Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
Кіріспе ...
I. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау
2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау
2.3. Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
ІІІ. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет етеді.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау
2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау
2.3. Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
ІІІ. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
І. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері,жүйесі мен көрсеткіштері.

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі,
саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік
экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және
тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық
буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын
қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық
жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық
заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді
ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен
шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді
ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің
барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала
үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын
өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды,
ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет
етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп
дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық
жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте ұқсас ұғымдар
экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық
болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге
асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының
қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).
Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы
жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың
дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер
анықталады.
Қаржылық жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу,
қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге
бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты
құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды
және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен
мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен
жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына
дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі
бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы
- 5 -
және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық
жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы
тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардын көздерін
анықтау; крістерді өсірудің, шыығындарды үнемдеудің резервтерін анықтау;
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды
бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау.
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең
шеңберін қамтиды)
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің
қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлаудың мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі).
Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл
әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт
жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың
санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс
бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен
үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде
экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту
нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлау экономикада қаржы жоспарлауда сүйеніш
бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына
сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды
өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау)
жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу
процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн
заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок
болады. Нарықтық механизмінің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас
нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері
болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды
жасау, бөлу және қайта бөлу экономикалық процестермен оңтайландырудың күні
бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде
орталықтандырылған және орталықтандырылманған ақша қорларын қалыптастыру
және пайдалану.
- 6 -
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса
маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың
органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау
шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпклікті нәтижелеріне ықпал етуші
көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде
жүргізіледі.
Қаржылық болжау мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала
көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу).
Болжамдар орташа мерзімді ( жыл) және ұзақ мерзімді (жылдан астам) болуы
мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады,
қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатның тұжырымын
жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының
шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және
пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына
қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқауларын, қаржы
саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
- экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы
жоспарлары көрсеткіштерін динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық
үлгілерді жасау;
- корреляциялық регрессиялық талдау;
- тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік,
яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық
үйлестіруші рөлді орындайды және қарды қызметінің субъектілеріне
эконмикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік
жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік теттеуде және экономиканы
ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталды.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны
жасау барысында батыс Еуропа және шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге
алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау
негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасады.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі
зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан жақты
сараптама жасау арқылы әлеуметтік экономикалық дамудың нысандары
көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді.
Арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты экономикада бәсекелестікті
арттыру.
- 7 -
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық
жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты болжанған дамуды
қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың
бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті
сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты
болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді реттелетін бағаны, субсидияларды,
кредиттрді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген
аморизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды
индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляяцияның болжанған
деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық
аударымдарлың нормалары.
Әлеуметтік экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді
рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың
қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту
бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен,
шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қарастыру резервтері есебінен
қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. өндіріске қолда бар
материалдық ресурстарды таратуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын
тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау
шығындырын қарастыруды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген
қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп қаржылық жоспарлау,
бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің
процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға
негізделеді:
Орталықтандарылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі.
Бұл қаржы жоспарларының жасағанда екі негіздің (бастаудың)
орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы
барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық
жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында
қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік
береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен
биліктің жергілікті органдардың нақтылы жоспарлар жасап, оларды
орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың
резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында
орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне
тәуелділігінің белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде
аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен
- 8 -
маңызға ие болып келеді. сонымен бір мезгілде жалпымемлекеттік қаржыларды
жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын,
қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті
арттыруда оның рөлін арттыру қажет;
Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік
жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп
білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық
жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері
дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке
элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық
жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің
тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының
көрсеткіштері оған қатысты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын
кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспары (мемлекеттік
бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының
қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;
Жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық қаржы
жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың
іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін
нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және
перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық
жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай
отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл қағидат шығыстардың
көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде
қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік түрлендірме әдісі жоспарлау,
бағдарламалау және бюджет жасау:
- жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және
баяндауды кіріктіреді.
- бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пацдаланылатын құралдардың
қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсіндіреді;
- бюджет жасау жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша
жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік
топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын
бөлу процесі.
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге
асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
1. Экстрополяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық
көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады.
Есеп қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе
төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарөынына түзету негізінде жүргізіледі.
Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар :
- 9 -
- мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтер анықтауды есепке алмайды;
- материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді,
өйткені жоспарланатын кезеңге олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай
анықталады.
2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген
нормалар мен нормативтердің негізінде есепке шығарылады.
3. Матеметикалық үзгалеу әдісі: процестің құру және оны қаржы саласына
көшіру.
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы
жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының
барлық бөлімшелерінің , сонымен бірге өндірістік және қаржылық
көрсеткіштердің өзара үйесушін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын
сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бұкіл ұлттық шаруашылықтың
шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан
сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен
үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды
жан жақты негңздеуге мұмкіндік берді.
5. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің
параметрлерін анықтау үшін аса біліһті мамандардың тәжірибесін пайдалануды
қажет етеді.
Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру
оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық
экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр
түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі
ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады.
Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың
механизмі, өндіргіш күштерідің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың
даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты:
ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және
салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң,
әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік мақсатты
қағидаттар кеңінен қолданылатын болды. Аумақтық қаржылық жоспарлау әміршіл
аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді;
ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға
көмектеседі; объектиті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында
аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды
орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.
- 10 -
Қаржылық жоспарлаудағы предметтік мақсатты қағидат белгілі бір
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды
қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және
пайдалануға бағытталған.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші
кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің
орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау
өндірістік мәліметтермен өзара байланысты жүргізіледі. Мұның өзі қаржыларды
толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі
дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықты резервтерді табуға мүмкіндік бреді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен
бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы
түрлерінің есеп қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметедағы тапсырмалар және кірістердің баптары
үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы
тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен
қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді
пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке
түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
- 11 -
1.2.Қаржылық жоспарлаудың жүйесі.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы
мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және
пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың
ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлеріндегі жасалынатын саны көп қаржы
жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша
сыныптаған орындар. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа
бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.
Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының
қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу
процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ
бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің,
ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар
қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде
ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы
жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және
сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық,
аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады:
мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық
бюджет, бюджеттен тыс қорлар.
Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған
дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны
жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен
экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда
баланстын есеп қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы
балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы
өндіріс пен қоғамдық , қажеттерге (әлеуметтік мәдени шараларға, қорғанысқа,
басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға
салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден
баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияяларының түсетін
түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары,
ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға
жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым
- 12 -
қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар);
сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік мәдени
шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа
мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған
қаражаттардың өсімі.
Жиынтық қаржы балансы сөйтіп ұлттық шаруашылықтын қаржы ресурстарын
сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жүйесі болып табылады. Жиынтық қаржы
балансына қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік
экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйласімдерінің
теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылатындығын көрсетеді.
Бесжылдық мерзімге (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы
және ақша кердеит қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын ала
айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойынша
оларды министраліктер мен ведомстволарға нақтылы бекітусіз жасалынадын.
Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың сомасы субъектілер, яғни мекен
жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстардада сондай. Бұл баланстың көмегімен
мемлекеттік бюджет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы
жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау
үшін негіз қаланады.
Дүние жүзінің барлық елдерінде оперативтік қаржы жоспары мемлекеттік
бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша
ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттігімен
туындайды.
Мемлекеттік бюджет қаржы жоспарлары мен болжамдары мен жүйесінде
бастысы болып келеді, өйткені олардың қалыптасуы мен орындалуына ол
белсенді ықпал етеді, мемлекеттің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері
мен және халықпен өзара қатынастарын айқындай отырып оларды үлестіреді.
Бюджет белгіленетін жалпы мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларды орындауда, демек, мемлекеттің функциялары оның ішкі және
сыртқы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Бюджет баланс нысанында жасалады, онда ағымдағы кезеңде арналған
елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына
сәйкес бүкіл кірістері мен шығыстары жоспарланады. Сонымен бірге түсім
көздерінің толық жиналуына бюджет қаражаттарының ұтымды бөлінуіне және
бюджеттің тапшылықсыз теңестірілуіне баса назар аударылады.
Аса маңызды оперативтік қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік
бюджеттің жиынтық қаржы балансының бірқатар елеулі айырмашылықтары бар.
Онда мемлекеттің барлық кірістері емес тек оның орталықтандырылатын бөлігі
қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен
шығыстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық шаруашылық
бойынша келтіріледі, ал мемлекеттік бюджетте олар
- 13 -
тәптіштелініп (нақтыланып) көрсетіледі. Бюджетте оған түсетін төлемдерінің
нақты атаулары мен оларды төлеушілер, арналымы және оларды алушылар
көрсетілген.
Шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесі мен қаржы жүйесі барлық
буындарын мемлекеттендірудің жоғары дәрежесі жағдайында мемлекеттік
сақтандырудың жиынтық қаржы жоспарлары мен әлеуметтік сақтандырудың бюджеті
сияқты орталықтандырылған қаржы жоспарлары да жасалды. Мемлекеттік
сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары бұл ұйымның барлық ақша түсімдері мен
тиісінше стихиялық апараттарды ескерту мен және оның зардаптарын жою мен
байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайтын. Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандырудың бюджеті әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын жасау мен бөлуді
жоспарлайтын. Ол кәсіподақ ұйымдарының барлық ақша ресурстарының,
кәсіподақтардың, республикалық және облыстық кеңестерінің бюджеттері,
халықтың әлеуметтік қажеттерін, ВЦСПС-тың орталықтандырылған қаражаттарын
біріктіреді.
Кей жылдары бүкіл ұлттық шаруашылықтың, жеке республикалардың жиынтық
қаржы жоспарлары да жасалады. Оларда бюджет ресурстарынан, мемлекеттік
сақтандырудың қаражаттарының басқа мемлекеттік кәсіпорындардың қаражаттары
есепке алынады.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде бюджеттен басқа жалпы
мемлекеттік бағдарламаларды қаржымен қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық
бюджеттен тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталыұтандырылған
қаржы жоспарлары жасалады. Көптеген елдерде әлеуметтік, табиғатты қорғау
сипатындағы немесе басқа арнлымдардың маңызды шараларын қаржыландырудың
арнаулы көздері ретінде қалыптастырылады. Бюджеттен тыс қорлар,
әдеттегідей, жалпымемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады.
Айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық
міндеттерді орындауға жұмсайды. Сондықтан олардың қаржы жоспарлары ағымдағы
жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын құндық баланстар
болып келеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары бойынша емес,
сонымен бірге қаржы ресурстары қозғалысының деңгейі бойынша да:
жалпымемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті)
жоспарлыры болып ажыратылады.
Салалық (ведомтволық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өндіріс
салалары министрліктерінің (ведомстволарының) кірістері мен шығыстарының
балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің шығындарының құрама
сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.б. қаржы жоспарларын кіріктіреді.
Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың жиынтық қаржы
баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және
тағы басқа жоспарлары жатады.
- 14 -
Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық
жоспарлар ведомстволар қарасты ұйымдардың жоспарларын біріктіреді;
аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі
болып келеді.
Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық,
бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың
жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.
Шаруашылық баланстар мен экономика теңдестігінің бұзылуына,
дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі
ұштылығына байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа
өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық
қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы тиіс, мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-
қисаптар жүргізілуі тиіс.
Бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жоспарларына қарағанда
едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінң
қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен қаржыландырылуы әр алуан
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары.
Бастапқы қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық
жүргізудің нақты субъектісінің ақша қаражаттарының жеке дара айналымын
негіздеу қабілетінде болып келетіндігі, осыдар барып олардың айрықша
арналымын бұл объектінің кірістер мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық
нәтижелерін және қаржы ресурстары қозғалысын ортақтастыратын тиісті
қатынастарды анықтау.
Бастапқы қаржы жоспарларын топтастырудың негізіне кірістердің,
шығыстардың құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай ақ
мемлекетпен және ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларымен қаржылық
өзара қатынастардың қалыптасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер қойылуы
мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен,
мемлекеттік, жалгарлік, кооперативтік кәсіорындардың, акционерлік
қоғамдардың, бірлескен шетелдік кәсіпорындардың, жеке меншік фирмалардың,
қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.
Бұл топтардың әрқайсысының кәсіпорындарының бірқатар ортақтығымен
қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өндіріс
өзгешелігіне, кәсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты
нысаны мен мазмұны жағынан айырмашылықтары болады. Шаруашылық саласы,
қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немесе бюджеттік
қаржыландыру) қаржыландыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына,
құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан оларды салалық, ведомстволық
белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша
да (бірлестіктер, концернер, ірі, орта, шағын кәсіпорындар) топтастырылған
орынды.
- 15 -
Қаржы жүйесінің барлық сфераларын, буындарының қаржы жоспарлары болады
және қаржы жоспарларының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы
жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.
Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары
смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал
кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша
барлық түсімдер мен шығындарды қызмет бойынша барлық түсімдер мен
шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары жасалынады. Ұжымшылар,
кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялары қаржы
жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі деңгейлері бюджеттерді
жасайды. Коммерциялық есепте жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы
жоспарларын бұрын кірістер мен шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл
жоспарлардың құрылымы негізінен кәсіпорындар үшін де, сондай-ақ
бірлестіктер үшін де бірдей болады. Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен
қаражаттардың түсімі,шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын
шығындар анықталады. Баланстың Кәсіпорындардың бюджетпен өзара қарым
қатынастары бөлігі бюджетке түсетін түсімдердін және бюджеттен
қаржыландыруды көрсетеді.
Қаражаттарының айналымы үлкен емес шаруашылық – жүргізуші субъектілер
екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы жоспарларын жасайды,
оларда бюджеттен төленетін төлемдер шығыстардың құрамына кіріктіріледі.
Кәсіпорынның кірістер мен шығыстары балансының ерекшелігі сол, онда
шаруашылық қаржы қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал
аралық нәтижелер ақша қаражаттарының айналымдары болмайды.
Есептеулер мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу арнаулы қаржы
жоспарында - төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады. Түсімдер бөлімінде
өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс, банктардің
қысқа мерзімді өткен дебиторлық берешектің түсімдері, ақша қаражаттарының
басқадай түсімдері, кассадағы және есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып
көрсетіледі. Шығыстар бөлімінде тауар- материалдық құндылықтарды сатып
алуға, еңбекақыға, салықтарды төлеуге жұмсалатын шығындар, басқадай
шығыстар қамтып көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбесінің көмегімен
шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналымдардың көлеміне қарай қысқа уақыт
ішінде ( бір айдан бес күнге дейін) оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге
асырылады. Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші
шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі
кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар
қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады.
Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық экономикалық
негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың
экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше
- 16 -
кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-
жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың
бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды және сақтандыруды
сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.
Нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде
жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық
құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процестің
жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.
- 17 -

Басқаруда және шаруашылық қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық
көрсеткіштер шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы
ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстар мен қорланымдарын жасаумен және
пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың,
есептің немесе есеп қисаптың мәліметтері пайдаланылады. Олар абсолюттік
және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады.қаржылық көрсеткіштер сан және
сапа түрінде белгілі бір қаржы экономикалық категорияны, қосалқы
категорияны, қаржы қатынастарының элементі бейнелейді.
Шаруашылық жүргізуші төменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды
абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:
өнімді өткізуден түсетін табыс;
өткізілген өнімнің өзіндік құны;
жалпы табыс;
кезең шығысы;
негізгі қызметтен түсетін табыс;
табыс салығының сомасы;
таза табыс.
Айрықшалықты көрсеткіштер банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және
басқа қорларды пайдаланылады.
Салық салу кезінде жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан
шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа
көрсеткіштер қолданылады. Мемлекеттік қйымдар мен мекемелерде жалпы және
жеке элементтер бойынша шығыстырдың көрсеткіштері қолданылады.
Ұлттық шаруашылық деңгейдегі қаржылық көрсетікштер мемлекеттің қаржы
ресурстарының ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік бюджет және басқа қаржы
жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының
рентабелділігін және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды.
Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың тиімділігі жалпылама
бағалауды қаржы ресурстары ауқымының жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табысқа
қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.
Қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер
пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми
негіздеуге арналған.
Нормалар мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда
(пайыздарда, коэффициенттерде, өнімді өлшеудің натуралды бірліктерінде,
уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.
Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және
пайдаланудың ең төменгі, орташа және жоғарғы шекті нормалары мен
нормативтері қолданылады. Жиынтық қаржылық жоспарлауда көбінесе
- 18 -
орташа нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының
қаржылық көрсеткіштерін жоспарлағанда жеке дара нормалар
мен
нормативтер пайдаланылады.
Қаржылық нормалар мен нормативтері сондай-ақ бекітілетін және есеп
қисаптық болып бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы
заңнамамен белгіленеді, есеп қисаптықтары ішкі жоспарлауда пайдаланылады.
Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджеттен тыс
қорларға аударылатын аударымдардың нормалары, есеп қисаптарға аударымдардың
нормалары және кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлану және тұтыну қорларын,
негізгі қорларды жөндеу қорын жасау нормативтері және кәсіпорындар мен
мекемелердің қаржы қызметін реттейтін басқалары жатады. Сандай ақ бірыңғай
нормалар мен нормативтер болып ажыратылады, әр түрлі шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен салалар үшін амортизациялық аударымдардың нормалары және
сараланған түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде түрліше болатын айналым
қаражаттарының нормалары мен нормативтері.
Көптеген қаржылық көрсеткіштер бір мезгілде нормалар, нормативтер
немесе лимиттер бола алады, мысалы, табыстылықтың деңгейі, түрлі қаржы
қорларының атаулары көрсеткіштер де, нормативтер де немесе лимиттер де
болып табылады. Қызметтің қаржы нәтижелерін жоспарлау мен болжау
процестеріндегі қаржы механизімінің бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз
тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс қимылы байқалып отыр
- 19 -
ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау.
2.1. Мемлекеттік бюджетті жоспарлау
Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану
процесінбасқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады.
Бюджетті жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен
оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай
тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-
инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің
мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда
көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің
әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты
орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және
әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-
экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Мемлекеттің жалпы қаржылық жоспарлаудың және оның маңызды құрамалы
буыны – бюджеттік жоспарлау, яғни барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың
органикалық бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары
басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана
бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы,
яғни төлемдер бойынша міндеттемелер тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру
көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде
алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлакеттік мән береді. Ол
мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті
орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы
қаржылық және бюджетаралық қатынастырды жетілдіру байланысында және
мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін
ұтымдылауда білінеді.
Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың
мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлағымен және кірістер мен
шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы
тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі
бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр
түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз
ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың тиісті өкілетті органдардың
мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен
бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік
құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық
бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.
- 20 -
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар
шешіледі:
• Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы
қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
• Бюджеттік процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық
қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
• Қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік
мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша бөлу;
• Салалар, іс-әркет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары
негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер
арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
• Бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.
Бюджетті жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер
арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын тиімді бөлуді,
әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты
түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландырудың қамтамасыз
етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер,
жоспарларды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылық
қарастырылады.
Мемлекеттік бюджетті болжамдау маңында бюджеттің кірістік және
шығыстық бөлімдерінің дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағаларын анықтау
процесі түсіндіріледі. Бұл экономика дамуын болашақ жоспарлауына
негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз
бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.
Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі
кезеңде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметті экономикалық шарттарды
және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауланынесепке ала отырып,
бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау
нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар
қабылдауда өте маңызды мәні бар.
Мемлекеттің бюджетін жоспарлау мен болжаудың үш маңызды бағыттарда
жұмыс істеуді қарастырады:
• Кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша континенттердің болжамдық
мөлшерін анықтау;
• әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша
реттеуші кірістердің бөлісі;
• қаржылық жәрдем,бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру себебін
жоғары,төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау;
- 21 -
Бюджеттік жоспарлау іс-әрекетінің негізгі шарты – ол жалпымемлекеттік
мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдарды тұрақты және бірқалыпты түсуін
қамтамасыз еру.
Бюджеттік жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық,
теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске
асылылады.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және
жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджетін құрумен қамтамасыз
етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттер деңгейлері арасындағы
кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бөлісу
нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін
тағайындау негізделеді.
Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық
саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына
негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркемесімен
қамтамасыз етіледі.
Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму
жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджеттік жоспарлаумен
қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті
қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару
мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субввенция беру
арқылы немесе бюджет шығындарын қысақарту арқылы немесе мемлекеттік
берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен
қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
Дәйектемелік прицип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не
шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер
негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.
Бюджетті жоспарлағанда аймақтар арасындағы табиғатты климаттық және
әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді есепке алу қажет, себебі олар әр
аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары.
Сондықтан бюджетті жоспарлауда нормалар мен нормативтер пайдаланады.
Бюджеттік кодекске сәйкес натуралды нормативтер – ол бюджетті жоспарлау мен
атқаруда міндетті түрде пайдаланатын материалды немесе материалды емес
қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады
және бекітіледі.
Жергілікті бюджеттерде қолданатын кірістерді бөлісу нормативтер – ол
әр дейгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл
нормативтер тұрақты сипаты бар, себебі олар орта мерзімді фискалдық
саясаттың негізінде анықталады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша
шығындық өкілеттілікті шектеуде байланысты.
- 22 -
Мемлекеттің алдағы жылғы бюджетке кірістердің түсуін болжамдау Салық,
Бюджет кодекстер мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске
асырылады. Сонымен қатар республика мен аймақтардың орта мерзімді әлеметтік-
экономикалық даму жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштері, елдің
ортамерзімді фискалдық саясаттың ережелері мен көрсеткіштері, ағымдағы
мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі
көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады. Бюджетті болжамдауда
пайдаланатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы ішкі өнім
көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы қорының мөлшері, инфляция
индексі, тауар айналымының көлемі, импорттық-экспорттық операциялардың
көлемі, Ұлттық валюта курсы қолданылады.
Бюджет кодексі мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімді
бюджеттік жоспарлау негізінде бюджеттік процесті іске асыруын анықтайды. Ал
бюджеттік жоспарлауға стратегиялық бағытты беретін Үкімет тарапынан
жасалып, алдымыздағы үшжылдық мерзімге салықтық-бюджеттік бағдарламаны
анықтайтын арнайы құжат – ол Үкіметтің Орта мерзімді фискалдық саясат атты
құжат. Бұл құжат елдің Орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспары
мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жыл сайын
бір жылға ұзартылып отыратын үшжылдық мерзімге жасалады. Бұл құжаттың
маңыздылығы мен қажеттілігі, ең алдымен елдің экономикалық дамуы көп
жағдайда оның қаржы жүйесінің даму бағыттарына тәуелді екенімен, жүргізіп
жатқан салықтық-бюджеттік саясаттың ахуалы мен оның бүгінгі талаптарға
сәйкестігімен дәлелденеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкімет
қамтамасыз етеді. Заң актілерінде көзделген жағдайларда републикалық
бюджетке тауарлық немесе заттай бөліктегі түсімдерге және оларды
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттің мекемелердің
жұмсауына байланысты операциялар республикалық бюджетте ақшалай нысанда
көрсетіледі.
Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түскен түсімдердің
олардың бекітілген көлеміне асып түсетін бөлігі мен республикалық
меншіктегі және кен өндіруші әрі өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік
мүлікті жекешелендіруден түскен қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейтін тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган
республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома республикалық
бюджеттік атқарылу туралы есепке көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет тапшылығын
қаржыландыру көздерін айқындайды және бюджеттің атқарылу барысында ағымдағы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген
бағдарламалар бойынша сомалардың шегінде мемлекеттік мекемелердің құрылым
мен функцияларын жетілдіру жөніндегі
- 23 -
іс шараларды жүзеге асыруға байланысты бағдарламаларды іске асыратын
мемлекеттік органдар тізбесінде өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Бюджетті атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен:
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісіне және бюджетке түсетін
ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып бюджеттік
бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына сәйкес республикалық бюджетті
қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді;
бюджетке түсетін нақты түсімдерді республикалық бюджет пен облыстық
бюджетпен аудандар (қалалар) бюджеттердің арасында кірістерді бөлу
нормативтері бойынша бөлуді жүргізеді.Бюджеттік бағдарламалардың
паспортына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін
ескере отырып, республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді. Республикалық
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына және бюджеттік бағдарламаның
паспортына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге
асырады.Растайтын құжаттар негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылдаған
міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жүргізілген операциялардың,
жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мекемелер алдында қабылдаған
міндеттемелерінің, орындалмаған міндеттемелерінің, республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің,
үкіметтік борыштың, жеке және заңды тұлғалардың республикалық бюджет
алдындағы борыштық міндеттемелерінің және республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер активтерінің есебін жүргізеді.
Бюджеттік түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі алдағы
міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған
жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттігі
туралы ақпарат береді. Ағымдағы қаржы жылының ішінде, бюджетке түсетін ақша
түсімдерінің күтіліп отырған жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда,
республикалық бюджеттің одан әрі атқарылуы жөнінде шешім қабылдау үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді. Уақытша бос ақшасын
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі салымдарына орналастырады; бюджеттік
бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік
бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді; егер республикалық
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша
бюджеттік нақтылау туралы ұсыныс әзірлейді; бөлінген қаражаттар рұқсаттарда
көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, бюджет қаражаттарды кері
қайтарып алуды жүргізеді.
- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz