Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ..2

1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Электрондық оқулық туралы түсінік және оқулықты пайдалану саласы ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Электрондық оқулық және оның құрылымы мен қойылатын талаптар ... ... ... ... ..7
1.3 Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері ... ... ... ... ... ... ...10
1.4 Физика сабақтарында ақпараттық.коммуникациялық технлогияларды пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13


2. Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдалану...17
2.1 Физика сабағында электрондық оқулықтарды қолдану ... ... ... ... ..17
2.2 Физика пәнін оқытуда электронды оқулықты пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... .20

Қорытынды ... ... ... ... ... 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ...26
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қа¬зақ¬стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген.
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
4. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл
5. «Физика және астрономия» журналы №4, 2007 жыл
6. «Физика» журналы №6, 2006 жыл
7. М.Васильев «Энергия және адам».
8. Уделл «Күн энергиясы».
9. П.С. Непорожний, В.Н.Попков «Әлемнің энергетикалық қорлары». 1995ж.
10. Журнал «Жастар техникасы», 1990 №5
11. В.Володин, П. Хазановский «Энергия жиырма бірінші ғасыр».
12. В. С. Лаврус «Энергия көздері» , 1997 ж.
13. Интернеттен алынған материалдар.
14. Д.С. Стребков «Ауылшаруашылық энергетикалық жүйелері және экология», 1990 ж
15. Н. С. Лидоренко, В.М. Евдокимов «Фотоэлектрлік энергетиканың дамуы», 1988 ж.
16. Б.М. Берковский, В.А.Кузьминов «Қалпына келтіретін, дәстүрлі емес энергия көздерінің адамдарға қызметі», 1987 ж.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негіздері

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Электрондық оқулық туралы түсінік және оқулықты пайдалану саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Электрондық оқулық және оның құрылымы мен қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері ... ... ... ... ... ... . ..10
1.4 Физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технлогияларды пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2. Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдалану...17
2.1 Физика сабағында электрондық оқулықтарды қолдану ... ... ... ... ..17
2.2 Физика пәнін оқытуда электронды оқулықты пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 11 - бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез - құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты Қазақстан халқына Жолдауында Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. Өмір бойы білім алу әрбір қа - зақ - стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс делінген.
Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада Е-learning электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамамда қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.

1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1.1 Электрондық оқулық туралы түсінік және оқулықты пайдалану саласы
Электрoндық oқулық жaсаудағы маңызды рөлі oқулықты әдістемелік қaмтамасыз етуді жобалап алынады. Электрoндық оқулықтapмен оқытудың бapлық білім берудің негізгі кeзеңдерін автoматтандыру - оқу мaтeриалдарының мазмұнын бақылауға және қорытындысын бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген . Осының арқасында барлық міндетті оқулық материалдарын жарқын және қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске , яғни көп қолданысқа ие мультимедиалық түрін гpaфиктерде, соның ішінде интерaктивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырады.
Сондықтан тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға үшін оның жабдықталуымен және көрнекілік жағынан жақсы материалмен мультимедиалық құралдарымен қoca және компьютер экранында іске асырылуы жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән берген жөн.
Электрондық оқулық өз кезегінде оқытушыларға, бақылаушыларға, үлгі жасаушыларға және тағы басқаларға бағдарламалардың жинағының ПЭВМ магниттік сақтаушыларда қатты және жұмсақ дискілерде көшірілуін, мазмұны негізгі ғылыми оқулық тәртібінде ұстауды ұсынады. Әдеттегі электрондық оқулық жиі толықтырылады, ал егер неғұрлым нәтижелі болғаның қаласақ онда ол: практикалық кері байланысты жылдам қамсыздандырады; қажетті хабарды тез табуға көмектеседі соған қоса контекстік іздеуі, әдеттегі күрделі оқулықтан қайсысын іздеуді; маңызды гипермәтіндік түсіндірулерге аз сұрай беріп уақытты үнемдейді, сонымен қатар қысқаша мәтінмен - көрсетеді, айтып береді, үлгі жасайды және оның түсініктемесі жеке адамға арналып жасалған, білімдерді тексеру арнайы бөлімде қарастырылады .
Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері
Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің өзгешелеп көрсетуге болады:
oo бақылаусыз оқыту;
oo бақылаумен оқыту,оқытылғанәрбірпараграфтың бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;
oo қорытынды бақылау тест арқылы аяқталады.
Оқулықтың электрондық түрі бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл осы бақылау сияқты оқуда білімдерін бақылау негізгі мәселе болып отырады. Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже сияқты ауызша өткізілген еді, ал қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Көбіне осы позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды азайтады. Жаңа технологияларды пайдалану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы, жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады. Біз электрондық оқулық түрін жасадық, негізін айта келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес дайындалуына таптырма құралы деуге келеді.
Электрондық оқулық ол білім алушының дербес жұмысы үшін , күндізгі оқу және әсіресе қашықтықтан оқытудақажетті:
oo оқулық баспа әдебиеттері болғандықтан, материалдардың қарқында дамуы, естуі және оның жадымызға әсері оқулық материалдардын түсіну жеңіл түседі;
oo дайындаудың оның білім алушының қажеттіліктерімен, деңгейімен сәйкес бейімделуі, ойдың мүмкіндіктеріне және шымдануына рұқсат етеді;
oo көптеген есептеулерден және өзгертулерден азат етеді, пәннің мәніне ақылмен ойлауға, үлгілердің үлкен санын қарап шығуға және көбірек тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беру;
oo барлық жұмыс кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге арналған өте кең мүмкіндіктерді пайдалануына ықпал ету;
oo жұмысты көрнекі және ұқыпты формаға келтіруге және файлдық немесе баспадан шығару түрінде оқытушыға тапсыруға мүмкіндік туғызу;
oo шексіз шыдамды жетекшінің рөлін атқарады, түсіндірулердің практикалық шектелмеген санын береді.
oo Мұндай жетістікке жету үшін студент өз білімін жетік игере білу қажет.
Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы, өйткені ол :
oo лекцияларға және практикалық жұмыстарына өзінің қалауына бағытталады, яғни аз көлемді, бірақ мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық жұмыстардың дербес жұмысы үшін мүмкіндік береді;
oo арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы пайдалануға мүмкіндік береді; студенттермен жұмыс жасағанда, әсіресе үй тапсырмаларын мен бақылау іс-шараларын тиісті бөлімінде дербестікке мүмкіндік береді.
oo
Электрондық оқулықты пайдалану саласы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа үндеуінде Электрондық үкімет жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі көрсеткім келеді деп нақты атап көрсеткен. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз.
Электрондық оқулықтар мен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға еңбек пен шығармашылық етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас пікір жоқ. Электрондық оқулық - мултимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарды еске түсіруге зор ықпал етеді. Бір жағынан, электрондық оқулықтың жағымсыз жақтарыда бар. Бұл психология- педагогикалық талаптардың, пәнаралық қатынастың жоқтығы сияқты. Тағы айтып кетер бір жайт оның ең үлкен кемшілігі - фрагменттік бағдарлама. Ол материалды толық қамтуы үшін оқулықтарды толық аударуы, берілген материалдағы санитарлық, гигеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің графикалық мүмкіншілігінің пайдалануының нашарлығы және әлсіздігі.
Электрондық оқулықтарды пайдалану барысында оқушылардың сабаққа деген ынтасының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды көп мөлшерде алынады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде элекрондық оқулықтарды сабаққа қолдануы - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде талқылауға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен артта қалмай жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүреге асыру үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады.

1.2 Электрондық оқулық және оның құрылымы мен қойылатын талаптар
Енді электронды оқулықтың сыртқы кұрылымын, яғни қолданушыға көрінетін элементтерін қарастырсақ. Электронды оқулықтың кұндылығы оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі кұрылымда берген жөн:
1) мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с түрінде берілуі. Сонымен кодтар мұнда, қарапайым оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерлерге тән элементтер орын алуы мүмкін;
2) схемоқурс - оқулықтың мазмұны қысқартылған мәтін график түрде бейнеленуі. Бұл оқу материалының құрлымы, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдары арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті түрде есте сақтауына үлкен көмек береді;
3) өзін - өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбінесе алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін. Әрине, мұндай жүйе оқулықтың авторлары кұрған тестер қорынан тұрады және бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезінде де пайдалануға болады .
Енді электронды оқулықтың кұрамы жөнінде айтып өтсек.Электронды оқулықтың құрамында:
oo мұқаба беті;
oo мазмұн;
oo аннотация;
oo оқу материалының толық мазмұнының схемалары, графиктері, иллюстрациялары, кестелері;
oo тапсырма жүйесі;
oo бақылау тест жүйесі;
oo мәтін бөлігін іздестіру жүйесі;
oo авторлар жөнінде ақпарат;
oo программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.
Электронды оқулықтың титул экраны түрлі-түсті әдемі болуы керек. Мұнда анимация мүмкіндіктерін пайдаланып оқулықтың аннотациясын жүгіртпе жол түрінде шығарып қоюға болады.
Мазмұнын электронды оқулықтың ең маңызды кұрылымдық элементі. Ол бір жағынан оқу материалын толық қанды қамтуы тиіс, екінші жағынан бір ғана экранға сиятындай көлемде жасалуы қажет.
Аннотация -- программа жөніндеқысқашамәліметболуықажет. Жақсыэлектрондыоқулықты кұрудыңбастапқышартыоқуматериалының толықкамтылуыкерек және мәтіндер менграфиктерболуытиіс.
Тапсырма жүйесі әрбір тақырыптың соңында іске қосылуы қажет. Ол үйренушілерге осы тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді. Егер берілген тапсырма толығымен орындалмаса, үйренуші келесі тақырыпқа өтпейді. Бұл пайдаланушы үшін ізденуге, оқу материалын мұқият қайталауға мәжбүр етеді.
Тестік жүйе үйренушінің соңғы қорытындысы білімінің деңгейін бағалауға арналған. Ол текстік сұрақтар түрінде беріледі. Тестік сұрақтардың түрлері мен формаларын оқулықты жазушылар тандап, құрастырып, текстік сұрақтарға жауап берген адамдар жөнінде мәліметтер қорын кұра алуы керек.
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар
Электрондық оқулық - оқу пәнінің ғылыми мазмұнының негізін қамтитын, компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. үшін жинақталған программалардың толықтығы.
Электрондық оқулық жай оқулықтарға тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Әсіресе кері байланысты практика жүзінде тез арада қамтамасыз етуі; жай оқулықтағы мәліметтерді іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болғандықтан электронды оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді; гипертексті түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуі; жеке тұлғаға бағдарланған, яғни оның нақты бір бөлім бойынша білімді тексеруі және қысқа текстпен кодтарын көрсету, баяндау, модельдеу т.б. мүмкіндіктер жылдам орындалады;
Жай оқулықпен салыстырғанда электрондық оқулықта кездесетін кемшіліктері: экранды мәтін ақпаратты қабылдау ыңғайлылығы мен тиімділігін пайдалану барысы кұнының жоғарылығында. Компьютерлік өнімдер, оның ішінде оқыту программалары мен электронды оқулықтар саны жылдан-жылға еселенуде. Алайда, осы күнге дейін электронды оқулық қандай болу керек және қандай функциялар мен міндеттемелеріне айналу керек деген мәселе шешуін таппай отыр .
Қазіргі кезде электронды оқулықтарға келесі талаптар қойылады:
oo тандалған курс бойынша мәліметтері жақсы кұрылып және саны шектелген жаңа ұғымдары бар аяқталған курс үзінділері түрінде болғаны дұрыс;
oo текстпен қатар әрбір үзінді аудио немесе видео түрдегі ақпараттан тұру керек. "Жанды лекциялардың" міндетті интерфейстер элементі ретінде лекцияны кез-келген жерінен оқуға мүмкіндік беретін айналдыру мүмкіндігі болуы керек, текстік ақпарат "Жанды лекциялардың" кейбір бөліктерін қайталауы мүмкін;
oo күрделі модельдер мен құрылғыларды көрсететін иллюстрацияда тез пайда болатын түсіндірмелер болуы керек, олар иллюстрацияның жеке элементтері карталар, жоспарлар, схемалар бойынша қозғалысына сәйкес пайда болып және сөніп отырғаны керек;
oo керекті ақпаратты іздеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін көптеген сілтемелермен текстік бөлім қамтамасыз етілуі тиіс. Бірпәнаумағындаарнайы түсіндірмесөздікенгізілген болу қажет;
oo материалдың әдеттегі мазмұнын түсінуге қиын бөлімдері анимация немесе видеоақпарат түрінде берілгені дұрыс. Бұл жағдайда дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда пайдаланушыға 5-6 есе аз уақыт жұмсалады.
Адамға өзі көрмеген кейбір құбылыстарды түсіндіру өте қиын. Видеоклиптер уақыт масштабын өзгертуге және кұбылыстарды демонстрациялауды жылдамдатуға, баяулатуға, немесе үзіндісін таңдап демонстрациялауға мүмкіндік берді .Енді, электрондық оқулықтарды даярлаудың тиімді кұралдарын қарастырсақ. Олар:
oo дәстүрлі алгоритмдіктілдер;
oo жалпы мақсатгағы инструментальді кұралдар;
oo мультимедиа құралдары;
oo гипертекстік және гипермедиалық кұралдары;
Ал, электрондық оқулықтың жұмыс істеу режимдеріне тоқталсақ, электронды оқулықтың негізгі үш жұмыс істеу режимі бар:
oo бақылаусыз оқыту;
oo бақылаумен оқыту
oo тестік бақылау.
Мұндағы бақылаумен оқытуда материалды игеру деңгейін анықтау мақсатында әрбір тараудың соңында оқушыға бірнеше сұрақтар берілсе, тестік бақылауда баға қою арқылы білімдерін тексереді. Қазіргі кезде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Нақты пән аумағын игеру үшін теорияны игерумен қатар есептерді шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін зерттелінетін процестер мен кұбылыстардың математикалық моделін тұрғызуды үйрену керек. Оның алгоритмдік шешімін жобалау және программа түрінде жазу. Студенттердің интуициясы мен бейнелеп ойлануын дамытуға мүмкіндік берумен кодтар олардың түсіну деңгейін жоғарылатуға көмек беретін алгоритмдердің кұрылымы мен жұмысын графикалық иллюстрациясын қамтамасыз ететін модельді программалар сериясы электрондық оқулық кұрамына жоғарыдағы мақсатқа жету үшін кіруі тиіс.

1.3 Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері

Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану. Оқу процессінде компьютерлік оқулықтар, есептер жинақгары, энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау, анықтамалық жүйелер және басқа да ОКҚ-лар кеңінен қолданыс табуда. ОКҚ-ны білім берудің ақпараттық технологияларының негізгі бір түрі ретінде қарастыруға болады. Жалпы білім берудің ақпаратгық технологиялары дәстүрлі оқыту әдістері мен тәсілдерінде кейбір педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа құралдары ретінде пайданылады [1].
Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін атқаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мультимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады (кәсиби сайыстар мен іскерлік ойындар бұрынан бері кәсіби дайындық пен іскерлікті арттыру барысында қолданылып келген. Ал ақпараттық технология оларды жаңа деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге мүмкіндік туғызуда).
Сонымен ОКҚ-ның дидактика мен әдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни, ОКҚ-ны оқу процессінде пайдалану негізінде
:: окытудың сапасы артады;
:: оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;
:: оқытушылардың оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс-әрекетке (ғылыми-ізденіс және әдістемелік мәселелерді шешу, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау т.с.с.) көшуіне алып келеді;
:: оқытудың мазмұны мен құрылымдарының өзгерістеріне қарай оқу процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды жеделдетеді.
Осы айтылгандардан қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дәстүрлі құралдарға қарагаңца ОКҚ қоддану кажеттігі артып келе жатқандығын көруге болады. Сондай-ақ, ОКҚ-ны дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдармен үйлестіре қолданудың тиімділігін практика көрсетіп отыр. Дегенмен, ОКҚ компьютерсіз оқыту құралдарын толығымен алмастыра алмайды. Шындығында ОКҚ дәстүрлі құралдардың тиімді тұстарын ала отырып, оқытудың жаңа сапалық деңгейіне алып келеді.
include
main( )'жай программа*
int num;
num = 1;

ОКҚ-ның сапасы оны оқу процесінде пайдалану барысында ғана анықталады. Оның кемшіліктерінің көп болуы пайдаланушыларға ОКҚ туралы теріс пікір қалыптасуына алып келеді [2].
Қазіргі кезде көптеген ОКҚ-лардың түрлі нұсқалары дайындалып, ұсынылуда. Дегенмен, оларға жүйелі түрде талдау жүргізіліп, тиімділіктері мен кемшіліктері анықталып, олардың сапасына талаптар қойылуы, болашақ жасалатын ОКҚ-ларға ұсыныстар берілуі жеткіліксіз. Ал, шет елдерде бұл бағытта зерттеулер жүргізіліп, даярланған ОКҚ-ларға талдаулар жасалынып, олардың кемшілікгері айқындалуда. Талдаулар нәтижесінде ОКҚ-ны жобалауда жіберілетін басты кемшілігі -оны дәстүрлі оқу-әдістемелік құралдың электронды көшірмесі ретінде ғана кұрылатындығы анықталды.
Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал ОКҚ даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде ОКҚ дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. ОКҚ-да дидактика оқу материалымен қоса, программалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз ОКҚ пайда болады.
Әрине, ОКҚ үшін материалдарды дайындауда ақпараттық кұрылымдық принциптер, пайдаланушы интерфейсінің схемасы, білім мен іскерлікті бағалау критерийлері мен бақылау тәсілдері, интерактивті құралдармен жабдықталу сияқты аспектілерді ескерумен қатар, дидактикалық тәсілдер, компьютер мамандарына нұсқаулар болуы тиіс. Бұл шарттарды орындау, автордан жаңа компьютерлік дидактиканы игеруді талап етеді.
Демек, ОКҚ даярлау түрлі саладағы мамандардың бірігіп жұмыс істеуімен қатар, көп зерттеулерді, талдауларды қажет ететін өте күрделі іс, яғни, ОКҚ-ны даярлайтын мамандардың әрқайсысы өз саласында жан-жақты терең білім мен іскерлікті көрсетуі тиіс.
Қазіргі кезде, ОКҚ даярлау үшін кем дегенде төрт түрлі базалық категориялы маман керек:
- оқу материалының авторлары;
- компьютерлік әдіскерлер;
- ОКҚ жүйелік программалаушы;
- ОКҚ пайдаланушылар.
Мұндағы бірінші және төртінші категориялы мамандардың қызметі түсінікті. Қалған екі категориядағы мамандарға тоқталайық [3].
Компъютерлік әдіскер - ОКҚ-на арналған пәндік ауқымға бағдарланған, компьютерлік дидактиканы меңгерген маман. Оның атқаратын міндеттері:
- ОКҚ кұрылымын анықтау;
- психологиялық-педагогикалық стратегияны тандау;
- пайдаланылатын дидактикалық тәсілдерді нақтылау;
- бақылау формалары мен түрлерін анықтау;
- білім мен іскерлікті бағалау критерийлерін анықтау;
- оқу материалын кұрылымдауда авторға жәрдем беру, оны жеткізу формасы мен стиліне нүскаулар беру т.с.с.
Жүйелік программалаушы -- компьютерлік дидактиканы меңгерген, білім берудің ақпараттық технологиясының маманы. Ол оқу материалының ақпараттық-логикалық моделі мен ОКҚ-ның арихитектурасын құрастырады, дидактикалық тәсілдерді формальдандырады, қолданылатын модельдер мен алгоритмдер класстарын анықтап, пайдаланушы интерфейсінің схемасын жасауға қатысады. Сондай-ақ, негізгі программалық-техникалық мәселелерді шешеді (инструментальды құралдарды, берілгендер форматын, программа интерфейсін тандау). Сонымен қатар, ОКҚ-ны даярлайтын мамандардың іс-әрекеттерін ұйымдастырып, басқарады. Жүйелік программалаушының ОКҚ-ны жобалауға қатысуының кажеттілігі, ОКҚ-ның пайдаланушыларға бағдарланған сыртқы сипаттамалары мен таңдалған программалық-техникалық ерекшеліктерді үйлестіру қажеттілігінен де туындайды.
Компьютерлік әдіскер мен жүйелік программалаушының ОКҚ-ны жобалауға катысуы оның сапасының артуына ықпал етеді. Сонымен, компьютерлік әдіскер мен жүйелік программалаушы мамандар ОКҚ-ны жобалауда маңызды ролге ие

.

1.4 Физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технлогияларды пайдаланудың тиімділігі
Физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технлогияларды пайдаланудың тиімділігіне төмендегілерді қарастырсақ:
* оқушының өз бетімен жұмысы;
* аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
* білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
* шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
* қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
* қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
* экономикалық тиімділігі;
* іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
* қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
* оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу - оқытушыға сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы - бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.
Оқытушы үшін электрондық оқулық - бұл күнбе - күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.
Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша - орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары, жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды көрсете отырып, түсіндіруге ыңғайлы.
Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.
Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады.
Электрондық оқулықтың бағалық - нәтижелік бөлігі тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын электрондық оқулықпен сабақтар жүргізудің негізгі міндеттері оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту үрдісінде теориялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Физика курсының электр тогы бөлімін мультимедиа технологиясы негізінде оқыту әдістемесі
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Оқыту процесінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Оқушыларға сабақ беру үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы география, экология, экономика білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу
Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Пәндер