Қайта тәрбиелеу педагогикасы пәнінің оқу әдістемелік нұсқауы лекция тезистері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЙТА ТӘРБИЕЛЕУ ПЕДАГОГИКАСЫ пәнінің ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Лекция 1. Тақырыбы: Қайта тәрбиелеу педагогикасы пәніне кіріспе, пәннің мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері.

Жоспары:

  1. Пәннің обьектісі, басқа пәндермен байланысы.
  2. Қайта тәрбиелеу педагогикасының зерттеу әдістері
  3. Қиын балаларды психологиялық-педагогикалық талдау

Лекция мәтіні: 1. Пәннің обьектісі, басқа пәндермен байланысы. Еліміздегі келешек жас ұрпақты тәрбиелеуде, олардың рухани-адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда ауқымды тәрбиелеу үдерісіндегі қайта тәрбиелеу педагогикасының алатын орны ерекше. Осыған орай жеткіншек жастағы қиын балаларға қайта тәрбие беру талабы да өсіп отыр. Қазіргі заман талабына сәйкес болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен тәртібін жетілдіру қажеттілігі басым. Халқымыздың ғасырлар бойы өз ұрпағын ар-ұжданы таза, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеуде ұлттық тәрбие көздері де маңызды орын алған. Тәртіп бұзушылық, зорлық-зомбылық, дөрекілік, қатыгездік т. б. теріс әрекеттер қоғамымызда жеткіншек оқушылар арасында азаймай, керісінше, көбеюде. Отбасы тәрбиесінің бәсеңдеуі, мектеп пен отбасы тәрбиесіндегі сабақтастық пен бірліктің ішінара бұзылуы қиын бала проблемасын үдетіп отыр. Қайта тәрбиелеу педагогикасы қиын балаларға тәрбие беруде, олардың пайда болу, шығу себептерін анықтауда теориялық мәселелерді, сонымен бірге, қайта тәрбиелеу тәжірибелерімен танысуды, қиын баланы қайта тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін қарастырады.

Пәннің мақсаты: Орта және кәсіптік орта білім беру мекемелеріндегі болашақ оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, оны жүргізуші педагог-психологтарды даярлауда студенттердің кәсіби дайындығын, ұстаздық шеберлігін, мәдениетін көтеру және жеткіншек, жасөспірім жастағы қиын балаларды қайта тәрбиелеу құралдары арқылы оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне үйрету. Болашақ педагог-психологты мектепте ұстаздық қызмет жасай отырып, қиын балалар мен оқушыларды анықтай білуге үйретіп, оқу процесінде, отбасында кездесетін олардың мінез-құлқын, жеке ерекшеліктерін есепке алу жолдарын меңгереді. Тиісті бағытта қиын балалармен қайта тәрбиелеу жұмыстарын істеу әдістеріне үйренеді. Сонымен қатар қиын балалардың пайда болуының алдын-алудағы теориялық білімдер жүйесін меңгереді.

Пәнді оқыту міндеттері:

  • болашақ педагог-психологтарды қайта тәрбиелеу педагогикасының тарихы мен теориясына, әдістеріне үйрету;
  • қиын балаларды қайта тәрбиелеу құралдарын пайдалану дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;
  • көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар жасау, оларды тәрбиелеу іс-әрекетінде, шараларында пайдалануға үйрету;
  • педагогикалық және әдістемелік әрекеттерге дайындау. Қиын балалармен жұмыс істеуде отандық, орыс ғалымдарының тәжірибесін, шетел ғалымдарының пікірлерімен таныстыру. Қиын балалардың туындау себептерін, оқу процесінде, мектеп, класс ұжымында оларды басшылыққа алу қағидалары, оқу-тәрбие процесінде олармен жұмыс істеудің, қайта тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық негізін, ондағы мұғалім қызметін анықтау.

Мына пәндермен байланысты: философия, эстетика, этика, құқықтану, мәдениеттану, қайта тәрбиелеу психологиясы, педагогика тарихы, тәрбие теориясы, этнопедагогика, Психология» (жеке тұлға), қайта тәрбиелеу психологиясы, іс-әрекет, психологиялық үрдіс, қарым-қатынас педагогикасы, «Мамандыққа кіріспе» (кәсіби іс-әрекет, маманның жеке тұлғасы, кәсіби іс-әрекеттің обьектісі, маман іс-әрекетінің функциясы, өзіндік білім алу) .

2. Қайта тәрбиелеу педагогикасының зерттеу әдістері. Тәрбие кез келген қоғамның маңызды функциясын құрайды. Дамыған демократиялық қоғамда дүниетанымы жоғары, адамгершілік қасиеті мол, терең идеялы, сенімді, қоғамдық белсенді, болмысқа шығармашылық көзқараспен қарайтын жаңа адамды жеке адам ретінде тәрбиелеу басты мақсат пен міндетке айналып, қарым-қатынас құрудың маңызды шарты болып табылады.

Бұл міндетті шешу қазіргі психология-педагогикалық білім жүйесінде талданған ғылыми принциптерде іске асырылады және оларды үнемі теориялық жағынан дамытып отыруды көздейді.

Тәрбие психологиясын зерттеудің маңызды мәселелердің ішінде жеке адамды онтегенезде қалыптастырудағы негізгі деректерді, заңдылықты, кезеңдерді, шарттарды, механизмдерді және ерекшеліктерді ашу басты орын алады. Бұл мәселелер даму үрдісіндегі адамның іс-әрекеттерінің түбегейлі проблеммеларын, оның санасы мен жеке іс-қимылын жетілдіру тұрғысынан зерттеледі.

Жеке адамның моральдік-еріктік өрісін, адамгершілік санасын, адамгершілік түсініктерін, ұғымы мен принциптерін, сенімдерін, қылығын, адамгершілік негіздерін, адамгершілік сезімдерін, басқа адамдарға, қоғамға деген қарым-қатынасын білдіретін мінез-құлық тәсілдері мен әдеттерін қалыптастырудағы психологиялық механизмдерді аша отырып, тәрбие психологиясы даму үрдісіндегі жеке адамды белсенді «жобалауды», қазіргі балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың принциптері, шарттары мен ерекшелігінің жалпы заңдарын табады.

Тәрбие психологиясы оқушылардың тәрбие ықпалы жағдайындағы психикалық іс-әрекеттері заңдылықтарын шәкірттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық негізін аша отырып, осы механизмдердің жеке адам қасиетін қалыптастырудағы ықпалын зерттейді.

Әрбір жас кезеңдерінің өзгешелігін ескеру-тәрбие процесін ұйымдастырудағы қажетті шарт. Алайда ескеру-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын белгілі бір жастағы балалардың психикалық дамуының межесіне бағындыру деген сөз емес. Баланың жеке басының нақ осы кезеңде бастарқы даму жағдайында тұрған, бірақ болашақ соған тиесілі сапаларын қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, дамыру перспективаларын ескеру маңызды. Нақ осы жағдайда жеке адамды жобалау процесі ұйымдастырылады, мұны құру, әлбетте, жеке адамның адамгершілік сфераларын қалыптастыруға сөзсіз ықпал жасайтын жеке адамның толып жатқан жеке-дара қажеттерін ескеруді де талап етеді.

Бала дамуының қайнар көздері мен жағдайларының, оның жеке басының қалыптасуын түсініп алмайынша, тәрбиенің психологиялық механизмдерін ашып беру мүмкін емес. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі тіршілік етуінің, дамуының, адам қажеттерін іске асырудың айқындаушы шарты, яғни адамның жеке адам ретіндегі даму шарты - адам араласатын көп қырлы іс-әрекеттер жиынтығы. Іс-әрекеттің даму, күрделену баланың психикасының дамуын айқындайды. Сондықтан тәрбие міндеттерін шешу адам іс-әрекеттерінің өзара бағыныңқылығының психологиялық заңдылықтарына, олардың динамикасына сүйенуге тиіс. Тәрбиелік ықпал жасау жүйесін құру кезінде бала араласатын іс әрекеттің алуан түрлерінің сипаты мен ерекшеліктерін, олардың маңызын, көлемі мен мазмұнын ескеру қажет.

Қоғамның моральдік нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез-құлықты әдетте әлеуметтік жат деген терминмен белгілеу қабылданған.

«Қиын» аталатын балалар-педагогикалық назардан тыс қалған балалар. «Қиын»деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың кең ордасын білдіреді. Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балалар да жатады. Мұндай ауытқудың іс-жүзіндегі себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс-әрекеттің қжымдық формаларына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару-еркелік, тілазарлық болдырмау мен оны жеңудің негізгі жолы. Балалардың белгілі бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен, дөрекілігімен ерекшеленеді. Баллардың ерекше тобын мінез-құлқына еңбекке құштар ықыласы мен әдеті жоқ, жалқау балалар құрайды. Тәрбиешілерге мұндай баланың ұмтылысын, күш-жігер көрсетуін аңғарту және мадақтау, оның бойында еңбекке деген қажетсінуін ояту, сан алуан іс-әрекеттен қуаныш табуды үйрету өте қажет.

Ең теріс қасиет - жалған айту болып табылады. Ондай балалар да бар. Мұндай кемшілікпен күресе отырып, қиялдау мен шындықты әдейі бұрмалауды ажырату қажет. Жалған айту жаза алудан қорқудың да, жағымсыз қылықтарын жасыруға ұмтылудың да, өзін таныту, айналасындағылардың назарын өзіне аударудың да салдары болуы мүмкін. Балалардың жолдастықты өзінше бір түсінуі, жолдасының теріс қылығын жасыру амалы ретінде де өтірік айту жиі кездеседі.

«Қиын» балалармен жұмыс істеу:

1. Балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау.

2. Оның жағымсыз қасиеттеріне сүйену; оның адамгершілік күшіне, потенциял-

-ды мүмкіндіктеріне сену сияты өте биязылық дара қатынас қажет.

Тәртіп бұзушы жеткіншектерде оқуға деген ынта жойылды.

«Қиын» мектеп оқушысының жеке басының қалыпты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін тәрбие ықпалдарының жүйесін құрудың алғашқы кезеңдерінің бірі-тиісті жағдай және сөзсіз талаптылықты сақтай отырып, ересектердің ойластырылған қатынасын құру.

Әртүрлі балаларда берілген көп салалы іс-әрекет жүйе, жеткіншектердің жолдастарымен педагогтармен қарым-қптынасы ерекше болады. Оларды осы іс-әрекетіне қарап бірнеше топтарға бөлуге болады: Бірінші топ . Бұл топтың балаларына жолдастық, батырлық туралы теріс түсінік қалыптасқан, ұялу сезімі өте нашар дамыған. Олар арсыз, дөрекі, төбелесқор болып келеді.

Екінші топ . Бұл топтың өкілдері артықшылық жағдайға ұмтылып, әлсіздерді, кішілерді қыспаққа алады. Олар тәртіпті оқтын-оқтын бұзып отырады.

Үшінші топ . Бұл топтың балалары өздері жасаған тәртіп бұзушылықтардың лайықсыздығын түсінеді. Алайда балалар бойындағы дұрыс адамгершілік көзқарастар нанымға айналмаған, сондықтан қанағаталуға деген эгоистік ұмтылыстар немесе тап болған жағдайға қарсы тұра білмеу қоғамға қарсы теріс қылықтар туғызып, моральға жат тәжірбиенің жинақталуына алып келеді.

Төртінші топ. Нашар деформацияланған қажеттіліктері бар оқушылар құрайды. Балалар өз күштеріне сенбеумен, жігерлі жолдастарының алдында жағынумен сипатталады.

Бесінші топ . Бұған тәртіп бұзу жолына кездейсоқ түскен мектеп балалары кіреді. Олар жігерсіз әрі ықпалға иілгіш келеді.

«Қиын» балаларды осылай типке бөлу тәрбие ықалы жүйесін тұтасымен мүм -кіндік беріп қоймай, сонымен бірге, қиын қақтығыс жағдайында тұрған әрбір балаға жеке дара қатынас жасауды жүзеге асыруға жол ашады. Мұнда «Қиын» мектеп оқушыларын жан-жақты қоғамдық пайдалы іске тарту жұмысының жүйесі өте маңызды. Бұл қызметті ұйымдастырғанда олардың ерекшеліктерін ескереді, оны көп салалы ұжымның тарам-тарам жүйесі іске асырады. Дәл осындай мақсатқа сәйкес құрылған жүйе балалардың әлкуметтік жат мінез-құлықтарын бірте-бірте жойып, «қиын» мектеп оқушыларына тән жағымсыз қасиеттерді түзеп қана қоймай, олардың бойында жеке адамның тұрақты моральдік жігер сапасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

«Қиын» балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің жүйесін ұйымдастыру мәні, негізгі мағынасы, принциптерімен тәсілдері «қалыпты» балалармен бірдей.

Олар әдетте қиын бала болып көрінуі мүмкін. Бірақ кейбір кездерде басқаларға деген жақсы қасиеттері және басқаларға деген көмегімен көзге көрінерлік жұмыстар атқаруы мүмкін. «Қиын» балалар өмірде қатты адасқандар. Ия, әркім адасуы мүмкін, бірақ оларда дұрыс түсінік пайда болуы керек. Олардың өмірде жіберген қателіктерін жөндеп, өмірге жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.

«Қиын оқушыларды» тәрбиелеу барысында олардың оқуға деген жағымсыз қатынасын өзгерту мәселесі бастауыш сыныпта негізгі проблема болып табылады. Өйткені мұндай оқушыларды оқу үлгерімінің төмен болып келуі жиі кездеседі. Үлгермеушілік негізін құрайтын психологиялық себептер ретінде танымдық іс-әрекеттің жеткіліксіздігі мен балалардың мотивациялық аймағының дамуындағы кемшіліктерді атауға болады:

«Қиын оқушылардың» танымдық іс-әрекетпен жеткілікті деңгейде айналыспауы мынадай себептерге байланысты:

- оқу іс-әрекеті тәсілдерінің қалыптаспауы;

- психикалық процестер дамуындағы артта қалушылық, әсіресе баланың ойлау аймағының дамуындағы кемістіктер;

- баланың танымдық іс-әрекетінде көрінетін өзінің дербес-типологиялық ерекшеліктерін дұрыс пайдалана алмау.

Оқудағы қиындықтар баланың жеке тұлғасына әсер етіп, оның адамгершілік тұрғыдан дамуына кері әсер ететіні белгілі. Сондықтан қиын оқушылардың табысты қол жеткізуіне дер кезінде көмек жасалмаса, мұндау оқушыларда өзіне дегенсенімсіздік пайда болып, оның тұлғалық сипаты ретінде қалыптасуы мүмкін.

«Табысты іс-әрекет» индивиттің оң нәтижеге қол жеткізуін көрсететін педагогикалық категория болып табылады. Табысты іс-әрекеттің белгілері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:

-жаңа білімді іздеуге талпынады;

-бұрынғы білімді жаңадан байланыстыра отырып, жаңғырта алады.

- ұғымдардың белгілері жүйесі мен ұғымдар жүйесін түсінеді.

-оларға таныс және жаңа жағдаяттарда сүйенуге дайын.

-әрекеттер тәсілдері туралы білімді ашық және жабық күйінде, күрделі іс-әрекет құрамын пайдаланалады

-жағдаят немесе тақырыпқа байланысты өз ойын жинақтай алады.

-ойын дамытады, өзінің ойымен байланысты тіл құралдырын жинақтайалады

-шығармашылық сипаттағы қажетті операциялардың минимумын меңгереді.

-шығармашылық іс-әрекетке белсенді.

- өзінің жетістіктерін бағалауға тырысады.

- ережеге және әрекеттер жүйесі бойынша іс-әрекеттерді орындай алады.

Осы аталған белгілерге сәйкес қиын балалар табысты іс-әрекетіне қол жеткізу олардың бойында адамгершілік қасиеттерді, құлғалық сапаларды қалыптас -тыруға мүмкіндік береді.

«Қиын оқушылардың»оқуға үлгермеуін ерте бастан, яғни бастауыш мектепте алғашқы күндерден бастап қолға алмаса, кейіннен оларды болдырмау қиынға соғады.

Белгілі дидактик-ғалым Ю. К. Бабанский ғылыми - педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отырып, оқушылардың оқуға үлгермеуінің негізгі себептерін бөліп көрсетті:

` Жағымсыз тұрмыстық жағдайлар немесе олардың әсері;

` Cанаткерлік дамуының төмендігі;

` Денсаулықтың әлсіздігі

` Жұмыс істеу қабілетінің төмендігі;

` Тәрбиесіздігі;

` Оқу еңбегі дағдыларының болмауы;

` Ұқыпсыздық,

` Білімдегі проблемалар;

` Оқуға қызығушылықтың болмауы;

` Оқытудағы кемшіліктер;

` Мектепті ауыстыру;

` Мектеп пен жанұяда талаптар бірлігінің болмауы;

` Сезім мүшелерінің кемшіліктері;

Ең алдымен, оқуға үлгермеудің негізгі себептерінің бірі болып табылатын мотивациялық аймақтың ерекшеліктерін қарастыру қажет. Өйткені оқуші табысты іс-әрекетке қол жеткізу үшін оның оқуға дұрыс қатынасы, қызығушылығы және оқудың қажеттілігін түсіну маңызды шарт болып табылады. Олардың мотивациялық аймағы күрделі құрылымға ие бола отырып, оқушылардың дербес және жас ерекшеліктеріне сәйкес өзгеріп отырады. Мектепке келген алғашқы күндерден бастап оқушыларды табысқатұра мотивациясын қалыптастыруға және оқуға қызығушылықтарын дамытуға ерекше көңіл бөлуі тиіс.

«Қиын оқушылардың» өзіне сенімсіздігін жою үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта олардың өздері орындай алатын тапсырмаларды беру керек. Іс-әрекеттердің табысты аймақтарын бөліп алу олардың өзіне деген сенімдерін арттырып, өзінің мүмкіндіктерін көруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді және оған деген мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың көзқарасын өзгертеді.

«Қиын оқушылардың» өздерінің жетістіктері мен табыстарын саналы түсінуін қамтамасыз ету жағын ойластырудың маңызы ерекше. Оларға келесі оқу тпасырмаларын бұрынғы сәтсіздіктерін есіне алмай, жаңа жағдайда қабылдауға үнемі көмектесіп отыру қажет.

«Қиын оқушылардың» оқу іс-әрекетіндеқол жеткізген қандай болмасын табыстарын мадақтап отыру ерекше мәнге ие. Табысты іс-әрекетке қол жеткізуде бағаның да атқаратын ролі зор.

Баға қиын оқушылардың табысты іс-әрекетін ынталандыру құралы бола отырып, мынадай қызметтерді атқарады:

1. тұлғаның үйлесімді дамуына бағдар жасайды;

2. Ойлау іс-әрекетін белсендіреді.

3. Оқыту үрдісінде психологиялық қолайлы жағдайды сезінеді;

4. Жұмысі істеу қабілетін арттырады.

5. Дербес және ұжымдық іс-әрекеттің шыңармашылығын ынталандырады;

6. Шағын ортады қайырымды қарым-қатынастың орнығуына әсер етеді.

Сондықтан бастауыш сынптарды қиын оқушыларды білімін бағалауда бағаны әділ қоюға мұғалім тарапынан ерекше жауапкершілікті талап етеді.

Қиын оқушылардың табысты іс-әрекетіне қол жеткізудің тағы бір жолы-олардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

Белгілі материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады. Баланың даму дәрежесіне қарай түрлі педагогикалық шарттарды талап етеді. Игеру процесінде бала бағыттылық, сана және іс-әрекет ерекшеліктері бар жеке адам ретінде көрінеді. Баланың жеке басының негізгі жақтарын даму игеру механизмдерінің өзгерісін туғызады.

Бастауыш мектеп жасында жаңаны игеру оқу әректінің маңыздылығымен, сондай-ақ танымдық ынталарының артуымен тығыз байланысты. Баланы оқу әрекетіне қалыптастырғанда ол оқуға, өзін қадағалау, өз жетістіктерін бағалай білуғе бағдарын қамтитындай етіп ұйымдастыру маңызды. Оқу процесінде бала үшін жаңаны танып білу мәнді, қызықты болуы тиіс.

Жалпы оқу санаткерлік біліктерін қалыптастыруда ойын технологияларын пайдаланудың екі педагогикалық тиімділігі бар.

Бірінші, ойын барысында балалардың орындайтын ақыл -ой әрекеттерінің сипаты мен ойын формаларында қалыптасытын біліктер жиынтығы маңызды болып табылады; екіншіден, дидактикалық ойындардың ережесі бар ойынның түрі ретінде құрылуының өзі ерекше мәнге ие болады. Ойында дайындық, ұйымдастыру кезеңдерінің міндетті түрде болуы баланы табиғи және заңды түрде іс-әрекетке баулиды. Ойынның тәртіп, ережесі болуы анық. Сондықтан ойын технологиялары бастауыш сыныпта «қиын оқушыларды» өз бетімен білім алу және саналы ойлау, сонымен бірге тұтас алғанда оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал етті. Ойын бағдарламасының негізгі мынадай тапсырмалар түрлері құрайды. 1. Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; 2. Хабарламаны тыңдау. 3. Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; 4. Хабарламаны тыңдау; олардағы танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау. 5. Мәтінді оқу және ондағы басты, оқу танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау. Оқу дидактикалық тапсырмалардың түрлеріне байланысты «қиын оқушыларды» оқу үрдісінде табысты іс-әрекетке жетелейтін мынадай ойындарды бөліп көрсетуге болады. -оқушылардың топтастыру біліктерін дамытуға бағытталған ойындар. -оқушылардың талдау біліктерін дамытуға бағытталған ойындар. -оқушылардың жіктеу және өзіндік бақылау біліктерін дамытуға баіытталған ойындар. -оқушыларды көру арқылы берілген ақпаратты талдау және жекеден жалпыны табу негізінде оны жинақтау, біріктіру. -оқушыларды заттардың, құбылыстардың белгілерін жинақтау. -оқылған материалды жинақтау; Сонымен біз, «қиын оқушылардың» табысты іс-әрекетке қол жеткізудің бірнеше жолдарын айқындауға тырыстық. Кез-келген мұғалім әрбір қиын оқушының оқуға үлгермеуінің бір ғана себебе емес, бірнеше себептерін іздестіріп оларды жоюға ат салысу керек. Әрқашанда да дені сау балаға көмектесуге болатынын есте сақтау керек.

3. Қиын балаларды психологиялық-педагогикалық талдау. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында қиын мінезді оқушыларға мынадай анықтама береді: «балалар мен құқық бұзушыларды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту - тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы». Олардың әр кезеңге әртүрлі аталғаны бізге белгілі: - «тәртібі нашар», «қиын», «тәрбиесі қиын» т. б.

Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығушылығының жоқ екені, олар мектепте де симай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың басым көпшілігінен қылмыскерлер шығатыны дәлелденген.

Ата -аналарды өз балаларының тәрбиесімен айналысуын үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топ - баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай мектептегі қоғамдық жұмыстарға үлгі көрсетеді.

Екінші топ - өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндай ата-аналардың басым көпшілігі қоғамдық жұмыстарға үлгі көрсетеді.

Үшінші топ - балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтарға қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болғанымен «қиын» балаларды беретін отбасылар.

Енді осы факторларды таратып айтып көрейік. Халық даналығы:» ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің «, »әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», »не ексең соны орасың» десе, ұлы Абай: «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі -ақымақшылық»-деп түйіндейді.

Атақты физолог И. П. Павлов: «әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады» - дейді. Бала отбасында және өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстаудың адамгершілік әліппесін үйренуге кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету сияқты игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Бұл әңгімеміз әрине бірінші топтағы ата-аналарға қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі. Педагогика. Дәрістер
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Педагогика бойынша лекциялар
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
«Педагогика» пәніне арналған практикалық (семинар) сабақтар жоспары
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz