Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ӘД-001/026

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті

Дінтану және теология кафедрасы

ҚАЗІРГІ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ ҚОЗҒАЛЫСТАР ПӘНІНЕН

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

Түркістан 2013

Ф-ӘД-001/026

Лекциялар жинағы «Дінтану және теология» кафедрасының «_26__» 08 2013 ж. мәжілісінде талқыланды № 1 хаттама.

Кафедра меңгерушісі, доцент Қ. Қаратышқанова

Құрастырған пән оқытушысы С. Оразбай

Лекциялар жинағы факультеттің «27» 08 . 2013 ж. (хаттама № 1 ) ОӘК де қаралып, мақұлданды.

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п. ғ. к., доцент Ү. Мелдебекова

Лекциялар жинағы теология мамандығының типтік оқу жоспары және пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Ф-ӘД-001/026

1. Лекция тақырыбы : Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәні

2. Лекция жоспары:

1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәні мақсаты мен міндеті

2. Пән терминологиясы.

3. Лекция мақсаты: курстың қарастыратын тақырыбы, ерекшелігі

және терминологиясын түсіндіру.

4. Лекция мазмұны:

1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәні мақсаты мен міндеті.

Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар пәнінің қарастыратын саласы дін. Дін -адамзат тарихымен қатар жасап келе жатқан және бүкіл әлемге ортақ құндылық. Дінсіз адам және мемлекет болса да, бірақта дінсіз халықта қоғамда болмайтындығын тарих дәлелдеп отыр. Адам баласына діннің не екендігін танып білу рухани-мәдени қажеттлік, сонымен қатар дінтанушы мамандарға дін туралы білім өз кәсіби саласында қажет. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар және ғибадаттар пән қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес қоғалыстардың пайда болуының себептерін, ілімдерінің ерекшелігін, өзіндік ғұрыптық рәсімдерін, таралу географиясын, миссионерлік әрекеттерін, дәстүрлі діндермен арақатынасын, мәселеге қатысты түрлі концепцияларды қарастырады.

Дінтануда дәстүрден тыс діндердің пайда болуын әлеуметтік саяси өзгерістермен, демографиялы қозғалыстармен және де дәстүрлі діндердің ықпалының әлсіреуімен байланыстырады. Жаңа діни қозғалыстар өздерінің діни ілімдерінің мазмұнына, діни рәсімдерінің атқарылуына қарай жаңа христиандық, жаңа шығыстық, жаңа бағдарламалық, жаңа пұтка табынушылық болып бөлінеді. Дәстүрден тыс діндер ілімінің ұйымдастыру жүйелерімен де ерекшеленеді.

Бұл діндерде дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптары мойындалғанымен қоса осы діндерді құрушылардың еңбектері де қасиетті деп құрметтеледі. Жаңа діндердің негізін салушылар құтқарушылар, пайғамбарлар, тірі құдайлар ретінде қабылданып, түсіндіріледі. Дәстүрден тыс діндердің ілімі мен практикасы синкреттілікпен ж/е дүниежүзілік діндердің көптеген қағидаларын ұстанулығымен ерекшеленеді. Көптеген дәстүрден тыс діндерде қатал басқару жүйесі бар, дінге қабылдауда да қатал талаптар қойып, арнайы храмдарда өткізіледі. Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік қызметімен де ерекшеленеді. Бұл діндердің әлеуметтік бағдарламасы түрлі уағыздаудан бастап күнахар әлемнен толық бөлініп шығу, экономикалық өмір мен қоғамдық қатынастарға белсенді араласу.

Пәннің мақсаты Қазақстанда дінтанушы мамандар дайындаумен байланысты студенттерге дін ілімі саласында білімі мен дүниетанымдық козқарасын, құндылыктарға бағдарын қалыптастыру. Пәннің міндеттері студенттерге құпия ілімдер туралы білімдегі қазіргі заман талабына сай оқыту, адам табиғаты мен әлем заңдарының үндестігін діннің ролі мен мазмұнын, мәдени феномен ретінде ұғынуға баулу, діни феноменді сараптауда бүкіләлемдік шартты бірлігін жеткізу дін проблемалары жөніндегі әртурлі көзқарастарға терең бойлау, әртүрлі діни өрістер мен оның институттарының қызметіне сараптама жасау.

2. Пән терминологиясы.

Пән терминологиясының да ерекшелігі бар, олардың мағынасын, қолданылуын білу маңызды. Сондықтан да терминдерді жеке қарастырамыз.

Біріншіден дәстүрлі және дәстүрлі емес терминінің мағынасын қарастыралық. Дәстүрлі дін- халықтың тарихи- мәдени дамуында қалыптасқан ұлттық құндылықтарын, қағида, салт дәстүрлерін өз ілімдері тұрғысынан қабылдап, оларға қарсы келмейді. Ал дәстүрлі емес діндер қоғамда тарихи-мәдени тұрғыда қалыптасқан құндылықтарды, салт-дәстүрлерді танымайтын, оны жоққа шығаратын үлкен діндерден бөлініп шыққан жаңадан пайда болған діни ағым.

Дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діндер) - соңғы кездерде пайда болған, шығу тегінен ұлттық немесе әлемдік діндерден бөлініп шыққан, бірақ қайнарынан байланысын үзген, өзіндік ерекшелік пен әмбебептыққа ұмтылатын жаңадан шығып жатқан діни сенімдер. Олар әлеуметтік тұрғыда діни секта деп аталады. Құқықта секта термині қолданылмайды сондықтан ғылыми әдебиеттерде бұл термин көп кездесе бермейді.

Діни секта термині дінтануда дәстүрлі емес діни қозғалыс, әлеуметтік мағынада қолданылса, ал құқықтануда бұл термин діни ұйым ретінде қабылданады, заңнамада секта терминін қабылданбайды. Діни ағым мен діни сектаның айырмасын бар, діни ағым - діннің белгілі бір қағидаларын басқаша түсіндіретін көзқарастағы түсінік, ол діннің негізгі іргелі постулаттарына қарсы келмей, сол діннің кеңістігінен шықпайды, ал дін негіздерін түбегейлі өзгеріске түсіріп басқаша қабылдаса, онда ол діни сектаға айналады, яғни діннен бөлініп жаңадан қалыптасады.

Секта-өзіндік діни ілім мен ғұрыпқа ие діни ұйым. Ол өзі ұстанған жолдың дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Сектаға тән нәрсе-өздерінің Құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау, дәстүрлі қоғамдық құндылықтар мен ұллтық ерекшеліктеге мән бермеу, келісімге келмеу және миссионерлікпен белсенді айналысу.

Курста жалпы ғылыми және дінтанулық зерттеу әдіс тәсілдері қолданылады. Курс материалын түсіндіру конфессиялық дінтану позициясы тұрғысынан жүргізіледі.

Қорыта айтқанда пәннің оқытылуы бүгінгі күн талабынан туындап отыр, қазіргі қоғамдағы діни секта феномені туралы ғылыми білім дінтанушы мамандардың кәсіби іс-әрекет саласында маңызды.

5. Бақылау сұрақтары:

1. Дәстүрлі емес діндер пәнінің қарастыратын саласы

2. Курстың мақсаты мен міндеті

3. Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің айырмашылығы

4. Діни секта терминінің мағынасы

5. Діни ағым мен діни сектаның айырмашылығы

6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: Пән әдебиеттері мен интернет материалдарына шолу

7. Әдебиеттер:

1. Балагушкин, Е. Г. Нетрадиционные религии в современной России: морфологический анализ. -Ч. 1. -М. : ИФРАН, 1999

2. Баркер А. Новые религиозные движения. СПб. : РХИ, 1997

3. История религии. В 2 т. Т. 2. / Под ред. И. Н. Яблокова. -М. : Высшая школа, 2002

4. Новые религиозные культы, движения и организации в России (2-е изд., дополн. и перераб. ) . -М. : Из-во РАГС, 1998

5. Ткачева А. А. «Новые религии» Востока. -М. Наука, 1991

6. «Религиоведение» Энциклопедический словарь. -М. 2006

7. Артьемов А. И. Дінтану. -А. 2008

8. Трофимов Я. Ф. Религия в Казахстане. А., 1997

9. Новые религиозные организации России деструктивного и оккультного характера: Справочник/ РПЦ. Белгород, 1997.

10. Кантров И. Я. Новые религиозные движения. - М. : Изд-во МГУ, 2006

11. Қазіргі Қазақстандағы жаңа діни ағымдар. / Ж. Байтенова редакторлығымен / А., 2010

12. Основы религиоведение. Яблоков. И. Н. Выс. школа. М., 1994.

13. Кислюк. К. В. Кучер. О. Н Религиоведение. Феникс. Ростов на - Дону., 2003.

14. Тихонравов. Ю. В. Религии мира: Учеб. -справ. пособие. -М., 1996.

Web сайттар:

  1. http:// www. relіgіovedenіe. ru
  2. http:// www. relіgіo. ru.
  3. http:// www. relіgіon. ng. ru
  4. http:// www. antisekta. kz
  5. http:// www. din. gov. kz

1. Лекция тақырыбы : Дәстүрлі емес діндарлық құбылысы ұғымы және оның мәнін анықтау мәселесі

2. Лекция жоспары:

1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың пайда болуының шарттары

2. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың дүниеге қатысты түсініктері

3. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың психотехникалық әдістері

3. Лекция мақсаты: Дәстүрлі емес ліни қозғалыстар мен ғибадаттардың пайда болуына ықпал етуші факторлары мен психотехникалық тәсілдерін түсіндіру

4. Лекция мазмұны:

1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың пайда болуының шарттары.

Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар XVІІ-XX ғ. ғ пайда болған және қазірде пайда болуда, олардың санының қанша екені анық емес, шамамен әлемде 150-200 млн адам діни секталар мүшесі. Діни секталардың көпшілігі батыс қоғамынан шығуда, олардың пайда болуының шарттары да күрделі, қоғамдағы саяси-әлеуметтік немесе дүниетанымдық процестермен қатар, оның шығу себептеріне ғаламдық деңгейдегі экономикалық, демографиялық, әлеуметтік проблемалардың зардаптары( наркомандық, спид, халық-қ қылмыс, коррупция және т. б ) және күнде өзгеріп жатқан әлемдегі әр бір нәрсеге кейбір дәстүрлі діндердің дер кезінде жауап бере алмауы, діни догмаға шырмалуы секілді факторлардың әсері де айрықша. Дәстүрлі емес діни қозғалстардың пайда болуының себептеріне ғалымдар батыс қоғамындағы өзгерістерді жатқызады. Осы факторларды бөліп қарастыралық:

-дәстүрлі діндердің қазіргі заманның өткір мәселелеріне айқын жауап бере алмауы себепті, олардың қоғамдағы беделінің түсуі;

-ғылым мен техниканың дамуы, адамның жаңа мүмкіндіктерінің ашылуы және ғылым алдында жаңа проблемалардың тұруы;

-адамзаттың мәңгілік сұрақтарының шешілмеуі ( өмірдің мән-мағынасы, өлім және т. б ) . Бұл жерде қазіргі материалистік дүниетанымның салдары айтылуда;

-қарқынды дамудағы халықтар мен елдер арасындағы, саяси-мәдени байланыстар, ақпараттар алмасумен оның жылдам жетуі, БАҚ, интернет жүйесі. Адамның осы ақпаратты, түсінікті жүйелі қабылдап қорыта алмауы, оған уақытының жетіспеуі;

-өмірдің барлық саласының коммерцияға айналуы, барлық нәрсе сатылады және сатып алуға болады деген түсініктің белең алуы;

-қоғамдағы әлеуметтік, саяси, демографиялық және т. б проблемалардың дер кезінде шешілмеуі;

-мемлекет пен қоғамдағы парақорлық пен бюрократия;

- білім беру саласында дін туралы ғылыми білімнің дұрыс жолға қойылмауы;

-рухани жұтаңдық, адамның өміріне рухани тірек таппауы.

Осындай факторлар дәстүрлі емес діни қозғалыстардың пайда болуының негізгі себептері.

Діни секталардың мүшелері көбіне қалыпты әлеуметтік тіршілігін бұзған адамдар, яғни мығым рухани бағдар таба алмауы немесе оны жоғалтуы.

Сонымен діни секталар дәстүрлі діндерден бөлінуден және дүниетанымдық ізденістерден пайда болады.

2. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың дүниеге қатысты түсініктері

Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың дүниеге қатысты түсініктері ұқсас келеді. Бұл қозғалыстардың негізін салушылар абсолютті ақиқатты таныған адам ретінде қабылданып, ол пайғамбар, данышпан тіпті тірі құдай депте саналады. Діни сектаның негізін қалаушы шәкірттеріне ( жолын ұстанушылар ) белгілі бір ақиқатты танытады, барлығының құтылатынына кепілдік береді егер оның көрсеткен жолымен жүрген жағдайда. Құтылушылық білімді игеру діни секта мүшелерін танылмаған әулие, әлемнің шынай элитасы етіп көрсетеді.

Өткен, бүгін және келешекке қатысты тұжырымдарынан дүние түсініктерін негіздейді. Діни секталар дүниетанымдық негіздерін “өткен уақыт қателік, азап пен адасу дәуірі, тарихққа мұндай баға беруді жаңа ілімнің шығуы ақтайды, өйткені жаңа ілім -ұлы ақиқат, онда бұрынғы заман үлкен қателік адасу дәуірі, қазіргі заман өтпелі кезең ретінде қарастырылып, енді ақиқат ашылды, бірақ әлі толық жеңіске жеткен жоқ, зұлымдық пен ізгілік арасында бітіспес күрес жүруде түбінде біз жеңеміз, өздерінің тапқан ақиқаттары жеңіп, дүние жақын арада түбірімен өзгереді, сенбегендер жойылып, сенгендер құтылып жаңарған әлемнің жаңа тұрғындары болады”-деп түсіндіреді.

Әрбір діни сектаның дүниетанымдық принциптерін кейінгі лекцияларда арнайы қарастырамыз, сондықтан оларға тоқталмаймыз.

3. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың психотехникалық әдістері мен тәсілдері.

Дәстүрлі емес діни қозғалыстың зиянды екенін анықтаудың басты өлшемдерінің бірі сектада психологиялық мәжбүрлеудің болуы. Зайырлы мемлекеттердің барлығында адамның діни сенім бостандығына заңмен кепілдік берілген, сондықтанда барлық діни секталарды зиянды деп қарастыру дұрыс па деген сұрақ туындайды. . Бұл жерде мәселенің екі жағы бар, заңға қарсы келмейтін кез келген діни ұйым өмір сүруге құқылы, екінші жағынан қоғамның басым көпшілігінің дәстүрлі дүниетанымы мен діни сенімі тұрғысынан жаңа діни ағымдардың қоғамға еш пайдасы жоқ, олар ұлттық болмысымызды бұзушы деген түсінік. Бірінші көзқарас бойынша діни секталардың әрекеттері заң шеңберінен шықпаса болды, бұл мәселеге тек заң тұрғысынан келу.

Екінші көзқарас бойынша дәстүрлі діни сенімімізге жат кез келген жаңа діни ағым зиянды деген түсінік.

Ресей ғалымы Волков Е. Н. “ Жеке адам немес топтың біреудің ерікті және саналы келісімінсіз сананысын бақылау үшін психологиялық күштеу қолдануы туралы сараптамалық-анықтамалық ақпарат ” -атты кітабында діни секталардың зияндығын анықтаудың өлшем белгілерін көрсетеді. Онда негізгі өлшем психологиялық күштеу екендігі айтылады.

Сонымен дәстүрлі емес дін қозғалыстардың зияндығы олардың әрекеттерінде психологиялық күштеудің барлығына байланысты төмендегідей анықталады:

1. Көсемдік сипаты:

- харизматикалық көсемдікке ұмтылыс: құдайлық немесе ерекше даналықты жариялау, оның билігіне мойынсұну;

- басшылыққа мүлтіксіз бағыныштылық: басшының ілімдеріне өзгеріс енгізсе, ізіне ерушілердің де көзқарастарын соған бейімдеуі, сөйтіп көсемдеріне адалдығын көрсетуі;

- міндетті түрде көсемге еліктеу;

- көсемнің өткен өмірін анықтайтын құжаттың болуы ( өткен өміріндегі қылмыстары туралы мәлімет ) ;

- кері байланысқа ашықтықтың болуы, көсем билігін тежеу мен қарсы тұру тетіктерінің жоқтығы;

2. Доктриналарының сипаты мен құрылымы:

- өздеріне арналған ішкі доктринаның және сыртқа көрініс үшін арналған доктриналардың болуы;

- сенім негіздерінде мақсатқа кез келген жолмен жетуге болады деген түсініктің болуы;

- ізгілік үшін аморалдық әрекеттерді қолдау, біз және басқалар деген жікшілдікке апаратын дүниетанымды енгізу;

- сектаның сенімі абсолютті ақиқат, сондықтан дүниелік заңнан жоғары, бізге мүше адам тылсым күш пен ерекше құрметке ие деген сенім;

3. Сектаға мүшелікті құру мен қолдаудың сипаты:

- түрлі әдіс- тәсілдерді қамтитын белсенді және пассивті алдау мен арбау, мақсаттарын жасырып психотехникалық әдістерді пайдалана отырып үгіт-насихат жүргізу;

- манипулация қолдану: құпиялық және элитарлық ахуал туғызу, ритуалдық рәсімдер өткізу, адамның басқалардан ерекшемін деген сезімін оятуы, қорқыныш пен кінәлік сезімдерді манипуляциялау;

- сананы бақылау техникаларын қолдану: адамда сезімдік жоғарылау мен төмендеу,

жаттану (адамның отбасы, достар және қоғамнан бөлінуі ), құндылықтарын өзгертіп сектаның жаңа “отбасы” құндылығын енгізуі, адам психикасында өзгерістердің болуы;

  • сезімді ойдан жоғары қою (эмоция, инстинктілік түйсік, интуицияны қолдап, рационалды ой қорытуға мән бермеу ), секта басшыларының қарапайым мүшелердың сезімдерін үнемі манипуляциялауы;

- сектаға кірген адамның өткенмен байланысын үзуі( отбасы, достары, мақсаты, мүдде),

өмірлік бағыт бағдардың өзгеруі;

- сыни ойлау, ақылға салу ақыл парасатты үнемі жоққа шығару, олар адамды шатастырады деп сезімді жоғарылату;

- адамды психологиялық оқшаулықта ұстау, оның сектадан еркін шығуына түрлі қорқыныш сезімдерін сіңіру арқылы жол бермеу;

- дүниені екіге бөліп қарау көзқарасын ( поляризация ) енгізу, яғни біз-жақсымыз, ал әлем-жаман деген;

- секта мүшелерін ашық немесе жасырын тәуелді ету ( психологиялық, қаржылай және т. б. ) және оларды қанау;

- секта мүшелерінің сұрақ қоюына мүмкіншілік бермеуі, бергеннің өзінде толық дәл жауап ала алмауы;

Осындай өлшемдер арқылы діни секталардың зиянды екенін анықталады.

Зерттеуші Е. Н. Волков кейбір дәстүрлі емес діни қозғалыстардың түрлі психотехникалық әдістер арқылы адам санасын бақылауда ұстайтындығын жазады. Соларды жеке қарастырамыз:

Ойды бақылаудың шарттары.

Маргерет Т. Сингердің үлгісі бойынша сананы бақылаудың алты шарты бар.

1. Адамның уақытын бақылауға алу, әсіресе оның ойлау кезін.

2. Сектаға жаңадан кірген адамда бейшаралық сезім қалыптастыру, өздеріне тиімді жолға салу.

3. Секта мүшесін бұрынғы әлеуметтік қалпын өзгерту мақсатында оның санасына сый беру және жазалау арқылы ықпал ету.

4. Басшылыққа тиімді әрекет жасау үшін секта мүшесін сыйлық пен жаза әдістерімен шатастыру.

5. Қатаң бақыланатын жүйе жасау, яғни адам топ мүшелерінің көзқарасынан ауытқыса, оның қалыпты қағиданы бұзушы ретінде өзін кінәлі сезіндіру.

6. Секта мүшелерін болып жатқан нәрселерге есеп бере алмайтын жағдайда ұстау.

Сананы бақылау техникалары.

1. Топтық қысым көрсету немесе сүйіспеншілік көрсету- адамның күдіктенуіне жол бермеу, жаңа мүшені ерекше ілтипатпен қарсы алу, оны бір мезетте жалғыз қалдырмау, тәжірибелі адамдардың жаңа мүшенің қасында үнемі болуы, оны үйретуі.

2. Оқшаулау- жаңа мүшенің секта туралы мәліметін тексеруіне мүмкіндік бермеу.

3. Ойлауды тежейтін техникалар- жаңа мүшені медитацияға кіргізу, бір әуезді ән айту және қайталанатын қимылдар, оларды көп жасағанда адамда жоғарғы берілгендік пайда болады.

4. Қорқыныш пен кінәлік- ашық немее жасырын сес көрсету арқылы адамда қорқыныш пен кінәлік сезімдерін ояту.

5. Ұйқыдан бас тарту- рухани жаттығу үшін деп аз ұйықтау.

6. Қалыпты тамақтануды бұзу- денсаулықты жақсарту және рухани жетілу үшін арнайы диета немесе арнайы рәсім деп түсіндіріледі.

7. Сезімдік қайта күштеу- жаңа доктринаны қабылдауға күштейді, оған өте көп ақпаратты игеруіне аз уақыт береді және сыни ойлауын шектейді.

Сананы бағындырып бақылау жүргізудің үш кезеңі.

Сананы бағындырып бақылау жүргізудің үш кезеңі төмендегідей сипаттармен ерекшеленеді

1. Тоқтату ( растормаживание, психологиялық тежеу, адамды психологиялық шашыраңқылыққа әкелу және сананың бейберекетсіздігі) .

- қате бағыт бағдар беру ( дезориентация ) ;

- сезімге күш түсіру ( сенсорная депривация или перегрузка) ;

- физиологиялық манипуляция яғни тыныш ұйықтауға, жалғыз қалуға, қалыпты тамақтануға мүмкіншілік бермеу, бұл физиологиялық және психикалық өзгерістерге алып келуі мүмкін;

- гипноз жасау, ол үшін түрлі бір әуенді ән, екі мағыналы сөз, медитация, дұға ету және т. б әдістер қолданылады;

- жаңа мүшеге өзінің бірегейлігін( самоидентификация) анықтауды мәжбүрлейді;

2. Өзгерту:

- адамда жаңа бірегейлік жасау;

- іс-әрекетті түрлендірудің техникаларын қолдану ( сый-жаза, ойлауды тоқтату тезхникасы, ортаны бақылау) ;

- мистикалық манипулация ( оқиғалар мен жағдайларға басшылыр мүддесіне сай мән мағына беру) ;

- гипноз қолдану;

- күнәдан арылу мен жасырын мәлімет алуды қолдану;

3. Енгізу ( замораживание, консервация новых стреотипов) .

-адамның ескі бірегейліктен бас тартып жаңаға көшуі ( өткеннен ажырау, жеке мүлкін сектаға өткізу, басқа сектанттар мен жақындасу) ;

-жаңа есім, жаңа тіл, жаңа отбасы;

- жаңа ролдегі міндеттерді атқару: таныс жүйесі;

-санаға ықпал етудің(индоктринация) жалғасуы ( семинарлар, оқу, топтық

қағидаларды игеру) ;

Санаға бақылау жүргізу төрт негізгі салада іске асырылады:

1. Жүріс- тұрысты бақылау (контроль поведение)

2. Ақпаратты бақылау (контроль информации)

3. Ойды бақылау ( контроль мышление)

4. Сезімді бақылау (контроль чувств, эмоций)

1. Жүріс-тұрысты бақылау

- Адамның жеке өмірін реттеу ( қайда және кіммен тұратыны, киетін киімі,

тамағы, шашының прическасы, қанша ұйықтау керектігі және қаржылық

кіріптарлық) .

- Сананы улау мен топтық рәсімдерге көп уақыттың бөлінуі.

- Сый беру және жазалау.

- Қатаң қағида мен ереже.

- Жеке даралықтың жойылуы, орнына топтық ойдың белең алуы.

- Бағыну мен тәуелділікке бейімділік.

2. Ақпаратты бақылау:

Ақпаратты бақылау төмендегідей іске асырылады.

1. Алдау арбауды қолдану (ақпаратты әдейі жасыру, ақпаратты теріс жеткізу,

өтірікті айту) .

2. Секта мүшелерінің басқа көздерден ақпарат алуын мүмкіндігінше шектеу

немесе міндеттер жүктеп олардың ойлануына мұрша бермеу.

3. Сыртқы ақпаратты өз мақсаттарына бұрмалау, секта басшысының ақпаратты

реттеп отыруы.

4. Секта мүшелерінің бір бірін аңдуына қолдау көрсетуі.

5. Сектаның өз ақпараты мен үгіт насихатын кеңінен қолдану ( журналдар,

газеттер, үнпарақшалар, аудио-бейне таспалар, түрлі дәйектемелер және т. б )

6. Күнадан арылу рәсімін жиі өткізу (күнә туралы ақпарат-бақылауда ұстау үшін адамның тұлғалық болмысын жою) .

3. Ойды бақылау:

Ойды бақылауға мыналар жатады.

1. Сектаның доктринасын ақиқат ретінде қабылдауға мәжбүрлеу:

- біздің сызба шындыққа сәйкес;

- ақ пен қара (басқа түс жоқ) ;

- ізгілік зұлымдыққа қарсы ( келісім және күрделі өзарақатынас жоқ) ;

- біз оларға қарсымыз ( сыртқы әлемге топтық қарсылық) .

2. Күрделі тілді меңгеруді міндеттеу ( сектанттық лексикон) .

3. Жақсы және дұрыс ойларға қошемет көрсету (секта басшысына ұнайтын) .

4. Ойлауды тоқтатын техникалар қолдану:

- жоққа шығару, ақталу, қажетсінгенді шындық ретінде қабылдау;

- бір жақты жәй сөйлеу, ән айту немесе дыбыс шығару;

- медитация;

- дұға ету;

5. Көсем, доктрина немесе сектаның саясаты туралы сыни сұрақтар қоюға тыйым

салу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР дін туралы заңнамасы пәнінен лекциялар жинағы туралы
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Тафсир пәнінен лекциялар жинағы
КСРО-ның мемлекеттік–партиялық жүйесіндегі дегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге қарсы күрес
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz