Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. ҚР Конституциясы: құрылымы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Конституцияның жоғарғы заңдық күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы ... ... ... ... ... ... ... 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... .13
Конституциялық құрлыс – бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы.
Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта мемлекетті басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады.
Әрекет ететін Қазақстан Конституцияда ҚР Конституциялық құрлысының концепциясының негізіне Конституцияның 2 бөлімінің 1 бабаында бекітілген негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.
ҚР Конституциялық құрлысына қоғамда қалыптасқан қоғамдық қатынастың бүкіл жүйесі кіреді. Оның нығаюында Қазақстан Республикасының бүкіл құқық саласы мен заңдары қатысады.
Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысын реттеуде құқықтау нормалардың ішінде жетекші орынды ҚР Конституциялық нормалары алады. Бұл Конституцияның жоғарғы заңдық күшке ие және ағымдағы заңдардың базасы болатындығынан туындайды.
Конституциялық мемлекеттің негізін мемлкеттің адам, оның өмірін, құқығы мен еркіндігін ең жоғарғы құндылық деп тануда құрайды. Мұндай негізге жеке меншікті тану және қорғау, сондай-ақ идеологиялық және саяси көп түрлілікті рухани көп түрлілік принципімен толықтыратын зайырлы мемлекеттілік те жатады.
1. Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.
2. Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”. Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.
3. Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-заң арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1. ҚР Конституциясы: құрылымы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Конституцияның жоғарғы заңдық күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы ... ... ... ... ... ... ... 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...12
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

Кіріспе

Конституциялық құрлыс – бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз
ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті
ұйымдастыру формасы.
Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта мемлекетті
басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық
қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады.
Әрекет ететін Қазақстан Конституцияда ҚР Конституциялық құрлысының
концепциясының негізіне Конституцияның 2 бөлімінің 1 бабаында бекітілген
негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси
тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық
патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық
әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.
ҚР Конституциялық құрлысына қоғамда қалыптасқан қоғамдық қатынастың
бүкіл жүйесі кіреді. Оның нығаюында Қазақстан Республикасының бүкіл құқық
саласы мен заңдары қатысады.
Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысын реттеуде құқықтау
нормалардың ішінде жетекші орынды ҚР Конституциялық нормалары алады. Бұл
Конституцияның жоғарғы заңдық күшке ие және ағымдағы заңдардың базасы
болатындығынан туындайды.
Конституциялық мемлекеттің негізін мемлкеттің адам, оның өмірін,
құқығы мен еркіндігін ең жоғарғы құндылық деп тануда құрайды. Мұндай
негізге жеке меншікті тану және қорғау, сондай-ақ идеологиялық және саяси
көп түрлілікті рухани көп түрлілік принципімен толықтыратын зайырлы
мемлекеттілік те жатады.
Конституциялық құрлыс негізінің ішінде унитарлық, территориялық тұтастық
және басқарудың президенттік формасы да бар. Қазақ мемлекеттілігінің негізі
болып табылғандықтан, олар өзгертілмейді.
Конституциялық құрлыс негізін конституциялық формада нығайтудың маңызы зор.
Ол бұл негіздеоді Қазақстан халқының атынан жариялауды қамтамасыз етеді.
Конституцияның преамбуласы бұл негіздерді құруда халықтың егеменді құқығын
көрсетеді. Мұнымен олардың заңдық мағнасы, құқықтық қатынастың барлық
субъектілері үшін жоғарылығы және міндеттілігі көрсетіледі, қоғамдық
қатынастың барлық жүйелерінің құқықтық реттелуіне белсенді әсер етуін
қамтамасыз етеді.
Сондықтан Конституцияда бекітілген конституциялық құрлыс негіздері
мемлекеттілік пен Қазақстан Республикасы қоғамдық өмірінің құқықтық
реттелуінің фундаментін қалыптастырады.[1,12]
Конституциялық құрлысты конституциялық бекітудің арқасында оның жүйесіне
материалдық, саяси, әлеуметтікпен қатар құқықтық кепілдер де кіреді.
Олардың жүзеге асуы мемлекетпен қамтамасыз етілуі керек.

ҚР Конституциясы: құрылымы мен мазмұны

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. Адам қоғамының заңсыз өмір
сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын
құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны
қанша болуы керектігін ещкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған
демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың
бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың
негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының
қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын
Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін
қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді.
Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды.
Мемлекет түрлері көп болса да, олардың конституцияда мемлекеттік құрылым
түрлері (унитарлық, федерация немесе конфедерация), мемлекетті басқарудың
(монархия әлде республика) формалары анықталады, мемлекеттің жоғары
органдарының құрылымы, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен
міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде
Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады. Өзге
нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп
қабылданады. Сондықтан оның басқа нормативтік актілерде кездеспейтін өзіне
тән белгілері болады.
Конституция (лат. constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық және
мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың
түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін
айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы. Конституцияның мәні мемлекеттің
негізгі заңдылық мүдделеріне, халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен
және құзіреттілігімен айқындалады.
“Конституция” деген сөздің латыннан аудармасы “құрылғы”, “жарғы”,
“заң” деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір
актілері осылай аталған. Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы
қабылданып, осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы
болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен
Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдерден
мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
• Қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
• Құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
• Ең жоғарғы заңдылық күші бар;
• Оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
• Тұрақтылығы.
Конституцияны жасауға саясатшылардың, философтардың,
әлеуметтанушылардың, құқықтанушылардың, мәдениеттанушылардың,
тарихшылардың, экономистердің, өзге де мамандық иелерінің және қарапайым
халықтың бірнеше ұрпағы қатысады. Оның жасалу үрдісі кейде ондаған жылдарға
созылуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік даналықтың жинақталған нышанының
көрінісі ретіндегі Конституцияны қабылдау аса зор жаупкершілікті қажет
етеді. Бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын Негізгі заң болғандықтан,
Конституцияға өзгеріс енгізу реттілігі де өте қатаң және ондай әрекет жиі
қайталана бермейді. Батыстың классикалық демократиялы кейбір елдері
жүздеген жылдар бойы конституцияларын өзгертпей, орнықты өмір сүріп келеді.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық
актілер қабылданып, жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға
жататындар:
1. Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3. 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының
Конституциялары.
Аталған конституциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін,
дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін
қалады. 1993 жылғы Конституцияның қабылдануы және оның мәні. 1991 жылы
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі “Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң
қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі
елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын – Конституциясын қабылдау
қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан
Республикасының Негізгі заңы – Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституция Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда,
мемлекеттің халыққа қызмет ететін жаңа билік органдарын құруда,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындауда және оларды кеңейтуде
үлкен рөл атқарды. Бұрынғы Қазақ КСР-інің аумағы тәуелсіз аумақ деп
танылды. Ол бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстан
Республикасының азаматтары ұлтына, тегіне, атқаратын қызметіне, тұратын
мекеніне және басқа да әлеуметтік жағдайларына қарамастан, тең құқықтар мен
бостандықтарға ие. Конституцияда Қазақстан мемлекетінің құрылысы, биліктің
заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну ұстанымдары
айқындалды.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы өтпелі кезеңнің
негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.
Бұл кезде Жоғарғы Кеңестің өкілеттігі Президент пен Үкімет билігінен күшті
болуынан туындаған мемлекетті басқару жүйесі туралы мәселе шиеленісіп
тұрды. Ақыры, Президенттің өкілеттігін кеңейту арқылы ел экономикасын
реформалауды жеделдету қажеттігін жақтаған бағыт үстемдік алды. Нәтиже
елдің Негізгі заңын түбегейлі қайта қарауға алып келді.
1995 жылғы Конституция. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық
референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда
мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар
ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың
конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен
мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың
құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат – Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданған
Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдарды тұжырымдап,
бір арнаға келтірді.
Халық – конституциялық-құқықтық қатынастар субъектісі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында халық ұғымы барлық ұлттық топтарды түгел
қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі. Халық
әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді, сонысымен қоғамда бейбітшілікті
сақтауда маңызды рөл атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайына
қарай алаламайды, түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жақтап шықпайды,
өзін халықтың белгілі бір ғана тобының заң шығарушылық актісі деп
танымайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп, яғни бүкілхалықтық деп
таниды. Мұның мәні: мемлекет халықтың бір тобының есесінен оның екінші бір
тобына артықшылық бермейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына олардың
әлеуметтік жағдайына сәйкес қамқорлық жасауға тиіс. Қазақстан
Республикасының Конституциясы түрлі әлеуметтік топтардың құқықтарына шек
қоймай, тұтас халықты конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі деп
таниды.
Бұрынғы конституциялар социалистік мемлекеттің негізгі заңдары деп
Саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттің Ата Заңы деп
Жарияланды. Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзінен-ақ байқалады:
“Біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде
мемлекеттік құра отырып, өзімізді еркіндік және татулық мұраттарына
берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік
қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ
ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің
егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”, –
делінген. Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен
қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады. Республиканың
бүкіл аумағына тікелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция –
мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге
болады.[2,31]
Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында “халық” деген ұғымға қазақ
ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен этностар өкілдері де кіреді.
Қазақ ұлты мемлекеттің, яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының ұйытқысы
болғанымен, оған айрықша құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық немесе
мәдени артықшылықтар берілмейді.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін артықшылық деп cанауға болмайды.
Өйткені, ол қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақстанның байырғы
тұрғындары қазақтар бола тұра, ол халықтың тілінің мемлекеттік мәртебесі
болмаса, онда ол тілі қолданушылардың құқығы табанға тапталған болып шығар
еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы халық деп танылуы
оның мазмұндық мәнін ашып береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы: “Біз... Қазақстан халқы... осы Конституцияны
қабылдаймыз” деген сөздермен басталады. Қазақстан халқы оны референдумда
қабылдады.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдаған бірден-бір субъекті
болғандығынан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Халық мемлекеттік
биліктің қайнары болуымен де дербестіктің шын мәніндегі кепі лі. Қазақстан
халқы мемлекетті осы Конституция арқылы құрды, оның басқару және құрылу
нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылысының негіздерін, адам мен
азаматтың мәртебесін анықтады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Былайша айтқанда, халық
Конституцияны қабылдап қана қоймайды, ол Конституцияға өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді. Референдум өткізу жөнінде
шешімді Президент қабылдайды. Егер Президент Конституцияға өзгертулер мен
түзетулер енгізу мәселесін Парламенттің қарауына беру туралы шешім
қабылдаса, онда референдум өткізілмейді. 1998 жылы Конституцияға өзгертулер
мен түзетулер енгізу осылай жүзеге асты.
Конституцияның құрылымы мен мазмұны.
Қазақстан Республикасының Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады.
“Жалпы ережелер деп аталған І бөлімде Қазақстан Республикасының саяси
сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік
басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси
алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Қазақстан
Республикасы Конституциясында *Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы –
халық” деп жарияланған.
Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және
азаматтыққа байланысты ережелер “Адам және азамат” деп аталған ІІ бөлімде
жинақталып берілген. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша заң мен
сот алдында жұрттың бәрі бірдей; азаматтардың өмір сүруге, жеке бас
бостандығына, еркін қоныс аударуына, саяси бірлесуге, еңбек етуге, меншік
иесі болуына, денсаулығын сақтауға, ұждан бостандығына, білім алуға т.б.
құқығы бар. Адамды қорлауға болмайды, ары қорғалады. Сонымен қоса, азамат
өзіне тиісті конституциялық міндеттерін де абыроймен атқаруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
ҚР Конституциясы: құрылымы мен мазмұны
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруының принципі
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
Негізгі тілек пен борыштың сәйкес келуі адамгершілік үшін ерекше бір мәселе
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы
Кәсіби борыш және абырой
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
Адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселе
Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен шарттары
Пәндер