Қазақстан аймақтарының әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеу жүйесін қалыптастыру
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ..3
I ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН РЕТТЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Аймақтардың әлеуметтік .экономикалық дамуын реттеуді қалыптастыру және аймақтық саясат мәні, алғышарттары 6
1.2 Экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың рөлi ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Қазақстан аймақтарының әлеуметтік.экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу ... ... 15
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК . ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы аймақтардың әлеуметтік . экономикалық дамуын талдау ... 22
2.2 Аймақтар дамуындағы нақты секторларды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.3 Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін талдау ... ... ... ... ... ..41
III РЕСПУБЛИКА АЙМАҚТАРЫ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ
3.1 Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу органдары және тиімді басқарудағы басқару стилі принциптерін пайдалану ... ... ... .45
3.2 Басқарушының аймақтық бақылау процессін жүзеге асырудағы мәселелер ... ... ... ... ... 53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...62
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... .6

ХХI ғасырдың басында әлемнің әр түрлі мемлекеттерінде әлеуметтік-экономикалық сипатындағы терең деңгейдегі қайта құру үрдістері байқалуда. Бұл аймақтың дамуын жетілдіру мәселелерінің маңыздылығын күшейтеді. Посткеңестік кеңістікте соңғы жылдары әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың жаңа тәсілдерін талап ететін тіршілік әрекетінің барлық салаларында түпкілікті өзгерістер орын алғандығы көрініп отыр. Қазіргі жағдайларда аймақтар деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудың ең тиімді құралы болып тұрақты түрде модернизациялауды қажет етіп отыратын аймақтық саясат табылады.
Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздегі аймақтардың дамуына көп көңіл бөледі. Сондай – ақ, аймақтардың әлеуметтік - экономикалық тұрақты дамуына тікелей әсер ететін әлеуметтік саланы, оның ішінде ең төменгі әлеуметтік стандарт, әлеуметтік қолдау, өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер мәселесін шешу, жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғыртуға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетті[1]. Басты міндеттің бірі – мемлекеттік және барлық салалық бағдарламалардың орындалуын өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерін шешумен үйлестіру. Сонымен қатар, аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуының тәсілдері қайта қарастырылды, территориялық дамудың тиімді стратегиясы қалыптасты. Территориялық әлеуетті максималды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданғанмен, экономикалық өсудің жағымды үрдісі ел аймақтары экономикасы құрылымында түбегейлі өзгеріске әкелмеді, жеке аймақтар өз әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша артта қалуда.

1. Послание Президента Республики Казахстан - Лидера Нации Н.А.Назарбаева Народу Казахстана«Стратегия «Казахстан-2050»: Новый политический курс состоявшегося государства»(Астана, 14 декабря 2012 года)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2010-2012 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары
3. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан жалқына жолдауы. – Алматы: Білім, 1997. – 176 б.
4. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы Нұрлы жол-болашаққа бастар жол – Алматы: Данекер, 2005
5. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2012 жыл 27 қаңтар. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
6. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2008 жыл 16 ақпан.Қазақстан азаматтарының ауқатының өсу – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.
7. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2010 жыл 29 қаңтар. ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
8. Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория. Оқулық.-Алматы-Ақтөбе, 2004.-455б.
9. Жаңағұлов А.Ш., Сүйіндіков Ж.С., Байгуренова М.А., Есдәулет М.А., Қуаныштаева А.Е. -Экономикалық саясат. Оқу-тәжірибелік құрал /– Қарағанды, 2006 .-326б.
10. Төлемісов О. Реформалардың экономикалық тиімділігін және мемлекеттік басқару жүйесін бағалау. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2001.-215б.
11. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Конягин Б. И. Жалпы экономикалық теория - Ақтөбе: А-Полигра, 2004-250б.
12. Қазақстан Республикасының Статистикалық агенттігі. //Қазақстан цифрларда. Алматы, 2012-2013.
13. Әубәкіров Я, Экономикалық теория негіздері. Оқулық, 2000- 280б.
14. «Тұтыну нарығындағы бағаларды тұрақтандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сəуірде қабылданған № 285 қаулысы
15. Агроөнеркәсіпті кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы 2011-2015 жж арналған ҚР 2011жылғы 8 шілдедегі №66Заңы
16. Ауыл шаруашылығы өндірісіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 ақпанындағы №134 қаулысымен бекітілген.
17. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдау
18.Ақтөбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы.04.12.2012ж
19.Ақтөбе облысы әкімінің 2011-2013жылдардағы әлеуметтік –экономикалық дамуының қортындысы туралы есебі
20.Әйтеке би ауданы әкімінің 2011-2013жылдардағы әлеуметтік –экономикалық дамуының қортындысы туралы есебі
Фишер; Дорнбуш. “Экономика” :М 1998г.
21. Костьюк В.Н “Макроэкономика” :М 1998г.
22. Черников Д. “Макроэкономическая теория” :М 1997.
23. Макконел Брю. Экономика: принципы, проблемы и политика. 2том :М,1992.
24. Әубәкіров Я, Экономикалық теория негіздері. Оқулық, 2000- 280б.
25. Әбдіразақов Т, Нарық және басқару проблемалары. // Журнал, “Ақиқат” 1,2000ж.
26. Экономика, Учебник/ Под. ред А.С Булатова – М,1999 549-558стр. Бункина, Семенов. Макроэкономика: основы экономической политики. :М 1999г.
27. Гайнуллин М.А “Экономическая политика” :А,1998г.
28. Иванов М. Роль государства в экономике – Журнал, “Экономист”, 1995г.
29. Клас Энклунд Эффективная экономика. Шведская модель, :М,1991г.
30. Бачурин А.В Укрепление взаимосвязи плана и рынка.- Журнал”Экономист”,1991г.
31. Эдвард Хилл Как оздоровить местную экономику.-М.,Дело LTO.,1995 г.
32. ЗаконРК«О местном государственном управлении в РК».-Алматы,2001 г.
33. Кубаев К.Е. Местное самоуправление.-Алматы:Қазақ Университеті,2003г.
34. Кубаев К.Е. Формирование принципов и функций местного
35. Самоуправл ения в РК./Транзитная экономика,2002 г., №4-5
36. Фишер С. И др. Экономика.-перевод с англ.,М.,Дело LTO.,1993 г.
37. Эволюция государственности Казахстана-материалы международной Конференции.-Алматы,1996 г.
38. Уваров В.Н. Государственная служба.-Алматы,1996 г.
39. Государственное управление//Под ред.Козбаненко В.А.-М.:СТАТУТ,2000 г.
40. Кубаев К.Е. Формирование организационной структуры иэкономического механизма местного самоуправления РК//Саясат,2002г.
41. 1 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан
42. Республикасының Заңы. (23 қаңтар 2001 жыл № 148-11). -Алматы, 2001.
43. Мамыров Н.К. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана./Учебное пособие/.- Алматы, 1998 г.
44. Мамыров Проблемы развития экономики и преобразование в Казахстане, Алматы, 1998 г.
45. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері.- Алматы, 2001ж
46. Қалдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия. Алматы: САНАТ, 1997 г.
47. Арынов Е.М., Жоламанов Р., Елеусизов А. Иностранное участие в оздоровлении экономики Казахстана //Саясат-Политика, №1, 2, 1999
48. Окшантаева Н. Экспорт казахстанской нефти. // Деловой мир, №5 2005 г., с.
49. Сулейменов Х., Сабитов М. Предложения по защите экономических интересов Казахстана при экспорте нефти. // Альпари, №4 2006 г., с.17;
50. Смирнов С. Куда потекут нефтяные реки Каспия. // Транзитная экономика, №4-5 2000 г., с.95

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН РЕТТЕУДІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Аймақтардың әлеуметтік –экономикалық дамуын реттеуді қалыптастыру
және аймақтық саясат мәні, алғышарттары
6
1.2 Экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың
рөлi ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Қазақстан аймақтарының әлеуметтік–экономикалық дамуын мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы аймақтардың әлеуметтік – экономикалық
дамуын талдау

... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2 Аймақтар дамуындағы нақты секторларды
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.3 Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін
талдау ... ... ... ... ... ..41
III РЕСПУБЛИКА АЙМАҚТАРЫ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ
3.1 Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу органдары және тиімді
басқарудағы басқару стилі принциптерін
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
5
3.2 Басқарушының аймақтық бақылау процессін жүзеге асырудағы
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІНІҢ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ..62
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХI ғасырдың басында әлемнің әр түрлі
мемлекеттерінде әлеуметтік-экономикалық сипатындағы терең деңгейдегі қайта
құру үрдістері байқалуда. Бұл аймақтың дамуын жетілдіру мәселелерінің
маңыздылығын күшейтеді. Посткеңестік кеңістікте соңғы жылдары әр түрлі
әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың жаңа тәсілдерін талап ететін
тіршілік әрекетінің барлық салаларында түпкілікті өзгерістер орын алғандығы
көрініп отыр. Қазіргі жағдайларда аймақтар деңгейіндегі әлеуметтік-
экономикалық дамуды басқарудың ең тиімді құралы болып тұрақты түрде
модернизациялауды қажет етіп отыратын аймақтық саясат табылады.
Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси
демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік
алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп
келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-2050 Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында еліміздегі
аймақтардың дамуына көп көңіл бөледі. Сондай – ақ, аймақтардың әлеуметтік -
экономикалық тұрақты дамуына тікелей әсер ететін әлеуметтік саланы, оның
ішінде ең төменгі әлеуметтік стандарт, әлеуметтік қолдау, өңірлердегі
әлеуметтік теңгерімсіздіктер мәселесін шешу, жұмыспен қамту және еңбек
саясатын жаңғыртуға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетті[1]. Басты
міндеттің бірі – мемлекеттік және барлық салалық бағдарламалардың
орындалуын өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерін шешумен үйлестіру.
Сонымен қатар, аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуының тәсілдері қайта
қарастырылды, территориялық дамудың тиімді стратегиясы қалыптасты.
Территориялық әлеуетті максималды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін
бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданғанмен, экономикалық өсудің
жағымды үрдісі ел аймақтары экономикасы құрылымында түбегейлі өзгеріске
әкелмеді, жеке аймақтар өз әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша
артта қалуда.
Зерттеліп отырған мәселенің өзектілігінің себепші болуы: біріншіден,
қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы экономикасын реформалау үдерісін
әдістемелік қамсыздандыру аймақтық (аудандақ) әлеуметтік - экономикалық
жүйелердің даму тұжырымдамасын қайта ойластыруды және аудан экономикасының
атқарымдық құрылымдау мүмкіндігіне талдау жүргізуді және аймақтағы
шаруашылық байланыстардың жаңа сапалы құрылымын қалыптастыруды қажет етуі;
екіншіден, Қазақстан Республикасының аймақтары дербестілікке иеленуде және
нақты территорияда, өзгеше жағдайда жүзеге асатын жаңа аймақтық
қызығушылықтар мен жауапкершіліктер ортасын қалыптастыру қажеттілігі
туындауы; үшіншіден, орныққан аймақтар үйлеспеушіліктерін тегістеу үшін
жүргізіліп отырған мемлекеттің аймақтық саясатына аймақтар территориясының
үлгілі дамуын қамтамасыз ету мақсатында кешенді баға берудің қажеттігі.
Мұның барлығы аймақтық басқарудың жаңа саясатын қалыптастыру үдерісінің
ғылыми негізделуін жетілдіретін Қазақстан Республикасы аймақтарының
әлеуметтік - экономикалық дамуын қазақстандық экономиканың жаңа кезеңіне
сәйкес реттеудің жаңа әдістемелік тәсілдері мен құралдары негізінде кешенді
бағалауды қажет етеді. Толықтай территорияның аймақтық дамуы және
аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуы мәселесіне арналған жұмыстардың
көптеген мөлшеріне қарамастан, аудандардың әлеуметтік - экономикалық дамуын
талдау және кешенді бағалау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып
табылады. Сондықтан, аймақтық басқару және облыс аудандарының әртүрлі
дамуымен байланысты сұрақтардың өткірлігі әрі қарай терең және тыңғылықты
зерттеуді қажет етеді.
Ақтөбе облысы аудандарының әлеуметтік – экономикалық дамуын реттеу,
талдау мен бағалауда жаңа теориялық және тәжірибелік ықпалды дайындау
қажеттілігі, маңыздылығы осы тақырыпты таңдауға себепші болды.Сонымен
қатар, жоғарыда келтірілген әлеуметтік- экономикалық дамуың қажеттілігі мен
көрсетілген қарама-қайшылықты шешу мәселесінің көкейкестілігін білдіріп,
зерттеу тақырыбын Аудандарды әлеуметтік - экономикалық дамытуды
мемлекеттік реттеу тәсілдері және формаларын жетілдіру жолдары деп
таңдауыма негіз болды. Осы жұмыс аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуын
реттеуді талдау мен кешенді бағалауға, мониторинг жүргізгенде ғылыми
әдістерді қолдану қажеттігі мен мүмкіндігіне және жалпы Қазақстан
Республикасының соның ішінде Ақтөбе облысы аудандарының территориялық
дамуын кешенді бағалауға арналды.
Зерттеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан аймақтарының
(Ақтөбе облысы аудандары материалдары негізінде) әлеуметтік - экономикалық
дамуын реттеу жүйесін қалыптастыру басымдықтарын теориялық – әдістемелік
негіздеу мен оны жүзеге асыру бойынша ұсыныстар даярлау. Қойылған
мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді шешу алға қойылды:
- Қазақстан Республикасындағы аймақтардың әлеуметтік –экономикалық
дамуын реттеу әдістерін қалыптастыру және аймақтық саясат
мәні,алғышарттары қарастыру;
- Ақтөбе облысының және Айтеке би ауданының әлеуметтік –экономикалық
дамуындағы мәселелер, аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу жағдайын талдау;
- Ақтөбе облысы аудардарының әлеуметтік –экономикалық даму
көрсеткіштерінің келешегін қарастыру және оның орындалуын болжау.
- Ақтөбе облысының аудандарын әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеуді
жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу объектісі: Қазақстан аймақтарының әлеуметтік - экономикалық
дамуы, оның ішінде Ақтөбе облысының Айтеке би ауданының әлеуметтік –
экономикалық даму жағдайы.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні экономика және басқару қатынастарының
жиынтығы, аудандардың әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеуді
қалыптастыру және Ақтөбе облысының Айтеке би ауданы жағдайында оны жүзеге
асыру басымдылықтары болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы дипломда қамтылған келесілермен анықталады:
ҚР аймақтарының әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеу аспектілерін
теориялық және тәжірибелік талдау ғылыми жаңалыққа ие бірқатар қорытынды
мен ұсыныстарды тұжырымдауға мүмкіндік берді:
- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеудің теориялық
мазмұны анықталды және аймақтық саясатты жүзеге асыру алғышарттары
айқындалды;
аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеуді қалыптастыру
анықтамасы нақтыланып, негізделді;
- қазіргі индустриалды - инновациялық қызметтің жағдайына сыни баға
берілді,

жүзеге асуы бойынша ұсыныстар әзірленді.
Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы.
Жұмыстың қорытындылары мен ұсыныстары экономика, мемлекеттік және
жергілікті басқару мамандықтары бойынша студенттерге дәрістер оқуға
(дайындауға) немесе оқу-әдістемелік материалдарды дайындауда көмектеседі.
Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасындағы аймақтық әлеуметтік
экономика мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу барысында
методологиялық құрал ретінде және аймақ экономикасын дамыту бойынша негізгі
кедергілерді азайту мен алдын алу және шешу мәселелері бойынша ұсыныстар
береді.
Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады: кіріспеде диплом тақырыбының
өзектілігі мақсаты мен міндеті қарастырылады.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасындағы аймақтардың әлеуметтік
–экономикалық дамуын реттеу әдістерін қалыптастыру және аймақтық саясат
мәні,алғышарттары қарастырылды.
Екінші тарауда Ақтөбе облысының және Айтеке би ауданының әлеуметтік
–экономикалық дамуындағы мәселелер, аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу
ерекшеліктері талданды.
Үшінші тарауда, Ақтөбе облысы аудардарының әлеуметтік –экономикалық
даму көрсеткіштерінің келешегі қарастырылады.
Дипломдық жұмысты талдау әдістері ретінде экономикалық салыстыру
әдістері, сараптамалық әдістері, математикалық әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық мазмұнын ашу мақсатында Қазақстан және
шетел ғалымдарының еңбектері және құқықтық нормативтік актілері,
статистикалық ақпарат көздері қолданылды.
1 Қазақстан аймақтарының әлеуметтік - экономикалық дамуын
мемлекеттік реттеу тәсілдерін қалыптастырудың теориялық
негіздері
1. Аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
тәсілдерін реттеуді қалыптастыру және аймақтық саясат мәні,
алғышарттары
ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы оның аймақтарының, облыстарының даму
деңгейімен сипатталады. Мемлекеттік реттеу әртүрлі аудандарда арнайы
әдістерді жасау арқылы олардың потенциалды мүмкіндігін ашу мақсатында
әзірленеді. Осы тұрғыдан Қазақстанның барлық аймақтары 4 топқа бөлінеді.
Олар:
1. Стратегиялық сипаттағы минералдық ресурстардың мол қоры және ғылыми
өндірістік потенциалдың қарқынды даму мүмкіндігі бар аймақтар;
2. Жоғарғы ғылыми өндірістік потенциалды ауыр өнеркәсіптік салады
мамандандыру және жоғары технологиялық ғылыми сиымды өндіріс құру үшін
жағымды экономикалық шарттары мен жағдайы бар облыстар.
3. Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) салаларында маманданған аймақтар. Олар
республикада азық-түлік қорларныңы негізі болып табылады.
4. Жағымсыз табиғи климаттық, әлеуметтік-экономикалық жағдаймен,
сонымен қатар халық шаруашылығының салалық құрылымдарының тиімсіздігі және
экономикалық дағдарыстағы аудандар мен депрессиялық облыстар.
Бірінші топтағы аймақтарды аймақтық инфрақұрылымды, нарық
инфрақұрылымын құру, сонымен қатар шетел инвесторларның қатысуымен
мемлекеттік қолдау жүйесінің маңызы зор.
Екінші топтағы аймақтарда мемлекеттік реттеу, аймақ экономикалық
құрылымын қайта құру шараларыарқылы жүзеге асырылады.
Үшінші топтағы аймақтарды меншіктің әртүрлі нысандарының дамуы қаржылық-
экономикалық механизмдермен ынталандырулар, ауыл шаруашылығы өндірісін
реформалау бағытын жалғастыру іс әрекеттері арқылы жүзеге асырылады .
Төртінші депрессиялық топтардағы облыстарда, аймақтарда мемлекеттік
реттеу әдістері басым болып табылады, яғни белгі ьір жобаға сәйкес қаржылық
көмек көрсету және олардың пайдалануына қатаң бақылау жүргізеді.
Қазіргі кезде республикада әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштер
бойынша аймақтар мынадай топтарға бөлінеді:
1 топ, яғни жан басына шаққандағы ұлттық табыс деңгейі республика
деңгейінен жоғары. Оған : Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды,
маңғыстау,Павладар облыстары, Алматы қаласы.
2 топ, Жан басына шаққандағы ұлттық табыс республика деңгейіне сәйкес:
Атырау, Жезқазған, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Мемлекеттік әлеуметтік–экономикалық саясатың аймақтық аспектісі бүгінгі
күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз зерттелінген объекті болып табылады.
Оның негізгі себептері:
а) Халық шаруашылығы мәселелерін жоспарлы шешудің қағидалары мен
әдістерінен бас тарту.
б) Өндіргіш күштерді тиімді орналастыру жөніндегі зертеулерді азайту.
в) Шаруашылық пен әлеуметтік үрдістерді басқарудағы орталық және
жергілікті басқару органдарының функционалды мәселелерді шешуге әлі де
қасиетті көңіл бөлінбейді.
Аймақтық саясаттың қалыптасуы келесідей үш түрге жүктеледі:
1) Мемлекеттің аймақтық саясаттын қалыптастыруда түрлі аудандар
халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделерінің
іргелі маңызы бар. Осы мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында
тұр, өйткені тұрғындар тығыздығы (адам км²), қалалық және
ауылдық турғындардың арақатынасы, олардың кірістің 1 жаңға
шаққандағы деңгейі, тұтыну бағаларының индексі, жұмыссыздардың
саны мен жұмыссзыдық деңгейі, индустриалды деңгейі және т.б.
көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның аумақтық - әкімшілік
аудандары бір – біренен өзгеше.
2) Аймақтық саясаты қалыптасырудың маңызды негіздерінің бірі елдің
өндіргіш күштерді дамыту мен орналастыруды тиімділеудің
объективті қажеттілігі құрайды.
3) Мемлекеттің аймақтық–экономикалық саясатын қалыптастырудың
анықтаушы факторы ретінде республикадағы тоқырап қалған
ауылшаруашылығы аудандарын, шағын және орташа қалаларын айтуға
болады. Олардың тоқырап қалу себебі көбінесе субъективті
факторларға байланысты. Әсіресе, осындай көптеген қалалар мен
аудандардың пайда болуына себебп болған негізгі фактор – ол
үкімет жүргізген Жедел жекешелендіру саясаты.
Осындай жағдайларда қазіргі мемлекеттің аймақтық саясаты, тиісті
қалалар мен аудандардың тоқырап қалу қалпынан шығуын ескермесе, онда оны
толықтай негізделген деп айту мүмкін емес[2].
Қазақстан - 2030 Президенттік стратегиясының шараларын жүзеге асыру
жағдайында стратегиялық жоспралаудың ролі ерекше. Оның аймақтық аспектісі
ҚР – сы ата – заңының тиісті баптарынан (86 – 87) көрінеді.
Ең алдымен республикамызда өндірістік–экономикалық қатынастардағы,
халық шаруашылығын, институционалдық және әлеуметтік ортаны басқаруда
түрлендірулерді жеделдетуге деген бағыт алынған еді. Экономиканы басқару
органдарының саны мен құрылымының, қаржы бюджеттік, салықтық және ақша –
несиелік саясаттың, өндірістік істін құқықтық негізі мен механизмнің жиі,
кейде қүрт өзгерулері кездейсоқ емес. Ал бұл, 1–ден қабылданатын көптеген
шешімдердің басынан негізсіз және шұғыл болуына, 2–ден еңбекке қабілетті
халықтың инвестициялық белсенділігі мен еңбек ынтасының деңгейін
төмендетеді.
Аймақтық саясатты іске асыруда реформалардың жүзеге асуы аумақтық
ерекшеліктерді ескермегеннен біраз қиыншылықтарға жол берілді. Нарықтық
қатынастардың негізі қалыптасқанда облыстар мен аудандардың түрлі бастапқы
мүмкіншіліктері есепке алынбады. Сонымен қатар ауылдық жерде тұратын
тұрғындардың шаруашылық жүргізудің нарықтық моделін ұсынудың құқықтық,
идеялогиялық және психологиялық дайындық мәселелерін шешуге мән берілген
жоқ.
Экономиканы реформалардың нәтижелері көп жағынан алғанда, оны басқару
проблемасымен байланысты. Ал енді бұл мәселедегі жағдай бұрынғыдан бетер
қиындай түсті, жасалып жатқан нақты қадамдар жоқ. Осыған байланысты
басқаруды реформалау коцепциясы қажет. Басқару проблемаларын процеске
қатысушылардың, партиялардың, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың,
алуан түрлі бейрәсім топтардың көптігі қиындатып отыр. Басқару ендігі жерде
үкімет монополиясы болудан қалды, оның тиімділігі басқарушы жүйенің
шешімдер қабылдау процесінде жаңа қатысушыларды іріктеп қосу қабілетіне
барған сайын байланысты болып келеді. Мәселелердің бірі – салалық
саясаттарды біріктіретін таңдаулы механизмнің қажеттілігі. Бүгінде көптеген
проблемалар көлбеу сипат алып, үкіметтің тік құрылымдары арқылы өтуде. Бұл
бұндай проблемаларды бөліктер, секторлар бойынша шешу тенденциясын туғызып
отыр. Жалпы саясат нәтижесінде салалық саясаттар жиынтығына айналады да,
кешенді келісілген саясат болып табылмайды және оның мемлекеттік
мақсаттарды айқын білдіретін механизмі болмайды. Сонымен, өтпелі кезеңде
шоғырландырылуы қажет функцияларды белгілеп, басқару органы функцияны емес,
ал функция басқару органын туғызатынын естен шығармау керек. Реформаларды
кадрлармен қамтамасыз ету қажет, бұрынғы кадрларды жаңа әдістерге қайта
үйрету қиын, сондықтан барлық деңгейлердегі кадрлар шындап және ұзақ уақыт
бойы бейімделуі керек[3].
Кәсіпкерлер, жалдамалы жұмысшылар, тұтынушылар арасындағы қатынастар
осы қатынастарды орнатып және сол арқылы аталған субъектілердің өз іскерлік
қызығушылықтарын іске асыруға көмектесетін көптеген формаларға байланысты.
Қазақстан Республикасында қазіргі рыноктық экономикада төмендегі формалар
қамтылған:
несиелік жүйе және коммерциялық банктер;
эмиссиялық жүйе және эмиссиялық банктер;
тауарлық, шикізаттық, қорлық және валюта биржаларында ұйымдық негіздегі
делдалдық;
аукциондар, жәрменкелер, т.б. ұйымдық–делдалдық түрлері;
халықтық жұмыспен қамтылуын реттеу жүйесі және жұмыспен қамтамасыз етілуіне
көмектесу орталықтары;
ақпараттық технологиялар және іскерлік коммуникация құралдары;
салық жүйесі және салық инспекциясы;
коммерциялық, шаруашылық тәуекелділігін сақтандыру жүйесі және сақтандыру
компаниялары;
арнайы жарнамалық агенттері, ақпараттық агенттіктер және бұқаралық ақпарат
құралдары;
сауда палаталары;
кедендік жүйе;
жалданып жұмыс істейтіндердің кәсіподақтары;
коммерциялық көтерме кешендері;
орта және жоғары экономикалық білім жүйесі;
консультациялық компаниялар;
аудиторлық компаниялар;
еркін кәсіпкерліліктің аймақтары.
Осы аталған инфрақұрылым элементтері арқасында, бизнес адам арасындағы
қатынастық мәдениет түрі болып табылады. Ерекше маңызы бар нәрсе ол
инфрақұрылым элементтерінің бизнесмендерге сырттан байланысты болмағаны,
олар іскерлік қатынастардан шыққан нәтиже[4].
1.2 Әлеуметтік -экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың рөлi
Қазiргi таңда мемлекеттiң даму барысында аймақтардың және олардың билiк
ететiн органдарыны рөлi арта түсуде. Оған себеп жағдайлар мыналар:
- әлеуметтiк және адам факторының басым рөлi атқаруы
- аймақтардың өзара байланыстарының ұлғаюы
- аймақтардың өндiрiс құрылыс мен инфрақұрылымдық күрделiне түсуi
- территориялық еңбек бөлiнiсi әрi оның тереңдей түсуi мен халықаралық
маңызының арта түсуi.
Мұндай жағдай Қазақстанға да тән, себебi мемлекеттiк тәуелсiздiк құру
экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтiлген әлеуметтiк инфрақұрылымсыз
мүмкiн емес.
Қандайда болсын мемлекеттiң аймақтық саясатын анықтау өте үлкен қажеттi
заңдылық[5].
Мұндай саясаттың негiзгi көрсеткiшi болып өндiрушiлер мен
тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен iскерлiгi есептелiнедi. Аймақтар
мен шаруашылық бірліктерінің дамуы үшін қажетті жағдайлар: өзін-өзі
басқару, өндіріс құрал-жабдықтарының нарығы, валюталық қаражат және басқа
элементтер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және
облыстарының ерекшеліктерінің барлық түрленрін қамтуы тиіс.
Жаңа кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамуда аймақтық басқару саласы
дамып келеді.
Аймақтық нарықты объект ретінде екі жағынан қарауға болады.
1.Ол елдің халық шаруашылық нарығының ажыратылмайтын бөлігі;
2.Дербес жүйе.
Аймқтық басқарудағы маңызды мәселелерінің бірі-аймақтық басқарудың
әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін-өзі басқарумен байланысты.
Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі-экономикалық әдістерге көшу. Өйткені
жергілікті өкімет органдарына көптеген өкілеттілік беріліп отыр. Нақты
айтқанда қаржының бірталай үлесін, материалдық қорларды өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттауды басқару болып табылады.
Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелердің бірі әлеуметтік-экономикалық
іс-әрекеттің үш түрін жедел дамыту болып табылады:
а). Аймақтық-салалық өзара байланыстар (әлеуметтік және өндірстік
инфрақұрылымдарының дамуы, қоршаған ортаны қорғау, т.б);
- теталитарлық жүйе кезінде обылыстардың жағдайына орталықтандырылған
басқарушылық тарапынан мүлде көңіл бөлінбеуі;
ә). Салааралық байланыстар (салааралық өндірістің дамуы, ресурстарды
қайта пайдалану, өндірістік кооперация) аймақтың шеңберінде;
б). Жоғарыға қарайтын кәсіпорындарда өндірістерді дамыту (жоспарларды
үйлестіру, олардың орындарын бақылау, халықтың тұтыну тауарларын өндіру).

мемлекеттік қолдау жүйесінің маңызы зор[6].

реформалау бағытын жалғастыру іс әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

маңғыстау,Павладар облыстары, Алматы.
2 топ, Жан басына шаққандағы қаласы ұлттық табыс республика деңгейіне
сәйкес: Атырау, Жезқазған, Қостанай, Солтүстік Қазақстан
облыстары.Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі
экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжаттарында анықталды: Қазақстан
егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы бағдарламасында (1992
жыл) Назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші
саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғасытру
болатынын атап көрсетті:
І кезең (1992-1995 жылдары) макроэкономикалық тұрақтандырудың екі
негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және
тұтыну нарығын тауарлармен толтыру;
ІІ кезең (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізат базасын өзгертуге
қадам басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту,
сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары, капитал, жұмыс күші,
бағалы қағаздар мен интеллектуалды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін
қажет.
ІІІ кезең (2006-2012 жылдар) экономиканың ашық типін жедел қарқынмен
дамыту, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жету және
Қазақстанның әлемдік индустриялды елдер қатарына кіруі мен әлемдік саудада
позициясының нығайуымен сипатталады.
1997 жылдың қараша айындағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында
өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы шығарылды,
тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзег асыруға көзделеген
жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мына үш кезеңде болуы қажет:
- 1998-2000 жылдар;
- 2001-2010 жылдар:
- 2011-2030 жылдар.
Ұзақ мерзімді басмыдылықта Қазақстан Респбуликасы Президенті:
Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік-нарықтық экономика
құрудамыз деп тағы да атап көрсетті. Қабылданатын заңдар мен шешімдер
біздің стратегиямыздың жүйесінде болуы керек.
Қазақстан 2030 бағдарламасының бірінші кезеңінде (1998-2000жылдар)
көздеген мақсаттардың жүзеге асырылуын қорытындылағанда, Қазақстан
Республикасы Президенті 2000 жылдың 21 ақпанында Республика Үкіметімен
кездескенде осы бағдарлама әрбір басшының столындағы кітап болуы тиіс деді.
Мұнай өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің
өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу және мұнай өндіру үшін машина жасау
өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды. Бұл тек өнеркәсіптің шикізат
бағдарын жоюдың бірқатар жолдары.
Осы жұмыстың негізгісі – бәсекеге қабілетті баға мен технологиялық
сапаны қамтамсыз ету. Сонымен қатар мынадай міндет қойылды - бәсекеге
қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру[7].
Экономикалық саясаттың тағы да бір бағыты аймақтардың дамуындағы
диспропорциялар, әсіресе оңтүстік пен солтүстік аудандардағы
диспропорциялар оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда
жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі
бойынша, халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың
салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.
Ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған әлеуетінде жаңа
жұмыс орындарын құруды, шағын және орта бизнесті дамытуда қарастыратын
көшіп-қону саясатын жасау міндеті[8].
Осыған байланысты кәсіпкерлік өмір сүру мен одан әрі даму мәселесі
қойылды. Осы жерде халықты жұмыспен қамту, азаматтық құқ, халықтың
табыстары, нарықтық коньюктурасын жақсарту, нарықтық бәсекені қажетті
деңгейде ұстау және дамыту сияқты үлкен мәселелердің бастаулары қиялысыды.
ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық саясатының ең негізгі міндеттеріне толығырақ тоқталайық:
әлеуметтік ахуалды және кәсіпкерлік қызметтің одан әрі қалыптасуы мен
жақсарту.
Рынок шаруашылығындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты өте нәзік құрал
болуға тиіс, бір жағынан, ол әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және
әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға көмектессе, екінші жағынан кәсіпкерлік пен
жоғары тиімді еңбекті ынталандыруға салқынын тигізбеуі қажет.
Егер де әлеуметтік - реттелінетін нарықтық экономиканы құру оны
ұйымдастыру "технологиясын" алуға ғана келіп тірелсе, онда нарықтық
экономика дамыған елдердің нақты тәжірибелерін игеру қиын болмас еді. Нағыз
қиындықтық өзі де осында - қазіргі заманғы нарықтық экономика әлеуметтік,
экономикалық және саяси принциптердің ерекше жүйесін мойындауды және
қабылдауды талап етеді. Принциптерді осылайша алдын ала жүзеге асырусыз
нарықтық экономикаға көшуі мүмкін емес.
Бұл принціптер қандай:
1. Жеке адам бостандығының негізі, оның шығармашылық күшқуатының
ашылуының шарты ретінде жеке адамның экономикалық өзін - өзі билеуі.
Жеке тұлғаның экономикалық өзін - өзі билеу қоғамдық өндірісті
нарықтық ұйымдастырудың негіздерінің басты шарты. Себебі бұл - өз
тұрмысын дербес жақсарту құқы (мемлекеттің "мырзалығына" үнемі тәуелді
болатын кемсітушілік мәжбүрлігі емес), бұл - жеке адамның қолы жететін
мөлшерде дербес табыс табу мүмкіндігі. Жеке адамның экономикалық өзін-өзі
билеу принципін мойындау ғана нарықтық экономикаға қатысушылардың барлығы
үшін де нарықтық белсенділіктің тең мүмкіндіктерін жасайды, үнемі
қамтамасыз етіп отырады және жаңғырумен болады. Жеке адамның экономикалық
өзін-өзі билеуі азаматтың барлық формаларындағы экономикалық дербестікке
деген, соның ішінде кәсіпкерлік қызметке деген құқында болып табылады. Осы
принципті жүзеге асырудан "азаматтық қоғамның" қалыптасуы да басталады.
2. Қозғалымдағы және қозғалмайтын мүліктің барлық түрін, оның
ішінде жерге де қоса меншіктің құқығы, меншік иелерінің жеткілікті
саны болуы - қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының шарты.
Нарықтық экономика жағдайындағы меншік бұл алаңсыз өмір
сүру кепілдігі емес. Ол - өз меншігін сауда - саттық (коммерциямен)
пайдалану нәтижелері үшін мүліктің жауапкершілік, ол үнемі нарықтық ұдайы
өндірісте ұстау қажеттілігі. Меншік иесі болу қоғам тарапынан қорғау,
қолдау және меншіктің барлық түрлері мен формалары, теңдігі, меншік
обьектілерін сауда - саттыққа қолдану құқығы және осылай қолданудан
түскен табысты пайдалану құқығына кепілдік берілгенде ғана
мүмкін болады. Нарықтық экономика меншіктің "капиталистік"
және "социалистік" меншікке идеологияландырылған бөлінудің жеңетіндіп
және оларды нақты экономикалық, әлеуметтік тиімділігіне қарай бағалайтын
болады. Осы формалар арасындағы экономикалық жарыс -
нарықтық экономиканың өзін - өзі қозғалысқа келтіру механизмінің қажетті
элементі.
3. Кез келген заңды және жеке адамның шаруашылық қызметін жүргізудегі
теңдігі - маңызды принціп. Осындай теңдік қана өндірісті нарықтық
ұйымдастыруға қажет жағдайларды - оның ашықтығын, көп салалылығын
және осыған байланысты салалардың (секторлардың) бәсекелестігін тұрақты
түрде туғызып отыруға қабілеттілігі.
4. Тауар өндірушілердің экономикалық бостандығы оның өз өндірісінің
көлемі мен құрылымын, өнімнің түр түрін және оны өткізу (сату) көлемін,
оған баға белгілеу мең әріптестер таңдаудағы дербес белгілеу құқығынан
көріні табады. Тауар өндірушілердің экономикалық бостандығын шектеудің
экономикадан тыс кез - келген әрекеті нарықтық экономика табиғатына жат
болып табылады.
5. Сауда саттық (коммерциялық) принциптердің "көлбей және тік таралуы.
Бұл экономиканың барлық салалары мен деңгейлеріне нарықтық қатынастар
"ендей кіруі" тиістігін білдіреді. Осылай ету ғана барлық
экономикалық субьктілерді бір тұтас нарықтық ережелер бойынша әрекет етуге
мәжбүр етіп тепе - тең нарықтық жағдайға қоя алады.
6. Баға белгілеу еркінділігінде әкімшіліктің бағаны
белгілеуіне экономиканың нарықтық емес салаларында (ғылым, білім
беру, денсаулық сақтау, қорғаныс, экология және бсқалары) ғана жол
беріледі.
Көптеген бағаны қалыптастыратын факторлардың бір мезгілде ықпал етуі
(ең алдымен - еңбек шығындары динамикасы, өндіріс пен айналымының шығындары
сұраным мен ұсыным, табыстар мен инвестиция көлемінің) бағаларға болжап
болмайтын сипат береді. Бұл нарықты тұрақты емтиханға және өндіріске
қатысушылардын барлығының арасындағы шексіз бәсекеге айналдырады. Дәл осы
болжам білместік тауар өндірушілерді өндірісті тұрақты түрде жетілдіріп
отыруға, оның шығындарының ең төмен мөлшерге түсіруге және нәтижелердәң
сапасын арттыруға мәжбүр етеді.
7. Тауар, еңбек, капитал нарық болуы және қозғалысы, серпін беріп
отырады.
Әсіресе, қоғамның жұмысшы күшінің қолайлы түрде жұмыспен қамтылуын және
қажетті түрде қайта даярлауын қамтамасыз ететін нарығы өте - өте
маңызды.
Еркін экономикалық аймақтардың құрылуы мен шаруашылық жүргізуінің
дүниежүзілік тәжірибесі, әрине, Қазақстандық басшы, мамандардың да
назарынан тыс қалған жоқ. Алғаш рет Қазақстан Республикасында еркін
эконмикалық аймақтар ұйымдастыру мәселесі 80-жылдардың соңында қолға алына
бастады.
Ол кезде төмендегі жобалар қарастырылған болатын:
1. Атырау – Каспий жағалауы экономикалық аймағы. Бұл аймақта туристік
комплекс құрып, тұрмыстық электр бұйымдарын шығару өндірісін қолға алу
ойластырылған еді.
2. Ақмола ғылыми өндірістік аймағы (орталығы Қорғавлжын қаласы). Мұнда
туризмді дамыту, оған қоса аса сирек, жоқ болуға айналған хайуанаттар
мен құстардың санын көбейту жөніндегі бірлескен ғылыми жұмыстарды
жүргізу жоспарланған еді.
3. Түркістаан экономикалық аймағы. Бұл аймақтың орталығы Түркістан
қаласында, ежелгі Жібек жолы өтетін маршрутта құрылатын болып
белгіленген. Жоспарда туристік кешен құру, мотоциклдер мен
велосипедтер өндірісін қалыптастырып дамыту көрсетілген.
4. Орталық Қазақстан экономикалық аймағы (Ортаылығы – Сарань қаласы).
Мұнда черепица, темір бұйымдары, тұрмыстық бұйымдар, әртүрлі
қуаттылығы микроқозғағыштар шығару ісі қолға алынады деп күтілген.
5. Аягөз экономикалық аймағы. Кір жуғыш машиналар мен шаңсорғыштар
өндірісі жолға қойылмақ болған.
6. Алматы экономикалық аймағы. Бұл аймақ Алматы, Қапшағай, Есік қалаларын
қамтитын болып жоспарланған.
7. Шығыс Қазақстан экономикалық аймағы.
1991 жылы Қазақстан Республикасының парламенті жергілікті халық
депутаттары кеңестерінің ұсыныстары бойынша Жайрам-Атасу, Маңғыстау,
Алакөл, Жаркент еркін эконмикалық аймақтарын құру жөнінде шешім қабылдады.
Біздің пікірімізше аталған жобалардың ішіндегі өміршең болашағы бар
аудандарға Маңғыстау, Алакөл және Жайрам еркін экономикалық аймақтары
жатады.
Маңғыстау еркін экономикалық аймағының жобасына зер салсақ, онда бай
табиғи ресурстары (мұнай, уран т. б.) және өлкенің теңіз жағалауында қоныс
тепкенін көрген болар едік. Бұл өлкеде атом өнеркәсібі өндіріс орындары,
тау-кен комбинаты (негізгі өндірісі уран рудасы), мұнай-газ және химия
өнеркәсібі шоғырланған. Ақтау теңіз портынан қазірдің өзінде Иран елінің
Солтүстік жағалауына мұнай жеткізу ісі қолға алынып отыр. Ақтауда
Қазақстанның өз теңіз флотын жарықтандыру жұмыстары жедел қолға алынып, бұл
салада бірқатар жетістіктерге де қол жетті.
Алакөл еркін экономикалық аймағы туралы айтар болсақ, бұл аймақ қазақ-
қытай шекарасын жалғастырып жатқан Достық — Алашанькоу темір жолы бойында
орналасқан. Жоғары қарқынмен дамып келе жатқан экономикасы бар ұлы елмен
қарым-қатынаста аталған аймақтың атқарар жұмыстары ұшан-теңіз. Айталық,
Еуропа мен Қытай арасындағы ең қысқа жол осы аймақпен өтеді. Ол үшін
Түркімен — Иран шекарасында ұзындығы 300 км темір жол құрылысын жүргізу
қажет болатын. Бұл құрылыс 1996 жылы аяқталып, іске қосылды. Мұның өзі
Батыс Еуропа елдері мен Азия-Тынық мухит аймағы елдерінің жүк тасымалдау
жұмыстарына қызмет көрсету арқылы айтарлықтай валюталық қаржы табудың өте
тиімді жолы болып отыр.
Жаркент экономикалық аймағы Қытайға өтетін Қорғас автокөлік трассасына
бейімделген. Бұл аймақта қазірдің өзінде бірнеше Қазақ — Қытай бірлескен
кәсіпорындары жұмыс істейді. Болашақта Қытаймен техникалық-экономикалық
байланыстардың нығайып, дамуына аймақтың тигізер игі әсері зор болмақ.
Жәйрем — Атасу еркін экономикалық аймағы ең алдымен қорғасын-мырыш,
темір-марганец, түсті металдардың бай қорына бейімделген. Бұл аймақта
минералды шикізаттарды өңдеудің аяқталған, түпкі нәтижелі өндірісін
қалыптастыру аса маңызды мәселе. Оны іске асырудың ең қолайлы жолы кен
байлықтарын экспорттау арқылы аймаққа шетел валютасын келтіру, сол валютаны
икемді пайдалану арқылы түпкі нәтижелі кен байлықтарын өңдеу кәсіпорындары
жұмысын қалыптастыру. Қазіргі уақытта еркін экономикалық аймақтар құру
ісінде қаржыға байланысты біраз олқылықтар бар.
1.3Қазақстан аймақтарының әлеуметтік–экономикалық дамуын
мемлекеттік реттеу

1. Мемлекеттің аймақтық саясаттын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының
өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделерінің іргелі маңызы
бар. Осы мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында тұр, өйткені
тұрғындар тығыздығы (адам км²), қалалық және ауылдық турғындардың
арақатынасы, олардың кірістің 1 жаңға шаққандағы деңгейі, тұтыну
бағаларының индексі, жұмыссыздардың саны мен жұмыссзыдық деңгейі,
индустриалды деңгейі және т.б. көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның
аумақтық - әкімшілік аудандары бір – біренен өзгеше.
2. Аймақтық саясаты қалыптасырудың маңызды негіздерінің бірі елдің
өндіргіш күштерді дамыту мен орналастыруды тиімділеудің объективті
қажеттілігі құрайды.
3. Мемлекеттің аймақтық–экономикалық саясатын қалыптастырудың анықтаушы
факторы ретінде республикадағы тоқырап қалған ауылшаруашылығы
аудандарын, шағын және орташа қалаларын айтуға болады. Олардың тоқырап
қалу себебі көбінесе субъективті факторларға байланысты. Әсіресе,
осындай көптеген қалалар мен аудандардың пайда болуына себебп болған
негізгі фактор – ол үкімет жүргізген Жедел жекешелендіру саясаты[9].

толықтай негізделген деп айту мүмкін емес.

жоқ[10].

бойы бейімделуі керек.

1. несиелік жүйе және коммерциялық банктер;
2. эмиссиялық жүйе және эмиссиялық банктер;
3. тауарлық, шикізаттық, қорлық және валюта биржаларында ұйымдық
негіздегі делдалдық;
4. аукциондар, жәрменкелер, т.б. ұйымдық–делдалдық түрлері;
5. халықтық жұмыспен қамтылуын реттеу жүйесі және жұмыспен қамтамасыз
етілуіне көмектесу орталықтары;
6. ақпараттық технологиялар және іскерлік коммуникация құралдары;
7. салық жүйесі және салық инспекциясы;
8. коммерциялық, шаруашылық тәуекелділігін сақтандыру жүйесі және
сақтандыру компаниялары;
9. арнайы жарнамалық агенттері, ақпараттық агенттіктер және бұқаралық
ақпарат құралдары;
10. сауда палаталары;
11. кедендік жүйе;
12. жалданып жұмыс істейтіндердің кәсіподақтары;
13. коммерциялық көтерме кешендері;
14. орта және жоғары экономикалық білім жүйесі;
15. консультациялық компаниялар;
16. аудиторлық компаниялар;
17. еркін кәсіпкерліліктің аймақтары.

олар іскерлік қатынастардан шыққан нәтиже[11].
Қазақстан Республикасының нарық қатынастарына өтудегі нақты
мүмкіндіктері, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуынреттеудегі
кездесетін сұрақтарға көп көңіл бөлуге мәжбүр етуде. Мемлекеттік реттеу
сұрақтарына басқару жүйесінің негізгі қызметі ретінде атақты батыс
экономисті д.Кейнс еңбектерінен бастап әр түрлі экономист ғалымдардың
бірқатар теориялық зерттеулері жатады.Әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеу
дүние жүзінің дамыған елдерінің барлығында да қолданылады деп айтуымызға
болады.
Реттеу-бұл экономиканың өсуіне жағдай жасауға бағытталған
экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік шаралар жүйесі.
Экономикаға мемлекеттің араласуы басқару кадрларының құрылуына,
мәліметтер технологиясының дамуына, экономикалық ғалымдардың қолданбалы
сипаттама негізінде пайда болуына мүмкіндік туғызды.Бұл жағдай Д.Кейнстің
көрсетуі бойынша капитализмнің қарама-қайшылықтарын шиеленістіре түсті.
Нарық экономикасы дамыған алдынғы қатарлы дүниежүзі елдерінің
тәжірибелерін зерттей келе, әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекет
тарапынан реттеуде пайда болатын қарама-қайшылықтардыжеңілдету
мүмкіншілігінің пайда болатынына көз жеткізуге болады. Мұндай реттеу-
мемлекеттік кәсіпкерлік, ғылыми жұмыстар мен тәжірибелік- конструкторлық
зерттеулерді өткізу, инфрақұрылымды және халық шаруашылығына қажетті
қатынастарды құруға байланысты қызметтің негізгі түрлеріне ие болады.
Мемлекеттік реттеу негізінен екі әдіспен жүзеге асады. Оның біріншісі-
тура жолмен, яғни әкімшілік-әміршілдік, ал екіншісі-жанама жолмен
(салықтар, несиелер, проценттік төлемдер, жеңілдіктер, субсидиялар және
т.б.)
Бұрынғы одақ республикаларының өткен жылдардағы тәжірибелерінің
зерттеулері негізінде әкімшілік-әміршілік әдіспен мемлекетті реттеу қажетті
нәтижеге жету үшін тиімсіз екенін көрсетті,яғни тура әсер етудің жанама
әсер ету шараларымен үйлесімділігінің қажет екендігін айқындады. Тура және
жанама шараларды мемлекет тарапынан реттеп отыру АҚШ, Жапония және басқа
дамыған елдердің экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелерін тереңірек
зерттегенде көруге болады. Қазіргі жағдайда капиталистік мемлекет
амортизациялық есептен шығару көлемін анықтайды,тауар әкелуге сандық
шектеулер мен кедендік салық енгізеді, жұмыс күнінің ұзақтығын
шектейді,мемлекеттік стандартты белгілейді және т.б. Бұл шараларда мемлекет
экономикаға тек қана әкімшілік әдіспен ықпал етеді,ол өзінің жеке капиталын
қоспайды және қазынадан қаражат алмайды.Экономиканы жақсарту үшін тек қана
әкімшілік шаралардың болуы жеткіліксіз.Экономиканың өсу жағдайын жасау үшін
ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға, инфрақұрылым құруға,әлеуметтік
орта саласына қажет құрылыммен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай көп қаражат
керек. Бұл мақсаттарға қажет қаражаттарды мемлекеттің ұлттықтабысты қайта
бөлуі арқылы қатысуы- реттеудің барлық жүйелерінің негізі болып табылады.
Мемлекет қысым жасап табыстың іршама бөлігін салық салу арқылы алады.
Мұндай елеулі қаражаттардың мемлекет бюджетіне бөлінуі ұлғаймалы өндіріс
процесіне ықпал етуге мүмкіндікбереді.
Қазіргі жағдайда әлеуметтік қарама-қайшылықтарды жою үшін мемлекет
еңбек пен капитал арасындағы қатынастарға араласуға мәжбүр болып отыр.
Мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарды жалақыны реттеу
жолымен,жұмыссыздыққабайланысты зейнеткерлік әлеуметтік қамтамасыз
етілулермен, аурулар мен өндірістік жарақаттарды ескеру арқылы реттеп
отырады. Елдің заңды мекемелерінің күшін ескере отырып, жұмысшы мен
капиталистің арасындағы қарым-қатынас үлкен дәрежедегі мемлекеттік реттеу
объектісі негізінде қарастырылып отыр. Реттеудің жанама әдістері қатарына
мемлекеттің несие саясатына араласуы ,экономика жағдайына амортизациялық
норманы өзгерту арқылы әсер етуі , ұсыныс пен сұраныс қатынасының ықпалын
ескере отырып, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы мен
өндірістің дамуын жатқызуға болады.
Мемлекет ұлғаймалы өндіріс процесі мен экономикалық қатынастардың
барлық жақтарына -өнеркәсіптер мен ішкі сауда министрлігі;қаржы, еңбек
министрліктері;экономикалық жоспарлауды басқару, қоршаған ортаны қорғау
қызметтерін басқару мекемелері арқылы әсер етеді.Сонымен қатар, ол
экономикалық өрлеуге, оның құрылымы мен өсу деңгейіне,ірі және кіші
меншіктердің ара қатынасына, бәсекеге, өнеркәсіп өндірісінің
құрылымына,капитал мен еңбектің өзара қатынасы мен еңбекпен
қамтылуына,несие-ақша айналымына, баға белгілеу мен сыртқы экономикалық
байланыстарға да ықпалын тигізеді[12].
Бақылау-ұйым мақсатына жетуді қамтамасыз ететін процесс.Ол мәселелерді
анықтап,оны шешу жолдарын іздестіру үшін қажет.Сонымен бірге, бақылау жақсы
істелініпжүрген қызметті ынталандыру үшін де қажет болып саналады.
Бақылау процесінің құрамы мына төмендегілерден тұрады:
-стандартты белгілеу;
-нақты қол жеткен нәтижелерді өлшеу,
-алынған нәтиже белгіленген стандарттан ауытқыған болса өзгертулер
енгізу.
Бақылау функциясы- бұл мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін және
де ұйым қызметін осы мәселелерге сай жинақтап,реттейтін басқарудың
сипаттамасы.
Ұйым мақсатына жетуге зиянын тигізбестен бұрын, оның қателіктерін дер
кезінде анықтап,сол мезетте жөндей білу қабілеттілігіне ие болу бақылауды
жүзеге асыру қажеттілігінің бірден-бір маңызды себебі болып табылады.
Ұйымның ортақ мақсатына жетуге тиімді көмек көрсететін ұйым
қызметтерінің бағытын анықтау, бақылаудың ең қажетті жақтарының бірі болып
саналады.Жетістіктер мен кемшіліктерді біле отырып ұйым басшылығы сыртқы
ортаның құбылмалы талаптарына ұйымды тез бейімдеу мүмкіншілігіне ие
болады.Сонымен бірге, бұл мүмкіндіктер ұйым мақсаттарының негізін қалайтын
қозғалыстардың жеделдетуін қамтамасыз етеді.
Бақылаудың кең көлемде жүруі оның ең маңызды ерекшеліктерінің бірі
болып саналады. Әр бір басшы дәрежесіне қарамастан, бақылауды қызмет
міндеттемелерінің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастыруы тиіс.
Бақылаудың негізгі үш түрі бар.Олар:
-алдын ала бақылау;
-ағымдағы бақылау;
-қорытынды бақылау.
Алдын ала бақылау-жұмыстың нақты басталуынан бұрын жүргізіледі.
Алдын ала бақылауды жүргізу құралы ретінде –белгіленген
ережелерді,процедуралар мен іс-әрекеттер тізбегін қолдану қарастырылады.
Ережелер мен іс-әрекеттер тізбегі жоспардың орындалуын қамтамасыз
ету үшін жасалынады. Ал оның қатаң түрде сақталынуы жұмыстың көрсетіліп
берілген бағытта өсіп-өркендеп келе жатқанын көрсетеді.
Ұйымдарда алдын ала бақылау мына төменде көрсетілген салаларды
қолданылады, яғни:
-адам ресурстарымен байланысты;
-материалдық ресурстарға байланысты;
-қаржы ресурстарына байланысты.
Ұйымдардағы адам ресурстары саласындағы алдын ала бақылау іскер және
жоғарғы деңгейдегі білім мен қабілеттіліктерге талдау жасау, әр түрлі
қызметтердің міндеттемелерінің орындалуы және дайындығы өте жоғары
деңгейдегі және мамандырылған адамдарды таңдап алу арқылы жүзеге асады.
Сеніп тапсырылатын міндеттемелерді,қабылданып алынғалы жатқан
жұмысшылардың орындайтындай жағдайларының бар екендігіне көз жеткізу үшін
мүмкін болатын төменгі дәрежедегі білім деңгейін немесе сол салада істеген
жұмыс ұзақтығын міндетті түрде белгілейді.
Әділетті көлемдегі төлемдер мен қосымша төлемдер
белгілеу,психологиялық байқаулар өткізу және де жұмысшылармен көптеген
дискуссиялар,сұхбаттасу кештерін өткізу жолдары арқылы ұйым құрамына өз
ісін жетік білетін мамандарды тарту және оларды орнықтыру ықтималдылығын
арттыруға болады.
Өндірістік кәсіпорындарда қолданылған материалдық ресурстар міндетті
түрде алдын ала бақылаудан өтуі тиіс.
Мұндай жағдайда бақылау сапасы мүмкін болатын төменгі деңгейдегі
стандартты жасау мен осы міндеттемелерге сай келетін материалдар -
дың сәйкес келуін іс-жүзінде тексеру жолдары көмегімен жүзеге
асырылады.Бұл салада алдын ала бақылау кезінде қолданатын негізгі әдістің
бірі –жеткізушіні таңдау болып табылады,яғни жеткізушіні алдын ала
белгіленген жағдайларға сай материалдарды дер кезінде жеткізіп беру
мүмкіншіліктерін дәлелдеп беруі тиіс.
Алдын ала бақылаудың материалдық ресурстар әдісіне ұйымды запаспен
қосалқы материалдар,қамтамасыз ету,тапшылықты болдырмау көзделінеді.
Алдын ала бақылаудың қаржы ресурстарының негізгі құралы ретінде-бюджет
қарастырылады.Ол алдын ала бақылауды жүзеге асырудың механизмі болып
табылады.
Ағымдағы бақылау-жұмыс процесі жүріп жатқан кезде жүргізіледі.Бұл
бақылаудың нысанасы ретінде – бағынушы қызметкерлер қарастырылады.
Бағынушылардың жұмысын тексеріп отыру,жұмысты одан теңірек зерттеп
–жетілдіру үшін пайда болып отыратын мәселелер мен ұсыныстарға талдау жасау
арқылы белгіленген жоспарлар мен ережелерден ауытқу мүмкіндігін толығыменен
жоюға болады.
Ағымдағы бақылау көзделген мақсатқа жету үшін бағытталған жұмыстар
орындалғаннан кейінгі қолда бар нақты нәтижелерге негізделеді.
Басқару аппаратына ағымдағы бақылауды жүзеге асыру үшін міндетті түрде
кері байланыс қажет.
Кері байланыс-алынған нәтижелер жөніндегі мәліметтер. Кері байланысқа
қарапайым мысал ретінде басқарушының бағынушыларға ескерту жасауын
келтіруге болады.
Кері байланыс жүйесі басшыларға ойластырылмаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz