Ш. Уәлихановтың бірінші саяхаты



1 Шоқанның Ыстықкөл, Құлжа саяхаты
2 Шоқанның мезгілсіз қайтыс болуы
1856 жылы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Ыстықкөл, Құлжа саяхатына, ол кезде бүкіл Алатау алқабын, Жетісу өлкесін билейтін полковник Хоментовскийдің әскери-ғылыми экспедициясынын, құрамында шықты. Хоментовский Ыстықкөлді топографиялық картаға түсіре бастағанда Шоқан одан бөлініп кетіп, қырғыз халқының тарихын, ауыз әдебиетін, ән-күйін, салт-сана, әдет-ғұрыпын беріле зерттеді.
Бұдан кейін ол Россия империясының, оның ішінде сыртқы істер министрлігінің арнайы шығарған жарлығымен осы жылдың август айында Қытай шекарасынан өтіп, Құлжаға елші болып барды.

Шоқанның Ыстықкөл, Құлжа саяхаты зор табыспен аяқталды. Атап айтқанда ғалым саяхаты бұрын дүниежүзі ғылымына беймәлім қырғыз халқы туралы бай материал берді. Бұл халықтың, XVII ғасырға дейін Енисейден бастап Саян, Алтай таулары арқылы Тянь-Шаньға дейін көшіп жүргенін, онан соң жолды ойраттар басып алып, өткізбеген соң сол тауда мекендеп қалғанын анықтады. Сондай-ақ атақты «Манас» жырын жазып алып, үзінділерін орысшаға аударып жариялады, Шоқан зерттеуіне дейін қырғыз, қазақ халқын ешбір айырмай бәрін де «қырғыз» деп келсе ғалым: «Бұл екі халықтың тіл жағынан да, үрім-бұтақ, әдет-ғұрып жағынан да айырмасы бар» деп атап көрсетті. Ш.Уәлихановтын, Ыстықкөл, Құлжа саяхатының материалдары негізінде жазған «Ыстықкел саяхаты», «Қытай империясының батыс провинциясы Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы», тағы басқа еңбектері бізге қолжазба түрінде жетіп, совет дәуірінде ғана кең жарияланды. Ш. Уәлихановтың үшінші саяхаты. 1858-1859 жылдары Шоқанның, жасырын түрде барып, европалықтарға қақпасы жабық болған Қытайдың батыс провинциясы «Алты шаһарды»— алты қаланы зерттеп қайтуының дүниежүзілік маңызы болды. Өйткені бұл өңір бұрын ғылымға беймәлім еді. Шоқанға дейін онда тек қана кезінде Марко Поло, Иезуит Гассен және неміс ғалымы Шлагинвейттер болған-ды. Бірақ бұлардың бірде-бірі «Алты шаһар» туралы ешбір елеулі ғылыми деректер бере алмады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Ш. Уәлихановтың бірінші саяхаты
1856 жылы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Ыстықкөл, Құлжа саяхатына, ол кезде бүкіл Алатау алқабын, Жетісу өлкесін билейтін полковник Хоментовскийдің әскери-ғылыми экспедициясынын, құрамында шықты. Хоментовский Ыстықкөлді топографиялық картаға түсіре бастағанда Шоқан одан бөлініп кетіп, қырғыз халқының тарихын, ауыз әдебиетін, ән-күйін, салт-сана, әдет-ғұрыпын беріле зерттеді.
Бұдан кейін ол Россия империясының, оның ішінде сыртқы істер министрлігінің арнайы шығарған жарлығымен осы жылдың август айында Қытай шекарасынан өтіп, Құлжаға елші болып барды.

Шоқанның Ыстықкөл, Құлжа саяхаты зор табыспен аяқталды. Атап айтқанда ғалым саяхаты бұрын дүниежүзі ғылымына беймәлім қырғыз халқы туралы бай материал берді. Бұл халықтың, XVII ғасырға дейін Енисейден бастап Саян, Алтай таулары арқылы Тянь-Шаньға дейін көшіп жүргенін, онан соң жолды ойраттар басып алып, өткізбеген соң сол тауда мекендеп қалғанын анықтады. Сондай-ақ атақты Манас жырын жазып алып, үзінділерін орысшаға аударып жариялады, Шоқан зерттеуіне дейін қырғыз, қазақ халқын ешбір айырмай бәрін де қырғыз деп келсе ғалым: Бұл екі халықтың тіл жағынан да, үрім-бұтақ, әдет-ғұрып жағынан да айырмасы бар деп атап көрсетті. Ш.Уәлихановтын, Ыстықкөл, Құлжа саяхатының материалдары негізінде жазған Ыстықкел саяхаты, Қытай империясының батыс провинциясы Құлжа қаласы, Қырғыздар туралы, тағы басқа еңбектері бізге қолжазба түрінде жетіп, совет дәуірінде ғана кең жарияланды. Ш. Уәлихановтың үшінші саяхаты. 1858-1859 жылдары Шоқанның, жасырын түрде барып, европалықтарға қақпасы жабық болған Қытайдың батыс провинциясы Алты шаһарды -- алты қаланы зерттеп қайтуының дүниежүзілік маңызы болды. Өйткені бұл өңір бұрын ғылымға беймәлім еді. Шоқанға дейін онда тек қана кезінде Марко Поло, Иезуит Гассен және неміс ғалымы Шлагинвейттер болған-ды. Бірақ бұлардың бірде-бірі Алты шаһар туралы ешбір елеулі ғылыми деректер бере алмады.
Шоқан аса жауапты әрі қауіпті іске Азияны зерттеуге бел байлады. Әлімбай деген лақап атпен Семей саудагері Мұсабайға еріп, Батыс Түркістанға жол тартты. Қашқарияда болған кезде Шоқан халық өмірімен танысып, дүние жүзіне беймәлім болып келген алты шаһарды (Кіші Бұхараны): Яркент пен Қашқарды, Янги-Гисар мен Котанды, Ақсу мен Турфанды ашты.
Алты шаһардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Мәселен сол кезде Яркентте еркектерді құлдыққа, әйелдерді күңдікке сататын болған. Алты шаһар бейне бір ғияван сахарада суалып, тынысы тарылып бара жатқан өмір сияқты. Ондай жағдайға ұшыратушы мұсылман дінінің салдары, -- деп жазды Шоқан.
Қашқарияда бір орыс офицері жасырынып жүр-міс деген лақап алты шаһарға тарап кетеді. Тіпті ол лақап Орта Азия хандығының қол астындағы әкімдердің құлағына да шалынады. Сезік тудырып алған Шоқан елге оралуға асығады. 1859 жылы 11 мартта Мұсабай керуеніндегі әріптестерімен қоштасып, елге қайтады.
Шоқанның бұл сапарынан алып қайтқан өте құнды этнографиялық, экономикалық, географиялық, геологиялық тағы басқа материалдарының маңызы айрықша. Бұл жинаған ұшан-теңіз материалдардын, ішінде, бұрын ешбір европа ғылымына белгісіз сұлтан Сутек Богде ханның Тазкиран деп аталатын шежіресі, Тоғақ Темірханның шежіресі, Хажылар тарихнамасы, Абумуслим мауризи аттас қымбатты ескі шежірелер, тағы басқа сирек кездесетін шығыстың мұралары, кітаптары, қисса-хикаялары көп еді. Сондай-ақ тау жыныстарының минералды заттардың, коллекциясы, ескі киім-кешек үлгісі, жергілікті халықтың, этнографиясын танытатын әртүрлі бұйымдар, бағалы заттар да көп болды.
Сейтіп, Шоқан 1859 жылы 12 апрельде Верный қаласына қайтып келді. Науқас меңдеткен ол қалада біраз тынығады. Кейін Петарбургке шақырылды. Ғалымдар алдында өз саяхаты туралы есеп берді, астана қауымын қазақ жерімем таныстырды. Петербургте қызу қызмет атқарып, астана өміріне араласты, талантты жас ғалымның, ғылыммен шүғылданып, қоғам жұмысына қатысуын достары қызу қуаттады. Ол көп уақыт орыс интеллигенттерінің арасында болды.
Шоқан Петербургте Генералдық штабтың, әскери ғылым комитетінде, Азия департаментінің география қоғамында қызмет істеді. Ал қызметтен бос кезінде университетке барып, көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдады. Генералдық штабта Шоқан Орта Азия мен Шығыс Түркістанның, Балқаш пен Іле Алатауы аралығының, Ыстықкөлдің, Құлжа қаласының карталарын жасады. География қоғамында атақты неміс географы К. Риттердің, еңбегін баспаға әзірледі. Орта Азия мен қазақ жерінің географиясын, этнографиясын жазды, бұл жайында қоғам мүшелеріне лекция оқыды.
П.П.Семенов Тянь-Шанский, Г.Н. Потанин, Ф. М. Достоевскийлер Шоқанды астанада көптеген ғалымдармен, ақындармен, жазушылармен таныстырды. Олар талантты жас қазақ жігітінің ғылыммен шұғылданғанын көрді. Шоқан география қоғамында А.Н.Бекетовпен, Т.П.Ковалевскиймен, Ф.Р.Остен-Сакенмен, И.И.Захаровпен, тағы басқа көптеген ғалымдармен танысып, олармен бірге қызмет атқарды. Шоқанның Петербургке әкелген әр жақты материалдарын көптеген ғалымдар: А. Ф. Голубев, Д. И. Романовский, П. П. Семенов -- Тянь-Шанский, М. И. Венюков, Ф. Р. Остен-Сакен, Е.П.Ковалевский, А.А.Татаринов, П.И.Лерх, тағы басқалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уалиханов – саяхатшы, ғалым
Шоқан Уалиханов саяхатшы ғалым туралы мағлұматтар
Ш. Уәлиханов
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Ш.Ш.Уәлиханов. (1835—1865)
Шоқан Уәлихановтың сапарлары
Г.Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары
Шоқан Уәлихановтың балалық шағы
Пәндер