бірлестіктің жарғылық ережелерінде
қамтылмаған діни сенімді діни-ағартушылық қызмет арқылы уағыздау және
тарату;
15) оралмандар – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатымен Қазақстанға
келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған,
Қазақстан Республикасы егемендік алған сәтте шетелде тұрақты тұрып жатқан
ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар және олардың Қазақстан
Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тысқары жерде туған ұлты қазақ
балалары;
16) оралмандардың көшіп келу квотасы – Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейтін, осы Заңда көрсетілген көлемде әлеуметтік қолдау
көрсетілетін оралман отбасыларының саны;
17) отандастар – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе
Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған
және шетелде тұрақты тұратын адамдар;
18) тұрақты тұруға рұқсат – Қазақстан Республикасы заңнамасында
белгіленген талаптарды сақтаған кезде, көшіп келушілерге ішкі істер
органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
тұру құқығын беретін құжат;
19) уақытша орналастыру орталығы – этникалық қазақтар мен олардың
отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына
арналған орын;
20) уақытша тұруға рұқсат – Қазақстан Республикасы заңнамасында
белгіленген талаптарды сақтаған кезде, көшіп келушілерге ішкі істер
органдары беретін және олардың болу мақсатына қарай, Қазақстан
Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін
құжат;
21) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан
Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін, Қазақстан Республикасы
аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс
күшінің саны;
22) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат – көші-қон мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган таратып бөлген квота шегінде, Қазақстан
Республикасына шетелдік жұмыс күшін бір жұмыс жылынан аспайтын мерзімге
тарту үшін, жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін, белгіленген
нысандағы құжат;
23) шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға берілетін рұқсат –
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын адамдардың тізбесіне кіретін
шетелдік қызметкерге көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган таратып
бөлген квота шегінде Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасу үшін
жергілікті атқарушы орган бір жылға беретін, белгіленген нысандағы құжат;
24) ықпалдастыру және бейімдеу қызметтері – көшіп-қонушылар мен
олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және қоғамға ықпалдастыру және көшіп-
қонушылардың әлеуетін іске асыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық,
заңгерлік, әлеуметтік, медициналық және білім беру) қызметтер кешені;
25) ішкі көші-қон – жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ішінде
тұрақты немесе уақытша қоныс ауыстыруы;
26) ішкі көшіп-қонушылар – Қазақстан Республикасының ішінде
өздігінен немесе ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасы бойынша
қоныс аударушы адамдар;
27) ішкі көшіп қонушылардың қоныс аудару квотасы – экологиялық өмір
сүру жағдайы ерекше қолайсыз және даму әлеуеті төмен елді мекендерден
Қазақстан Республикасының экономикалық перспективалы өңірлеріне тұрақты
тұруға қоныс аударуға тиіс Қазақстан Республикасы азаматтары отбасыларының
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шекті саны;
28) эмиграция – Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекетке
уақытша немесе тұрақты тұру үшін кетуі;
29) этникалық қазақтар – шетелде тұрақты тұратын, ұлты қазақ
шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
30) этникалық репатриация – ұлты қазақ шетелдіктердің немесе
азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасына
келуі.

2-бап. Халықтың көші-қонын реттейтін заңнама
Көші-қон саласындағы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына
негізделеді және осы Заңнан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден
тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.

3-бап. Көші-қонның негізгі түрлері
Қазақстан Республикасы аумағына (аумағынан) келу, кету және болу
мақсатына қарай көші-қонның мынадай негізгі түрлері бар:
1) білім алу мақсатында;
2) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында;
3) отбасын біріктіру мақсатында;
4) тарихи отанына оралу мақсатында;
5) азаматтық алу мақсатында;
6) гуманитарлық және саяси уәждемелер бойынша;
7) туристік мақсатта.

4-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың
негізгі принциптері мен міндеттері
1. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясат мынадай
принциптерге негізделеді:
1) көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарының заңдылық және
халықаралық құқық негізінде сақталуы:
2) ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесін ұштастыру;
4) көші-қон процестерін реттеудің ашықтығы;
5) ұлты қазақ адамдардың тарихи отанына қоныс аударуына жәрдемдесу;
6) мемлекеттің көші-қон түрлерін реттеудегі сараланған тәсілі;
7) көші-қон процестерін реттеу, заңсыз көші-қонның алдын алу және
болдырмау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
2. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
міндеттері:
1) көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
2) этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасына қоныс аударуына
жәрдем көрсету, өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму
мүдделерін ескере отырып, оларды ұтымды қоныстандыруды ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жоғары
білікті шетелдік жұмыс күшін тарту, ұлттық еңбек нарығын қорғау;
4) Қазақстанның халықаралық еңбек нарығына кірігуін қамтамасыз ету;
5) салдарында халықтың жаппай көші-қоны болуы мүмкін жанжалдардың
алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа
мемлекеттермен ынтымақтастығын дамыту;
6) ішкі көші-қон ағынын оңтайландыру, көшіп-қонушылардың ел аумағында
оңтайлы қоныстандырылуын қамтамасыз ету;
7) шетелде тұратын отандастармен және этникалық қазақтармен өзара
қарым-қатынасты қолдау және дамыту болып табылады.

5-бап. Көшіп келушілердің жалпы құқықтары мен міндеттері
1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында:
1) заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бірдей барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен білім
алуға, медициналық және әлеуметтік көмекке;
3) мәдениет жетістіктерін Қазақстан Республикасының азаматтарымен
бірдей пайдалануға;
4) Қазақстан Республикасының көшіп келушілерге ашық аумағы бойынша
еркін жүріп тұруға және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген
негіздеме мен тәртіпке сәйкес тұратын жерін таңдауға;
5) өзіне тиесілі мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарын қорғау
үшін сотқа және өзге де мемлекеттік органдарға шағымдануға;
6) осы қызмет түрлері ақысыз негізде көрсетілетін оралмандарды
қоспағанда, көшіп қонушыларды бейімдеу және ықпаластыру орталықтарында
ақылы ықпаластыру және бейімдеу қызметтерін алуға құқығы бар.
2. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасында:
1) заңнамалық актілерде және Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан
Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттері болады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы аумағына келудің, кетудің және болудың белгіленген тәртібін
сақтауға міндетті.

6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының
жалпы шарттары
1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасы аумағына келу, кету және
болу тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілерімен белгіленеді.
2. Келудің және болудың визасыз режимі туралы Қазақстан
Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген көшіп келушілер,
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген
жағдайларды сақтаған кезде, заңды төлқұжаты немесе оны ауыстыратын
құжаттары бойынша келеді.
3. Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан
Республикасына келуге – Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсаттарды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан
Республикасының шетелдегі мекемелері береді.
Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан
Республикасынан кетуге – Қазақстан Республикасына келуге рұқсаттарды
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының ішкі істер
органдары береді.
Паспорттары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде
тіркелген көшіп келушілерге кету-келу рұқсаттарын беруді Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүргізеді.
4. Қабылдаушы ұйымдардың қолдаухаттары бойынша көшіп келушілерге
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге
бірнеше рет қолданылатын рұқсаттар берілуі мүмкін.
5. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан
өткеннен кейін, бес күнтізбелік күннің ішінде Қазақстан Республикасының
ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті. Тұрғылықты жері өзгерген
жағдайда, көшіп келушілер бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шыққан
күнінен бастап, бес күнтізбелік күннің ішінде тұрғылықты жері бойынша
тіркелуге міндетті.
Қазақстан Республикасына келген кезде 16 жасқа толған әрбір көшіп
келушіге көші-қон кәртішкесі беріледі.
Көші-қон кәртішкесі Қазақстан Республикасынан кеткен кезде
тапсырылуға тиіс.

7-бап. Көшіп келушілер болып табылмайтын адамдар
Қазақстан Республикасы аумағында:
осы Заңның 3-бабында көзделмеген, жеке сипаттағы мақсатпен 90 күннен
артық болмағандар. Аталған адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік
шекарасынан өткеннен кейін, бес күнтізбелік күннің ішінде Қазақстан
Республикасының ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті.
бес тәуліктен аспайтын мерзім ішінде транзитпен Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы өтетіндер;
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан бөлімдерде әскери
қызметте жүргендер;
дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен Қазақстан
Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың құрамына енетіндер;
Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдері болып табылатындар;
теңіз және өзен кемелерінің, әуе, теміржол және автомобиль көлігі
экипаждарының мүшелері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар көшіп келушілер болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасында жүрген
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар көшіп келушілер деп танылмайтын
басқа да жағдайларды белгілей алады.
Осы тармақта көрсетілген адамдардың құқықтық мәртебесі Қазақстан
Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттарда айқындалады.

2-тарау. Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін
басқарудың мемлекеттік жүйесі

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) халықтың көші-қон процестері саласындағы мемлекеттік саясаттың
негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын жыл
сайын белгілейді;
3) ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасын белгілейді;
4) оралмандардың көшіп келу квотасын белгілейді;
5) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
6) көшіп қонушылардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының,
сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды;
7) көшіп-қонушыларды бейімдеу және ықпаластыру орталықтарын, уақытша
орналастыру орталықтарын құрады;
8) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне
сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

9-бап. Көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті
шегінде іске асырады;
2) еңбек көші-қоны мен этникалық репатриацияны реттеу саласындағы
шаралар жүйесін әзірлейді;
3) шетелдік жұмыс күшін тарту, оралмандардың көшіп келуі, ішкі көшіп-
қонушылардың қоныс аударуы квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар
дайындайды;
4) шетелдік жұмыс күшін тарту, оралмандардың көшіп келуі, ішкі көшіп-
қонушылардың қоныс аудару квоталарын облыстардың, Астана мен Алматы
қалаларының арасында бөледі;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көшіп-
қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;
6) еңбекші көшіп-қонушылар мен оралмандардың бірыңғай дерекқорын
қалыптастырады және ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті
органдардың, ішкі істер органдарының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті
ақпараттық жүйелерімен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;
7) еңбек көші-қоны және этникалық репатриация мәселелері жөніндегі
мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге
асырады;
8) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманың
сақталуын бақылайды;
9) шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық
ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты
ұйымдастырады және жүзеге асырады;
10) ішкі көші-қон процестері мониторингін және оны реттеуді жүзеге
асырады;
11) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
12) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің
актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

10-бап. Сыртқы істер министрлігінің құзыреті
Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі
мекемелері:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті
шегінде іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы
мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдеседі;
3) шетелде тұратын отандастарымызбен және этникалық қазақтармен
байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседі;
4) ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, ұлттық қауіпсіздік
мәселелері жөніндегі уәкілетті органның келісуімен:
визалардың санаттары мен түрлерін, оларды берудің, сондай-ақ олардың
қолданылу мерзімін қысқартудың және ұзартудың тәртібін;
көшіп келушілердің төлқұжаттарын тіркеудің, олардың жүріп-тұруының,
сондай-ақ шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға)
кіруінің тәртібін, шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
транзиттік жол жүруінің тәртібін айқындайды;
5) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға келу рұқсаттарын
беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі
түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ көші-қон, ұлттық қауіпсіздік
мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен және ішкі істер органдарымен
уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
6) осы Заңның 6-бабына сәйкес:
Қазақстан Республикасына келу туралы өтініш берген шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын қабылдайды және тіркейді әрі оларды
(еңбек қызметіне рұқсат алған адамдарды қоспағанда) Қазақстан
Республикасының осыған уәкілетті мемлекеттік органдарына жібереді;
Қазақстан Республикасының осыған уәкілетті мемлекеттік органдары
ұсынған қорытындыларды не рұқсаттарды ескере отырып, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына келуге рұқсат береді;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құжаттарды консулдық
заңдастыруды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан
Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді;
9) халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты өз
құзыреті шегінде жүзеге асырады;
10) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің
актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

11-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті
шегінде іске асырады;
2) көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат және
Қазақстан Республикасынан кетуге – Қазақстан Республикасына келуге рұқсат
береді;
3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, ұлттық
қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті органның келісуімен көшіп
келушілердің төлқұжаттарын тіркеудің және олардың жүріп тұру тәртібін,
сондай-ақ, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға)
олардың кіруін, шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;
4) көшіп келушілерге шекара аймағына кіру құқығын беретін құжаттарды
ресімдейді;
5) көшіп-қонушылардың заңнамада белгіленген келу, кету, болу және
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру ережелерін
сақтауын бақылайды;
6) шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібінің сақталуын бақылауды өз
құзыреті шегінде жүзеге асырады;
7) азаматтардың Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға
кетуін ресімдейді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің
Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды;
9) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында
тұрақты және уақытша тұруға рұқсат береді;
10) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамаға сәйкес
көшіп келушілердің жекелеген санаттарын тіркеу тәртібімен Қазақстан
Республикасы азаматтығына қабылдауды жүзеге асырады;
11) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың уақытша және
тұрақты тұруы, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар
мен азаматтығы жоқ адамдардың кетуі есебінің бірыңғай дерекқорын
қалыптастырады және көші-қон, ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
уәкілетті органдармен және Сыртқы істер министрлігімен ақпарат алмасуды
жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының халқын тіркеу және құжаттандыру,
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын көшіп келушілердің, сондай-ақ
шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтығын
өзгерту мәселелері бойынша әділет органдарымен ақпарат алмасады;
13) заңсыз көші-қонның алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан
Республикасы азаматтарының шетелге кетуін шектеу туралы шешім қабылдайды;
15) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және
тіркеуді жүзеге асырады.
16) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің
актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті
шегінде іске асырады;
2) көшіп келушілерге медициналық көмек көрсетудің тәртібін
айқындайды;
3) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақтама болып табылатын
аурулардың тізімін айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көшіп
қонушыларды бейімдеу және ықпаластыру орталықтарында, уақытша орналастыру
орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;
5) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің
актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті
шегінде іске асырады;
2) этникалық қазақтар мен оралмандарға Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген квотаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру,
ортадан кейінгі және жоғары білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін білім
гранттарын бөледі;
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық
шарттарға сәйкес шетелде жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген
этникалық қазақтарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен
қамтамасыз етеді;
4) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің
актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

14-бап. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті
органның құзыреті
Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті
шегінде іске асырады;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің
Қазақстан Республикасында болуы және одан кетуі үшін қажетті төлем
қабілеттілігі растамасын тексеруді жүзеге асырады;
3) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың келу-кетуі
есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі
жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ көші-қон мәселелері жөніндегі
уәкілетті органдармен, ішкі істер органдарымен және Сыртқы істер
министрлігімен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының сыртқы істер және ішкі істер
министрліктері айқындайтын визалардың санаттары мен түрлерін, оларды
берудің, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін қысқарту және ұзартудың
тәртібін, шетелдіктердің төлқұжаттарын тіркеудің, олардың Қазақстан
Республикасы бойынша жүріп тұруының, сондай-ақ, шетелдіктердің болуы
үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) кіруінің тәртібін келіседі;
5) көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келген кезде көші-қон
кәртішкелерін беруді және Қазақстан Республикасынан кеткен кезде оларды
алып қалуды жүзеге асырады;
6) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің
актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15-бап. Әділет органдарының құзыреті
Әділет органдары:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті
шегінде іске асырады;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша
тіркеуді және тіркеуден шығаруды жүзеге асырады;
3) уақытша тұру орнына келетін Қазақстан Республикасы азаматтарын
уақытша тұратын жері бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуді және есебін
жүргізуді жүзеге асырады;
5) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің
актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, елорданың) жергілікті
атқарушы органдары:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті
шегінде іске асырады;
2) көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
медициналық көмек алуын қамтамасыз етеді;
3) көші-қон жөніндегі уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тарту,
оралмандардың көшіп келу, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын
қалыптастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
4) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті
орган таратып бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат
береді, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып
алады;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі тізбесін айқындайтын шетелдік
қызметкерлерге, көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган таратып
бөлген квота шегінде, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа
орналасуға рұқсат береді;
6) бизнес-көшіп келушілердің уақытша тұру рұқсаттарының қолданылу
мерзімін ұзарту немесе қысқартуға қолдаухат береді;
7) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің
актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы
органдары:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті
шегінде іске асырады;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларға
жергілікті бюджет қаражатынан әлеуметтік көмек көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына
сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын көшіп қонушыларға жұмысқа
орналасуға, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін
арттыруға жәрдем көрсетеді;
4) көшіп-қонушыларға мектептерден, мектепке дейінгі ұйымдардан,
сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерден Қазақстан Республикасы
заңнамасында белгіленген тәртіппен орын береді;
5) көшіп келушілердің мемлекеттік және қалауы бойынша орыс тілдерін
үйренуіне жағдай жасайды;
6) оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне жеке қосалқы шаруашылық,
бағбаншылық жүргізу және саяжай құрылысы үшін Қазақстан Республикасының жер
туралы заңнамасына сәйкес жер учаскелерін береді;
7) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің
актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2-бөлім. Көшіп келу

3-тарау. Білім алу мақсатымен көшіп келу

17-бап. Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілер
Қазақстан Республикасы аумағына білім алу мақсатымен келетін көшіп
келушілерге жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары
және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына, оның ішінде ұйымдастырылған оқушылар алмасу және
даярлық курстарынан өту бағдарламалары бойынша қабылданған оқушылар
жатады.
18-бап. Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілердің
келу шарттары
Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілер:
1) этникалық қазақтарды қоспағанда, көшіп келуші мен қабылдаушы
ұйымның арасындағы шартқа сәйкес оқуына және тұруына ақы төлеуге қажетті,
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте және мөлшерде
өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсынуға;
2) таңдаған мамандығы бойынша білім алуға кедергі келтіретін
ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға және
медициналық сақтандыруы болуға;
3) соттылығы болмағаны туралы растаманы ұсынуға;
4) оқу орнына қабылданған болуға жәненемесе Қазақстан Республикасына
келгенге дейін кәсіптік даярлауға шақырушы тараптың келісімін растауға
міндетті;
5)
техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінде
оқу үшін – негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан
кейінгі, жоғары білімі;
жоғары білім беру мекемелерінде оқу үшін – жалпы орта, техникалық
және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білімі;
магистратурада, резедентурада және адъюнктурада оқу үшін – жоғары
білімі;
докторантурада оқу үшін – магистр академиялық дәрежесі, ғылым
кандидаты ғылыми дәрежесі болуы керек.

19-бап. Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілерге келуге рұқсат
берудің шарттары
1. Білім алу мақсатымен келген көшіп келушілердің келуіне рұқсатты ата-
аналарының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының келісімімен немесе
қабылдаушы ұйымның қолдаухаты негізінде айқындалатын бір жылдан аспайтын
мерзімге арналған оқу орны қолдаухатының негізінде Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер министрлігі береді.
2. Білім алу мақсатымен келген көшіп келушілердің келуіне және уақытша
тұруына рұқсатты қабылдаушы ұйым растаған кезде, ішкі істер органдары оқуын
аяқтауға қажетті, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге жыл сайын ұзартады.
3. Қабылдаушы ұйымдар білім алу мақсатымен келген көшіп келушілерге
Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген олардың құқықтары мен
міндеттерін уақытында түсіндіруді және оларды іске асыру үшін қажетті
жағдайларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында
болу, ел аумағында жүріп тұру және өздеріне белгіленген болу мерзімі
аяқталғанда, кету құқықтары құжаттарын уақытында ресімдемегені үшін
заңнамада белгіленген жауаптылықта болады.
4. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан
Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден білім алу мақсатымен келген
көшіп келушілердің уақытша тұруына рұқсатты Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ішкі істер органдары береді.

20-бап. Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілердің жекелеген
санаттарының еңбек қызметін жүзеге асыру шарттары
1. Күндізгі оқу нысанындағы студенттердің жұмысқа орналасуға және
жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алмай-ақ және оқудан
бос уақытында ғана еңбек қызметімен айналысуға құқығы бар.
2. Күндізгі оқу нысанындағы студенттер мен тағлымдамадан өтушілердің
жұмыс уақыты аптасына он сағаттан аспауға тиіс.

21-бап. Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілердің негізгі
құқықтары мен міндеттері
1. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес
конкурстық негізде техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және
жоғары білімнен кейінгі тегін білім алу құқығы Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады.
Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген көшіп келушілер
оқуын аяқтағаннан кейін, олардың жұмысқа орналасуға рұқсаты немесе шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар жұмыс берушінің жалдау туралы кепілхаты
бар болса, білім алу мақсатымен келу рұқсатын еңбек қызметін жүзеге асыру
мақсатындағы рұқсатқа ауыстыру туралы өтініш беруге құқылы.
Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген этникалық
қазақтардың қатарындағы көшіп келушілер оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты
тұруға рұқсат алу туралы өтініш беруге құқылы.
2. Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Қазақстан
Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты міндеттерді
орындауға;
2) одан әрі болуына заңды негіздеме болмаса, оқудың жәненемесе
кәсіптік даярлаудың толық курсын аяқтағаннан кейін Қазақстан
Республикасынан кетуге міндетті.

4-тарау. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатымен көшіп келу

22-бап. Еңбекші көшіп келушілердің санаттары
1. Еңбекші көшіп келушілер мынадай санаттарға бөлінеді:
1) шетелдік қызметкерлер – Қазақстан Республикасы аумағында ақылы
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын
көшіп келушілер;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес табыс әкелетін жеке еңбек
қызметімен айналысатын көшіп келушілер (инвесторлар, инновациялық және
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдар);
3) маусымдық шетелдік қызметкерлер – Қазақстан Республикасының
аумағында өзінің сипаты бойынша маусымдық жағдайларға байланысты және
белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңнің ішінде орындалатын
жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер тартатын көшіп келушілер.

23-бап. Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары
Жұмысқа орналасуға келетін немесе жұмыс берушілер тартатын шетелдік
қызметкерлер:
1) кәмелетке толған болуға;
2) жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсатының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты тұратын
еліне кетуі үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын
тәртіпте және мөлшердегі өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсынуға;

3) атқарылатын жұмысты орындау үшін қажетті білімі, біліктілігі мен
тәжірибесі болуға;
4) соттылығы жоқтығы туралы растаманы ұсынуға;
5) болжамды кәсіптік салада таңдаған мамандығы бойынша еңбек
қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екені туралы медициналық
анықтаманы ұсынуға;
6) медициналық сақтандыруы болуға міндетті.

24-бап. Шетелдік қызметкерлерге келуге рұқсат беру шарттары
1. Шетелдік қызметкерлерге келуге рұқсатты шетелдік қызметкерге
жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға
берілген рұқсаттың негізінде және олардың қолданылу мерзіміне Сыртқы істер
министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.
2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыруға
Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдік қызметкерлерге келуге
рұқсат, Алматы қаласының халықаралық әуежайына келген кезінде беріледі.
3. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан
Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдік
қызметкерлерге уақытша тұруға рұқсатты Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, ішкі істер органдары береді.
4. Шетелдік қызметкерлердің келуге және уақытша тұруға рұқсатын,
шетелдік қызметкердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің алдағы
жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаты болса, ішкі істер
органдары бір жылға ұзартады.

25-бап. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс
берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат
берудің тәртібі
1. Шетелдік жұмыс күшін тарту кәсіптік және біліктілік санаттары
бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін квотаның
негізінде жүзеге асырылады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота экономикалық белсенді
халық санына проценттік қатынаспен айқындалады немесе еңбек нарығындағы
сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес экономика
салалары бойынша жәненемесе шығу елдері бойынша абсолюттік мағынада
белгіленеді.
2. Шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын көші-қон мәселелері жөніндегі
уәкілетті орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында
таратып бөледі.
Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге – шетелдік жұмыс күшін
тартуға, шетелдік қызметкерлерге – жұмысқа орналасуға белгіленген квота
шегінде бір жылға дербестендірілген рұқсат береді. Рұқсаттар бір жылдан
аспайтын мерзімге ұзартылады.
3. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы шетелдік
қызметкердің жұмысқа орналасу немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін
тарту рұқсатынсыз жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын
белгілеудің тәртібін, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс
берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары мен
тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау мен шетелдік қызметкерге
жұмысқа орналасуға және жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға
рұқсат беру туралы нормалары, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында
басшы лауазымдарында жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдарға және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен
расталған құжаттары бар, ортадан кейінгі және жоғары білімі бар мамандарға
қолданылмайды.
26-бап. Этникалық қазақтар мен отандастарымыздың қатарындағы
шетелдік қызметкерлердің еңбек қызметін
реттеудің ерекшеліктері
Жергілікті атқарушы орган шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға
немесе жұмыс берушілерге этникалық қазақтар мен отандастарымыздың
қатарындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайтын жеңілдетілген тәртіппен, жұмыс берушінің мерзімді
баспасөзде бос орындар туралы хабарландыруынсыз және деректер базасындағы
бос лауазымдар жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органның
қарауынсыз бір жылдан аспайтын мерзімге береді.

27-бап. Бизнес-көшіп келушілерге келуге рұқсат беру және олардың
келу шарттары
1. Бизнес-көшіп келуші келуге рұқсат алу үшін:
кәмелетке толған болуға;
медициналық сақтандыруы болуға;
соттылығының және сот шешімі негізінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға тыйымның болмауы растамасын ұсынуға;
кәсіпкерлік қызмет тәжірибесі болуға міндетті.
2. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуіне
рұқсатты екі жылға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.
3. Этникалық қазақтар қатарындағы, оның ішінде келудің және болудың
визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан
мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілердің келуіне және уақытша
болуына рұқсат үш жылға дейінгі мерзімге береді.
4. Бизнес-көшіп келушілерге келуге және уақытша тұруға рұқсатты кейін
жергілікті атқарушы органның қолдаухаты негізінде ішкі істер органдары жыл
сайын бір жылға ұзартуы мүмкін.

28-бап. Бизнес-көшіп келушілердің болу және олардың жеке кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру шарттары
1. Бизнес-көшіп келушілердің жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасы аумағында болуының міндетті шарты болып табылады.
2. Бизнес-көшіп келуші Қазақстан Республикасы аумағына келген күнінен
бастап екі айлық мерзім ішінде:
Қазақстан Республикасында заңды тұлғаны тіркеуге немесе азаматтық
заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында қызметті
жүзеге

асырушы заңды тұлғалардың қатысушылары құрамына ену жолымен коммерциялық
ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға;
Заңды тұлғаны тіркеу кезінде оның жарғылық қорын қалыптастыру үшін
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген ең төмен мөлшерден кем
емес ақшалай қаражат сомасын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банкіне енгізуге міндетті.
Заңды тұлға уақытында тіркелмеген жағдайда ішкі істер органдары
жергілікті атқарушы органның қолдаухаты негізінде, бизнес-көшіп
келушілердің болу мерзімін, олардың өз еркімен кетуіне немесе елден
шығарылуына қажетті мерзімге қысқарту туралы шешім шығарады.
Бизнес-көшіп келуші ретінде келуге рұқсат алмаған шетелдіктердің
заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлға қатысушыларының құрамына ену
жолымен коммерциялық ұйымдардың жарғылық қорына қатысуына тыйым
салынады.
3. Қазақстан Республикасы аумағына жеке кәсіпкерлік қызметті
ұйымдастыру үшін жабдықтар әкелуді бизнес-көшіп келуші Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасы айқындайтын шарттармен және тәртіппен
жүзеге асырады.
4. Бизнес-көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің
баруына ашық аумақтарында еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан
Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тұратын жерін таңдай
алады.

29-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлердің келу және
болу шарттары
1 Маусымдық шетелдік қызметкерлердің келуіне рұқсатты шетелдік
жұмыс күшін тарту рұқсатының негізінде Қазақстан Республикасының шетелдегі
мекемелері береді.
2. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан
Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген маусымдық шетелдік
қызметкерлердің келуіне рұқсатты ішкі істер органдары береді.
3. Маусымдық шетелдік қызметкерлер:
1) кәмелетке толған болуға;
2) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылу мерзімі
аяқталғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіп пен
мөлшердегі тұрақты тұру еліне кетуге қажетті өзінің төлем
қабілеттілігінің растамасын ұсынуға;
3) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екендігін
растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға міндетті.

30-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары
1. Маусымдық шетелдік қызметкерлер экономиканың жекелеген
салаларындағы жұмысқа Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттарға сәйкес, немесе жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар
беретін квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың
негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шарттармен және
тәртіппен тартылады.
2. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартатын жұмыс берушілер оларға,
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген санитарлық және өзге де
нормаларға жауап беретін уақытша тұрғын үй-жай беруге міндетті.

31-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатымен көшіп келушілердің
негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатымен көшіп келушілер:
1) Қазақстан Республикасы аумағында жүрген көшіп келушілерге қатысты
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындауға;
2) егер одан әрі болуына заңды негіздеме болмаса, рұқсаттың мерзімі
аяқталғанда, Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.
2. Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген
және жұмыс берушілер тартқан шетелдік қызметкерлер тиісті рұқсаттың
мерзімі аяқталғаннан кейін, жұмысқа орналасуға рұқсат алу не оның мерзімін
ұзарту туралы өтініш беруге құқылы.

5-тарау. Отбасын біріктіру мақсатымен көшіп келу

32-бап. Отбасын біріктіру мақсатымен келетін көшіп
келушілердің санаттары
1. Мынадай адамдар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) этникалық қазақтар мен отандастарымыз;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын көшіп келушілер
мен бизнес - көшіп келушілер демеуші бола алады.
2. Демеушілердің өзінің отбасын біріктіру мақсатында, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуі туралы қолдаухат
беруге құқығы бар.
3. Мыналар:
1) кәмелеттік жасқа толған, Қазақстан Республикасы заңнамасымен
танылатын некеде кемінде үш жыл тұрған жұбайы;
2) он сегіз жасқа толмаған, некеде тұрмайтын және демеушінің
асырауындағы жәненемесе қамқорлығындағы, оның ішінде асырап алған
балалары;
3) он сегіз жастан асқан, некеде тұрмайтын, денсаулық жағдайына
байланысты себептер бойынша өзін өзі қамтамасыз етуге қабілетсіз, оның
ішінде асырап алған балалары;
4) демеушінің асырауындағы еңбекке жарамсыз ата-аналары;
5) оларды ұстау демеушінің міндеті болып табылатын, отбасының өзге
де мүшелері, демеушінің отбасын біріктіру мақсатымен Қазақстан
Республикасына келуші отбасы мүшелері болып табыла алады.
4. Демеушінің мәртебесіне қарай, отбасын біріктіру мақсатымен
Қазақстан Республикасына мына отбасы мүшелері жіберіледі:
1) егер Қазақстан Республикасының азаматы демеуші болса – осы баптың
3-тармағында көрсетілген барлық адамдар;
Олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұруына рұқсат, кейіннен
жыл сайын ұзарту құқығымен үш жыл мерзімге беріледі;
2) егер демеуші Қазақстан Республикасында уақытша (кемінде екі
жыл) тұруға рұқсат алған этникалық қазақ немесе отандас болса – осы баптың
3-тармағының 1) – 4) тармақшаларында айқындалған адамдар;
Оларға Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат демеушінің болуына
арналған рұқсаттың қолданылу мерзіміне беріледі;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы көші - қон саясаты
Мигранттармен әлеуметтік жұмыс жүргізу әдістері. Мигранттармен әлеуметтік жұмыс саласындағы нормативтік-құқықтық аспектілер
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері
Көші-қон мәселесі жайлы
Көші - қон саласындағы ішкі істер органдарының қызметі
Халықтың көші - қоны саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
Миграцияның негізгі себептері
Көші - қон үрдісінің қауіпсіздікке ықпалы
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы, жолдары туралы
Қазақстан мен Ресей арасындағы Көші - қон мәселелері
Пәндер