Қазақтың дәстүрлі қоңыр ою – өрнектері



1 Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті
2 Ата.бабамыздың қолөнер мұраларын жақсарту
3 Спортымызды ою.өрнегімізбен өрнектей түссек
4 Қазақ оюларының мазмұны
Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі қоңыр адамзат мәдениетінің дамуын қарастыратын болсақ, мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастың, сұхбаттың үзілмей келе жатқанын көреміз. Белгілі ғалым Л.Н.Гумилев көшпелілер жайында былай дейді: «Біздің дәуірге дейінгі I ғасырдағы көшпенділер мәдениеті ерекше дараланды. Оның үстіне ХҮIII-ХIХ ғ.ғ. көшпелілер мәдениетінен көп жоғары болған.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚОҢЫР ОЮ – ӨРНЕКТЕРІ
Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан
ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді
бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген далалық өркениеттің алтын
бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен
республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері
және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. Көне
дәуірден қазіргі заманға дейінгі қоңыр адамзат мәдениетінің дамуын
қарастыратын болсақ, мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастың, сұхбаттың
үзілмей келе жатқанын көреміз. Белгілі ғалым Л.Н.Гумилев көшпелілер жайында
былай дейді: Біздің дәуірге дейінгі I ғасырдағы көшпенділер мәдениеті
ерекше дараланды. Оның үстіне ХҮIII-ХIХ ғ.ғ. көшпелілер мәдениетінен көп
жоғары болған.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғасырдан бастама алып, осыған орай
мәдениеттің тарихи қозғалысын, заңдылықтарын біліп-танудың мәні артып отыр.
Халық арасында көне мәдениет сырттан келген мәдениет ықпалымен жаңарып,
толыққан үстіне толыға түсті деп ойлаймыз. Өйткені қазақ халқының еңбек
етуінде көптеген өзгерістер болды. Сырттан келген мәдениетті өз өмір
тіршілігіне байланысты өзгерткен. ХІХ ғ. 2-ші жартысы мен ХХ ғ. басында
қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму баспалдағына көтеріліп,
өмірде өз орнын ала білді. Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ
қолөнерін жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік
тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының
даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Біздің
пайымдауымша, бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу.
Ұлттық мәдениеттің бір саласы қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер
шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі.
Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білуіміз керек.
Қазақтардың өнері дамыған сайын, тынысы кеңейіп, өнер түрлері
Қазақстанның барлық жерлерінде түгелдей өрістеді. Әр өңірдегі өнердің
қалыптасып, дамуына көрші халықтардың ықплы зор.
Ата-бабамыздың қолөнер мұраларын жақсарту – қазіргі заман жастарының
ісі, халықтың ертедегі істері жарасымды жалғасын тапса, өнер дамыған үстіне
дами береді.
Қазақ өнер алды-қызыл тіл дейді. Дегенмен, сурет өнері осы тілден
бұрын пайда болған тәрізді. Өйткені сонау тас ғасырынан қалған таңбалы
тастарда ою-өрнектер арқылы адам баласы тым ерте-ақ өз ойын суретпен
жеткізуге талпынған көрінеді.
Сонау алғашқы қауымдық құрылыс кезінде үңгірді мекендеген адамдар
өздерінің тірлігін сурет арқылы баяндап, үңгір қабырғаларына қашап салған
екен. Бұл туралы археологиялық деректер мен ғылыми еңбектерде көрсетілген.
Одан бері келетін болсақ, б.д.д. V-ІІІ ғ.ғ. сақ дәуіріндегі Пазырық
қорғандарынан табылған ою-өрнектер қазіргі біздің ою-өрнектерден айна
қатесі жоқ дүниелер. Сондықтан біздің тегіміз тым әріде жатқандығын, тіпті
ұлт болып қалыптаспай тұрғанның өзінде ою-өрнектің тілі қазіргі біздің ою-
өрнектің тілімен бірдей болып тұрғандығы. Соған қарап, бейнелеу өнерінің
тарихы тіл өнері қалыптаспай тұрғаннан да бұрын басталғаны байқалады. Күні
кеше Берел қорғанынан табылған зергерлік алтын бұйымдар қазақ халқының
материалдық байлығының негізі екендігінде дау жоқ. Ондағы аң стилімен
жасалған бұйымдарға қарап, зергерлік өнердің тым ерте дамып, биік
шеберлікке жеткендігіне ғалымдар қауымы көз жеткізіп отыр. Сондай-ақ
Жетісудан, Шілікті жазығындағы обалардан табылған Алтын адамдардың
бойындағы әшекейлер тым биік талғам, асқан шеберлікпен орындалуы, тіпті
бүгінгі зергерлердің қолынан келе бермейтіндей.
Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі
заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен
қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Ұлттық ою-
өрнек өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі
республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары
мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық
ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-орнектерден (Айша-бибі, Ахмет
Яссауи кесенесі) айқын көрінеді. Қоңыр ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері
үлгісінде, кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу
мейлінше жетілдіре түсті.
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қазақ қолөнерінің барлық
түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.
Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында
бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып
жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ
көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың
қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек
дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып,
қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес.
Сондықтан, ою-өрнек деп қосарланып айтылады.
Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнердің түрлері де, атаулары да
өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – ою-өрнек. Ою-
өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей
ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.
Түзу және ойқастыра тоқу тәсілдері көп қолданылады. Түркі халықтарының
қолтаңбаларында өрнексіз заттың мәні жоқ. Жалпы қазақ халқы ою-өрнекті
қадір тұтқан. Бас киімдегі ою-өрнекке қарап, қай ұлттың ұрпағы екенін
таныған, кімнің қазақ, кімнің ұйғыр, татар екенін білген. Қырғыздарда
қошқар мүйіз, тұмар, теке мүйіз, ұйғырларда бадам, шәдә,
өзбектерде пахта гүл, бадам деп аталады. Қазақтардың оюын сипатына
қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп үш топқа бөледі.
Қазақтар өздері жасаған ою-өрнектің атауын таба білген. Осы атауларды
олар өз тіршілігіне лайықты қолдана түскен. Әрбір тарихи кезең өзіндік ою-
өрнектермен ерекшеленген. Ескіден келе жатырған мешіт, күмбез ою-өрнексіз
жүзеге аспаған. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихын, өмір
тіршілігінің сұлулығын және әсемдігін айқындайды.
Зергерлік – өте ертеден келе жатырған өнер саласы. Әсіресе, оған қазақ
халқы көп көңіл аударады. Әртүрлі сәнді бұйымдар асыл тастардан жасалған
қымбат заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады.
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір ай-
мағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері болған. Соған карамастан,
барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі — мүйіз тектес ою-өрнек болып
саналады. Қазақ халқының түрмысында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу,
құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, киіз
үйлерді, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме алаша, қоржын,
ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп
отырған. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-
дай түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп
тараған мүйіз тектес ою-өрнек туралы сөз етпекпіз.
Мүйіз оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені
барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп
отырған. Мысалы: қошқармүйіз, арқармүйіз, бүғымүйіз, қырықмүйіз,
қосмүйіз, сыңармүйіз, сынықмүйіз, төртқұлақ, түйетабан,
сыңарөкше, қосалқа, қүсқанаты, қаз-табан. Колөнер шеберлері осы
элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бүйымдарға ұтымды пайдаланып
келеді.
Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп-қону
көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы
бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол
заттың бетінде түрлі нүсқада бейнеленген мүйіз элементін байқаймыз. Әрбір
оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан
қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі
қолданылатыны мүйіз тектес ою-өрнектер.
Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді.
Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге
қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау,
қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.
Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір
элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, қүлпырған
әдемі де мазмұнды композиция жасайды. Мүйіз тектес ою-өрнектердің негізі
қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің
мүйіздерін түспалдаудан пайда болған.
Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне өз дәуіріндегі заман
ағымына қарай лайықтап пайдаланып келеді.
Қошқармүйіз оюы неше түрі формалаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде
кездеседі. Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға
болады. Мәселен, текеметтің ортасына “қошқармүйіз” шет-шетіне “тұмар”,
“шаршы” немесе “су” оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-
отар қой болсын деген халықтың арман – тілегі, Омыртқа – мал шаруашылығымен
тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою
қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде
құрлардың шетіне салынады. Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі
жаққа иіріле түскен мүйіз тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің
қолтығында қойдың құлағын долбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын
тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
Мүйіз — қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді
мегзеуден шыққан. Мүйізою-өрнек кейде ұсақ кейде ірі болып келеді. Ұсақ
түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі
түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде
қолданады. Мүйіз элементтері аймүйіз, қосмүйіз, сыңармүйіз,
сынықмүйіз, қырықмүйіз, маралмүйіз, өркешмүйіз, қошқармүйіз т.б.
түрлерге бөлінеді. Мүйіз өрнегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақы оюлардың магиялық күші
Сақ өнерінің кейбір белгілері
Корпустық жиһаз
Тоқу өнері. Ою-өрнек
Ою-өрнектер
Қолөнер - сырлы өнер
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау
«Нұрлы көктем» (Шым Ши)
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Пәндер