Қазақ философиясының қалыптасу барысы мен тереңде жатқан тамырларын зерттеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. М. Әуезов дүниетанымы және оның ұлттық негізде даму сипатындағы тарихи, мәдени айшықтары .
1. 1 М. Әуезов көзқарасындағы рухани құндылықтар мен философиялық ой-талғамдардың ұлттық мәдениетті дамытудағы рөлі . . . 7
1. 2 М. Әуезовтың шығармашылық әлемі мен қазақ тарихы үшін зерделенбеген заманауи көзқарастарындағы ерекшелікте . . . 15
2 Ұлт пен мәдениет жанашыры М. Әуезов еңбектерінің қазақ тарихындағы орны
2. 1 М. Әуезов шығармашылығындағы ұлттық рең мен мәдени дүниетанымдық мәселелердегі жаңашылдық идеясы . . . 30
2. 2 М. Әуезовтың рухани философиялық мұрасының қазақ қоғамы шін маңызы . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 62
КІРІСПЕ
Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі таңдағы діни-философиялық жаңаша бағыттырдың жетіліп дамуы, қазақ қоғамы үшін рухани діңгегінің бастауларынан әрқашан алыстап кетпеуге жол ашып көрсетеді. Қоғамның диалектикалык даму үрдісінде біршама филосфиялық аса жылдам қарқынмен даму үрдісі белең алып отыр. Кешегі кеңестік кезеңде философия бұл тек сырт әлемге жұмбақ, қоғамды барлық тұсынан тұмшалап алған бір идеологияның негізінде саясат шоқпарына айналған еді. Осы орайда ұлттық негіздердегі философиямыз апориялық жағдайды басынан өткеріп келген болатын. Ол апориялық процесстердің пердесін тек егемендік алған тұста ғана сырып тастап еркін ұлттық философияға ден қойған болатынбыз. Философияның мәңгілігінің себебі адамзаттың ақыл-ойының мәңгі жасайтынына сену, осы тұрғыда қаншама философиялық пікірлер негізделген болатын. Қазақ филосфиясының көркемдік стилінің көрінбей тұрған тұстарда, ұлттық негіздегі философиялық ойлар айтылмай қалды десек қателесеміз. Осы тұста ұлттық негіздерді басты назарына алып, қаншама апориялық кезеңде тіршілік етіп жатсада, адамзаттың игілігіне жұмыс атқарып, ұлтының рухының асқақтауына ықпал етіп, аншама туындыларды қалам күшімен, аққағазға түсірген дарындар әр халықта бар. Сондай дара әрі даналық кемеңгерлікке көтерілген қазақ ұлтының ардақты ұлы, салмақты шығармалар қалдырған мол мұраның иесі Мұхтар Омарханұлы Әуезов болатын. М. Әуезотың дүниетанымынының басты ерекшелігі ұлтының тыныс-тіршілігімен біте қайнасып жатқандығы еді. Кеінде қазақ даласында кемеңгер болған хакім Абайды әлемге танытуға ықпал еткен дарабоз дарын еді. Қазақстан 2011жылы «Ислам конференциясы» елдеріне басшылық жасау барысында, өзінің рухани құндылықтар әлемін басты назарға алып отырғандығын еліміз нақтыы іс-әрекеттерімен дәлелдеп келеді. Жағандану үрдісінің жағымсыз әрекеттеріне қарсы күрес мәелелері осы төңіректе күн тәртібіне қойылған шақтарда Әуезовтың еңбектері мен философиялық ойларынан аттап кете алмаймыз. М. Әуезов «Адамзаттың Әуезовы» деген атқа лайық екендігін мойындаған абзал. Әлемдегі қаншама елдер отаршыл саясатқа арсы санасы сілкініп, қарсылық алаңына топтасып жатқанда, кешегі Әуезовтың шынықтың шырайын келтіріп жазған шығармалары қай халықтың болмасын арманына айналған болар еді. Әуезовтың дүниетанымы ұлтының жарқын болашағына сенген, әрқашан әр халық еркін егемен ел болғанда ғана өзін бақытты сезінуіне болады деп тұжырым жасаған дүниетаным еді. Әуезов өзінің «Абай» пьессасы арқылы Абайдың аузына өзінің сөзін салып былай деген еді, «Мен сол күнді көрмеспін, сәлем деңдер сол сәулетті күнге! Егемендік келеді, халқым өседі. Бүгінгідей адам болмайды, білімді салауатты ел болады. Қазақты дүние таниды»-дейді. [1] . Бұл Әуезов дүниетанымының кемеңгерлі, көрегенділігі еді. Араға қаншама жылдар салып тұғырлы тәуелсіздікте келді. Тәуелсіз елдің тұңыш президенті былай деген еді: «Фирдоси мен Гомер, Гете мен Балзак, Шекспир мен Толстойсияқты, біздің Әуезовіміз де бүкіл адамзаттың Әуезовіне айналып отыр» [2] -деп көрегенділік танытып көшелі сөз айтқан еді. Егемендік алған тұста біз атақты Әуезовтің дүниетанымындағы ұлтым деп соққан ұлы жүректің ұлттық құндылықтарына тоқталамыз.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіз еліміз ұлттық идеологияны жүргізу барысында кешегі өзінің ұлтым деп өткен, ұлтқа маржан сөздер мен мағыналы-мәнді еңбектер қалдырған тұлғаларының тұғырына жүгініп жатқандығы құптарлық іс. Мұхтар Әуезовтың дүниетанымын зерттеу барысында көптеген кемшіліктер бар, сол кемшіліктердің б бастысы Әуезовті әдебиет саласында зертеулер жетерлік болғанымен, философия саласында зрттеу еңбектері бірен-саран болмаса ол тақырыпқа қалам тартушылар аз. Біздің мақсатымыз осы олқылықтарды орнын аз болсады орнын толтыру мақсатында Әуезов дүниетанымынынң мңыздылығын зерттеп, зерделеуді жөн көрдік. Ең басты жетістік осы дицертациялық жұмысымда заңғар жазушының жандүниесіне үңіліп, тұлғаның философиялық қырын ашудағы ізденістерім. Жазушының өз сөзімен айтқанда, «Асықпай аяңдағанды уақыт көтермейді»-деген екен. Мен ойлаймын Әуезовтің дүниетанымын зерттеуде ертеңгі күннің емес бүгінгі күннің ісі екендігі мойындалып отыр.
Кез келген қоғамның дамуы сол елдің сапалы мамандарына, саналы адамдарына байланысты екендігі мойндалған теория. Осы менің зерттеліп отырған дицертациялық тақырыбым еліміздің қаншама ұлттық негіздегі ғылымына және кез-келген ұлтын сүйем деген әрбір азаматқа пайдасы тиетініне күмәнім жоқ.
Диссертациялық жұмыстың зерттелу деңгейі. М. Әуезовтың дүниетанымына қатысты оны туындыларымен танысып шықпай кез- келген адам қалам сілтей беретін тақырып емес екендігі көрініп тұр. Осы зерттелу барысында Әуезовтың балалықшағындағы елеулі оқиғалар жайлы естеліктерге шолу жасалды, оның мақалалары әне толыққанды туындылары басты назарға алынды. Сондай-ақ 1997жылдан бері қарай шығып келе жатқан Әуезовтің елу томдығы басты назарға алынды. Соңғы уақытта газет беттерінде, интернет желісіндегі пікір алмасулар толықтай қамтылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ философиясының қалыптасу барысы мен тереңде жатқан тамырларын зерттеу барысындағы еңбектерін ой таразысына салып, ғалымдар пікірлерін негізге ала отырып Әуезовтің жандүниесінің ұлт мұраты жолындағы ізденістерінің жемісін, болашақ ұрпақ санасына ұлттық тұрғыда, ешқандай бүкпесіз зерделеп сіңіру мақатын назарға алып отырмыз. Мұхтар Әуезовтің «Адам мен адамды теңестіретін -білім»-деген, қанатты сөзі осы заманның нағыз күнтәртібінен түспейтін сөзі болған. Әлемдік ғылымның ғажайып жетістіктерінің барлығы білім арқылы келіп жатқандығы әмбеге аян. Айта кетуіміз керек әлемді ғылымының қарыштап дамуы арқылы өзіне қаратып отырған батыр самурайлар ұрпағы Жапония сол ғылымның бастауы ұлттық құндылықтарымыз деп біледі екен. Кезінде 19 жасар Мұхтарға «Алаш» азаматтарының ақыл-кеңесімен «Жапония» атты үлкен мақала жаздырған еді. [3] Онда сол халықтың отаршылдарға қарсы батыл күресін бейнелеген еді. Әуезовте сол кезеңде жүріп ұлттық мақсатты бірінші кезекке қойып, халқын ғылым-ілім жолына бастағаны бүгінгі күнге аңыз ақихат болып жеткен. Біздің зерттеудегі басты мақсатымыз жазушының жандүниесін сан қырынан талдап, оның образынан философиялық ой тұжырымын қалыптастыру еді. Жазушыға деген құрметіміз күн дер жылжыған сайын арта түспек. Қазақта керемет сөз бар, «Тау алыстаған сайын, биіктей береді»-деген дана халық сөзі көп нәрсені аңғартады. Басты мақсатымызға жеткеннен кейінгі міндетіміз, тұлғаның философиялық тұжырымдарын қазақ философиясына енгізіп ұлт игілігіне пайдалану болмақ. Жазушының шығармаларын бүгінгі заманға сәйкес, ұлт мұраты үшін пайдалану басты назарға алынған.
Қазақ философиясының әлемдік философияда өз орнын табу мақсатында, жазушының еңбектерін абстрактілі тұрғыда қарап, анализ жасап қолданысқа қолайы ендіріп жұртшылыққа тереңінен таныстыру.
Қазақ философиясындағы Әуезовтің орнын, ғалымдардың зерттегне еңбектерін ой-таразысына сала отырып жүйелі көзқарас қалыптастыру. Жазушының стилінің суреткерлігі мен көркемдігінің жандүниесімен үйлесімділігін тереңінен талдап жаңа қырынан таныту. мәнді ететін міндеттемелерді қарастыру ғылыми жұмыстың алдына қойылған үлкен талап болмақ.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Зерттелу барысында көрнекті ғалымдардың пікірлері ой таразысына салынып, мағыналы тұжырымдар жасалды. Жазушының жандүниесінің ұлтқа қатысты пердесін ашу мақсатындағы зеріттелімде ғылыми әдістер мен практикалық пайымдаулар негіз болды. Соның ішінде: философиялық, тарихи, әлеуметтік, логикалық, жүйелі, құрылымдық талдау, салыстырмалы әдістерді басшылыққы ала отырып зерттеу қолданылды.
Қазіргі қоғам тұрғысына негізделіп жасалынды. Диссертацияда философиялық, тарихи еңбектер, баспасөз материалдары, интернеттік ақпараттар, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің бірнеше халыққа берген жыл сайынғы Жолдаулары, ҚР Үкіметінің бағдарламалары, 1997 жылдан бермен қарай шығарылып келе жатқан 50 томдық мұралар негізге алынып, кеңінен қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Жұмыстың ең басты ғылыми жаңалығы Қазақ философиясына жазушының жандүниесінің жаңа қырынан зерделеніп, философиялық ой тжырымының жаңаша сипаты еді. Міне осы бағытта ғылыми зерттеуде әр түрлi ізденістердің тәсiлдерiн қолдана отырып төмендегiдей негiзгi ғылыми нәтижелерге қол жеткіздік.
- М. Әуезовтің жазушылығының философиямен біте қайнасып жатқандығын нақтылы дәлелдермен көрсетіп бере алдық. Жазушы шығармаларындағы ұлттық реңді қазақ философиясының қайнар бастауларынан сусындаған болашақ үшін аса құнды еңбектерін ұлт мұраты мақсатында әрқашан жаңғырту жолын ұсындық. Жазушы жандүниесін қайта жаңғырту тынымсыз ізденіс жұмыстары ғалымдар ойларымен тұтастықта қарастырылды.
- М. Әуезов дүниетанымындағы ұлттық және мәдениетке қатысты шығармаларын ұлттық негіздерге сәйкес ой таразысына салып, оның заманауи үлгісін жасадық Зерттелген еңбектерді талдай-сараптай отырып, ізденістердің кемшіліктері мен жетістіктеріне көңіл бөле отырып зерттеу жасадық.
Зерттелген дицертация нақтылы дәлелдерге сүйенген философиялық жаңашыл тұжырым деп айтуымызға болады.
Жұмыс құрылымы мен көлемі Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, төрт бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. М. Әуезов дүниетанымы және оның ұлттық негізде даму сипатындағы тарихи, мәдени айшықтары
1. 1 М. Әуезов көзқарасындағы рухани құндылықтар мен философиялық ой-талғамдардың ұлттық мәдениетті дамытудағы рөлі
Замананың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезов жайлы айтар болсақ, Бұған дейінде бұдан кейінде бұл дара тұлға жайлы жазылып жаңа қырлары ашыла беретініне сеніміміз кәміл. Біздің негізгі зерттеу нысанасы етіп алып отырған бағытымыз осы қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Әуезовтың дүниетанымы және оның ерекшеліктерімен, қалыптасу жолдарын түбегейлі тарқатып, ұлтының мәдениеті мен менталитетіне қатысты қырлары көп сырларын зерттеу. Сонымен Мұхтар Әуезов кім болған. Осы сұрақтың төңірегінде емес, ол дара тұлғамыздың даналығы қайдан, даралығы неде деген сұрақтың төңірегіне баса назар аударғанымыз дұрыс болатын секілді. Рухани тұрғыдан алғанда Мұхтармен Абайдың арасында рухани бір байланыс бар, Абай Мұхтардың алты жасында «Әй жарайсың осы әжесінің қарашоңқасынан бірдеңе шығады » [4] -деп бата берген екен. Бір ғана Абайды зерттеймін деп жүрген Әуезов бір ұлттың тарихы мен тамырына бойлаған қайталанбас дара тұлғалардың бірегейі. Егемен еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлының керемет сөзі бар осы қаламгер жайлы « Фердоуси мен Гомер, Гете мен Бальзак, Шекспир мен Толстой сияқты, біздің Әуезовіміз де бүкіл адамзаттың Әуезовіне айналып отыр» [5] -деп көрегенділік жасаған екен. Ендеше бәрін басынан бастап тарқатып Әуезовтың өсу шеңбері мен жазушылық әлеміне шолу жасап өтсек.
Диалектика заңы бойынша даму үрдісі уақыт талабына сәйкес қаншама түрленіп, түлеп заман талабына сай өзгерістерге түсіп отырады. Осыған орай өз заманының алдыңғы қатарлы тұлғалары мен ойшылдары сол заманның кемшіліктерін көріп, болашақты баянды ету мақсатында қаншама ой еңбектерін қалдырып халық игілігі үшін қызмет жасайды. Талай-талай тұлғалар өз дәуірінің алдыңғы қатарда болуы үшін еңбек еткенін тарихтан жақсы білеміз. Әр халықтың өзінің ұландары болады, олардың мақсаты өз халқының әрқашан жарқын болашағын кемелдендіру. Әлемнің алдыңғы қатарлы өркениет көшінің басында тұрған елдерге шолу жасап қарайтын болсақ, барлығының сол халықтың бағына туған ұлдары болған. Атап айтар болсақ қазіргі неміс халқын құныттылыққа үйретіп, қараңғылықтан жарыққа сүйреген дара тұлғаларының бірі И. Кантты айтуға болады, әрине ол немістің классикалық философиясының басында тұрғанымен ғана ерекшеленбейді, ол өз халқын өзгелерден көш ілгері жылжыту мақсатында жасаған еңбегі мен де дара тұрмайды, ол адамзаттың айтарлықтай ауыр мәселелерімен айналысқаны үшін, және сол айналысқан ғылымын өз халқының бойына дарыта білгені үшін жеке тұлға болып тарихта қалған. Соның нәтижесінде ғана оны өз халқы қатты құрметтеген, және құрметтей бермек. Тарихта талай сөз маржанын жалындатып халықты өзіне қаратып ұрпаққа қаншама сөз қалдырған тұлғалар болған. Солардың бірі емес, бірегейі болған Цицерон шешенді айтуымызға болады. Ол барлық адамзаттың болмысына сыятын сөздер қалдырған. Сөзіміздің басында айтып кеттік әр халықта тұлғалар болады деп біздің халықта ондай тұлғаларға кенде болмаған. Біздің халықтың дара тұлғасының бірегейі дара тұлға Мұхтар Омарханұлы Әуезов жайлы айтпақшымыз.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов Семей уезі Шыңғыс болысында сол болысқа қарасты Бөрілі қыстауы маңындағы Аяққараған маңында жарық дүние есігін ашқан екен. Мұхтар өзінің әкесі Омарханның төрт қыздан кейін зарығада, сағына күткен ат жалын ұстайтын, ер деген атқа лайық шаңырақ иесі болып қалатын ұлы еді. Сонымен қатар Әуез атасының ұлдан болған тұңғыш немересі болғаны үшінде әулетке үлкен қуаныш сыйлай келген еді. [6] Көпшілік болып тілек тілеп Мұхтарға ақбаталарын жаудырып жатты. Осы орайда айта кетуіміз керек атақты ақынымыз Мұхтар Шахановтың «Ел тілегінің күші» деген өлеңінде былай келтірген екен! Баяғыда бір бай болыпты. Оның барлық төрт түлігі сай, барлық жағынан бар екен бірақ бір өкініштісі оның көңлі жай болмапты. Өйткені оның сол мал-мүлікке ие боларлық мұрагері болмапты. Бай бір сөзбен айтқанда перзентке зар болыпты. Күндер өтеді, айлар өтеді, жылдар өтеді, перзент күтеді бірақ перзенттен хабар жоқ. Шыдамы таусылып, санасы мүжілген бай болмаған соң қасиетті деп саналатын халық болып тілек тілейтін биік төбеге барып, тілек тілеген көрінеді. Уа тәңірім маған барлық дүниені үйіп төгіп бердің, бірақ барлығы да бір перзенттің маңдайынан искеген сәтке
татымайды екен, тым болмаса өмірден армансыз өтейін, үш күндік ғұмыры бар бала болсада маған сыйлай көрші деп жалынған екен.
Сол сәтте ғаламат дауыс естіліп жарайды тілеуіңді қабыл алдым, бірақ балаңның ғұмыры үш күн болады деген екен. Бай осығанда шүкіршілік деп кері қайтады. Тілек қабыл болды өмірге перзент келді, өкініштісі ғұмыры үш күн. Байдың әулеті мәре-сәре болып жатыр. Тек бай үш күннен соң перзентінің жоқ боларын елестеткенде өзегі өртенеді, ары ойлап, бері ойлап халықты жинап ас беруге шешім шығарады. Байлықты шаша отырып үлкен ас беріледі, барлық халық риза барлығыда бай баласына ұзақ ғұмыр тілейді. Бай үш күн өткенше тек перзентінің қасында болады, уақытта жетеді, бірақ бала тірі, бай қуанады, бірақ алаңдауы басылар емес, осылай күндер сырғып ай толады, бірақ бала тірі бай шыдай алмай баяғы төбеге барады, былай дейді Уа тәңірім мен үшкүндік ғұмыры бар бала сұраған тілеуімді бердің, мұныңа ризамын, бірақ менің балам тірі қуанышымда шек жоқ, бірақ баламнан айырылып қалам ба деген уайымнның жетегінде келемін дейді бай, Осы сәтте тағыда ғаламат дауыс естіліп байға жауап қатады. Сенің балаңның ғұмырын үшкүндік деп жаздық бірақ сен шын ниетіңмен халқыңды жинап ас беріп, көптің тілеуін балаңа бағыштаттың осының арқасында сенің балаң өмір сүре беретін болады деген екен. Байдың қуанышында шек болмапты [7] . Әрине бұл жерде айтпағым көпшілік болып тілек тілеген ниеттердің қабыл болуы. Қазақта сөз бар «қырықтың бірі қыдыр, мыңның бірі уәли»-деген. Біздің жұмысымызға арқау болатын Мұхтар Әуезовкеде осылай көпшілік жамағат тілек тілеген екен. Мұхтар Әуезовтың тегіне аздап тоқталып өтсек. Бабасы Бердіқожа Әбдіқожаұлының Қ. А, Ясаудің туған шөбересі Бақсайыс шейхпен туысқандық байланыстығы бар. Мұхтар негізі қожа тегінен тарайды. Нағашы жұрты жер жәннаты Жетісулықтар. Өзінің жұбайы Валентина Николайевнаның естеліктеріне сүйенсек, Мұхтардың туған анасы Нұржамал Алматы маңындағы Байсерке топырағында туылған екен. Анасы Нұржамалдың әкесі Әбсәмет Құнанбайдың жиен ұрпағы болып келеді. Абайдың ұлы Әбіш Верныйде емделіп жатқанда қарасатын туыстары осылар. Әбіштің өзі айтқандай
Әбсәмет жиенің,
Ол-сенің біреуің,
Достығын достықпен
Өтемек-тілеуім
деп туыстығын көрсеткен. [8] . Жалпы нақтырақ болғанда Омархан мен Нұржамалдың бір біріне бөлелік жақындығы бар. Құнанбай болыстың төртінші әйелі болып келетін Нұрғаным Әуездің туған қарындасы болып келеді. Абай ауылымен жақсы қарым қатынаста болғандықтан, Мұхтарды Дінәсіл әжесі «Қоңыр қозым» деп еркелеткен. Мұхтардың сауатын ашып, бала кезден Абайдың өлеңдерін құлағына құйып өсірген атасы Әуез екен.
Әуезов танушылардың басым көпшілігі оның керемет кемеңгер болуын Абай ауылының топырағын басып, даналықты құлағына жастайынан құя білгендігімен байланыстырады. Айтса айтқандай сол кезде Абай ауылы ыстық нүкте болып қалыптасқан үлкен ауыл еді. Үлкен ауылдың мәселелеріде үлкен болатыны айтпасада түсінікті. Алайда «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім»[9] -деп білген жазушыдан оның әрқашан еңбектенгенін ізденісте болғанын аңғарамыз. Бала Мұхтардың сауат ашу жолы сол кездегі Камаллиддин медресесінен басталады ары қарай бес кластық орыс училищесінде, одан әрі қарай Семей қалалық семинариясында жалғасқан.
Сол кезеңдегі сапалы білім беретін оқу орны болып саналған, ордада қоғам өмірімен айналыса бастаған. Сол кезеңде Алаш орда үкіметімен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты бүкіл қазақстандық ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, Жүсіпбек Аймауытовпен біріге «Абай» ғылыми көпшілік журналының шығуына да атсалысып жүрген. Кеңес үкіметі Семейде орнағаннан бастап жергілікті билік орнында жауапты қызметтер атқарған. Сонымен қатар «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болыпта жүрген. Мұхтар Әуезовке пікір білдірген тұлғалар ішінде археолг-ғалым Әлкей Марғұлан былай деген екен «Шоқаннан кейінгі қазақ халқынан аса білімді, аса зиялы, аса сезгіш, аса ойшыл кісі Мұхтар деуге болады. Мұхаң дүние тану жағынан, ой-сезімінің парасаттылығынан ешкімге жеткізетін кісі емес » [10] .
Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың атақты жазушысы, қоғам қайраткері болған, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі болған, филология ғылымының тұңғыш докторы болған, профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері болып дүниеден өткен дарабоз тұлға еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz