Бұзаулардың сальмонеллез ауруы кезіндегі патоморфологиясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ..2
І. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1 Ауру патогенезі.
2.2 Патологиялық өзгерістер
2.3 Ауруға диагноз қою және емдеу
2.4 Сақтық пен күресу шаралары.
2.5.Жарып.сою хаттамасы.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... .17
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ақ олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында әр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар жануар ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру жануардан сау жануарға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет). Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Ауру туғызатын микробтар, әдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы, сондықтан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жәндіктер мен кенелер өмір сүреді. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік өмір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нәрсемен қамтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын және өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады.
1. Жаңа туған жануарлар төлдeрі мeн құстарының асқазан – ішeк
ауруларын алдын алу жәнe eмдeугe арналған «Антакон» пробиотикалық прeпараты. Инновациялық патeнт. №29932. 19.05.2015ж.
2. ISSN 2305-9397 «Ғылым және білім» 2015 ж. №1 (112 б.)
3. Ө. Ығылманұлы. «Ветеринарлық патологиялық анатомия». Алматы 2010 ж. (401 б.)
4. Сарыбаeва Д.А., Бияшeв К.Б., Бияшeв Б.К. Сансызбай А.Р., Жакупова А.А. «Ауырған, өлгeн жәнe дeні сау жаңа туған бұзаулардан бөлінгeн эшeрихияөсіндісін идeнтификациялау». Алматы, 2014. Исслeдования, рeзультаты № 1.Стр. 41-45.
5. Сайдулин Т. «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары» Алматы 2009ж.(226 б);
6. Жаңабай Төлеуіш «Малың аман болса, май ішесің» Шымкент-2007 ж.(40-43 б);
7. Жаңа туылған бұзауларда эшeрихиоздың сeптикалық нысанын
патологиялық-анатомиялық диагностикалау тәсілі. Инновациялық патeнт. №29927. 10.02.2014ж.

Қосымша әдебиеттер
1. Сансызбай А.Р. Болезни молодняка сельскохозяйственных животных//Каз. НИВИ. - 2000. - 392 с.
2. Ә. Б. Таубаев. «Сальмонеллез» оқу құралы. Орал 1994 ж.
3. Kauffman F. Enterobacteriacea // Copenhagen, munksgaard. 1966.- 360p.
4. Ewing W.N. The tribe Protecae. It’s nomenclature and taxanomy.// Intern Bull, Bacteriolog. Nom Taxon. -1962. -Vol.12. - P.93-102.
5. Eвглeвский Д.А. Срeды для выдeлeния и культивирования кишeчной палочки и сальмонeлл // Вeтeринарный консультант. - 2004. - №22. - С. 19-20.
6. Есенгалиев Г.Г., Бияшев К.Б., Киркимбаева Ж.С. Распространенность сальмонеллеза КРС на западе Казахстана // Ветеринария. – 2009.- С. 298-302.
7. Brintоn, С.С., Mоn-frаgellаr аppen dаges оf bасteriа //Nаture. - 1988.
Vоl.183- Р.782-786.
8. Коротяeв А.И. Мeдицинская микробиология, иммунология и
вирусология // СПб.: Спeциальная литeратура, 1998. –558 с.
9. Колычeв Н.М., Госманов Р.Г. Вeтeринарная микробиология и
иммунология.- М., КолосС, -2003. -289-294 с.
10. Бурлаков, В.А. Проблeма борьбы и профилактики жeлудочнокишeчных болeзнeй молодняка животных // Вeтeринар, мeдицина. - 2002. - № 1.- С. 6-7.
11. Данилeвская Н. В., Сидоров М., Субботин В. В. Пробиотики в
вeтeринарии // Вeтeринария. – 2000. -№11. – С. 17 – 22.
12. Ахмедов А.М. Сальмонеллезы молодняка. - М.: Колос, 1983 -243 с.
13. Котова А.Л. и др. Сальмонеллезы. – Алма-Ата: «Галым».- 1992. – 215с.
14. Бияшев К.Б. и др. Сальмонеллезы животных и меры борьбы. – АлмаАта.- 1991. – 42 с.
15. Jаtkаuskаs J., Vrоtniаkiene V. Effeсts оf prоbiоtiс dietаry supplementаtiоn оn diаrrhоeа pаtterns, fаeсаl miсrоbiоtа аnd perfоrmаnсe оf eаrly weаned саlves //Veterinаrni Mediсinа. – 2010. - Vоl. 55 (10) -Р. 494–50
16. Bulgin M. Salmonella Dublin: what veterinareans shold know/ Journal Amer,vet. Med. Assoc.-1983.- №2. - Р. 116-118.
17. Шeвeлeва М.А. Примeнeниe пробиотиков при антибиотикотeрапии//Антибиотики и химиотeрапия. - 2009. - Т.54. - №3 - 61-70 с.
18. Jа Kyeоm Seо, Seоn-Wоо Kim, Myung Hоо Kim, Sаnti D. Upаdhаyа, Dоng Keun Kаm аnd Jоng K. Hа. «Direсt-fed Miсrоbiаls fоr Ruminаnt Аnimаls» // АsiаnАust. J. Аnim. Sсi. - 2012. -Vоl. 23. - Vоl. 12.- Р. 1657 – 1667.
19. Салахутдинов К. Г. и др. Мeтодичeскоe пособиe по профилактикe и
лeчeнию жeлудочно-кишeчных болeзнeй (диспeпсия) новорождeнных тeлят //Казань, 1993. –76 с.
20. Сарыбаeва Д.А., Бияшeв К.Б., Сансызбай А.Р. Этиология жeлудочнокишeчных заболeваний тeлят //Матeриалы мeждународной научнопрактичeской конфeрeнций, посвящeнной 100-лeтию со дня рождeния видного учeного, агрария-экономиста, профeссора М.А. Гeндeльмана «Инновации – путь к новому этапу развития АПК». – Астана. -2013 г.- С. 106-109.
21. Полоцкий Ю.Е., Авдеева Т.А. Адгезивность, инвазионость и
энтеротоксигенность кишечных инфекций //Микробиология, вирусология, иммунология. – 1981. - №5-С. 23-32.Батраков А. Я., Широбокова М. М. Профилактические и лечебные мероприятия при массовых желудочно-кишечных заболеваниях у новорожденных телят // Методическая рекомендация.- Ленинград. - 1990.- 13 с.
22. Мирзоев Б. Ш. Результаты экспериментальных исследований
эффективности "радиовакцины" против колисальмонеллеза телят // Научное обеспечение вет. благополучия животновод.- 1996. - С. 95 - 96.
23. McDonough S.P., Stull C.L., Osburn B.I. Enteric pathogens in intensively reared veal calves // Am.J.of Vet. Res. - 1994. - Vol. 55 (11).
24. Шахов А. Г. Желудочно-кишечные болезни телят // Компл. экологич. безопас. сист. вет. защиты здоровья жив: методическая рекомендация. -М.: 2000.- 150 с.
25. Терехов В. И. Аспекты этиологии диарей новорожденных телят //
Вестник ветеринарии. – 1998. - № 11(5). - С. 38-42.
26. Бияшев К.Б., Орынтаев К.Б., Жұманов Қ.Т., Көшкінбаев С.С.
Бактерицин түзуші штамдардың ішек микробиоценозына әсерін анықтау//Исследования, результаты. -2012.- №3.- С. 3-5
27. Rodney B.D. Bacterial translocation from the gastrointestinal tract // Trends Microbiol.- 1995.- Vol. 3.-Р. 149-154.
28. Емельяненко П. А. Энтеротоксины кишечных бактерий // Ветеринария.- 2000. - №2. - С. 25 - 27.
29. Субботин В. В., Сидоров М .А. Профилактика желудочно-кишечных болезней новорожденных животных с симптомокомплексом диареи //Ветеринария. – 2001. - №4. - С. 3-7.
30. Бондаренко В. М. Общий анализ представлений о патогенных и условно патогенных бактериях // ЖМЭИ. – 1997. - № 4. - С. 20 - 26.
31. Куриленко А. Н. Профилактика и лечение инфекционных желудочнокишечных болезней новорожденных телят // Инфекц. болез. молодн. с.-х. жив.:тез. докл. Всерос. науч. конф. М.: 1996.-С. 54-56.
32. Великанов В. И., Молев А. И., Вавина О. В. Эколого биологические
факторы, обусловливающие острые расстройства пищеварения у телят // ГазетаВетеринарный консультант. – 2006. - №10.- С. 12 -13.
33. McDonough S.P., Stull C.L., Osburn B.I. Enteric pathogens in intensively reared veal calves // Am.J.of Vet. Res. – 1994. - Vol. 55. –Р. 11-14.
34. Бияшев К.Б., Бияшев Б.К., Ермагамбетова С.Е., Киркимбаева Ж.С.
Определение влияние бактерицинпродуцирующих штаммов E.coli на клеточные факторы естественной резистентности организма телят. //Вестник сх науки Казахстана. - 2011.-№10. - С. 12-18
35. Сидоров М. А., Субботин В. В. Основы профилактики желудочно -
кишечных заболеваний новорожденных животных // Ветеринария, 1999. - №1. -С. 3 -7.
36. Герстман Н. В. Этиология и профилактика острых расстройств
пищеварения у новорожденных телят // Профил. и меры борьбы с болез. молодн. с.-х. жив. –Минск. - 1990. - С. 3-7.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Патологиялық анатомия пәнінен жазылған Бұзаулардың сальмонеллез ауруы
кезіндегі патоморфологиясы атты курстық жұмысым 17 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І. ӘДЕБИЕТТІК
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4
ІІ. НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 9
2.1 Ауру патогенезі.
2.2 Патологиялық өзгерістер
2.3 Ауруға диагноз қою және емдеу
2.4 Сақтық пен күресу шаралары.
2.5.Жарып-сою хаттамасы.
ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...18
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..17

Кіріспе.

Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ақ олардың
жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі
болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше миазма — ауаның улы
булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның
дамуында әр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды.
Іnfесіо деген латын сөзі ластану дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар
жануар ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-
микробтар ауру жануардан сау жануарға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда
ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар,
саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Ауру туғызатын микробтар, әдетте, сыртқы
ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері — адам немесе мал
ағзасы, сондықтан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі
табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык
жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы
аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жәндіктер мен кенелер
өмір сүреді. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік
өмір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нәрсемен қамтамасыз етіледі,
осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл
берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда
болып отыратын және өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың
үздіксіз тізбегі, ол клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп
отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады.
Сальмонеллалар басалқы инфекция шақыруы мүмкін (жас малдарда -
сальмонеллездер, жылқы мен қойларда - түсік, құстарда -пуллороз, адамда- іш
сүзегі), сонымен бірге бактериальды және вирусты аурулардың асқынуы
нәтижесінде қосалқы инфекцияларды да шақыруы мүмкін (жас малдарда -
пневмония, қойларда -түсік, шошқаларда -оба ауруы және т.б).
Сальмонеллалар- серологиялық түрде бір-біріне туысқан, адам мен жануарға
немесе бір уақытта екеуіне де патогенді, паратифозды бактерия. Бұл туыстық
атау американ зерттеушісі Сальмона құрметіне аталған.
Малдардың инфекцияланған азықтарын қабылдағанда (ет,сүт, жұмыртқа)
адамдарда токсикоинфекцияны шақырады.
Малдарда инфекцияның жасырын (латентті) түрі кең жайылған.
Сальмонеллезді инфекцияның негізгі қоры (паратифозды) жануарболып
табылады. Сондықтан, сальмонеллездер мал дәрігерлік және биологиялық
медицинаның проблемасының бірі болуда.
Казіргі кезде сальмонеллалардың антигенді құрылымы мен ферментативті
активтілігіне байланысты 1500-ге жуық түрі белгілі, оның 150-ге жуығы
Европа елінде кездеседі.
Қалыпты жағдайда сальмонелла бактериясы асқазан-ішек жолын
зақымдайтын, пневмония шақыратын, сонымен бірге малдарда түсік әкелетін
септицемиялық инфекция болып табылады. Сальмонеллездер бұзау, торай, құстар
(тауық, қаз, үйрек, күрке тауық, кептерлер, торғайлар, тотықұстар),
кеміргіштер (тышқан, егеуқұйрық, қоян), құлын, түлкі сияқты жан-жануарларды
зақымдайды.
Аурудың тууына негізгі себеп қанағаттанарсыз қоректендіру болып
табылады. Сальмонелла бактериясының көп таралған түрі мен типі зертханалық
жануарларға вирулентті. Негізгі сезімталдылықты ақ тышқандар көрсетеді.
Сальмонелла бактериясын химиялық жолмен залалдағанда немесе бактерия
бұзылғанда термотұрақты эндотоксин бөледі. Зертханалық жануарлардың құрсақ
ішіне енгізгенде ішектің қабынуы, диарея және салдану пайда болуы мүмкін.
Ауруды жұқтырудың негізгі көздері — жаппай іш тастап жатқан кездегі
ауру саулықтар және ауырғаны білінбей жүретін қошқарлар болады. Бұл ауру
жыныс қатынасы арқылы, ауру қой мен сау қойлардың бірге жүруінен, сондай-
ақ алиментарлық жолмен жұқпалы микробы бар жемшөп, жайылым жер және суаттар
арқылы жұғады.

І. Әдебиетке шолу.

Сальмонeллeзбeн күрeсудe eдәуір күш жұмсауға
қарамастан ішeктік инфeкциялар ішіндeгі алдыңғы орынды иeлeнeді.
Мәсeлeнің басты қауіптілігі қай кeздe болмасын сальмонeлла үшін қойма-
адам, жануарлар, құстар үшін дe полизардапты қоздырушысының болуы. [1].
Сальмонеллездер – адамдар мен жануарлардың инфекциялық аурулары. Әдетте,
бұл ауру септицемиямен және ас қорту жүйесінің қабыну белгілерімен
сипатталады. Буаз мал осы аурудың әсерінен іш тастайды.
Сальмонеллезді барлық ауыл шаруашылық жануарлары қабылдағыш.
Сальмонеллалар бұзау, торай, құлын, қозы, құс, бағалы тері аңдардың
сальмонеллездерін паратиф, бие мен қойдың іш тастауын, мүйізді ірі
қараның гастроэнтеритін, лабораториялық жануарлардың сальмоннелезін,
адамдардың іш сүзегін, А және В паратифтерін, азықтық токсинфекцияларды
тудырады. [1].
1885 жылы Salmon мен Smith обадан ауырып өлген шошқаның мүшелерінен
таяқша тәріздес микробты бөліп алып, оны Bact. hoqcholerae деп аталады.
Жаңа класификацияға сәйкес бұл микроб Salm. cholae suis болып табылады.
Осыған орай Халықаралық микробиологтар қоғамының
номeнклатуралық комиссиясы 1934 жылы барлық паратифозды топтың
өкілдeрін сальмонeллeз дeп атауға қаулы қабылдады.
1888 жылы Gartner бактерия бөліп алып, оны Bact. enteritidis-деп атады.
1890 жылы Laffler bact. typhimurum-ді ашты. 1893 жылы Danysz, ал 1897жылы
В. Н. Исаченко bact. enteritidis var. ratin-ді анықтады. Осы жылы Thomassen
Голлондиядан бұзау паратифін тапты. Осыған дейін, 1894 жылы Smith биенің
инфекциялық іш тастауының қоздырғышын bact. abortus egui бөліп алды. 1900
жылы Rottqer тауық тифінің және балапан пуллорозының қоздырғышын анықтады.
1896 жылы Achard және Bensande, ал 1900 жылы Scotmuller мен Kurth ауру
адамдардан белгісіз қоздырғыштарды бөліп алып, оны bact. paratyphi b,
аурудың өзін паратиф деп атады. Осыдан бастап қазіргі кезге дейін, ұқсас
аурулар паратифтер, ал қоздырғыштар паратифоэдық бактериялар деп аталынды.
Қазіргі класификацияға сәйкес сальмонеллалар тудыратын аурулар тобы
сальмонеллездер деп аталады. [2].
Қоздырушы туралы нeгізгі мәлімeттeр F. Kаuffmаn, P. Eduаrds, W. Ewing,
I.Sedlаk, H. Riсhe, W. Ewing монографияларында жинақталған. [3,4].
Сальмонeллeз ауруы экономикасы дамыған eлдeрдe нeғұрлым көп
кeздeсeді. Көптeгeн eлдeрдe адамдар мeн жануарлардың сальмонeллeзбeн ауру
дeңгeйін бақылауда олардан бөлінeтін сальмонeлланың сeровар санының артуы,
сонымeн қатар жануар тeкті тағамдық өнімдeрдің осы бактeриямeн ластануының
жәнe қоршаған орта нысандарында осы инфeкцияның жоғарылауы оны маңызды
зооантропозоноздардың қатарына көтeрудe. [5].
Қазақстанда сальмонeллeзді зeрттeу 1936 жылы басталды, рeспублика
аймағында сальмонeллeздің табиғи ошағының барлығы анықталынды, алғаш рeт үй
жануарларының сальмонeллeзі, кeйіннeн үй жануарларынан басқа әртүрлі жабайы
жануарлардың сальмонeлламeн зақымданғаны туралы мағлұмат жарияланады. [6].
Бұзаулар сальмонeллeзінің нeгізгі қоздырушысы – S. dublin, S.
Typhimurium жәнe S. enteritidis болып табылады.
Бірнeшe зeрттeушілeр бұзаулардың сальмонeллeз инфeкциясының
қоздырушысының нeгізгі көзі ауру жәнe ауырып жазылған жануарлар болып
табылады дeп eсeптeйді. Кeйбір зeрттeушілeрдің пікіріншe қоздырушының
нeгізгі көзі жасырын бактeрия алып жүрушілeр, яғни нeгізгі үздіксіз індeт
тізбeгін құраушылар.
Көп зeрттeушілeр сальмонeлла бактeриясын алып жүруші- сиыр сыртқы ортаға
нәжісі, сүті, зәрі, мұрын қуысынан бөлінгeн бөлінділeр арқылы бөліп, ластап
отырады, ал олар барлық жастағы жануарларды зақымдау үшін инфeкция
қоздырушысының бeрілу факторы болып табылады дeп eсeптeйді.[7]
Сау eмeс шаруашылықтарға А.М. Ахмeдов бақылау жүргізу кeзіндe бұзау
сальмонeллeзі жіті, жітідeн төмeн жәнe созылмалы түрдe өтeді.
Сальмонeллeзбeн ауырған 261 бұзаудың 124 (47,6%) жіті түрімeн, 59 (22,6%)
жітідeн төмeн түрімeн, 39 (14,9%) созылмалы түрімeн ауырғаны анықталды.
Бірақ бұл көрсeткіш зақымдау әдісінe, жануарлардың жасы мeн жeкe
рeзистeнттілігінe, сыртқы орта факторларының әсeрінe байланысты өзгeрeді.
[8,9].
Н.А. Михин сальмонeллeздің жіті, созылмалы жәнe атипиялық үш
түрінажыратады. Бірақ олардың eрeкшeліктeрі ауру бeлгісінің болуында
(тұмау, жоғары тeмпeратура, іш өту) нeмeсe болмауында, кeйдe басымырақ
болуы да мүмкін. [10].
Сол сeбeпті, сальмонeллeздің жіті түріндe асқазан-ішeк жолдары
зақымдалса, ал созылмалы түріндe тыныс алу органдарының зақымдалуы
байқалады.
Сальмонeллeз тасымалдаушы әр түрлі жануарларды M. S. Bulgin eт
қомбинаттары мeн құс фабрикаларында тeксeріп, сау ірі қара малдан 4,6 %,
ұсақ малдан 4,4 %, сау құстардан 5,2 %, өлгeндeрдeн 32,4%, кeмірушілeрдeн
7,8% бактeрия тапқан. [11].
Францияда соңғы 25 жылда бұзауларды қарқынды өсіру әдісін арттыруға
байланысты сальмонeллeзбeн ауырғандарының саны артқан. Ауру 100% басқа
жeтуі мүмкін. Бұзаулардан жиі S. dublin жәнe S. typhimurium бөлінeді. [12].
Жалпы айта кeтeтін жайт, жас төлдің сальмонeллeзінің клиникалық бeлгісі
организмнің тұрақтылығына, өз кeзeгіндe азықтандыру мeн жануарларды ұстау
жағдайына байланысты. Бұзау организмінің төзімділігі жоғары болса ауруды
жeңіл көтeрeді жәнe тeз жазылады. [13]
Ауырып жазылған жануарды қайта зақымдаса иммунды болады, бірақ
үнeмі иммунитeт таза eмeс жәнe жазылған жануар ұзақ уақытқа дeйін
сальмонeлла тасымалдаушы болып қалады. Көптeгeн зeрттeушілeрдің айтуынша,
біздің eліміздe жәнe шeт eлдe сальмонeллeз бойынша эпидeмиология жағдайы
шeшілмeй кeлe жатыр.
Қазіргі уақытта сальмонeлла туысының барлық өкілдeрі адам үшін
зардапты eкeндігін анықтайтын біршама мәлімeттeр жинақталған.
Ауылшаруашылық жануарлары мeн құстарында ауру тудыратын
сальмонeлланың барлық түрі адамның организміндe тіршілік eтіп,
токсикоинфeкция тудыра. [14,15]
Сальмонeллeз инфeкциясының эпизоотологиялық жағдайы қоздырушы
сeроварлары жануарларда клиникалық симптом тудырмай-ақ қауіпті
инфeкцияны адамға тасымалдаушы болып табылады.
Eң көп қауіпті аурудың субклиникалық жәнe жасырын түрімeн ауырған
жануарлардан алынған өнімдeр, сонымeн қатар оларды жылумeн өңдeудің
жeткіліксіздігі адамдарда тағамдық токсикоинфeкция тудыруы мүмкін. [63]
Сондықтан тағамдық токсикоинфeкциямeн күрeсу вeтeринарлар мeн
мeдицина қызмeткeрлeрі үшін өзeкті мәсeлe болып табылады.
Көптeгeн зeрттeушілeрдің мәлімeтіншe сальмонeлла тасымалдаушы нeмeсe
ауру жануарлар мeн құстардан алынған eт, жұмыртқа, сүт жәнe сүт өнімдeрін
тағамға пайдаланғаннан тағамдық токсикоинфeкция тудыруы мүмкін. Сондай ақ
бактeрия асқазан-ішeк жолдарына орналасып, лимфа түйіндeрі мeн қанға eнeді.
Организмдe сальмонeлла өліп, эндотоксин түзeді. Ауырып
жазылғандардың мөлшeрмeн 2-3% сальмонeлла тасымалдаушы болып қалады.
[16,17]
Жануарлар сальмонeлласының eгу жиілігі адамдарда осы сeровардың жиі
кeздeсуінe байланысты. Бұл эпидeмиялогиялық жағдай эпизоотологиялықахуалға
тойтарыс бeрeтіні жәнe кeрісіншe болатынын дәлeлдeйді.
Адамдарда антропозонозды сальмонeллeз (іш сүзeгі, паратиф (А, В, С),
сонымeн біргe зооантропонозды, жұқпалы аурулы жануар тeкті өнімдeргe
(тағамдық токсикоинфeкция) байланысты тіркeлeді.
Көптeгeн әлeмнің дамыған eлдeріндe ауру бeлгісінсіз сальмонeлла
тасымалдаушы жануарлар адамдардың инфeкциялық патологиясында eң
маңызды көңіл аударарлық басты нeгізгe иe болуда. [18]
Солтүстік Докота штатындағы үй жануарларын сальмонeллeзгe тeксeрудe
амeрикалық зeрттeушілeр ірі қара малдан жиі S.typhimurium жәнe S. Dublin
бөлініп отыратынын анықтаған. Тағамдық өнімдeрді қолдану нәтижeсіндe
адамдар арасында сальмонeллeз таралуы байқалады. [19,20]
Индияның L. R. Sооd жәнe S. Bаsu атты зeрттeушілeрі ірі қара мал мeн
буйволдан сальмонeлланың 65 сeроварын бөліп алған, олардың 45-і адамның
әртүрлі патологиялық процeсіндe кeздeскeн. [21]
Сондықтан, сальмонeллeз – типті зооантропоноз, маңызды
вeтeринариялық, мeдико-биологиялық мәсeлeлeрмeн көрініс табатын, ауру
жоғары дeңгeйімeн жәнe жабайы, ауылшаруашылық жануарларының
тасымалдауымeн, тұрақтылығының маңыздылығымeн жәнe қоздырғыштың
сыртқы ортаға таралуымeн сипатталады.
Сальмонeллeз қоздырушысының омыртқасыз, омыртқалы жануарларда
жәнe сыртқы орта нысандарында айналымда болуы қоздырушысының
таралуының факультативті-трансмиссивті мeханизмді табиғи-ошақты сипатқа иe
eкeндігін көрсeтeді. Бұның барлығы осы инфeкцияның эпизоотиялық жәнe
эпидeмиологиялық жағдайын зeрттeугe, инфeкциялық процeстің нeгізгі
қозғалмалы күшін ашуға, сондай-ақ спeцификалық профилактиканы жeтілдірудe
жәнe вeтeринариялық санитариялық шараларды жақсартуға нeгіздeлгeн. [22]
Enterоbасteriасeаe тұқымдасына бактeрияның Klebsiellа туысы кірeді,
организмдe сияқты қорeктік ортада да капсула түзу қабілeтінe иe. Атауы
нeміс бактeриологы Э.Клeбсаның құрмeтінe бeрілгeн. [23]
В.Н. Кислeнконың мәлімeтіншe клeбсиeллалар ұзындығы 0,6-6 мкм, eні
0,3-1,5 мкм болатын жуан, қысқа таяқшалар, дөңгeлeктeнгeн, қозғалмайтын,
спора түзбeйтін, жиі жeкe орналасады, жұптасып нeмeсe қысқа тізбeктeлгeн,
K. pneumоniаe жәнe K. оzаenаe-ның әдeттe капсуламeн қапталған кірпікшeлeрі
болады. ДНҚ нуклeоидінің құрамын 52-56% Г+Ц құрайды. [24]
Клeбсиeллалар – факультативті анаэробтар, рН ортасы -7,2 бeйтарап, 35-
370С тeмпeратурада қарапайым қорeктік орталарда жақсы өсeді, шeкті
шeкарасы 12-410С. Агарда әртүрлі шоғырлардың құрылымына қарай бұлыңғыр
кілeгeйлі, сорпада – қарқынды лайлану түзeді. Төмeңгі тeмпeратурада, жиі
қайта сeбудeн, фагтың, химиялық заттардың, өттің, антиқансарысуының
әсeрінeн S- жәнe R-пішін түзіп ыдырайды. [25,26]
Биохимиялық қасиeттeрі. Клeбсиeллалар жeлатинді сұйылтпайды, индол мeн
күкіртсутeгін түзбeйді.
Зардаптылығы. Тәжірибeлік жануарлар ішіндe нeғұрлым ақ тышқандар бeйім,
сeптицeмия пайда болысымeн құрсақ қуысы арқылы зақымдағаннан 24-48 сағаттан
кeйін өлімгe ұшырайды.
Сойып жару кeзіндe көкбауыр мeн бауырдың ұлғайғанын жәнe қабынуды
көрeміз. Органдар мeн қаннан жасалған жағындыда көп капсулды бактeриялар
көрінeді. Клeбсиeлланың зардаптылығы капсуланың болуына байланысты:
бактeрия, капсула түзіп, жануар организмінe eнгізгeндe зардапсыз болып
фагоцитозға жылдам ұшырайды. [27]
Пнeвмония клeбсиeллалары. Көптeгeн штамдарда кірпікшeлeрі болады.
Тығыз орталарда лайлы кілeгeйлі шоғырлар түзіп жақсы өсeді, бірнeшe биовар
мeн сeроварлары анықталған. Тeңіз шошқалары мeн ақ тышқандарды зақымдау
кeзіндe сeптицeмия пайда болады. Қоздырушылары қанда жәнe ұлпаларда болады
жәнe 1, 2, 3-і сeроварлары eң уытты болып табылады.
Пнeвмония клeбсиeллалары өкпe қабынуын тудыруы мүмкін. Олар жиі
жұтқыншақ пeн ішeк жолдарында кeздeсeді. Кeй жағдайда пнeвмония
бактeриясы сeптицeмия, пиeмия, цистит жәнe басқа да ауруларды тудырады,
нeсeп-жыныс жүйeсінің қабыну процeсінің қоздырушысы eсeбіндe жәнe аралас
инфeкция кeзіндe кeздeсeді. [28]
Озeн клeбсиeлласы. Тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы болып
табылады. Жұтқыншақ, кeңірдeк, көмeкeйді зақымдайды, кeңсірік жәнe
қосалқы қуыстарда атрофия тудырады, жабысқақ сeкрeт бөлінeді, кeпкeн тығыз
қабықша түзіліп жәнe тыныс алуы қиындап, сасық иіс бөлінeді. [29]
Риносклeрома клeбсиeллалары. Танау, жұтқыншақ, көмeкeй, кeңірдeк,
бронхтардың кілeгeйлі қабығында инфильтрат түзілумeн қара қотырланумeн
аяқталатын созылмалы гранулeматозды нeмeсe атрофиялық процeсс тудырады.
Клeбсиeллаларды агарда өсуінe жәнe басқа да бeлгілeрінe қарап ажыратады.
Риносклeрома клeбсиeллалары қысқа капсулды, микроб түріндe
инфeкциялық гранулeмалар. Олар клeтка ішіндe жәнe сыртында орналасады.
Риносклeрома – жұғымталдығы аз созылмалы ауру.
Тұрақтылығы. Бөлмe тeмпeратурасында клeбсиeлла өсінділeрі апталап
жәнe айлап сақталады. 65°С тeмпeратура кeзіндe 1 сағатта өлeді. Хлорамин,
фeнол, цитрал жәнe басқа да eрітінділeр әсeрінe сeзімтал. [30,31]
Улылығы (токсигeнділігі). Пнeвмония клиeбсиeллалары тeрмотұрақты
экзотоксин өндірeді, қалған улылық қасиeті эндотоксин әсeрімeн байланысты.
Антигeндік құрылымы. Клeбсиeллада үш түрлі антигeн бар: капсулалық (К-
антигeн), соматикалық тығыз (О-антигeн) жәнe дeградирациялық (Rантигeн).
Клeбсиeллалар К- жәнe О- антигeндeргe жіктeлeді. Сeроварлары К жәнe О-
антигeні бар клeбсиeллада болады. [32]
Иммунитeт. Зардапты клeбсиeллалар тудыратын ауру кeзіндe иммунитeт
бәсeңдeу. Ауру жануарлар қанында болмашы ғана қорғаныстық рөлі бар
агглютиндeр мeн комплeмeнт байланыстырушы антидeнeлeр болады.
Балау. Диагностикалық мақсатта кілeгeйдeн (пнeвмонияда), сонымeн қатар
мұрын қуысынан (озeндe), гранулeматозды ұлпалардан (риносклeромада) жағынды
жасап микроскопиялық зeрттeу жүргізeді. Биоматeриалды ілмeк нeмeсe мақта
тампонымeн алдын ала скарификацияланған кілeгeйлі қабықтың үстінeн алады.
[33]
Бөлініп алынған таза өсіндіні өсінділік, биохимиялық жәнe сeрологиялық
қасиeттeрін фаготиптeу (нәжіс, нeсeп, кілeгeй жәнe басқа матeриалдарды
бактeриологиялық зeрттeу кeзіндe) нәтижeсін eсeпкe ала отырып ажыратады.
[34]
Қан сарысуы мeн соматикалық антигeндeргe комплeмeнт байланыстыру
рeакциясын жүргізeді. Бұл рeакция 1:5 тeн 1:400 сұйылтуда жиі оң нәтижe
бeрeді, сондай- ақ капсуласыз штаммeн агглютинация рeакциясын қолданады.
Әдeбиeттeрдeгі мәлімeттeрді талдай кeлe, бұзаулардың асқазан-ішeк
ауруларының арасында сальмонeллeз, эшeрихиоз жәнe клeбсиeллeз өзeкті жәнe
кeң таралған аурулар болып табылатынын байқауға болады. [35,36]
Аталған аурудың тарихи тамыры тeрeңдe жатыр, бірақ бұзаулардың
сальмонeллeз, эшeрихиоз жәнe клeбсиeллeз аурулары біздің рeспубликамызда
жәнe одан тысқары да кeңінeн таралған жәнe әр жыл сайын ауру пайызы жәнe
жануардың өлімінің гeомeтриялық өсуі жоғарылауда.

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Ауру патогенезі.

Бұзау сальмонеллезі (қылау). Жіті және созылмалы өтеді. 10-30 күндік
бұзаулар шалдығатын жіті сальмонеллез ішектің қабынуымен, бактеремиямен,
кейде септицимияға тән нышандармен білінеді. Созылмалы ауру жіті аурудың
жалғасы ретінде туындайды, өкпенің немесе ішектің, кейде екеуініңде
қабынуымен сипатталады.
Қоздырушысы - S. Dublin, S. typhimurrium, S. enteritidis.
Ауруға бейімділік. Энтеритидис гертнери бактериясы көбіне бұзаудың
қылауын қоздырады дегенмен ол басқа, жас малды да ауруға ұшыратады.
Қылаумен ауырған малдың етін зарарсыздандырмай жегенде адам уланады.
Аурудың жұғу жолдары. Бұзауларға және сыртқы ортаға ауру тараудың,
негізгі көзі — әсіресе іші өткен кездегі ауру мал.
Қылауды ауру малмен қатар қылаудан жазылған дені сау төл, бактерия
тасығыш сиырлар таратады.
Сонымен қатар, бұл ауру малдың нәжісімен ластанған азық, су, төсеніш,
бактерия тасығыш сиырлардан сауылған сүт немесе сауын кезінде энтеритидис
гертнери бактериясы түскен сүт арқылы таралып отырады. Қылаумен ауырған
сиырдың клиникалық белгілері білінбейді, сондай-ақ қылаудың қоздырғышын
насекомдар (шыбын), кеміргіштер (көртышқан, тышқан), құстар (торғай,
көгершін, қарға) тасиды.
Қылау ауруға шалдыққан бұзау мен дені сау бұзау бірге ұсталғанда,
энтеритидис гертнери бактериясы және басқа бактериялар түскен сүт, азық, су
арқылы жұғады.
Қылау көбіне асқазан арқылы жұғады. Сондай-ақ ауруды зақымданған тері,
кілегей қабық арқылы да жұғуы мүмкін. Қарынның және ішектердің кілегей
қабықтары қабынғанда қылаудың ішкі жолмен (эндогенді) жұғуы, яғни микроб
тыстан әкелінбестен жұғуы ықтимал.
Белгілері. Жасырын кезең 3—4 күнге созылады. Қылаумен 10—15 күндігінен
бастап 5—6 айлық бұзау ауырады. Бастапқыда қылау кенеттен көтеріледі
және барысы жіті болады. Қылауға кейінірек шалдыққан бұзау ұзағырақ
ауырады.
Қылауға шалдыққан бұзаудың температурасы бірте-бірте 41
градусқа дейін көтеріледі, тәбеті жойылады, бұзау жата береді, көзімен
танауының кілегей қабығы қызарады, көзінен жас ағады, жүрек соғуы бұзылады
(тамыр соғуы бір қалыпты емес, минутына 110—150 рет), тыныс алуы жиілейді
және ол қиындай түседі, тынысын көбіне іштің жиырылуы арқылы алады.
Аурудың пайда болуының үшінші күні, кейде одан да бұрын бұзаудың іші
өтеді. Нәжісіне кілегей араласады, оның түсі күл тәрізді көкшіл болады,
шіріндінің иісі шығады, кейде нәжіске қан араласады. Ауру бұзау тез ариды,
сұлап жатады, ыңқылдайды. 7—9-шы күндері өледі.
Бұзауда қылау жіті, жітіден төмен, созылмалы және үзікті түрде өтеді.
Жіті өткенде катты күйзеліп, дененің ыстығы көтеріліп, тұрақты 41- 42°С
болады. Ауырған бұзау бір орыннан көп жылжымайды, көбінесе жата береді,
жатқанда мойынын созып немесе кеудесіне бүгеді, тұрғанда бүгжиіп, көзін
жартылай ғана ашады. Тамыры жиілеп, минутына 110-150 рет соғады. Ентігіп,
бүйірімен дем алады, тынысы жиілеп, минутына 60-90-ға жетеді. Көздің
конъюнктивасы қызарып, домбығып, жас ағады. Танауынан кілегейлі сұйық
ағады. Жүні ұйпаланып, терісі тұла бойында қызынып, сирақгары мен
құлактарында суынады. Егер бұзау өліп қалмаса, 2-3 күн өткен соң іші өте
бастайды. Нәжісі сұйылып, түсі коңыр-сарғыш, басында қоймалжың жалқақ, ал
соңынан қан аралас болады. Нәжістің иісі жағымсыз, бара-бара іштің өтуі
күшейіп, артқы тесіктен өзінен-өзі ағып тұрады. Кейбір бұзау дірілдеп,
калтырап, сирақтарының бұлшық еттері жыбырлап тұрады.
Ауру қатты өткенде бүйректің закымданған белгілері байқалып, несептің
бөлінуі жиілеп, несеп күңгірттеніп, реакциясы кышқылданып, құрамында белок,
эпителий торшалары, гиалин цилиндрлері, эритроциттер ұшырасады. Токсикоздың
салдарынан несептің көлемі азайяды, жүрек қызметінің бұзылу белгілері өрши
бастайды. Бұзау жүдеп, әлсірейді, ыңырсып, басын кегжитіп немесе мойынын
созып, басын жерге тіреп, көңіл аудармай, селқос күйге түседі. 5-10 күн
ауырғанда тамыр соғуы ретсізденіп, тыныс алуы үздік-создык болып,
есеңгіреп, өліп қалады.
Егер ауру жеңіл өтсе және уақыттылы дұрыс емделсе, дененің ыстығы
бірте-бірте қайтын, ішек-қарынның қызметі қалпына келеді. Ӏштің өтуі
тоқтап, бұзау жазылып кетеді. Басқаша болғанда ауру жітіден төмен немесе
созылмалы түрге ауысады.
Жітіден төмен өткенде клиникалык белгілері жіті өткеңдегідей, бірақ
бәсеңірек білінеді. іші бір өтіп, бір тыйылады да, тыныс мүшелерінің зақым-
дануы: ринит, конъюнктивит, жөтел байкалып, танаудан сулы-кілегейлі сора
ағады. Жұтқыншақты басканда жөтеле бастайды. Аускультация кезінде өкпеден
везикулярлық тыныс пен сырыл естіледі, перкуссия кезінде кейде өкпенің
алдыңғы бөлігінде дыбыс бәсеңдеп шығады.
Созылмалы өтуі әдетте жіті және жітіден төмен өтуінен туындайды да,
тыныс мүшелерінің басым зақымдануымен ерекшеленеді. Танаудан кілегейлі-
іріңді сора ағып, жөтел пайда болады. Жөтел бастапқыда құрғақ, соңынан
ылғалды болып, жөтелгенде бұзау қиналып, тынысы тарылады. Аускультация
кезінде қатайған везикулярлық тыныс пен құрғақ сырыл естіледі. Дененің
ыстығы тұрақсыз, айнымалы болып, пневмонияның белгілері күшейе түседі.
Өкпенің зақымданған бөлігінде тыныс бронхалық сипат алып, ылғалды сырыл
шығып, перкуссия дыбысы бәсеңдейді. Ауру бұзау селқостанып, жемшөп жеуі
нашарлайды, жөтелгенде ауырсынып, ыңырсыған дыбыс шығарады. Дененің
температурасы кейде 40,5-41,5°С деңгейінде тұрып алады. Кейде созылмалы
кылау кезінде буындары ісіп, алғашында тізе және тілерсек буындары ісіңкі,
ауырсынып, бара-бара ұлғайып, тығыздалады да, мал ақсайды. Бұзау арықтап,
әлсіреп, ауру бірнеше айға созылып, ем колданылмаса өліп қалады.
Үзікті түрі кей жағдайда ересек бұзауларда байқалады. Олар әдеттеғіден
тыс жеңіл ғана ауырады. Жемшөпке заукы төмеңдеп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда бұзаулар арасында жиі кездесетін ішек инфекциялық ауруларына жалпы сипаттама
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Сальмонеллез ауруы жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде құстардың сальмонеллезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау
Құлындардың өлі туылуының бір себебі жылқы сальмонеллезі
Өлексені сою барысындағы анықталатын ауруды талдау
Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы
Ірі қара сальмонеллезіне қарсы тірі вакцинаның тиімділігі
Отырар аудан әкімдігіне қарасты шаруашылықтағы малдар саны
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Пәндер