Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ ... ... ... ... ... ... .6

2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)

2.1 Дәлелдемелерді жинау ... ... ... ... ... ... ...11
2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс.тәсілдерін топтастыру ... ... ..17
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.3 Дәлелдемелерді бағалау ... ... ... .
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

3 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ.ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ... ... 51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... . ... ... ... .55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ ... ...57
Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтың жалпы қолдау тапқан принциптері мен ережелеріне сәйкес, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын таниды және кепіл болады.
Құқық қорғау аясындағы мемлекеттік-билік қызметінің бір бағыты қылмыстылықпен күресу. Қылмыстарды тез, толық және объективті ашу мен тергеу осы бағыттағы міндеттерді шешуге жағдай жасайды.
Қылмыстық ізге түсу органдары өз қызметтерін жүзеге асырғанда жазаның болмай қалмайтындық принципін басшылыққа алады, яғни әрбір қылмыс жасаған адам әділетті жазаға тартылуы керек және еш адам қылмыстық жауапкершілікке кінәсіз тартылмауы тиіс.
Кейінгі кезде, қылмыстардың өсуінің біршама тұрақтанғаны байқалады. Мұны аса маңызы бар, бірқатар факторлармен түсіндіруге болады:
1) еліміздің азаматтарының құқықтық аядағы білім деңгейінің өсуі, осының салдарынан мемлекеттің құқық қорғау органдары аталған қылмыстарға тез және тиімді әсер ете алады деген сенім пайда бола бастады;
2) прокуратураның рөлі күшейтілді, конституциялық ережелерге (ҚР Конституциясы 84-бап) сәйкес прокуратура тергеу мен анықтаудан бөлінді, ол қылмыстық ізге түсу органдарының жұмысына қадағалау жүргізуге мүмкіндік берді. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын тергеу бөлімдері мен анықтау органдарының адам мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге бағытталған өкілеттіктері көп. Прокуратура органдары қадағалау қызметіне күшін жұмылдырып, жасалған қылмыстар бойынша, әсіресе аталған категориядағы қылмыстар бойынша хабарламалар мен арыздардың тіркелуіне және есепке алынуына едәуір әсер етті, соның салдарынан аталған қылмыстардың белгілі бір шамада жасырылуы азайды;
3) аталған қызмет саласында жауапты, мемлекеттік органдардың жетекшілерінің бағдарламалық құжаттарды: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалаудың Мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Тұғырнамасының ережелерін жүзеге асыруы, бұл да аталған қылмыстарға көңіл бөлудің тиімділігіне әсер етті.
ЗАҢДАР МЕН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995ж.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13.12.1997 ж.
3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңы. 21.12.1995 ж.
4. Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңы. 15.09.1994 ж.

НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Арсеньев В.Д. Вопросы общей теории судебных доказательств. – М., 1964г.
2. Белкин Р.С. Собирание, исследование и оценка доказательств. М., 1996г.
3. Валяев А.И. Проверка доказательств как самостоятельный элемент процесса доказывания // Актуальные проблемы судопроизводства и прокурорского надзора: Сб.науч.тр.М., 1986г.
4. Гродзинский М.М. Государственный обвинитель в советском суде. М., 1954г.
5. Джатиев В.С. Доказывания и оценка обстоятельств преступления. Ростов- на-Дону, 1991 г.
6. Давлетов А.А. Основы уголовно-процессуального опознания. Свердловск: СГУ, 1991г.
7. Карнеева Л.М. Доказательства и доказывание при производстве расследования. Горький, 1977 г.
8. Ларин А.М. Доказывания на предварительном расследовании в советском уголовном процессе. Автореф.дис...к.ю.н. М., 1961г.
9. Пашкевич П.Ф. Объективная истина в уголовном судопроизводстве. М., 1961г.
10. Орлов Ю. К. Структура судебного доказывания и понятие судебного доказывания и понятие судебного доказательства // Вопросы борьбы с пресступностью. М., 1978 г. вып. 28.
11. Ожегов С.И. Словарь русского языка. М., 1983 г С.
12. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. М., 1963г. Т.1
13. Словарь по этике. М., 1981г.
14. Советский энциклопедический словарь М., 1980 г.
15. Томин В.Т. Уголовное судопроизводство: революция продолжается. Горький, 1989 г.
16. Трусов А.И. Основы теории судебных доказательств. М., 1960г.
17. Теория доказательств в советском уголовном процессе. М., 1968г.
18. Төлеубекова Б.Қ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы, 2000 ж.
19. Философский энциклопедический словарь. М., 1983 г.
20. Фаткуллин Ф.Н. Общие проблемы процессуального доказывания – Казань, 1973 г.
21. Шейфер С.А. Сущность и способы собирание доказательств в советском уголовном процессе. М., 1972 г.
22. Пашкевич П.Ф. Объективная истина в уголовном судопроизводстве. М., 1989 г.
23. Уголовно-процессуальное законодательство Союза ССР и РСФСР: Теоретическая модель. М., 1989 г.
24. Вышинский А.Я. Теория судебных доказательств в советском праве. М., 1946г.
25. Эксархопуло А. Сущность производства измерений по советскому уголовному законодательству // Проблемы охраны прав граждан в сфере борьбы с преступностью. Иваново. 1980г.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2. ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)

2.1 Дәлелдемелерді
жинау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...11
2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
7
2.2 Дәлелдемелерді
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 37
2.3 Дәлелдемелерді
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 40
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

3. ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. ... ... ... .55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .57

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтың жалпы
қолдау тапқан принциптері мен ережелеріне сәйкес, адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын таниды және кепіл болады.
Құқық қорғау аясындағы мемлекеттік-билік қызметінің бір бағыты
қылмыстылықпен күресу. Қылмыстарды тез, толық және объективті ашу мен
тергеу осы бағыттағы міндеттерді шешуге жағдай жасайды.
Қылмыстық ізге түсу органдары өз қызметтерін жүзеге асырғанда жазаның
болмай қалмайтындық принципін басшылыққа алады, яғни әрбір қылмыс жасаған
адам әділетті жазаға тартылуы керек және еш адам қылмыстық жауапкершілікке
кінәсіз тартылмауы тиіс.
Кейінгі кезде, қылмыстардың өсуінің біршама тұрақтанғаны байқалады.
Мұны аса маңызы бар, бірқатар факторлармен түсіндіруге болады:
1) еліміздің азаматтарының құқықтық аядағы білім деңгейінің өсуі,
осының салдарынан мемлекеттің құқық қорғау органдары аталған қылмыстарға
тез және тиімді әсер ете алады деген сенім пайда бола бастады;
2) прокуратураның рөлі күшейтілді, конституциялық ережелерге (ҚР
Конституциясы 84-бап) сәйкес прокуратура тергеу мен анықтаудан бөлінді, ол
қылмыстық ізге түсу органдарының жұмысына қадағалау жүргізуге мүмкіндік
берді. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын тергеу бөлімдері мен анықтау
органдарының адам мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге
бағытталған өкілеттіктері көп. Прокуратура органдары қадағалау қызметіне
күшін жұмылдырып, жасалған қылмыстар бойынша, әсіресе аталған категориядағы
қылмыстар бойынша хабарламалар мен арыздардың тіркелуіне және есепке
алынуына едәуір әсер етті, соның салдарынан аталған қылмыстардың белгілі
бір шамада жасырылуы азайды;
3) аталған қызмет саласында жауапты, мемлекеттік органдардың
жетекшілерінің бағдарламалық құжаттарды: Қазақстан Республикасындағы
құқықтық реформалаудың Мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан
Республикасының құқықтық саясатының Тұғырнамасының ережелерін жүзеге
асыруы, бұл да аталған қылмыстарға көңіл бөлудің тиімділігіне әсер етті.
Қылмыстық іс жүргізудің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оны
жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот
талқылануы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады (ҚР ҚІЖК 8-
бап). Осы міндеттерді атқару қылмыстық іс жүргізу органы мен лауазымды
тұлға үшін негізгі қызметтік міндет. Оларды толық көлемде атқару үшін
қылмыстық іс жүргізу Заңымен, органдар мен лауазымды тұлғаларға
процесуалдық мәртебелері анықталып, құқықтар мен міндеттер бекітілді.
Кез келген қылмыс заңменен реттелінген жолмен және орнатылған
мерзімдерде ашылуы қажет. Осы мақсатта уәкілетті құқық қорғау органдары
адам және азаматтардың құқықтарын сақтай отырып алдына қойған міндеттерді
атқару арқылы дәлелдеу қызметін жүзеге асыра отырып, жалпы қылмыстық сот
ісін жүргізу қызметінің мақсатына қол жеткізеді.
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып
танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы
субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және
тәуелсіз оны сол күйінде көшіру[1]. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа
қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі
түсінбеушілік адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде ақиқатты анықтаудың процесуалдық құқықтық
табиғаты болады. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерімен (ҚР
ҚІЖК 8-бап), екіншіден, процестің қағидаларында атап айтқандай, ҚР ҚІЖК 24-
бабында бекітілген ережелермен расталады. Сонымен, ақиқат ұғымын қылмыстық
процестің қағидаларымен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған
айырықша маңыз береді.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде объективтік ақиқатты анықтау
іс жүргізу кепілдіктері ретінде көрінетін ерекшелігі бар процедуралық
жағдайлар болған уақытта ғана мүмкін болады.
Дәлелдеу процесі мәнісін философиялық түсіну кең ауқымды мағынасындағы
дәлелдеме ұғымымен жанама түрде байланысты. Мұндай айқындама жағдайында
қылмыстық іс жүргізудің дәлелдеме ұғымының (процеске, актіге, іс-қимылға
қатысы жоқ) мәнісі философиялық көзқарас тұрғысынан тар мағындағы
дәлелдеме ұғымына сай келеді. Дәлелдеме (объектілер) және дәлелдеу (іс-
қимыл) деп процессуалдық бөлудің мағыналықтан гөрі әдістемелік мәні бар.
Міне, сондықтан біз іс жүргізудің дәлелдеу ұғымына барабар ретінде
дәлелдеменің кең ауқымды мағынасындағы философиялық ұғымын қолданамыз.
Сонымен, дәлелдеудің жалпы әдістемелік мазмұны (ауқымды мағынасындағы
дәлелдеме) процесте (әдістемеде) шындықты анықтаудан көрінеді. Кең ауқымды
мағынасындағы дәлелдеме – қандай да бір пайымдаудың шынайылығын анықтаудың
кез келген процедурасы (осы дәлелдеменің тезисі немесе қорытындысы деп
аталады), кейбір логикалық пайымдаулардың көмегімен, сондай-ақ кейбір
табиғи заттар мен құбылыстарды сезіммен қабылдау арқылы жүзеге
асырылады[2].
Дипломдық жұмыста, біз дәлелдеу процесінің – ақиқатты анықтаудағы
процесуалдық жолдарын қарастыруды, оның негізгі құрама элементтеріне жеке
тоқалып саралауды мақсат етеміз.
Дипломдық жұмыс – үш тараудан, үш тараушадан, екі қосалқы тараушадан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МӘНІ

Қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу процесінің құқықтық түсініктері
қаралып отырған қызмет саласының ерекшелігі мен елеулі түрде кемелденуі
және процессуалдық дәлелдеудің мәнісі туралы мынадай айқын ғылыми
пайымдаулармен толықты.
Мәселен, М.М. Гордзинский дәлелдеу процесін дәлелдемелерді жинау,
бекіту және бағалау жөніндегі тергеу сот және прокурорлық органдардың
қызметі деп белгіледі[3]. А.М. Лариннің пікірі бойынша дәлелдеу қылмыстық
сот ісін жүргізуде заң белгілеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында
жасалған (немесе жорамалданған) қылмыстар және олармен байланысты жағдайлар
туралы шындықты білу үшін фактілерді зерттеуден тұратын, ерекше, заң
белгілеген нысандарды жүзеге асырылатын тергеушінің, прокурордың, соттың,
сондай-ақ қылмыстық процеске тартылатын немесе жіберілетін басқа да
қатысушылардың (субъектілердің) күрделі қызметі[4]. Осыған ұқсас
көзқарасты М.С. Строговичте білдіреді: дәлелдеу – қылмыстық істі шешу үшін
маңызы бар барлық фактілерді, жағдайларды қылмыстың жасалғандығын (немесе
жасалмағандығын), белгілі бір адамның қылмыс жауадағы кінәлілігін (немесе
кінәсіздігін) және қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін белгілейтін
барлық өзге де жағдайларды дәлелдемелердің көмегімен анықтау[5]. Әрі қарай
М.С. Строгович мынаған назар аударады, дәлелдеу ұғымы құзіретті органдар
жүргізетін зерттеу ұғымына тең, ұқсас. М.М. Гродзинскийдің позициясына
В.Д. Арсеньев жақын тұр, соңғысы былай деп есептейді: Қылмыстық іс
жүргізуді дәлелдеуді белгілі бір шектерде қылмыстық іс жүргізу заңы
бағыттайтын және реттейтін қылмыстық іс бойынша іс жүзінде болған
жағдайларда анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау
жөнінде соттың, прокурордың және басқа да органдар мен адамдардың қызметі
ретінде қарау керек[6].
Р.С. Белкин дәлелдеудің танымдық (гносеологиялық) сипатына тоқталады,
ол дәлелдеу дегеніміз осы құбылыстың, фактінің және оларды басқада
фактілермен, құбылыстармен негіздеу арасындағы байланыстарды анықтау. Бұл
байланыстардың объективті түрдегі сипаты бар: олар танылғанына немесе
танылмағанына қарамастан, дәлелдеуді жүзеге асыратын тұлғаның еркіне
қарамастан болады. Дәлелдеу процесінде олар анықталады, танылады және
белгілі бір жорамалдың шындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді[7]. Әрі
қарай ол дәлелдеудің мәнісі дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден және
бағалаудан көрінеді деп атап өтеді. Дәлелдеу мәнісінің анағұрлым терең
анықтамасы А. Р. Ратиновқа тиесілі: оқиға туралы мәліметтер алынуы мүмкін
ақпарат көздерін табу, ол мәліметтерді жинау, оларды іс жүргізу түрінде
бекіту, қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды сенімді түрде анықтау
мақсатында тексеру мен бағалау – қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінің
мазмұнын құрайды[8]. Өзара диаклектикалық іс-қимылға түсетін ойлау және
тәжірибелік тұрғыдағы тең екі жақтың үйлесімін дәлелдеудің мәнісін айқындай
келіп Ф.Н. Фаткулин былай деп жазады: ... Кеңестік қылмыстық процестегі
дәлелдеу дегеніміз - заңда көрсетілген органдармен тұлғалардың іс жүргізу
қызметі, олар ықтимал тергеу жормалдарын анықтаудан осы жорамалар бойынша,
сол сияқты іс бойынша сенімді түрдегі қорытындыларды негіздеу бойынша
дәлелдемелер мен олардың көздерін жинаудан, тексеруден және дәлелдеуден
көрінеді[9].
Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеудің мәнісі туралы осы заманғы түсінік
таным мен дәлелдеу мазмұны бойынша түрлі ұғымдар деген пайымдауға
негізделген. Мәселен, Ю.К. Орлов дәлелдеудің құқықтық және гносеоологиялық
аспектілерін ажырату қажет, соның негізінде: дәлелдеу - тану, дәлелдеу
көз жеткізу, дәлелдеу - негіздеу деңгейлері болып, бөлінеді, олар өзара
субординациялық байланыста болады деп есептейді[10].
Осы идеяны дамытып және тереңдете отырып, В.С. Джатиев мынадай ойды
негіздейді: белгісізді білуден көрінетін танымның логикалық мазмұны
танылғанды растауға бағытталған дәлелдеудің мазмұнына жеткілікті түрде
сәйкес келмейді. Басқаша сөзбен айтқанда таным – белгісіздікке бастайтын
жол, ал дәлелдеу нақты білімді растау. Осыған сүйене отырып В.С. Джатиев
былай деп жазады: Қылмыстық іс жүргіздуі дәлелдеу дегеніміз –
айыпталушының сотталуышының қылмыс жасаудағы кінәлілігі туралы айғақты іс
бойынша жиналған дәлелдемелерді айыптауды тұжырымдаған және оны қолдайтын
тұлғаның сот үшін және сот алдындағы негіздеуі[11].
Қылмыстың іс жүргізу дәлелдеудің мәнісі туралы мәселені зерттеуде осы
заманғы ғылыми үрдістерді анықтау үшін А.А. Давлетовтың көзқарасы
қызығушылық туғызады, ол былай деп жазады: Қылмыстық іс жүргізк танымы
құрылымда дәлелдеуді ажырата білу қажет. Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу
танымы дегеніміз - заңда көзделген тәртіппен жүргізілетін сот ісін жүргізу
органдарының тергелетін қылмыс және оның байланысты өзге де өмір
құбылыстары туралы білім алу жөніндегі қызметі. Қылмыс іс жүргізу танымы –
дәлелдемелерді зерттеу және мән-жайларды дәлелдеу сияқты екі бөліктен
тұрады[12].
Сонымен, доктриналдық түсіндіру қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдеу
процесін мынадай негізгі сипаттарға бөлуге мүмкіндік береді:
гносеологиялық дәлелдеу - бұл таным процесінің бір түрі, логикалық
дегеніміз – бұл нақты қылмыстық жазалауға жататын әрекет адамның
жасағандығы туралы пайымдаудың шындығын негіздеу операциясы;
дәлелдеу мен таным сәйкес келмейді: олар тегі (таным) және түрі (дәлелдеу)
ретінде өзара арақатынаста болады;
дәлелдеу процесі – құқықтың және гносеологиялық екі аспектінің үйлесімін
білдіреді. Құқықтық аспект мынадай кезеңдерді қамтиды: а) дәлелдеу - тану;
ә) дәлелдеу – көз жеткізу; б) дәлелдеу – негіздеу. Және де дәлелдеудің
әрбір келесі кезеңі - оның алдындағы кезеңге байланысты және содан
логикалық түрде туындайды. Гносеологиялық аспект мынадай деңгейлерден
тұрады: а) ақпараттық дәлелдеу; ә) логикалық дәлелдеу;
тергеу және сот қызметінде орын алатын дәлелдеудің зерттеушілік, танымдық
сипаты болады.
дәлелдеу процесінде тергеу және сот талқылауының тақырыбы туралы шынайы
және сенімді білімге қол жеткізіледі;
қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу адресаты тар мағынасында таным
субъектісі (мәселен істі қараушы сот), кең ауқымды мағынасында тұтас қоғам
болып табылады;
дәлелдеу тәртібі қатаң түрде қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттелген;
дәлелдеу процесі (ҚІЖК 124 - бап) төмендегілер бойынша дәйекті қызметті
қамтиды: а) дәлелдемелерді жинаудан; ә) зерттеуден; б) дәлелдемелерді
пайдалануға қабылдаудан.
Бұл қызмет әдебиетте дәлелдеудің кезеңдері немесе элементтері деп
аталады.
Қылмыстық процессуалдық қызмет ретінде дәлелдеудің мақсаты объективтік
шындыққа қол жеткізу болып табылады. Объективтік шындыққа қол жеткізу
танымның жалпы және жеке әдістерін қолдануға негізделген. Жалпы әдістердің
негізіне логикалық заңдар жатады, бұл қатысты емес заңдар барлық және
қарама-қайшы нәрселерді алып тастайды. Іс бойынша мәні бар фактілермен мән
жайларды табудың, бекітудің зерттеудің және анықтаудың нақты әдістерінен
көрінетін танымның жеке әдістері өзінің мынадай түрлері мен ерекшеленеді:
негізінен танылуы қажет тақырыптың сыртқы белгілерін анықтауға есептелген
бақылау мен сипаттаудың тәжірибелік әдістері;
суретке түсіру, киноға түсіру, видео жазба және т.б. арқылы арнайы химиялық-
технологиялық құралдарды пайдалануға байланысты жасалған қылмыстық
әрекеттің материалдық белгілерін және сыртқы жай-күйін табу мен тіркеудің
ғылыми-техникалық әдістері;
іс бойынша дәлелдеу материалдарының сапасы мен маңызын анықтау үшін
қолданылатын ақпаратты (талдау, жинақтау, теңдестіру) өндеудің логикалық
әдістері;
сот медициналық кибернетикалық, графикалық, психологиялық және өзге де
ғылыми құралдар көмегімен жүзеге асырылатын модельдердің, өңдеудің және
қайта құрудың әдістері;
белігі бір материалдық объектілердің және олардың бейнелеуінің ұқсастығы
туралы мәселені шешу үшін жүргізілетін криминалистік теңдестіру әдістері;
қылмыстық істің белгілі бір мән-жайының деректерін тәжірибе жолымен алуға
мүмкіндік беретін эксперименталдық әдістер[13].
Осы қарастырылған сұрақтарға кеңес одағының процесуалист – ғалымдары
бірталай пікірталасқа түскен еді. Мәселен, В.Т. Томин дәлелдеу процесінің
мәнісін түсінуге мүлде басқа көзқарас ұсынады. Ол былай деп жазды:
Қылмыстық істер бойынша дәлелдеудің бүгінгі тәжірибесінде генетикалық
көзқарас үстемдік құруда. Дәлелдеме көзін қылмыстық сот ісін жүргізудегі
іске жіберудің қажетті шарты туындаған сәтінен бастап қылмыстық іске
дейінгі оның жолын бақылап шығу болып табылады. Мұндай көзқарас қылмыстық
істерді қарау кезінде бірқатар маңызды объектілерді пайдалануға мүмкіндік
бермейді.
Ал енді танымның шынайылығын қамтамасыз ету үшін ұқсастығын дәлелдеудің
гносеологиялық айқындама тұрғысынан маңыздылығы ешбір кем емес. Алайда,
бүгінгі күні ұқсастығы арқылы дәлелдеу мүмкін болуы үшін объектінің
генезисін анықтау қажет.
Ғылымның маңызды міндеті - ұқсастық арқылы дәлелдеудің генезис арқылы
дәлелдеуді алмастыруға қабілетті екенін көрсету...[14].
Дәлелдеудің мұндай түсінігінің тиімділігін (генезиске бақылау жасаудың
орнына ұқсастығын дәлелдеу) В.Т.Томин құқық қолдану органдарының осы
заманғы практикасынан орын алған жедел іздестіру жолымен алынған ақпаратты
процеске енгізу үшін арнайы сипаттағы шаралар қолдану қажеттігінің
болмауынан көреді. Бұл орайда қылмыстық процесуалдық қызметке арнайы
ақпаратты тергеу мен сотқа хабарлаудың ерекше тәртібін белгілейтін немесе
милиция қызметкерін оны хабарлау міндетімен мүле босататын қызмет құпиясы
ұғымын енгізу ұсынылады.
Дәлелдеу тақырыбын реттей отырып дәлелдемелерді жинау мен бағалауға,
жалпы дәлелдеме ұғымына қазіргі қолданыстағы заңдар мынадай сипатта
анықтама береді: дәлелдеу істі заңды, негізделген және әділ шешу үшін
маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан,
зерттеуден, бағалаудан дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады (ҚІЖК
124-бабы). Біздің байқағанымыздай, мұндай ұғымда шындық объектілеріне қол
жеткізу сияқты мақсат, сондай-ақ дәлелдемелерді тексеру сияқты кезең жоқ.
РСФСР ҚІЖК-ның (1990ж.) теориялық модельінің авторлары бұл олқылықтың
орнын толтыруға талаптанды. Мәселен, А.М. Ларин РФ ҚІЖК –не мынадай
редакцияда Дәлелдеу нормасын енгізуді ұсынады: Дәлелдеу – істі заңды,
негізді және әділетті түрде шешу үшін маңызы бар мән-жайлар туралы
объективті шындықты анықтау үшін дәлелдемелерді жинау мен бағалаудан
тұрады. Әрі қарай ол екі дербес норманың тұжырымдамасын келтіреді:
Дәлелдемелерді жинау, Дәлелдемелерді тексеру. А.М. Лариннің ұсынысы
назар аударуға тұрады, өйткені процессуалдық дәлелдеудің мәнісін біркелкі
түсінуге мүмкіндік береді.

2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)

2.1 Дәлелдемелерді жинау
Дәлелдемелерді жинау – бұл дәлелдеу процесінің бірінші кезеңі немесе
элементі. Іс жүргізу құқықтық көзқарас тұрғысынан дәлелдемелерді жинау іс
бойынша қажетті іс жүзіндегі деректерді анықтауға бағытталған іс-қимыл
жиынтығынан көрінеді. ҚІЖК-нің 125 – бабына сәйкес дәлелдемелерді жинау
мынадай жолдармен жүргізілуі мүмкін: кез келген адамды куәгерлер,
жәбірленушілер ретінде шақыру және жауап алу, сондай-ақ сарапшылар ретінде
қорытынды беру үшін шақыру; кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан,
сондай-ақ қызмет адамдары мен азаматтардан заттарды, құжаттарды және
мәліметтерді талап ету. Бұған қоса дәлелдемелерді сезікті, айыпталушы,
қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер,
азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сол сияқты кез келген азамат,
кәсіпорын, мекеме және ұйым беруі мүмкін.
Сонымен, дәлелдемелерді жинау:
сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде;
сот талқылауы процесінде жүзеге асырылады.
Дәлелдемелерді жинау тәсілі - КДЖК-де қаралған тергеу және сот іс
қимылдарын жүргізу. Дәлелдемелерді жинау кезеңдері мыналар болып табылады:
а) табу; ә) бекіту; б) алу.
Дәлелдеу процесі мен өзара процесті анықтау органдары ретінде ішкі
істер органдарының құқықтарын реттеудің маңызы ешбір кем емес мәселелері
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары
туралы Заңының 11-бабында айтылады. Аталған бапқа сәйкес ішкі істер
органдарының мынадай құқықтары бар:
қылмыс жасады деп күдіктенген жағдайда азаматтардың жеке басын
куәләндыратын тексеру;
қылмысты анықтау, жолын кесу, ашу кезінде басқа органдарға, ұйымдарға және
қызмет адамдарына орындалуы міндетті тапсырмалар беру;
іс жүргізуде жатқан материалдар мен қылмыстық істер бойынша азаматтарды
ішкі істер органдарына шақыру, олардан түсінік, құжаттар, олардың
көшірмелерін алу,жауап алуды жүргізу, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен
дәлелді себептерсіз келуден жалтарған адамдарды айдап әкелу;
кедергісіз және қайтарымсыз қозғалған қылмыстық істер бойынша мемлекеттік
органдардан, сондай-ақ ұйымдардан ақпарат пен материалдар алу;
заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін
және жедел-іздестіру шараларын жүргізу, оларды жүргізу үшін мамандарды
тарту, іс жүзіндегі деректерді жинау мен тексеру үшін ғылыми-техникалық
құралдарды пайдалану;
регламенттерді, суретке түсіруді, дыбыс жазбасын, кино және видеотүсіруді,
адамдардың саусақтарының іздерінің бедерін түсіріп алуды жүргізу, қылмыс
жасады деген сезік бойынша ұсталғандарды қамауға алу;
адамдарың ішімдікті, есірткі және жүйеге әсер ететін заттарды
пайдаланғандығын белгіленген тәртіппен анықтауды жүргізу не осындай
анықтауды жүргізу үшін оларды медициналық мекемелерге аттандыру немесе
жеткізу;
азаматтармен ашық немесе ашық емес негізде ынтымақтастықты орнату;
қылмыс жасады деп күдіктенген адамдардың ізіне түсу немесе азаматтардың
тұрғын және өзге де үй-жайларына оларға тиесілі жер учаскелеріне,
аумақатар мен үй-жайларға кідіріссіз кіруге (дипломатиялық иммунитетері бар
шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда)
және оларды қарауға;
қылмыстық іздерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жедел-
іздестіру шаралары мен тергеу әркеттерін жүргізуі кезінде азаматтардың
белгілі бір учаскелер мен аумақтарға кіруін шектеуге немесе уақытша тыйым
салуға, сондай-ақ оларды белгілі бір орында тастап шығуға міндеттеуге;
қамаудан қашып шыққан адамдарды іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде
дербес түрде бақылау өткізу пункттерін орнатуға;
меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, оның ішінде
құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты ашу мақсатында анықтау мен
тергеуді жүзеге асыратын арнаулы органдардан кедергісіз және қайтарымсыз
ақпарат мен материалдар алуға;
қылмыстың жасалуына жәрдемдесетін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі
шаралар туралы ұйғарымдар мен ұсыныстар беруге[15].
Сонымен, дәлелдемелерді жинау – іс бойынша шындыққа қол жеткізу
мақсатында қылмыстық іс жүргізу құқығында көзделген процесуалдық шаралар
мен ұйымдық іс-қимылдардың синтезі.
Дәлелдемелер жинаудың мәнісін ғылыми түсіну бір мәнді еместігін
сипатталады. А.И. Винбергтің пікірі бойынша дәлелдемелерді жинау - әртүрлі
дәлелдемелерді табу, тіркеу және сақтау жөніндегі іс-қимылдар жиынтығы. Осы
көзқарасқа Р.С. Белкиннің көзқарасы да жақын, ол дәлелдемелер жинау
ұғымының кешенді сипатын негіздейді және оған дәлелдемелерді табу,
процесуалдық бекіту, алу және сақтау жөніндегі іс-қимылдарды қосады. В.Н.
Терзиев пен С.П. Митричев өзгеше көзқарас ұстанады, олар дәлелдемелерді
табу, жинау, бекіту және зерттеу – дәлелдеу процесінің біршама дербес
кезеңдері деп есептейді. Бұл проблеманы В.П. Колмаков тар мағынасында
түсіндіреді. Атап айтқанда, ол өзара тығыз байланысты болса да жинау мен
процессуалдық бекіту дербес кезеңдер деп есептейді.
Осындай көзқарастарды талдау мынадай қорытынды ережелерді тұжырымдауға
мүмкіндік береді:
А.И. Винберг пен Р.С. Белкиннің көзқарастарының ортақ сипаттары көп
және бірқатар көзқарастар бойынша орынды деп санаймыз:
а) дәледемені табу заңда көзделген іс жүргізу құжатында тиісті түрде
бекітілген жағдайда ғана процессуалдықмағынаға ие болады;
ә) табылған дәлелдемені оны бекітуден бөліп қарау процессуалдық
мағынасында мүмкін емес, керісінше жағдайда дәлелдемені табусыз бекітуді
дербес түрде қолдану - нонсенс, ал процесуалдық бекітусіз табу – тап сол
процессуалдық мағынасында дәлелдеменің болмауымен бірдей;
- жинау деп сондай-ақ процессуалдық бекітуді түсінуге болмайды,
өйткені:
а) дәлелдемені табу бұл жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруға
байланысты, КІЖК-нің ұйғарымдарымен бірсыпыра жағдайлар ды тысқары тұратын
іздестіру, шығармашылық және ұйымдық қызмет;
ә) дәлелдемені бекіту (тіркеу) - емін-еркін түсіндіруге жол бермейтін
бірыңғай процессуалдық қызмет;
- келтірілген сілтемелер Р.С. Белкин мен А.И. Винбергтің пікірін
негізгі деп қарауға мүмкіндік береді, бірақ мынаны да ескеру керек,
бекітуді жинауға қосуға да, оларды бір-бірінен ажыратуға да болмайды,
олардың өзара тығыз байланысы мен тәуелсіздігін көрсете отырып, қаралып
отырған кезеңді дәлелдемелерді жинау мен процессуалдық бекіту (тіркецу)
кезеңі деп атау керек.
Бұл кезең бірқатар дәйекті іс-қимылдардан тұрады: 1) табу; 2)
процессуалдық бекіту; 3) алу; 4) дәлелдемені сақтау.
Дәлелдемелерді табу - бұл оларды іздеу, табу, дәлелдемелік маңызы бар
белгілі бір іс жүзіндегі деректерге назар аудару. Бұл дәлелдемелерді
жинаудың бастапқы және қажетті кезеңі. Уәкілетті тұлғаға белгілі болған
табылған дәлелдемелерді ғана жинауға болады.
Бұл кезеңде табылған дәлелдемелерді бағалаудың алдын ала сипаты болады.
Дәлелдемелерді іс жүргізуде бекіту (тіркеу). Дәлелдемелік ақпаратты
фискациялау және дәлелдемелерді тіркеудің мәнін анықтау мәселесі қалыптасып
жатқан криминалистік теориялардың арасында ерекше орынды иеленеді. Бұл
дәлелдемелерді жинау заңдылығын қолдану және зерттеумен байланысты
дәлелдеудің тәжірибелік бағытымен анықталған.
Фиксация ұғымын процессуалдық және криминалистік аспектіде қарастыру
үшін фиксация терминінің пайда болуынан бастау керек.
Фиксация латынның fixatio және fixus сөздерінен - мықты, берік
дегенді білдіреді. Қазіргі оырс тілінде бұл сөз бірнеше мәнге ие.
Фиксация сөзі жалпы нысан бойынша белгілі бір фактіні, оқиғаны бекіту,
тіркеу дегенді білдіреді. С.И.Ожеговтың фиксация сөзін 4 мағынада
қарастырады:
жазбамен белгілеу
бір нәрсені түпкілікті бекіту
бағыттау
фиксажбен өндеу
фиксацияның түсінігін қарастыра отырып, адам қызметінің әр түрлі
аясында өзінің ерекшеліктерін иеленетіне көз жеткізуге болады. Мысалы,
фотохимияда фиксажбен өндеу және бекіту, биолгияда әр түрлі органдар мен
клеткаларды өндеу әдістері мен процесі дегенді білдіреді. Фиксация
термині басқа ғылым аяларымен байлынысып, арнайы еркшеліктерді иелене
отырып, қылмыстық іс жүргізуде, криминалистикада және сот эксперитизасында
оны түсіндірудегі жалпы ұғымдарға негізделеді. Бұл ерекшеліктер аталған
терминнің іс жүргізушілік-криминалистік мазмұнымен анықталады.
Осыңан орай, дәлелдемелік ақпаратты фискациялаудың криминалистік және
іс жүргізушілік түсініктеріне тоқталу қажет.
ҚР ҚІЖК 124-бабына сәйкес дәлелдеу істі заңды негізделген және әділ
шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді
жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады.
Қылмыстық істер бойынша дәлелдеуде қылмыстық іс жүргізудің мақсаттарын шешу
мен ақиқатты анықтауға негізделген мазмұнды жағын және дәлелдемелерді
жинау, заңмен бекітілген тәртіп бойынша бекіту және қолдану сияқты
әлементтерден тұратын дәлелдеу процесінің құрылымын көрсетуге болады.
Дәлелдемелерді жинау оларды табуды, алуды және бектуді қамтиды.
Дәлелдемелерді жинау түсінігі тек жауап алу арқылы дәледемерді алуды
ғана емес, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен қарастырылған
тергеу ірекеттерін жүзеге асыру кезінде тиісті тіркеулерді жүзеге асырудан
көрініс табады№
ҚР ҚІЖК-нің 16 тарауы дәлелдеу деп дәлелдемелерді жинау оларды табуды,
алуды және бектуді қамтитын ұғым деп қарастырады (ҚР ҚІЖК 125-бап).
Фиксация ұғымы іс жүргізушілік заңның 126 баптың 1 тармағында көрініс
тапқан. Аталған бапқа сәйкес іс жүзіндегі деректер олар, іс жүргізу
әрекеттерінің хаттамаларында көрсетілгеннен кейін ғана дәледеме ретінде
пайдалана алады. Бұдан біз фактілік деректердің іс жүргізушілік актілерде
көрініс табуы, заңмен бекітілген тәртіп бойынша бекітілуі мен жиналған
дәледдемелердің куәландырылуы дегенді анықтай аламыз. Дәлелдемерді бекіту
ұғымының түсінігі дәлелдемелерді жинау ұғымымен салыстырғанда тар болып
табылады. Дәлелдемелерді соның ішінде заттай дәлелдемелерді бекіту
дәлелдемелерді жинау процесінің маңызыды бөлігін құрайды.
Іс жүргізушілік аяда дәлелдемелерді бекіту тәртібі дәлелдеу
процесіндегі ғылыми-техникалық біліммен тығыз байлынысты. Дәлелдеу
процесінде ғылыми-техникалық құралдардың пайдалануы ҚР ҚІЖК 129-бабында
бекітілген. Аталған бапқа сәйкес:
1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган дәлелдемелерді жинау, зерттеу
және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдар пайдалануға құқылы.
2. Қылмыстық процесті жүргізуші органның ғылыми-техникалық құралдарды
пайдалануы кезінде жәрдем көрсету үшін маман тартылуы мүмкін.
3. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:
1) заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптеріне қайшы
келмесе;
2) ғылыми жағынан маңызды болса;
3) қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін
болса;
4) қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады.
4. Қылмыстық процесті жүргізуші органның ғылыми-техникалық құралдарды
пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректері, оларды пайдаланудың
шаттары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және оларды
пайдаланудың нәтижелері көрсетіле отырып тиісті іс жүргізу әрікеттерінің
хаттамаларында көрсетіледі.
Жоғарыда аталғаннан біз дәлелдемелерді бекітудің іс жүргізушілік
түсінігі оларды заңмен бекітілген нысан бойынша бекітуді білдіретінін көре
аламыз. Бұ нысандар дәлелдемелердің соттық дәлелдемелер ретінде
қолданылуына қажетті шарт болып табылады.
Дәлелдемелерді бекітудің процессуалдық түсінігінде куәландыру мен
тіркеудің процессуалдың нысаны бар. Осыған орай Р.С. Белкиннің
дәлелдемелерді бекітудің процессуалдық түсінігін формальды деп санауға
болады деген пікірін қолдауға болады. Процессуалистердің арасында
дәлелдемелерді бекіту туралы оларды заңмен бекітілген тәртіп бойынша заңи
нысанға айналдыру деген пікір қалыптасқан.
Қылмыстық әрекет, оның ішінде дайындалу, жасау және жасыру әрекеттері,
өзінің мақсатына жету үшін табиғаты әр түрлі объектілердің жағдайына әсер
ете отырып, оны түпкі нұсқаға айналдыруына әсер ету керек. Объектілер
жағдайының объективтік заңдар бойынша мұндай өзгерістерінде қылмыстық
әрекеттің әр түрлі сипаттары белгіленеді.
Іс жүргізушілік заңның ережелерін басшылыққа ала отырып, бекітудің
әдістері мен материалдық объектілерге ерекше көңіл бөлетін бекітудің
криминалистік түсінігінің негізгі элементтерін қарастыру қажет.
Іс жүргізушілік аспектімен салыстырғанда дәлелдемелерді бекітудің
криминалистік аспектісі мазмұнды болып табылады. Бұл жерде бекіту бойынша
әрекеттер мен әдістерге ерекше назар айдарылады.
Дәлелдемелерді бекітудің криминалистік мәні жоғарғы тиімділік
тұрғысынан ақпараттық аспектіден анықталуы тиіс. Дәлелдемелерді бекітудің
ақпараттық аспектісі фактілік деректерді бекіту ақпарттық шығындарға әкеліп
соқтыратындықтан бекітудің техникалық әдістеріне әр түрлі талаптар қояды.
Дәлелдемелерді бекітудің ақпарттық мәні мыналарға негізделеді:
1. тек дәлелдеу тұрғысынан маңызды ақпарат қана
материалдық тұрғыдан көрініс табады.
2. дәлелдемелік ақпаратты дәлелдеу процесінде қолдану
үшін оны сақтау қамтамасыз етіледі.
3. бекітілген ақпараттың дәлелдеу пәні құрылғанға дейін
жинақталуын қамтамасыз теу.
4. материалдық нұсқасымен қамтылатын дәлелдемелік
ақпараттың қайта нысандалуы жүзеге асырылады.
5. тек дәлелдемелік ақпарат қана емес, сонымен қатар оны
алудың қажетті шарттары да бекітіледі.
Осыған орай, фиксация криминалистік тұрғыдан алғанда, қылмыстарды ашу
мен тергеу қызметін жүзеге асыру кезінде төмендегі сұрақтарға жауап алу
үшін базаны құруға арналған:
қылмыс субъектісі әсер еткенге дейін объектінің жағдайы қандай болды?
қандай жолмен әсер тигізілді?
қылмыстық әрекеттің субъектісінің әсер етуінің нәтижесінде объектінің
жағдайы қандай болды?
Бұл сұрақтарда дәлелдемелерді бекітудің криминалистік мәні қылмыстарды
ашу мен тергеуді жүзеге асыратын құзыретті субъектінің қызметімен
қарастырылады. Аталған субъектінің әрекеттерінің мазмұны потенциалды
ақпаратты өзекті ақпаратқа айналдырудан көрініс табады.
Қазіргі уақытта дәлелдемелерді бекітудің теориялық аспектісі заттай
дәлелдемелердің қатарына жататын объектілердің аясын кеңейтуге байланысты
өзекті болып табылады. Олардың қатарына әр түрлі нысандағы микрообъектілер
жатады. Бекітіудің өзекті мәселелерінің қатарына иісті іздерді бекіту
жатады. Бұған қоса, қылмыскердің денесінде, киімінде, қылмыс құралдарында,
қылмыстық қол сұғу затында көрініс табатын материалдық іздердің пайда
болуын қамтамасыз ететін техникалық құралдарды пайдалану тәжірибесі бар.
Объектілерге қол сұғу әрекеті жүзеге асырылғаннан кейін, көзбен көрінетін
химиялық заттар пайда болуы мүмкін. Барлық аталған белгілі бір анықталған
жағдайдың материалдық іздері тұлғаның сол жерде болған фактісін дәлелдеуі
мүмкін.
Оқиға туралы ақпараттың пайда болу заңдылығын білу арқылы тергеліп
жатқан қылмыстың қоршаған ортада көрініс табуының шарттарын анықтауға
болады. Дәлелдемелік ақпаратты бекітудің криминалистік мәні осыдан көрініс
табады.
Осыған орай, дәлелдемелік бекітудің криминалистік және процессуалдық
мәндерінің айырмашылығына қарамастан олардың арасындағы юелгілі бір
байланысты анықтауға болады. Гносеологиялық тұрғыдан қарағанда
дәлелдемелерді бекітудің криминалистік және процессуалдық аспектілердегі
түсініктерінің ара қатынасы қажеттілік пен толықтылықтың байланысын
білдіреді. Яғни процесс міндеттілік тұрғысынан қажеттілік шарттарын
шығарады, ал криминалистика бұл шарттарды техникалық және тактикалық
мазмұнмен толықтырады, нәтижесінде дәлелдемені толық және объективті
қарастыру үшін жеткілікті етіп береді, басқаша айтқанда, процессуалдық
бекіту бұл-нысан, ал криминалистік бекіту – бұл оның мазмұны.
Сонымен, криминалистік бекіту – бұл құзыретті тұлғалармен белгілі бір
анықталған нысанда қылмыстық іс жүргізу заңымен қарастырылған тәртіп
бойынша ақпарттық дәлелдемелерді бекітуі.

2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін
топтастыру
Топтастыру тәжирибелік және теориялық қызметке маңызы зор ғылыми
білімнің негізін қалаушы элемент.
Бекітудің келесі әдістері бар:
1. хаттамаларды жазу;
2. суретке түсіру;
3. жоспарлар мен схемаларды құрастыру;
4. көшірмелерді дайындау;
5. тікелей іске қатыстыру.
Көрсетілген бекітудің тәсілдерінің тізімі топтасу мағынасын иеленсе де,
топтастыру жүйесінен ерекшеленеді. Бір топтастыруда келтірілген негіздер
келесі топтасытурады қолданылуы тиіс; топтастырылатын сыныптың көлемі
топтасыту мүшелеріне сәйкес келуі тиіс; топтастырудың мүшелері бір-бірін
жою керек. Жоғарыда аталғаннан кез келген топтастыру белгілі бір бөлу
нысанын білдіреді деген қорытындыға келуге болады.
Дәлелдемелік ақпаратты бекіту теориясының дамуына Р.С.Белкин үлкен үлес
қосты. Ол бекітудің нысандары мен әдіс-тәсілдерін жасады. Оның еңбектерінде
бекітудің техникалық тәсілдері жүйелендірілген.
Белкин дәлелдемелік ақпаратты бекітудің төрт нысанын бөліп көрсетеді:
вербальды (сөздік); пәндік; образдық.


Дәлелдемелік ақпараттарды бекітудің негізгі әдістері,
амалдары мен тәсілдері

Вербальды Графикалық нысан Пәндік Образдық
(сөздік) нысан

Дыбысжазба Графикалық Пәнді заттай алу Суретке түсіру
Хаттамаға түсіру суреттеу және оны бейнежазба
топтамалау киносъемка

Көрінетін және
көрінбейтін
Тергеу әрекетін Схематикалық және сәулелерде суретке
жүзеге асыру масштабты Бөлшектер жасау түсіру, тергеу
кезінде хаттаманы жоспарлар, көшірмелер алу әрекеттерін жүзеге
жасау, жауап алу суреттер, асыру кезінде
кезінде сызбалар, оған бейнежазба мен
дыбызжазбаны қоса салынған киносъемканы
қолдану портреттер пайдалану.

1-сурет. Дәлелдемелік ақпараттарды бекітудің негізгі әдістері, амалдары
мен тәсілдерінің топтастырылуы

Дәлелдемелерді бекітудің жалпы ғылыми әдістерінің қатарына өлшеу,
баяндау және модельдеу жатады деп тұжырымдайды. Бұл әдістер техникалық әдіс-
тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:
бекітудің вербальды нысанында – хатамаға түсіру, дыбысжазба.
бекітудің графикалық нысанында – графикалық безендіру (схемалық және
масштабты жоспарлар, суреттер, портреттер, сызбалар)
бекітудің пәндік нысанында – пәнді заттай алу және оын консервациялау
(көшіру, қайта жабдықтау)
образдық нысанда – суретке түсіру (көрінеті және көрінбейтін сәулелерде),
киносъемка, бейнежазба.
Қарастырып отырған теорияның топтастырылуы кеңінен таралған
процессуалдық міндетті нысандарды толығымен ашып көрсетеді.
Дәлелдемелерді бекіту аясында әдіс ұғымы амал тәсіл ұғымдарымен
мағыналас. Бұл ұғымдар мәні бойынша бір-біріне жақын алайда оларды
сәйкестендіру қателік болып табылады.
Жалпы алғанда амалды белгілі бір анықталған мақсаттарды шешу үшін
қолданады.
Ал дәлелдемелік ақпаратты бекіту мақсатында қолданылатын іс-әректтер
кешенін тәсіл деп атауға болады. Мысалы техникалық-криминалистік тәсіл деп
дәлелдемелерді қолдану, зерттеу және жинау кезінде қолданылатын рационалды
және тиімді әрекеттердің тәсілі деп айтуға болады. Тәсілі ұғымы түсінігі
амалмен салыстырғанда тар болып табылады.
Дәлелдемелеік ақпаратты бекіту мақсатына жету кезінде тәсіл амал және
әдіс бір-бірімен ұштасады. Осыған орай, белгілі бір анықталған әдіс-
тәсілдерді қолдану жалпы метологиялық қағидалардан бастау алады.
Ғылыми зерттеудің әдістерін қолдану мақсаттары сол зерттеудің
мақсатымен шартталған. Адамдардың тәжірибелік өмірі мен ғылыми зерттеудің
арасындағы айырмашылық осы жерде байқалады. Тәжірибелік қызметтің әдістері
мен ғылыми қызметтің әдістерінің айырмашылығы осы жерде байқалады.
Тәжірибелік қызметтің белігілі бір түрынде ғылыми әдісті қолданудың
шартарына байланысты модификация, адаптация, және шектеу орын алуцы ммүкін.
Бұл ең алдымен тәжіәрибелік қызметтің ғылыми зеттеруден ерекшеленетімен,
екіншіден, тәжірибелік қызметтің өзіне тән арнайы ерекшілктерге байланысты.

Тәжірибелік қызметтің әдістері әрекеттер мен операциялардың жүйесін
құрап
а) ғылыми әдістерге
б) бектіу объектісінің ерекшеліктері мен сипатына
в) нақты тәжірибелік мақсаттарды шешу тәжірибесіне негізделуі тиіс.
қылмыстарды ашу мен тергеу қызметінде оынң ішінде дәлелдемелерді бекіту
қызметінде тәжірибелік қызмсеттің бағалау критерийлерінен басқа –
негізділік, қауіпсіздік, тиімділік, үнемділік.
Сот тергеуінде кез келген тәжірибелік танудың мақсаты – объективтік
ақиқатты анықтау. Бірақ сот тергеуі жол берушілік критерииінің басты орынды
иеленуімен ғылыми зерттеуден ерекшеленеді. Бұл критерий әдістің қодану
аясына байланысты әр түрлі мазмұнды иеленеді. Мысалы, қылмыстарды ашу және
зерттеу қызметінде, сот немесе дәлелдемелік ақпарттаы бекітетін субъектінің
қызметінде.
Қылмыстарды ашу және зерттеу кезінде әдістің жолберілушілігін
анықтайтын басты шарттардың бірі-әдістің заңдылығы.
Әрине дәлелдемелік ақпаратты бекітудің әдістері заңмен реттелмесе де
бұл әдістерді қолданудың процессуалдық нысандары реттеледі. Заңшығарушы
бекіту субъектісіне бекіту әдісін таңдауға шек қоймайды.
Дәлелдемелік ақпаратты бекіту әдісінің жолберілушілігін анықтайтын
қажетті шарттарыдың бірі-ғылыми негізделгендігі және ғылымилығы болып
табылады. Ғылымилығы – бұл аядағы білімнің жаңа жетістіктерімен қамтамасыз
етілуі деп түсіну керек.
Бекіту әдісінің жол берілушілігі тек оның ғылымилығымен ғана емес,
сонымен қатар объектіге әсер ету сипатына да байланысты болып табылады.
1970 жылы Р.С.Белкин иерархиялық жүйеде криминалистика әдістерінің
концепциясын жасаған. Оның пікірі бойынша криминалистика әдістерінің жүйесі
үш бөліммен тұрады: жалпы, жеке ғылыми, арнайы әдістер. Кейінгі
жұмыстарында жүйеге әр түрлі өзгерістер енгізген. Қазіргі кезде аталған
жүйе мынадай түрге келтірілген:
Криминалистиканың жалпы әдісі – диалектикалық әдіс. Криминалистік
ғылымда қорлданыладытн жалпы ғылыми әдістер – қарау, салыстыру, суреттеу,
өлшеу, эксперимент, модельдеу және математикалық әдістер. Криминатистиканың
арнайы әдістері екі топқа бөлінеді: жеке криминалистік (технико-
криминалистік, құрылымдық-криминалистік) және криминалистік ғылыми
зерттеулерде қолданылатын басқа ғылымдардың арнайы әдістері.
Белкиннің ұсынған криминалистік әдістер топтамасының жалпы ғылыми
немесе арнайы әдістердің қатарына жатқызылған әдістер тізіміне ғана
байланысты өзгерістер енгізілді. Дәлелдемелік ақпаратты бекіту кезінде осы
әдістердің қолданылу деңгейі қандай деген сұраққа бекіту әдістерінің
топтамасы жауап береді.
Дәлелдемелік ақпаратты бекіту процесі ғылымға негізделетін тәжірибелік
қызметтің бір түрі болып табылады. Алайда дәлелдемелік ақпаратты бекітуді
ғылыми зерттеу деп тануға болмайды. Бекіту процесі ойлау, тану процесімен
тығыз байланысты болғандықтан бекіту субъектісінің ойлау деңгейі мен тану
процесінің деңгейінің сипаты туралы сұрақтар туындайды.
Дәледемелік ақпаратты бекіту процесін шешу әдістері мен мақсаттарын
басшылыққа ала отырып, оның танудың эмпирикалық деңгейіне сәйкес келетінін
айта аламыз. Алайда эмпирикалық танудың субъектісіне тән жай ойлау деңгейі
бекіту субъектісінің ойлау деңгейіне сәйкес келмейді. Ол теориямен
байланысты сол себептен оны ғылыми – эмпирикалық деп атауға болады деген
пікірлерді Ф.Кумпф және З.Оруджиев ұстанады. Яғни ақпараттарды бекіту
процесінің эмпирикалық сипаты танудың теориялық әдістерін қолдану
қажеттілігіне шек қояды.
Осыған орай, жалпылық деңгейі және оларды қоданудың аясы деген
әдістерді топтастырудың бірыңғай негізі басшылыққа ала отырып дәлелдемелік
ақпаратты бекіту жүйесі мынадай нысанда болуы тиіс:
жылпы әдіс – материалистік диалектика.
жалпы ғылыми әдістер – бақылау, салыстыру, сипаттау, өлшеу, әкасперимент,
модельдеу.
арнайы әдістер
Бұл топтастыру белгілі бір түсінтемені қажет етеді. Көрсетліген
әдістер – бұл тану теориясының аясындағы ғылыми зерттеу әдістері емес,
керісінше дәлелдемелік ақпаратты бекітудің тәжірибелік қызметінің әдістері
болып табылады. Олардың ортақ аясы – бұл ақпаратты бекіту.
Дәлелдемелік ақпаратты бекіту және табу әдістерінің топтамасында жалпы
әдіс екі тарауда да көрсетілген ол: диалектикалық және формальды логика.
Тәжірибелік қызметте дилектикалық логика әдіс ретінде емес, бекітудің
әдістері мен амалдарын таңдаудың негізгі бағыты ретінде қолданылады.
Диалектиканың қажеттілік пен кездейсоқтық, себеп пен салдар және басқа да
категориялары бекіту субъектісінің қорытынды шығаруының бағыттары мен
себептерінің мазмұнды сипатталуында маңызды орынды иеленеді. Әрине
диалектикалық әдіс дәлелдемелік ақпаратты бекітудің кез келген нысанын
жүзеге асыру кезінде жалпы қолданылатын әдіс болып табылады.
Дәлелдемелік ақпараттарды бекітудің жалпы ғылыми әдістерінің қолдану
аясы басқа. Әдістердің бұл категориясы өзінің мазмұны бойынша ғылыми
зерттеудің арнайы ғылыми әдістерінің категориясына сәйкес келеді. Арнайы
әдістер дегеніміз бекітудің басқа нысанында қолданылмайтын, нақты жекелеген
объектіні бекіту кезінде қолданылатын, кейде әдістер кешені ретінде көрініс
табатын әдістер болып табылады. Көрсетілген топтастыру жалпы болғанымен,
жалғыз болып табылмайды. Тәжірибеде қолдану шарттары, процессуалдық нысан,
қолданылатын техникалық әдістер және басқа да негіздер бойынша бекіту
әдістерінің топтамасы бар.
Дәлелдемелік ақпаратты бекітудің әдістерін ең алдымен олардың
процессуалдық табиғаты бойынша топтастыруға болады. Бұл критериймен мынадай
әдістерді бөліп көрсете аламыз:
міндетті (іс жүргізушілік мағынада)
қосымша
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы дәлелдемелік ақпаратты бекітудің
міндетті әдістерінің қатарына тиісті іс жүргізушілік құжаттарда вербальды
ақпаратты суреттеу жолымен бекітуді жатқызады. Өзінің үлкен көлеміне
байланысты қылмыстық іс құжаттарына тіркеле алмайтын іс үшін маңызы бар
объектіге міндетті түрде суретке түсіру әдісі қолданылады. Қылымыстық іс
жүргізу заңнамасы қосымша және міндетті емес әдістердің қатарына суретке
түсіру, жоспарлар мен схемалар жасау, бейнежазбаны жатқызады. Дәлелдемелік
ақпараттарды бекітудің мұндай әдістерін қылмыстарды ашу мен тергеумен
айналысатын субъект қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес қажетті
жағдайда ғана қолдана алады.
Оған қоса суретке түсіру, бейнежазбаға түсіру әдістері арқылы жүзеге
асырылатын дәлелдемелік ақпараттарды бекіту объектілерінің ауқымын кеңейту
керек. Мысалы, адам өлімімен ұштасқан жол апаты істері бойынша, жаралыс
құралыдарын қолдану істері бойынша, адам қөліміне соқтырған қауіпсіздік
шарттарын бұзу істері бойынша.
Бекіту әдістерін өзінің сипаты мен табиғаты бойынша алғашқы суретті
алуға мүмкіндік беретін және кейінгі суретті алуға мүмкіндік беретін деп
екі түрге бөлуге болады.
Алғашқы топтың қатарына ізді алу үшін оның бетін цементтеу және
шашылмалы материалдың бөліктерін бекіту жатады.
Екінші топтың қатарына әр түрлі бейнежазба жасау, бөлшектерді дайындау
жатады. Бұл топтағы әдістер жұқа көріністерді және ауқымды көріністерді
алуды қамтамасыз ететін әдістер деп екі түрге бөлінеді.
Дәлелдемелік ақпаратты бекітудің барлық әдістерін келесідей
жүйелендіруге болады:
заттай дәлелдемелердің белгілік моделдерін алуға көмегін тигізетін бекіту
әдістері (талдау, өлшеу, жоспарлар мен схемаларды жасау);
заттай, пәндік модельдерді алуды қамтамасыз ететін бекіту әдістері
(фотосурет, бейнежазба, көшірменің техникалық әдістері).
Бұл топтастырудың тәжірибелік маңызы зор және кейбір модельдердің
криминалистік, яғни дәлелдемелік мүмкіндіктерін анықтауға септігін тизеді.
Дәлелдемелік ақпаратты бекіту әдістерінің жүйесіне нәтижені алу
уақытына қарай оларды жай, жылдам және экспрессты деп енгізуге болады. Бұл
әдістер өзінің сипаты бойынша әр түрлі болып, әр түрлі модельдердің
түрлерін құра алады және дәлелдемелік ақпараттарды бекітуге бағыттала
отырып, белгілі бір топтастыру жүйесінде өзіне тән орынды иеленуі мүмкін.
Алайда олардың барлығына бірдей бір қасиеті бар бұл-қылмыстарды ашу және
тергеу кезінде процессуалдық куәландыру үшін қолдануға болатын нәтижелер
беру. Бұл қасиет кез келген бекіту жүйесінде ерекшелендіреді және
тәжірибеде қолдануға болатын көптеген мүмкіндіктер береді.
Техникалық заттарды бекіту кезінде қолданылатын әдістерге байланысты
ақпаратты бекітудің келесі әдістерін бөліп көрсетуге болады:
электромагниттік және оптико-фотографиялық;
физико-химиялық;
топтамалау әдістері;
механикалық әдістер;
графикалық және вербальды-семантикалық.
Дәлелдемелік ақпаратты вербальды нысанда бекіту. Қылмыстық-
процессуалдық заңның ережелеріне сәйкес тергеу әрекеттерінің нәтижелерін
бекітудің негізгі тәсілі болып хаттама жасау табылады.Хаттама жасау жазбаша
белгілер арқылы тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін
ауызша(сөзбен,сөзбе-сөз)сипаттауды қарастырады.Сонымен бір уақытта ауызша
сипаттаудың техникалық тәсілдері тергеу әрекетінің мазмұнының толықтығы мен
жан-жақтылығы мақсатында мүмкін боларлық барлық оргтехникалық құралдарды
қолданумен ұштасады.
Тергеу әрекеттерін бекітуге процессуалдық регламентация,криминалистік
түсінік тұрғысынан қарау арқылы келесілерді бөліп шығару қажет.
ҚР ҚІЖК-нің 218-220-баптарына сәйкес жауап алу мен беттестірудің барысы
мен нәрижелерін бекітудің негізгі құралы болып хаттама табылады.Жауап алу
хаттамасы 4 бөлімнен тұрады:анкеталық;еркін баяндау;жауап алынатын тұлғаға
қойылған сұрақтар мен оның оларға берген жауаптары туралы
жазбалар;куәландырушы бөлім,яғни ол жауап алынатын тұлғаны көрсетулердің
жазбасымен таныстыру туралы белгіден және оның оның қолымен хаттаманың
дұрыстығын куәландырудан тұрады.
Заң хаттамаға көрсетулерді бірінші жақта және мүмкіндігінше сөзбе-сөз
енгізуді талап етеді.Соңғысы,әсіресе,тергеушінің кәмелетке толмағандар
жауаптарын тіркеу кезінде олардың сөйлеу тілінің өзі жауаптарының
жалғандығы немесе шындығы туралы мәселені шешкенде тергеушіні бағыттай
алатынымен өте маңызды.
Жауап алу барысында өзінің еркі немесе тергеушінің ұсынысы бойынша
тұлға өзінің көрсетулерін түсіндіретін белгілі бір
схемалар,жоспарлар,сызбалар жасай,суреттерді сала алады.Жауап алынған тұлға
мен тергеушінің қолдарымен куәландырылған бұл құжаттар хаттамаға қоса
тіркеледі.
Тергеушінің шешімі немесе жауап алынып отырған тұлғаның өтініші бойынша
дыбыс- не бейнежазба қолданылуы мүмкін.Олар бекітудің қосымша тәсілдері
бола отырып,жауап алуды хаттамалауды жоққа шығармайды.Дыбыс және
бейнежазбаны қолданатыны туралы жауап алынатын тұлға тергеу әрекетін
жүргізу басталғанға дейін хабарланады.
Тергеу қарауы,куәландыру және эксгумация тергеу әрекеттері ретінде іс
үшін маңызға,егер оның нәтижелері тиісті түрде процессуалдық бекітілген
жағдайда ғана ие болады.Істі зерттейтін прокурор,мәні бойынша қарайтын сот
аталған тергеу әрекеттерін жүргізудің
толықтығы,объективтілігі,методикалы лығы мен уақытылылығы туралы тек қана
қарау,куәландыру және эксгумацияны жүргізуді бейнелейтін және істе бар
процессуалдық құжаттар бойынша зерттей алады.Қарау,куәландыру және
эксгумация нәтижелері жүргізілген әрекеттерді сипаттау,қараудың жекелеген
элементтерінің белгілерін,жағдайларын,қасиеттерін, жай-күйлерін ойша
сақтау(запечатление) жолымен бекітілуі тиіс.
Оқиға болған жерді қарау сияқты қарау түрінің нәтижелерін бекітудің
тәсілдері(способы) мен әдістерін(приемы) ажырату керек.Олардың қатарына,
тергеуші олардың көмегімен оқиға болған орын картинасын толықтай,қылмыс
жасалған жердегі жағдайды,оқиға орнындағы объектілердің барлығының
жиынтығында запечатлевать ететін тәсілдер жатады.Бұл жағдайда оқиға болған
жерді қарау нәтижелерін хаттамалау,оқиға болған жердің сызба,жоспарын
жасау,оны фотосуретке және бейнежазбаға түсіру бекітудің тәсілдері болып
табылады.Ал әдістерге өлшеу фотографиясы,гипстен үлгілер(слепок ) жасау
және тағы басқа жатады.
ҚР ҚІЖК-нің 223, 227-баптарына сәйкес қарау,куәландыру және эксгумация
хаттамалары аталған тергеу әрекеттерінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі
процессуалдық құжаттар болып табылады.Бұдан басқа,бекітудің өте маңызды
элементі ретінде оқиға орнында қалған барлық картинаны толық ойда сақтау
үшін қарау,куәландыру және эксгумация барысында
жоспарлар,схемалар,графикалар жасауды да есептеу қажет.Егер аталған тергеу
әрекеттерін жүргізу барысында фото- және бейнежазба да қолданылса,онда бұл
нәтижесінде алынған дәлелдемелерді дұрыс бағалау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Бұдан басқа оқиға болған жерді,мәйітті,үй-
жайларды,учаскелерді,жануарларды қарау барысында іс үшін маңызды қандай да
бір заттар мен объектілер алынуы мүмкін.Аталған жағдайда олар табиғи сол
күйінде заттың өзі алынады немесе қажетті заттың көшірмесі(моделі) жасалады
және олар қарау хаттамасына қоса тіркеледі.
Тану үшін көрсету нәтижелерін бекітуді қарастыра отырып,тану үшін
көрсету хаттамасы ҚР ҚІЖК-нің 229-бабының 13-бөлігіне сәйкес жасалатынын
айту қажет.ҚР ҚІЖК-нің 203-бабының 7-бөлігіне сәйкес хаттамаға тергеу
әрекетін жүргізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен ғылыми көзқарас тұрғысында қарастыру
Фактілер және олардың қайнар көздері
Қылмыстық іс жүргізу тәртібі
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу ұғымы және оның мәні
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері
Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясы. Негізгі ережелер
Дәлелдемелерді жинау, Дәлелдемелерді тексеру
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің ұғымы мен маңызы
Дәлелдемелердің қайнар көздерінің ұғымы
Пәндер