Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп турасындағы заңдар мен нормативтік актілер


Кіріспе.
Кез келген мемлекеттің экономикалық, жағдайы табиғат байлығын пайдалануымен немесе шығарып жатқан технологиясымен және олардың өндірісте қолдану дәрежесімен өлшенбек.
Ал, технологияның деңгейі елдің ғылыми-техникалық әлеуметіне қатысты дамиды.
Өнімдер мен қызметтерде өнер тапқыштық және техникалық компонент басым болса, экспорт үлесіде соншалық жоғары, халықтың әл-ауқаты да биік болмақ.
Атап айтқанда, шикізаттың секторда табиғи рентаның енгізілуі мен отандық қызметкерлердің жалақысын көтеру инновацияның қажеттілігін тудырады. Инновациялық өндіріс деп - ғылымды қажетсінетін жаңа буын өнімдерін айтамыз, оған рыноктың сұранысы болуы керек.
Бұрын -соңды елімізде болмаған, бірақ инновациялық өндіріс талаптарына жауап бермейтін өндіріс инновациялық бола алмайды.
Қазақстанның минералдық шикізат қоры экономиканың экстенсивті даму жолын жалғастыруға мүмкіндік бергенмен, интенсивті даму жолына түсугеде болады. Бірінші жолы - экономикалық биржалық тауарлар есебінен, оның ішінде көмірсутегі шикізаты мен металл есебінен экстенсивті даму. Екінші жолы - интенсивті (индустриалдық) даму. Яғни шикізатты қайта өңдеу тереңдігін ұлғайтып, кешенді пайдалану, импортты алмастыратын өнеркәсіптің басымдық салаларын дамыту, қалдықты азайтып, өнімнің тауарлық деңгейін көтеру. Мұндай орнықты даму жолы қазіргі кезде Австралияда, Канада байқалады. Отандық ғылымдардың техникалық жобаларының арқасында, сондай-ақ технология трансфетті арқылы да бұл бағытты жетілдіруге болады. Ендеше қазіргі заманғы индустриалдық даму дегеніміз ең бірінші импортты алмастыру.
Материалдық қорларды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: материалдық құндылықтары кіріске дер кезінде және толық есепке есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; құндылықтардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында кәсіпорынға қажет емес материалдық құндылықтарды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.
Енді “Оңтүстік су шар” Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Мақтаарал филиалының қаржы шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, кәсіпорын 2004 жылы көрсеткіш қызметтерден және орындалған жұмыстардан алған табысы 40 миллион 445 мың тенге болып, істелінген жұмыс пен көрсетілген қызметтің өзіндік құны 67 миллион 406 мың тенгені құраған, кәсіпорын 2004 жылды 26 миллион 961 мың тенге шығын (зиян) мен қортындыланған. Осы жоғарыдағы келтірілген көрсеткіштерден шығатын қорытынды бұл кәсіпорынды осы кездегі нарықтық қатынастар технологиясына, түбегейлі көшіруді талап ететіндігін көрсетеді.
Ол үшін: бріншіден -аудиториялық фирмадан өте білікті мамандарды шақырып, кәсіпорын активтерімен меншікті капиталын терең талдау жүргізіп, капиталды қалыптастырудың және оның тиімді жұмыс істеу жолдарын қарастыру. Екіншіден-көрсетілетін қызыметінен орындалатын жұмыстардың тарифтерін қайта көріп шығып, олардың көлемі шығындарды жауып, табыс әкелетін критерилерін анықтау.
Кәсіпорын бухгалтериясы 1 с “Бухгалтерия” компьютерлік бағдарламамен жұмыс істейді, барлық шығындарды орындалатын жұмыстардың түрлері бойынша, өзіндік құнын калькуляциялау әдісімен есептейді.
1. 1 Қазақстан республикасының бухгалтерлік есеп турасындағы заңдар мен нормативтік актілер.
Қазақстан республикасында Қазақстан Республикасы Президентінің “Бухгалтерлік есеп туралы” заң күші бар жарлығы ( № 2732 26. 12. 1995ж) қоолданылады. Осы жарлықты іске асыру мақсатында 1996 жылы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясы құрылды.
Ұлттық комиссияның алдында қойылған негізгі міндет бухгалтерлік есептің халықаралық стандартты негізінде бухгалтерлік есеппен қаржылық есеп беруді ұсыну стандарттарын жасау болды.
Бұл процеске бухгалтерлік мамандық өкілдері, ғалымдар, қаржылық есеп беруді пайдаланушылар тартылды. 1996 жылы ұлттық комиссия 20 бухгалтерлік есеп стандарттарын, субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржы-шаруашылық қызметі есептерінің бас жоспарын жасап, бекітті және олар заңгерлік сараптаудан өткізілді.
Президенттің 1997 жылғы 4 наурыздағы “Қазақстан республикасының мемлекеттік органдары жүйесін реформалау жөніндегі кезекті шаралар туралы” жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның атқаратын қызметін аясы Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит депортоментіне берілді.
Қазіргі таңда бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит департаменті бухгалтерлік есеп стандарттарын жасаумен айналысатын бірден-бір ұйым болып табылады. Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит депортоментінің негізі міндеттері мыналар болып табылады:
- Жалпы ұлттық мемлекеттік даму стратегиясын жасауға және іске асыруға қатысу
- Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы заң жобаларын жасау жұмыстары
- Бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері жөніндегі нормативті құқықтық актілерді қамтамасыз ету қабылдау
- Бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту және жетілдіру
- Аудиторлық қызметке лицензия беру
- Республикадағы маман бухгалтерлерге сертификат беру.
Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту жөніндегі жұмысты тиімді түрде ұйымдастыру мақсатында бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Депортоментінің Кеңесі құрылды.
Осы жоғарыдағы Жарлық Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепке алу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуына әзірлік процесінде сақталуға тиіс есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін ішкі бақылау мен сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғалар құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілеттіктерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық субъектілер бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді осы жарлыққа сәйкес жүргізуге міндетті.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің банк жүйесіндегі қатынастары банк туралы заңдармен реттеледі.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің міндеттері:
- Субъектіні, сондай-ақ басқада мүдделі адамдарды олардың шаруашылық қызметі туралы толық әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету.
- Субъект шаруашылық қызметі жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Уәкілді орган өз құзыретінің шегінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер шығарады.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңдар бухгалтерлік есепке алумен қаржылық есеп беру саласындағы қатынастарды реттейтін осы Жарлықтан және Қазақстан Республикасы Президентінің өзге актілерінен, заң актілері мен үкімет қаулыларын тудырады.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің принциптері: - есептеу, үздіксіздік, түсініктілік, мәнділік, елеулік, сенімділік, ақиқат-әрі әділ ұсынушылық, бейтараптық, сақтық, тиянақтылық, салыстырмалылық, дәйектілік.
Бухгалтерлік есепке алу жүйесі дегеніміз- бухгалтерлік есепке алу стандарттармен және осы Жарлыққа сәйкес шығарылатын басқа нормативтік құқықтық актілермен реттелетін субъектінің активтері, меншікті күрделі қаржысы, міндеттемелері, кірістері мен шығыстары туралы ақпаратты жинау, тіркеу және қорыту жүйесі.
Бухгалтерлік жазбалар мен құжаттарға қолмен не компьютерлендірілген жүйенің көмегімен әзірленген бастапқы құжаттар, кітаптар, журналдар, жазбалар және субъектінің шаруашылық қызметі туралы ақпараттан тұратын өзге де материалдар кіреді.
Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операцияларының жасалу фактілерін тіркейтін құжаттың электрондық үлгісінің қағаз жүзінде ресімделген бастапқы құжаттың бірдей күші болады.
Субъектінің активтеріне, меншікті күрделі қаржысына, міндеттемесіне, кірісі мен шығысына әсер ететін шаруашылық қызметінің барлық шаруашылық операциялары мен басқа да жағдайлары бухгалтерлік есепке алу жүйесінде көрініс табады және:
- бухгалтерлік жазбаларды бастапқа құжаттардың түпнұсқаларымен бірдей етіп бекемдеуді және бухгалтерлік жазбаларда барлық операциялардың көрсетілуін:
- шаруашылық операцияларының хронологиялық және уақытылы тіркеуін:
- әр айдың бірінші жағдай бас кітаптағы синтетикалық (жиынтық) есептердің қосалқы талдау (егжей-тегжейлі) есептерімен ай сайын сәйкестендірілуін қамтамасыз етеді.
Қолмен жазылған, сол сияқты компьютерлендірілген жүйенің көмегімен жүргізілген бухгалтерлік жазбалар:
- бухгалтерлік есепке алу ақпаратын қорытндылау және қаржылық есеп беруді бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес уақтылы жасау;
- оларды растайтын бастапқы құжаттарға дейін қадағалау және бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі.
Негізгі жазбалар форматын уәкілді орган бекітетін қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының жоспарында белгіленген шоттарды жіктеуге сәйкес келуге тиіс.
Субъектінің басшысы осы Жарлықтың талаптарына және осы субъектінің қажеттеріне сай келетін есепке алу жүйесін құруды әрі бухгалтерлік есеп берудің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Басшы есепке алу жұмысының көлеміне қарай:
- бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызметті құрады;
- штатқа бас бухгалтер лауазымын енгізеді:
- бухгалтерлік есепке алу ісін жүргізуді шарттық негізде мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға немесе маман бухгалтерге береді;
- бухгалтерлік есепке алуды тікелей өзі жүргізе алады.
Бас бухгалтер (штатта бас бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда бухгалтер) субъектінің бухгалтерлік есепке алуын жалпы жүргізуді жүзеге асырады, осы Жарлықтың ережелерін, бухгалтерлік есепке алу стандарттарын, қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын және қаржылық есеп берудің форматын сақтайды.
Ішкі бақылау шаруашылық операцияларын жүргізудің белгіленген тәртібінің және бухгалтерлік есепке алу стандарттарының сақталуын тексеруге арналған.
Ішкі бақылауды ұйымдастыру мен оның органдарының жұмыс істеуін субъектінің басшысы қамтамасыз етеді.
Субъект ішкі бақылауды тәуелсіз аудитор тарту арқылы жүзеге асыруға хақылы.
Сыртқы аудит жүргізген кезде аудитор бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің дұрыстығын және оның заңдар мен бухгалтерлік есепке алу стандарттарының талаптарына сәйкестігін тексереді.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің жай-күйін тексеруге бақылаушы органдар жыл сайын жүргізеді.
Субъект басшысы бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар адамды айқындайды. Бұл орайда сол адамның атқаратын лауазымына, ақша сомасының мөлшеріне, іс-қимыл саласы мен операцияның мәніне қарай қол қою құқығының бағыныңқылық тәртібі белгіленуі мүмкін.
Электронды қол қоюды пайдаланушы субъект пайдалану құқығы мен электронды қол қоюға пұрсатқа қатысты сақтық пен бақылаудың тиісті шараларын белгілеуге тиіс.
Бухгалтерлік есепке алу мен ішкі бухгалтерлік есеп берудің тіркелімін сақтау коммерциялық құпия болып табылады.
Есептік- бухгалтерлік ақпаратқа пұрсат субъектінің басшысы рұқсат берген адамдарға немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ғана беріледі.
Есептік -бухгалтерлік ақпаратқа пұрсаты бар аудиторлар және басқа адамдар иесінің келісімінсіз аталған ақпаратты жария етпеуге міндетті әрі оны жеке мүддесіне пайдалануға құқығы жоқ. Өзінің қызметтік міндеттеріне орай коммерциялық құпияға жататын ақпаратқа пұрсаты бар адамдар оны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
Субъектінің активтері, өз капиталы, міндеттемелері және ол жүзеге асыратын шаруашылық операциялар бухгалтерлік есепке алу объектілері болып табылады. Шаруашылық операциялар олар жүргізілген есепті кезеңдегі шоттарда көрсетілген.
Бухгалтерлік есепке алу объектілері міндетті түрде синтетикалық шоттарда көрсетіледі. Басшы тауар-материалдық құндылықтар мен шаруашылық операцияларды талдау есебіне алуды жүргізу тәртібін субъект қызметін бақылау міндеттеріне және оның қаажеттіліктеріне сәйкес белгілейді.
Субъектінің қаржылық жағдайын бағалауға байланысты қаржылық есеп беру элементтері субъектінің активтері, өз капиталы және міндеттемелері болып табылады.
Активтер дегеніміз -субъектінің құндық бағасы бар мүлкі, мүліктік және жеке өзінің мүліктік емес игілігі мен құқықтары.
Міндеттеме дегеніміз -тұлғаның (борышқордың) басқа бір тұлғаның (кредит берушінің) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау, мәселен, мүлкін беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және басқа не белгілі бір іс-әрекеттерін бас тартуы, ал кредит берушінің борышқордан оның міндеттерін атқаруын талап етуге құқығы бар.
Өз капиталы дегеніміз- субъектінің міндеттемелерін ұстап қалғаннан кейінгі оның активтері.
Қаржылық көрсеткіштерді өлшеумен тікелей байланысты элементтер мыналар:
- кірістер дегеніміз -есепті кезеңде активтердің көбеюі не міндеттемелердің азаюы;
- шығыстар дегеніміз - есепті кезеңде активтердің азаюы не міндеттемелердің көбеюі.
Активтер мен міндеттемелерді бағалау дегеніміз-ақша сомасын анықтау әдісі, ол бойынша осы активтер мен міндеттемелер мойындалады және қаржылық есеп беруде көрсетіледі. Бағалауды қолдану әдістері мен тәртібі уәкілді орган бекіткен бухгалтерлік есепке алу стандарттарымен белгіленеді.
Активтерді, өз капиталын, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды мойындау әдістері уәкілді орган бекіткен бухгалтерлік есепке алу стандарттарымен белгіленеді.
Бухгалетрлік ақпаратты есепке алу есептеу принциптеріне негізделеді, оған сәйкес табыстар алынған кезде, шығыстар мен зияндар шеккен кезде мойындалады ( көрсетіледі) .
Қаржылық есеп беруге мыналар кіреді:
- бухгалтерлік баланс
- қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп;
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп.
Қаржылық есеп беру уәкілді орган бекіткен бухгалтерлік есепке алу стандарттарының талаптарына сәйкес басқа да материалдармен толықтырылуы мүмкін.
Қаржылық есеп беруді субъектілер төмендегі шарттардың (соңғы екі қаржы жылындағы) кез келген екі шарты қанағаттандырылған:
- жылдық табыс зейнетақы, жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының айыппұл санкцияларын, салық және басқа төлемдерін (бұдан былай есептік көрсеткіш) қолдану үшін Қазақстан республикасының заңдарында белгіленген 1 мәрте есептік көрсеткішпен аспаған;
- активтердің жалпы құны 6 мәрте есептік көрсеткіштен аспаған;
- қызметкерлердің орташа саны қаржылық жыл ішінде
50-ден аспаған жағдайда оңайлатылған нысан жасайды.
Бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің оңайлатылған нысаны уәкілді орган бекіткен бухгалтерлік есепке алу стандарттарымен анықталады.
Шаруашылық операциялар мен олар жөніндегі есептер ұлттық валютамен - Қазақстан теңгесімен бағаланады және жүргізіледі.
Шетел валютасымен жасалған операциялар Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі операция жасалған күнге белгіленген Қазақстан теңгесінің бағамы қолданыла отырып ескеріледі.
Жылдық қаржылық есеп беру үшін есепті кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл болып табылады.
Жаңадан құрылған субъект үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталады.
Субъектілер жылдық қаржылық есепті:
Меншік иелеріне -құрылтай құжаттарына сәйкес;
Мемлекеттік статистика органдарына -тіркелген жерінде; мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына -олардың құзыретіне сәйкес табыс етеді.
Субъектілер жылдық қаржылық есеп беруді жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.
1. 2 Тауарлық-материалдық қорлардың есебін ұйымдастыру бойынша әдебиеттерге шолу.
Өндіріс барысындағы функционалдық рөлі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер -дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізгі құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет барысында өздерінің өндірілген дайын өнімдерін, сату үшін сатып алған тауарлары, жолдағы тауарларын, аяқталмаған өндірісі, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектерде, ойындары, ыдыс және ыдыстың материалдары, жартылай фаврикаттар және басқада материалдың қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады. Материалдың қорлар өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
- Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқы босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
- Материалдардың қоймада және тасмалдау кезінде түгел сақталуын бақылау
- Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
- Материалдарды өндірісте пайдаланылған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
- Материалдардың өндірісте ұйымды пайдалануын бақылау.
- Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, объектінің шығынына қосу.
Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдалануы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
- Тиісті түрде жабдықталған материалдық - қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әр қайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек.
- Материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және жабдықтай және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасалды.
Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын-ала келісіп отыруы қажет. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- Материалдардың біріңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу.
- Құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау.
- Біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- Шикізаттар
- Негізгі материалдар
- Көмекші материалдар
- Жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарын айтады. Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері -ұн, мата және тағы да басқалар жатады. Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады.
Көмекші материалдарға -әр түрлі химикаттар мен майлайтын сүртетін және жөндеуге керекті басқада материалдар жатады. Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары тағыда басқалар есептеледі.
Материалдардың номенклатурасы деп өндірісте пайдаланыт материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері тағыда басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық тізімде әр материалдық дұрыс аты, оған берілген номенклатуралық нөмірі мен өлшем бірлігі көрсетіледі.
Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір материалдың бухгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланатын материалдар номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі бір өздерінің топтары бойынша және ішкі топтары аттары, сапалары немесе мөлшерлері бойынша жіктеліп көрсетілуі тиіс.
Әрбір топқа тиісті сан жүйесі яғни шифр белгіленеді. Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбір топқа жататын материалдар санына байланысты. Материалдарға берілген шифрлар бұл материал жазылған алғашқы құжаттарда, есеп тіркемелерінде және әр түрлі кестелерде көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің және оның цифрларының аз болуы ыңғайлы әрі дұрыс болады. Материалдарға шифрлар тағайындалғанда сол шифрдан материалдардың қай шотқа, сондай-ақ қандай аралық шотқа жататынын көрсететіндей етіп тағайындау керек.
Материалдардың номенклатуралық нөмірін жеті цифрдан құрастыру ыңғайлы болып табылады. Оның алдынғы үш цифрі шоттың, келесі екі цифрды қай топқа жататынын көрсетсе, соңғы екі цифры материалдардың осы топ ішіндегі реттік санын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz