Тарихи - мәдени мұраларды қорғау және пайдалану


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І-Бөлім. Тарихи -мәдени мұраларды қорғау және пайдалану

1. 1. Маңғыстау облысының тарихи және мәдениет ескерткіштері ғылыми құндылығы . . . 6

1. 2. Археологиялық ескерткіштер мен ландшафт жағдайындағы типтері . . . 10


ІІ-Бөлім. Қазақстаның мәдени ланшафтардағы атқарылып жатқан қолдаулары

2. 1. Мәдени мұра аясындағы атқарылып жатқан шаралар . . . 15

2. 2. Мәдени мұра саласы мәселелерінің қазіргі кезеңдегі жағдайларының талдамы . . . 22

ΙІІ- Бөлім. Отанымыздың мәдени ланшафтардағы аймақтары

3. 1 Мәдени және тарихи аймағы . . . 25

3. 2. Қазақстан мәдениеті ланшафтардағы көрікті жерлері . . . 30

Қорытынды . . . 36

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 38

Кіріспе

Қазіргі таңда археологиялық ескерткіштер мен ландшафттармен ұлттық фольклордың, салт-ғұрыптардың, материалдық ескерткіштер мен қолданбалы халық өнерінің бүгінгі жағдайын жан-жақты зерттеуге бағытталған кешенді этнографиялық экспедициялар өткізу қажеттігін ескеруіміз керек. Туристік-рекриациялық орталық ретінде дамуына мүмкіндік беретін өзіне ғана тән табиғат сұлулығы да, аңызға толы тарихи орындары мен көшпелілер өркениетінің қайталанбас материалдық және рухани ескерткіштері де баршылық. Мәдени құндылықтарымыздың мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін тарихи, сәулет ескерткіштері, қызықты табиғи орындар негізінде жаңа тарихи-этнографиялық, табиғи-ландшафттық қорықтар ашылуы керек. Облыс көлеміндегі тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, зерттеу, күтіп-ұстау, насихаттау бойынша негізгі орталықтарға айналуы қажетті жаңа тарихи-этнографиялық, табиғи-ландшафттық қорықтарды ашу бойынша ұсыныстар мен негіздемелерін жасақтауды мәдени құндылықтарды сақтаудыңаясында “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында 2004-2007 жылдары көптеген игілікті істер атқарылғанын баршамыз білеміз. Айталық, бағдарламаны іске асыру барысында еліміздегі 35 тарихи-мәдени ескерткіштер қайта жаңғыртылса, Қазақстан аумағындағы 30 қалашықта, обалар мен қорғандарда археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қытайға, Түркияға, Моңғолияға, Ресейге, Жапонияға, Батыс Еуропа елдеріне ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, бұрын-соңды белгісіз болып келген бес мыңға жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылып, сатылып алынды. Бұрын беймәлім болып келген қыпшақ қолжазбалары қолға түсті. Сондай-ақ, мұрағаттық құжаттарды сақтандыру мақсатында көшіру және қайта жаңғырту, музыкалық қолжазбаларды қалпына келтіру және осы заманғы аудиоқұралдарға көшіру үшін арнайы жұмыстар атқарылды. Бағдарлама аясында 218-ге жуық кітаптың түрлері шығарылып, олар еліміздің әдебиет, тарих, археология, этнография салаларына үлес боп қосылды. Әрине, біткен істің бәрін осы жерде санамалап отыруға келмес. Өйткені, “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы 2007 жылдың ақпан айында қорытындыланып, сол жиында Елбасы Н. Назарбаев жүзеге асырылған істердің бәрін бүге-шігесіне дейін халыққа жария еткен болатын. Сол қорытынды жиында Елбасы бағдарламаның идеологиялық және саяси мәніне тоқталып, оны қайта жалғастыруға тапсырма бергені есімізде. Таяуда елордадағы ұлттық академиялық кітапханада сол Қоғамдық кеңестің “Мәдени мұра” салалық бағдарламасы аясында атқарылуы тиіс жобаларды талқылаған алғашқы отырысы өтті. Бұл жердегі бір ерекшелік - “Мәдени мұра” бұрын мемлекеттік бағдарлама болса, осы жолы “салалық” деп өзгертіліп отыр. Оның алдында, яғни 2004-2007 жж. бағдарламаны жүзеге асыратын Қоғамдық кеңестің төрағалық міндетін әр жылдары Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мұхаммед сияқты азаматтар атқарса, осы жолы ол міндет Елбасының тікелей тапсырмасымен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаевқа жүктеліпті. Жиында алғашқы сөз кезегін алған Мәулен Әшімбаев Мәдениет және ақпарат министрлігінің еліміздегі зерттеу институттарымен, секция жетекшілерімен ақылдаса отырып, 2007-2009 жылдарға арналған “Мәдени мұра” салалық бағдарламасы, сол бағдарламаны жүзеге асыру үшін іс-шаралар жобасы жасалғанын тілге тиек етті. “Министрлік Қоғамдық кеңеске бірнеше бағытта ұсыныстар жасап отыр. Соның негізінде жобаға Қазақстанның тарихи қалалары мен этномәдени орталықтарын жаңғырту, сол арқылы халықаралық туризм жүйесіне кіру мақсатында жаңа мұражайлар мен тарихи-мәдени мұражайлар ашу мәселелерін кіргізді. Қазақстанның тарихына қатысты құжаттарды, деректерді сатып алу не көшірме жасату да соңғы екі-үш жылда талқыланып жүрген мәселелердің бірі. Осы уақытқа дейін шығарылған көптомдықтарды ары қарай шығару мәселесі де осы жобада күн тәртібінде. Үлкен жұмысты бастар алдында әбден ақылдасып алайық” - деді ол Қоғамдық кеңес мүшелеріне. Ол сондай-ақ, жиналғандарды Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырды. Атап айтқанда, Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, академиктер Ғарифолла Есім мен Аманжол Қошанов, ғылым докторы Камал Бұрханов, археолог Зейнолла Самашев, “Қазқайтажаңғырту” мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Тұяқбаев Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарын толықтырыпты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің жобасында салалық бағдарламаны жүзеге асыру арқылы ұлттық мәдениетте айрықша орын алатын мәдени мұраны сақтау, одан әрі дамыту бойынша кешенді шаралар қарастырылған. Тарихи қалалар мен ежелгі діни сәулет кешендері базасындағы туризм инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасау - оларды халықаралық туризм жүйесіне енгізу болып табылады. Бірінші кезекте өз еліміздегі тарих және мәдениет ескерткіштерін, Қазақстан тарихына қатысты алыс және жақын шетелдердегі ескерткіштерді зерделеу мен қалпына келтіру жұмыстары тұр. Бұл бағыт бойынша Дамаск қаласында Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығын салу, сол қаладағы сұлтан Бейбарыстың кесенесі мен Каирдегі сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жаңғырту, Дамаск қаласында екі тұлғаға да монументті ескерткіштер орнату өзекті болмақ. Сонымен қатар, Монғолия аумағынан табылған көне түркі руникалық жазбаларының көшірмесін дайындау мен Өзбекстан аумағында Әйтеке би кесенесін зерттеу және қайта жаңғырту көзделіп отыр. Салалық бағдарламаның екінші кезеңінде археологиялық зерттеулер, оның ішінде орта ғасырлық қазақ елінің саяси, экономикалық және мәдени өмірінде маңызды болған тарихи қала орталықтарына археологиялық, этнографиялық зерттеулер жүргізу жоспарланған. Іс-шараның жоспарына Берел, Шілікті обалары мен Қызылұйық зиярат орнына, қазақ даласындағы ежелгі және орта ғасырдағы сақтардың, қарлұқтардың, оғыздардың астаналары және Ақ орда мен Қазақ хандығының астаналарына терең археологиялық зерттеу жүргізу кіргізілген. Айтылған барлық іс-шаралар жоспарында еліміздегі тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау және пайдалану, оларды туризм инфрақұрылымы жүйесіне енгізу, кешендерді қайта жаңғырту, абаттандыру, мұражайландыру мәселелері басшылыққа алынған. Отырыс барысында салалық бағдарламаның жобасы туралы арнайы баяндама жасаған Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев негізгі бағыттарды төмендегіше түйіндеді: “Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің негізінде бәсекеге қабілетті және рентабельді туризм құру мүмкіндіктері бар.

І-Бөлім. Тарихи -мәдени мұраларды қорғау және пайдалану

1. 1. Маңғыстау облысының тарихи және мәдениет ескерткіштері ғылыми құндылығы

Тарихи-мәдени объектілердің бар-жоқтығын анықтау мақсатында алдын ала жаппай археологиялық барлау өткізуге қаржы көздерін қарастыруды, анықталған объектілерді тіркеу және қажет болса қорғау шараларын қолға алуды тапсырамын.

«Маңғыстау облысының тарихи және мәдениет ескерткіштерінің жинағы» энциклопедиялық томдығын баспаға дайындау мақсатында өткізілген дала экспедициялары барысында алуан түрлі археологиялық, тарихи-сәулет құндылықтары анықталды. Алайда, анықталып, есепке алынған құндылықтарымызды жойылудан сақтап қалу күрделі мәселеге айналып отыр. Бүгінгі күнде Маңғыстаудың дәстүрлі сәулет өнері ескерткіштерінің басым бөлігі қорғалу аумақтарының нақтыланып, бекітілуді қажет етеді. Ескерткіштің қорғау аумақтары, бақыланатын қорғау аумақтары, қорғалатын табиғи ландшафт аумақтарын, әрбір объектінің келбеті мен қазіргі жағдайын белгілеп, өзгерістерді бақылап отыру үшін заманауи техникамен келген жаңа әдістер қолданылып, электронды ақпарат базалары, интерактивті карталар жасақталуы керек.
Заманға сай құралдар қорғау шараларын тиімді жүргізуге де, асыл мұраларымызды халықаралық деңгейде кең насихаттауымызға да мүмкіндік береді. Жергілікті әкімдіктер өз аумағындағы тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуына, қорғалуына, күтіп-ұсталуына аса жауапкершілікпен қарауға міндетті. Ескерткіштің айналасындағы табиғи ортаның сақталуы, жаңа құрылыстар салынбауы қатаң қадағалануы керек. Аталған жағдайларға орай, қала және аудан әкімдіктері өз аумағындағы тарихи және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесі» (02. 11. 2007ж. ), «Тарих және мәдениет ескерткіштерін күтіп-ұстау ережесі» (06. 11. 2007ж. ), «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру ережесі» (06. 11. 2007ж. ) нормативтік құжаттарға сәйкес аудандардағы мемлекеттік қорғаудағы тарихи және мәдени ескерткіштерінің күтіп-ұсталуын, тиісті дәрежеде қорғалуын қатаң қадағаласын;
- облыстық мәдениет басқармасымен келісе отырып, мемлекеттік қорғаудағы ескерткіштердің қорғау аумақтары, бақыланатын құрылыс аумақтары, қорғалатын табиғи ландшафттар аумақтары арнайы қаулыларымен бекітілсін және жергілікті құрылыс, шаруашылық жоспарларында ескерілсін;

- облыстық мәдениет басқармасы алдыңғы жылдарға арналған саланы дамыту жоспарларына мемлекеттік қорғаудағы тарихи-мәдени ескерткіштердің интерактивтік картасын жасақтау, қорғау аумақтарын белгілеу бойынша шараларды енгізіп, өткізсін.
Осы бағытта облыс аумағында орналасқан республикалық мәртебеге ие тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау-сақтау шараларын өткізуге де ерекше көңіл бөлінуі тиіс деп ойлаймын. Республикалық және халықаралалық дәрежедегі ескерткіштерді пайдалану үшін жалға беру ақыларының мөлшері Қазақстан Үкіметінің арнайы Қаулысымен бекітілген. Алайда өлкеміздің асыл мұралары - киелі орындарымызды әлгі күнге дейін қоғамдық қорлар мемлекетке бір тиын төлемей пайдаланып келеді. Ескерткішті қорғау мақсатында құрылған кейбір қоғамдық қорлар іс жүзінде «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы» Заңымен белгіленген міндеттерін орындамай отыр.
Осы мәселеге орай, облыстық мәдениет басқармасы мен аудан әкімдіктерінен республикалық мәртебеге ие тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және жалға беру шарттарының тез арада рәсімделуін және олардың орындалуын бақылауды талап етемін. Өлкеміздің ерекше материалдық және рухани мәдениеттің қойнауы екені баршамызға мәлім. Алайда Маңғыстау облысында 1950 жылдардан бері кешенді этнографиялық зерттеулер өткізілмегені тағы баршаға аян. Соңғы жылдардағы облыстың қарқынды экономикалық дамуына байланысты урбандалу үрдісінің жеделдеуі байқалады. Бұл - бір жағынан ел тұрмысына оң өзгерістер әкелсе, екінші жағынан этнографиялық раритеттер мен ежелгі салт-ғұрыптардың жоғалып кету қаупін күшейтті. Маңғыстау облысының туристік-рекриациялық орталық ретінде дамуына мүмкіндік беретін өзіне ғана тән табиғат сұлулығы да, аңызға толы тарихи орындары мен көшпелілер өркениетінің қайталанбас материалдық және рухани ескерткіштері де баршылық. Мәдени құндылықтарымыздың мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін тарихи, сәулет ескерткіштері, қызықты табиғи орындар негізінде жаңа тарихи-этнографиялық, табиғи-ландшафттық қорықтар ашылуы керек. Облыс көлеміндегі тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, зерттеу, күтіп-ұстау, насихаттау бойынша негізгі орталықтарға айналуы қажетті жаңа тарихи-этнографиялық, табиғи-ландшафттық қорықтарды ашу бойынша ұсыныстар мен негіздемелерін жасақтауды облыстық мәдениет басқармасына тапсырамын.
Өткен жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында өткен «Каспий - Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан Қазақстан және шекаралас Каспий жағалауы елдерінің ғалымдары Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштерінің адамзат тарихы үшін үлкен ғылыми құндылық екенін атай отырып, бұл асыл мұраларды жан-жақты терең зерттеп, қалпына келтіріп, ұқыптылықпен қарау қажеттігін ескерткен. Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізуге ұсынылып отырған ерекше ескерткіштердің бірі - «Шақпақ ата» жерасты мешіті мен қорым кешені. Бұл ғажайып ескерткіштің құпиялары ашылуы үшін кешендегі әрбір объект, әрбір қабір, жазу мен сурет толық зерттеліп, сәулет-археологиялық сараптамадан өтуі, ескерткіштің әрбір кезеңдегі тарихы туралы жан-жақты дерек жиналуы керек. Алайда, өлкедегі ең ежелгі де қызықты ғибадатханалардың бірі - «Шақпақ ата» жартастағы мешітіне толық археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген, ескерткіштің салыну уақытын нақты белгілейтіндей көптеген объектілер туралы ғылыми тұжырымдар жасалмаған.
Ғибадатхана құрылысының әуелгі келбетіне 1990 жылдарда өткізілген қалпына келтіру кезінде сапасы күмәнді өзгерістер енгізілгенін мамандар растап отыр. 2008 жылы «Шақпақ ата» жерасты мешітіне қалпына келтіру жұмыстарын өткізу жоспарланған. Бірақ зерттелуі әлде де кем ескерткішті қалпына келтіру жұмыстарын бастау тарихи-мәдени мұраларымызға орыны толмас зиян келтіретіні сөзсіз! Ғибадатхананы қалпына келтіру жұмыстарына байланысты осындай олқылықтарды қаперге бере отырып, облыс көлеміндегі басқа ескерткіштерде жүргізілетін қалпына келтіру жұмыстарында осы ескерту басшылыққа алынғаны артық болмас еді. Ғылыми-әдістемелік кеңестің назарына «Шақпақ ата» жерасты мешіті мен қорым кешенін зерттеу және қалпына келтіру мәселесін талқылауды ұсынамын. Облыстық мәдениет басқармасы, ғылыми-әдістемелік кеңестің ұсыныстарын ескере отырып, 2007-2009 жылдарға арналған өңірлік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында бөлінген қаржылар есебінен:«Шақпақ ата» жерасты мешіті және қорымы» республикалық мәртебедегі ескерткішін қалпына келтіру жұмыстарын бастамас бұрын, кешеннің сәулет-археологиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз етсін;

- 2008-2009 жылдары облыс көлемінде өткізілетін қалпына келтіру-тұмшалау жұмыстарының жоспарына ғылыми-әдістемелік кеңеспен келісілген қажетті өзгерістерді енгізсін.

1. 2. Археологиялық ескерткіштер мен ландшафт жағдайындағы типтері

Археологиялық ескерткіштер мен ландшафт жағдайына негізгі және потенциалдық, табиғи және антропогенді теріс факторлардың әсері алдын-ала анықталды. Болжамды алдын-ала этнологиялық зерттеулермен қатар тұрғындармен сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде дәстүрлі кәсіптің қазіргі жағдайы, сондай-ақ мәліметтерді жүйелі және статистикалық талдаудан өткізу арқылы потенциалдық даму мүмкіндіктері анықталды. Негізгі нысандарда келушілерге сауалнамамен қатар мониторинг жүргізілді. Жарияланған материалдарға библиографиялық зерттеулер жүргізіліп, Отырар шұратының мәдени ландшафт құндылықтарының ерекшеліктері мен түрлі аспектілеріне талдау жасалды. Алынған мәліметтерге сүйеніп, менеджменттің негізгі проблемалары, мақсаты, міндеті мен басқару принціпі анықталды және алдағы уақыттағы зерттеулер мен ескерткіштерді қорғау шаралары, алдыңғы кезектегі табиғи қорғау істері мен келушілерге қызмет көрсетуді дұрыс жолға қою және туризмді дамытуға арналған ұсыныстар мен сипаттамалар әзірленді.
Өткен жылы Отырар шұратының қалашықтарында далалық археологиялық зерттеулер жүргізілді. Археологиялық кезеңнің басталуына дейін ҚР БҒМ Археология институты 2004 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде алынған материалдарына қосымша өңдеу жұмыстарын жүргізді. Тақырыпқа сәйкес ғылыми жариялымдар әзірленді, сонымен қатар келесі далалық кезеңдегі жұмысты жүргізу үшін Институт мұрағатындағы құжаттар жинақталды. Ағымдағы кезеңде Институттың негізгі міндеттері мыналар болды: келешекте музейлендіру мақсатында далалық зерттеулер жүргізу, құрылыс ғимараттарының жекелеген элементтерін зерттеу және соңғы консервациялық іс-шараларға әзірлік жасау; Весидж шұраты және Көк Мардан қалашықтарында археологиялық зерттеулер және консервациялау іс-шараларын жүргізу; Талтақай және Қоңыр төбе жерлеу зираттарына зерттеулер мен консервациялау жұмыстарын жүргізу; Отырар төбе аймағынан үйінді топырақтарды шығару. Ағымдағы жылға белгіленген міндеттер тұрғысынан келесі жұмыстар орындалды.

Отырар төбе қалашығы. - 1. Өткен далалық кезеңде қазылған археологиялық материалдар ғылыми өңделді, сондай-ақ, керамикалық материалдар мен шыны ыдыстарға экспликациялар әзірленді. Графикалық үшөлшемді құрылыммен мәліметтер базасы құрылды.
2. Отырар төбеге шығатын оңтүстік-батыс ауданындағы қорғаныс қабырғаларына қазба жұмыстары жүргізілді. Барлық өңдеу және құрылыс жұмыстары жасалып, қазба 50 метрге кеңейтілді және консервациялық жұмыстарға әзірлік жасалды.

3. Қалашық қабырғасы профиліне зерттеу жүргізу арқылы ежелгі Отырар ғимараттарының хронологиялық уақыты мен олардың негізгі құрылу кезеңдері туралы қажетті мәліметтер алынды. Соңғы мәліметтер бойынша келесі кезеңдер, атап айтқанда, Ақ Орда дәуіріндегі ғимарат қабырғасының, Темір (ХІV) кезіндегі қабырғаның, Қараханид кезеңіндегі ғимараттың құрылыс уақыты анықталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның өркениетті мұрасын шетелден ынталандыру
Деректер негізінде тарихи - мәдени ескерткіштердің қоғам үшін өзектілігін анықтау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХИ - МӘДЕНИ МҰРАСЫН ЖІКТЕУ
Мәдени мұра бағдарламасы арқылы ұлттық-мәдени құндылықтарды білім мазмұнында дамыту
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Рекреациялық ресурстар жайлы түсінік
Н.Назарбаев: «Мәдени мұра» бағдарламасы рухани-мәдени өмірімізде ғана емес, жалпы қоғамдық өміріміздегі белесті кезең
Мәдени мұра бағдарламасы және ұлттық мұрағат қорын толықтыру мәселелері
Туризмнің дамуы
Тарихи-мәдени мұра
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz