Облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеу


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Аймақтар мен қалалардың дамуын басқарудың теориялық механизмдері
1. 1 Аймақтар мен қалалардың даму тенденциялары . . . 5
1. 2 Қалаларды дамытудағы орнықты даму тұжырымдамасының негіздері . . . 8
1. 3 Қалаларды дамытуды басқарудың әдістері . . . 142 Ақтөбе қаласының экономикалық даму тенденциясын талдау және бағалау
2. 1 Ақтөбе қаласының құрылуы, қалалық әкімшілік аппарат қызметтері . . . 19
2. 2 Ақтөбе қаласының экономикалық-әлеуметтік даму жағдайын бағалау . . . 22
2. 3 Қаланы көркейту мен басқару салаларының негізгі көрсеткіштері . . . 33
3 Қалаларды дамытудың экономикалық-әлеуметтік факторларын жетілдіру бағыттары
3. 1 Ақтөбе қаласының 2011-2015 жылдары экономика дамуының жағдайы және факторлары . . . 42
3. 2 Ақтөбе қаласын дамытудағы өзекті мәселелер мен оны шешу жолдары . . . 51
Қорытынды . . . 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 75
Кіріспе
Мемлекеттің алдында тұрған негізгі мақсат - халықтың әл-ауқатын ұлттық экономиканы тұрақты дамыту негізінде жоғарылату. Қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының атқару өкіметімен бірқатар приоритеттер жиынтығы айқындалған. Солардың бірі - аймақтық басқарудың нәтижелілігін жоғарылату. Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар қадамдар қатары жасалды.
Президенттің 2007 жылғы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі - халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, жылдамдатылған әкімшілік реформа жүргізу керектігі көрсетіледі. «Біз мемлекеттік басқарудың бірлескен басқару принципіндегі қоғамға ашық сапалы жаңа үлгісін жасаймыз. Біздің мақсат - Үкіметті жаңарту, жоғары сапалы мемлекеттік қызмет және нәтижелі басқару құрылымдарын құру. Олар мемлекеттік қызметтердің негізгі тұтынушылары - барлық азаматтар мен кәсіпкерліктердің талаптарына бағынуы тиіс».
Осыған байланысты, мемлекеттік басқару жүйесін толық жетілдіру проблемасын зерттеу - стратегиялық мақсаттардың орындалуының табысты факторларының бірі болып табылады.
Республиканың экономикалық ғылымы нақтылы бір облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеуі тиіс. Бұл бірқатар жағдайлармен ескеріледі:
-тоталитарлық жүйе кезеңінде орталықтандырылған басқару жағынан республика облыстарының назарлары толық дерлік еленбеді;
-қашанда бір күшті болған салалық басқарудың қирауы болды;
-республика экономикасында өндірістің ерекше шарттарымен сипатталатын шаруашылық бірліктердің біркелкі сапалы топтары жоғала бастады;
-тәуелсіздендіру процесі, әсіресе экономикалық, халық шаруашылығы бұтақтарының жаңа республикалық топтастыруын жасаумен бірге жүреді.
Ол аймақтарда өндірісті қадағалауға және осы негізде халық шаруашылығында тұрақты өндіріс байланыстарын орнатуға, макроэкономиканың үйлесімді құрылымын жоспарлауға көмектеседі;
-нарықтық механизмдер - өзегі аймақтық басқару болып келетін экономикалық машина моторы болып келеді.
Бұл жағдайда аймақтық басқару проблемасы жергілікті өкімет органдарының ғылыми - негізделген Концепциясының жұмыс жасауын қарастыратын жан-жақты терең теориялық ұғынуын талап етеді.
Зерттеу объектісі - аймақтық басқару жүйесі.
Зерттеуге пәні - аймақтық басқарудың жаңа түрлері мен әдістерін жасау.
Қойылған мақсатққа жету үшін келесі шаралар қолданылды:
- қалаларды басқарудың теориясын және халықаралық тәжірибесін талдау;
- қалаларды аймақтық басқаруға жүйелі түрде жақын келу, зерттеу;
- жергілікті мемлекеттік басқарудың халықаралық стандарттарын зерттеу;
- жергілікті өкімет органдарының нәтижелілігін бағалау жолдарын анықтау;
- аймақтық басқару жаңа түрлері мен әдістерін суреттеу және талдау;
- аймақтық басқару нәтижелілігін Ақтөбе қаласының үлгісінде бағалау.
Осы проблеманы өңдеу библиографиялық және экономика - статистикалық талдау негізінде жүзеге асады. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың бірқатар маңызды жұмыстарының проблемаларын талдауға және практикалық бағыттылығының жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көптеген авторлардың пайымдауынша, бұл облыста ғылыми - методологиялық база жасау және ғылыми зерттеулер мемлекеттік басқарудың нәтижелілігін жоғарылатуда әсерлі болады.
Дипломдық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Қалалардың дамуын басқарудың теориялық механизмдері
1. 1 Қалалардың даму тенденциялары
Аймақтар мен қалалардың экономикалық даму тенденцияларының негізінде жатқан кейбір базалық теориялық түсініктерді қарастырайық.
Олардың ішінде біріншісі - кеңістіктік артықшылықтар теориясы немесе орналастыру теориясы. Бұл теорияға сәйкес кеңістіктік артықшылықтар экономикалық іс-әрекеттің барлығында көрініс табады. Олар өндірістің белгілі-бір түрін анықталған аймақтарда орналасуын мәжбүр етеді. Мысалы, алюминий өнеркәсібі арзан электр қуаты көздеріне, металлургиялық зауыттар темір кені және қортқы көмір (кокс) кен орындарына, шикізатқа қатты тәуелді кез-келген өндіріс шикізат көздеріне жақын орналасуға тартылады. Жергілікті нарыққа бағытталған және транспорттық шығындарды азайтуға ұмтылатын кейбір өндірістер өткізу нарықтарына жақын орналасады. Әрбір аймақ, әрбір қала шикізат көздерімен, не басқа да өндіріс факторларымен (жұмыс күші, жер, энергия), не өткізу нарықтарының жақындығымен байланысты өздерінің территориалды артықшылықтарына ие.
Экономикалық дамудың тек теориясымен ғана емес, сонымен қатар тәжірибесімен де байланысты дәстүрлі түсініктер агломерация, концентрация және өндірістің құрамдастырылуы заңдылықтарына негізделеді. Ірі қалалар мен қалалық агломерацияларда қосымша экономия мен қосымша экономикалық әсер тиімді қызмет етуші өндірістің маңында олардың айналасының ұйымдастырылуына байланысты құрылады және жалпы ресурстарды (еңбек, энергетика және инфрақұрылымдық ресурстар) бірігіп пайдалануға байланысты қосымша экономияға қол жеткізіледі. Ірі қалалардағы өнеркәсіптің жоғары шоғырлануы агломерациялық әсердің (ірі агломерациядағы барлық өндірістердің жиынтық шығындары өндірістің агломерация сыртында жекелеп орналасуының шығындарынан төмен) пайда болуы қосымша экономияны алуға мүмкіндік береді. Жоғары мамандырылған қызметтің кейбір түрлерінің (мұражайлар, ірі театрлар, медициналық орталықтар және т. б. ) тек ірі орталықтарда орналасуы мүмкін болғандықтан ірі орталықтарда олардың даму потенциалдары туындайды. [8]
Аймақтың экономикалық даму мәселелерін тиімді талдауға мүмкіндік беретін нәтижелі концепциясы негізгі және қосалқы өндіріс концепциясы болып табылады. Кез-келген аймақта негізгі өнеркәсіп түрлерін (өнімі аймақ территориясынан шығарылатын өнеркәсіп түрі) және қосалқы (өнімі негізінен аймақ шегінде тұтынылатын өнеркәсіп) өнеркәсіп түрін бөліп көрсетуге болады. Мысал ретінде машина жасау зауытын негізгі өнеркәсіп, ал оған қызмет көрсететін барлық инфрақұрылымды - пошта, бала-бақша, мектептер, емханалар, банктер, сақтандыру мекемелерін, транспорттық қызметтерді, құрылысты - қосалқы өндіріс ретінде қарастыруға болады. Негізгі өндірісті кеңейткен кезде осы өндіріске қызмет көрсетуші инфрақұрылымда үлкейеді, яғни мультипликативті әсер туындайды: негізгі өндірісті экономикалық өсудің жеделдетушісі ретінде қарастыруға болады. Негізгі өндіріс тек жеделдетуші ғана емес, сонымен қатар дамудың тежеушісі де бола алады. Бұл жағдай өндірістегі құрылымдық қайта құру үрдісі барысында негізгі өндірісте жұмыс орындарының қысқаруы болғанда туындайды. Ғылыми-техникалық прогреспен шарттастырылған жедел құрылымдық жылжу барысында аймақтың тиімді дамуының басты факторы негізгі өндіріс емес, қосалқы өндіріс болып табылады. Аймақтың ұзақ мерзімді гүлденуі ондағы инфрақұрылымның қаншалықты дамығандығы мен аймақтың негізгі өндіріс ауыртпалығын өзіне алуға қаншалықты дайын екендігіне байланысты. Инфрақұрылым (қосалқы өндіріс) неғұрлым дамыған болса, аймақтың бүкіл экономикасы соғұрлым икемді болады және оның экономикалық дамуы мен гүлденуі соғұрлым мықты базаға негізделеді.
Осылайша, негізгі өндірістердің жедел алмасуы шарттарында қалыпты экономикалық дамудың негізгі факторы бүкіл қалалық инфрақұрылымның даму деңгейі болып табылады. Бұл қосалқы өндірістерге өзгеше көзқараспен қарауға, оларды экономикалық дамудың бірінші ретті факторы және оның болашақта гүлденуінің кепілі ретінде бағалануына негіз болып келеді.
Аймақтық даму сапасын талдауда Д. Беллдің өсу кезеңдері теориясының қағидаларын қолдану тиімді. Барлық елдер мен аймақтарда экономикалық даму үш негізгі кезеңдерден өтеді: индустриалды кезең алды, индустриалды кезең және индустриалды кезеңнен кейін. Индустриалды кезең алды кезеңінің басым салалары болып өндіруші салалар, ауыл шаруашылығы, балық, орман және тау-кен өндіруші өнеркәсіптер табылады. Индустриалды кезеңде өңдеуші салалар - машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері - басым болып келеді. Индустриалдыдан кейінгі кезеңде экономикалық даму негізделетін салалар болып материалдық емес өндіріс (ғылым, білім беру, сауда, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау) салалары қалыптасады. Индустриалдыдан кейінгі кезеңнің сипаттамасы келесілер: тауарларды өндірудің салыстырмалы төмендеуі және қызметтерді өндірудің салыстырмалы өсуі, ғылым сыйымдылығы мол өндірістің өсуі, персоналдың мамандануы деңгейінің өсуі, өндірістің жедел .
Әлемдік экономикалық дамудың жалпы заңдылықтары белгілі-бір қаланың немесе аймақтың экономикалық дамуының алдыңғы тарихы мен болашақ перспективаларын сапалы бағалауға мүмкіндік береді. Басым салалық тиесілік бойынша қалаларды индустриалды кезең алды, индустриалды кезең және индустриалды кезеңнен кейін деп бөліп көрсетуге болады. Дамудың әртүрлі деңгейлерінде орналасқан қалалар мен аймақтарда мазмұны бойынша түрлі үрдістер жүріп жатады және оларға қолданылатын экономиканың даму процесін басқаруда пайдаланатын тәсілдер де өзгешеленеді.
Индустриалды даму кезеңінде қалаларда немесе аймақтарда мультипликативті әсер туғызатын, қала не аймақтың даму барысын анықтайтын «индустрия локомотиві», жетекші салалардың рөлімен анықтылатын заңды-лықтар іске асады. Жетекші сала қосымша жұмыс орындарын құрады, ал қаланың қалған инфрақұрылымы жетекші салаға қызмет көрсетеді. Осы шарттарды ескере отырып, көпсалалы құрылымы бар қалалар жиі құрылады. Мұнда экономика жағдайы мен қаланың бүкіл әлеуметтік секторының жағдайын бір саланың бір немесе бірнеше кәсіпорындары анықтайды (1-кесте) .
Индустриалдыдан кейінгі кезеңде қала немесе аймақтың ауқаттылығын анықтайтын басты фактор - қалалық инфрақұрылымның даму деңгейі. Жолдардың, байланыс көздерінің, тұрғын үй секторының, қызмет көрсету саласы мен ойын-сауық индустриясының, кеңселердің қол жетімділігі қаншалықты дамыған, қылмыс деңгейі қаншалықты төмен - осының бәрі индустриал-дыдан кейінгі қаланың даму потенциалын анықтайды. Қаланың бүкіл инфрақұрылымы жаңа бизнес түрлері мен жаңа адамдарды қабылдауға қаншалықты дайын, жаңа шарттарға қалалық инфрақұрылымның қаншалықты тез және тиімді бейімделуі мүмкін - бұның бәрі индустриалдыдан кейінгі даму потенциалын анықтайды. [5]
Кесте1 Түрлі типтегі қалалардың даму факторларыҚосымша жұмыс орындарын құрушы сала
Өсу мультипликаторы
Моносалалық қалалардың дамуы
Инфрақұрылым
Диверсификация
Икемділік
1. 2 Қалаларды дамытудағы орнықты даму тұжырымдамасының негіздері
«Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады» (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж. )
Ескерту - зерттеу материалдары негізінде құрастырылды
Сурет1. «Орнықты даму» терминінің пайда болу тарихы [7]
«Орнықты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін.
Орнықты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады.
1972 жылы басылған "Өсу шегі". Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т. б. ), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің орнықты дамуының жаңа тұжырымда-масының қажеттілігі көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жабу (көмір шахталары, тілімдер, карьерлер және т. б. ) және басқалар басталды.
1980-ші жылдары «орнықты даму» термині экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу мақсатында БҰҰ қалыптастырылған Брундтланд комиссиясының есебінде қолданылды.
1987 жылы бірнеше жыл бойындағы жұмысынан кейін Комиссия әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешілуінсіз экологиялық проблемаларды шешу мүмкін емес және орнықты даму жөнінде кең мағынада айту қажеттігі туралы тұжырымға келді. Комиссия БҰҰ ұсынған баяндамасында орнықты даму келесідей болып анықталады: «Орнықты даму -Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады». Анықтамаға келесі түсіндірме берілген болатын: «Орнықты және ұзақ мерзімді даму өзгеріссіз үйлесімдік жағадйы емес, керісінше өзгерістер процесі, онда ресурстартды пайдалану, капитал салымдарын бағыттау, техникалық дамуды бағдарлау және институционалды өзгерістер ағымдағы және болшақтағы қажеттіктермен үйлеседі».
1992 жылы БҰҰ Қоршаған орта және даму комиссия эгидасымен өткен Әлемдік жер Саммитінде Планетаның орнықты даму проблемалары талқыланды. Әлемнің 179 елдерінің басшыларымен XXI ғасыр күн тәртібі қабылданды, ол теңдесі жоқ орнықты даму мүддесін қолдаудың ғаламдықжоспары болып табылады және біркелкі стратегия негізінде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды кешенді қарау тұрғысынан алғанда ірі жетістік болып табылады. XXI ғасыр күн тәртібі 2500 астам ұсынымдардан тұрады, оның ішінде тиімсіз тұтыну құрылымдарды өту әдістеріне, кедейшілікпен күрес, атмосфераны, мұхиттарды және билогиялық әркелкілікті қорғау және орнықты ауыл шаруашылығын қолдау. [11]
XXI ғасыр күн тәртібі баяндалған ұсыныстар БҰҰ халықты орналастыру, әлеуметтік даму, қалалар және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша бірнеше ірі конференцияларында, атап айтқанда 2002 жылы Йоханесбургте өткен Әлемдік орнықты даму бойынша саммитте толықтырылды және жетілдірілді.
Орнықты даму планетаның барлық тұрғындарының өмір сапасын арттыруды, табиғи ресурстарды пайдалану көлемін Жердің экологиялық жүйе ретіндегі мүмкіншіліктерінен аспайтын шектен арттырмауды болжайды. Орнықты даму өмір салтын қалыптастыру бойынша күш салу үш басты саладағы қызметке кешенді әдісті қоладануды болжайды:
Экономикалық өсім және әділеттілік - ұзақ мерзімді экономиклық өсімді ынталандыруда кешенді әдістерді қолдану.
Табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны қорғау - ресурстарды тұтынудың азайту проблемаларын экономикалық тұрғыда қабылданатын шешімдерін іздеу, қоршаған ортаны ластауды тоқтату және өмір сүру ортасын сақтау.
Әлеуметтік даму - адамдарды жұмыс орындары, азық-түлік, білім, энергия, медициналық көмек, су, және санитария қажеттіктерін қанағаттандыру; бай мәдени және әлеуметтік әрікелкілікке деген ұқыпты қарау және еңбеккерлер құқықтарын сақтау; қоғамның барлық мүшелерінің олардың одан арғы тағдырына әсер ететін шешімдердің қабылдануына қатысу мүмкіншілігімен қамтамасыз ету.
Орнықты даму принциптерін іске асырудың орталықтары ретіндегі қалалардың маңыздылығы 1994 жылы Алборгте өткен Ірі және кіші қалалардың орнықты дамуы бойынша Еуропалық конференцияда атап өтілді, онда «Орнықты даму үшін Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы) » қабылданды. Бұл құжатта «әрбір қала басқа қалаға ұқсас емес болғандықтан, біз бәріміз орнықты дамуға апаратын өз жолымызды табуымыз керек. Жергілікті саясаттың барлық бағыттарында орнықтылықтың принциптеріне негізделген жөн және әрбір нақты қаланың күшті жақтарына сүйене отырып жергілікті орнықты даму стратегияларын әзірлеу керек» делінген [3] .
1994 жылғы маусымда өткізілген Екінші «Қалалар және орнықты даму» проблематикасы бойынша әлемдік самитте (Манчестер, Ұлыбритания) көлік, кедейшілікті жеңу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қаржы және ресурстарды бөлу міндеттерімен байланысты қалалардың орнықты даму бағыттары талқыланды. Әлем қауымдастығының берілген проблематикаға назар аударуының нәтижесі БҰҰ елді мекендер орталығы қолдайтын «Қалалардың орнықты дамуы» арнайы бағдарламасының пайда болуы болып табылады. Бұл бағдарламада әлемнің 80 астам елдері қатысады.
БҰҰ анықтамасы бойынша «орнықты қала, онда қоғамдық, экономикалық және физикалық дамудағы жетістіктер тұрақты болып табылады. Орнықты қала, орнықты дамуы тәуелді болатын табиғи қазбалармен тұрақты қамтамасыз етілген. Орнықты қала тұрғындарының қауіпсіздігін, соның ішінде табиғи аппаттардан да ұзақ мерзім бойында сақтайды. ». Басқа сөздермен айтқанда, қаланың орнықты дамуы оның халқының қауіпсіздігін және жоғарғы өмір сапасын қамтамасыз етеді.
Орнықты даму стратегиясы аясында қалалық деңгейде әртүрі қызмет салаларындағы, жекелеген аудандарғы проблемалар шешіледі.
Орнықты даму бағдарымен жүріп келе жатқан әлемнің барлық қалаларында онда миссия және қаланың көруі, орта немесе ұзақ мерзімді перспективаға анықталатын қаланың тіршілігінің барлық негізгі салаларын дамытудың жалпы тұжырымдамасы айқындалатын стратегияларды (стратегиялық жоспарларды) әзірлеу тәжірибесі қабылданған. Мұнымен бірге, қаланың жалпы жағдайының ерекшелігі ескеріледі.
Орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың мысалдары:
1. «Оттава - 2020» Өсуді басқару стратегиясы
2. Канберра - 30 жылға арналған қаланы дамыту жоспары, үш өзара байланысты бөлімдерден тұрады - Әлеуметтік жоспар, Аумақтық жоспар және Экономикалық даму жоспары
3. 2006 жылға дейінгі Праганы дамытудың стратегиялық жоспары
4. Мельбурнды 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары
5. Софияның 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы.
Әлемнің кейбір қалаларындағы онықты дамуды қамтамсыз ету бойынша жобаларды іске асыру мысалдары [4] .
, , Ослоқаласын-да (Норвегия), ол 2003 жылыБҰҰ «» болыптанылған, 20 ғасырдың 90-шыжылдардыңбойында атмосфераға қаттызаттардың, күкіртқышқылының, . Шығарылулар көлемін азайту қажеттігін туғызған себеп, ол жекелеген аудандардағы ауаның газдануы деңгейінің артуы салдарынан балалар арасында астама және басқа да тыныс өкпе ауруларының ұлғаю болып табылды. Ластанудың негізгі себебі қаладағы қарқынды автомобиль қозғалысы болып табылған. Берілген проблеманың неігзгі шешімі қоғамдық көлік жүйесін дамыту, атап айтқанда, пайдалануға трамвайларды, жерасты қоғамдық көлігінің жүйесін және электотоғымен жұмыс істейтін монорельсті поездарды енгізу болып табылды (тоқ көзі - гидроэнергетика) . Сондай-ақ жеке автокөлікке шығыс газдарын каталитикалық өртеушілер орнату міндетті болды. Осло қаласындағы көлік қозғалысы жүйесін жақсарту үшін, атап айтқанда, метро желілерін кеңейту үшін қала әкімшілігі орталық үкіметтен қаржыландыру алады.
Германия жел энергиясын пайдалану бойынша әлемде бірінші орын және күн энергиясын пайдалану бойынша екінші (Жапониядан кейінгі) орын алады. «Жаңаратын энергия туралы» заң әрекет етеді: күн немесе жел көмегімен өндірілген әрбір киловатт-сағат үшін үкіметі өндірушіге 48 цент төлейді, бұл көмір есебінен өндірілетін энергияның нарықтық бағасынан - 5 цент, әлде қайда артық. Нәтижесінде қазіргі уақытта елде 14 мың жел және 80 мыңнан астам күндік орналасқан және жыл сайын баламалы энергия көздеріне инвестициялар шамамен 6 млрд. евродан құралады. Геттеборн ауылының маңында 2008 жылға арай әлемдегі ең ірі күн электрстанциясы салынады, қуаттылығы 8, 2 МВт құны 35 млн. евро.
Үкімет кіші қуатты күн көзімен су жылытатын қондырғыларға инвестицияларды салуды жалғастыруды жоспарлауда. Күн көзімен су жылытатын қондырғыларға ие болғысы келетін неміс отбасы күн колеккторлары орналастырылған әрбір шаршы метр үшін 110 евродан алуы мүмкін. 1999 жылдан бастап ГФР мемлекеттік бюджетінен бұл бағдарламаны іске асыру мақсатында 2, 7 млрд. евро бөлінген.
Күн энергетикасын дамыту тек қана қана қоршаған ортаны қорғауға көмектеспейді, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құрады. 2004 жылы саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 4 мың адамға артып, 16 мыңадамға дейін жетті. Перспективада, неміс мамандарының есебі бойынша, күн энергетикалық қондырғыларын салу, жөндеу және қызмет көрсету ГФР шамамен 100 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамаыз ете алады.
Цюриха имиджі күн энергиясының биржасын құру идеясынының арқасында жаңа экологиялық сипат алды. 1997 жылдың мамырынан бастап Цюриха электростанциясының клиенттері электр энергиясының орнына күн энергиясын алу мүмкіншілігін алды, осылайша олар қаражаттың алты есе үнемделуін қамтамасыз етті және экологиялық энергетиканы қолдауда өз үлесін қосты.
Ұсынысты халық өте жақсы қабылдады, өте қықа мерзмінің ішінде алғашқы күн қондырғылары өндіруі мүмкіндігіенен екі есе асатын мөлшерде күн энергиясына тапсырыс түсті. Электростанция клиенттерінің 3% күн энергиясының биржасына қатысады. Үлкен сұраныстың арқасында алғашқы биржаның басталуынан кейінгі 20 ай ішінде жалпы қуаты 365 мың квт. с. болатын 16 жаңа күн қондырғыларын қосу мүмкін болды, осы сияқты жалпы желіге қосулар одан әрі үздіксіз жалғасуда.
Цюрих электростанциясы өзіне жеткізушілер мен клиенттер рарасындағы белсенді делдал ролін алады. Ол күн энергиясын сатып алады, сонан кейін оны қосмыша құнсыз барлық жеткізулердің аралас бағасымен сатады. Күн энергиясын жеткізушілер өз қондырғыларын салады және оларды қала ішінде саылнған алаңдарда өз қалауы бойынша орналастырады. Бұл үшін электростанция 20 жыл мерзімінде күн энергиясын тұрақты бағамен сатуды кепіл етеді. [22]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz